Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


батқан кезде: «Бататындарды жақсы көрмеймін», – деді



Pdf көрінісі
бет83/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   266
Байланысты:
ПАЙҒАМБАРЛАР ҚИССАСЫ(1)

батқан кезде: «Бататындарды жақсы көрмеймін», – деді. 
Шығып келе жатқан айды көргенде: «Осы – менің Раббым», 
– деді. Ол батқанда: «Егер Раббым мені тура жолға салмаса, 
әрине мен де адасқан елден болар едім», – деді. Шығып келе 
жатқан күнді көргенде: «Осы – менің Раббым, ол – 
үлкенірек», – деді. Ол батқан кезде: «Уа, елім! Мен сендердің 
серік етіп қосуларыңа қатысым жоқ. Ақиқатында, мен 
жүзімді аспандар мен жерді жаратқанға біржолата бұрдым әрі 
мен серік қосушылардан емеспін», – деді. Сөйтіп, елі онымен 
тартысқа түсті. Ол: «Сендер мені тура жолға салған Аллаһ 
жайында тартысасыңдар ма? Мен сендердің Оған серік етіп 
1
«Әнбия» сүресі, 71-аят. 
2
«Әнғам» сүресі, 75-аят. 


94
 
 
қосқан нәрселеріңнен қорықпаймын. Тек Раббым бір нәрсені 
қаласа 
(сол болады)
. Раббымның білімі әрбір нәрсені 
қамтыған. Осыны ескерсеңдер қайтеді? Сендердің серік етіп 
қосқан нәрселеріңнен қалайша қорқамын, Аллаһ ешбір дәлел 
түсірмеген нәрсені сендер Оған серік етіп қосуға
қорықпасаңдар», – деді. Егер білген болсаңдар, екі топтың 
қайсысы амандыққа көбірек құқылы? Сондай иман 
келтірген және имандарына әділетсіздікті 
(серік қосуды)
 
араластырмағандарға амандық бар әрі олар – тура 
жолдағылар.
 
Бұл – біздің Ибраһимге берген, оның қауымына 
қарсы дәлеліміз. Біз қалағанымызды дәрежелерде көтереміз. 
Ақиқатында, сенің Раббың – өте Дана, Білуші»
1
, – деп айтқан. 
Бірақ мұнда да адамдар оған қарсы келіп, ешкім иманға 
келмеді. Сонда Ибраһим екінші рет қоныс аударуға шешім 
қабылдады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет