Пайғамбарлар қиссасы арабшадан аударып, құрастырғандар: А. Кадыров, Қ. Спатай 2


«Сонда Ибраһим: «Раббым! Маған өлілерді қалай



Pdf көрінісі
бет97/266
Дата17.10.2023
өлшемі1,53 Mb.
#116987
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   266
«Сонда Ибраһим: «Раббым! Маған өлілерді қалай 
тірілтетініңді көрсет», – деп 
(өтінді)
. Аллаһ тағала: «Сен 
сенбеймісің?» – деді. Ол: «Әрине, 
(сенемін)
. Бірақ жүрегім 
орнығу үшін», – деді»
2

Осы жерде ғұламалардың айтуынша, анық білу және анық 
көзбен көру бар. Анық білу – кісінің бір нәрсеге толық сенімді 
болып, жүрегінде ешқандай күдіктің болмауы. Омар ибн әл-
Хаттаб (Аллаһ оған разы болсын): 
«Аллаһпен ант етемін! Аспан 
жарылып, жаннат пен тозаққа назар салсам да, иманым артпас 
еді»
, – деп айтқандай. Ал анық көзбен көруге келсек, Аллаһ 
тағала:
«Раббыңа, саған анық бір нәрсе 
(өлім)
келгенге дейін 
құлшылық қыл»
3
, – деген. 
1
«Хаж» сүресі, 27-аят. 
2
«Бақара» сүресі, 260-аят. 
3
«Хижр» сүресі, 99-аят. 


110
 
 
Өлім келсе, Аллаһтың айтқандарын, періштелер мен қабірге 
қатысты жағдайларды және Ақырет күніне қатысты хабарларды 
көзбен көресің.
Демек, Ибраһим анық білу деңгейінен анық көзбен көру 
деңгейіне өтуді қалады. Сонда Аллаһ тағала:
«Төрт құсты алып, оларды өзіңе жина. Сосын әр тауға 
олардан бір бөлшек қой»
1
, – деді. 
Яғни төрт құсты алып оларды сой. Сосын оларды бөлшектеп, 
бір-бірімен араластыр. Сонан соң олардың етінің, қаны мен 
қауырсындарының қоспасын төртке бөліп, төрт тауға апарып қой, 
деді. Және бір деректерде Ибраһим құстардың басын өзінде алып 
қалды делінген. 
Іс жүзінде де ол құстарды сойып, оларды бөлшектеді. 
Олардың бөлшектерін араластырып, төрт тауға бөліп қойды. 
Аллаһ тағала:
«Содан соң оларды шақыр. Олар саған жетіп келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   266




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет