Панфилов ауданы Әулиеағаш орта мектебі Пән мұғалімі: Жаксылыкова Арайлым Болатханқызы Сыныбы: 8 Пәні: физика Тақырыбы: Ток күші.Амперметр. Электр кернеуі.Вольтметр.Электр тізбегі. Мақсаты:
1.Білімділік:Оқушыларға ток күші, электр кернеуі, оларды өлшейтін құралдар және олардың бір – бірінен айырмашылықтары жайлы түсінік беру. 2.Тәрбиелік: Ток күші, электр кернеуі және оларды өлшейтінқұралдар амперметр, вольтметрлерді түсіндіре отырып, оқушыларды ұқыптылыққа, техникалық қауіпсіздік ережесін есте сақтауға, өз ойын толық жеткізе білуге тәрбиелеу. 3.Дамытушылық:Ток күші, электр кернеуі және оларды өлшейтін құралдарды түсіндіруді ойын түрінде өткізе отырып, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, дамыту. Сабақтың типі:жаңа сабақты меңгерту Сабақтың түрі: ойын сабақ Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, баяндау Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кестелер, билеттер, суреттер Пән аралық байланыс: математика, география, тарих, сызу, денешынықтыру Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сәлемдесу,түгелдеу. 2.Оқушылардың құрал жабдығын тексеру. 3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ.Оқушы білімін жан-жақты тексеру: 1. Электр тогы дегеніміз не? 2. Электр тогының пайда болуы мен ұзақ сақталуы үшін қажетті және жеткілікті шарттарды ата. 3. Вольт бағанасы туралы не білесің? 4. “Электр қозғаушы күші” дегеніміз не? (өлшем бірлігі мен белгіленуін жаз) 5. Өткізгіштегі электр тогын оның өткізгішке тигізетін әрекеттерін ата. 6. Қандай ток көздерін білесің және олардың шартты белгісін сыз. 7. Зарядтардың бөлінуі дегеніміз не? 8. “Электр тогы” түсінігін алғаш рет кім енгізді?