Панфилов ауданы Әулиеағаш орта мектебі Пән мұғалімі: Жаксылыкова Арайлым Болатханқызы



бет2/3
Дата10.03.2023
өлшемі0,75 Mb.
#73063
1   2   3
Байланысты:
Физика.Сабақ жоспары 8 сынып.Сабақтың тақырыбы Ток күші.Амперметр.Электр кернеуі.

ІІІ. Жаңа түсінік беру:
Электр тогын өлшеу және салыстыру үшін ток күші деген арнайы шама енгізіледі.
Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атаймыз:
I = q/t
Халықаралық бірліктер жүйесінде ток күші ампермен (А) өрнектеледі.
1 ампер – вакуумде бір – бірінен 1 м қашықтықта орналасқан, көлденең қимасының ауданы өте аз, шексіз ұзын түзу екі өткізгіштің бойымен өтетін тұрақты ток күші. Мұндай ток ұзындығы өткізгіштердің әрбір кесіндісінде 2*10-7Н-ға тең өзара әрекеттесу күшін тудырады.
1 мА = 10-3А
1 мкА = 10-6А
1кА = 103А
Тізбектің берілген бөлігінде заряд орын ауыстырғанда, электр өрісінің атқарған жұмысының осы зарядқа қатынасы кернеу деп аталады:
U = A/q

Халықаралық бірліктер жүйесінде ток күші вольтпен (В) өрнектеледі.


1 вольт – Өткізгіш бойымен 1 Кл заряд орын ауыстырғанда, 1 Дж-ге тең жұмыс шамасына тең кернеу.
Өткізгіштің қандай да бір екі нүктесінің арасындағы кернеуді өлшеу керек болса, вольтметрді сол нүктелерге жалғайды. Құралды осылайша жалғауды параллель жалғау деп атайды. Бұл кезде “+” қысқышын ток кзінің оң полюсінен, ал “-” қысқышын ток көзінің теріс полюсінен келетін өткізгіш сыммен жалғайды.
ІV.Жаңа түсініктер мен іс-әрекеттер тәсілін қалыптастыру:
Ток күші (I) – электр тогын өлшеу және салыстыру үшін арнайы енгізілген шама.
1 ампер – ток күшінің өлшем бірлігі
Амперметр - ток күшін өлшейтін құрал
Токтың жұмысы (А) – токты тудыратын электр өрісінің жұмысы
Электр кернеуі – токтың атқарған жұмысын анықтайтын физикалық шама
1 вольт – кернеудің өлшем бірлігі
Вольтметр – өткізгіштің ұштарындағы токты өлшеуге арналған құрал
.

V.Мұғалімнің проблемалық және ақпараттық сұрақтары:
2. Суретте берілген сұлбаларда жіберілген қателерді табыңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет