"Төлен не жазу керек екенін толық меңгерген адам. Бар айыбы оның жетістігі де шығар. Сирек жазады, бірақ әр шығармасы оқырманын ерекше күйге бөлейді, ойға шақырады, еріксіз ойландырады. Қаламынан шыққан шығарманың әрқайсының өзінше жаңалығы бар", - дейді.
|
«...Аға ұрпақтың монументтік өмір суреттерін бейнелеген тәжірибесін қоса, кейінгі жастар реализмді халықтың тұрмыс-тіршілігінің жұпыны суреттерін, адам характерінің қайшылықты диалектикасын ашу арқылы байытуға тырысты. Бұл – тарих сабағына сын көзімен қарауға, адам өмірін психологиялық талдау арқылы барлауға жол ашты. Бұл тұрғыда С.Мұратбековтің, Д.Исабековтің, Т.Әбдіктің, Т.Нұрмағамбетовтың әңгіме-повестерін еске алу артық емес»
|
«Күн нұры мен жер нәрін бойына мейлінше сіңірген құнарлы дарын иесі»
|