Студенттермен кездесу кеші



Дата17.11.2022
өлшемі17,78 Kb.
#50819
түріБағдарламасы
Байланысты:
Акад.ұтқырлық


Студенттермен кездесу кеші 
Кештің мақсаты:
Студенттерге университетіміздің ішкі және сыртқа ұтқырлық бағдарламаларымен, шет елдегі университеттермен орнатылған меморандумдар мен келісім шарттармен, олардың мүмкіндіктерімен таныстырып шығу, студенттерді академиялық ұтқырлық бағдарламаларына белсенді қатысуға шақыру.
Кештің бағдарламасы: 
1. Кіріспе сөз. 
2. Қонақтарды таныстыру. 
3. Бейнеролик. 
4. Сұрақ – бізден, жауап – сізден.
5.Қонақтарға сый. 
6.Қорытынды. 
1. Кіріспе сөз. Қайырлы күн, құрметті қонақтар,студенттер, ұстаздар! Бүгінгі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алған және білім алып жатқан студенттермен кездесу кешіне қош келдіңіздер!
Тағдырыңды өзгертетін таңдау жасау өте қиын. Әсіресе, мамандық таңдау мен жар таңдауда мүлт кетпеу керек. Біз бүгін осының біріншісі, яғни мамандық таңдау туралы және мамандыққа деген қызығушылығымызды арттыру үшін ЖООда бізге мүмкіндік беретін академиялық ұтқырлық бағдарлама туралы сөз қозғайтын боламыз. Мынау нарықтық қарым-қатынас жағдайында өмірге аттағалы отырған жастың көкейінде «кім болам?» деген сұрақ тұр. Сондықтан да, студенттерге бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін бүгінгі кешімізге ұстаздарды, кешегі түлек – бүгінгі студенттерімізді, яғни болашақ маман иелерін және елге елеулі, халыққа қалаулы өз ісінің мамандарын бүгінгі кешімізге шақырып отырмыз. Қонақтарымызбен ой бөлісіп, пікір алыспас бұрын, таныстырып өтсек. 
2. Қонақтармен таныстыру. 
3. Бейнеролик. Тақырыбымызға тұздық болсын,Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 4 курс студенті М.Ұлболсынның сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы барған оқу жүйесіне назар аударайық. 
Өздеріңіз көріп отырғандай,бұл мүмкіндікті пайдалануға деген қызығушылығымыз артуда.Солай емес пе? Ал,академиялық ұтқырлық туралы,оқу жүйесі,т.с.с сұрақтар ойымызда тұрғаны анық.Олай болса көкейімізде жүрген маңызды сұрақтарымыздың жауабын арнайы келген қонақтарымыздан сұрап білейік. Келесі айдарымыз: 
4. Сұрақ – бізден, жауап — сізден. 

8. Қорытынды. 
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйіп, жинақтап бір –екі ауыз сөзбен қорытындылап жіберсек.
Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай: 
Ісім оңсын десеңіз
Сол істің маманы болыңыз. 
Даңқым шықсын десеңіз, 

3 / 3
Көпшіліктің адамы болыңыз деген екен. Олай болса кездесу кешімізге келіп маңызды ой-пікірлеріңізбен бөліскен қонақтарымызға алғыс білдіреміз! 


9. Қонақтарға сый.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет