Шағын жинақты мектептің біріктірілген сыныптарында біртақырыптық оқыту принциптері



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата22.12.2016
өлшемі2,83 Mb.
#111
1   2   3   4   5   6

5

Шағын 

жинақты 

мектептің

біріктірілген 

сыныптарындағы

біртақырыптық сабақ жоспарларының үлгілері

5.1 ҚАЗАҚ ТІЛІ пәнінен біріктірілген 7, 8-сыныптарға арналған сабақ

жоспарларының үлгілері

1-сабақ

Сабақтың

тақырыбы:

7-сынып

Қазақ тілі – қазақ халқының

әдеби тілі

8-сынып

Қазақ тілі – ұлттық мәдени,

рухани асыл мұра

Сабақтың

мақсаты:

1. Қазақ тілінің шығу  тегі,

топтасуы жөнінде  толық мағлұмат

беру.


2. 

Тіл 


туралы 

заңдардың

мемлекеттегі қызметін нақтылау.

3.  Отаншылдыққа,  елін,  жерін

сүюге,

қазақ


тілін

құрметтеуге

тәрбиелеу.

1. Қазақ тілі  туралы білімдерін

кеңейту.

2.

Тіл 



туралы 

заңдардың

мемлекеттегі қызметін нақтылау.

3. Отаншылдыққа,  елін,  жерін

сүюге,

қазақ


тілін

құрметтеуге

тәрбиелеу.

Сабақтың

көрнекілігі:

компьютер, сызба, сурет (слайд).



Оқыту

әдістері:

қызығушылықты ояту, түсіндірмелі, баяндау, ойталқы



Сабақтың барысы

I КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ

Бағдарлау-мотивациялық кезең

Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыстар

Мұғалім жаңа сабақ түсіндірмес бұрын оқушыларға сабақтың мақсаты және

міндеттерімен таныстырады.

Мұғалім сөзі:

- Тіл – қай ұлттың болмасын  тарихы  мен  тағдыры,  халықтың жаны.  Тіл

болмаса,  сөз  болмайды,  сөз  болмаса,  адамзаттың тірлігінде  мән-маңыз

болмайтыны белгілі. Осыған байланысты ана тілімізді құрметтеу – әрқайсымыз

үшін парыз.

Ана  тілін  біз  кішкентай  кезімізден әке-шешемізден, әжеміз  бен  атамыздан

біле  бастаймыз.  Ана  сүтіндей  бойымызға  біртіндеп  сіңіреміз.  Ана  тілі  арқылы

даналар  сөзін  оқып  білеміз,  одан үлгі-өнеге  аламыз. Өзінің тілі, ұлттық

мәдениеті  жоқ ел өз  алдына  мемлекет  болып өмір  сүре  алмайтыны  белгілі.

Сондықтан ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі.

Еліміз  егемен  ел  атанды.  1989  жылы  ана  тілімізге  мемлекеттік  мәртебе

берілді.  Тіл  туралы  заң  қабылданды.  Президентіміздің  2003 жылғы  15

қарашадағы 

жарлығымен

қыркүйектің 

үшінші 


жексенбісі

Қазақстан

Республикасы  халықтары  тілдерінің күні  ретінде  атап өтілетін  болды.  Басқа

тілді  білу, әрине,  мақтаныш.  Дегенмен  де  ана  тілін  аяқасты  етуге  болмайды.

Сондықтан, балалар, ана тілімізді алдымен өзіміз құрметтеп, ардақтайық. Сонда

ғана туған тіліміздің туы биіктерден желбіреп тұрады.



28

- Балалар, қазақ елінің мемлекеттік тілі қандай тіл?

- Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәрбете алды?

- Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (Оқушылардың жауаптары.)

- Біздің еліміздің Президенті  Н.Ә.Назарбаев  тәуелсіздік  алғалы Ана

тіліміздің дамуына  сүбелі үлес қосып  келеді.  Президенттің ана  тілі  туралы

қанатты  сөздерінен  мысалдар  келтірейікші  («Қазақстанның болашағы – қазақ

тілінде»).



1-тапсырма

Екі  сыныпқа  ортақ тапсырма  беріледі:  ақын-жазушылардың тіл  туралы  айтқан  нақыл

сөздерін немесе тіл туралы мақал-мәтелдер жазу.

ҮлгіҰлт үшін тілінен қымбат еш нәрсе жоқ. (М.Жұмабаев)

2-тапсырма

7, 8-сынып. Берілген өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап алу.

Ана тілім – ардағым

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Сол тілмен шешем мені әлдилеген,

Еркелеткен, «құлыным», «жаным» деген.

Сол тілменен бірінші білгізілген:

«Апа» деген сүйген едік сөз әнменен...

Сол тілімнен үйрендім нәрсе аттарын,

Сол тілімнен ұғымды, әдетті мен жаттадым.

Ең бірінші сол тілменен сыртқа шықты

Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.

(С.Торайғыров)

3-тапсырма

Өзіндік жұмыстар

7, 8-сынып. Мәтінді оқып, ана тілінің құдіретін түсіну.

Ажалдан арашалаған ана тілі

Бұл оқиға Ауған жерінде, 1988 жылы мамыр айының 14-і күні болған еді.

Таң  қылаң бере,  дүние  астан-кестен  болды.  Алдымыз  атып,  кейінгіміз

қаруға қол жеткізе де алмай қалдық. Дұшпандардың қоршауында қалып, қолға

түскенімізді  бір-ақ білдік.  Он  шақты  серігіміз  оққа ұшты. Қаруларымызды

жинап  алып,  тірі қалған  елу  шақты  солдатты  алдарына  салып  алған  олар

өздерінің дала командирлерінің алдына айдап әкелді.

Бір  кезде  бәрімізді  етпеттеп  жатқызды.  Аяғымызды  да  тас қылып  байлап

тастады.  Бізді өлтіретінін  сезіп  жатырмыз.  Аяқ-қолым қалшылдап,  «өлігім

далада,  Ауған  жерінде қалатын  болды-ау»  деп  жатырмын.  Шетінен қиналып,

ышқынған  серіктерім  жан  тапсырып  жатыр.  Кезек  маған  да  жеткенде:  «Көке-

ай!» деген дауысым шығып кетті.

- Әй, сорлы, қазақсың ба? – деген сыбыр естілді.

- Иә, - дедім. Құлағыма:  «Сені өлтірмеймін.  Біз  бұл  жерден  тез  кетеміз,



29

жүре  алсаң, тез құтылып  кетерсің, болмаса өлерсің», - деген  күбір  естілді.

Сөйтті де тамағымның етін өткір пышағымен осып жіберді.

Көптеген қиындықты  басымнан  кешкен  мен Өзбекстан  астанасына  жеттім.

Такси жалдап үйге келдім. Есік алдында отырған қарт анам мені көріп құшағын

жайып,  еңіреп

қоя  берді.  Кешке  ағайын-туыс,  көрші-көлемдер  келіп

қуанышымызға  ортақтасты.  Мен  бар  жағдайды  жасырмай  айтып  бердім.

Ажалдан  жалғыз  ауыз  ана  тілімнің аман  алып қалғанына күні  бүгінге  дейін

қуанамын.



4-тапсырма

7,  8-сынып. Мәтінде  кездесетін  сөйлемдердің дұрыс  (+),  не  бұрыс  (-)  екенін  тұсына

белгілеңдер.



Сөйлемдер

Дұрыс

Бұрыс

1

Бұл оқиға Ауған жерінде, 1988 жылы мамыр айының 14-



і күні болған еді.

+

2



Дұшпандардың қоршауында қалып, қолға  түскенімізді

бір-ақ білдік.

3

Қолға түскендерді бостандыққа жіберді.



4

«Апа!» деген дауысым шығып кетті.

5

Көптеген қиындықты  басымнан  кешкен  мен  елімізге



жеттім.

6

Мені туысқандарым жабылып күтіп алды.



7

Есік  алдында отырған қарт  анам  мені  көріп құшағын

жайып, еңіреп қоя берді.

8

Ажалдан жалғыз ауыз ана тілімнің аман алып қалғанына



күні бүгінге дейін қуанамын.

II САРАЛАНҒАН БӨЛІМ

Операциялық-орындаушылық кезең

Оқулықпен жұмыс

Мұғалімнің

басшылығымен  орындала-

тын жұмыстар.

1-жаттығу. Өлеңді  жаттап  алу.  «Қазақ тілі –

баба тілі» екенін жазбаша дәлелдеу.

3-жаттығу. Мәтінді оқып, тақырып қою.



Оқушының  өздігінен  орындайтын

жұмыстары.

1-жаттығу.  Мәтіндегі  ойды  анықтап,

ойға  негіз  болып  тұрған  тірек  сөздерді

табу.


2-жаттығу.  Екі  мақалдағы  ортақ

ойды анықтау.



5-тапсырма.

Оқулықтан тыс тапсырмалар.

Өзіндік жұмыстар

7,  8-сынып. М.  Жұмабаевтың  «Қазақ тілі» өлеңін  еске  түсіріп, өлең жолдарын

толықтыру.



Қазақ тілі

Күш кеміді, ... құлады,

... – бүгін қорқақ бұғады.

Ерікке ... ұшқыр жаны кісенде,

Қан суынған, жүрек солғын ... .

Қыран құстың ... ... қырқылды,

Күндей күшті,  ... ел тынды.

Асқар алтай – алтын ана, ... ,



30

...  ... – асқан жандар ұмтылды.

Ерлік, ... ,  ... , қайрат, бақ, ардың

Жауыз тағдыр ...  ... не бардың,

... бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, ... ... , сен қалдың!



Керекті  сөздер: айбынды  ту,  кеше  батыр, ұмтылған,  соғады, қос қанаты,  күркіреген,

есте жоқ, Батыр, хандар, елдік, бірлік, жойды бәрін, Алтын Күннен, бабам тілі



6-тапсырма

7, 8-сынып. Ана тілі туралы туралы өлең жолдарынан мысалдар жазу.

7-тапсырма

7, 8-сынып. Қазақ тілі туралы шетел ғалымдарының пікірін жазып, қазақ зиялыларының

пікірімен салыстыру.



Қазақ зиялыларының пікірі

Шетел ғалымдарының пікірі

ІІІ КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ

Рефлексиялық-бағалау кезеңі

Пікірталас

7,  8-сынып оқушылары  топқа  бөлінеді.  Берілген  тақырыптар  бойынша  пікірталас

ұйымдастыру.



7-сынып.  «Қазақ тілі – өркендеу  кезеңінде»

тақырыбы.



8-сынып.  «Қазақ тілі – тоқырау

кезеңінде» тақырыбы.



Тест сұрақтары:

1. «Тіл туралы Заң» ... ... ... қабылданды.

а) 1986 жылы 22 қыркүйек;

ә) 1997 жыл 11 шілдеде;

б) 1988 жыл 22 қазан.

2. Қазақ тілі ... тобына кіреді.

а) түркі;

ә) моңғол;

б) славян.

3. «Тіл  туралы  Заңының».... бабында  «Қазақстан  Республикасының мемлекеттік  тілі –

қазақ тілі» деп жазылған.

а) 7; ә) 4; б) 11.

4. Құпия жазуды ... ашты?

а) О. Клаппорт; ә) Томсен; б) В.Радлов.

5.  «Поэзияда  Абай,  Ілияс  сынды,  прозада  Мұхтар  секілді  алыптар  туғызған  тіл.  Мен

осындай тілімізді таза ұстайық деймін», - деп ой айтқан жазушы.

а) М.Әуезов; ә) Ш.Уәлиханов; б) Ғ.Мүсірепов.


31

Өзін-өзі бағалау парағы

Тапсырма


Мұғалім

берген


ұпай

саны


Оқушы-

ның


жинаған

ұпай саны

Б

а

ғ



а

1-тапсырма

5

2-тапсырма



5

3-тапсырма

8

4-тапсырма



7

Оқулықпен

жұмыс

1-жаттығу



4

3-жаттығу

3

5-тапсырма



8

6-тапсырма

8

7-тапсырма



7

Пікірталас

10

Тест


5

Барлығы


70

Бағалау критерийі: 60-70 ұпай – «5»; 45-

59 ұпай – «4»; 30-44 ұпай – «3»



Бағалау критерийі: 70-80 ұпай – «5»;

55-69 ұпай – «4»; 40-54 ұпай – «3»

Тапсырма

Мұғалім


берген

ұпай


саны

Оқушы-


ның

жинаған


ұпай саны

Б

а



ғ

а

1-тапсырма



6

2-тапсырма

6

3-тапсырма



9

4-тапсырма

8

Оқулықпен



жұмыс

6

3-жаттығу



5

5-тапсырма

8

6-тапсырма



9

7-тапсырма

8

Пікірталас



10

Тест


5

Барлығы


80

Үйге тапсырма

«Ана  тілім

ардағым»  тақырыбында



шағын шығарма жазу.

«Ана  тілім – айбыным»  тақырыбында

ойтолғау жазу.

2-сабақ

Сабақтың

тақырыбы:

7-сынып

Қиысу


8-сынып

Бастауыш 

пен 

баяндауыштың



арасына

қойылатын сызықша.



Сабақтың

мақсаты:

1. Сөз  тіркесінің бір

түрі қиысуды түсіндіру.

2.  Оқушылардың  өз

бетімен  жұмыс істеу  және

іздену


қабілеттерін

дамыту.


3. 

Отаншылдыққа,

елін, жерін сүюге, сауатты

жазуға тәрбиелеу.

1. Бастауыш  пен  баяндауыштың арасына

қойылатын сызықшаның жағдайларын түсіндіріп,

сауатты  жазуға

үйрету.


Қазақ

тілі  туралы

білімдерін кеңейту.

2.  Оқушылардың  өзіндік  жұмыс  істеу  және

іздену қабілеттерін дамыту.

3. Отаншылдыққа, елін, жерін сүюге, сауатты

жазуға құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың

көрнекілігі

:

компьютер, сызба, сурет (слайд).



Оқыту

әдістері:

түсіндірмелі, көрнекілік



32

Сабақтың барысы

І КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ

Бағдарлау-мотивациялық кезең

Суретпен жұмыс

Мұғалімнің басшылығымен орындалатын жұмыс

7,  8-сынып  оқушылары  суретті  пайдаланып,  «Құстар»  тақырыбына әңгіме  жазады.

Жазған әңгімелері  бойынша  екі  сыныпқа  ортақ сөйлемнің тұрлаулы  мүшелерін  табуға

тапсырма  беріледі.  Содан  соң  7-сыныпқа  «Қиысу»,  8-сыныпқа  «Бастауыш  пен

баяндауыштың арасына қойылатын сызықша» тақырыбы түсіндіреледі

Қиысу – баяндауыштың бастауышпен

байланысы.  Мысалы: Біз  оқушымыз.  Ол –

мұғалім.

Жіктік жалғауы арқылы байланысу

Бастауыш  пен  баяндауыштың

арасына


сызықша қойылатын жағдайлар.

Бастауыш

Баяндауыш

Мысалдар

Атау  тұлғалы

зам есімнен

Атау  тұлғалы

зат есімнен

Ұстаз – ұлағат

ты есім.

Сілтеу  немесе

жіктеу

есімдігінен



Зат есімнен

Бұл – біздің ауыл.

Ол – озат оқушы.

Заттанған  сын

есімнен, 

сан


есімнен,

есімшеден

Зат есімнен

Келген – Ажар.

Алты – жұп сан.

Тұйық


етістіктен

Зат 


есімнен

(кейде 


екеуі

де 


тұйық

етістіктен

немесе

керісінше)



Іздену – білім-

паз болудың

басты шарты.

Менің арманым –

оқу.

Сан есімнен



Сан есімнен

Бес жердегі

бес – жиырма бес.

Бір сөздің қайталануынан

Ар жазасы –

бар жазадан

ауыр жаза. (М.Ә.)

Мақал-мәтелдерде,

қанатты  сөздерде,

өлеңдерде

сөйлемнің

баяндауышы

түсіріліп. 

ықшамдалып

айтылғанда

Асыл – тастан,

ақыл – жастан.

Біреуі – көк,

біреуі – жер

тағысы


1-тапсырма

Оқушылардың

өздігінен

орындайтын

жұмыстары.

Мәтіннен  бастауышты

тауып,  баяндауышқа  сызба

түсіру.


Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыс

Мәтіннен  бастауыш  пен  баяндауышты  анықтап,  сызықша

қойылса, себебін дәлелдеу.

2-тапсырма

Мұғалім

басшылығымен  орында-

латын жұмыс

Суреттер


бойынша

сөйлем құрап, қиысудың

жасалу жолын анықтау.

Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары

Берілген  суреттегі  заттардың бірде  атын,  бірде  сынын

пайдаланып,  бастауыш  пен  баяндауыш арасына қойылатын

сөйлем құрау.



Үлгі: Гүл – сұлулықтың белгісі.

Бастауыш


Баяндауыш

33

Үлгі:  Ақниет  ойынның

ретін  келтіре  алмай қатты

ойланды.

ІІ САРАЛАНҒАН БӨЛІМ

Операциялық-орындаушылық кезең

Оқулықпен жұмыс

Оқушылардың

өздігінен 

орындайтын

жұмыстары

7-сынып.

243-


жаттығу.  Сөздердің  қиыса

байланысқан түрін көрсету.



Мұғалім басшылығымен орындалатын жұмыстар

8-сынып.

40-жаттығу.  Сызықшаның  қойылу  себебін

түсіндіру.  41-жаттығу.  Бастауыштан  кейінгі  сызықшаны

қойып, көшіріп жазу.



3-тапсырма

Берілген 

кесте

бойынша


қиыса

байланысқан  сөз  тіркесін

жасау.

Сөз

тіркесінің

түрі

Бағының-

қы сөз

Басыңқы

сөз

Есімді


тіркес

Ол

ұстаз



Етістікті

тіркес


Арман

келді


Кесте бойынша сөйлем құрап, тиісті тыныс белгілерін қою.

Баста-

уыш

Баянда-

уыш

Мысал

Зат есім


Зат есім

Құрманғазы

– күйдің пірі.

Сан есім


Сан есім

Тұйық


етістік

Зат есім


Есімше

Зат есім


Сын есім

Зат есім


34

4-тапсырма

Сөйлемдерден

қиыса

байланысқан сөздерді табу және



олардың

қалай


қиысып

тұрғандығын 

сөйлемнің

жоғарғы жағына жазып көрсету.



Жіктеу 

есімдігі

Жіктік жалғ. І.

Үлгі: Мен  жақында ғана

ауылдан келген едім.

1. Сен әлі баласың.

2.  Ол  кісі – бізге  дене

шынықтырудан  сабақ беретін

мұғаліміміз.

3.  Біз  досымызды  жалғыз

қалдырып  кете  алмадық,  үйге

қайта кірдік.

4. 


Біз 

ауруханаға

досымызды іздеп бардық.

5. 


Дәрігерлермен 

ашық


сөйлестік.

6.  Асылы

мен  Жайдар

үшеуміз үнсіз,  ақырын  жүріп

келеміз.

7.  Асқарбек  Бершүгір  тауы

жағынан

қарап 


ойланып

отырды.


Көп 

нүктенің


орнына

баяндауыштың

тиісті

жұрнақтарын тауып жазу. Қай кезде сызықша қойылады?



1) Ағайын ...  . ( алтау)

Ана     ...    .   (біреу)

2) Бас жарылса ...,  (бөрік ішінде)

Қол сынса ...  .  (жең ішінде)

3) Жүйрік  ... , жігіт ...  (алысқа, намысқа)

4)

Елдестірмек ...  ,  (елшіден)



Жауластырмақ...  .  (жаушыдан)

5)    Жауды аяған ... .   (жаралы)

6)

Қыздың жолы ...  . (жіңішке)



5-тапсырма

Мұғалім  басшылығымен

орында-латын жұмыс

7-сынып.

Көп 


нүктенің

орнына 


тиісті 

жіктік


жалғауларын

қойып,


байланысқан 

сөздерді 

бөлек

жазып, түсінік беру.



Біз  осында  оқи....    .  Екеуің

де бері кел...

Мен 

сендерге 



келген

мұғалім...  .  Сендер  класқа  кіріп

шық....    . Керей  сәл  ойланып

қал....  .  Сен,  шамасы,  ешкімге

айтпаған  болар...    ?  Сіз өмір

университетінен өткен  адам...  .

Өзіңіз  іздеп  тап...  .  Сіз  маған

үлкен  ой  салды...    .  Ол –

мұғалімдер  бөлмесіне  бет  ал...  .

Сен


қатеңді  кеш  те  болса

мойындады... 

.

Үшеуің


де

айтатын бол ...  .



Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары

8-сынып. Көп  нүктенің орнына  керекті  сөзді қойып,

қажетті жерге тыныс белгісін қою.

1. .... әнге  ерлікке бас ию, әнге, ерлікке табыну!

2. Өлеңін жазған....

3. Орындайтын ....

4. ...


әнім сізге аманат.

5. ...  байлық қоймасы.

6. ...   ісімен жақсы.

7. Қонақ келсе ...    .

8. ... оқу анасы.

9. Алыстан мұнартып көрінген ...  .

10. Ұқыптылық бүгінгі өмір ... .

11.  Бекзат  Саттарханов қазақ спортының жарық

жұлдыздарының ....  .


35

ІІІ КІРІКТІРІЛГЕН БӨЛІМ.

Рефлексиялық-бағалау кезеңі

Бекіту сұрақтары

Биікке шығайық

Графикалық диктант

1.  Матасу  барыс  септігі  арқылы

байланысады. (Жоқ)

2.  Бастауыш  пен  баяндауыштың

жақ-жағымен  байланысуы қиысу деп

аталады. (Иә)

3.  Сөздердің байланысуының  5

тәсілі бар. (Жоқ)

4.  Атау  мен  ілік септігі  арқылы

байланысу – меңгеру. (Жоқ)

5.  Сөздердің байланысуының  4

түрі бар.  (Жоқ).

6.  Іргелес  тұрып  байланысатын –

қабысу. (Иә)



Жоқ   ●





Иә





1 2

3

4

5

6

Берілген  сөйлемдердің  қайсысына  сызықша

қойылады?  Сызықша қойылатын  сөйлемге  «иә»,

сызықша қойылмайтын  сөйлемге  «жоқ» деп жауап

беріңдер.

1. Оқу білім бұлағы. (Иә)

2. Оқу түбі тоқу (Иә)

3. Бірлігі күшті ел азбайды (Жоқ)

4. Суға кеткен тал қармайды (Жоқ)

5. Көп түкірсе көл. (Иә)

6.

Еңбек  етсең



ерінбей,  тояды

қарның


тіленбей. (Жоқ)

Жоқ







Иә





1

2

3

4

5

6

Оқушыларға өзін-өзі бағалау парағы беріледі

Үйге тапсырмалар беру

Сөйлемнің грамматикалық негізін қай мүшелер

құрайды?

Бастауыш пен баяндауыш неге

тұрлаулы мүше деп аталады

Бастауыш пен баяндауыш қандай жолдар

арқылы байланысады?

Бастауыштың жасалуы

Баяндауыштың

жасалуы

Бастауыш

ережесі

Қабысу мен қиысудың ұқсастық жағы

бар ма?

Қиысу қалай байланысады?

Сөз тіркесінің

түрлерін айт

Қабысуға мысал келтір

Меңгеруге мысал

келтір

Қиысудан

матасу

36

3-сабақ

Сабақтың

тақырыбы:

7-сынып

Анықтауыштық қатынас.



8-сынып

Анықтауыш.



Сабақтың

мақсаты:

1. Анықтауыштық

қатынастың сөз тіркесіндегі

байланысу түрі туралы түсінік

беру.

2.  Оқушылардың пәнге  деген



қызығушылығын 

арттыру,


синтаксистік  талдау  дағдыларын

жетілдіру.

3. 

Оқушыларды 



сауатты

жазуға, өз  ісіне ұқыпты қарауға

үйрету.

1. 


Оқушылардың

сөйлем


мүшелері  туралы  білімін  тереңдету,

анықтауыштың

жасалу  жолдарын

меңгерту.

2.  Оқушылардың пәнге деген

қызығушылығын  арттыру,  синтак-

систік талдау дағдыларын жетілдіру.

3.  Оқушыларды  сауатты  жазуға,

өз ісіне ұқыпты қарауға үйрету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет