Ана-құс балапанына: «Балапаным, енді мектепке баратын кезің жетті» деді



Дата17.10.2023
өлшемі50,5 Kb.
#117705

1-мәтін
Ана-құс балапанына: «Балапаным, енді мектепке баратын кезің жетті» – деді.
Бұл сөз балапанға ұнай қоймады. Сасқанынан: «Сенен ұзап ешқайда да бармаймын!» – деді. Балапанның анасы басқа сөз айтуды артық санап: «Өзің білесің», – деді де қойды. Тіршілік иелерінің барлығы балаларына су жаңа киімдер, сөмкелер, бояу, қарындаштар сатып алыпты. Бұны көрген кішкентай құс: «Қызық, менің әке-шешем маған неге ештеңе алмайды? Әлде мені жақсы көрмейді ме екен?», – деп көңіл-күйі түсіп кеткен-ді. Ақыры шыдай алмай, анасына: «Апа, барлығы балаларына жаңа заттар сатып алуда, сен неге маған еш нәрсе алмайсың?» – деп сұрады.
Анасы: «Балам, себебі олар мектепке барады», – деп жауап берді.
Кішкентай құс: «Мен де барар едім ғой…» – деді. Осы сөзді айтарын айтса да, өзіне қатты таң қалды. Өйткені ол да достары секілді жаңа заттарға ие болуға қатты құмартты. Кішкентай құстың мектепке баруға келіскені үшін оның отбасы қатты қуанды. Дереу базарға барып, достары сияқты оған да жаңа сөмке, дәптер, кітап және бояу құралдарын сатып алды.
Күн артынан күн өтіп, мектепке баратын мезгіл де жетті. Кішкентай құс анасынан алғаш рет ұзап шықты. Көздеріне еріксіз жас үйіріліп, жыларман күйге түсті. Сабақ үстінде мұғалім: «Балалар, қазір бәріміз бірге сүйіспеншілік дорбасын жасаймыз,» – деді. «Кешке үйге барғанда, дорбаны әке-шешелеріңнен алған сүйіспеншілікке толтырыңдар. Сосын ертең маған дорбаны қайта алып келіңдер» , - деді.
Барлық балақайлар оқытушыларының берген құрал-саймандарын қолдана отырып сүйіспеншілік дорбасын жасады. Кішкентай құстың да бар ықыласымен, жүрекшелермен жасаған дорбасының ішіне мұғалім: «Балаларыңызға деген үлкен махаббаттарыңыздан жүрекшелер жасап, мына дорбаның ішіне салыңыздар. Сосын ертең балаларыңыздан қайтадан мектепке беріп жіберіңіздер. Мен де балаңызды сіз секілді жақсы көргім келеді», – деп жазады. Содан кейін кішкентай құстың бетінен сүйіп, «Мына жазуды анаңа көрсетуді ұмытпа» дейді.
Кішкентай құс кешті тағатсыздана күткен-ді. Ол үшін уақыт өтпестей көрінген. Міне, ақыры кеш те батты-ау. Мектептен шыққанда, есіктің алдында өзін күтіп тұрған анасын көрді. Кішкентай құс анасының өзін ұмытып кетеді деп қате ойлағанын түсінді. Қанаттарын кере анасының жанына ұшып жетті. Оны қатты құшақтады. Сол күні кешке анасымен бірге картоннан қызыл жүректер жасады. Олармен сүйіспеншілік дорбасын толтырды. Ертесіне мұғалімі үлкен бір жүректің ішіне балалардың жасап әкелген жүректерін жабыс-тырып, сыныптың есігіне ілді. Бұл жүректі балаларға көрсетіп: «Балақайлар, мына үлкен жүрек менің жүрегім. Ал оның ішіндегі сендердің махаббаттарың», – депті.Ана мен бала махаббаты біртұтас деген осы болса керек.
1.Кішкентай құстың тағатсыздана күткені
A) Анасынан сый
B) Кешкі уақыт
C) Ұстаздан сый
D) Сый дорба
2.Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат
A) Балапанның анасы келмей қалады.
B) Балапанға анасы ештеңе алмайды.
C) Балапанның анасы артық сөз айтпады.
D) Балапан мектепке өзі дайындалады.
3.Мәтін мазмұнына лайықты тұжырым
A) Үздік оқушының сыйлығы
B) Кішкентайлар үнемі сабырсыз
C) Ана махаббаты шексіз
D) Мектеп – екінші үйіміз
4.Мәтіндегі автордың: «Ана мен бала махаббаты біртұтас деген осы болса керек» деген ойының мәнісі
A) Ана мен бала махаббатының алшақтығын көрсетіп тұр
B) Ана мен бала махаббатының сынға төзімділігін көрсетіп тұр
C) Ана мен бала махаббатының шексіз екендігін дәлелдеп тұр
D) Ана мен бала махаббатының көзсіз ерлік жасағанын көрсетіп тұр
5.Мәтіннің түйіні
A) Мейрімі мол ананың, Жүрегі жылы, қолы кең.
B) Кең пейілді атаның, Жүзі жылы, жолы кең.
C) Бала тентек болатыны – үйінен, Ердің тентек болатыны – биінен.
D) Атаға тартып ұл тумас, Анаға тартып қыз тумас.
2-мәтін
1.Пілдер – қазір тіршілік ететін сүтқоректілердің ішіндегі ең ірісі. Піл жақсы жүгіреді және тік жарларға оңай шығады. Пілдерді африкандық және үнділік деп бөледі. Африкандық піл саванналар мен экваторлық ормандарда тіршілік етеді. Африкандық пілдің бойы4 м-гедейін жетеді. Үнді пілінің пішіні африкандық пілдермен салыстырғанда дөңестеу болып келеді және ересек пілдің бойы 3 метрден аспайды. Үнді пілінің құлағы үлкен, ал аналықтарының бивниі байқалмайды. Үнді пілдері орманда тіршілік етеді.
2. Пілдер – тек қана шөппен қоректенетін жануарлар. Африкандық піл шөппен, жапырақпен, бұтамен, кейде жемістермен қоректенеді. Африкандық піл маусымға байланысты күніне 200 кг-дай азық жейді. Үнді пілінің тамақтану режимі африкандық туысына ұқсас болып келеді. Ол ағаштанған шөптесін – бамбукты; кейде қант қызылшасы мен күрішті жейді, соның нәтижесінде жер шаруаларымен қақтығыстар болып тұрады. Ересек жануар күніне 150 кг-дай жас шөпті азық етеді.Пілдер өзгеше жаратылысымен, сипатымен, тіршілік ортасымен ерекшеленеді.
3. Ересек африкандық аталық-піл 6 тоннадай салмақ тартады, ал жаңа туған піл баласы шамамен 120 кг-дай болады. Жаңа туған үнді пілінің орташа салмағы 100 кг-дай болса, ересек жануардың салмағы 4 тонна шамасында болады. Африкандық және үнді пілдерінің балалары дүниеге келген соң, бірнеше сағаттан кейін аяқтарына тұрады, ал 2 күннен кейін анасының құйрығынан ұстап артынан ере алады. Пілдердің есту және иіс сезуі көру мүшесіне қарағанда жақсы дамыған. Қажет жағдайда піл ауаны жұтып, жақындап келе жатқан қауіпті сезу және шабуылға дайындалу үшін тұмсығын көтеріп, дауыстайды. Ғалымдардың соңғы зерттеулеріне сәйкес, тұмсық (хобот) – бұл жоғарғы еріннің емес, тек мұрынның өсіндісі.
4.Хобот пілдерге сипап сезуге, өзін сумен шомылдыруға, топырақпен көмуге, аузына азық пен су апаруға және дауыстап дыбыс шығаруға мүмкіндік береді. Екі «саусақпен» аяқталатын африкандық пілдің тұмсығынан үнді пілінің тұмсығы жалғыз «саусақты» болуымен ерекшеленеді. Пілдің құлақтары қатты ыстықтан қорғануға мүкіндік береді. Сонымен қатар, жануар өз құлағын жауын қорқыту үшін де қолданады. Тіпті пілдің құлақтары адам естімейтін өте әлсіз дыбыстарды да естиді. Осылайша пілдер бір-бірімен бірнеше километрлік қашықтықта да тілдесе алады. Пілдер өте ұзақ тіршілік етеді. Үнді пілінің тіршілік ету ұзақтығы 15 жыл, ал африкандық пілдікі 12 жыл деп саналады.
6. Жаңа туған піл баласының салмағы
A) 6 тонна 500 кг-дай
B) 4 тонна 200 кг-дай
C) 1 тонна 500 кг-дай
D) 1 тонна 200 кг-дай
7.Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат
A) Африкандық піл экваторда тіршілік етеді.
B) Үнді пілі 10 жылдай тіршілік ете алады.
C) Африкандық піл жүз кг-дай азық жейді.
D) Үнді пілінің құлағы кішкентай болады.
8.Пілдердің алыс қашықтықтан бір-бірімен тілдесе алуының себебі
A) Пілдер бір-бірінің тілін өте жақсы түсіне алатындықтан
B) Пілдердің құлақтары өте үлкен болғандықтан
C) Өте әлсіз дыбыстарды жақсы ести алғандықтан
D) Үнді пілінің тұмсығы жалғыз саусақты болғандықтан
9.Мәтін мазмұнының реттілігі
1.Пілдер сипаты
2.Пілдер азығы
3.Піл мүшелері
4.Ең ірі сүтқоректі
A) 4,2,3,1
B) 2,4,1,3
C) 4,1,3,2
D) 4,2,1,3
10.Мәтіннің негізгі түйінін беретін автор ойы
A) Пілдер өзгеше жаратылысымен, сипатымен, тіршілік ортасымен ерекшеленеді.
B) Үнді пілінің тіршілік ету ұзақтығы 15 жыл, ал африкандық пілдікі 12 жыл деп саналады.
C) Ғалымдардың соңғы зерттеулеріне сәйкес, тұмсық (хобот) – бұл жоғарғы еріннің емес, тек мұрынның өсіндісі.
D) Үнді пілінің тамақтану режимі африкандық туысына ұқсас болып келеді.
3-мәтін
1.Бағдарламашы – арнайы математикалық модельдеудің көмегімен компьютерлік бағдарламаларды және алгоритмдерді құрастыратын маман. Бағдарламашыларды салаларға байланысты үшке бөліп қарауға болады. Қолданбалы бағдарламашылар көбіне ойындар, есептеу бағдарламалары, редакторлар мен мессенджерлерді қамтамасыз ететін бағдарламаларды жабдықтаумен айналысады. Олардың саласындағы жұмыстарға тағы да жүйелі видео және аудио бақылаулар орнату, от өшіру жүйелері мен сигнал беру жабдықтарын жатқызуға болады.
2.Жүйелік бағдарламашылар операциялық жүйелерді, желі платформаларын, интерфейс жабдықтарын, әртүрлі ақпарат орталықтарын жинақтайтын ғаламтор беттерін жасаумен айналысады. Бұл саланың маманын жоғары төлемақыға ие бола алатындар қатарына жатқызамыз. Сонымен қатар олар бағдарламалық қамту жүйелерін (сервис), есептеуді қамтамасыз ететін блоктарды (процессор, коммуникациялық және перефириялық құрылғылар) да жасайды.
3.Web-бағдарламашылар да желімен жұмыс жасайды. Дегенмен олардың негізгі міндетіне ғаламтормен жұмыс істеу кіреді. Олар сайттардың бағдарламалармен қамтылуын, динамикалық веб-беттерді және дерекқормен жұмыс жасайтын web-интерфейстерді жасаумен айналысады. Бағдарламашы ғылыми-техникалық және өндірістік есептерді математикалық модельдерді талдау мен алгоритмдік шешімдер арқылы есептеу жұмыстарын атқаратын бағдарламаларды құрастырады. Сондай-ақ олар автоматты, типтік және стандартты бағдарламаларды және сыртқы алгоритмдік тілдерді жасақтаумен жұмыс істейді. Бағдарламашылардың IT-компаниялар мен Web-студияларда, ғылыми-зерттеу орталықтарында, жеке бағдарламашыны қажет ететін компанияларда жұмыс істеуге мүмкіндігі бар. Бағдарламашы өте жылдам дамып жатқан технологияларға бейімделе білуі қажет. Сол себепті өзін-өзі оқыту ең басты қасиеттерінің бірі болуы тиіс. Әйтпесе бірнеше жылдың көлемінде маманның маңызы кетіп, жұмыстан шығып кетуі мүмкін.
4.Техникалық құжаттарды оқи алатын дәрежеде ағылшын тілін білу де – ең маңызды талаптардың бірі. Аталған маман иелері топпен жұмыс істей алуы керек. Үлкен жобаларда біріге, жұмыла жұмыс жасай алатын мінездің болғаны да артықтық етпейді.
11.Саласына байланысты бағдарламашылар бөлінеді
A) Екіге
B) Беске
C) Үшке
D) Төртке
12.Мәтін мазмұнына лайықты ақпарат
A) Бағдарламашылардың IT-компанияларда жұмыс істейді.
B) Қолданбалы бағдарламашылар көбіне есептерді шығарумен айналысады.
C) Web-бағдарламашылар бағдарламаларды жабдықтаумен айналысады
D) Web-студияларда, ғылыми-зерттеу орталықтарында бағдарламалар жабдықтайды.
13.Бағдарламашылар неге өзін-өзі оқытып отыруы керек?
A) Бағдарламашылар қажет ететін компанияларда жұмыс істеп отыруы үшін
B) Бағдарламашылар жаңа технологиядан қалмай, тез меңгеруі үшін
C) Web-студияларда, ғылыми-зерттеу орталықтарында бағдарлама жабдықтарын орнату үшін
D) Бағдарламашылар алгоритмдерді көп, тез құрастырып үйренуі үшін
14.Мәтіннің төртінші азатжолына лайықты тақырып
A) Бағдарламашыларға қажет топтар
B) Бағдарламашыларға қажет дағдылар
C) Бағдарламашыларға қажет салалар
D) Бағдарламашыларға қажет орталықтар
15.Берілген үзінді мазмұны мен негізгі мәтін мазмұны арасындағы ұқсастық: Ең көп сұранысқа ие болатын мамандық - web-жасаушы (Web developer). Ол ІТ-индустрияға қатысты басқа мамандықтар ішінен бірінші орын алды. Еңбек ақысы сәл аздау болғанымен web- жасаушылар қазірдің өзінде ІТ-еңбек нарығында көп сұранысқа ие.
A) Бағдарламашы мамандығы туралы
B) Бағдарламашы мамандығының түрлері
C) Бағдарламашы маман иелерінің дағдылары
D) Бағдарламашы мамандығының артықшылығы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет