Г. К. Ахметова-п.ғ. д., профессор, Ж. А.Қараев- п.ғ. д., профессор



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата22.12.2016
өлшемі4,37 Mb.
#124
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

использованная литература
1.  Государственная программа развития образования и науки Республики Казахстан на 2016 
- 2019 годы, утвержденная указом Президента  Республики Казахстан от 1 марта 2016 года № 205. 
Интернет-ресурс
2.  Ксенда  О.Г.  ‹›Содержание  и  модели  деятельности  системы  повышения  квалификации 
педагогов  дошкольных  учреждений  по  внедрению  инноваций  в  учебный  процесс››.doc  http://
podelise.ru/docs/index-26677260-1.html

38
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 3,  2016 г. 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ БАСШЫЛАРЫНЫҢ БІЛІКТІЛІГІН 
АРТТЫРУДЫҢ ЖАҢА АМАЛДАРЫ
K.K.Турдахунова
Түйіндеме.
  Мақалада  мектепке  дейінгі  тәрбие  мазмұнын  жаңарту  жағдайында  мектепке 
дейінгі ұйым басшыларының біліктілігін арттыруды өзгерту қажеттігі туралы оқытушылардың 
ойлануы  көрсетілген.  Біліктілікті  арттыру  жүйесінде  табысты  оқытудың  дәлелдемелерімен 
тыңдаушылардың  рефлексияларынан  мысалдар  келтіре  отырып,  мектепке  дейінгі  ұйым 
басшыларының талаптарына сәйкес курсқа даярлықтың жаңа амалдарын ашып көрсеткен.
Түйінді сөздер:
 амалдар, біліктілікті арттыру, мазмұнды жаңарту, рефлексия
NEW APPROACHES TO IMPROVE SKILLS OF PRE-SCHOOL ORGANIZATIONS
K.K.Тurdakhunova 
Abstract.
 This article represents the reflections of the teacher about the need for change in improving 
the skills of managers of preschool institutions in the conditions of updating the content of pre-school 
education. Revealed new approaches in the preparation of the course leaders of preschool institutions 
in accordance with the requirements of the system training, with evidence of successful learning on the 
example of excerpts from the audience reflection.
Keywords:
 approaches, training, update content reflection.

39
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 3,  2016 г. 
БІлІМ БеРУ ТеОРиясы МеН ӘдІсНаМасы
ТеОРия и МеТОдОлОГия ОБРаЗОВаНия
tHeorY anD MetHoDoLogY oF eDuCation
УДК 372. 893 (07)  
ТаРиХТы ОқыТУды ЖеТІлдІРУдІң кеЙБІР ЖОлдаРы
қ.Б. адиет 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, Алматы қ.
Түйіндеме
. Мақалада білім алушылардың құзыреттілігін қалыптастыру мен шығармашылық 
қабілеттерін жетілдіруде тарихты оқытудың рөлі қарастырылады. 
Түйінді сөздер: 
белсенділік, құзыреттілік, білім беру, білім беру кеңістігі, үздіксіз іздену, кәсіби 
дағды, шығармашылыққа баулу, жетекшілік.  
Қазақ 
елінің 
әлемдік 
өркениетке 
кірігуіне  қатысты  бүгінгі  таңдағы  білім 
беру  саласына  қойылып  отырған  талабы 
заманға  сай  шығармашылықпен  жұмыс  істей 
алатын,  бәсекеге  қабілетті  тұлға  тәрбиелеп 
қалыптастыру.  Қазіргі  қоғамда  жас  ұрпаққа 
берілетін  білім  тек  оқытумен  ғана  шектелсе, 
онда  оның  ойдағыдай  нәтижеге  жетпейтініне, 
әрі өсіп келе жатқан ұрпақ бірте-бірте өз-өзіне, 
тағдырына,  болашағына,  бір  сөзбен  айтқанда, 
бүкіл  өмірге  қызығушылығын  жоғалтатыны 
бүгінгі күнде толық дәлелденді. Тарихты бүгінгі 
заманның талабына сай оқытудың басты талабы 
– дүние жүзілік дамудағы адамзаттың орны, ол 
жасаған  әлемдік  құндылықтардан  хабардар, 
жан – жақты жетілген, өз тарихының өткеніне 
көз жүгіртетін, қоғамның даму үрдісіне өзінше 
баға бере алатын, белсенді ұлтжанды, патриот 
азаматты  қалыптастыру.  Тарихты  оқытуда 
нәтижеге бағытталған іс - әрекетті құзыреттілік 
тұрғыдан  жүзеге  асыру  –  негізгі  міндет.  Тарих 
пәнін оқыту, ұлттық идеологиямен сусындаған 
азаматтар  тәрбиелеу,  ашық  қоғам  орнатуға 
ат  салысатын  патриот  болуға  ықпал  ету  үшін 
гуманистік  тұрғыдан  дамуды  қажет  етеді. 
Себебі  тарихты  оқыту  арқылы  тарихи  са-наны 
жаңғырту,  халқымыздың  тарихын  жаңаша 
көзқарас  тұрғысынан  таразылау,  тарихты  оқу 
әрбір  отаншыл  қазақ  менің  болашағым  үшін 
қажет  деген  тарихи  сананы  қалыптастыруды 
жүзеге  асырады.  Қай  мемлекет  болмасын  ең 
алдымен  Отан  тарихына  ерекше  орын  береді. 
Әрбір ұстаз алдында өз Отанын шексіз сүйетін, 
білімді, іскер, адамгершілігі мол, мәдениеті жан 
–  жақты  жетілген  тұлғаны  дайындау  міндеті 
тұр.  Тарихты  оқыту  отансүйгіш  азаматтарды 
тәрбиелеп өсіру деген сөз. 
Қазіргі уақытта білімнің жаңа үрдісі қарқын 
алып, 12 жылдық білім беруге көшу тұсындағы 
білім  беру  саясатының  ең  негізгі  мақсаты  – 
қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың 
саналы  ойлауын  қалыптастыру,  шығармашыл, 
өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой-өрісі жоғары 
жеке  тұлға  дайындау  [1].  Білім  мазмұнының 
негізгі  өзекті  мәселелерінің  бірі  -  өзгермелі 
әлеуметтік  және  экономикалық  жағдайда  өмір 
сүруге  дайын,  сонымен  қатар  айналасындағы 
шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, 
оны  жақсартуға  ықпал  ете  алатын,  бәсекеге 
қабылетті  жеке  тұлғаны  қалыптастыру 
болып  табылады.  Осыған  байланысты  тұлғаға 
қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға 
шығады: 
- креативтілік;  
- белсенділік; 
- әлеуметтік жауапкершілік; 
- ой – өрісінің кеңдігі;  
-  танымдық  әрекетке  қызығушылығының 
басымдығы. 
Болашақтың  бүгіннен  де  нұрлы,  шуақты 
болуына  тікелей  ықпал  етіп,  адамзатты  алға 
апаратын күш тек білім мен білікте ғана. Қай елдің 

40
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 3,  2016 г. 
болмасын өсіп – өркендеуі, өркениетті дүниеде 
өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің 
деңгейіне, даму бағытына байланысты. Қазіргі 
кезеңде  білім  беру  саласындағы  әлемдік  білім 
кеңістігіне  ұмтылуға  байланысты  жасалынып 
жатқан 
талпыныстар 
жас 
өрендердің 
дербестігін,  ізденімпаздығын,  белсенділігі  мен 
шығармашылық  мүмкіндіктерін  дамытуды 
талап  етеді.  Жастарды  шығармашылыққа 
баулу,  өз  еңбегінің  нәтижесін  көруге,  оны 
бағалауға  бағыттау  –  өте  күрделі  үрдіс.  Егер 
шығармашылық  жеткіншек  кезінде  бағалы 
бағдар  болып  қалыптаспаса,  онда  болашақта 
да  оның  қалыптасып  кетуі  қиыншылық 
тудырады.  Сапалы  білім  алған,  құзыреттілігі 
жоғары, 
танымы 
мол, 
бәсекелестіктің 
қайсыбір  мықты  тегеурініне  төтеп  бере 
алатын  жастар  ғана  болашақтың  кілтін  аша 
алады.  Белгілі  бір  саладағы  құзырлылықты 
меңгерген  тұлға  өз  саласына  сәйкес  білім 
мен  біліктілікпен  қаруланған  қандай  да  бір 
негізі бар ой - тұжырым жасайтын және тиімді 
әрекет  ете  алатын  тұлға  болып  қалыптасады. 
Құзырлылықтарын  қалыптастыруды  жүзеге 
асыру тек білім берудің жаңа мазмұны арқылы 
ғана  емес,  сол  сияқты,  жаңа  оқыту  әдістеріне 
де  қатысты.  Құзыреттілік  тәсіл  –  жалпы  білім 
беруді  жетілдірудің  негізі  екендігін  әлемнің 
алдыңғы қатарлы елдерінің ұлттық білім беру 
жүйесі  дәлелдеп  отыр.  Құзыреттілік  дегеніміз 
алған  білімі  мен  дағдыларын  тәжірибеде, 
күнделікті  өмірде  қандай  да  бір  тәжірибелік 
және  теориялық  мәселелерді  шешу  үшін 
қолдана  алу  қабілеттілігін  айтуға  болады  [2]. 
Сондықтан да жас ұрпақ бойына құзыреттілікті 
қалыптастыруды  жетілдіруден  қашпау  керек. 
Құзыреттілік  сол  дағды,  білім,  білік,  іскерлікті 
де  қалыптастыруға  мүмкіндік  туғызады.  Қ.Р. 
білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  орта 
білім  берудің  мақсаты  былай  нақтыланған: 
«Жылдам 
өзгеріп 
отыратын 
дүние 
жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби 
дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, 
өзін-өзі  іске  асыруға,  өзін-өзі  дамытуға  және 
өз  бетінше  дұрыс,  адамгершілік  тұрғысынан 
жауапты  шешімдер  қабылдауға  қабілетті  жеке 
тұлғаны қалыптастыру». 
Жас ұрпақ өз ұлтын, Отанын сүю үшін оның 
санасына  ата-бабаның  тарихын,  тәрбиесін, 
даналық сөздері мен нақылдарын құя білу керек. 
Отан тарихын оқыту балаға алты жастан берілсе, 
Отансүйгіштікке, ерлікке, адамгершілікке, елін, 
жерін  қорғауға,  ана  тіліне,  өз  халқының  әдеп-
ғұрпына,  салт-дәстүріне  деген  сүйіспеншілікке 
тәрбиелеу  берік  қалыптасады.  Түріктің  атасы 
Мұстафа  Кемал:  «алдымен  ұлтқа  тарихын, 
ұлтының асыл екенін, барша мәдениеттің анасы 
–  алдыңғы  қатардағы  ұлттың  ұрпағы  екенін 
үйретуге тиіспіз»[3] – деп атап өтті. 
Қазіргі  кезде  Қазақ  елінің  алдында  тұрған 
міндет  біртұтас  білім  кеңістігін  қалыптастыру 
және  мемлекетті  құрушы  негізгі  ұлттық 
озық  дәстүрлерімізге  сүйене  отырып,  жастар 
санасына  туған  халқының  дүниетанымына 
деген  құрмет  пен  мақтаныш  сезімін  ұялатып, 
әлемдік  деңгейдегі  өркениет  құндылықтарын 
тиімді  пайдалана  білетін  ұлттық  рухты 
сіңіру,  туған  халқының  мемлекеттік  тілі  мен 
әдебиетін,  тарихы  мен  өнерін  қастерлеп, 
салт-дәстүрін  меңгере  білуге  баулып,  оны 
қалыптастыру  [4].  Тарих  арқылы  дүниежүзілік 
рухани  және  материалдық  құндылықтарды 
тану  мен  соны  молайтуға  және  сақтап,  келесі 
ұрпаққа  жеткізуге  деген  құзыретттіліктің 
қалыптасуына  әкеледі.  Қазақ  тарихы  арқылы 
ұлттық  жан  дүниесі  қалыптастырылып,  қазақ 
халқының  ұлттық  шеңберіндегі  рухани  және 
материалдық  құндылықтардың    дүниежүзілік 
құндылықтар  жүйесімен  байланысын  танып, 
сол байланысты дамыту, кеңейту, өз болмысын 
сақтап қала алатын тұлға тәрбиелеу. Қоғамдық 
білім  беру  арқылы  жеткіншек  өзінің  тұлға 
екендігін  танып,  өзін  сыйлауға,  сол  арқылы 
басқа  адамдарды  да  дәл  өзіндей  бағалауға, 
адамзаттық құндылық қатарына өзіндік үлесін 
қоса  алатындай  дәрежеге  өсуге  тәрбиелейтін 
деңгей бола отырып, бұл деңгейден ең жоғары 
деңгейге шығып кете алатын мүмкіншіліктерді 
тану  мен  соларды  ерекше  тәрбиелеу  үрдісі 
жүргізіледі.  Осы  жерде  Әбу  Насыр  Әл-
Фарабидің:  «Тарихты  білмей  –  өткенді,  қазіргі 
жағдайды білу, келешекті болжау қиын» деген 
мәнін ешқашан жоғалтпайтын сөзі ойға келеді. 
Тарихты  оқыту  барысында  таным  белсенділігі 
мен ойлау қабілетін, ізденісін дамыту қажет [5]. 
Қазіргі  білім  беру  стандарты  талаптарына  сай 
тарихтың  оқытылуына,  ғылыми  зерттелуіне 
ерекше  жауапкершілік  пен  міндет  жүктелді. 
Өйткені  жас  ұрпақтың  бойына  патриоттық 
сезім  мен  сана,  дүниетаным  қалыптастыруда 
тарих  басты  рөл  атқарады.    Жас  ұрпақты 
қалыптастыруды жүзеге асыру тек білім берудің 
жаңа  мазмұны  арқылы  ғана  емес,  оқытудың 
жаңа  технологиялық  әдістеріне  де  қатысты. 
Қазіргі  білім  беру  саласының  негізгі  базалық 
ілімдердің  бірі  «құзыреттілік»  болып  қалып 
отыр.

41
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 3,  2016 г. 
Ең басты міндет: 
-  оқушылардың дамуына, өзіндік дамуына 
жағдай жасау; 
-  өнімді білім, білікті игеру; 
-  бүкіл 
 
өмір                                                                                                                                   
бойына  өз  білімін  толықтыруға  деген 
қажеттілікті дамыту.
Еуропалық Кеңес құзыреттіліктің бес негізгі 
топтарын анықтады: 
1)  саяси және әлеуметтік құзыреттілік;
2)  көп  мәдениетті  қоғам  өміріне  қатысты 
құзыреттілік;
3)  ауызша  және  жазбаша  байланысты 
анықтау құзыреттілігі;
4)  қоғамда  ақпараттың  пайда  болуына 
байланысты құзыреттілігі; 
5)  өмір  бойы  білім  алуға  ынтасы  мен 
қабілетін жүзеге асыру құзыреттілігі; 
Тарихты  оқытуда  құзырлылықтың  бір 
бағытын  бөліп  алуға  болады.  Бірақ  арине,  бір 
ғана  құзырлылық  тарихты  оқыту  барысында 
тиімді  деген  қатып  қалған  қағида  жоқ.  Тұлға 
құзырлылығының  құрылымын  анықтауда 
көптеген  тәсілдер  бар.    Сонын  ішінде  менің 
тәжірибемде ең тиімді құзыреттілік бағытының 
бірі: 
әлеуметтік 
құзырлылық. 
Бұнын 
ерекшелігі  баланың  жан-жақты  дамуына,  өз 
пікірі  мен  ойын  ашық  жеткізуіне,  әр  адамға 
табиғатынан 
берілген 
шығармашылық 
әлеуетін  толық  іске  асыруына  ықпал  ететін, 
қарым – қатынас жасай білетін, өзін-өзі танып, 
келешегін  айқындауға  саналы  түрде  дайын 
болуға,  өмірлік  мақсатына  жете  білетін, 
дүниеге  ғылыми  көзқарасын  қалыптастыру, 
оларға  адамзат  жинаған  әлеуметтік  рухани, 
адамгершілік  тәжірибесін  меңгеруге,  өмірлік 
және адамгершілік құндылықтарды ұстанатын, 
қоғамның  экономикалық,  мәдени,  саяси 
өміріне  белсенді  араласуға  мүмкіндік  беретін, 
өзінің  қажеттілігі  мен  қызығушылықтарын 
қоғам  талаптарына  сәйкес  шектей  білетін 
психологиялық-педагогикалық 
институт 
ретінде қалыптасуында болып отыр. 
Әлеуметтік  құзырлылықтар  қоршаған 
ортамен,  қоғам  өмірімен,  тұлғаның  әлеуметтік 
қызметімен  байланысты  (ынтымақтаса  білу, 
әр  түрлі  өмірлік  жағдайларда  проблемаларды 
шеше білу мен өзіндік басқару, өзара түсіністік 
дағдылары,  әлеуметтік  және  қоғамдық 
құндылықтар  мен  біліктер,  коммуникациялық 
дағдылар,  өз  бетінше  мақсат  қою  және  оны 
негіздеу,  мақсаттарға  жету  үшін  танымдық 
қызметтерді жүзеге асыру, әр түрлі әлеуметтік 
жағдайлардағы  икемділік  т.б.).  Әлеуметтік 
құзырет - өз елінің азаматы ретінде өзінің және 
қоғам  мүшелерінің  әлеуметтік  қызметтерінің 
маңызын  түсіну,  азаматтық,  ұлтшылдық, 
Отанына  деген  сүйіспеншілікті  нығайту, 
қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет 
нышандарын  білу,  адамның  бостандығы  мен 
құқықтарын  сыйлау,  қажетті  жағдайларда 
оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту, яғни, 
өзіне және басқалар алдындағы жауапкершілігі 
жатады.  Қазіргі  уақытта  білім  қоғам  талап 
ететін қажеттілік қана емес, сонымен қатар жеке 
адамның өзінің интеллектуалды, адамгершілік, 
жан-жақты дамуды қажет ететін, оның қоғамдық 
мәдени өмірге, кәсіптік еңбекке қатысып, білімін 
одан әрі жетілдірудің мөлшері болып табылады. 
Сондықтан  тарихты  оқыту  барысында  жас 
өспірімдердің  таным  белсенділігі  мен  ойлау 
қабілетін,  ізденісін  дамыту  қажет.  Тарих 
азаматтарды  ойландырады,  болған  тарихи 
құбылыстардан ұлттық қалыптасуларды аңдап 
алады, ұлттық бірліктің қалыптасуында тарихи 
шежіреміздің ұлықтылығы мен тазалығын білу, 
оларды  қадірлеу  де  дана  халқымыздың  әлем 
халықтары арасында орнына баға беру де, оның 
бай  өмірлік,  тарихи  тәжірибелерінен  орынды 
және  кең  пайдалануында,  халқымыздың 
көшпелі  өркениетіне  сай  байырлылығы, 
мәрттігі,  ашықтығы  мен  шешендігін,  салт-
дәстүрлерін  үйренуде  және  оны  байытуда, 
жалпы  тәуелсіз  еліміздің  азаматтарына  тиісті 
болған жоғары патриоттарды қалыптастыруда 
Отан тарихы негізгі орын алады. Тарих пәнінің 
сапалы игерілуі үшін саяси-идеялық дәрежесінің 
жоғары  болуы,  баянды  білім  берілуі  үшін  жас 
өспірімдердің  танымдық  қабілетін  жан-жақты 
дамытатын  әдістердің  әрдайым  қолданылуы, 
рухани тәрбие беру мүмкіндігін пайдалану. 
Мектеп  қабырғасында  оқушы  білім 
стандартына  сәйкес  білім  алумен  қатар, 
ғылым  көкжиегіне  көз  жіберіп,  зерттеу  мен 
зерделеуді  саралап,  сараптауды  үйрене 
бастауы  тиіс.  Жас  өспірімдермен  жүргізілетін 
іс-әрекетіміздің  барлығы  шығармашылық 
қабілеттерін  дамыту  үшін  жасалуы  керек. 
Жеткіншектер үнемі шығармашылық ізденісте 
болуы  тиіс.  Жастардың  шығармашылық 
шабытын,  қызығушылық  қабілетін  дамытуда 
өз  тарихымызды,  еліміздің  жетістіктерін  және 
қиын  –  қыстау  жағдйларын  өз  дәрежесінде 
зерттеп  білудің  маңызы  өте  зор.  Себебі  тарих 
пәні жеке тұлғаның ұлтшылдық сезімін оятып, 
оны биік арманға жетелейді. «Шығармашылық 
ойлау нәтижесінде жаңалық ашылады, тұлғаның 
дамуы  жеделдейді»  –  деп  орыс  психологі  Л.С. 

42
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 3,  2016 г. 
Выготский  айтқан.  Сабақ  үстінде  бүкіл  сынып 
оқушыларының  белсенді,  шығармашылық 
оқу  жұмысын,  әсіресе,  олардың  талғам, 
таным  қабілетін  дамытуға  бағытталған  өз 
беттерінше істейтін жұмыстарын ұйымдастыру 
–  тарих  сабағын  жетілдірудің  аса  қажетті 
жағдайларының бірі.  Бұл жерде мұғалімнің жас 
өспірімдерді шығармашылыққа баулу шеберлігі 
үлкен  әсер  етеді.  Сабақтағы  шығармашылық 
қабілеті  мен  белсенділігін  артыру  жолында 
мұғалімге үнемі ізденуді, тынымсыз еңбек етуді 
міндеттейді.  Ол  мұғалімнің  алдына  қойған  ең 
басты  міндеті  болуы  тиіс.  Орыс  педагогі  К.Д. 
Ушинскийй:  «Мұғалім  өзінің  білімін  үздіксіз 
көтеріп  отырғанда  ғана  мұғалім,  оқуды, 
ізденуді  тоқтатысымен  оның  мұғалімдігі  де 
жойылады» - деген екен.  Демек, үздіксіз іздену 
– бүгінгі мұғалімдерге қойылып отырған басты 
талаптардың  бірі  –  әдістеме  саласындағы 
жаңалықтар  мен  озық  тәжірибені  жетік  игеру. 
Тарихшы ұстаздардың қоғам дамуының қазіргі 
кезеңіне  сай  жастардың  саналы  ойлауын 
қалыптастыру,  шығармашыл,  өз  мамандығын 
дұрыс таңдаған, ой-өрісі жоғары жеке тұлғаны 
дайындау  негізгі  мақсаты  болып  отыр[6]. 
Сондықтан  да  жас  өспірімдердің  құзыреттілігі 
мектепте  оқу-тәрбие  үрдісінде  қалыптасады. 
Жастар өзінің даралығын сезінетін жеке азамат 
ретінде  өзін-өзі  дамытуға,  өзінің  позициясын 
іске асыруға, өзі дұрыс деп санайтын жоспарлар 
жасауға, оны қорғауға, болашақ маман, болашақ 
отбасы  иесі,  қоғамның  жасаушысы  ретінде 
сезіне білуіне қол жеткізуіміз қажет. 
Қорыта 
келе, 
тарих 
сабақтарында 
құзыреттілікті  қалыптастыра  оқыту  жаңа 
заманда  нағыз  қазақи  болмыстағы  ұрпақты 
тәрбиелеуге  ықпал  ететіні  сөзсіз.  Осындай 
құзыреттілігі  жоғары  озық  ойлы  білімдар 
адамдар қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін 
қосады. Қоғам дамуын ілгерілететін – дарынды, 
қабілетті  адамдар.  Қазақ  тарихы  арқылы  жас 
ұрпақ  ата-бабаларымыздың  сақтап  қалған  кең 
байтақ даласына, Отанға адалдық, ұлтшылдық 
сезімі, өз елі үшін мақтаныш сезімдері, Отанның 
мүдделерін қорғауға шындалады.
Пайдаланылған әдебиеттер 
1.  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарты  Қ.Р. 
Үкіметінің 23.08.2012 жылғы № 1080 Қаулысы
2.  К.Құдайбергенова.  Құзырлылық  –  тұлға  дамуының  сапалық  критериі  //  «Білім  сапасын 
бағалаудың  мәселелері:  әдіснамалық  негізі  және  практикалық  нәтижесі»  атты  халықаралық 
ғылыми–практикалық конференцияның материалдары. 2008, 56-59 бет
3.  Atatürk’ün tarih ile ilgili sözleri. http://www.ataturkdevrimleri.com
4.  «Қазақстан-2050»  Стратегиясы - қалып¬тасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы
5.  А. Байсейтова Шығармашылық белсенділілікті арттыру // Қазақстан мұғалімі №3, 2008, 6-бет
6.  Г. Жусанбаева Мұғалімнің кәсіптік қабілетінің шыңдалуы  // Қазақ тарихы №5, 2007, 83-84 бет 
СОВЕРШЕНСТВОВАНИЕ МЕТОДОВ ИЗУЧЕНИЯ ИСТОРИИ
К.Б.Адиет
 
Аннотация.
  В  статье  рассматриваются  роль  изучения  истории  в  повышении  творческих 
способностей и формирование компетентностей учащегося. 
Ключевые  слова:
  активность,  компетентность,  образования,  образовательная  пространства, 
непрерывный поиск, профессиональный навык, привличение к творчесткой работе, руководство.  
 
WAYS TO IMPROVE THE  HISTORY TEACHING NOWADAYS.
K.B.Adiet 
Abstract
: This article discusses the role of history in enhancing creativity and the formation of the 
student's abilities
Keywords:
 activity, competence, education, educational spaces, continuous search, professional skill,  
attraction to creative work, leadership. 

43
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 3,  2016 г. 
УДК 005.7
ОсНОВНые ТеОРеТиЧеские ПРедПОсылки сТРаТеГиЧескОГО 
аНалиЗа ВНУТРеННеЙ сРеды ОРГаНиЗации 
Б.М.Хусаинов, Г.к.Молдашев 
Западно-Казахстанский аграрно-технический университет им. Жангир хана, 
г. Уральск
Аннотация.
 В статье обобщены теоретические предпосылки необходимости стратегического 
анализа  внутренней  среды  организации.  Изложены  различные  формулировки  и  структурные 
элементы её анализа. Сделан вывод об актуальности анализа.
Ключевые  слова:
  менеджмент,  стратегический  анализ,  внутренняя  среда,  организация, 
персонал, маркетинг, организационная культура
Одним из ключевых факторов обеспечения 
конкурентоспособности  любой  организации 
в  ХХI  веке  является  использование  ими 
принципов и методов современной концепции 
стратегического маркетинга. 
По мнению широко известного российского 
гуру  в  области  маркетинга  и  менеджмента, 
академика Р.А. Фатхутдинова: «Стратегический 
маркетинг может существовать: 
-  концептуально  –  как  ориентация  любой 
деятельности  на  внешних  и  внутренних 
потребителей, 
-  в  пространстве  –  как  первая  стадия 
жизненного цикла объекта, 
-  во  времени  –  как  первая  общая  функция 
управления» [1]. 
В  Послании  народу  Казахстана  «Нурлы 
жол  –  путь  в  будущее»  президент  страны 
Н.А.  Назарбаев  предложил  эффективную 
стратегию  новой  экономической  политики, 
предусматривающую  долгосрочное  развитие 
транспортной, энергетической, индустриальной 
и  социальной  инфраструктуры,  малого  и 
среднего бизнеса. 
Причем,  в  реализации  этого  плана, 
отмечается  «намерены  участвовать  более  100 
зарубежных компаний, общий инвестиционный 
портфель  составит  более  6  трлн.  тенге  (26,7 
млрд. евро), доля Казахстана – 15 %» [2[. 
Формирование  эффективной  системы 
стратегического 
управления 
рыночной 
деятельностью любой организации, основанной 
на комплексном изучении и анализе состояния 
маркетинговой среды организации – актуальная 
проблема современного бизнеса. 
Поэтому  изучение  и  описание  основных 
факторов  внутренней  среды  вуза  является 
актуальной 
темой 
исследования 
для 
последующего  выбора,  реализации,  оценки  и 
контроля её высшим руководством собственной 
стратегии развития.
Цель  научного  исследования  -  на  основе 
полного  анализа  документации  вуза  за 
последние  годы,  изучить  и  описать  состояние 
основных  факторов  внутренней  среды  ЗКАТУ 
имени Жангир хана и разработать предложения 
производству по её улучшению. 
Научная  работа  выполняется  в  рамках 
НИР  кафедры  экономики  и  менеджмента 
«Воспроизводство 
интеллектуального 
потенциала  реального  сектора  экономики 
в  условиях  интеграционных  процессов: 
региональный  аспект»  (№  госрегистрации 
0115РК00038).
Задача данной научной статьи заключается 
в  изучении  и  обобщении  необходимости 
выполнения 
теоретических 
предпосылок 
стратегического  анализа  внутренней  среды 
ЗКАТУ  им.  Жангир  хана  за  последние  годы, 
маркетинговая информация которого является 
базисом  для  стратегического  управления  ее 
многогранной инновационной образовательной 
и научной деятельности.
Организация  –  как  сложная  и  открытая 
социотехническая  система  функционирует  в 
постоянно  меняющихся  условиях  внешней  и 
внутренней маркетинговой среды. 
Чтобы  выжить  и  обеспечить  выполнение 
поставленных  целей  она  должна  знать  и 
постоянно изучать свою среду.
Согласно 
исследованиям 
декана 
экономического 
факультета 
Московского 
государственного  университета  имени  М.  В. 
Ломоносова  академика  О.  С.  Виханского,  в 
структуре процесса стратегического управления 
«анализ  среды  обычно  считается  исходным 
процессом  стратегического  маркетинга,  т.к.  он 
обеспечивает как базу для определения миссии 

44
МЕНЕДЖМЕНТ В ОБРАЗОВАНИИ № 3,  2016 г. 
и целей фирмы, так и для выработки стратегий 
поведения,  позволяющих  фирме  осуществить 
миссию и достичь своих целей. 
Наиболее полный анализ среды предприятия 
предполагает изучение трех основных частей: 
1) макроокружения; 
2) непосредственного окружения; 
3) внутренней среды» [3]. 
Несмотря  на  все  возрастающее  значение 
в  развитии  организации  внешних  факторов, 
по  утверждению  профессора  Казахского 
экономического  университета  А.  Е.  Дощанова, 
«….именно  основные  факторы  внутренней 
среды  являются  определяющими,  источником 
ее жизненной силы» [4]. 
В  результате  научных  исследований 
внутренняя  среда  современной  организации  – 
это:
1) та часть общей среды, которая находится 
в пределах организации или предприятия [3];
2)  ее  внутренние  элементы,  подсистемы 
и  процессы,  которые  влияют  на  ее  потенциал, 
конкурентоспособность, 
способность 
развиваться [5];
3)  часть  общей  маркетинговой  среды, 
которая  находится  внутри  предприятия  и 
контролируется им [6];
4)  все  ее  составляющие  элементы,  связи  и 
отношения между ними по поводу производства 
продукции, услуг и управления [7]; 
5)  совокупность  ее  внутренних  элементов, 
объектов, 
процессов, 
так 
называемых 
внутренних  переменных,  придающих  ей 
специфическое лицо [8];
6) её микросреда, т.е. совокупность активных 
сил, имеющих
непосредственное  отношение  к  данному 
предприятию [9].
Обобщая  изложенные  выше  различные 
формулировки  внутренней  среды  проф.  О.С. 
Виханский  отмечает,  «что  внутренняя  среда  в 
процессе маркетинговых исследований должна 
анализироваться  по  следующим  элементам
состояние  которых  определяет  потенциал 
организации» [3[:
1. Персонал 
- потенциал, квалификация; 
- подбор, обучение и продвижение; 

оценка 
результатов 
труда 
и 
стимулирование; 
- создание и поддержание отношений между 
сотрудниками.
2. Организация управления
- коммуникационные процессы; 
- организационные структуры; 
- нормы, правила, процедуры; 
- распределение прав и ответственности; 
- иерархия подчинения.
3. Производство 
- изготовление продукта; 
- снабжение и ведение складского хозяйства; 
- обслуживание технологического парка; 
- организация НИОКР.
4. Маркетинг 
- стратегия продукта; 
- стратегия ценообразования; 
-  стратегия  продвижения  продукта  на 
рынке; 
-  выбор  рынков  сбыта  и  систем 
распределения.
5. Финансы 
- поддержание ликвидности; 
- обеспечение прибыльности;
- создание инвестиционных возможностей.
6. Организационная культура 
- внутренние нормы; 
- убеждения; 
- традиции; 
- ценности; 
- правила поведения; 
- управления в организации.
  Внутреннюю  среду  составляют  интересы 
руководителей, 
производственников, 
работников  служб  маркетинга,  финансов  и 
снабжения внутри организации. 
Если  действия  различных  служб  не 
охвачены  единой  маркетинговой  стратегией, 
может  возникнуть  эффект  «лебедя,  рака  и 
щуки», когда службы организации окажутся не 
заинтересованными в реализации общих целей 
стратегии, а именно [6[ 
- разработчики продукции стремятся лишь 
к  созданию  наиболее  экономичных  моделей, 
иногда в ущерб положению товаров на рынке;
-  снабженцы  закупают  дешевые,  но  не 
совсем  качественные  материалы  и  сырье  для 
обработки;
-  производственники  заинтересованы 
в  снижении  затрат  труда  и  не  думают  о 
необходимости улучшения качества товара;
-  финансисты  постоянно  экономят  на 
рекламе,  считая  эти  деньги  «выкинутыми  на 
ветер»;
- руководители же поглощены ежедневной 
текучкой  и  не  представляют  рыночных 
перспектив.
Подобной  ситуации  можно  избежать 
путем  повышения  организационной  культуры 
предприятия. 
В 
условиях 
диктата 
руководства 

45
БІЛІМ БЕРУДЕГІ МЕНЕДЖМЕНТ № 3,  2016 г. 
и 
подавлении 
личности 
на 
основе 
административных рычагов развитие компании 
останавливается, а персонал деградирует, теряя 
квалификацию и моральные ценности.
Постоянное 
и 
грубое 
подавление 
личности  человека  в  организациях  широко 
распространено в мире. 
М.  Кетс  де  Врие  определил  тип  связи 
культуры  организации  и  личности  ее 
руководителя. 
По  его  мнению,  руководители  часто 
переносят  на  организации  свои  личностные 
патологии. 
В  результате  возникают  дефектные  типы 
отечественных и зарубежных организаций [10]:
1. Драматические 
-  руководители  страдают  манией  величия, 
требуют от подчиненных постоянно восхвалять 
его достижения, даже когда их нет; 
2. Принуждающие 
-  царит  недоверие  между  руководителями 
и  подчиненными,  бюрократия,  формальные 
средства  управления,  сфокусированность  на 
мелочах  и  рутинных  процедурах,  основанные 
на  власти  бюрократии,  рутина,  лесть  перед 
вышестоящими  работниками  и  одновременно 
деспотизм по отношению к подчиненным; 
3. Мнительные 
-  работают  на  взаимном  недоверии  и 
сомнениях;
4. Параноидальные 
-  постоянное  подозрение,  враждебность, 
страх;
5. Бесстрастные 
-  основанные  на  отчуждении,  безразличии 
друг  к  другу  и  организации,  эмоционально 
обедненные;
6. Депрессивные 
-  совершенно  нет  надежд  на  улучшение, 
царят беспомощность и безнадежность.
В учебнике профессора кафедры управления 
и  планирования  социально-экономических 
процессов  Санкт-Петербургского  госунивер- 
ситета,  академика  Ю.А.  Маленкова  отмечается, 
что «типы организационных культур во многом 
определяются  характером  мышления  их 
руководителей. 
Если 
руководитель 
придерживается 
позитивных ценностей, то это распространяется 
и на других сотрудников. 
Позитивный руководитель – открыт, прост 
и  легок  в  общении,  не  подчеркивает  свое 
должностное  превосходство,  чтобы  принизить 
других  сотрудников,  объективен,  честен, 
дорожит своим словом, терпим, не злопамятен, 
обладает  высоким  уровнем  квалификации, 
осуществляет  кадровую  политику  исходя 
из  интересов  организации  и  опирается 
на  экспертную  власть,  легко  переходит 
к  разделению  властных  полномочий  с 
подчиненными, но при необходимости решения 
сложных  проблем  проявляет  твердость  и 
настойчивость,  развивает  децентрализацию 
и  самоорганизацию,  стремится  к  повышению 
культуры во всех направлениях деятельности» 
[5].
Цель изучения и анализа внутренней среды 
организации  –  уяснение  её  сильных  и  слабых 
сторон. 
Сильные стороны служат базой, на которую 
организация опирается в конкурентной борьбе 
и которую ему следует расширять и укреплять, 
а от слабых - оно должно стараться избавиться.
Таким образом, формирование эффективной 
системы стратегического управления рыночной 
деятельностью любой организации, основанной 
на комплексном изучении и анализе состояния 
маркетинговой среды организации – актуальная 
проблема современного бизнеса. 
Поэтому  изучение,  анализ  и  описание 
основных  факторов  внутренней  среды  вуза 
–  имеет  важное  значение  для  последующего 
выбора,  реализации,  оценки  и  контроля  её 
высшим  руководством  собственной  стратегии 
развития.
Маркетинговая  стратегия  предполагает 
анализировать  внутреннюю  среду  вуза  по 
следующим  основным  шести  факторам 

персонал, 
организация 
управления, 
производство, 
маркетинг, 
финансы, 
организационная культура - состояние и уровень 
развития  которых  на  момент  выполнения 
стратегического анализа определяют потенциал 
университета. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет