Министерство образования и науки республики казахстан



Pdf көрінісі
бет66/90
Дата22.12.2016
өлшемі15,08 Mb.
#127
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   90

 

1. Педагогика.  Алматы. «Қазақ университеті» 2006. Ауд. Г.К. Ахметова Ш.Т.Таубаева. 

2. Педагогика. Дарын -Алматы -2004. Әбиев Ж.Ә. Бабаев С.Б. Кудияров А.М. 

3. Ушинский К.Д. Собр. cоч в II тома 1950. т. 2.с. 500 

4. Махмутов М.И. Современный урок М. 1985. 

 

Резюме



 

В статье рассматривается особенности структуры занятии при формировании личности. 

 

This article covers featuves of classes structure during the formation of individual. 



 

 

 

ТЕСТ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ

 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН

 

 



Сағындықова Мереке,

 аға оқытушы 

ҚК Академиясы мемлекеттік тіл кафедрасы  

 Алматы қ., Қазақстан 

 

ХХІ  ғасыр  –  ақпараттық  технологиялар  заманы.  Елбасы  Н.Назарбаев  инновациялық 

білім  беру  жүйесін  дамыту  мәселесін  жиі  көтеріп  жүр.  Сондықтан  да  «Қазақстан 

Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған    мемлекеттік 

бағдарламасында»  электрондық  оқулықтарды  енгізу  мәселелеріне  айрықша  мән  берілген. 

«Кең  жолақты  Интернетке  қосылу,  электрондық  білім  беру  жүйесін  жабдықтармен 

қамтамасыз  ету  және  жеткізушілердің  қызмет  көрсетулерін  таңдау  мемлекеттік  сатып  алу 

саласындағы  Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңнамасына  сәйкес  жүргізілетін 

болады»  [1,5].  Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық  технологиямен  байланысты  әлемдік 

стандартқа сай инновациялық білім беру жүйесін дамыту қажеттігі өзекті мәселе болып тұр. 

Ал  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында,  «оқытудың  жаңа 

технологияларын,  оның  ішінде  кәсіптік  білім  беру  бағдарламаларының  қоғам  мен  еңбек 

нарығының 

өзгеріп 


огтыратын 

қажеттеріне 

тез 

бейімделуіне 



ықпал 

ететін,кредиттік,қашықтан  оқыту,  ақпараттық-  коммуникациялық  техноглогияларды  енгізу 

жіне тиімді пайдалану» қажеттігі  айтылған [2, 4]. 

Мемлекеттік  тілді  оқытуда  инновациялық  технологиялар  кеңінен  қолданылып,  жақсы 

нәтиже беруде. Атап айтсақ, оларды қолдану - білім алушылардың өз бетімен қажет ақпарат 

алу  мақсатында  ізденуіне,  тілге  деген  қызығушылықтарының  артуына,  шығармашылық 

қабілеттернің дамуына  жағдай жасайды.Осы  мәселеге қатысты бірқатар зерттеу жұмыстары 

да  жазылды.  Ә.Досмаханованың  «Қазақ  тілін  мультимедиалық  бағдарлама  арқылы  оқыту 

әдістемесі» [3], Г.Ниязованың «Ақпараттық – коммуникативтік технологияларды пайдалану 

–  кәсіптік  білім  мамандығы  студенттерінің  кәсіби  құзырлылығын  қалыптастырудың 

маңызды  элементі»  [4]  атты  диссертациялық  зерттеу  жұмыстарын  айтуға  болады.                           

Ә.  Досмаханованың  пікірінше,  «компьютердің  техникалық  қуаты  мен  компьютерлік  оқыту 

бағдарламаларының  өзіндік  ерекшеліктері  оқу  үдерісінде  атқара  алатын  қызметтерін 

анықтайды» [3, 16-19]. 

Қазіргі  кезде  инновациялық    технологияларды  жан-жақты  қолдану  мемлекеттік  тілді  

жаңаша  оқытудың    тиімді  жолдарының  бірі  екендігі  сөзсіз.  Сонымен  қатар,жаңа 

технологияларды  компьютер  арқылы  тестілеу  және  бақылау  жұмыстарын  ұйымдастыру 

барысында пайдалану мүкіндігі туындап отыр. 



 

466 


Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2008  жылғы  11  қыркүйектегі  №835  қаулысы 

бойынша  Қазақстан  Республикасында  азаматтардың  қазақ  тілін  меңгеру  деңгейін  бағалауға 

арналған ҚАЗТЕСТ жүйесін қолданысқа енгізу мен дамыту тұжырымдамасы мақұлданды.  

«Аталған  ҚАЗТЕСТ  жүйесі  әлемдік  тәжірибеде  танымал  тілдік  білімді  бағалаудың 

TOEFL,  DALF/DELF,  IELTS,  DSH,  TOMER,  CELI,  DELE,  ТРКИ  және  т.б.  сол  сияқты 

халықаралық  стандарттарға  сәйкес  жасалған.  ҚАЗТЕСТ  жүйесінің  аталған  халықаралық 

жүйелерден  айырмашылығы жүйе шет  ел  азаматтарымен  қоса  Қазақстан  азаматтарының  да 

қазақ  тілін  меңгеру  деңгейін  бағалауға  арналған  жүйе  болып  табылады.  ҚАЗТЕСТ  жүйесі 

бойынша  2006  жылдан  бері  тіл  меңгерудің  деңгейлері  сәйкес  тест  тапсырмаларын 

қалыптастырылуда, түрлі мақсатты топтарда байқау сынақтары өткізілді.  

ҚАЗТЕСТ  жүйесінің  негізгі  мақсаты  –  қазақ  тілі  бойынша  тілдік  білімді  бағалау. 

Бағалау – күрделі педагогикалық категория, ол бірнеше деңгейді қамтиды: деңгейлік бағалау, 

жалпы  бағалау  және  қатынас  құралы  ретіндегі  тілдік  меңгерімді  кәсіби  біліктілік  талабы 

бойынша бағалау» [5,4].  

Біздің  жоғары  оқу  орнымызда    инновациялық  технологиялардың  негізгі  құралдарына 

кафедра  оқытушылары  тарапынан  дайындалған  компьютерлік  оқу  құралдары,  электронды 

оқулықтар,  интерактивті  тақталар,  интернет    жатады.  Ақпараттық  технологияларды 

пайдалану қазіргі заман талабына сай, бәсекеге қабілетті тұлға дайындаудың маңызды шарты 

болып табылады.  

«Оқыту технологиясын дәстүрлі және инновациялық технология деп бөледі. Инновация 

–  жаңа  білім  негізінде  жаңа  қажеттілікті  қанағаттандыруға  бағытталған  әрекет. 

Инновациялық технологияның бірі - тест тапсырмалары  арқылы оқыту» [6,1]. 

Тест  –  білім  деңгейін  анықтаудың  бір  жолы.  «Тest»  ағылшынның  тексеру  деген  сөзі. 

Белгілі  тестолог-ғалым  С.  Аванесов  тестілеудің  технологиялық  әдістемесі  дұрыс  жауап  пен 

қате жауап арасындағы айырмашылықты дәл және жылдам ажыратуға бағытталғандығымен 

тиімді  екендігі  туралы  айтып,тест  тапсырмаларының  төрт  түрін  ұсынады:  1)  бір  дұрыс 

жауапты  таңдау;  2)  бірнеше  дұрыс  жауапты  таңдау;  3)  ашық  тапсырма;  4)  сәйкесін  табуға 

арналған тапсырма [7, 24 ]. 

«Қазақ тілі: тестілеу теориясы мен практикасы» атты оқулық авторларының бірі – белгілі 

ғалым  З.  Күзекова  тестінің  тіл  үйренушіге  және  бағалаушыға  қалай  көмектесетінін  былай  деп 

тұжырымдайды: «Тест бағаланушыға да бағалаушыға да көмектеседі, яғни тестілер қол жеткен 

прогресті  растайды  және  болашақ  жұмысымызды    жақсы  жақтарға  бұруға,  ілгерілеуге 

бағыттайды»  [8,  12-18].  Ғалым  «тест  түріндегі  бақылау  ұстанымдары  -  педагогикалық 

практиканың  теориялық  қорытындысы,  практикалық  әрекеттен  туындап,  объективті  сипатта 

болатыны,тестілеуді  жүзеге  асыру  әдістемесіне,  ұйымдастыруына,  мазмұнына  қойылатын 

талаптар  және  ұстанымдардың  негізгі  мақсаты-  қазақ  тілін  меңгеру  сапасын  көтеру  және 

бақылаудың неғұрлым тиімділігіне жету екендігі туралы айтады» [8, 23]. 

Кафедра  оқытушылары  тарапынан  компьютерде  орындау  үшін  дайындалған    оқу 

құралдарының 

барлығы 


тақырып 

бойынша 


білім 

деңгейін 

бағалайтын 

тест  


тапсырмаларымен  қамтылған.  Оларды  үш  топқа  бөлуге  болады.  Бірінші  топқа 

лингвоелтаным  материалдары,екінші  топқа  -  Қазақстан  және    әлемдік  қауымдастық 

тақырыбының,  үшінші  топқа-кәсіби  бағыттағы  материалдар  жатады.Оқу  үдерісіне 

инновациялық  технологияларды  енгізу  арқылы    тіл  үйренушілердің  аталған  тақырыптар 

бойынша  кәсіби  сөйлеу  іскерліктері  мен  дағдыларының  қалыптасып,  одан  әрі  дамытылу 

мақсаты көзделеді.Ал тест тапсырмалары барысында қолданылатын әдіс түрлерін зерттеуші-

ғалым Қ.Қамзаева төмендегідей топтарға бөліп қарастырады: 

- «дәстүрлі  проблемалық әдіс: алынған шешімдер мен нәтижелерді бір жүйеге түсіріп, 

оларды қолдану жолдарын анықтау көзделеді. 

-  әңгіме  әдісі:(еске  түсіретін):  меңгеруге  тиісті  материалдардың  түйінді  мәселелерін 

оқушылардың өзі ашатындай жағдай тудыру қажет. 

-  байқау  әдісі:  мысалы,  сөз  тіркестерін  жазуда  да,  сөйлеуде  де  дұрыс  қолдана    білу 

үшін, оның мағынасы мен формаларын білудің міндет екенін аңғару» [9, 2]. 


 

467 


Ендігі  кезекте  білім  деңгейін  бақылауға  арналған  MiniТest-SL  бағдарламысын 

қолданып,  тест  тапсымаларын  дайындау  тәжірибемізді  ортаға  салмақпыз.  Аталмыш 

бағдарламаға  тоқталатын  болсақ,  мұнда  отызға  жуық  мүмкіндіктер  бар  екендігі 

анықталды.Солардың кейбіреуін қарастырайық. 

1.  Тест  тақырыптарының  көп  болуы.  Мысалы,  межелік  бақылауда  орындалатын 

жұмысты  ұйымдастыру  барысында,  семестр  бойы  өтілген  материалдарды  тест  арқылы 

тексеруге болады. 

2.  Тақырып  бойынша  сұрақтар  санының шектелмеуі.Әдетте  сұрақтар саны  елуден  кем 

болмайды. 

3. Сұрақтарда сурет мен қатар бейнематериалдардың болуы. Мысалы, «Қазақстан және 

әлемдік қауымдастық» тақырыбы бойынша дайындалған слайд- шоулардың қолданылуы. 

4. Сұрақтарды дыбыстық сүйемелдеумен беру мүмкіндігі. 

5. Жауап беру уақытын шектеу мүмкіндігі. 

6.  Сұрақтарға  кез-келген  ретте  жауап  беру  мүмкіндігі.  Бұл  арқылы  білім  алушы  өз 

уықытын үнемдей алады. 

7. Жауап бере алмаған сұраққа қайта оралу мүмкіндігі. 

8.  Сұрақтардың  берілу  тәртібін  өзгерту  мүмкіндігі.  Бұл  тәсіл  арқылы  тест 

тапсырмаларының бірнеше нұсқасын дайындауға болады. 

9. Жауаптарды «дұрыс», «дұрыс емес» деп топтастыру мүмкіндігі. 

10. Жауапқа жұмсалған уақытты есептеу мүмкіндігі (секунд). 

11. Тестілеуді ашық және жабық түрде өткізу мүмкіндігі. 

12. Жауаптарды мәліметтер базасында сақтап  қою мүмкіндігі. Бұл жерде тіл үйренуші 

өзін -өзі тексере алады. 

Бұл  бағдарлама  жоғарыда  аталған  мүмкіндіктермен  шектеліп  қалмайды.  Бағдарлама 

бойынша тестілеуді ұйымдастыру үшін оқытушы тест тапсырмаларының орындалу уақытын, 

сұрақтар  санын  және  бағалау    өлшемдерін  (пайыздық  көрсеткіште)  белгілеп  алуы  тиіс. 

Оқытушыға  тест  тапсырмаларының    бір  ғана  нұсқасын  дайындау  жеткілікті,  себебі  басқа 

нұсқаларын бағдарлама бойынша компьютер өзі дайындайды. Тест тапсырмаларын орындар 

алдында  тіл  үйренуші  өзінің  аты-жөнін  компьютерге  енгізу  арқылы  тіркеледі.  Аралық 

бақылау  үшін  компьютер  бір  тақырып  төңірегінде  ғана  сұрақтарды  ұсынады,  ал  межелік 

бақылауда өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады. 

Аталған  бағдарлама  бойынша  дайындалған  тест  тапсырмалары  «Терроризмге  қарсы 

күрес»  тақырыбын  қайталау  барысында  қолданылды.  Тест  тапсырмалары  елу  лексика-

грамматикалық  сұрақтардан  тұрады.  Мұнда  Қазақстан  Республикасының  «Терроризмге 

қарсы күрес туралы», «Экстремизмге қарсы іс- қимыл туралы» Заңдары мен БАҚ, Интернет 

материалдары  қамтылған.  Төменде  аталған  тақырып  бойынша  жүргізілген  тест 

тапсырмаларының  кейбір үлгілерін ұсынылады: 

1. «Терроризм» сөзі  қай  тілден  енген? 

а) неміс 

ә) француз 

б) ағылшын 



2. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңыз. 

Терроризмнің таралуына ... әсері көп. 

а) қаржы дағдарысының 

ә) заңсыз көші- қонның 

б) экономикалық тұрақтылықтың 

3. Тақырыптық  лексиканы  табыңыз. 

 а) жиналыс өткізу, қызмет көрсету, бейбіт шеру 

 ә) жарылыс жасау, үрей туғызу, жаппай қырып- жою 

 б) жарыс өткізу, баянат жазу, сыйлық алу 



4. «Экстремизм»  сөзі  нені  білдіреді? 

а) сыбайлас  жемқорлықты 



 

468 


ә) ұйымдасқан  қылмысты 

б) шектен шығуды  



5. «Жанкешті» сөзінің  дұрыс  баламасын  табыңыз. 

а) смертник 

ә) боевик 

б) преступник 

    6. Терроризм ұғымына  жататын  сөздер қатарын белгілеңіз. 

а) пара алу, есірткі тасымалдау 

ә) қару сату, шекараны қорғау 

б) жарылыс жасау, кепілдікке адам алу 



7.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңыз. 

Терроризм адам құқықтарын...  . 

а) құрметтейді 

ә) аяққа басады 

б) қамтамсыз етеді 

8. Сөйлемді  толықтырыңыз.          

Қазақстан Республикасында  терроризмге қарсы күрестің мақсаты-  

а) жеке адамды, қоғамды және мемлекетті терроризмнен қорғау  

ә) шетел арнайы қызметінің барлау- бүлдіру әрекетіне қарсы тұру 

б) арнайы құралдар арқылы  ақпарат алу 

9. Сұрақтың дұрыс  жауабы берілген қатарды белгілеңіз. 

Ұйымды экстремистік деп тану  қалай жүзеге асырылады? 

а) дауыс беру үшін 

ә) сот тәртібімен  

б) тәркілеуден соң   

10. Етістік шағының  тиісті нысанын таңдаңыз. 

Экстремизмді жүзеге асырған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарының қызметі  ... 

а) тоқтатылады  немесе оған тыйым салынады 

ә) айыппұл белгіленді 

б) қатаң бақылауға алынған  

11. Сұрақтың  дұрыс жауабын белгілеңіз. 

Экстремистік мақсатқа  не жатады? 

а) ҚР конституциялық  құрылысын  күштеп  өзгерту 

ә) жарылыс жасау 

б) шерулер өткізу 

Қорыта  айтқанда,  тіл  үйренушілердің  мемлекеттік  тілден  алған  білімі,  іскерлік 

дағдалырының қалыптасу деңгейін анықтаудың бір жолы ретіндегі тестілеу технологиясы – 

ақпаратты  жинау,  сақтау  және  өңдеу  үшін  бір  технологиялық  тізбекте  біріктірілген  әдістер 

жиынтығы. 

Білім  берудің  осындай  озық  технологияларын  меңгеріп,  оқу  үдерісінде  тиімділікпен 

пайдалану  мемлекеттік  стандарттың  жаңа  талаптарына  сай  келетін,  сапалық  жағынан  жаңа 

типті,  бәсекеге қабілетті, сауатты,  кәсіби білікті маман дайындауды қамтамасыз етеді. 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 



 

1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020     жылдарға арналған  

мемлекеттік бағдарламасы/Егемен Қазақстан, 2010     жылғы 14 желтоқсан. 

2. Қазақстан Республикасының  «Білім  туралы»  Заңы/Егемен Қазақстан,    2007 жылғы 

27 шілде. 

3.  Досмаханова  Ә.  Қазақ  тілін  мультимедиалық  бағдарлама  арқылы  оқыту  әдістемесі. 

Алматы, 2008. 16-18 бб. 


 

469 


4.  Ниязова  Г.  Ақпараттық  –  коммуникативтік  технологияларды  пайдалану  –  кәсіптік 

білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі. 

Алматы, 2008. 82-85 бб. 

5. ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасы, Қазақстан  

Республикасы  Үкіметінің  2008  жылғы  11  қыркүйектегі  №  835  қаулысымен 

мақұлданған. Астана, 2008.  



 

Резюме

 

В  статье  рассматривается  опыт  использования  инновационных  технологий  при 

организации тестирования. 

 

The  article  deals  with  the    problems  of  using  innovational  technologies  in  organizing  of  



testing. 

 

 



 

ТІЛ МЕН МӘДЕНИЕТ САБАҚТАСТЫҒЫ

 

 

Сембаева А.Ғ.

 

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің 

Тіл теориясы және  оқыту әдістемесі  кафедрасының доценті 

 

Тіл  мен  мәдениет  бірі  –бірі  тілі  білімнің,  екінші  мәдениеттану  ғылымының  зерттеу 

нысаны  болғанымен  бір-бірімен  тығыз  байланысты  екендігі  белгілі.  Мәдениет    сонымен 

қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы, мәдениет философиясын 

қамтиды. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді \материалдық, әлеуметтік, 

саяси,  адамгершілік,  көркемдік  т.б.\  барынша  қамтып,  мәдениет  дамуының  жалпы 

заңдылықтарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір – біріне этно - әлеуметтік, саяси 

моральдық, 

ғылыми, 

көркемдік 

және 

тарихи 


сипаттамаларымен, 

жағдайларымен 

ерекшеленетін  түрлі  мәдениет  түрлерінің  өзара  байланыстарымен,  тәуелділіктерімен 

зерттейді. 

      

Тіл  –  мәдениеттің  қайнар  көзі.  Өйткені  ол  мәдениеттің  құрастырушы  бір  бөлігі, 



сонымен  қатар,  тіл  мәдениетті  танытудағы  негізгі  құрал,  себебі  біз  ол  арқылы  мәдениетті 

меңгереміз.  Тіл  мәдениеттің  жалпы  сипатын  танытады.  Негізгі  ақпаратты  сақтайды, 

жинақтайды,  таратады.  Осыған  байланысты  тіл  әрбір  этникалық  қоғамдастықта  этностың 

мәдени  ерекшелігін  танытатын  фактор  ретінде,  мәдениеттің  тіл  арқылы  ұрпақтан  ұрпаққа 

жетуін  қамтамасыз  етеді.  Осылайша,  ұлтты  бір  тұтастырып,  бүтіндігін  сақтайды.  Мәдениет 

арқылы  тілімізде  этномәдени  ақпараттар  қалыптасады.  Олар  рухани  мәдениет  және 

материалдық  мәдениет  формасында  таралады.  Қандай  да  болмасын  заттың  атауы  оны  тек 

атап  қана  қоймай,  сонымен  бірге  оны  танытады.  Лингвомәдениеттанымдық  тұрғыдан 

алғанда, тіл тек қарым-қатынас және танымдық қызмет атқаратын құрал ғана емес, сондай-ақ 

ұғым – тіл – мәдениет жиынтығынан құралатын, тұтас дүние жөніндегі мол мағлұмат беретін 

ұлттық  мәдени    код,  қор,  мәдени  ақпарат  көзі  ретінде  танылады.  Адамға  рухани, 

интеллектуалдық  әлеуметтік  мүмкіндіктерден  туындайтын  аса  мол  алуан  түрлі  ақпарат  тілдік 

арналар  арқылы  беріледі.  Санадағы  бұл  ақпараттар  концепт  немесе  ұғым  арқылы  түйінделеді. 

Ұғым  белгілі  бір  объектінің  ең  мәнді  белгілерін  көрсететін  сананың  нәтижесі  болса,  концепт 

объектінің ең мәнді белгілерімен қатар, мәнді емес белгілерін де қамтиды екен.  

Тіл  мен  мәдениет  екі  түрлі    семиотикалық  жүйеде  танылғанымен,  бір  бірін 

толықтыратын,  өзара  тығыз  байланысты  тұтас  жүйе.  Мәдениет  –  қоғамдық  фактор,  оның 

мәдени  тұғырға  көтерілуіне  әлеуметтік  фактордың  ықпалы  зор.  Өйткені  бір  этностың 

мәдениеті  екінші  этносқа  оның  тілдік  таңбалары  арқылы  баяндалады.  Демек,  кез  келген 

ұлттық тілдің сырын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның 



 

470 


түпті тамыры сол тілде сөйлеуші этностың сан ғасырлық жүріп өткен тарихымен, күнделікті 

өмірде орныққан мәдениетімен, ой танымымен тікелей байланысты. Көркем мәтін – ұлттық 

бітім-болмысты,  ұлттық  психологияны,  ұлттың  дүниетанымы  мен  оның  өмір  сүру 

тәжірибесін,  ұлттық  салт-дәстүр  мен  наным-сенімін  таныстыратын  біртұтас  дүние.  Көркем 

мәтін  -    ұлттық  мәдениеттің  тілдік  көрінісі,  айнасы.  Сондықтан  әрбір  көркем  шығарманың 

бойынан сол ұлт туралы материалдық та рухани да мәдениет негізін тануға болады. 

Тіл  –  бүкілхалықтық    түсінік.    Ол    - ойды   жеткізуші    құрал,    амал    мен   тәсіл.    Тіл  - 

ұлттың  жаны. Тіл  идеяның,  сезімнің,  ойдың  жасампаз  көрінісі.  Халықтың  тіліне  қиянат  

жасау – оның  жүрегін  жаралау.  Тілін   білмеген  түбін  білмейді.  Өз  тілінен  айырылған   

халық  мінезінен  де  айырылады.   

Тілді  мамандар  ойлап  тапқан  жоқ.,  оны  халықтың  өзі  жаратты.  Тілдік  байлығы,  

сөздік    қорының    өсу    немесе    кемуі    әрбір    елдің    шаруашылығы    мен    саяси  –  мәдени  

дамуына,  өркендеуіне  тікелей  байланысты. Алайда әр  тілдің  дамуының  өз  заңдылықтары  

бар.    Мысалы,    көшпенді    халық    пен    отырықшы    халықтардың    арасындағы    тілдік  

ерекшеліктердің  бары  айқын  байқалады.             

Тілдің    табиғаты,    тіл    мен    жазудың    пайда    болуы  –  адамзат    тарихында    сыры  

ашылмаған    құпия.    Ертеде    тарихта    болған   халықтардың    тілдері    мен    ежелден    жеткен  

жазулардың    жасырынып    жатқан    сырлары,    оның    ішінде    қазақ    даласында    ғажайып  

өркениет    үлгілерін    қалдырған    бабаларымыздың    да    көне    тілі    мен    қолданған    жазуы  

адамзат  мәдениетіндегі  ерекше  құбылыс. «Руналық» аталып  кеткен  жазудың  сыры  мен  

көне  адамзат  тілінің  болмысы  кез – келген  адамды  қызықтырары  аян.  Шексіз  уақыт  пен  

кеңестікте    өмір    сүріп    жатқан    адамзат    тарихының    негізгі    мазмұны  –  қырғын  

соғыстардан,    әділетсіз    қауымдағы    қақтығыстардан,    тіршілік    пен    табиғатқа    қарсы  

жұмсалған  ғылым  мен  техниканың  шексіз   дамуынан  ғана  тұрмаса  керек.  Адамзаттың  

сенім  артатын  соңғы  үміті – адамның  рухани  мәдениетінің  қалыптасуы.  Тіл  мен  жазу  

кез  –  келген    халықтың    рухани    мәдениетін    айқындайтын    құбылыс.    Өркениет    пен  

мәдениеттің  негізі  болған  тілдің  адамзат  тарихындағы  маңызы  өлшеусіз.  Жер  бетінде  

тілсіз    жазылған    тарих    немесе    тарихы    жоқ    тіл    мен    ұлт    жоқ    шығар.    Сондықтан    да  

қазақтың    ұлттық    рухани    мәдениетінің    байлығын,    өзіндік    ерекшелігін    тану    үшін,  

мыңдаған  ғасырлардан  жеткен  қазақ  тілінің  тарихына  тереңдеп  үңілудің  маңызы  зор.   

Филология    ғылымы    философиядан    бастау    алып,    сан    салаға    жіктеле    дамып,  

адамзат  мәдениетін  зерттеуге  үлес  қосуда.  Қазақ  тілі  білімі  де,  бір  кезде үнді,  қытай,  

араб,  грек  грамматикаларынан  басталатын,  кейін  батыстық  үлгіде  қалыптасқан  дәстүрлі  

грамматика  ізімен  жүріп  келеді.  Айтарлықтай  жетістіктері  бар,  шешілмеген  мәселелері  

де    біраз.    Олардың    көпшілігі    жалпы    ленгвистикалық    мәселелерден    туындаса,    біразы  

қазақ  халқының  саяси  тарихы  мен  тілдің  өзіндік  ерекшеліктеріне  байланысты. 

Ғасырлар  бойы    құдыретті    сый    ретінде    танылып    келген    тілдің    адам    санасының  

туындысы  екенін  қазір  тіл  ғылымы  анықтап  отыр. Тілдердің  ортақ  табиғаты  мен  негізгі  

әмбебеп  сипаты  грамматикалық  ерекшеліктерден   жоғары  бағалануы  тиіс.  Тіл – адамның  

салыстыру,    ұқсату,    абстрактылы    ой    түю    қабілеті    негізінде    қалыптасатын    күрделі  

психофизиологиялық  құбылыс  болғандықтан,  тіл  бірліктерінің  симантикасын  зерттеуде  

дәстүрлі    лингвистикалық  тәсілдермен  қатар,  логикалық  және  семантикалық  тәсілдер  де  

қолданылады [1] .   

Бүкіл    адамзатқа    ортақ    болған    тілдің  жүйесі    мен    табиғатын    түсіндіру    адам  

баласының    ежелгі    арманы.    Сондықтан    оны    тек    бір    ғана    тілдің    деректері    негізінде  

түсіндіруге  болмайды.     

Тіл  табиғатын  тануда  фонетикалық  өзгерістерді  зерттеу  әбден  шыңдалған  тәсілдің  бірі  

болып  саналады,  Бірақ  оның  да  мүмкіншілігі  шектеулі  екен.  Тіл – дыбыстар  хаосынан пайда  

болып,  аморфты  кезеңнен  жүйелілікке  өздігінен  өтеді  деген  көзқарас  бар.  Шын  мәнінде,  ол – 

адам  санасынан  туындаған  жүйелі  құбылыс.  Оның  абстрактылық  және  символдық  табиғаты  

тіл    мен    сананың    арақатынасына   ғана   тәуелді    болады.    Қазір    тіл    білімінде    фонологиялық  

өзгерістердің   қызметі  бірінші  орынға  қойылады. Сондықтан  сөз  бен  ұғымның,  ұғым  мен  

таңбаның  мағаналық  қырларына  аса  үлкен  мән  берілмейді.  Мұндай  көзқарастың  кері  ықпалы  


 

471 


тіл    табиғатын    семантикалық,    типологиялық    және    семиотикалық    тәсілдерді    қолданғанда  

айқын  сезіледі. 

Тілдің  философиясы  мен  тілдің  болмысы,  тілдік  жүйенің  құрылымы  мен  дамуы – 

күрделі,    үлкен    зерттеуді    қажет    ететін    мәселе.    Қазақ    тілі    білімінде    бұл    мәселеге  

арналған  зерттеулер  аса  көп  емес.  Кез  келген  философиялық,  лингвистикалық  зерттеу  

бұл  мәселені  айналып  өтпеген.  Әлемдік  ленгвистикада  тілдің  грамматикалық сипатымен  

қатар,  диахрониялық,  тарихи,  лингофилософиялық  зерттеулер  мол. 

Мәдениет    дегеніміз,    адамның    бүкіл    санасын    қамтитын,    қоғамдық    жүйенің  

толымды  қызметін  қамтамасыз  ететін  рухани  кампонент.  Ол  адамның  рухани  еңбегінің  

өнімі,    қоғамдық    өзгерістер    жиынтығының   маңызды    бір    бөлігі.    Біз    мәдениетті    тілден  

бөліп  қарастыра  алмамыз.  Өйткені, тіл – мәдениеттің  бір  бөлшегі.  Ал  мәдениет  пен  тіл - 

өркениеттің  бір  көрінісі. 

Кейбір    деректерге    көз    жүгіртсек    «өркениет»    түсінігі  «мәдениет»    түсінігінің  

мағанасында    ХYІІ      ғасырда  пайда  болған  екен  және  ол  ХІХ    ғасырдан    бастап,    Батыс  

елдерінде    материалдық    және    рухани    мәдениеттің    жоғарғы    сатысы  деп    түсіндірілген.    

Мәдениеттанушы    Т.  Ғабитов  осы    жоғарыдағы    ұғымдарға    мынадай    түсінік    береді: 

«Мәдениет  –  халықтың  мыңдаған   жылдар    бойындағы    шығармашылығы, онда    қауыммен  

жеке    адамның    рухани    ізденісі,    халықтың    даналығы    мен    адамгершілік    нышандары  

жинақталады....,  ал    «өркениет»,  семантикалық    жағынан  алғанда,    азаматтық    дегенді  

білдіреді, .. » [2].     

Ал  ғалым  Ғ. Есім  «өркениет» деген  ұғымға  мынадай  сипаттама   береді: «Өркениет 

– деген бір   халықтың  міндетті   түрде   жетіп   жығылатын  мәресі  ғана   емес,  ол  оның өз 

бомысының  көрінісі.  Өркениеттіліктің  мәні  оның  даралығында» [3].          

Мәдениет  –  тіл.    Тіл  –  сөз.    Сөз  –  барша    өнердің    бастауы.    Сөз    әдебиет    жасайды.  

Әдебиеттен  бүкіл  сахна  өнері  туындайды.  Спектакль,  опера  кино – барша  театр  негізі  

тілде.    Осы    және    осыларға    сабақтас    жатқан    басқа    да    өнер    салалары    қаншама  

өнерпаздардың    таланттарын    ашып,    көпке    танытады.    Өнер    саңылықтары    сол    сөзден  

бастау  алған  өнерлерден  гүл  ашып,  мәдениет  қайраткерлеріне  айналады. 

Қазақ    тілі,    еліміздің    мемлекеттік    тілі    -  Қазақстан    Республикасы    мәдениетінің  

негізі,  ұйтқысы  болып  келген,  болып  та  отыр,  бола  да  беруге  тиіс.   Тіліміз  ұлтымызды  

сақтап  тұрса,  ұлтымыз да тілімізді  өз  қуатында  сақтауға  рухани  өресінде  деп  сеніммен  

айтуға    болады.  Ұлттық    мәдениетіміздің    өрлене    түсуі    үшін    ұлттық    тіл    өміріміз    үшін  

ұлттық  тіл  өміріміздің  барлық  саласында  қолданбалы,  жанды  тілге  айналуы  қажет.  

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет