1. Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата22.12.2016
өлшемі1,21 Mb.
#158
1   2   3   4   5   6   7

ХV-ХVІІ  ғ.  Қазақстан  тарихы  бойынша  зерттеулер.  Орыс  мұрағат  материалдары. 

Саяхатшылардың жазбалары мен елшілердің есептері.  Ауызша тарих айту дәстурі. 

ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы тарихи бөлім 

ХVІІІ  ғасырдағы орыс тарихи ойының Қазақстан тарихын зерттеудегі теориялық- әдістемелік 

мәселелері.  Провиденциализмнің  рационализммен  ауысуы.  Саясаттың  идеологиялық 

қалыптары  -  еуроцентризм,  шовинизм,  қазақ  халқын  тарихи  зерттеудегі  бұрмалаушылық, 


Қазақстанды  зерттеудің  отаршылдық  мақсаты.  Қазақстандық  тақырыптың  тарих  ғылымының 

ерекше саласына айналуы, орыс шығыстануының қалыптасуы. 

Қазақ даласын зерттеу бойынша алғашқы ресейлік экспедициялар                            Г.Ф 

Миллердің, И.К.Кирилловтың еңбектері. В.Н.Татищев және қазақ халқының этногенез мәселесі 

Қазақ  халқын  оқып-  үйренудегі  П.И.Рычковтың  қызметі.  Қазақстанның  Ресейге  қосылу 

мәселесі. ІІ-ші Академиялық экспедицияның ғылыми-зерттеу еңбектері. 

XIX гғасырдағы тарихи ойдың дамуы 

Қазақ  халқының  қалыптасуы  туралы  орыс  зерттеушілерінің  еңбектері.  Қазақтардың 

этногенезі  мәселелерін  зерттеу.  Жер  аударылған  декабристердің  Қазақстанды  зерттеулері. 

Ресейдің  әскери  тарихшылары:  С.Б.  Броневский,  М.И.Веньюков.  Ресейдің  Орталық  Азияны 

жаулап алуы тарихының 53 ағымдары. М. Красовский, Г.Ф. Гене және басқалар. Қазақтардың 

өмірі туралы мәліметтердің жиналуы. А.И.Левшиннің қазақтардың тарихы бойынша еңбектері 

А.И.Левшиннің қазақтардың тарихы бойынша еңбектері. 

Орыс географиялық қоғамының қызметтік Статистикалық комитеттер. Орынбор ғылыми 

мұрағаттық  комиссиясы.  Жаратылыстану,  антропология  және  этнография  әуесқойларының 

Мәскеу қоғамының Түркістан бөлімі. Археология Әуесқойларының Түркістан үйірмесі. 

Қазақстан тарих ғылымының XIX ғ. ІІ жартысы мен XX ғ. басында дамуы. 

Қазақ ұлт зиялыларының кернеют екшдершщ тарихи кезкарастары. 



Кеңестік Қазақстан тарихнамасы 

Қазақ  ұлт  зиялыларының  1917  жылғы  қазан  төңкерісінің  мәні  мен    мазмұны  туралы 

еңбектері.    Қазақстанда  ғылыми-тарихи  орталықтар  мен  мекемелердің  пайда  болуы.    XX 

ғасырдың 20-30 жылдарындағы Түркістанның тарихи тағдыры туралы тарихи көзқарастары. 

«Қырғыз өлкесін  зерттеу бойынша қоғамның» жұмысы. Тарих ғылымы үшін мамандар 

дайындау.  Тарихи  мекемелердің  ұйымдастыру.  Ұлт  зиялыларының  большевизмнің  таптық 

бағытына  көшуі.  «Алаш»  партиясы  мен  «Алашорда»  үкіметінің    рөлі  мен  қызметінің 

бұрмаланған  еңбектердің  пайда  болуы.  Дәстүрлі  шаруашылық  бойынша  еңбектердің  мәні. 

Қазақстан  тарих  ғылымында  көшпелілерді  жаппай  ұжымдастыру  негізінде  жаппай 

отырықшыландыру туралы большевиктік тұжырымдаманың бекуі. 

Қазақстан  тарих  ғылымы  сталинизмнің  консервациясы  жылдарында  (1940-  1950-

жылдардың  ортасы).  XX  ғ.  50-  жылдардың  II  -  жартысы  1990  жылдардың  бас  кезіндегі 

Қазақстан тарихнамасы. 

Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасы 

Қазақстан  тарих  ғылымындағы  методологиялық  ізденістер.  Қазақстанда  тарихи  ойдың 

жанғыруы  бойынша  үрдісінің  басталуы  мен  барысы.  Қазақ  мемлекеттілігінің  тарихын  жаңа 

бағыт  тұрғысынан  зерттеу.    Саяси  қуғын-  сүргіннен  зардап  шеккен  қазақ  ұлт  зиялылары 

өкілдері және мемлекет қайраткерлерінің еңбектері. Қазақстандағы жаппай ұжымдастыру және 

көшпелі, жартылай көшпелі қазақ ауылдарын отырықшыландыру тарихын қайта зерттеу. Саяси 

қуғындалған  халықтарды  Қазақстанға  депортациялау  тарихын  зерттеудегі  жетістіктер.  Қазақ 

диаспорасының  тарихын  зерттеу  мәселелері  Қазақстанның  шетелдік  тарихнамасы. 

Қазақстанның  әлеуметтік-  демографиялық  жағдайы  туралы  зерттеулер.  Ежелгі  және 

ортағасырлардағы  Қазақстан  тарихын  зерттеу.  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы 

аясында  жарық  көрген  еңбектер  және  олардың  маңызы.  Отандық  тарих  және  тарихнама 

ғылымының  дамуы.  Қазақстан  тарихы  бойынша  қорытындылаушы  еңбектер.  Қазақстан 

тарихнамасы монографиялар мен оқу                  құралдары. 

Деректану теориясы.  Деректанудың теориялық және әдістемелік мәселелері 

Тарихи  деректер-  өткенді  танудың  негізі.  Тарихи  деректердің  анықтамасы.  Деректер 

туралы  жалпы  түсінік. Зерттеушінің  деректермен  жұмысының  кезңі.  Деректану  ғылымы  және 

зерттеу нысаны. 

Деректану  теориясы.  Тарихи  деректер  бейнелеу  теориясы  тұрғысынан.  Деректердегі 

объективтік  және субъективтік туралы.  Тарихи шындық  пен деректің,  дерек пен тарихшының 

диалектикалық  байланыс  механизмі.  Тарихи  дерек  ұғымы  ақпарат  теориясы  туралы  білім 

тұрғысынан. 


Методологиялық концепциялар және жүйелер қатынастары:  «тарихи 

шындық» - «тарихи дерек» - «тарихи білім». Деректану және қосалқы тарихи пәндер. 

Тарихи деректердегі ақпараттың таусылмайтындығының объективті  себептері. Деректің 

айқын (өзекті) және бүркемеленген (әлеуетті) ақпараты, мақсаты мен оны алудың әдістері. 

Тарих ғылымының деректік базасы. Тарихи деректердің классификациясы және жүйесі. 

Отандық    және  шет  елдік    деректанудағы  тарихи  деректердің  классификациясы  және 

жүйелеуі. Классификацияның алғашқыларының бірі. 

-

 



«Қалдық»  және  «мұра».  Тарихи  деректердің  түрлері    мен  типтері.  Тарихи 

деректерді сыныптаудьщ кажеттілігі мен жолдары. Тарихи деректерді типтерге және түрлерге 

бөлудің  негізгі  принциптері.  Деректерді  классификациялаудың  критерийлері.    Жазба 

деректердің  негізгі  типтері.  Жазба  деректерді  түрлік  классификациялау.  Ерекше 

(қайталанбайтын)  және  көпшілік  (қайталанатын)  деректер  және  олардың  деректік  маңызы. 

Тарихи  деректер  эволюциясы.  Деректердің  түрлік  өзгерістерге  ұшырауының  өзіндік 

ерекшеліктері. Деректердің дамуының негізгі үрдістері. 

Деректанулық  талдаудың  мақсаты  және  сатылары.  Тарихи    деректермен  жұмыс  жасау 

әдістемесі. 

Деректанулық  талдаудың  мақсаты.  Деректермен  жұмыс  істеудің  негізгі  үш  кезеңі: 

деректерді іздеу, табу, деректанулық талдау (сын), деректердегі алынған мәліметтерді ғылыми 

айналымға енгізу, оларды нақты зерттеулерде пайдалану тәсілдері. 

Деректердің  пайда  болуын  сынау.  Деректердің  сақталу  формалары  және  олардың 

деректанулық  маңызы. Деректің пайда болған уақытын анықтау. Деректің пайда болған жерін 

анықтау.  Дерек  авторын  немесе  құрастырушысын  анықтау.  Тарихи  деректің  әлеуметтік 

функциясын анықтау. 

Деректанулық талдаудағы кешенді бағыт. Синтез - деректі зерттеудегі соңғы саты. 

Отан тарихының деректері Ежелгі дәуір және ортағасырлар тарихының деректері. 

Жалпы сипаттамасы және ерекшеліктері. Эпиграфиялық ескерткіштер. Осы дәуірдің өзге 

де тарихи деректерінің типтері (заттай, жазба, лингвистикалық, ауызша).  Нарративті деректер. 

Қазақстанның    ежелгі  және  орта  ғасырлар  тарихының  деректерге  жалпы  шолу.  Деректердің 

негізгі жарияланымдары. Классификациялау мәселелері. 

Қазақстанның  жаңа  заман  тарихы  бойынша  деректер  (XVIII  г.  бас  кезі  XX  ғғ.).  Іс 

қағаздық  құжаттар.  Мерзімді  басылым  материалдары  тарихи  дерек  ретінде.  Статистикалық 

деректер. Жеке тектік құжаттар. 

Деректердің  эволюциясы.  Деректердің  негізгі  кешені.  Дерек  түрлерінің  сан  жағынан 

өсуі, түрлерінің көбеюі, жаңа топтарының және типтерінің қалыптасуы. 

Іс  қағаздық  құжаттар.  Іс  қағаздық  құжаттарды  деректанулық  сыннан  өткізудің  жалпы 

принциптері. 

Мерзімді  басылымдар  тарихи  дерек  көздері.  Оларды  классификациялау.  Мерзімді 

басылымдарды талдаудың негізгі принциптері мен проблемалары. 

Статистикалық  мәліметтер  және  олардың  түрл  ері.    Демографиялық  статистика  және 

оның деректік маңызы. Статистикалық деректерді талдаудың жолдары. 

Жеке  тектік  құжаттар  тарихи  дерек  ретінде.  Олардың  эволюциясы  және 

классификациялау,  талдау  әдітері  Хаттар,  күнделіктер,  естеліктер  және  заманхаттардың 

деректік ерекшеліктері. 

Кеңестік кезең тарихының деректері. 

Кеңестік кезең тарихының деректерінің ерекшеліктері. Кеңес өкіметінің заң шығарушы 

және  атқарушы  ұйымдарының  актілері  оларға  деректанулық  талдау  жасаудың  тәсілдері  мен 

әдістері. Мемлекеттік мекемелер және қоғамдық ұйымдардың іс жүргізу құжаттары.  Кеңестік 

іс  жүргізу  құжаттарының  эволюциясы.  Іс  жүргізу  құжаттарының  классификациясы.  Кеңес 

Одағы  коммуниста  партиясының,  қоғамдық  ұйымдардың  бағдарламалық  және  директивалық 

құжаттары.  Мерзімді  басылым  және  баспа.  Кеңестік  советтік  социалистік  республикасындағы  

маңызды мерзімді басылымдардың сипаттамасы. 1980-1990- жылдардағы мерзімді басылымдар. 

1980-жылдардың  соңы  -  1990-жылдардағы  бейресми  мерзімді  басылымдар.  Кеңестік  кезеңде 


заманхаттардың  дамуы  және  зерттелуі.  Заманхаттардың  түрлері  және  жанры.  Олардың 

толықтығына, шынайылығына, репрезентативтігіне баға беру. 

Қазақстанның  қазіргі  заман  тарихының  деректері.  Лингвистикалық,  электронды 

деректер. Кино-фото-фоно құжаттар. 

Заманауи  электронды  деректер,  олардың  пайда  болуы  және  сақталу  ерекшелктері  

пайдаланудың  тәсілдері.  Интернет  тарихи  дерек  ретінде.  Интернет-сайттардың  ерекшелктері. 

Кино,  фото,  фоно  құжаттар  және  деректік  ерекшелктері  мен  маңызы.  Кино,  фото,  фоно 

деректерің  дерек көзі  ретінде зерттеу проблемалары.  Қазіргі  кезеңнің деректері және олардың 

түрлері. Заң актілері, Іс жүргізу құжаттары және т.б. 

 

ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 



 

Негізгі: 

1.

 

Атабаев Қ. Қазақстан тарихының деректанулық негіздері. - Алматы., 2002. 



2.

 

Атабаев Қ. Деректанудың методикасы. Алматы, 2001. 



3.

 

Мұхатова  О.Х.  Тарихнама  ғылымы:  теориялық  методологиялық  негіздері  және  зерттеу 



үлгілері. Алматы «Қазақ университеті», 2009. 

4.

 



Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихының және тарихнамасына ұлттық көзқарас. – 

А., 2002. 

5.

 

Мұхатова  О.Х.  Қазақстан  тарихнамасы  пәнінің  дәріс,  семинар  сабақтарын  және  өзіндік 



жұмыстарын өткізудің әдістемелік ұсынымдары. Алматы «Қазақ университеті», 2010. 

6.

 



Ковальская С.И. Историография истории Казахстана.-Астана: Эверо, 2014.-260с. 

 

Қосыша: 



1.

 

Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі  Қазақстан тарихының дерек көзі. – Алматы., 2000. 



2.

 

Бекмаханов Е. ХIX ғасырдың 20-30 жылдарындағы Қазақстан.-  Алматы., 1992. 



3.

 

Қазақстан тарихы. Бес томдық. 1-5 томдары. – Алматы., 1996-2010. 



4.

 

Сызықова  Р.,  Қойгелиев  М.  Қадырғали  би  Қосымұлы  және  оның  жылнамалар  жинағы. 



Алматы., 1991. 

5.

 



Қозыбаев М. Ғұмырнама жанрын зерттеу мәселелері// Қазақ тарихы 1997. №4. 

6.

 



Қазақстан тарихы бойынша парсы деректемелері.  5 томдық. -  Алматы. 2005-2006 

7.

 



 Қазақстан тарихы бойынша араб деректемелері. 3- томдық. - Алматы 

8.

 



Қазақстан тарихы туралы монғол  деректемелері. 1-т. Монғолдың құпия шежіресі. - Алматы, 

2006. 


9.

 

Қазақстан  тарихы  туралы  түркі  деректемелері.  1-т.  Өтеміс  қажы.  Шыңғыс  наме.  – 



Алматы,2005. 

10.


 

Құдайберіұлы Ш. Түрік, қырғыз қазақ һәм хандар шежіресі. -  Алматы. 1991. 

 

 

ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТАРИХЫ 



 

Ежелгі Египет тарихы 

Орғалықтандырылған  жалпы  египеттік  мемлекеттің  құрылуы  және  оның  Ежелгі 

патшалық  дәуіріндегі  гүлденуі.  Ерте  патшалық  кезеңі.  Орта  және  жаңа  патшалық  дәуіріндегі 

Египет. Бірінші өтпелі кезең. Египеттіктердің гиксостармен күресі және  олардың елден қуылуы. 

Жаңа патшалық  соңындағы Египеттің құлдырауы  және әлсіреуі.  Б.з.д.  I мыңж. Египет. Елдегі 

шетелдіктер  билігі  және  саистік  қайта  өркендеу.  Египетті  ливиялықтардың  басып  алуы. 

Эфиоптар мен ассириялықтар қол астындағы Египет. 

Б.з.д.  VII-VI  ғғ.  Египеттің  экономикалық,  әлеуметтік,  саяси  және  мәдени  дамуыныңң 

негізгі процестері.  Ежелгі Египет мәдениеті. 

Ежелгі Алдыңғы Азия тарихы. Ежелгі Месопотамия. 

Географиялық  орта,    халқы.  Месопотамнядағы  мемлекеттің  қалыптасуы.  Ежелгі 


Месопотамия тарихының кезеңдері. Ежелгі Месопотамия тарихының маңызды деректері және 

тарихнамасы. 

Аккад билігіндегі Месопотамия. Кутилердің басқыншылығы және Аккадтың құлдырауы. 

Б.з.д.  II  мыңж.  Месопотамия.  Вавнлонның  күшеюі.  Касситтік  әулет  тұсындағы  Вавилон.  

Митания  мемлекеті.    Митания  патшалығын  ассириялықтардың  талқандауы.  Б.з.д.  ІІ 

мыңжылдықтың  1-ші  жартысындағы  Ассирия  қоғамы  мен  мемлекеті.  Ассириялық  және 

Жаңававилондық  державалар.  Жаңаассириялық  кезеңдегі  Ассирияның  экономикалық  және 

әскери-саяси  өсуі  III  Тиглатпаласар  реформалары  және  Ассирияның   қайта  өрлеуі.  Вавилонда 

Ассирия  билігінің  орнығуы.  Набонид  және  елді  парсылардың  жаулап  алуы.  Вавилония 

қоғамының құрылымы. 

Ежелгі Месопотамия халықтарының мәдениеті. 

Ежелгі Кіші Азия және Закавказье 

Кіші Азия: территориясы және халқы. Кіші Азияның ежелгі тарихы туралы деректер. 

Ежелгі Хетт мемлекетінің қалыптасуы. Хетт патшалығының Жаңахеттік кезеңдеп қайта 

өрлеуі. Жерорта теңізі шығыс жағалауы және Алдыңғы Азияда үстемдік  ету үшін күрес. «Теңіз 

халықтарының»  шабуылы  және  Хетт  державасының  құлауы.  Хеттер  экономикасы.  Хетт 

мәдениеті. 



Урарту және Закавказье мемлекеттері 

Урарту  мемлекеті  -  Ван  патшалығының  пайда  болуы.  Урартудың  Ассириямен  күрсеі. 

Урарту мемлекетінің құлдырауы және құлауы. Закавказьедегі Урартудан кейінгі  кезең. 

Шығыс Жерорта теңізі жағалауындағы елдер 

Ежелдегі Сирия, Финикия. Палестина. Карфаюн. Б.з.д. I мыңж. Финикия мен Сирияның 

өркендеуі  Палестина территорияеына ежелгі сирей тайпаларының басып кіруі. Б.з.д. ІІ-І мыңж. 

аралығында  Израиль-Иудей  патшалығының  құрылуы.  Оның  екі  патшалыққа:  Израиль  және  

Иудеяға бөлінуі.  Пайғамбарлық қозғалыс. 

Шығыс  Жерорта  теңіз  жағалауы  Ассирия.  Жаңа  Вавилон.  Парсы  державаларының 

билігінде. Шығыс Жерорта теңізі жағалауы халықтарының материалдық мәдениет дамуындағы 

жетістіктері. Дін және мифология. 

Солтүстік Африкадағы Карфаген және басқа да финикиялық отарлар негізінің қалануы. 

Қолданбалы ғылымдар: 

агрономия,  математика,  астрономия,  география, 

фортификаиняның ерекше дамуы. 



Ежелгі Иран мен Орта Азия 

Элам және Мидия - Иран территориясындағы ең ежелгі мемлекеттер. 

Иранның  ежелгі  тарихы  жөніндегі  деректер  және  тарихнама.  Киелі  кітаптар  жинағы 

«Авеста».  Б.з.д.  ІІІ  мыңж.  ІІ-жарт.  -  б.з.д.  ІІ  мыңж.  І-жарт.  Элам.  Мидия  тайпалық  одағы. 

Милияға Ассирияның шабуылы. Мидия қоғамы, мемлекеттік құрылымы және мәдениеті. 

Б.з.д. VI-IV ғғ. «әлемдік» Парсы державасы. Б.з.д. I мыңж. басындағы парсы тайпалары. І 

Дарийдің  билікті    басып  алуы  және  Парсы  державасының  бүтіндігінің  қалпына  келтірілуі.  

Персияның діні мен мәдениеті. Мүсін өнері, рельеф, бояулы суреттер. 

Б.з.д.  ІІІ-І  мыңж.  Орта  Азия.  Ежелгі  Бактрия  мемлекеті.  Көшпелі  сақтардың  тайпалық 

одақтары. Орта Азиядағы Парсы үстемдігіне қарсы көтеріліс. 

Кушан  державасы  және  Парфия.  Грек-Бактрия  патшалығының  құрылуы.  Парфия 

патшалығының  пайда  болуы:  әлеуметтік-экономикалық  және  саяси  құрылысы.  Парфия 

мемлекетінің және оның мәдениетінің тарихи маңызы. 

Ертедегі Оңтүстік Азия 

Ерте  дәуірдегі  Оңтүстік  Азияның  территориясы,  табиғаты  мен  халқы.  Ең  көне  (Инд) 

өркениеті.  Мохенджо-Даро  және  Хараппа.  Ганг  жазығындағы  алғашқы  мемлекеттер  (б.з.д.  II 

мыңж.  соңы-І  мыңж.  бірінші  жартысы).  Арий  мәселесі  Арийлердің  экономикасы  және 

әлеуметтік  қатынастары.  Варналар  жүйесі.  Брахмандық  дін.  Саяси  құрылымдар  -  Солтүстік 

Индияның монархиялары мен республикалары. 

Жалпы индиялық державаның пайда болуы мен ыдырауы (б.з.д. I мыңж. ІІ-ші жартысы). 

Үндістанға    грек-македондықтардың  басып  кіруі  және  олармен  күрес.  Маурилер 



империясы  және  оның  гүлденуі.  Ашоқаның  сыртқы,  ішкі  және  діни  саясаты.  Буддизмнің 

таралуы.  Грек-Бактрия  патшалығымен  қақтығыс.  Жалпыиндиялық  империяның  әлсіреуі. 

Маурилер әулиетінің ауысуы. 

Ерте дәуірдің соңғы кезеңіндегі Оңтүстік Азия (б.з.д. I мыңж. І-ші жартысы). Кушандар 

тұсындағы  Үндістан.  Магадханың  жаңадан  көтерілуі  және  Гупттар  әулиетінің  билігі.  Ғұн-

эфталиттердің басып кіруі.  Гупттар империясының  ыдырауы. 



Ежелгі Қытай 

Ежелгі  Қытайдың  табиғат  жағдайлары  мен  халқы.  Қытайдағы  ежелгі  мемлекеттік 

құрылымдардың пайда болуы. Шань-Инь мен Чжоу. 

Инь  дәуіріндегі  экономика,  қоғам  және  мемлекет.  Чжоу  тайпасы  және  оның 

иньдіктермен қарым-қатынастары. Б.з.д. VIII-Ш ғғ. ежелгі Қытай. Шығыс Чжоу кезеңі. 

Қытайдағы алғашқы орталықтандырылған мемлекет - Цинь империясы. 

Цинь 

патшалығының 



көтерілуі. 

Б.з.д. 


III 

ғ. 


аяғындағы 

әлеуметтік-саяси 

қайшылықтардың шиеленісуі және халық қозғалыстары. 

Б.з.д. III ғ.-б.з. III ғ. Хань империясы. Ежелгі Қытай мәдениеті. 



Б.з.д. II мыңж. Ежелгі Грекия 

Деректері  мен  тарихнамасы.  Археологиялық  мәліметтер:  Эванстың  қазбалары  және 

Криттегі  басқа  да  қазба  жұмыстары.  Мифология  және  көркем  әдебиет  ескерткіштер  тарихи 

дерек  ретінде.  Публицистика  және  шешендік  өнер  шығармалары.  Лисий,  Исократ,  Демосфен. 

Арнаулы әдебиет шығармалары: философиялық , ғылыми және экономикалық еңбектер. 

Б.з.д. II мыңж. Крит және Ахейлік Грекия. Грекия б.з.д. ХІ-ІХ ғғ. Гомер поэмалары 

Грекияның әлеуметтік-саяси және экономикалық тарихының дерегі ретінде. 

Б.з.д. VIII-VI ғғ. Архаикалық Грекия 

Ежелгі  Грек полисі, оның пайда болуы мен мәні. Полистің пайда болуы: крит-микендік, 

гомерлік  және  архаикалық  кезеңдер.  Тирания  және  оның  полис  қалыптасуында  алатын  орны. 

Полис  мәні.  Полистік  ұйымның  түрлері:  олигархия,  аристократия,  демократия.  Афины  мен 

Спарта полис турі  ретінде. 

Б.з.д. VIII-VI ғғ. Пелопоннес. Спарта, Коринф, Аргос. Спарта аграрлық полистің үлгісі  

ретінде. Таптық-сословиелік  жіктеліс. Спарта бастаған Пелопоннес одағының құрылуы. 

Аттикада  полистің  қалыптасуы.  Афина  қолөнер-аграрлық  полис  ретінде.  Демостың 

ақсүйектермен  күресі.  Драконт  заңдары.  Солон  заңдары.  Писистрат  пен  оның  ұлдарының 

тираниясы.  Клисфеннің  билікке  келуі.  Клисфен  заңдары  және  афинылық  құл  иеленушілік 

демократияның қалыптасуы. 

Б.з.д. V-ІV ғғ. Классикалық Грекия 

Грек-парсы  соғыстары  және  олардың  Грекияның  әлеуметтік-  экономикалық,  мәдени-

саяси дамуына әсері. 

Афина  демократиясы  мен  Спарта  олигархиясы  б.з.д.  V  ғғ.  Саяси  жүйе  ретінде 

Пелопоннес соғысы. 

Парсылар  жеңілісінен  кейінгі  Афины  құл  иеленушілік  демократиясының  дамуы. 

Эфиальт  пен  Перикл  қайта  құрулары.  Перикл  тұсындағы  Афины  демократиясы.  Бірінші 

Афиналық  теңіз одағы және оның Афины архэсына айналуы. 

Спартаның саяси құрылымы. Б.з.д. V ғ. Пелопоннес одағы Б.з.д. 460-430 жж. Пелопоннес 

одағы мен Афины архэсы арасындағы қатынастар. Соғыстың себептері мен сылтауы. Кезендері. 

Архидам  соғысы.  Дикелей  соғысы.  Афинаның  әскери-саяси  жағдайының  нашарлауы.  Грекия 

істеріне  парсылардың  араласуы.  Афина  архэсын  қайта  құру.  Афинаның  жеңілуі.  Білім 

шарттары. Афина жеңілістерінің себептері. 

Б.з.д. V-ІV ғғ. Македония. Александр Македонскийдің жорықтары. 

Саяси  құрылымы.  Халық  жиналысы  мен  ақсүйектер  кеңесі  Филипп  ІІ  (б.з.д.  359-336 

жж.), оның ішкі және сыртқы саясаты. Македонияның Балқан түбегіндегі үстемдігі. Парсыларға 

қарсы жорыққа дайындық. Филиптің  өлімі (болжамдар мен дәлелдер). 

Александр  жаулап  алулары.  Б.з.д.  IV  г.  Парсы  империясы.  Грекия  мен  Македонияның 

шығыс жорықтарына әскери-саяси дайындығы. Парсыларды жаулап алу және ұлы империяның 



құрылуы.  Александрдың  оны  біріктіру  мақсатында  жүзеге  асырған  экономикалық  және 

әлеуметтік-саяси шаралары. Оның жаулап алуларының тарихи маңызы. 

Александр  мұрагерлері  (диадохтар)  арасындағы  күрес  және  жаңа  (эллиндік) 

мемлекеттердің құрылуы. Эллиндік мемлекеттер типтері. Эллинизмнің мәні, 

Б.з.д. VІІІ-ІV ғғ. ежелгі грек мәдениеті. 

Б.з.д. VШ-Ш ғғ. Ежелгі Рим 

Деректері  мен  тарихнамасы.  Ежелгі  құлиеленушілік  қоғам  және  Италиядағы 

мемлекеттер  (б.з.д.  VШ-VІ  ғғ.).  Рим  -  Италиядағы  қалыптасқан  мемлекеттің  орталықтарының 

бірі. Ежелгі Римдегі патрицийлер мен плебейлер, клиенттер мен патрондар. Римдегі патшалық 

билік.  Римнің  ішкі    қарама-қайшылықтары  және  патша  Сервий  Туллидің  саяси-әлеуметтік 

реформалары. Патшалық биліктің құлауы және Рим республикасының құрылуы. 

Б.з.д.  VІ  ғ.  аяғы-ІІІ  ғ.  бірнші  жартысындағы  Рим  және  Италия.  Плебейлердің 

патрицийлермен күресі. Әдет-ғұрыптық заңдарының XII кесте заңдарында заңдастырылуы. Рим 

қоғамының әлеуметтік құрылысының өзгеруі. Б.з.д. ІV-Ш ғғ. Римнің саяси құрылымы. Римнің 

Италияны жаулап алуының аяқталуы. 

Б.з.д. V1-III ғғ. Рим мәдениеті. 

Б.з.д. Ш-І ғғ. Кейінгі Республика. Рим республикасының құлауы (б. 

з.д. 180-30 жж.). 

Рим  мен  Карфагеннің  Жерорта  теңізінің  батысы  үшін  күресі.  Бірінші  Пуни  соғысы. 

Римнің  Карфагенмен  күресінің  аяқталуы.  Екінші  Пуни  соғысы.  Ганибал  жорығы.  Фабий 

Максим  диктатурасы.  Римнің  Африкаға  жорығы.  2-ші  Пуни  соғысының  әлеуметтік-

экономикалық  нәтижелері  үшінші  Пуни  соғысы  –  Карфагеннің   талқандалуы.  Рим  державасы 

Жерорта теңізіндегі ірі құл иеленушілік қоғамның орталығы ретінде. 

Рим  республикасы  саяси  жүйесінің  дағдарысы.  Әлеуметтік  қайшылықтардың  күшеюі. 

Римдегі Марий төңкерісі. Цинн билігі. Сулланның  Италияда және б.з.д. 83-82 жж. Азаматтық  

соғыстар. Сулланың жеңісі және оның диктатурасының орнауы. 

Спартак бастаған Ұлы құлдар көтерілісі.  Б.з.д. 70 ж. - 60 ж. басындағы саяси топтардың 

күресі.  Сервилий  Руллдың  заң  жобалары  маңайындағы  күрес  және  Каталина  бүлігі.  60-жж. 

Цицеронның саяси қызметі. 

Бірінші  триумвират.  Цезарь  консульдігі.  Цезарьдың  Галлиядағы  соғысы.  Шығыстағы 

Рим саясаты. Бірінші триумвираттың құлауы. Римдегі саяси анархия. Республика мекемелерінің 

дағдарысы. Цезарь мен Помпей арасындағы азаматтық соғыс. Цезарь диктатурасы. 

Цезарь  өлгеннен  кейінгі  азамат  соғыстары.  Полистік  жүйенің  дағдарысы  және  рим 

республикасының құлауының негізгі себептері. 

Б.з.д. ІІІ-V ғғ. Рим мәдениеті. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет