51
б.]
. Маңғыстаудағы «
Кент»
–
құдығы «қала» мағынасынан гөрі, осы «су сақтауға арналған шұңқыр,
құдық»
деген мән беретін тәрізді
.
Қандыбас
– Маңғыстау ауд-дағы қырқа, қыстау. Атау қанды (сын есім) және бас (зат есім)
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Қан сөзі «су», «өзен» мағынасында қолданылатын географиялық
термин екендігі тілші-ғалымдардың еңбектерінде айтылады. Э.М.Мурзаев: «...көптеген иран тілдерінде
етістік негізді кан сөзі «қазу», «төгу» мағыналарынан бұлақ, қайнар, бастау, құдық, көл мәнін
тудырады. Ягноб тілдерінде хан сөзі «бұлақ», ал түрікм. тілінде хана – «арна» [15, 251 б.]. Бұл нақты
деректерге сүйенсек, құрамында
қан, қанды
сөздері бар топонимдердің мағынасы сумен байланысты
екенін байқауға болады. Сонымен атаудың мағынасы: «басты, негізгі сулы қыстау».
Қарлыбас
– Түпқараған ауданындағы тау, қауым атауы. Атау екі компоненттен құралған:
Қарлы
+ бас
.
Қар
сөзі
– ир. тілінде «
тау», «төбе»
деген мағыналы сөз. «Үндіиран. гар –«тау», ягнов. гар –
«тау», «асу», сомали тіл. кар – «жартас», «құз», «тау», түрк. қыр. «тау», «жота», моңғ. хара – «жал»
[15, 255 б.]
. Ғ.Қоңқашпаевтың пікірінше, «бас» термині «жоғары, биік шың» деген мағынаны
білдіреді [16, 135 б.]. -лы жұрнағы бір нәрсенің бар, мол екендігін білдіретін қосымша. Сонда атау
«жоталы,
биік тау
» деген мән береді.
Сеңгір
– Қарақия
ауд-дағы қорым. А.Әбдірахманов
сеңгір
сөзін иран тілінен енгендігін айтады.
«Қазақ тілінде
сеңгір
– «таулар тізбегі» деп түсініледі. Сөздің түбірі
санг
– тәжік тілінде «
тас
» деген
сөз. Ал «
сангкори
– тасты, тастан жасалған» деген мағынаны білдіреді. Сөйтіп
сангкори - сеңгір
өзгерісіне түскен. Фольклорда «
сеңгір-сеңгір
таулардан, секіре басып жөнелді» деп кездеседі. Бұл
жерде «тасты таулардан» деген мағынаға ие болып тұр.
Сангкори – сеңгір
этимологиялық өзгерісінде
субституция ( басқа тілдің дыбыстарын өз тілінің ұқсас дыбыстарымен ауыстыру) және гаплология
(айтуға қиын дыбыс немесе дыбыс тіркестерінің түсіп қалуы) заңдылықтары қатар орын алған» [17, 18
б.]. Ал көне түркі тілінде сеңгір – «таудың сүйірленіп тұрған жері» [18, 495 б.]. Сонымен атаудың
мағынасы:
«
тасты немесе биік төбедегі қорым
». Сонымен
Сеңгіртөбе
топонимін – «
тасты төбе
» деп
түсінеміз. Өлкеде бұдан басқа сеңгір сөзімен жасалған бірнеше топоним кездеседі. Мысалы:
Сеңгір
–
Қарақия ауд-дағы қорым – «
тасты қорым
»;
Сеңгірауыл
– Қарақия ауд-дағы қорым – «
тасты қорым
»;
Сеңгірқұм
– құм – «
тасты құм
»,
Сеңгірлі
– Каспий теңізінің шығыс жағалауындағы мүйіс – «
тасты
мүйіс
» деген мағыналарды береді.
Талшоқы –
Маңғыстау ауд-дағы құдық.
Атау тал (зат есім) және шоқы (зат есім) сөздерінің
бірігуі арқылы жасалған. Тал – иранша «төбе, дөң, адыр» [19, 93 б.]. Шоқы дегеніміз – «формасы
конус тәрізді қырат немесе басы сүйірлене біткен тау» [16, 41 б.].
Мағынасы: «төбелі жерден қазылған
құдық».
Торыш
– Маңғыстау ауд-дағы қыстау, бұлақ. Иран топонимиясында
торш
– «қышқыл» деген
сөз [13, 216 б.]. Сонда атаудың мағынасы: «қышқыл сулы бұлақ» тәрізді.
Шерқала
– Маңғыстау ауд-дағы тау аты.
Шерқала
– тегіс жерде 200м биіктікке дейін (абсолют
биіктігі-307,7м) алып киіз үй немесе төңкерілген тостаған секілді жатқан тау. Ертеде тарихи маңызы
зор қамал болған.
Шер
иран тілінде «арыстан» деген мағынада қолданылатын сөз [12, 184 б.]. Қала
ноғай тілінде – «шың, құз».
Шерқала –
«арыстан тәрізді шың құз» мағынасын білдіретінін көреміз.
Шетпе
– Маңғыстау ауд-дағы ауыл, аудан және өзімен аттас ауылдық округтің орталығы.
Шетпе
атауы парсының
чәшмә//чешме
– «қайнар көз, бұлақ» [12, 105 б.] деген сөзінен пайда болған.
Шетпе атауы жөнінде түрлі этимологиялар қалыптасқан. Жергілікті баспасөз беттерінде «Чешме» сөзі
түрікмендікі немесе көне түркі сөзі делінеді: «Шетпені ең соңғы мекендеген түрікмендер еді. Әсіресе
түрікменнің сегіз арыс Сейілхан дейтін руының тарамдары мекендеген. Ол кезде түрікмендер Шетпені
«Чешме» деп атайды екен. Бұл түрікменнің бұлақ көзі деген сөзі» деген мәліметтер кездеседі.
Шынымен де
Шетпе
маңы сыңсыған бұлақ.
Шетпе
деп бұлақ та аталады. Ал А.Костенко мен
Е.Өмірбаев «Ожевут степи» кітабында Шетпе атауы түрікменнің осы аттас тайпасының аты дейді: « ...
с XIII века здесь поселились уцелевшие после монгольского нашествия туркмены рода
шетпе
[20, 121
б.]. С.Қондыбай: «
Шетпе
сөзіне дыбыстық өзгеру жағынан ең жақын келетін сөз – «
жетімек
» атауы.
Яғни «
жетімек» - «джетмек» - «четпек» - «шетпе (к)»
өзгеруі сөздің заңдылығына толық сәйкес
келеді» деп көрсетеді [4]. Дегенмен шежірелік немесе тарихи кітаптардан
шетпе
аталатын этноним
кездеспегенін ескерсек,
Шетпе
топонимі парсының
чешме
– «қайнар көз, бұлақ» деген сөзінен пайда
болды деп нақты айта аламыз.
Шілқыз
– Маңғыстау ауд-дағы мола атауы. «Чіл (шіл) – иранша «қырық» деген сан аты [12, 20
б.].
Шілқыз – «
қырыққыздың моласы» деген мағынаны білдіреді. Өлкедегі
Шілкөз-Мейрам
атты қорым
атауы да «қырық көз (дұрысы – кез) Мейрам.
Батыс Үстірт кемері. Кәмер, кемер –
«су шайған, су орған жаға, су қазындысы, шұңқыр, тік
жар, құлама» [12, 221 б.] деген мағыналарда қолданылады.
2)
Діни ұғымды білдіретін атаулар:
Баба
– «ата, үлкен ата» деген мағынаны береді
–
Достарыңызбен бөлісу: