7. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
54.
Пәндік нәтижелер «білуі тиіс» және «меңгеруі тиіс» аспектілерімен
көрсетілген.
55.
5-6 сыныптың соңында оқушылар:
1)
тарих пәнін, археологиялық және жазба деректерді;
2)
ауа-райының адамдардың өміріне және шаруашылық қызметіне әсерін;
3)
уақыт сызығын, тарихтағы жыл санауды;
4)
алғашқы адамдардың тұрақтарын;
5)
ежелгі
Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғаларды, тарихи
тұлғаларды;
6)
тарихи Отан ұғымын;
7)
Қазақстан территориясындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктерді;
8)
мемлекет, мемлекеттік рәміздер тарихы туралы білуі тиіс.
56.
5-6 сыныптың соңында оқушылар:
1)
жыл мен ғасыр арақатынасын, тарихтағы жыл санаудағы ұзақтық пен
жүйелілікті орната білуді;
2)
картадан тарихи объектілерді көрсете білу, географиялық жағдайды
сипаттай алуды;
3)
ежелгі адамдардың кәсібін, өмірі мен тұрмысын суреттей алуды;
4)
ежелгі сәулет және өнер ескерткіштерін суреттей білуді;
5)
Қазақстан
территориясында өмір сүрген тайпалардың өзара
байланысын талдауды;
6)
оқу материалдарының мазмұнын өз сөзімен әңгімелеуді, тарихи
оқиғаға өз бағасын бере білуді;
7)
оқулықтағы мәтінінен негізгісін таба білуді;
8)
мәтін мазмұнына сай қысқаша жоспар құра білуді;
9)
тарихи терминдерді қолдану және оларды түсіндіре білуді;
10)
басқа оқушылардың жауаптарына өз көзқарасын білдіруді меңгеруі
тиіс.
57.
7-8 сыныптың соңында оқушылар:
1)
ортағасырлар кезеңіндегі Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық
дамуын;
2)
Қазақстан
территориясындағы
мемлекеттердің
құрылуы
мен
дамуының ерекшеліктерін;
3)
моңғол және жоңғар шапқыншылығына қарсы тәуелсіздік үшін
күрестегі, мемлекеттің сыртқы саясатындағы, негізгі фактілер мен оқиғаларды;
4)
Қазақстан халқының мәдениеттегі жетістіктерін;
5)
ортағасырлар кезеңіндегі негізгі тарихи ескерткіштерді;
6)
жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихының хронологиялық шегін;
7)
ХVІІІ ғ. басындағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саяси жағдайын;
8)
қоғамның
әлеуметтік
құрылымы
мен
басқару
жүйесін,
шаруашылығын;
9)
ұлт – азаттық қозғалыс тарихындағы маңызды оқиғаларды;
10)
ұйғырлар мен дұңғандардың Жетісуға қоныс аударуының себептерін;
11)
ХVІІІ-ХІХ ғғ. Қазақстан мәдениетін білуі тиіс.
58.
7-8 сыныптың соңында оқушылар:
1)
орта ғасырлардағы халықтың өмірі мен тұрмысын мазмұндауды;
2)
тарихтағы негізгі саяси өзгерістерге талдау жасай білуді;
3)
түрлі деректерден тарихи ақпараттарды іздестіре білуді;
4)
хронологиялық, синхронды кестелер жасауды;
5)
орта ғасырлардағы қалалардың экономикалық, саяси және мәдени
дамуын түсіндіре білуді;
6)
адамзат дүниетанымының қалыптасуындағы діннің рөліне баға бере
білуді;
7)
қоғамның мәдени және рухани дамуында ислам рөліне баға беруді;
8)
мәтінді талдау, негізгісін анықтай білуді;
9)
оқу мәтініне жоспар жасай білуді;
10)
маңызды тарихи оқиғаларға, тарихи қайраткерлерге, әлеуметтік
топтарға мінездеме бере білуді;
11)
күнделікті мәселелерді шешуде алған білімдерін пайдалана білуді;
12)
аргументті түрде өз ұстанымын дәйекті дәлелдей алуды;
13)
хабарламалар мен баяндамаларды орындауды;
14)
тақырыпты оқып меңгеруі барысында тарихи картаны пайдалануды;
15)
берілген тақырыптың мазмұнына конспект құра білуді;
16)
тест сұрақтарымен жұмыс істеуді;
17)
өздігінен қосымша материалдар іздеуді (интернет, кітапхана және
т.б.) меңгеруі тиіс.
59.
9-сыныптың соңында оқушылар:
1)
отан тарихының біртұтастығы мен жүйелілігін сипаттайтын негізгі
фактілерді, үдерістер мен құбылыстарды;
2)
Отан тарихының кезеңдерін;
3)
Қазақстанның тарихи жолының ерекшеліктері мен оның әлемдік
қауымдастықтағы рөлін;
4)
тарих беттеріндегі ақтаңдақтарға қазіргі көзқарасты;
5)
қазіргі қоғамдық үдерістердің тарихи шарттылығын;
6)
Қазақстанның Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарындағы тарихи
дамуын, Ақпан революциясы, Қазан төңкерісі және Азамат соғысы туралы;
7)
«әскери коммунизм» мен жаңа экономикалық саясаттың саяси мәнін;
8)
қазақ мемлекетінің құрылуының басты кезеңдерін, ҚазАКСР мен
ҚазКСР-ның құрылуын;
9)
Қазақстанда индустрияландыру мен ұжымдастырудың барысы және
оның қазақ халқына тигізген зардаптарын;
10)
тоталитарлық мемлекеттің қалыптасуы және ұлт зиялыларына қарсы
жаппай қуғын – сүргін туралы;
11)
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан
үлесін;
12)
соғыстан кейін Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік-саяси
дамуын;
13)
тың және тыңайған жерлерді игеру себептері, оның Қазақстанға
тигізген салдарын, Қазақстанның «тоқырау» жылдарындағы тарихын;
14)
Қазақстан Тәуелсіздігінің жариялануы туралы;
15)
Егеменді Қазақстанның дамуын білулері тиіс.
60. 9-сыныптағы оқушылар:
1)
белгілі бір тарихи тақырып бойынша кеңейтілген әңгіме дайындай
білуді;
2)
қазіргі замандағы басты оқиғалардың себебін, тарихи маңызын
өздігінен аша білуді;
3)
мемлекет саясатының мәнін түсіндіре алуды;
4)
жаңа тақырыппен өздігінен жұмыс істеуді, ізденіс жұмыстарын
жүргізе алуды;
5)
оқыған тақырыбы бойынша өздігінен талдау жасап, ондағы негізгі
мәселені таба білуді;
6)
мемлекет тарихындағы оң және келеңсіз құбылыстарға баға бере
алуды;
7)
белгілі бір мәселелер бойынша өзіндік көзқарасын дәйекті дәлелмен
білдіре алуды;
8)
тест тапсырмаларымен жұмыс істей білуді;
9)
конспект, кесте, сызбалар құра білуді;
10)
тарихи деректерді (деректердің авторын, уақытын, не үшін және
оның құрылу мақсатын анықтауды) талдай алуды;
11)
мәтін, карта, кесте, сызба және т.б. түрінде берілген тарихи
материалдарды талдай білуді;
12)
тарихи мәліметтердегі фактілерді, пікірлерді, құжаттарды және
тарихи түсініктерді айыра білуді;
13)
оқытылып отырған кеңістік және уақыт аралық аясындағы тарихи
үдерістер мен құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын орната білуді;
14)
тарихи мәселелерді талқылауда өз көзқарасын білдіруді, талқыланып
отырған мәселеге тарихи мәліметтерді дәйектей отырып, өз ұстанымын айта
білуді;
15)
тарихи материалдармен өздігінен жұмыс істеп, солардың негізінде
рефераттар, конспектілер, пікір жаза білуді;
16)
қазіргі өмір жағдайына байланысты тарихи құбылыстарды саралай
отырып, өз ұстанымын анықтай білуді;
17)
сырттан алынған әлеуметтік ақпараттарды сыни қабылдауда тарихи
талдай білу дағдыларын қолдана білуді;
18)
өз әрекеті мен айналасындағылардың әрекетін тарихи жағдайда
қалыптасқан әлеуметтік мәселеге сәйкес салыстыра білуді;
19)
Қазақстан
Республикасының
азаматы,
тарихи
қалыптасқан
конфессиялық, этномәдени, азаматтық қауымдастықтың өкілі ретінде өзін
сезінуді меңгеруі тиіс.
61. Тұлғалық нәтижелерде оқушылардың:
1)
Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және
құқықтық тәртіпке сыйластықпен қараудан;
2)
азаматтық жауапкершілік пен жоғары патриоттық сезім және Отанды
қорғау мен оған қызмет етуден;
3)
мемлекеттік және ана тілін меңгеру, Қазақстан территориясында
тұратын халықтардың, басқа да этностардың құндылықтарын, мәдениеті мен
дәстүрін құрметтеуден;
4)
туған өлкесінің табиғатын сақтау және аялау, қоршаған ортаны
қорғауда белсенділік көрсетуден;
5)
салауатты өмір сүру, өзін қорғау және айналадағы адамдардың
қауіпсіздігін сақтау дағдыларынан;
6)
жоғары адами қарым-қатынас мәдениетін көрсету, этикалық
нормаларды ұстануынан;
7)
өз бетімен білім алу және өзін өзі жүзеге асыра білу, жасампаздық
еңбекке қабілеттілігін ынталандыра білуінен;
8)
үлкенге құрмет және кішіге ізет көрсете білуінен;
9)
әлеуметтік ортаның ерекшелігін дұрыс бағалай білу, діни ағымдарды,
идеологияны, құқыққа қарсы әрекеттерді ажырата білуінен көрініс табуы тиіс.
62. Жүйелі-іс әрекеттік нәтижелерде оқушылар:
1)
ғылым негіздері және адамзат қоғамының дамуы үшін қажетті ғылыми
жетістіктер бойынша игерген жүйелі білімді;
2)
ғылыми ақпаратты талдау, өңдеу, жинақтай білу және оларды қолдана
алуы;
3)
танымдық, жобалау, құрастыру және іздену, шығармашылықпен
қолдану әдістерін;
4)
қазіргі ақпараттық-коммуникативті технологияларды;
5)
жоғары коммуникативтік қабілеттілік пен көптілді мәдениеттілікті
қолдана білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |