Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата22.12.2016
өлшемі291,37 Kb.
#218
  1   2   3

Қазақстан Республикасы  

Білім және ғылым министрінің  

2015 жылғы «18 » маусымдағы  

№ 393 бұйрығына 2-қосымша    

 

Қазақстан Республикасы  



Білім және ғылым министрінің  

2013 жылғы 03 сәуірдегі  

№ 115 бұйрығына 40-қосымша   

 

 



 

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9 сыныптары үшін 

«Қазақстан тарихы» пәнінен типтік оқу бағдарламасы 

 

1. Түсінік хат 

 

1.

 



Оқу  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы                 

23  тамыздағы  №  1080  қаулысымен  бекітілген  Орта  білім  берудің  (бастауыш, 

негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 

сәйкес әзірленген.  

2.

 

Пәнді  оқытудың  мақсаты  –  оқушылардың  білімі  мен  дайындық 



деңгейін,  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  Қазақстан  тарихының  ежелгі 

дәуірден бүгінгі күнге дейінгі нақты тарихы бойынша білім беру.  

3.

 

Қойылған  мақсаттарға  сай  пәнді  оқытудың  келесі  міндеттері 



орындалуы тиіс: 

1)

 



оқушыларға  Қазақстан  тарихы  бойынша  толыққанды,  жүйелі  білім 

беру; 


2)

 

Қазақстан тарихы бойынша тарихи терминологияларды меңгерту; 



3)

 

оқушылардың  тарихи  фактілер  мен  құбылыстарды  талдап-қорыту, 



тарихи  оқиғалардың  мақсаты  мен  мәнін  анықтай  білу,  оның  маңызын  бағалай 

білу дағдыларын қалыптастыру; 

4)

 

оқушыларды  оқытылатын  кезеңдегі  ғылым  мен  мәдениеттің  көрнекті 



өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы 

талдау жасауға дағдыландыру; 

5)

 

оқушылардың  қазақ  және  басқа  да  халықтардың  мәдени  мұраларына 



қызығушылығын қалыптастыру; 

6)

 



оқушылардың  жас  ерекшелігін ескере  отырып,  түрлі дерек  көздерінен 

қажетті ақпаратты іздестіру арқылы өзіндік жұмыспен айналысуына мүмкіндік 

беру.  

4.

 



Келесі пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:  

1)

 



 «Дүние жүзі тарихымен»:  

 Қазақстан тарихы дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі; 

 Қазақстан  тарихын  оқытқанда  көршілес  мемлекеттердің  тарихымен 

байланысты қарастырылатын ортақ мәселелерді қарастыру; 



 

2)

 



 «Географиямен»:  

Қазақстан территориясының және шекарасының анықталу кезеңі;  

Қазақстан  территориясында  әкімшілік-территориялық  реформалардың 

жүргізілуі;  

Қазақстан  территориясының  ландшафты,  климаты,  жануарлар  мен 

өсімдіктер әлемін, пайдалы қазбаларын зерттеген түрлі экспедициялар қызметі; 

3)

 

«Қазақ әдебиетімен»:  



Қазақстанның  көрнекті  ақын-жазушыларының  көркем  шығармаларды 

жазуда тарихи оқиғалармен байланыстыруы;  

ХХ ғасырдағы қазақ зиялыларының шығармашылықтарын білу; 

4)

 



«Орыс әдебиетімен»: 

орыс  ақын-жазушыларының  шығармаларында  қазақ  қоғамының  көрініс 

табуы; 

орыс ақын-жазушыларының шығармаларындағы қазақ халқының өміріне 



байланысты зерттеу материалдарын білу; 

5)

 



«Бейнелеу өнерімен»:  

бейнелеу өнерінің дамуы; 

қазақтардың қолданбалы қолөнер туындыларының тарихы; 

ХVІІІ – ХІХ ғғ. суретшілер еңбегіндегі Қазақстан тақырыбы; 

6)

 

«Музыкамен»:  



музыкалық шығармалардың тарихи оқиғалармен байланыстылығы; 

Қазақстан  тарихындағы  маңызды  оқиғаларды  баяндауда  музыкалық 

шығармалардың дерек көзі ретінде қызметі; 

музыка өнерінің тарихы, әнші-сазгерлердің өмірі мен шығармашылығы. 

5.

 

Оқу жүктемесінің көлемі: 



1)

 

 5-сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында 34 сағат; 



2)

 

 6-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат; 



3)

 

 7-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат; 



4)

 

 8-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат; 



5)

 

 9-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат. 



 

2. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

6.



 

 «Тарих әлемі» (2 сағат): 

тарих туралы түсінік, тарихты зерделеу не үшін қажет, Қазақстан тарихы–

дүние жүзі тарихының құрамдас бөлігі, Қазақстан тарихының кезеңдері (ежелгі, 

орта ғасырлардағы, жаңа және қазіргі заманғы тарих); 

тарихи  жәдігерлер,  тарихи  жәдігерлердің  түрлері  (ауызша,  жазбаша, 

археологиялық), заттай, жазбаша жәдігерлер. 

7.

 



«Тарихқа саяхат» (14 сағат): 

адамның  шығу  тегі  әлемнің  пайда  болуы  туралы  қазақ  аңыздары, 

адамның шығу тегі туралы ғылыми көзқарастар, Қазақстан территориясындағы 

ежелгі адамдар; 

Қазақстан  территориясындағы  тас  дәуірі  кезеңі,  палеолит  –  ерте  тас 

дәуірі,  ежелгі  еңбек  құралдары,  алғашқы  қауымдық  қоғам,  табиғат,  ауа  райы, 



 

мұз  басу,  мезолит  –  орта  тас  дәуірі,  күннің  жылынуы,  мұздықтардың  еруі, 

кішігірім, жүйрік аңдарды аулауға арналған садақ пен жебені және бумарангты 

ойлап  табу,  жеке  аң  аулау,  жаңа  еңбек  құралдарының  пайда  болуы,  неолит  – 

жаңа  тас  дәуірі,  микролиттік  мәдениет,  мал  шаруашылығы  мен  егіншіліктің 

қалыптасуы; 

Қазақстан  территориясындағы  қола  дәуірі  (алғашқы  металдар,  қоланы 

пайдалануды  үйрену),  андронов  мәдениеті,  қола  дәуіріндегі  тайпалардың 

шаруашылығы, қола дәуіріндегі тайпалардың мәдениеті; 

сақ  тайпалары,  сақтар  –  ежелгі  Қазақстанды  мекендеушілер,  сақтар 

туралы  парсы  және  грек  жазбалары,  сақтардың  тұрмысы,  шаруашылығы, 

олардың әдет-ғұрыптары, сақ билеушілері, сақтардың басқару жүйесі, Томирис

 



 



сақтардың  атақты  патшалары  (ханшайымдары),  сақтардың  тәуелсіздік  үшін 

күрестері,  парсылармен  соғысы,  Шырақтың  ерлігі,  сақ  мәдениеті,  «Алтын 

адам» – қазақ халқының баға жетпес мәдени мұрасы; 

Қазақстан  территориясындағы  ғұн  тайпалары,  Мөде  –  ғұн  мемлекетінің 

негізін қалаушы, ғұндардың тарихы, ғұндардың шаруашылығы және тұрмысы, 

«халықтардың ұлы қоныс аударуы», Аттила (Еділ) – ұлы жаһангер;  

Қазақстан  территориясындағы  көне  түркілер  («түркі»  түсінігі),  Түркі 

қағанатының  құрылуы,  Бумын  қаған  –  Түркі  қағанатының  негізін  қалаушы, 

көне  түркілердің  тұрмысы  және  қызметі,  көне  түркілердің  мәдениеті,  діни 

түсініктері, көне түркі жазбалары; 

Шығыс даналары (әл-Фараби,  Ж. Баласағұн, А. Иассауи); 

Ұлы  Жібек  жолы  –  маңызды  сауда  жолы  орта  ғасырлардағы  Қазақстан 

қалалары,  қалалардың  құрылысы,  ірі  қалалар  (Түркістан,  Сығанақ,  Сайрам, 

Тараз); 


монғол шапқыншылығы, Отырар қорғанысы. Отырардың күйреуі; 

қазақ  халқының  қалыптасуы  және  Қазақ  хандығының  құрылуы,  «қазақ» 

терминінің  мағынасы,  Алтын  Орданың  ыдырауы,  Ақ  Орданың  құрылуы, 

Әбілхайыр  хан  мемлекеті,  Керей  мен  Жәнібек  сұлтандардың  бөлінуі  және 

өздерінің  руларымен  Моғолстан  территориясына  қоныстануы,  қазақ 

хандығының  құрылуы,  жүздердің  қалыптасуы,  Қасым  хан  тұсындағы  қазақ 

хандығының күшеюі; 

қазақ  хандары,  билері  және  батырларының  тарихы,  хан  –  ел  билеушісі, 

аңызға  айналған  қазақ  хандары  (Алаша  хан,  Уыз  (Оғыз  хан),  қазақ  хандары 

(Керей, Жәнібек, Қасым, Хақназар, Тәуке), билер (дана, шешен, қазылар), қазақ 

қоғамындағы  билердің  рөлі  билер,  ХV-ХVІІІ  ғасырдың  ұлы  батырлары,  қазақ 

қоғамындағы батырлардың алатын орны; 

Қазақстан  және  Ресей  қазақ-жоңғар  соғысы,  Қазақстанның  Ресейге 

қосылуы,  Әбілхайыр  ханның  Ресей  құрамына  кіруге  ұмтылысы,  Кіші  жүз 

қазақтарының  Ресей  империясының  құрамына  қабылдануы,  А.Тевкелевтің 

елшілігі; 

Абылай  хан,  өмірі  мен  саяси  қызметі,  XVIII-XIX  ғасырлардағы  қазақ 

халқының ұлт-азаттық қозғалыстары; 

қазақ  ағартушылары;  Ш.Уәлиханов,  Абай  Құнанбаев,  Ыбырай 

Алтынсарин; 



 

8. Қорытындылау (1 сағат). 

9.

 

«Әсемдік әлемінде» (6 сағат): 



қазақ халқының материалдық мәдениет, қазақтардың тұрғын үйлері (киіз 

үй, киіз үйдің жиһаздары), қазақ халқының ұлттық киімдері, қазақ шеберлерінің 

қолөнер бұйымдары; 

архитектуралық  ескерткіштер,  Қазақстан  территориясындағы  ежелгі 

құрылыстар,  орта  ғасырлардағы  архитектуралық  ескерткіштер  (Қозы  Көрпеш- 

Баян  Сұлу,  Бабаджа  –  қатын,  Айша  бибі,  Алаша  хан,  Сырлытам.  Қожа  Ахмет 

Йассауи кесенелері); 

қазақ  халқының  рухани мәдениеті,  қазақ  халқының  мейрамдары:  наурыз 

мейрамы,  халық  ауыз  әдебиеті  және  қазақ  халқының  шешендік  өнері  (дастан, 

аңыз-әңгімелер,  шежірелер),  қазақ  халқының  айтыс  өнері,  шешендердің  өнері 

(Жиренше шешен, Аяз би, Алдар Көсе); 

қазақ  халқының  музыка  өнері,  күй  өнері  (Құрманғазы,  Тәттімбет, 

Ықылас, Қорқыт т.б.); 

діннің пайда болуы, ежелгі адамдардың діни түсініктері, қазақ халқының 

діни наным-сенімі. 

10.


 

«Қазақстан ХХ ғасырда» (6 cағат): 

Қазақстан  Ресей  құрамында,  1917  жылы  патшаны  тақтан  тайдыру,  1917 

жылы  қазанда  большевиктердің  билікті  алуы,  Қазақстанда  Кеңес  билігінің 

орнауы, азамат соғысы, КСРО-ның құрылуы; 

қазақ  ұлттық  зиялылары  (Әлихан  Бөкейханов,  Ахмет  Байтұрсынов, 

Міржақып Дулатов); 

Қазақстан 1941 – 1945 жылдары, Ұлы Отан соғысы жылдарында, КСРО-

ға  қарсы  Германияның  фашистік  әскери  жоспары,  Ұлы  Отан  соғысының 

басталуы,  Ұлы  Жеңіске  қазақстандықтардың  қосқан  үлесі,  Қазақстан  майдан 

арсеналы,  Қазақстандықтардың  соғыс  жылдарындағы  еңбектегі  ерлігі; 

Қазақстандық  Ұлы  Отан  соғысы  қаһармандарының  естеліктеріндегі  отты 

жылдар жаңғырығы;   

тың және тыңайған жерлерді игеру, тың және тыңайған жерлерді игерудің 

себептері, тың игеру қорытындылары

Қазақстандағы  ғылым  мен  мәдениеттің  дамуы  (Қ.И.  Сәтпаев  –  қазақтың 

тұңғыш академигі, Қазақ Ғылым академиясының бірінші президенті), «Мәдени 

мұра» бағдарламасы; 

ғарышты  игеру,  Қазақстан  –  ғарыш  айлағы  (Байқоңыр,  Қазақстандық 

ғарышкерлер – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев). 

11. «Тәуелсіз Қазақстан» (3 cағат): 

Қазақстан  –  егеменді  мемлекет,  КСРО-ның  құлауы,  Қазақстанның 

мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы,  Н.Ә. Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның 

тұңғыш президенті; 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (мемлекеттік рәміздер 

туралы  түсінік,  қазақ  халқының  мемлекеттік  рәміздері  тарихынан,  Қазақстан 

Республикасының  рәміздері),  Ата  заң  –  болашақ  кепілі,  Ұлт  бірлігі  және 

ұрпақтар сабақтастығы;  



 

Астана  –  Қазақстанның  жаңа  астанасы  (біздің  еліміздің  бас  қаласы), 

Қазақстан  астаналары  (Орынбор,  Қызылорда,  Алматы),  1997  жыл  –  Астана 

қаласының еліміздің елордасы болып жариялануы; 

12. Қорытынды қайталау (2 сағат). 

 

3. Оқу пәнінің 6 сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

13.



 

Кіріспе (1 сағат).  

14.

 

«Ежелгі  адамдардың  өмірі:  Қазақстан  территориясындағы  палеолит 



және мезолит дәуірі» (12 сағат): 

алғашқы  адамдардың  пайда  болуы,  адамның  шығу  тегі  туралы  қазіргі 

көзқарастар,  Қазақстанда  алғашқы  адамдардың  пайда  болуы,  алғашқы 

қауымдық адамдар тобыры,  рулық қауымның пайда болуы, аналық ру; 

ежелгі адамдардың кәсіптері (аңшылық және терімшілік), алғашқы тастан 

жасалған еңбек құралдары, тасты өңдеу әдісі; 

Қазақстан  территориясы  ерте  тас  дәуірінде  (палеолит):  төменгі  және 

жоғарғы палеолит, Қазақстан жеріндегі палеолит дәуірінің тұрақтары, «саналы 

адамның» пайда болуы; 

Қазақстан территориясы орта тас дәуірінде (мезолит), мезолит дәуіріндегі 

табиғи-климаттық  өзгерістер  (мұздықтардың  еруі,  күннің  жылынуы), 

жануарлар  әлемі  мен  өсімдіктер  дүниесіндегі  өзгерістер,  Қазақстан 

территориясындағы мезолит дәуірінің тұрақтары, микролиттердің пайда болуы, 

садақ  пен  жебенің  ойлап  табу,  егіншілік  пен  мал  шаруашылығының  пайда 

болуы,  мезолит  дәуіріндегі  алғашқы  адамдардың  қоғамдық  өміріндегі 

өзгерістер;  

қорытындылау. 

15.


 

 

«Қазақстан  территориясындағы  неолит  және  энеолит  дәуірі»  (5 



сағат): 

Қазақстан  территориясы  жаңа  тас  дәуірінде  (неолит),  неолит  төңкерісі, 

мал шаруашылығы мен егіншілікке көшу,  

қыш  өндіру  кәсібінің  пайда  болуы  (қыш  ыдыстар  дәуірі),  тоқыма  өнері, 

тастан, сүйектен жасалған еңбек құралдары;  

Қазақстан территориясындағы неолит дәуірінің тұрақтары,  

мыстытас дәуірі (энеолит), алғашқы металл өндіру, Қазақстандағы ежелгі 

металлургия; 

энеолит дәуіріндегі еңбек құралдарын жетілдіру, қоғамдық еңбек бөлінісі, 

аталық ру, Қазақстан территориясындағы энеолит дәуірінің тұрақтары; 

діни  наным-сенімдердің  пайда  болуы  (анимизм,  тотемизм,  фетишизм, 

магия  –  алғашқы  діни  түсініктер),  «пұтқа  табынушылық»,  құдай  мен  рухқа 

сену; 

өнердің тууы, тастағы суреттер; 



қорытындылау. 

 

16.


 

 «Қола дәуіріндегі Қазақстан» (7 сағат): 

қола  дәуіріндегі  Қазақстан,  қола  дәуірінің  кезеңдері  (ерте,  орта  және 

кейінгі),  қоладан  жасалған  еңбек  құралдары,  Қазақстан  территориясындағы 

мыс пен қалайы кен орындары; 

андронов 

мәдениеті, 

Қазақстандағы 

андронов 

мәдениетінің 

археологиялық  ескерткіштері,  қола  дәуіріндегі  адамдардың  шаруашылық 

өміріндегі  өзгерістер,  андроновтықтардың  шаруашылығы  мен  тұрмысы, 

баспанасы; қоғамдық құрылысы, жеке меншіктің пайда болуы;  

қола  дәуіріндегі  климаттың  өзгеруі,  кейінгі  қола  дәуіріндегі  отырықшы 

және  жартылай  көшпелі  мал  шаруашылығы,  кетпенді  егіншілік,  көзешілік 

кәсібі, зергерлік өнер, Беғазы-Дәндібай мәдениеті (А.Х. Марғұлан және т.б.); 

қорытындылау.  

17.


 

 «Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан» (10 cағат): 

Қазақстан  аумағындағы  сақтардың  тайпалық  одақтары,  сақтар  туралы 

алғашқы  деректер:  сақтар  жайлы  Геродоттың  айтқандары,  сақтар  парсы 

жазбаларында,  сақ  тайпаларының  қоныстануы:  тиграхауда,  парадарайя, 

хаомаварга сақтары және т.б.;   

сақтардың  тәуелсіздік  үшін  күресі,  Қазақстан  аумағына  парсы 

әскерлерінің басып кіруі, сақ патшасы Томиристің парсы патшасы Кирге қарсы 

күресі,  Шырақтың  ерлігі,  Александр  Македонский  әскеріне  қарсы  сақтардың 

күрес;  


көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы, отырықшылықтан көшпелі 

мал  шаруашылығына  ауысу,  көшпелі  мал  шаруашылығы  өмір  сүрудің  негізі, 

дәстүрлі  мал  шаруашылығындағы  көшіп-қону,  маусымдық  жайылым  түрлері 

(көктеу, жайлау, күзеу, қыстау), тебіндік жайылым, төрт түлік мал; 

сақтардың  шаруашылығы  мен  тұрмысы,  отырықшы  малшылық  және 

егіншілік, темірді пайдалану; 

сақтардың  қоғамдық  құрылысы,  тайпалық  одақтар,  әскери  демократия, 

сақ қоғамындағы билеушілердің рөлі;  

қорытындылау.   

18.


 

 «Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан аймақтары» (7 cағат): 

ерте  темір  дәуіріндегі  Орталық  Қазақстан,  Сарыарқа  –  Ұлы  дала, 

Сарыарқа  тұрғындары  –  аргипейлер,  исседондар,  шаруашылығы,  маусымдық 

жайылымдар,  ерте  темір  дәуіріндегі  ескерткіштер,  Тасмола  археологиялық 

мәдениеті, «Мұртты» қорғандар; 

ерте  темір  дәуіріндегі  Солтүстік  Қазақстан,  табиғи-климаттық 

ерекшеліктері,  савроматтар  мен  аргиппейлер  –  Солтүстік  Қазақстан 

тұрғындары,  шаруашылығы,  мал  шаруашылығы  және  оның  ерекшеліктері, 

археологиялық ескерткіштер, металл өңдеу; 

ерте темір дәуіріндегі Шығыс Қазақстан, табиғи-климаттық жағдай және 

елді мекендер, Шілікті даласынан табылған патша қорғандары, Берел қорымы, 

Шығыс  Қазақстан  мәдениеті,  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы  негізінде  ежелгі 

қалашықтар мен қорымдарға жүргізілген археологиялық зерттеулер; 

ерте темір дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстан және Жетісу, табиғи-климаттық 

жағдай және елді мекендер, Есік қорғаны, Бесшатыр қорғандары және т.б.  



 

қорытындылау. 

19.

 

«Қазақстан аумағындағы ежелгі мемлекеттер»  (15 cағат): 



үйсіндер,  үйсіндер  туралы  жазба  деректер,  үйсіндердің  қоныстанған 

жерлері,  үйсіндердің  шаруашылығы  мен  тұрмысы  (мал  шаруашылығы, 

егіншілік,  қолөнер),  үйсіндердің  қоғамдық  құрылысы,  гуньмо  –  үйсіндердің 

билеушісі;  

қаңлылар,  қаңлылар  тарихы  туралы  қытай  және  иран  жазбалары, 

қаңлылардың  қоныстануы,  қаңлылардың  шаруашылығы  мен  тұрмысы, 

(егіншілік,  мал  шаруашылығы,  кәсіптері,  металл  өңдеу,  сауда),  қоғамдық 

құрылысы;  

ғұндар,  ежелгі  ғұндар  тарихы  қытай  деректерінде,  Мөде  шаньюй  –  ғұн 

мемлекетінің  негізін  салушы,  ғұн  тайпаларының  бірігуі,  ғұндардың  саяси 

тарихы және мемлекеттік құрылысы; 

халықтардың  ұлы  қоныс  аударуы,  ғұндардың  Батысқа  қоныс  аударуы, 

ұлы  әскербасы  Аттила  (Еділ)  және  оның  жорықтары,  ғұн  жорықтарының 

маңызы, тарихи әдебиеттердегі ғұндардың бейнесі; 

ғұндардың  шаруашылығы  (мал  шаруашылығы,  егіншілік,  қолөнер)  және 

қоғамдық құрылысы;   

сарматтар, 

сармат 


тайпаларының 

қоныстануы, 

сарматтардың 

шаруашылығы  және  тұрмысы  (мал  шаруашылығы,  егіншілік),  әскери 

демократия, сарматтардың қоғамдық құрылысы, әлеуметтік теңсіздік; 

қорытындылау. 

20.

 

 «Қазақстан көшпелілерінің мәдени жетістіктері» (8 cағат): 



Ежелгі көшпелілер дәуіріндегі Қазақстан халықтарының мәдениеті; 

Сақтардың 

материалдық 

және 


рухани 

мәдениеті, 

сақтардың 

археологиялық  ескерткіштері.  Есік  және  Бесшатыр  қорғаны,  «Алтын  адам», 

сақтардың  зергерлік  өнері,  «Аңдық  стиль»,  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы 

аясында сақ қорғандарын кешенді түрде зерттеу. 

үйсіндер,  қаңлылар,  ғұндар,  сарматтардың  археологиялық ескерткіштері, 

материалдық мәдениеті, зергерлік бұйымдар, «Полихром стилі», көшпелілердің 

киімдері,  ат  әбзелдері,  көшпелілердің  сауыт-саймандары  мен  қару-жарақтары, 

киіз үй – көшпелілердің баспанасы (киіз үйдің құрылысы және жасауы); 

үйсіндер, қаңлылар, ғұндар, сарматтардың рухани мәдениеті, әдет-ғұрпы, 

салт-саналары  мен  діни  түсініктері,  табиғат  және  ата-баба  рухына  табыну, 

жерлеу рәсімдері; 

көшпелілер  өркениетінің  әлем  мәдениетіне  қосқан  үлесі,  мәдени 

қатынаста Ұлы Жібек жолының рөлі;  

ежелгі  адамдардың  антропологиялық  сипаты,  қола  дәуіріндегі 

адамдардың антропологиялық сипаттамасы, ерте темір дәуіріндегі адамдардың 

антропологиялық типі; 

21. Қорытынды қайталау (3 сағат). 

 

4. Оқу пәнінің 7- сыныптағы базалық білім мазмұны 

  

22.


 

 Кіріспе (1 сағат): 



 

дәуірге сипаттама, орта ғасыр ұғымы, орта ғасыр кезеңдері. 

23.

 

 1–бөлім «Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан»



 

 (11 cағат).

 

24.


 

«Қазақстан территориясындағы ерте орта ғасырлық мемлекеттер» (7 

сағат): 

түрік  қағанатының  құрылуы,  жер  аумағы,  халқы,  саяси  тарихы, 

шаруашылығы;

 

Батыс-Түрік қағанаты, жер аумағы, халқы, саяси тарихы,



 

шаруашылығы; 

Түргеш  қағанаты,  түргештердің  шығу  тегі,  Түргеш  қағанатының 

құрылуы, сыртқы саясаты, шаруашылығы; 

қарлұқ мемлекетінің құрылуы, (жер аумағы, халқы, шаруашылығы, саяси 

жағдайы), қағанаттың ыдырауы, Суяб – қарлұқтардың астанасы; 

оғыз  мемлекетінің  құрылуы  (оғыз  тайпаларының  қоныстанған  жер 

аумағы,  қоғамдық  құрылысы,  этникалық  құрамы),  Қазақстан  аумағындағы 

оғыздар, Оғыз мемлекетінің ыдырауы, Жанкент (Янгикент) – оғыздар астанасы, 

олардың шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы; 

қимақ  мемлекетінің  құрылу,  этникалық  және  тайпалық  құрамы, 

қағанаттың  саяси  тарихы,  қимақ  мемлекетінің  ыдырауы,  қимақтардың 

шаруашылығы; 

қорытындылау. 

25.

 

«VІ  –  ІХ  ғасырлардағы  Қазақстан  халықтарының  отырықшы  және 



көшпелі мәдениеті» (4 сағат): 

отырықшы  халықтар  мәдениеті,  олардың  көшпелілермен  өзара 

байланысы,  қалалар  мен  қоныстар,  сәулет  өнері  және  қала  ғимараттары 

(кесенелер, мешіттер), өнер (сәндік-қолданбалы өнер);   

көшпелілердің  материалдық  мәдениеті,  оның  ерекшеліктері,  үй  кәсібі 

және  қолөнер  (керамикалық  бұйымдар  мен  ыдыстар  жасау,  металлургия  және 

металл өңдеу), сауда, ақша, 

халық ауыз әдебиеті, тіл және жазу (көне түркі жазуы, араб жазуы), діни 

наным-сенімдер; 

қорытындылау. 

26.

 

  



2 – бөлім «Дамыған ортағасырлардағы Қазақстан» (29 cағат). 

27.


 

«Дамыған  ортағасырлық  кезеңде  Қазақстан  территориясында  жаңа 

мемлекеттердің құрылуы»

 

(5 сағат): 



Қарахан  мемлекеті,  мемлекеттің  құрылуы,  жер  аумағы,  қоғамдық 

құрылысы  және  шаруашылығы,  жер  иелену  түрлері,  мәдениет,  ислам  дінін 

қабылдауы; 

наймандар,  керейіттер,  жалайырлар  (тайпалардың  орналасуы,  қоғамдық 

құрылысы және шаруашылығы, тайпа одақтарының өзара қатынастары); 

Жетісудағы  Қарақытайлар,  қоғамдық-саяси  құрылысы,  алым-салық 

жүйесі, сыртқы байланыстары

Қыпшақ  хандығы, этникалық құрамы, жер аумағы, шаруашылығы, саяси 

құрылымы және сыртқы байланыстары. 

қорытындылау. 

28. «Қазақстан территориясындағы Ұлы Жібек жолы» (3 сағат): 


 

Жібек  жолының  пайда  болуы  және  оның  қызметі,  керуен  жолдарының 

қиылысында орналасқан қалалардағы экономика мен сауданың дамуы; 

Жібек  жолының  Қазақстан  территориясынан  өтетін  басты  бағыттары 

(Жетісу – Ұлы Жібек жолының шығыстағы негізгі қақпасы, Оңтүстік Қазақстан 

– Ұлы Жібек жолының батысқа шығатын негізгі жолдарының бірі); 

Ұлы  Жібек  жолының

 

әлеуметтік-экономикалық  маңызы



 

және  елдер  мен 

халықтар  арасындағы мәдениетті дамыту мен өзара байланыстарды нығайтуға 

ықпалы  («Мәдени  мұра»  бағдарламасына  сәйкес  Ұлы  Жібек  жолының  Жетісу 

аумағындағы керуен жолы тармақтарын зерттеу).  

29. «Х ғ – ХІІІ ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті» (5 сағат): 

қалалардың  дамуы  (Отырар,  Тараз,  Түркістан,  Сарайшық,  Сайрам, 

Сығанақ  және  т.б.  қалалар),  сәулет  өнері  мен  құрылыстың  дамуы,  қорғаныс 

құрылысы,  қоғамдық  ғимараттар,  цитадель,  базар  алаңы,  кесенелер,  мешіттер, 

моншалар, сәулет өнері ерекшеліктері («Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес 

орта ғасырлық қалаларды зерттеу); 

қолөнер  мен  сауданың  дамуы,  үйге  қажетті  заттарды  жасау,  ұсталық 

кәсіп,  зергерлік  өнер,  сауда  және  ақша  айналымы,  сәндік-қолданбалы  өнер, 

оның  ерекшеліктері,  («Мәдени  мұра»  бағдарламасы  аясында  орта  ғасырлық 

сәулет өнерінің дамуын зерттеу); 

ғылымның  дамуы  (математика,  философия,  музыка,  жаратылыстану,  тіл 

білімі және т.б.), Отырар кітапханасы, халық медицинасы, білім беру, тіл және 

жазу,  әдебиет,  түркі  тілдес  халықтардың  ғылым  мен  мәдениет  жолындағы 

көрнекті  қайраткерлері,  Әбу  Насыр  әл-Фараби,  Әбу  Райхан  Бируни,  Ахмет 

Йасауи, («Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес ұлттық мәдени орталықтардың 

құрылысы және әл-Фарабидің кесенесі туралы зерттеулер);  

тәңірлік, діни наным-сенімдер, ислам діні мен араб жазуының ғылым мен 

мәдениетке тигізге ықпалы;  

қорытындылау. 

30. «ХІІІ ғ. – ХV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан» (11 сағат): 

монғол  империясының  құрылуы,

 

монғол  империясының  мемлекеттік 



және қоғамдық құрылысы, моңғолдардың Қазақстанды жаулап алуы,

 

халықтың 



Шыңғыс  хан  әскеріне  қарсы  қаһармандық  күресі,

 

Отырар  қорғанысы,  монғол 



ұлыстарының  құрылуы  (Жошы  мен  Шағатай  ұлысы),  жаулап  алудың 

зардаптары;  

Алтын  Орданың  құрылуы,  Алтын  Орданың  күшеюі,  Алтын  Орданың 

саяси және қоғамдық құрылысы; 

Ақ  Орда,  Ақ  Орданың  дербестік  алуы,  жер  аумағы  мен  этникалық 

құрамы, ішкі және сыртқы жағдайы, шаруашылығы; 

Моғолстан,  жер  аумағы  және  этникалық  құрамы,  ішкі  және  сыртқы 

жағдайы, шаруашылығы; 

Темір  мемлекеті  (Темірдің  Алтын  Орда,  Ақ  Орда,  Моғолстан,  Қытай, 

Үндістан т.б. елдерге жорықтары), оның салдары; 

Ноғай Ордасы, жер аумағы және этникалық құрамы, Сарайшық қаласы  – 

ХІІІ-ХV ғасырлардағы Ноғай ордасының әкімшілік, экономикалық, сауда және 

мәдениет  орталығы,  мемлекеттің  ыдырауы,  Солтүстік  Қазақстан  мен  Батыс 


 

Сібір  (тайпалардың  этникалық  құрамы,  орналасқан  жері,  ішкі  және  сыртқы 

жағдайы); 

Әбілқайыр  хандығы,  хандық  биліктің  нығаюы  және  мемлекеттік 

құрылымы; 

Қазақстан  территориясындағы  орта  ғасырлық  мемлекеттердің  әкімшілік 

құрылысы, қоғамдық құрылымы, жерді пайдалану және алым-салықтар; 

экономикалық жағдайы, мал шаруашылығы және егіншілік, қалалар және 

қоныстар, қолөнер; 

қорытындылау 

31.  «ХІV  -  ХV  ғасырлардағы  Қазақстандағы  этникалық  үдерістер.  Қазақ 

этносының қалыптасуы» (2 сағат): 

Қазақстандағы  этносаяси  үдерістер,  халықтардың  этникалық  құрамы, 

этносаяси  қауымдастықтардың  қалыптасуы,  қазақ  халқының  қалыптасуының 

аяқталуы; 

қазақ жүздері,

 

«алаш» атауы, «қазақ» атауының шығуы. 



32. «ХІV - ХV ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті» (3 сағат): 

материалдық мәдениет, баспана, киім-кешек, әдет-ғұрыптар мен салттар, 

қалалықтардың өмірі мен тұрмысы, қолөнер және үй жиһазын жасау, зергерлік 

бұйымдар, сауда; 

рухани  мәдениет,  халық  ауыз  әдебиеті  (ертегілер  мен  аңыздар,  ақындар 

айтысы,  жұмбақтар  мен  мақал-мәтелдер),  жазу,  білім,  музыка  өнері,  қазақ 

билері  мен  күйлері,  жыршылық  өнер  және  жыраулар,  бақсылық,  халық 

медицинасы; 

қалалық сәулет өнері, кесенелер, (Түркістандағы Ахмет Йассауи кесенесі, 

Көк-кесене), сәндік-қолданбалы өнер; 

33.  3  –  бөлім



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет