Қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай ералы тоғжанов



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата22.12.2016
өлшемі0,92 Mb.
#240
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ӘдебИеттер:
1.   Қазақстан  Республикасының  Конституциясы.  1995  жылғы  
30 тамыз.
2.   Қазақстанның Ел бірлігі Доктринасы. – Астана, 2010.
3.   Назарбаев  Н.  Ә.  Бейбітшілік  және  келісім  саясаты.  –  Астана, 
2008.– Б.253, 363 / Назарбаев Н. А. Политика мира и согласия. 
– Астана, 2008. – С.253, 363.
4.   Назарбаев  Н. Ә. Тарих толқынында. – Астана, 1999. – Б.186.
5.   Қазақстан 
халқы 
Ассамблеясы 
туралы. 
Қазақстан 
Республикасының 2008 жылғы 20 қазанда қабылданған заңы // 
www.adilet.kz.
6.   Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ. 
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  2014  жылғы  17  қаңтардағы 
Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 2014.
7.   «Қазақстан–2050»  стратегиясы.  Қалыптасқан  мемлекеттің 
жаңа  саяси  бағыты.  Қазақстан  Республикасының  Президенті 
– Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы 
Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 2012.

36
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
Қазақстан халқы 
Ассамблеясының 
халықаралық қызметі 
тарихының кейбір 
беттерінен
нұрбек ШаяхметоВ,
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы 
«Қоғамдық келісім» РММ Ғылыми-сараптамалық 
қолдау және әдістемелік қамтамасыз ету қызметінің 
жетекшісі, тарих ғылымдарының докторы
Қ
азақстан  Республикасы  Президентінің  Жарлығымен 
1995  жылы  1  наурызда  құрылған  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясы  бүгінгі  таңда  жиырма  жылдық  тарихи 
белеске шығып отыр. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы 
жылдарында  Елбасы  Н.  Ә.  Назарбаев  мемлекеттік  этносаясат 
саласында  инновациялық  идея  ретінде  ұсынып,  қоғамдық-саяси 
өмірге  табысты  енгізілген  Ассамблеяның  сан  алуан  қызметі  әр 
қырынан  зерттеп-зерделеуді  қажет  етеді.  Соның  бірі  –  Қазақстан 
халқы Ассамблеясының халықаралық қызметінің тарихы. 
Н. Ә. Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық 
келісімнің  қазақстандық  моделінің  құрамдас  бөлігі  –  Қазақстан 
халқы  Ассамблеясы  болып  табылады.  Бұл  модельдің  оңтайлы 
тәжірибесін    халықаралық  қауымдастық  мойындады  әрі  шет 
елдерде  кеңінен  танылды.  Соңғы  үш  жылда  ғана  Ассамблея 
Хатшылығына  қазақстандық  тәжірибеге  қызығушылық  танытқан 
шет елдік сарапшылар, парламент мүшелері, ғалымдар, дипломат-
тар,  журналистер,  үкіметтік  емес  ұйымдар  тарапынан  алпыстан 
астам  сұраныс  түскен.  Қазақстандық  моделді  зерттеу  жөніндегі 
сұранысты  18  елдің  өкілдері  жасаған  (Болгария,  Ұлыбритания, 
Германия,  Франция,  Испания,  Италия,  Қытай,  Малайзия,  АҚш, 
Ресей, Түркия, Украина, Армения, Канада, оңтүстік Корея, Польша, 
венгрия, Финляндия). 

37
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың ғаламдық қауіпсіздік мәселелерінде 
ядролық  қаруды  таратпау  жөнінде  нақты  қадамдарынан  бастап 
теңдік, ғаламдық толеранттылық, сенім қағидаттарына негізделген 
G-global  идеясын  іс  жүзіне  асыруға  дейінгі  бастамалары  нәтиже-
сінде  Қазақ  елі  халықаралық  қауымдастықтағы  сенімді  серіктес 
ретінде  танымал  елге  айналды.  осы  тұрғыда  «толеранттылықсыз 
ғаламдық  сенім  болмайды»  деген  тұжырым  терең  мазмұнға  ие 
болды. 
Елдегі этносаралық және конфессияаралық татулық пен келісім-
нің  келелі  мәселелерін  шешуде  нақты  жетістіктерге  қол  жеткізуі 
Қазақстанның  Еуразиялық  интеграция,  Азиядағы  өзара  іс-қимыл 
және  сенім  шаралары  жөніндегі  кеңес,  шанхай  ынтымақтастық 
ұйымы  сияқты  маңызды  ғаламдық  жобаларға  бастама  жасауға 
мүмкіндік беріп отыр. 
Қазақ  елі  өз  тәуелсіздігін  алғаннан  кейінгі  өтпелі  кезеңнің  аса 
күрделі жағдайларына, ішкі дағдарыстар мен сыртқы қатерлерге қа-
рамастан, этносаралық қайшылықтарға жол берген жоқ. Қазақстан 
тұрақсыздық жайлаған әлемде тұрақтылығын сақтап отыр. Бұл жерде 
Қазақстан халқының даналығы мен Елбасының салиқалы саясаты 
ұштастырылған  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  шешуші  рөлін 
ерекше атап өткен абзал. Мұндай игілікті тәжірибеге халықаралық 
қауымдастық тарапынан назар аударылмауы мүмкін емес еді. 
Әлемнің  мәдени-өркениеттік  әралуандықтың  тұрғысынан 
Қазақстан  халқы  толеранттылығымен,  теңдік  диалогына  деген  оң 
ниетімен,  азаматтардың  бір-біріне  деген  құрметі,  өзара  сенімімен, 
адам  құқығы,  қауіпсіздігі  мен  дамуының  өзара  органикалық 
тұтастығымен  сипатталады.  Жаһан  дүниедегі  көпұлтты  елдердің 
бірі ретінде Қазақстан қоғамдық құндылықтар мен саяси-экономика-
лық дамудың түбегейлі өзгерістері кезінде посткеңестік аумақтағы 
басқа  бірқатар  елдермен  салыстырғанда  елдегі  қоғамдық  келісім 
мен бейбіт өмір тұрақтылығын сақтап қалды. 
Қазақстанда  этномәдени  әртүрліліктің  жаңғыруы  мен  дамуына 
бағдарланған  мемлекеттік  саясат  жүзеге  асырылып  келеді. 
Этносаралық  қатынастарды  үйлесімді  етуге,  әрбір  этностың 
мүдделерін  қорғауға  қажетті  барлық  мүмкіндіктер  жасалған. 
Бұл  жетістіктер  жөнінде  бірқатар  халықаралық  ұйымдар,  соның 
ішінде  беделді  ЕҚыҰ  да  оң  бағасын  бергені  белгілі.  Қазақстанда 
барлық  этностардың  азаматтық,  саяси,  экономикалық,  әлеуметтік, 
мәдени құқықтарын қорғау бағытындағы іс-шаралары халықаралық 

38
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
талаптарға сай болып табылады. Сондықтан бұл тәжірибенің басқа 
елдер үшін үлгі боларлық толық негізі бар. 
Бұл тәжірибеде Қазақстан халқын ұйыстырып отырған Қазақстан 
халқы Ассамблеясының рөлі ерекше. Бүгінгі таңда Ассамблея елдегі 
барлық  этностардың  мүддесін  қорғайтын  өміршең  механизмге 
айналды. 2007 жылы  Қазақстан Республикасының Конституциясына 
енгізілген  өзгерістерге  сәйкес  Ассамблея  сапалық  тұрғыда 
консультативтік-кеңесші  органнан  конституциялық  институтқа 
ауысты.  осылайша,  елдегі  этностық  топтар  үшін  өз  мүдделері 
туралы ұсыныстарын жоғарғы заң шығару органы арқылы билікке 
жеткізуге мүмкіндік жасалды. Бұл ЕҚыҰ Адам дамуының өлшем-
дері  бойынша  Копенгаген  конференциясы  кеңесінің  31-тармағына 
толық сәйкес келеді. 
Сондай-ақ,  Ассамблея  өз  қызметінің  халықаралық  бағыты 
бойынша  ЕҚыҰ-мен  бірге  басқа  да  халықаралық  ұйымдармен 
тығыз  жұмыс  істейді.  Мәселен,  2014  жылы  5  мамырда  Азиядағы 
өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес тәжірибесінде 
алғаш рет Қазақстан халқы Ассамблеясымен ықпалдастық туралы 
Меморандумға қол қойды. 
Жалпы, ҚХА өзінің сан қырлы қызметінде БҰҰ, ЕҚыҰ, Азиядағы 
өзара  іс-қимыл  және  сенім  шаралары  жөніндегі  кеңестің  басты 
ұстанымдарына  сүйенеді.  Мәселен,  БҰҰ-ның  Жарғысына  сәйкес 
негізгі мақсаттары мынаған сайып келеді: бүкіл әлемде бейбітшілік 
пен қауіпсіздікті сақтау; осы мақсатқа сай бейбіт өмірге қауіп төнген 
жағдайда,  оның  алдын  алу  үшін,  тиімді  ұжымдық  шараларды, 
бейбітшілікке қауіп төндіретін агрессиялық актілерді немесе басқа 
да қауіптерді болдырмауды жүзеге асырады. 
Бейбітшілікке қауіп төндіретін халықаралық келіспеушіліктерді, 
қайшылықты жағдайларды реттеу немесе шешу бейбіт әдістермен, 
халықаралық құқық және әділеттілік қағидаттарына сәйкес жүзеге 
асырылады. 
Ұлттар  арасындағы  достық  қатынастарды  дамытуды  халықтар-
дың теңдігі мен өзін-өзі айқындау құқығы қағидаттарын құрметтеу 
негізінде  жүзеге  асыруды  қамтамасыз  ету  және  жалпыға  ортақ 
бейбітшілікті  нығайтуға  бағытталған  басқа  да  тиісті  шараларды 
қамтамасыз етеді.
Экономикалық, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық сипаттағы 
халықаралық мәселелерді шешуде халықаралық ынтымақтастықты 
жүзеге  асыру  мен  нәсілдік,  жыныстық,  тілдік,  діни  шығу  тегі 

39
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
мен  ұстанымына  қарамастан  адамның  негізгі  құқықтары  мен 
еркіндіктерін құрметтеуді қолдайды. осы мақсаттарға қол жеткізуде 
ұлттардың  бірлесіп  әрекет  ететін  орталығы  болуды  жоспарлайды 
[1]. 
Бұл жерде ерекше назар аударатын жағдай – БҰҰ Бас хатшысы  
Пан  Ги  Мунның  2010  жылдың  сәуірінде  Қазақстанға  ресми  са-
па-ры  кезінде  жасаған  мәлімдемесі.  онда:  «Қазақстан  халқы 
Ассамблеясының  қағидаттары  Біріккен  Ұлттар  Ұйымының 
қағидаттарымен  толық  сәйкес  келеді.  Достық  бейбітшіліктің, 
гүлденудің және қауіпсіздіктің іргетасы. ол құрмет, толеранттылық 
және төзімділік құндылықтарына негізделеді. Бұл – БҰҰ қағидат-
тары. Және де бұл қағидаттар Қазақстан халқы Ассамблеясына да 
тән», – деген болатын [2, 13].
1992 жылы 5 қазанда БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші Сессия-
сында  Қазақстан  Президенті  Н.  Ә.  Назарбаев  ЕҚыҰ  үлгісінде 
Азиядағы  өзара  іс-қимыл  және  сенім  шаралары  жөніндегі  кеңес 
құру идеясын ұсынғаны баршаға мәлім. 
Мақсаты – аймақтағы елдердің пәрменін Азиядағы қауіпсіздікті 
қамтамасыз  етуге  жұмылдыру.  Кеңеске  географиялық  тұрғыда 
аумағы  Азияға  енетін  мемлекеттер  мүше  бола  алады.  Қазіргі 
таңда  Азиядағы  өзара  іс-қимыл  және  сенім  шаралары  жөніндегі 
кеңес  масштабы  зор  мемлекетаралық  жоба  ретінде  табысты 
қызмет  атқарып  келеді.  Ұйым  Қазақстанның  қауіпсіздігі  үшін 
«сыртқы белдік» механизмі ретінде ғана емес, сонымен бірге, Азия 
құрлығындағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықты қамтамасыз етуде 
елеулі рөл атқарып келеді. 
Кеңестің 
аталған 
бағыттағы 
маңызды 
жетістігі 
– 
ынтымақтастықтың  тиімді  тетіктерін  қалыптастыруға  арналған 
Азиядағы сенім шараларының Каталогы атты құжаттың қабылдануы 
болып табылады. 
Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  өзінің  халықаралық  қызметінде 
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің 
негізгі  идеялары  мен  қағидаттарын  жүзеге  асыруға  белсене 
араласады. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі 
кеңеске  мүше  мемлекеттердің  өзара  қатынастарын  реттейтін 
қағидаттарға  негізделген  Декларацияда  аталған  кеңеске  мүше 
мемлекеттер БҰҰ Жарғысының мақсаты мен қағидаттарына берік 
екендігін  жариялай  отырып,  өзара  қарым-қатынастарда  мынадай 
құндылықтарды басшылыққа алатындығын мәлімдеді: 

40
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
теңдік егемендігі, егемендікке тән құқықтарға құрмет; 
– күш қолданудан немесе күшпен қауіп төндіруден бас тарту
– мүше-мемлекеттердің аумақтық тұтастығы; 
– дауларды бейбіт келісімдер арқылы реттеу
– бір-бірінің ішкі істеріне араласпау;
– қарусыздандыру және қарулануға бақылау;
– экономикалық, әлеуметтік және мәдени ықпалдастық;
– адам құқығы және негізгі бостандықтары [3]. 
Қазақстан  1992  жылы  қаңтарда  ЕҚыҰ  мүше  болып 
қабылданғаннан  бері  жалпыеуропалық  үдерістерге  белсене 
араласып, 1975 жылғы Хельсинки Қорытынды актісі мен ұйымның 
басқа да құжаттарындағы негізгі қағидаттарын іс жүзінде қолдануда 
орасан  зор  жұмыстар  атқарды.  Өз  кезегінде  бұл  жұмыстар 
Қазақстанның ЕҚыҰ-на жетекшілік жасау жөніндегі стратегиялық 
мақсатына  негіз  болды.  Бұл  ниетін  2003  жылы  ақпанда  ұйымның 
Тұрақты Кеңесінің мәжілісінде жария етті. 
Енді  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  қызметі  ЕҚыҰ 
қағидаттарына  қаншалықты  сай  келеді  дегенге  келетін  болсақ, 
оған  Қазақстанның  2010  жылы  бұл  ұйымға  төрағалығын  айтсақ 
та  жеткілікті.  Дегенмен,  бұл  ұйымның  қандай  іргелі  халықара-
лық  құжаттарды  басшылыққа  алатындығына  тоқталатын  болсақ,  
ЕҚыҰ-ның  1999  жылы  өткен  Стамбул  саммитінде  Еуропалық 
қауіпсіздік Хартиясы қабылданды. Бұл құжатты қабылдау арқылы 
Еуропа үшін ХХІ ғасырда қауіпсіздіктің үлгісі қандай болуы керек 
деген  пікірталасқа  нүкте  қойылды.  ЕҚыҰ-на  мүше  30  мемлекет 
Стамбул декларациясын қабылдап, Еуропадағы қарапайым қарулы 
күштер туралы бейімделген шартқа қол қойылды. 
Хартияның  3-тармағында  мынадай  ұстаным  белгіленген: 
«қауіпсіздік  және  бейбітшілік  екі  басты  элементке  негізделген 
бағыттармен нығайтылу керек: мемлекет ішінде  адамдар арасындағы 
сенімді нығайту және мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту». 
Хартияның 9-тармағында мемлекеттердің міндеттері айқындалған: 
«өзара  қарым-қатынасты  қауіпсіздіктің  жалпы  және  толыққанды 
тұжырымдамасына  сәйкес,  тең  құқылы  серіктестік,  өзара  көмек 
және  транспаренттілік  ұстанымдарымен  жетекшілік  ету  арқылы 
құру». 
Хартияда  ЕҚыҰ  мүше  мемлекеттері  БҰҰ  Жарғысы  мен  Хель-
синки Қорытынды актісін басшылыққа алатынын жариялады [4].
Аталған  қағидаттар  мен  қабылданған  құжаттарға  қарағанда 

41
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
ЕҚыҰ  кеңістігінде  толеранттылық  пен  мәдениетаралық  диалог 
ұстанымдарын  насихаттау  Қазақстанның  осы  ұйымға  төрағалық 
етудегі мейлінше өзекті міндетіне айналды. 
орталық  Азия  республикаларының  бірі,  ТМД  елдері  арасынан 
алғашқы елдің жетекшілік етуі жөніндегі шешім 2007 жылы 29–30 
қарашада Мадридте өткен Сыртқы істер министрлері Кеңесінің 15-
ші отырысында қабылданды. Аталған кеңесте Қазақстанның ЕҚыҰ 
төрағалығы  2010  жылы  жүзеге  асырылатын  болып  шешілген-ді. 
Бұл  шешім  Қазақ  елінің  демократиялық  қоғам  құрудағы,  саяси 
және  қоғамдық  келісімді  қамтамасыз  етудегі  ішкі  және  сыртқы 
саясатының жетістіктеріне берілген жоғары баға болатын. 
Бұған  дейін  ЕҚыҰ  төрағалығына  үнемі  Батыс  Еуропа  елдері, 
Еуроодаққа мүше немесе үміткер елдердің ішінен сайланатын еді. 
Сонымен бірге, ТМД елдерінің бірде-бірі осынау жоғарғы миссияны 
атқаруға үміткер болған емес. 
Бұл  аса  жауапты  әрі  мәртебелі  миссияны  атқаруға  қол 
жеткізгенге дейін мемлекетті құру мен дамытудың Қазақстандық оң 
тәжірибесі қалыптасты. Әсіресе, ол этносаралық, конфессияаралық 
толеранттылық  пен  қоғамдық  келісім  саласында  ерекше  көрініс 
берген еді. Сол себепті, Қазақстанның ұлтаралық қатынастар үлгісін 
халықаралық ұйымдар мен сарапшылар тарапынан зерттеуге деген 
қызығушылық  арта  бастады.  Қазақстанның  қоғамдағы  татулық 
пен  келісімді  сақтауға  бағытталған  ұлттық  саясаты  халықаралық 
деңгейде  талқыланатын  мәселеге  айналды.  1995  жылы  8–9 
желтоқсанда  швейцария  конфедерациясы  үкіметінің  қолдауымен 
және  ЕҚыҰ-ның  Аз  ұлттар  ісі  жөніндегі  Жоғары  комиссарының 
төрағалығымен  Қазақстандағы  ұлтаралық  қатынастар  мәселесі 
туралы  «дөңгелек  үстел»  өткізілді.  Бұл  шараға  Президент 
әкімшілігі,  Парламент  депутаттары,  Қазақстан  Республикасының 
Үкіметі  мүшелері,  жергілікті  билік  органдарының,  Қазақстан 
халықтары  Ассамблеясының,  этномәдени  орталықтар  мен  қоғам-
дық бірлестіктердің өкілдері қатысты. Ал 1996 жылы 25–27 қаңтарда 
Брюссельде «Қазақстандағы этносаралық қатынастар: халықаралық 
контекстегі мүмкіндіктер мен міндеттер» деген тақырыпта семинар 
ұйымдастырылды.  Брюссельдегі  сарапшылар  Қазақстандағы 
этносаралық қатынастардың тарихи тамыры терең екендігіне және 
қоғамдық деңгейде де, жеке адамдар арасындағы өзара қатынасын-
да да бейбіт сипатқа ие болып келгендігіне ерекше назар аударды. 
Брюссельден кейін Алматыда өткізілген осынау үлкен форумды 

42
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
ұйымдастыруға Қазақстан халқы Ассамблеясы белсене атсалысты. 
ол  «Жаңа  тәуелсіз  мемлекеттердегі  этносаралық  қатынастар 
үйлесімділігі мәселелері (Қазақстан мысалында)» деген тақырыпқа 
арналған болатын. Ғалымдар мен саясаткерлердің салиқалы диалог 
үлгісі ретінде таңдауы Қазақстанға түсіп отырғандығы бекер емес 
еді [5]. 
одан  кейінгі  жылдарда  көпұлтты  мемлекеттердегі  этносаралық 
қатынастар  мәселесіне  арналған  бірқатар  халықаралық  ғылыми 
шаралар ұйымдастырылды. Мәселен, 1997 жылы 3–4 желтоқсанда 
Алматыда  «Этносаралық  қатынастарды  жергілікті  және  аймақтық 
деңгейлерде  басқаруды  реттеу»  деген  тақырыпта  халықаралық 
семинар өтті. 1999 жылы 29–30 қазанда Алматыда Қазақстан халқы 
Ассамблеясы ЕҚыҰ өкілдерімен бірге Гаага және осло ұсыныстары 
аясында «Қазақстандағы тіл саясаты: тәжірибе, мәселелер және оны 
шешу жолдары» атты халықаралық семинар ұйымдастырды. 
2000  жылы  сәуірде  Алматыда  «Аз  ұлттардың  қоғамдық  өмірге 
тиімді қатысуы» атты конференция өтті. Бұл конференцияның басты 
тақырыбы ЕҚыҰ лунд ұсыныстары болған еді. 
2001 жылы 22 қыркүйекте Рим Папасы Иоан Павел ІІ Қазақстанға 
мемлекеттік сапармен келді. Бұл бүкіл орталық Азия үшін ерекше 
оқиға еді, өйткені католик шіркеуінің басшысы дүниежүзілік елші 
атағына  ие  болған  адам.  ол  өз  сөзінде  Қазақстан  халқының  ізгі 
ниетті  менталитетіне  ерекше  тоқтала  келе:  «Сіздердің  елдеріңіз 
географиялық аумағы жағынан әлемде алдыңғы орындардың бірін-
де, онда өмір сүретін азаматтар жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың 
өкілдері  және  де  олардың  барлығына  республика  Конституциясы 
тең құқықтары мен еркіндігіне кепілдік береді», – деді. «Ашықтық 
пен  ынтымақтастық  рухы  Сіздердің  дәстүрлеріңіздің  құрамдас 
бөлігі болып табылады, өйткені, Қазақстан ежелгі дәуірлерден бері 
сан  алуан  дәстүрлер  мен  мәдениеттердің  тоғысуы  мен  көршілік 
жағдайында болды», –  деп атап көрсетті [6]. 
2006 жылы 12 маусымда Президент Н. Назарбаев ЕҚыҰ Алматыда 
Мәдениетаралық,  дінаралық  және  этносаралық  түсіністік  мәселе-
лері  бойынша  өткізілген  жиынға  қатысып,  сөз  сөйледі.  Аталмыш 
форум жұмысына ЕҚыҰ құрамына енетін 55 елдің өкілдерінен 300-
ден  астам  адам  қатынасты.  олардың  ішінде  ЕҚыҰ  төрағасының 
арнайы  өкілі  П.  шевалье,  ЕҚыҰ  бас  хатшысы  М.  П.  Бришамбо, 
ЕҚыҰ  Аз  ұлттар  істері  жөніндегі  Жоғары  комиссары  Р.  Экеус, 
ЕҚыҰ демократиялық институттар мен адам құқығы жөніндегі Бюро 

43
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
директоры К. штрохаль, БАҚ-ның еркіндігі жөніндегі ЕҚыҰ өкілі 
М. Харасти, Қазақстандағы дипломаттар, ҚХА, саяси партиялар мен 
үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. 
Президент  өз  сөзінде  мәдениетаралық,  дінаралық  және 
ұлтаралық  түсіністік  мәселелерін  талқылау  жөніндегі  ЕҚыҰ 
маңызды  форумын  өткізу  идеясы  Қазақстан  тарапынан  көтеріліп 
отырғандығын  атай  отырып,  бұл  бастамаға  қолдау  білдірген 
елдерге  өзінің  ризашылығын  жеткізді.  Президент  бұл  форумның 
толеранттылықты қалыптастыру, ұлтаралық дағдарыстардың алдын 
алу  немесе  қақтығыстардан  кейінгі  түсіністікті  қалпына  келтіру 
мәселелеріне қатысты жауап беру үшін шақырылып отырғандығына 
ерекше  мән  берді.  Дәл  осы  толеранттылық  құндылықтар  46  діни 
конфессия жұмыс істейтін және 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар 
мекен  ететін  Қазақстандағы  қоғамдық  тұрақтылық  пен  келісімді, 
экономикалық  дамуды  қамтамасыз  етіп  отырған  шешуші  фактор 
болып  отырғандығына  тоқталды.  Мұндай  ерекше  құбылыс 
тәжірибесіне  ЕҚыҰ  қауымдастығы  тарапынан  қызығушылық 
артып  отыр.  Ұлтаралық  және  дінаралық  қатынастар  саласында 
қол  жеткізілген  жетістіктер  Қазақстанның  аталмыш  беделді 
халықаралық  ұйымға  жетекшілік  жасау  жөніндегі  бастамасына 
алғышарт болып табылады. Президент осы себептерден Қазақстанда 
бұл  мақсатқа  жету  бағытында  жоспарлы  әрі  жүйелі  түрде  жұмыс 
жүргізіліп келе жатқандығын және осы ұйым мүшелері тарапынан 
қолдау табатындығына сенетіндігін атап өтті. 
2006  жылы  21  қарашада  БҰҰ  штаб-пәтерінде  Қазақстан 
халықтары Ассамблеясының 10 жылдығына арналған кітаптардың 
тұсаукесері  өткізілді.  20  желтоқсанда  Мәскеуде  Қазақстан  халық-
тары Ассамблеясының тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды. 
2007 жылы 9 қазанда Елбасы ЕҚыҰ-ның Аз ұлттар ісі жөніндегі 
Жоғары  комиссары  К.  воллебекті  қабылдады.  Кездесу  барысында 
Қазақстан  мен  ЕҚыҰ  арасында  ұлттық  саясатты  үйлесімді  түрде 
жүзеге  асыру  мәселелері  бойынша  ынтымақтастықтың  жемісті 
тәжірибесі қалыптасқандығы атап көрсетілді. 
2010  жылы  Қазақстанның  ЕҚыҰ-на  төрағалық  жасайтыны 
жөнінде  шешім  жарияланған  соң,  Президент  2008  жылы  
6 ақпанда Қазақстан халқына жолдауында ұйымға төрағалық етудің 
жоспарын дайындау үшін «Еуропаға жол» атты арнайы мемлекеттік 
бағдарлама  жасау  міндетін  белгіледі.  Сол  жылы  29  тамызда 
Президент Жарлығымен 2009–2011 жылдарға арналған бағдарлама 

44
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
қабылданды.  оның  мақсаты  –  Қазақстан  Республикасының 
Еуропаның жетекші елдерімен стратегиялық серіктестік деңгейіне 
көтерілуін қамтамасыз ету. 
Бағдарламада  Еуропа  елдерімен  этносаралық  және  конфес-
сияаралық  келісімді  қамтамасыз  ету  саласында  тәжірибе  алмасу 
бағытында ынтымақтастыққа ерекше назар аударылатындығы атап 
көрсетілді. «ол Қазақстанның этносаралық және конфессияаралық 
келісімді  нығайтуда  тиімді  тетіктерді  қалыптастырудың  оң 
тәжірибесін  мультипликациялауға  және  діни  сенімге  құрметпен 
қарайтын, толерантты еуразиялық қауымдастықты қалыптастыруға 
үлес қосуға мүмкіндік береді», – деп атап көрсетілді [7]. 
2008  жылы  Анкарада  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  де-
легациясы  Түркиядағы  Еуразиялық  стратегиялық  зерттеулер 
орталығының  мамандарымен  бірге  «дөңгелек  үстелге»  қатысты. 
«Дөңгелек үстелде» талқыланған басты тақырып – Қазақстандағы 
этносаралық  татулық  моделі.  онда  аса  қызу  пікірталас  тудырған 
мәселелердің бірі мемлекеттік тілді оқып-үйрену болды. Ғылыми-
сарапшылық  орта  өкілдері  этносаралық  келісімнің  өзекті 
мәселелерін  талқылауда,  тәжірибе  алмасуда  мұндай  кездесулердің 
ерекше маңыздылығына тоқталды. 
2008 жылы 21 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Мә-
жіліс  депутаттары  мен  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  өкілдерінен 
құралған делегация АҚш-қа ресми сапары жүзеге асырылды. онда 
мазмұнды кездесулер мен тақырыптық іс-шаралар өткізді. 
Сонымен  бірге,  2008  жылы  этносаралық,  конфессияаралық 
толеранттылық  пен  қоғамдық  келісімнің  қазақстандық  моделін 
насихаттау, таныстыру және тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстан 
халқы Ассамблеясының делегациясы Израильде, Малайзияда ресми 
сапармен болды. 
Қазақстан үкіметінің Сыртқы істер министрлігімен бірге жасаған 
Қазақстандағы  этностардың  тарихи  отанымен  қарым-қатынасты 
нығайту,  дінаралық  және  этносаралық  келісімді  шет  елдерде 
насихаттау бағдарламасы аясында 2008 жылдың 10–12 желтоқсаны 
аралығында  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  делегациясының 
Австрияға сапары жүзеге асырылды. 
Қазақстандық  делегация  венаға  келген  күні  Австриядағы 
мұсылмандар қоғамының президенті және Австрия Парламентінің 
депутаты доктор А. шакфехпен кездесу өткізді. Кездесу барысында 
Қазақстан мен Австриядағы дін саласындағы ахуал мен дінаралық 

45
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
келісім  мәселелері  туралы,  Қазақстанда  өткізілген  әлемдік  және 
дәстүрлі діндер съезі жайында пікір алмасу болды. Жалпы алғанда, 
оның  пікірі  бойынша,  Австрия  қоғамындағы  этносаралық  және 
дінаралық қатынастар тұрақты, дегенмен, бұл саладағы қазақстан-
дық тәжірибе де Австрия үшін ерекше маңызды. 
венадағы бірқатар ресми кездесулерден кейін «Ұлтаралық және 
дінаралық  келісімнің  қазақстандық  моделі»  тақырыбына  арналған 
«дөңгелек үстел» өткізілді. онда қазақстандық делегация Қазақстан 
Президентінің тың бастамасымен құрылған жалпыұлттық келісім-
нің  қайталанбас  моделі  ретіндегі  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы 
институты  туралы  жан-жақты  ақпарат  берді.  Ассамблеяның 
Қазақстанның қоғамдық өміріндегі белсенді рөлі ашып көрсетілді. 
Сонымен бірге, австриялық өкілдер Қазақстандағы 130 этностың 
әлеуметтік-мәдени  өміріне,  этномәдени  бірлестіктердің,  арнайы 
лингвистикалық орталықтар мен мектептердің, діни бірлестіктердің 
қызметіне ерекше қызығушылық танытты. Австриядағы іс-шаралар 
барысында Н. Назарбаевтың «Бейбітшілік пен келісім саясаты» атты 
еңбегінің тұсаукесері болып, Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы 
түсірілген «Под общим шаныраком» фильмі көрсетілді.
«Дөңгелек үстел» қорытындысы бойынша жергілікті саяси элита 
мен халықаралық қауымдастық өкілдері этносаралық және дінара-
лық  келісімнің  қазақстандық  моделі  2010  жылы  Қазақстанның 
ЕҚыҰ-ға  табысты  төрағалық  етуіне  басты  алғышарттың  бірі 
болатындығын атап өтті. 
11 желтоқсанда «Өркениеттер диалогы» әлемдік қоғамдық фору-
мы мүшелерінің қатысуымен өткізілген кездесуде Астанада болып 
өткен «ортақ әлем: прогреске – көптүрлілік арқылы» тақырыбындағы 
сыртқы  істер  министрлері  форумының  қорытындылары, 
Қазақстанның  «Өркениеттер  альянсына»  қатысуы,  Астанада 
өткізілген  әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  лидерлері  съездерінің 
қорытындылары  талқыланды.  Кездесуге  қатысушылар  Қазақстан 
тарапынан  жүзеге  асырылған  осынау  игілікті  іс-шаралардың 
нәтижесінде  өркениеттердің  өзара  үнқатысуының  үйлесімділігі 
идеясы  ғаламдық  деңгейде  табысты  насихатталғандығын  ерекше 
атап көрсетті. 
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының этносаралық және 
дінаралық  келісім  мен  тұрақтылықты  қамтамасыз  ету  саласында 
оң  тәжірибесі  бар  ел  ретінде  халықаралық  аренада  маңызды 
рөл  атқаратындығын  атап  өтті.  Австриялық  өкілдер  Қазақстан 

46
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
басшылығының  «Еуропаға  жол»  мемлекеттік  бағдарламасында 
белгілеген  басымдықтарын  да  жоғары  бағалады.  Сондай-ақ, 
ұлтаралық  және  дінаралық  келісімнің  қазақстандық  моделін 
насихаттау  мақсатында  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  өкілдерін 
«Өркениеттер диалогы» әлемдік қоғамдық форумының сессиясына 
қатысу мүмкіндіктері де талқыланды. 
2009 жылы 1 мамырда Астанада Азиядағы өзара ынтымақтастық 
және  сенім  шаралары  Кеңесіне  енетін  елдердің  этномәдени 
бірлестіктерінің  форумы  өткізілді.  Форумға  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясы ұйытқы болды. Форумның басты мақсаты – Азиядағы 
өзара ынтымақтастық және сенім шаралары Кеңесі құрамына енетін 
елдердегі этномәдени саясат мәселелері бойынша тәжірибе алмасу, 
этносаралық  татулық  пен  дінаралық  келісімнің  қазақстандық 
моделін насихаттау, Азиялық мемлекеттердің мәдени-гуманитарлық 
саладағы  ынтымақтастығын  кеңейту,  халықаралық  аренада  еліміз-
дің беделін нығайту. 
Қазақстандық үлгі ҚХА мен ЕҚыҰ-ның Аз ұлттар ісі жөніндегі 
Жоғарғы  комиссары  арасындағы  тығыз  байланыстың  маңызды 
бағыттарының  бірі  болды.  Бұл  жерде  ерекше  назар  аударатын 
мәселе,  этносаралық  қатынастар  саласындағы  Қазақстанның 
тәжірибесі  бірқатар  халықаралық  ғылыми  форумдарда  талданып, 
зерттелді. олар: «Қазақстан және ЕҚыҰ: этносаралық контекстегі 
жалпылық  және  ерекшелік»  (ақпан,  2009),  «Көпұлтты  қоғамдағы 
әлеуметтік  интеграцияның  заңдық  тұрғыда  қамтамасыз  етілуі» 
тақырыбындағы халықаралық семинар (мамыр, 2009), Қазақстанның 
ЕҚыҰ-на төрағалығы аясындағы аталған ұйымның серіктес елдер 
тобы бойынша (Жерорта теңізі елдері) қосымша семинар (2009 ж.), 
«Қазақстан этностарының қоғамдық-саяси өмірге қатысуы. Кеңесші 
органдардың рөлі мен тиімділігі: Қазақстан халқы Ассамблеясының 
тәжірибесі»  атты  халықаралық  семинар  (қыркүйек,  2009), 
«Этносаралық  және  қоғамдық  келісімнің  қазақстандық  үлгісі» 
тақырыбындағы семинар (Гаага, қыркүйек, 2009), «Толеранттылық 
және  дискриминациядан  бас  тарту,  агрессивті  ұлтшылдықтың, 
нәсілшілдіктің  және  шовинизмнің  алдын  алу»  тақырыбындағы 
семинар (варшава, қыркүйек 2009). 
Қазақ елінің ЕҚыҰ төрағалығы қоғамдық келісімнің қазақстан-
дық  табысты  формуласын  әлемдік  қауымдастықтың  мойындауы 
деп  қана  түсіну  жеткіліксіз.  осынау  беделді  ұйымға  төрағалық 
жасай отырып, біздің еліміз оны ұлттық стратегиялық жоба ретінде 

47
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
жариялады.  Бұл  кеңістіктегі  толеранттылық  пен  мәдениетаралық 
диалог мәселелерін аса маңызды басымдық етіп белгіледі. 
Тарихи  себептерге  байланысты  Қазақстан  әлемдегі  көпұлтты 
мемлекеттердің  бірі  болып  табылады.  Соған  сәйкес  көпұлтты 
қоғам  дамуының  толерантты  және  өзара  келісім  мен  татулыққа 
негізделген  баға  жетпес  тәжірибесі  жинақталған.  Сол  себепті 
Қазақстанның  маңызды  міндеттерінің  бірі  ЕҚыҰ-ға  серіктес 
елдермен  ұлтаралық  және  конфессияаралық  келісімді  орнықтыру 
және  оны  нығайтуда  жинақталған  тәжірибесімен  бөлісу  болды. 
осыған  орай,  Қазақстанның  ұсынысын  басшылыққа  ала  отырып, 
БҰҰ 2010 жыл – мәдениеттер үндестігінің халықаралық жылы деп 
жариялау туралы арнайы резолюция қабылдады.  
Этносаралық  және  конфессияаралық  толеранттылық  үлгісі 
Адам  құқығы  жөніндегі  БҰҰ  Кеңесінің  он  үшінші  сессиясында 
Қазақстанның нәсілдік шектеулердің барлық түрлерін жою туралы 
халықаралық конвенцияның орындалуы жөніндегі, сонымен бірге, 
адамның  экономикалық,  әлеуметтік  және  мәдени  құқықтары 
туралы  халықаралық  пакттың  жүзеге  асырылуы  бойынша  Ұлттық 
баяндамасының қабылдануына елеулі әсер етті.
2010 жылы 22 сәуірде этносаралық толеранттылық пен қоғамдық 
келісімнің қазақстандық үлгісі БҰҰ арнайы шараларының бірінде 
ұйымға мүше мемлекеттер мен Бас хатшы Пан Ги Мунның назарына 
ұсынылып, таныстырылды.
2010  жылы  29–30  маусымда  Астанада  толеранттылық  пен 
дискриминацияға жол бермеу бойынша ЕҚыҰ-ның конференциясы 
ұйымдастырылды.  Конференция  мақсаты  –  Қазақстанның 
төрағалығының  негізгі  басымдықтары:  ЕҚыҰ  құндылықтары 
бойынша 
міндеттердің 
орындалуына, 
толеранттылыққа, 
дискриминацияға жол бермеу және мәдениетаралық диалогқа ықпал 
ету. 
Конференция өткізілген ел мен уақыты кездейсоқ таңдалған жоқ 
еді.  Өйткені,  біріншіден,  Қазақстан  халықаралық  және  аймақтық 
қауіпсіздікті  қамтамасыз  етуде,  шығыс  пен  Батыс  арасындағы 
диалогты,  яғни  «өркениеттер  диалогын»  дамытуда  белсенді  рөл 
атқарып  отырған  көпконфессиялы  және  көпұлтты  ел.  Екіншіден, 
сол жылы ЕҚыҰ-ға төраға ретінде қызмет етті. 
Халықаралық  аренадағы  Қазақстанның  тағы  бір  жетістігі  –  ол 
Өркениеттер Альянсының «Достар тобы» бірлестігіне қабылдануы 
болды. 

48
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
Ассамблеяның  Өркениеттер  Альянсы  стратегиясын  қабыл-
дауға  қатысуы  мемлекетаралық  ынтымақтастықтың  жаңа  тұжы-
рымдамасын  жасау  үдерісіне  тың  қоғамдық  және  ғылыми 
ресурстарды  жұмылдыруға  мүмкіндік  берді.  оған  Қазақстанның 
Азиядағы  өзара  іс-қимыл  және  сенім  шаралары  жөніндегі  кеңес 
аясында жинақталған тәжірибесі кеңінен қолданылды. 
Ассамблеяның  ХХІ  сессиясында  жасаған  баяндамасында 
Елбасы  ұйымның  халықаралық  аренадағы  қызметіне  жоғары 
баға  бере  келе,  бұл  бағыттағы  жаңа  міндеттерді  былай  айқындап 
берді:  «Ассамблеяның  бай  халықаралық  байланыстары  бар.  Мен 
барлығыңызды  G-GLOBAL  идеясын  ілгерілету  үшін  өздеріңіздің 
халықаралық  байланыстарыңызды  пайдалануға  шақырамын. 
Сондай-ақ,  Ассамблеяда  еліміздегі  Астанада  өтетін  ЭКСПо–2017 
Бүкіләлемдік көрмесі мен Алматыда өтетін Универсиада – 2017 сияқ-
ты  аса  ірі  халықаралық  шараларға  дайындыққа  қатысу  бойынша 
өзінің нақты Іс-қимыл жоспары болуы тиіс. осы шараларда біз әлемге 
мәдениетімізді,  халқымыздың  полиэтностық  толеранттылығын, 
бейбітшілік пен келісім жағдайындағы табыстарымызды көрсетуге 
тиіспіз» [8]. 
Соған  байланысты,  Елбасының  Ассамблея  алдына  қойған 
міндеттерін  жүзеге  асыру  мақсатында  бірқатар  шараларды 
өткізу  қолға  алынды.  2014  жылы  30  қыркүйекте  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясы  ҚР  Мәдениет  және  спорт  министрлігімен  бірлесе 
отырып, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі 
кеңеске  мүше  мемлекеттері  халықтарының  ұлттық-мәдени 
орталықтары  Форумын  өткізді.  Форум  «Азиядағы  өзара  іс-қимыл 
және  сенім  шаралары  жөніндегі  кеңес  кеңістігіндегі  бейбітшілік, 
келісім және руханият мәдениеті» тақырыбына арналды. 
Форум  барысында  аталған  Кеңес  кеңістігіндегі  этносаралық 
толеранттылықты  нығайту,  ғылыми-сарапшылық  қауымдастығы-
ның  ықпалдастығы  мәселелері  қарастырылды.  Мәдени  әралуан-
дылық  пен  мәдениетаралық  диалогты  дамыту  бойынша  нақты 
ұсыныстар талқыланды. 
Форумның  қорытындысы  бойынша  арнайы  қарар  қабылданып, 
Азиядағы  өзара  іс-қимыл  және  сенім  шаралары  жөніндегі  кеңес 
кеңістігіндегі  өзара  ықпалдастыққа  серпін  беретін  ұйыстырушы 
алаң  мен  азаматтық  институттардың  қызметін  дамыту  туралы 
ұсыныстар жасалды [9]. 
G-GLOBAL-дың негізгі қағидаттарын негіздей отырып, Елбасы: 

49
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
«XXI ғасыр – толеранттылық пен экономикалық өсімнің маңызды 
факторы  болады»,  –  деген  тұжырым  жасады.  Геосаяси  салмағы 
мен ықпалына, тарихи тәжірибесіне, қоғамдық және экономикалық 
даму  деңгейіне  қарамастан,  мемлекеттер  арасындағы  қатынастар 
да  толерантты  болуы  тиіс.  Толеранттылықсыз  ғаламдық  сенім  де 
мүмкін емес. 
Адамзат тарихында материалдық және рухани құндылықтардың 
аса  бай  қоры  жасалды  және  ол  үнемі  толығып  келеді.  Әрбір 
мемлекет, әрбір халық оған өзіндік үлесін қосады. Егер ол адамдар, 
этностар арасындағы қарым-қатынас саласына қатысты болса, егер 
де ол дәйекті, кеңінен танымал, көпшілік қабылдаған, тәжірибеде іс-
жүзіне асырылған болса, онда сол үлестің құндылығы мен салмағы 
да арта түседі. 
Мұндай  өлшемдерге  қоғамдағы  этносаралық  келісімнің  қазақ-
стандық үлгісі толық жауап береді. Сондықтан да ол халықаралық 
қауымдастықтан  өзінің  лайықты  жоғары  бағасын  алған  болатын. 
Этносаралық  келісімнің  қазақстандық  үлгісінің  қалыптасуындағы 
Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі өте зор. Міне, сол себепті де, 
этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды реттеудің 
оң  тәжірибесі  әлемнің  көп  елдерінің  назарын  аударып  отыр.  Ал 
Ассамблея өзінің жиырма жылдық тарихи белесінде мәдениетаралық 
және  конфессияаралық  диалогтың  дамуының  нақты  тетіктері  мен 
тиімді жолдарын ұсынуға қабілетті екенін дәлелдеді. Сондықтанда 
Қазақстан халқы Ассамблеясы халықаралық қызметі аясында БҰҰ-
мен, басқа да әлемдік беделді ұйымдармен ықпалдастықты жетілді-
ре бермек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет