№1 (45) 2015
қазақстан халқы ассамблеясының
20-жылдығына орай
ералы тоғжанов
Қоғамдық келісімнің бірегей үлгісі:
қазақстандық тәжірибе ..................................... ...5
ерлан қарин
Ұлттық идеологияның темірқазығы –
мемлекеттілік........................................................13
Юрий булуктаев
Келісім мен толеранттық Қазақстан халқы
Ассамблеясының даму стратегиясының
құндылықты негізі ретінде...................................21
айдар Әбуов
Этносаралық татулық пен дінаралық
түсіністік – Қазақстан дамуының қос
тұғыры...................................................................28
нұрбек Шаяхметов
Қазақстан халқы Ассамблеясының
халықаралық қызметі тарихының
кейбір беттерінен.................................................36
жандос Каринбаев
Қазақстандағы поляк ұлтының өкілдері:
қалыптасу тарихы мен бүгіні...............................50
сатай сыздықов
«Мәңгілік Ел» идеясының негіздері және
тарихи сабақтастық..............................................65
Шәріпбек Әмірбеков,
арафат мамырбеков
Поляк ұлты өкілдерін Шығыс Қазақстан
жеріне күштеп қоныстандыру тарихынан...........80
МАЗМҰНЫ
ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ
ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ
2004 жылдан бастап
әр тоқсан сайын жарық көредi
Бас редактор
ерлан қарИн,
ҚР Президентi жанындағы
ҚСЗИ директоры
Шығаруға жауапты:
А. Арзықұлов
Г. Сейтахметова
Редакция мекен-жайы
:
Қазақстан Республикасы,
010000, Астана қаласы,
Бейбітшілік көшесі, 4
ҚР Президентi жанындағы ҚСЗИ
Телефон (7172) 75-20-20
Факс (7172) 75-20-21
E-mail: office@kisi.kz
www.kisi.kz
Журнал Қазақстан Республикасының
Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
келiсiм министрлiгiнде 2003 ж.
19 желтоқсанда тiр келiп, тiркеу туралы
№
4526-Ж куәлiк бе рiлген.
Индекс 74007
Журналда жарияланған материалдарды
көшiрiп басқан, микрофильмдеген
жағдайда журналға сiлтеме жасалынуы
мiн деттi. Жарияланған мақала
авторларының пiкiрi редакция
көзқарасын бiл дiрмеуi мүмкiн.
«КРОИВА» ҚБ, баспаханасында
басылып шығарылды.
050010, Алматы қ.,
Ш. Уалиханов көш., 115.
Таралымы 500 дана.
2
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
МАЗМҰНЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ПРЕЗИДЕНТI ЖАНЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ
ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫ
ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ЖУРНАЛ
төлеуғали бөрібаев
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының
философиялық негіздері....................................90
ЭКономИКа
дина Имамбаева
Қазақстандағы индустриялық-инновациялық
үдерістер туралы баспасөзде жарық көрген
мақалаларға контент-талдау
(«Егемен Қазақстан» газеті мысалында) .........101
рецензИя
мұрат лаумулин
Путиннің Үлкен стратегиясы және
оның сыншылары..............................................110
түйіндеме..........................................................116
журналдың «қазақстан халқы
ассамблеясының 20 жылдығана орай»
атты бөлімінің материалдары қазақстан
халқы ассамблеясының ғылыми-
сарапшылық кеңесі тарапынан дайындалды
3
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС
Ерлан ҚАРИН
– редакциялық кеңестің төрағасы,
ҚР Президенті жанындағы Қазақстан
стратегиялық зерттеулер институтының
(ҚСЗИ) директоры, саяси ғылымдарының
кандидаты
Рахман АлшАНов
– «Тұран» білім корпорациясының президенті,
ҚР жоғарғы оқу орындары қауымдастығының
президенті, экономика ғылымдарының
докторы, профессор
Мәулен ӘшІМБАЕв
– ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,
Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік
комитетінің төрағасы, саяси ғылымдарының
кандидаты
Камал БҰРХАНов
– ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, саяси
ғылымдарының докторы, профессор
Қазбек ИСАЕв
– ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ
ғалым хатшысы,
тарих ғылымдарының кандидаты
Санат КӨшКІМБАЕв
– ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ
директорының орынбасары,
саяси ғылымдарының докторы
Бағлан МАйлыБАЕв – ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының
орынбасары, заң ғылымдарының докторы
ләйлә МҰЗАПАРовА – ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ
директорының бірінші орынбасары,
экономика ғылымдарының кандидаты
Үлес НыСАНБЕК
– ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ
директорының орынбасары,
экономика ғылымдарының кандидаты
Марат шАйХУТДИНов – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі
Хатшының орынбасары, тарих
ғылымдарының докторы, профессор
Зарема шӘУКЕНовА
– ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және
дінтану институтының директоры,
әлеуметтану ғылымдарының докторы,
профессор, ҚР ҰҒА мүше-корреспонденті
4
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
РЕДАКЦИОННЫЙ СОВЕТ
Ерлан КАРИН
– председатель редакционного совета, директор
Казахстанского института стратегических
исследований (КИСИ) при Президенте РК,
кандидат политических наук
Рахман АлшАНов
– президент образовательной корпорации
«Туран», президент Ассоциации высших
учебных заведений РК, доктор экономических
наук, профессор
Маулен АшИМБАЕв
– депутат Мажилиса Парламента РК,
председатель Комитета по международным
делам, обороне и безопасности,
кандидат политических наук
Камал БУРХАНов
– депутат Мажилиса Парламента РК,
доктор политических наук, профессор
Казбек ИСАЕв
– ученый секретарь КИСИ при
Президенте РК, кандидат исторических
наук
Санат КУшКУМБАЕв
– заместитель директора КИСИ при Президенте
РК, доктор политических наук
Баглан МАйлыБАЕв
– заместитель Руководителя Администрации
Президента РК, доктор юридических наук
лейла МУЗАПАРовА – первый заместитель директора КИСИ при
Президенте РК, кандидат экономических
наук
Улес НыСАНБЕК
– заместитель директора КИСИ
при Президенте РК,
кандидат экономических наук
Марат шАйХУТДИНов – заместитель Секретаря Совета Безопасности
Республики Казахстан, доктор
исторических наук, профессор
Зарема шАУКЕНовА
– директор Института философии, политологии
и религиоведения КН МоН РК, доктор
социологических наук, профессор,
член-корреспондент НАН РК
5
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай
Қоғамдық келісімнің
бірегей үлгісі:
қазақстандық тәжірибе
ералы тоғжаноВ,
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының
орынбасары,
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі,
ҚХА Хатшылығының меңгерушісі,
саяси ғылымдарының докторы
Ж
ер бетінде тіршілік етіп жатқан әртүрлі қоғамдар
әлеуметтік-тарихи даму барысында жалпыадамзаттық
маңызы бар бірқатар сан ғасырлық сұрақтардың
жауаптарын үздіксіз іздеп келеді.
Ұжымдық тіршілік барысында адам мен қоғамның мүддесін
қалай үйлестіру керек? Әлеуметтік әртекті қоғамның басты
құндылықтары қандай болмақ? Мәдени саналуандылық жағдайын-
да ортақ мүддені қалай қалыптастыруға болады? Міне, осы және
басқа да сұрақтардың әртүрлі шешімдері белгілі бір деңгейде
табылып жатса да, мәселенің өзектілігі әлі де күн тәртібінен түскен
емес.
Адамзат тәжірибесі адам мүддесін сыңаржақ алға шығарудан
әлеуметтік (ұжымдық) мүдденнің әлсірейтіндігін дәлелдеп берді.
Ұжымдық мүдденің басымдығы жағдайында да индивидтік даму-
дың елеулі шектеулерге кез болатындығына куә болдық.
Адам құқықтарын асыра кеңейтуге тырысқан либерализм
жекешеленген, өзімшіл қоғамдарды қалыптастырды. Әр индивидтің
құқықтарының кеңдігі жағдайында қоғамды біртұтас ағза ретінде
ұйымдастыру қиындықтары туындады, әлеуметтік жауапкершілік
деңгейі төмендеді. Этникалық, діни, нәсілдік, тілдік ерекшеліктер
жағдайындағы абсолютті мәдени плюрализм ортақ мақсат пен
құндылықтарды белгілеуде дәрменсіздік танытты.
6
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай
Адам құқықтарын, индивидтік ерекшеліктерді шектеп, ұжымдық
мүддеге салмақ түсіру де оң нәтижелерге әкелмейді: қоғамның ішкі
наразылығы туындайды, даму мотивациясы төмендейді, жасанды
азаматтық ұстаным қалыптасады, индивидтің субъектілік рөлі
әлсірейді және т.б.
Әлеуметтік-тарихи уақыт пен кеңістікте аталған тәжірибелердің
бірін таңдап, даму жолына түскен қоғамдардың тағдыры да әртүрлі
болды. Біреулері қалыптаспай жатып, ыдырап жатса, енді біреулері
шамалы уақыттан соң бәсекеге шыдамай, күштілер тарапынан
жұтылып кетті. Тағы біреулері ішкі мәселелерін оңтайлы шеше
алмай, дағдарыстарымен бірге дамып келеді.
Әлем елдерінің басым көпшілігі полиэтносты қоғамдар.
Сәйкесінше, тілдік, этникалық, мәдени, діни саналуандылық
жағдайында әр полиэтносты мемлекеттің өз қоғамдарын ұйым-
дастыру, реттеу және басқару бойынша күрделі міндеті өзектілігін
жоғалтқан емес. Бұл міндет ел тағдыры үшін шешуші рөл атқаратын
негізгі фактор ретінде анықталады.
Әлеуметтік әртектілік жағдайында қоғамның ішкі сұранысына
жауап беретін оңтайлы жағдай қалыптастыру – елдің табысты
дамуының басты алғышарты. Әр адамның құқықтарының
сақталуын қамтамасыз ету, барлық этникалық және діни топтар-
дың тең мүмкіндіктерін орнықтыру арқылы қоғамды ортақ мүддеге
жұмылдыруға жол ашылмақ. Қоғамдық келісім болған жағдайда
ғана қуатты экономика, сенімді саясат, қауіпсіз сыртқы қатынастар
жасауға кепілдік бар.
Әр мемлекеттің ішкі бірлігін күшейтуге бағытталған саясаты
әртүрлі факторлар негізінде қалыптасады. ол факторларды сыртқы
(көші-қон, трансұлттық күштер, сыртқы елдердің ықпалы, әлемдік
экономикалық жүйе, ғылыми-техникалық прогресс, т.б.) және ішкі
(этнодемографиялық құрылым, халықтың менталитеті, ұлттық
құндылықтар, әлеуметтік жағдай, мәдени-тарихи мұра, әлеуметтік
институттардың қызметі, т.б.) факторлар деп жіктеп қарастыруға
болады. Қоғамды ұйымдастырып, басқару ісінде аталған
факторлар маңызды орын алатындықтан, әр мемлекет басқару
жүйесін қалыптастыруда өз дамуына ықпалы бар ерекшеліктерді
басшылыққа алады. Соның негізінде полиэтносты қоғамды
басқарудың да өзіндік үлгісі жасалады.
Қазіргі жағдайда полиэтносты қоғамдарды басқарудың сан ға-
сырлық ізденістер нәтижесінде қалыптасқан бірқатар үлгілері бар.
7
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай
олардың негізгілері мыналар:
– «орталық – периферия» үлгісі;
– ассимиляциялық үлгі;
– мәдени плюрализм үлгісі;
– «қайнама қазан» немесе «салат» үлгісі.
«орталық – периферия» үлгісінде қоғамда саны бойынша басым
этнос саяси және экономикалық әлеуеті жоғарылығы есебінен
«периферия» ретінде есептелетін аз этностарға үстемдік жүргізеді.
Басқарудың мұндай түрі ішкі бірлігі күшті біртұтас әлеуметтік
кеңістік жасауға мүмкіндік бермейді. Бұл үлгінің көрінісін қазіргі
Ресей Федерациясының дамуынан көруге болады.
Саны жағынан басымдық алатын және мәдениеті тұрғысынан да
қуатты этностың әлсіз этностарды өзіне бейімдеп, жұтып қоюын
таныстыратын ассимиляциялық үлгі де оңтайлы нәтиже бермейді.
Қоғамдағы түрлі этностардың өзіндік мәдени ерекшеліктерін
жоғалтуымен байланысты наразылығының асқынуы, қорғаныс
иммунитетінің күшеюі есебінен жабық топқа айналуы,
интеграциялануға деген ынтасының төмендеуі, жасанды азаматтық
ұстаным қалыптастыруы сияқты өзекті мәселелерді туғызады.
Қазіргі тарихи жағдайдағы Қытай билігінің аз ұлттарға қатысты
жүргізіп отырған қатаң саясатын осының мысалы ретінде атай
аламыз.
Мәдени плюрализм немесе мультикултурализм үлгісінің ерек-
шелігі елдегі барлық этностардың құқықтарын тең қарастырып,
бірдей мүмкіндіктер жасау ниетімен байланысты. Саны жағынан
басымдық алатын этностармен бірге аз ұлттардың да ерекше
мәртебесін анықтауға тырысатын бұл үлгі, негізінен, демократиялық
үрдістер дәстүрлі орныққан европалық қоғамдарда басшылыққа
алынған.
Бастапқы бетте ең озық әрі теңдесі жоқ әлеуметтік тәжірибе
ретінде бағаланған бұл үлгінің көп ұзамай кемшіліктері де көрініс
бере бастады. Аз ұлттардың құқықтарын қорғайтын заңнаманы
күшейтуі негізінде европалық елдер қоғамды жіктеуші факторларды
қалыптастырып алғандарын кеш ұқты. Қоғам саны «аз ұлттар» мен
«көп ұлттарға» бөлініп, топтардың бәсекелесуіне жол ашылды.
Әр топтың (этникалық, діни, тілдік) құндылықтарын ерекшелеу
жағдайында қоғамның басты құндылықтарын анықтап, ұлттық
бірлікті қалыптастыру қиындығы туындады.
Мультикултурализм – қоғамдағы ұжымдық субъектілердің
мәдени саналуандылығын сақтауға және дамытуға негізделген
8
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай
саясат. Алайда адам құқықтарына кең мүмкіндіктер қарастырған
саяси либерализм жағдайында Еуропадағы мәдени плюрализмнің
мәртебесі әлсіреп, индивидтік пен топтық мүдденің қайшылығы
байқалды.
Мәселен, еуропалық елдер адам құқықтарын кеңейту, сөз
бостандығын дамыту шараларының аясында бірқатар объективті
факторларды назардан тыс қалдырып келеді. Соның ішінде негізгі
факторлардың бірі – Африка мен Азия елдерінен қарқынды жүріп
жатқан көші-қон қозғалысының және келуші мигранттардың
жоғары деңгейлі популяциялық үрдісі есебінен болып жатқан
этнодемографиялық құрылымның өзгерісі. Жергілікті тұрғындардың
табиғи өсімінің төмендеуі жағдайында қоғамға тілдік, діни,
этникалық, нәсілдік өзгеріс әкелген және саны жыл сайын (туу
және көші-қон есебінен) артып келе жатқан мигранттардың
сандық өзгерісі этносаралық және конфессияаралық қатынастар
саласындағы басқару қағидалары мен тәсілдерінің өзгерісін қажет
етеді.
Американдық тәжірибені таныстыратын «қайнама қазан» немесе
«салат» үлгісінде ешбір этностың мәдениетінің басымдығын
болдырмай, жаңа мазмұндағы қауымдастық қалыптастыру міндеті
басшылыққа алынған. Бұл үлгі де нақты тәжірибеде дәрменсіздігін
танытты.
90-жылдары тәуелсіздігін алған жас қазақстандық қоғамның
алдында да бірқатар маңызды сұрақтар тұрды. Қоғамды қалай басқару
керек? Көп мәдениеттілік, көп дінділік, көп ұлттылық жағдайында
ел бірлігін қалай қамтамасыз етуге болады? Полиэтносты қоғамды
басқарудың қай үлгісі Қазақстанға лайық келеді?
Ел тағдырының шешуші кезеңінде Елбасы бар жауапкершілікті
өзіне алып, полиэтносты қоғамды басқарудың оңтайлы
мүмкіндіктерін іздестірді. шетелдік тәжірибені және тарихи сабақ
болатын жағдайларды есепке ала отырып, қазақстандық қоғамның
жаңа болмысын үлгілеу жолдарын қарастырды. Жоғарыда аталған
полиэтносты қоғамды басқару үлгілерінің ешқайсысы қазақстандық
дамуға сәйкес келмейтіндігін бағамдап, ұлттық ерекшеліктерді
басшылыққа алған өзіндік жол іздестірді.
Толеранттылық, ашықтық, қонақжайлық сияқты дала
өркениетінің қасиетін бойына терең сіңірген қазақ халқының ұлттық
болмысы да осы кезеңде шешуші рөл атқарды. Егемендікке енді қол
жеткізіп, ұлттық сана-сезімінің ояну үрдісі жүріп жатса да, қазақтар
этносаралық мәселеде салқынқанды даналық танытты.
9
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай
ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы Елбасының
маңында топтасып, ел тұрақтылығын сақтап қалды. Тәуелсіздіктің
алғашқы күндерінен-ақ этносаралық татулық мәселесі биліктің
басты назарына алынды. Этносаяси мәселелер мемлекеттік ұлттық
саясаттың өзегіне айналды.
Елбасы 90-жылдардың басында Қазақстан халықтарының
форумын өткізіп, қоғамдық келісім мәселесін бірлесе талқылау
дәстүрін қалыптастырды. 1992 жылғы Форумда сөйлеген сөзінде
Елбасы мынадай ұсыныс жасады: «Біз күнделікті әр адамның,
әр халықтың және әр ұлттың даусын естиміз бе? Өкінішке орай,
әрдайым олай емес. ...Біз жаңа қоғамдық институт – Қазақстан
халықтарының келісімі және бірлігі Ассамблеясын құра аламыз. ол
жалпыхалықтық ұлтаралық келісімді бекіту міндетін шешетін саяси
емес, үкіметтік емес ұйым болар еді» [1].
Елбасының бастамасымен 1995 жылы Қазақстан халқы
Ассамблеясы құрылды. Елдегі барлық этностардың қоғамдық
келісім аясында біріккен мүдделері институттық негізін тапты.
Жүзден аса этнос өкілдері өз атамекенінде мемлекет құрған қазақ
халқының маңына топтасып, келешекке ортақ мақсат белгіледі.
Қоғамдық келісімнің институттануы жетіле түсті. Халықаралық
талаптарға сай әзірленген және ұлттық даму ерекшеліктерін
басшылыққа алған Ата заңымыз қабылданып, ел бірлігі идеясының
құқықтық іргетасын бекітті. «Конституциямыз қабылданған күннен
бастап, тағдыр тоғыстырған көпұлтты халқымыздың татулығы мен
тұрақтылығына тұғыр болып келеді» [2].
Әр адамның құқықтарына кепілдік беретін, әлеуметтік, діни,
тілдік, этникалық ерекшеліктерін ескеретін ашық қоғам құру міндеті
заңнамалық негізін тапты. Азаматтардың дамуына барынша жол аша
отырып, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін де анықтаған
әлеуметтік мемлекеттің іргетасы қаланды.
осылайша, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің
әлемде аналогы жоқ қазақстандық үлгісі қалыптасып, қарқынды
даму жолына түсті.
Елдегі барлық этномәдени бірлестіктер Қазақстан халқы
Ассамблеясының аясында ұлттық бірлікті нығайту жолында
бірікті. Жыл сайын Ассамблея сессиясын өткізіп, қоғамдық
келісім мәселесін билік пен азаматтық қоғамның бірлесе талқылау
тәжірибесі дәстүрлі жалғасын тапты. Елбасының төрағалығымен
өтетін сессияда этносаралық қатынастарды жетілдіру бойынша
нақты мәселелер көтеріліп, нақты шешімдер қабылданып келеді.
10
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай
Сессияда этномәдени бірлестіктер, басқа да қоғамдық ұйымдар,
бұқаралық ақпарат құралдары, ғылыми-сарапшылық орта өкілдері
және барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар бірлесе бас қосады.
осылайша, қоғамдық келісім мәселесінің жалпыұлттық тұғыры
күшейіп келеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс органы – Хатшылықтың
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымдық
бөлімі ретінде атқарушы билікке араласуы да аталған ұйымның
биліктік ресурстарға араласу мүмкіндігін кеңейтті.
Жергілікті жерлерде де Ассамблеяның мүмкіндігі кеңіді.
Өңірлік ассамблеялар құрылып, олардың төрағалығын тиісті
өңірлердің әкімдері алды. Қоғамдық келісімнің әр елді-мекендегі
сапасын жетілдіру мүмкіндігі артты. Өңірлік ассамблеялардың
хатшылықтары өңір әкімдері аппаратының құрылымдық бөлімі
ретінде жергілікті атқарушы билікке ие болды.
2007 жылдан бастап ҚХА жоғарғы заң шығару билігіне араласу
мүмкіндігіне қол жеткізді. Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісінің 9 депутаты Ассамблея атынан сайланды. Парламентте
«Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобы құрылды. оның
құрамында ҚХА атынан сайланған депутаттармен бірге басқа да
саяси партиялар фракцияларының өкілдері таныстырылды. Бұл
орайдағы басты мақсат – заң шығару саласында ел бірлігі мүддесін
бірлесе қорғау, қоғамдық келісімнің жалпыхалықтық тұғырнамасын
күшейту.
ҚХА қызметін жоғары деңгейде қамтамасыз ету мақсатында 2014
жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанынан «Қоғамдық
келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі құрылды. осындай
мекемелер өңірлік деңгейде де әкім аппараттары жанынан
құрылып, жұмыстарын бастап кетті. Ассамблеяның әлеуметтік
инфрақұрылымы дами түсті.
Этносаясат мәселелерімен айналысатын отандық белді
ғалымдардың қатысуымен ҚХА жанынан Ғылыми-сарапшылық
кеңес құрылып, этносаралық қатынастарды реттеу шаралары
ғылыми негізін күшейтті. Өңірлік ассамблеялар қызметі де тиісінше
ғылыми-сарашылық қамтамасыз етілді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясында жасаған
баяндамасында Елбасы – ҚХА Төрағасы былай дейді: «осыдан екі
онжылдыққа жуық уақыт бұрын, Ассамблеяны құра отырып, біз
әлемдегі барлық мәлім болған модельдерден де озық шыға білдік. Біз
халықты патриоттық тұғырнамада топтастырудың бірден-бір сенімді
11
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай
тетігін таптық. оның мәні әркімге де түсінікті және қарапайым адами
сұраныстарды – жұмысты, отбасындағы әл-ауқатты, балалар үшін
білім беруді, денсаулықты, тұрғын үйді, қауіпсіздік пен демалысты
қамтамасыз етуге көмектеседі» [3].
Ел бірлігі – қуатты мемлекет құрудың басты алғышарты екендігін
жеткізетін қағида Елбасының әр жыл сайынғы дәстүрлі Жолдау-
ларының бағдарына айналды. 2014 жылдың 11 қарашасындағы
«Нұрлы Жол» – болашаққа бастар жол» Жолдауында Елбасы
тұрақтылықтың табысты дамудағы маңызын былайша жеткізеді: «Біз
тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға
жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай,
барлық азматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты
нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты
байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. осындай жалпыұлттық
құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз» [4].
Жалпыадамзаттық сан ғасырлық сұрақтың көптеген шешімдері
бүгінгі Қазақстан қалыптастырып отырған этносаралық татулық пен
қоғамдық келісімнің үлгісінен көрініс береді. Өзара сыйласымдылық
негізіндегі бірлікке негізделген бұл үлгі бүгінде әлем елдерінің
назарына ілікті.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қалып-
тастырған үлгісі ретінде қаралатын этносаралық толеранттылық
пен қоғамдық келісімнің қазақстандық тәжірибесіне қызығушы-
лық танытқан елдердің қатары тұрақты артып келеді. шынайы
өмір шындығында қиын сындардан сүрінбей өткен қазақстандық
тәжірибенің ерекшеліктерін достастық елдерімен (Ресей,
Қырғызстан, т.б.) бірге батыс елдері де зерделеуде.
2014 жылдың тамыз айында лондон қаласында ашылған
Қазақстанның Бейбітшілік және келісім орталығы – соның бірден-бір
дәлелі. орталықтың басты мақсаты еуропалық елдерге этносаралық
татулық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін насихаттау,
мәдениетаралық қарым-қатынасты жетілдіру болып табылады.
Қазақстанның даму жолын үздіксіз бақылап отыратын Балтық
елдері де еліміздің әлемдік сахнадағы беделді орнын бекіте түсу
себебін қоғамның ішкі тұрақтылығымен байланыстырып отыр [5].
Этносаралық қатынастар саласындағы қазақстандық тәжірибені
түрлі қоғамдарда болып жатқан қайшылықтарды шешуде, олардың
алдын алуда басшылыққа алу үрдісі қалыптасты. Мәселен,
өңіршілдік, этносаралық қайшылық құбылыстары есебінен
қоғамдық келісімді қалыптастыру саласында күрделі мәселелері
12
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай
бар Қырғызстан негізгі шешімді Қазақстан халқы Ассамблеясының
тәжірибесінен көріп отыр.
Бітімгерлік міндеті аясында Украинаға барған іссапарында
Елбасымыз украин билігіне де Қазақстан халқы Ассамблеясының
тәжірибесіне назар салуды ұсынды [6].
Қазақстан қазіргі тарихи кезеңде қоғамдық келісім саласындағы
салиқалы саясаты негізінде ішкі бірлігін қамтамасыз еткен
өркениетті ел екендігін дәлелдеді. Геосаяси күрделі жағдайына
қарамастан, европоцентристік, исламоцентристік, синоцентристік
идеологиялардың қыспағына лайықты төтеп беріп, өзіндік болмысын
сақтап қалды. Өзінің терең тарихы мен берік мәдени өзегі бар мол
тәжірибесі арқылы аталған ұстанымдардың сыңаржақтылығын
ұғындырды. Жасампаздығы негізінде оларды жақындастыратын
алғышарттарды қалыптастырып, өркениетаралық үнқатысу алаңына
айналды.
Бүгінгі Қазақстан – әлемдік деңгейдегі дағдарысты мәселелердің
шешімін іздеуші идея генераторы, жаһандық гуманизм орталығы.
Әлеуметтік әртектілік жағдайындағы қоғамды басқарудың үздік
үлгісін ұсына білген, өркениеттер мен мәдениеттерді тоғыстырып,
әлемдік үйлесімділікті қалыптастыруға күш салған, ортақ Жер
планетасында бейбіт кеңістік құруды мұрат еткен, жалпыадамзаттық
дамудың басқа да күрделі сұрақтарының жауабын табуда талмай
еңбектеніп келе жатқан еліміздің мұндай мәртебеге ие болу себебі
Қазақстан халқының дана болмысы мен бірлік философиясында
жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |