Мемлекет жəне құқық теориясы құқық салаларының жəне заң ғылымдарының



Pdf көрінісі
бет5/21
Дата22.12.2016
өлшемі1,59 Mb.
#266
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

№ 2 дəріс  
Тақырып: Мемлекет жəне құқық теориясының əдістемесі  
Дəрістің
 мазмұны  
1.Мемлекет жəне құқық теориясының  əдістемесі. 
2.Құқық  пен  мемлектті  зерттеудегі  жалпы  ғылыми  жəне  жеке  ғылыми  əдістерінің 
арақатынасы. 
       Методология  -дүниені  философиялық  тұрғыдан  түсіндіретін  ілім.  Ғылыми 
методологияның  негізі  -  материализм  мен  диалектика.  Ғылымның  методологиясы  -  оның 
ғылыми-зерттеу əдіс-тəсілдері.  
        Жалпы ғылым дегеніміз екі мəселені қамтиды, екі бағытты біріктіреді - теория жəне 
методика.  Теория  -ғылымы  нені  зерттейді?  -деген  сұраққа  жауап  береді.  Метод  -  ғылымы 
қандай тəсілмен, амалмен зерттеу жүргізеді? - деген сұраққа жауап береді. Теория мен метод 
өмірде  тығыз  байланыста  дамиды.  Бұл  объективтік  байланыс  ғылымның  мыңдаған 
саласындағы тəжірибеде дəлелденген. 
          Қоғамның  мазмұнын,  объективтік  даму  процесін  ғылыми  зерттеуде  теория  мен 
методиканың  маңызы  өте  зор.  Онсыз  ғылымды  дұрыс  зерттеу,  дұрыс  ғылыми  қорытынды 
жасау мүмкін емес. Методологияның екі түрі болады:  
Жалпы ғылыми əдіс-тəсіл жəне жекелік ғылыми əдіс-тəсіл.  
Жалпы ғылыми əдіс-тəсілді -ғылымды зерттеудің методологиялық негізі деп атайды.  
Қазіргі замандағы ғылыми зерттеулер философияның материалистік жəне диалектикалық 
заңдарына сүйене отырып жүргізіледі. Материализм -философиянығ бір бағыты. Ол материя, 
табиғат,  болмыс  алғашқы,  ал  сана,  рух,  ой  материяның  қасиеті  болғандықтан  туынды  деп 
санайтын, идеализмге түбірінен қарама-қарсы ғылыми философиялық бағыт.  
Материализм  адам  санасын,  ойын  сыртқы  дүииенің  бейнесі  деп  қарастырып,  дүниені, 
табиғатты, қоғамды танып білуге болатынын дəлелдейді.  
Материализм  ғылым  мен  практиканың  жетістіктеріне  сүйене  дамиды  жəне  білімнің 
өсуіне,  ғылыми  методтың  жетілуіне,  адамзат  практикасының,  өндіріс  күштерінің  артуына 
ықпалын тигізеді. 
Диалектика - табиғаттың, қоғамның жəне адам ойының дамуы мен қозғалысының жалпы 
заңдары  жайындағы  ғылым,  дүниені  танудың  əдісі  мен  теориясы.  Диалектика  объективті 
күрделі заңдылықтардың, қажеттігін қарама-қайшылыққа толы табиғатын зерттейді.  
Диалектиканың негізгі заңдары: қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі;  
сан өзгерістерінің сапа өзгерістеріне ауысуы; 
 терістеуді терістеу заңы. 
Диалектиканың заңдары табиғаттың, қоғамның объективтік дамуының қайнар көзін, ішкі 

 
қозғалысын жəне бағытын көрсетеді.  
Диалектикалық  категориялар  (анализ  бен  синтез,  мазмұн  мен  форма,  құбылыс  пен  мəн, 
шындық пен мүмкіншілік т.б.) танымның дəйектілігін, заңдылығын бейнелейді. 
Сонымен, 
материалистік 
диалектиканың 
методологиясының 
негіздеріне 
сəйкес 
мемлекеттік-құқықтық құбылыстар қоғамның өмірімен бірге зерттелуге тиіс.  
Сондықтан,  қоғам,  мемлекет,  құқық  -осылардың  арасындағы  қатынастарының  түрлерін 
білу қажет. Қоғамның мемлекет, құқықпен үш түрлі байланысы бар:  
Қоғамның  базисы  мен  қондырмасы  арқылы,  қоғам  мен  мемлекет  құқықтың  байланысы, 
қоғамның мүдде-мақсатының құқық - мемлекет пен байланысы. 
1)  Қоғамның  экономикалық  базисы  өзінің  қондырмасымен  байланыста  дамиды. 
Қондырманың бір саласы құқық пен мемлекет. Қондырма -базис арқылы қоғам, құқық жəне 
мемлекетпен тығыз байланыста болады. Қоғамды реттеп-басқаратын құқықпен мемлекет. 
2)  Құқық  пен  мемлекет  қондырманың  бір  күрделі  саласы,  олар  қоғамның  барлық 
саласымен  үздіксіз  байланыста  болады  жəне  құқық  пен  мемлекеттің  қызметі  қоғамдағы 
адамдардың сана-сезімімен де байланыста дамиды. Бұл екі жақты объективтік процесс. 
3)  Мемлекет  пен  құқық  қоғамның  жалпы  халықтық  жəне  таптық  мүдде-мақсаттарын 
реттеп-басқарып іске асырып отырады. Бұл да екі жақты объективтік процесс. 
Сонымен,  материалистік  жəне  диалектикалық  методқа  сəйкес  мемлекет  пен  құқық 
қоғамның  экономикалық,  саяси,  рухани  жағдайларымен  тығыз  байланыста,  үздіксіз 
қозғалыста,  дамудағы  объективті  шындық  құбылыстар.  Мемлекет  пен  құқықтың  өздерінің 
даму заңдары болады. 
Жалпы  ғылыми  зерттеудің  əдіс-тəсілдерінің  ең  күрделісі  материалистік  диалектика.  Ол 
қазіргі  ғылыми  танымның  теориясы  мен  методы.  Танымның  мақсаты  -  зерттеліп  отырған 
заттың, мəселенің терең мəнін, қайшылықтар жүйесін ашу. 
Таным  —  объективті  шындықтың  адам  санасындағы  белсенді  жəне  қайшылықты 
бейнеленуі.  Бұл  процссте  логиканың  атқаратын  рөлі  зор.  Логиканың  негізгі  мақсаты  мен 
зерттеу  пəні  танымның  ақиқаттылығы,  танымдық  тəсілдер  мен  əдістердің  дұрыс  жүйесін 
қалыптастыру. 
Заң  ғылымының  зерттеу  процесіндс  анализ  жəне  синтез  тəсілдері  де  қолданылады. 
Теориялық  жəне  тəжірибелік  зерттеу  процесінде  күрделі  объектілерді  талдау,  құрамды 
бөліктерді жіктеп ажырату. 
Синтез-сол  таңданған  бөліктерді  жинақтап  қосу  арқылы  белгілі  бір  объектіні,  затты 
құрастыру.  Мысалы:  жалпы  теорияда  мемлекеттік  органдарды,  оның  функцияларын, 
құқықтық  нормаларды,  қатынастың  субъектілерін  жүйе-жүйеге,  сала-салаға  топтастырып 
зерттеу, немесе оларды біріктіріп зерттеу жүргізу. 
Жеке  ғылымдардың  теориялық  жəне  методологиялық  негіздері  тек  философиямен  ғана 
емес, олардың өздері арқылы да зерттелуде.  
Мысалы,  мемлекет  жəне  құқық  теориясы  зерттеудің  жалпы  методтарымен  азаматтық, 
мемлекеттік,  əкімшілік,  қылмыстық  т.б.  құқықтарды  бірлестіріп  зерттеу  методикасын 
дамытып отырады. 
Бұл  процесте  құқық  жəне  мемлекет  теориясы  философияға  сүйене  отырып,  заң 
ғылымының барлық жетістіктерін пайдаланады.  
Оның  барлық  саласына  бірдей  қатысты  методологиялық  мəселелерді  зерттейді.  Осы 
типтес қарым-қатынас басқа ғылымдарда да болады. 
Жекелік 
ғылыми-зерттеу 
əдіс-тəсілдерінің 
түрлері: 
жүйелік, 
функционалдық, 
статистикалық, социологнялық, үлгілік, салыстыру-теңестіру т.б. 
Жүйелік  тəсіл  -  қоғамдағы  мемлекеттік-құқықтық  құбылыстарды  жүйеге,  салаға 
топтастырып зерттеу. 
Функционалдық тəсіл - қоғамдағы заңды құбылыстардың əлеуметтік бағытына, маңызына, 
қызметіне қарай жіктеп зерттеу жүргізу.  
Бұл əдіс мемлекеттің аппаратын, функциясын, құқықтық құрылымын, жүйесін, құқықтық 
сананы,  жауапкершіліктің түрлерін т.б. құбылыстарды зерттеуде пайдаланылады. 

 
Статистикалық  əдіс  -  заңды  құбылыстардың  санды  деректеріне,  фактілеріне  сүйене 
отырып,  зерттеу  жүргізу.  Оның  кезеңдері:  бақылау,  деректерді,  фактілерді  жинақтау, 
жиналған материалдарға анализ жасау. 
Үлгілік  əдіс  -  болған  құбылыстың  үлгісін  жасап,  сол  арқылы  істің  мазмұнын,  көлемін 
жобалап келтіріп барып зерттеу жүргізу. 
Социологиялық тəсіл - жүйелік, функционалдық, статистикалық, үлгілік тəсілдер арқылы 
жүргізілген зерттеулердің қорытынды нəтижелерін біріктіріп зерттеуді жалғастыру. 
Салыстырмалы-теңестірмелі  əдіс  -  бірнеше  мемлекеттерді,  құқықтарды  салыстырмалы 
зерттеу жəне олардың тарихи даму процестерінде теңестірмелі əдіспен зерттеу жүргізу. 
       Математикалық  əдіс  -  ЭВМ,  компьютер,  автоматика,  телемеханиканы  қолданып 
зерттеулер  жүргізу.  Осы  аталып  өткен  зерттеулердің  əдіс-тəсілдерін  барлық  қоғамдық 
ғылымдар пайдаланады.  
Бұл əдістерді жеке, сирек қолданады. Олар көбінесе біріктіріліп, зерттеу барысында бірін-
бірі толықтырып отырады. 
       Мемлекет  жəне  құқық  теориясының  алдында  екі  міндет  тұр:  біріншісі  -  заң 
ғылымының, заң мамандығының негізін қалыптастыру, жақсы дамыту, сол арқылы салалық 
заң пəндерін жақсы оқып - білуге мүмкіншілік жасау; екіншісі - жоғары заң мектебін бітіріп, 
жақсы маман болуды қамтамасыз ету. 
 
№ 3 дəріс 
Тақырып: Гуманитарлық білім жүйесіндегі жəне заң тəртіптері жүйесіндегі мемлекет жəне 
құқық теориясы 
Дəріс
 мазмұны 
1.Қоғамдық  құбылыстарды  зерттеудегі  ғылым  жүйесіндегі  мемлекет  жəне  құқық 
теориясының орны.  
2.Заң пəндерінің жүйесіндегі мемлекет пен құқық теориясының орны мен рөлі: теориялық – 
тарихтық, салалық жəне арнайы қолданбалы. 
3.  Қазақстандағы  мемлекет  жəне  құқық  теориясының  қазіргі  замандағы  жағдайы,  оның 
дамуы. 
    Əлемнің  материалдық  жəне  рухани  тұтастығы  мен  бірлестігі  дүиие  жүзіндегі  барлық 
ғылымның  өзара  байланысын  дəлелдейді.  Əсіресе,  бұл  өзара  байланыс  қоғамдық  ғылымдар 
арасында  жақсы  қалыптасқан.  Бұл  ғылымдар  қоғамды,  адамды,  олардың  ара  қатынасын, 
сана-сезімін зерттейді.  
Зерттеудің негізгі мақсаты адамның бостандығы, құқығы, қадір-қасиеті, ар-намысы. 
Қоғамдық  өмірдің  ең  өзекті  мəселесі  -  мемлекет  пен  құқықтың  маңызы,  олардың  алатын 
орны.  Бұл  проблемаларды  жалпы  теория  қоғамдық  ғылымдардың  басқа  түрлерімен 
(философия, экономика, социология, политология т.б.) бірігіп зерттеп отырады. 
Философия  -  адамзаттың  дүниедегі  алып  отырған  орнын  анықтап,  соның  негізінде 
адамның  дүниеге  деген  танымдық,  құндылық,  этикалық  жəне  эстетикалық  қатынастарын 
зерттейді. 
Философия  дүниеге  теориялық  тұрғыдан  көз  жіберіп,  ерекше  логикалық,  танымдық 
критерийлерге сүйене отырып, адамның дүниеге деген көзқарасын тұжырымдайды. 
Экономикалық  ғылым  —  қоғамның  экономикалық  базисын,  өндірістік  қатынастарды, 
өндіруші  күштерді,  меншіктің  түрлерін  зерттеп,  олардың  қоғамның  дамуындағы  маңызын 
жан-жақты анықтап отырады. 
Тарих  -  адамзат  қоғамының  өткен  дəуірлерін  барлық  қырынан  жан-жақты  зерттеп, 
көптеген  тəжірибе  жинақтады,  соның  ішінде  мемлекет  пен  құқықтың  пайда  болуы,  дамуы, 
қоғамды басқару заңдылықтары. 
Социология  -  қоғамның  əлеуметтік  жағдайының  дамуы,  оны  басқару  əдіс-тəсілдерін, 
адамдардың əлсуметтік тəртібін, қатынастарын зерттейді. 
Барлық  қоғамдық  ғылымдар  өз  тұрғысынан  адамзаттың  тарихын  зерттеуге  тиісті  үлес 
қосады.  Бұл  ғылымдардың  жүйесінде  мемлекет  пен  құқық  теориясының  алатын  орны  өте 

 
жоғары. 
Заң  ғылымы,  оңың  ішінде  мемлекет  пен  құқық  теориясы  қоғамды  жеке  танитын  ғылым 
болып XIX ғасырдың ортасында қалыптасты. Жалпы теория төрт топқа бөлінеді: 
1)  Жалпы  теория  -  мемлекет  пен  құқықтық  қоғамды  реттеп-басқаруын,  мазмұнын, 
қағидаларын, белгі-нышандарын, функцияларын зерттейді. 
2)  ¥лттық  мемлекет-  құқық  пен  саясаттың  тарихи  даму  процесін  зерттеу  пəндері.  Шет 
мемлекеттерінің тарихы. 
3)  Салалық  заң  ғылымдары:  азаматтық,  қылмыстық,  əкімшілік,  конституциялық,  қаржы, 
отбасы т.б. құқықтар. 
4) Арнаулы заң ғылымдары: кримииалистика, соттық медицина, психиатрия т.б. 
Мемлекет  жəне  құқық  теориясы  заң  ғылымының  барлық  саласының  объективтік  даму 
заңдылықтарын, бір-бірімен байланысын зерттеп жалпылама тұжырымдар жасап отырады.  
Бұл  тұжырымдарды  салалық  ғылымдар  пайдаланып  отырады.  Ал  жалпы  теория  салалық 
ғылымдардың жетістіктерін пайдаланып, жалпы заң ғылымының негізін дамытып отырады. 
Сонымен,  жалпы  теория  барлық  заң  ғылымының  салаларын  біріктірушісі,  негізін 
құраушы, дамытушы жетекші ғылымға айналып отыр.  
Адам  қоғамы  диалектикалық  даму  процесінде  болғандықтан  ғылымның  міндеттері  де 
өзгеріп, толықтырылып, жаңарып отырады. 
Қазіргі  заманда  еліміз  нарықты  экономикаға  көшіп  жатқанда  Қазақстан  мемлекетіміздің 
заң  ғылымының  бағыты  да,  функциясы  да  күрт  өзгерді.  Жаңа  өмірге  сай  ғылым  өзінің 
жұмысын қарқынды түрде жүргізіп, жаңа қоғамның тілектеріне, мүдделеріне сəйкес ғылыми 
зерттеулер, қорытындылар жасауга тиіс. 
Сонымен,  адам  қоғамының  тарихын,  даму  процесін,  мазмұнын,  болашағын  зерттейтін 
пəндерді  қоғамдық  ғылым  деп  атайды.  Олар  қоғамды  жан-жақты  ғылыми-зерттеу 
тұрғысынан зор үлес қосады.  
Бұлардың  ішінде  мемлекет  жəне  құқық  теориясына  кеңірек  көңіл  бөлетін  философия, 
саяси экономия мен тарих. 
Қоғамдық ғылымдар кейбір күрделі мəселелерді бірлесіп зерттейді. Олар қоғамның жалпы 
объективтік  даму  заңдылықтарын,  бір-бірімен  байланысын  қоғамдағы  саяси-экономикалық, 
мəдени-əлеуметтік,  мемлекеттік-құқықтық  құбылыстарды  ғылыми  тұрғыдан  зерттеп, 
дамытып отырады.  
Бұл  мəселелерді,  құбылыстарды  ғылым  қоғамның  өткен  дəуірінде,  қазіргі  кезеңде, 
болашақта  қалай  дамуға  тиісті.  Міне,  осы  үш  дəуірде  қоғамның  диалектикалық  даму 
процесін, санқырлы өзгеріс құбылыстарын зерттеп, қорытынды ғылыми тұжырымдар жасап 
отырады.  
Қоғамның  болашағын  ғылыми  тұрғыдан  болжап,  қорытынды  ұсыныстар  беріп  отырады. 
Бұл  процесте  қоғамдық  ғылымдар  табиғи-нақты  ғылымдар  бірлесіп  зерттеулер  жүргізеді. 
Өйткені, əлемнің материалдық жəне рухани тұтастығы мен бірлестігін ескере отырып, дүние 
жүзіндегі барлық ғылымдар бірлеспейінше ғылыми-техникалық өрлеу болашақ емес. 
Кооперациясыз  материалдық,  қаржылық,  табиғи  ресурстарды  үнемді,  тиімді  пайдалануға 
жəне оның өнімді технологиялық процесін қалыптастыруға мүмкіншілік болмайды.  
Ғылымның  бірлестігі  олардың  дербестігіне  нұқсан  келтірмейді.  Əр  ғылым  табиғаттың 
жəне  қоғамның  объективтік  даму  процесін  өз  тұрғысынан  зерттеп,  ғылыми  тұжырымдар 
жасап отырады.  
Мысалы,  мемлекет  пен  құқық  қоғамдағы  барлық  қарым-қатынастарды  реттеп-басқарып, 
заңдылықты,  тəртіпті  жақсартып,  демократияны  дамытып,  қоғамның  сапалы  саяси-
экономикалық, мəдени-əлеуметтік дамуын қамтамасыз етеді. 
Сонымен,  қоғамдық  ғылымдардың,  оның  ішінде  заң  ғылымының  адамзаттың  бірлестігін 
дағдарысқа  үшыратпай  прогрестік  жолмен  дамытудағы  үлесі  мол  жəне  баға  жетпейтін 
маңызды күш деуге болады. 
Жалпы  теория  өзінің  ғылыми  зерттеуінде  бір  өлкенің,  бір  мемлекеттің,  бір  елдің 
шеңберімен шектелмейді. Ол өз жұмысында көптеген елдің, көп мемлекеттердің тəжірибесін 

 
қамтып, байланыстырып зерттеу арқылы ғылыми қорытынды жасайды. 
Жалпы  теорияның  бұл  қорытындылары  дүниежүзілік  заң  ғылымының  жетістіктерімен, 
жаңалықтарымен сəйкес, қалыптасып отыруы керек. 
Сонымен,  жалпы  теория  барлық  заң  ғылымдарының  негізін  құраушы,  дамытушы, 
нұсқаушы, біріктіруші жетекші ғылым. 
Жалпы теория заң ғылымдарының жалпы, арнаулы, ерекше, жекеше бағыттарын ғылыми 
тұрғыдан зерттеп, анықтап, көрсетіп отыратын ғылым.  
Міне,  осы  көрсетілген  бірлік  болмаса,  бағыттар  анықталмаса  зерттеуге  нышан  келтіріп, 
ғылымның  дамуында  кемшіліктер  пайда  болады.  Осы  кемшіліктерді  болдырмау  жалпы 
теорияның бірден-бір міндеті. 
Адам  қоғамы  диалектикалық  даму  процесінде  болғандықтан  қоғамдық  ғылымдардың 
міндеттері  де  өзгеріп,  толықтырылып,  анықталып  отырады.  Бұл  жұмыс  заң  ғылымында 
жалпы теорияның міндеті. 
Қазіргі заманда еліміз нарықты экономикаға көшіп жатқанда, егеменді, тəуелсіз Қазақстан 
Республикасы өмірге келгенде жалпы теорияның ғылыми мазмұны, функциясы күрт өзгерді. 
Жаңа  өмірге  сай  ғылым  өзінің  жұмысын  қарқынды  түрде  жүргізіп,  жаңа  қоғамның 
тілектеріне, мүдделеріне сəйкес ғылыми зерттеулер, қорытындылар жасауға тиіс. 
 
№4 дəріс 
Тақырып: Мемлекет жəне құқық теориясының пайда болуы жəне түрлері. 
Дəрістің
 мазмұны: 
1.Алғашқы қауымдық қоғам, оның дамуы жəне ыдырауы 
2. Мемлекет пен құқықтың пайда болуы, оның объективтік заңдары 
3. Мемлекет пен құқықтың қалыптасу жолдары мен нысандары 
1.  Алғашқы  қауымдық  қоғамның  экономикалық  ,  əлеуметтік,  құрылымдық  , 
басқарушылық  салаларындағы  обьективтік  даму  процестері  бір-бірімен  тығыз  байланыста 
өзгеріп,  жаңарып  отырды.  Малшылық  пен  егіншілік  қалыптасты,  ажарланған  тастан 
жасалған  қарулар  өмірге  келіп,  адамның  тəжірибесі  өсіп  молайды.  Қоғамдық  еңбек  төрт 
күрделі тарауға бөлінді:  
1) Малшылық  
2) Жер игеру  
3) Өндірістік  
4) Саудагерлер тобы  
Бұның  бəрі  еңбектің  өнімділігін  арттырды,  қоғамның  шығысынан  кірісінасырды.  Сөйтіп 
қоғамдық  байлық  қалыптаса  бастады,  оны  иемденетін  топтар,  таптар  пайда  болды. 
Экономикалық  өзгерістер  əлеуметтік  қайшылықтарды  өмірге  əкелді.  Олар  төмендегі  негізгі 
обьективтік заңдардың – қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар 
мен таптардың арасындағы күрестің басталуы əсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, 
қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.  
Мемлекеттің дамуы – мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы 
нəтижесінде  алғашқы  қауымдық  құрылыс  тапқа  бөлінуінің  туындысы.  Мемлекет  жария 
үкіметтің  пайда  болуы  мен  іс-əрекетінің  нəтижесі  ретінде  қалыптасатын,  қоғам  өмірін 
ұйымдастырудың  нысаны  мен  оның  негізгі  салаларына  басшылық  ететін,  қажетті 
жағдайларда мемлекеттің күш-қуатына үйренетін басқару жүйесі.  
 
Мемлекеттің пайда болуының, дамуының бірнеше түрлері бар:  
1.  Шығыс  елдерінде  (  Иран,  Индия,  Қытай,  Араб  т.б.  шығыс  типті  елдерде)  мемлекеттің 
қалыптасуы  негізінен  қоғамдық  меншікті  қорғаумен  байланысты.  Себебі  алғашқы  қоғам 
ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі құрылыстар болды:  
1) Ірі су каналдарын жасау;  
2) Суармалы ирригациялық жүйелер құру;  
3) Құрғақшылықпен күресу.  

 
Міне  осы  күрделі  жұмыстарды  жақсы  жүргізу  үшін  қоғамдық-мемлекеттік  меншік 
қалыптасты.  Сол  меншіктің  иелері:  шенеуніктер,  ру,  тайпа  басшылары,  хандар,  корольдер 
мен императорлар болды.  
Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалыптасу себептеріне:  
- ірі ирригациялық жүйелерді жасау;  
- оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру, біріктіру;  
- барлық жұмысшыларды бір орталықтан басқару жатады.  
Мемлекеттің  басқару  аппараты  бұрынғы  ру,  тайпаны  басқарған  аппараттан  өсіп 
қалыптасты.  Жаңа  аппарат  қалың  бұқарадан  алыстай  түсіп  əділетсіздікті,  қанаушылықты 
күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бəсең дамып, XIX-XX ғасырларға дейін көп өзгермей, 
сақталып келді.  
2. Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа 
бөлінуі арқылы қалыптасты.  
Афины  мен  Римде  алғашқы  қоғамның  ыдырауы  кезінде  экономикалық  күшті  таптар  мен 
топтар  мемлекеттік  билікті  өз  қолдарына  алып,  өз  мүдде-мақсаттарын  орындайтын 
мемлекеттік  аппарат  орнатты.  Бұл  мемлекеттер,  көбінесе,  демократиялық  жүйедегі  саяси 
бірлестік болып қалыптасты.  
Германияда  мемлекеттің  қалыптасуы  басқаша  болды.  Қалың  бұқара  байларға  тəуелді 
болды,  феодалдық  қатынастар  дами  бастады.  Осы  типті  мемлекеттер  Еуропаның  бірнеше 
елдерінде Ресейде, Ирландияда жəне т.б. қалыптасты.  
Құқықтың  дамуы  –  адам  қоғамының  дұрыс  өмір  сүруінің  негізгі  обьективтік 
заңдылықтарының  бірі.  Ол  -  əлеуметтік  нормалардың  қалыптасып,  қоғамдағы  қарым-
қатынастарды  реттеп,  басқаруы  жəне  əлеуметтік  нормалардың  (əдет-ғұрып,  салт-дəстүр, 
мораль,  діни  нормалары)  қоғамның  даму  процесінде  бірте-бірте  құқықтық  нормаларға 
айналуы.  Сонымен,  қоғамда  мемлекеттің  өзі  қабылдаған,  бекіткен  құқықтың  жаңа  түрлері 
пайда  болды:  заң,  заңға  тəуелді  келісімдер,  шарттық  нормалар,  заң  күші  бар  соттың 
шешімдері.  
Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-
діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде – 
Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі 
бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.  
Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы 
болып,  сол  мемлекеттің  билігіне,  құқықтық  тəртібіне  бағынып,  өзінің  іс-əрекетін,  мінезін, 
тəртібін  қоғамдық  мүдде-мақсатты  орындауға  жұмсап  келеді.  Адамдар  ежелгі  заманнан 
мемлекет  пен  құқық  қашан  пайда  болды,  қалай  дамып  келеді?-деген  мəселелермен 
шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.  
Енді мемлекеттің жəне құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша 
тоқталып өтейік.  
Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың əмірімен қалыптасып,  
дамып келеді деп түсіндіреді.  
Табиғи  теория  –  бұл  теорияны  жақтаушылардың  пайымдауынша,  мемлекетті,  құқықты 
ешкім  ойлап  тапқан  жоқ,  олар  адамның  өзі  сияқты  табиғаттан  бастау  алып,  əділеттілікке 
негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды.  
Тарихи  теория  –  осы  теорияны  ұстанғандар  мемлекет  пен  құқық  тарихтан  бастау  алып, 
тарихпен бірге жетілді дейді.  
Патриархалдық  теория  –  мемлекет  адамдардың  отбасы  тəжірибесінен  қалыптасқан 
азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп 
түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына 
айналған.Отбасы басшысы - əке, мемлекеттің басшысы – монарх.  
Психологиялық теория – адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы,  
іс-əрекеті,  мінезі,  тəртібі  –  бəрі  келісіп,  ұжымдық  түрде  басқарады  деген  тұжырымды 
қолдайды жəне тағы басқалар.  

 
Қазақ  жерінде  алғашқы  қауымдық  қоғам  заманында  рулық  қауым  пайда  болып,  ұзақ 
ғасырлар  бойы  адамдар  туыс,  қандастығы  ұйымның  шеңберінде  өмір  сүрді.  Бұл  аймақта 
мекендеген  көшпелі  тайпаларда  мемлекеттің  құрылуы  ғасырларға  созылып,  ол  ерекше 
күрделі  түрлер  арқылы  қалыптасты,  ал  барша  жұрт  ертеден  келе  жатқан  ауызша  заңдар 
жүйесі “əдет” заңына бағынып келген. 
 
№5 дəріс 
Тақырып: Мемлекет жəне құқықтың дамуының негізгі кезеңдері (типологиясы). 
Дəрістің
 мазмұны: 
1. Мемлекет типологиясының қалыптасу жолдары 
2. Мемлекет типологиясындағы формациялық көзқарас 
3. Мемлекет типологиясындағы өркениеттік көзқарас 
Мемлекет  типологиясы  (жіктелуі,  топтастырылуы)  дегеніміз  мемлекеттерді  өздеріне  тəн 
айырымдық  белгілері  негізінде  біріктіріп  топтастыруға  мүмкіндік  жасайтын,  сөйтіп  оның 
тарихи дамуындағы қисынын (логикасын) айқындайтын ғылыми жіктеу болып табылады. 
Мемлекеттерді типке бөлудің екі тəсілі бар: 
1. Формациялық тəсіл; 2. Өркениеттік тəсіл. Мемлекеттерді формацияға бөлу қоғамның 
экономикалық жəне əлеуметтік құрылысының ерекшеліктеріне байланысты. Мұндай тəсілді 
қолдану  нəтижесінде  қоғам  таптарға  бөлінеді  де,  олардың  əрқайсысының  экономикалық 
жүйеде  өзінің  ерекше  орны  болады.  Құлдық  дəуір  коғамында  негізінен  екі  үлкен  тап:  құл 
иеленушілер  мен  құлдар  болған.  Жеке  меншік  құл  иеленушілердің  қолында  болып,  құлдар 
тек  жұмыс  істейтін  құрал  ретінде  пайдаланылған.  Сондықтан  мемлекет  те  негізінен,  құл 
иеленушілердің  еркін  білдіріп,  солардың  мүддесін  қорғаған.  Ондай  мемлекетті  құл 
иеленушілік  мемлекет  дейді.  Феодалдық  қоғам  феодалдар  мен  шаруаларға  бөлініп,  ол 
қоғамның  экономикалық  негізін  феодалдар  жəне  шаруалардың  жеке  меншігі  құраған.  Бұл 
қауымды  феодалдық  қоғам  деп  атайды.  Феодалдық  қоғамда  да  екі  негізгі  тап:  феодалдар 
жəне оларға басыбайлы шаруалар болды. Мұндай қоғамдағы мемлекет феодалдық мемлекет 
деп аталды. Себебі, ол негізінен, феодалдардық еркін білдіріп, солардың мүддесін, меншігін 
қорғайды, шаруаларды феодалдарға бағынуға мəжбүрледі. Буржуазиялық қоғам да негізінен, 
екі таптан тұрады: буржуа жеке меншік иелері жəне өз еңбегінің күшімен ғана өмір сүретін 
жұмысшылар, шаруалар, ой еңбегі қызметкерлері. Мұндай қоғамда мемлекет, негізінен, жеке 
меншік  иелерінің  мүддесін  қорғайды.  Сонымен  қатар  қоғамда  таптардың  арасында 
қайшылықтардың  асқынып  кетпеуі  үшін  шаралар  қолданылып,  құқықтық  тəртіп  орнатуға 
қажетті əрекеттер жүзеге асырылады. 
Марксизм-ленинизм ілімі негізінде XX ғасырдың басында социалистік мемлекет дүниеге 
келді.  Мұндай  мемлекеттің  типі  əр  түрде  қалыптасты.  Оның  басқа  типті  мемлекеттерден 
түбегейлі ерекшелігі – еңбекшілердің, жұмысшы табы мен шаруалардың еркін баянды етіп, 
солардың мүддесін қорғайтын мемлекет ретінде жариялануы болды. 
Формациялық тəсілді пайдаланып мемлекеттер типологиясын жасағанда айырымдық белгі 
ретінде  қоғамдық-экономикалық  формация  категориясын  яғни  өндіріс  тəсілінің  əйтеуір 
біріне негізделген қоғамның тарихи түрі (типі) алынады. Формациялық типология бойынша 
мемлекеттердің төрт түрі болады, олар: 
- құл иеленуші; 
- феодалдық; 
- буржуазиялық; 
- социалистік. 
Қазіргі кезде мемлекеттің шығыстық типі (түрі) деген қарастырылуда, ол құл иеленуші 
мемлекеттен бұрын болған. 
Мемлекет  типтерін  егжей-тегжейлі  қарастырар  болсак,  онда  төмендегідей  мемлекеттер 
сипаттарына тоқталамыз: 
1.  Шығыстық  мемлекет  (батыс  елдері  ғалымдарының  зерттеулерінде  осылай  аталады) 
(Египет  (қазақша:  Ежелгі  Мысыр),  Вавилои  (қазақша:  Ежелгі  Бабьш).  Бұл  мемлекеттердің 

 
географиялық  орналасуы  мен  табиғаттық  жағдайлары  ірі-ірі  суландыру  жүйелерін  салу 
жұмыстарын ұйымдастыруды қажет еткен. 
Сондықтан  да  бұл  мемлекеттерде  жерді  суландыру  құрылыстарына  мемлекеттік  меншік 
болды  жəне  мұның  өзі  сол  мемлекеттің  экономикалық  негізін  құрады.  Осыдан  барып 
шығыстық мемлекеттің қызметтері анықталды, ол қызметтер: 
а) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру; 
б) Салықтар мен алымдарды өндіріп алу (жинастыру); 
в) Өзінің аумағын қорғау немесе бөгде мемлекеттің жер аумағын жаулап  алу; 
г) Қауымдастар мен құл-күндердің қарсылықтарын басу. 
Мемлекеттік  биліктің  ұйымдастырылу  түрі  шығыстык  деспотия  түрінде  болатын.  Бүкіл 
билік  мұрагер  монархка  тиесілі  болып,  мемлекетті  қуатты  əскери-бюрократтық  аппараттық 
күшімен басқарған. 
2.  Құл  иеленуші  мемлекет  (Ежелгі  Грекия,  Ежелгі  Рим).  Бұл  мемлекеттердің 
экономикасының негізі (базисі) тек өндіріс құралдары мен жабдықтары ғана емес, сонымен 
бірге  өндіруші  күштер  болып  табылатын  құлдар  да  құл  иеленушілердің  меншігі  болатын. 
Мұнда  құл  иеленушілер  жəне  құлдар  негізгі  таптар  еді,  бұлардан  басқа  əлеуметтік  топ  – 
қоленершілер болатын жəне т.б. 
Мемлекеттің қызметтері
а)  құл  иеленушілердің  жеке  меншігін  қорғау  жəне  қызметкерлерді  қанауға  жағдайлар 
туғызу болатын; 
б) құлдардың қарсылықтарын болдырмау, оларды басып, езу-жаншуды ұйымдастыру; 
в)  тəртіпті  сақтау,  тəртіпке  келтіру  мақсатында  идеологиялық  күш  жұмсап  ықпалын 
тигізіп отыру. 
Бұл  мемлекеттерде  мемлекеттік  билікті  (өкіметті)  ұйымдастырудың  монархия  жəне 
республика түрінде болатын. 
3. Феодалдық мемлекет, бұл мемлекеттердің экономикалық базисі (негізі) - жерге, толық 
басыбайлы  шаруаларға  жарым-жартылай  түріндегі  меншік  иесі  болу  феодалдардың  үлесі 
болатын.  Мұндағы  негізгі  таптар  феодалдар  жəне  басыбайлы  шаруалар  еді.  Аралық  тап  - 
қолөнершілер мен т.б. болатын. 
Мемлекет қызметтері: 
а)   Феодаддық меншікті қорғау; 
б)   қаналушы таптың қарсылығын басу; 
в)  сыртқы  шабуылдардан  қорғану  жəне  басқаларды  басып  алушылық  (басқыншылық) 
соғыстарын жүргізу. 
Мемлекеттік  билікті  (өкіметті)  ұйымдастыру  түрі  -  əртүрлі  монархия.  Басқарудың 
республикалык түрі (нысаны) тек қала – республика болғандарда кездесіп отырған (мысалы, 
Генуя, Псков). 
4.  Буржуазиялық  (капиталистік)  мемлекет.  Мұндай  мемлекеттің  экономикалық  базисі  - 
өндіріс кұралдарына жеке меншіктің болуы, ал негізгі таптары буржуазия мен жүмысшылар, 
əлеуметтік таптарына - люмпен - пролетариат (қайыршыланғандар) жатады. 
Мемлекет қызметтері: 
а) экономикалық яғни белсенді түрде қатысып араласу арқылы экономиканы мемлекеттік 
реттеу; 
б) əлеуметтік (Халықтың кедей топтарына қолдау көрсету жəне т.б.). 
Мемлекеттік  билікті  ұйымдастырудың  түрі  (нысаны)  сан  қилы  (республикадан 
монархияға шейін). 
5. Социалистік мемлекет. 
Экономикалық  базисі  (негізі)  –  жер  жəне  т.б.  қоғамдық  мемлекеттік  меншікте  болды. 
Негізгі  тап  –  жұмысшылар  мен  шаруалар.  Əлеуметтік  топ  ретінде  интеллигенция  алға 
шығады. 
Кызметі: 
а) мемлекеттің, қоғамның жəне еңбекшілердің мүддесін корғау; 

 
б) экономикалық; 
в) əлеуметтік. 
Мемлекеттік билікті ұйымдастыру түрі (нысаны) - республика. 
Мемлекеттер саяси режиміне байланысты төмендегідей түрлерге жіктеледі: 
1. Тоталитарлық мемлекет – бұл мемлекетте билік диктаторлық немесе билеуші элитаның 
қолына  шоғырланған.  Адам  мемлекет  алдында  бишара,  мүсəпірлік  халде  болады.  Бұл 
мемлекетте заң рұқсат еткеннен басқаның бəріне тыйым салынған. 
2. 
Авторитарлык 
мемлекет 
тоталитарлық 
мемлекеттен 
шектеулі 
болса 
да 
демократиялығының көбірек болуымен ерекшеленеді. 
3.  Либералдық  мемлекет  жеке  тұлғаның  құқықтық  əлеуетін  аша  түсуге  жағдайлар 
жасайды.  Мұнда  заңмен  тыйым  салынбағанның  бəріне  рұқсат  етілген  қағидаты  орын  алған 
болып келеді. 
4.  Демократиялық  мемлекет.  Бұл  мемлекетте  азаматтар  мемлекет  істеріне  қатысады. 
Маңызды  мемлекеттік  органдардың  бəрі  халық  бақылауында  тұрады.  Азаматтардың 
құқықтары  мен  бостандықтары  шынайы  (нақты)  болып  келеді.  Мемлекет  жеке  адам  мен 
коғамға қызмет етумен болады. 
Заң  ғылымында  "өркениет"  ұғымына  негізделген  мемлекеттер  типологиясына  басқаша 
тəсіл  колдану  баршьшық.  "Өркениет"  ұғымы  діни,  ұлттық  географиялык  жəне  басқалай  да 
белгілерге  (нышандарға)  байланысты  болып  келетін  қоғамдық  дамудың,  материалдық  жəне 
рухани мəдениеттің деңгейі ретінде түсініледі. Өркениет өзінің дамуында бірнеше кезеңнен 
өтеді. 
Бірінші  –  локальдық  (жергілікті)  өркениет,  бұлардың  əркайсысының  өзіндік  өзара 
байланысқан  əлеуметтік  институттар  жиынтығы  болады,  олардың  ішінде  мемлекетте  бар 
(Ежелгі мысырлық шумерлік, үнділік, эгейлік); 
Екіншісі    -  өздеріне  тəн  мемлекет  типтері  сəйкес  келетін  ерекше  өркениеттер  (үнділік, 
қытайлық, батыс-европалық, шығыс-европалық, исламдық жəне т.б.); 
Үшіншісі  –  осы  заманғы  өркениет;  мұндай  өркениеттің  мемлекеттіліктері  тек  енді  ғана 
қалыптасудың  үстінде  жəне  оларға  тəн  нəрсе  əлеуметтік-саяси  құрылымдардың  дəстүрлері 
мен осы заманғыларының бірлесіп күнелтуі. 
Өркениеттерді жəне олардың мемлекеттіліктерін типологиялау үшін əртүрлі негіздер бар, 
мысалы – хронологиялық, генетикалық, кеңістіктік, діни деп жіктеп айтуға болады. 
Мемлекетті  өркениетті  тəсілмен  сипаттағанда  оның  қоғамды  басқару  жолдары  қандай 
екені, экономиканы, мəдениетті дамытудағы атқаратын қызметі айқындалады. Осы тұрғыдан 
қарағанда мемлекеттер алғашқы өркениеттегі жəне кейінгі өркениеттегі мемлекеттер деп екі 
топқа  бөлінеді.  Алғашқы  өркениеттегі  мемлекет  шексіз  билікке  негізделеді  де,  біріктіруші 
жəне  ұйымдастырушы  күш  ретінде  қоғамның  əлеуметтік  жəне  экономикалық  құрылымы 
анықталады. Бұл - көне грек, шумер, ассировавилон, иран, бирма, жапон, т.б. елдердегі саяси 
ұйымдар. Кейінгі өркениеттегі мемлекеттік билік алғашқы өркениеттідей аса қуатты барлық 
қоғамды  қамтып,  басқарған  күшті  емес.  Мемлекет  көп  жағдайда  мəдени-діни  жүйеге 
бағынған. Мемлекет басшысы заңдарды, қағидаларды бекіткеннен кейін оларды өзі сақтауы 
керек, əйтпесе, оның билігі заңсыз болып саналады. Бұларға Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа, 
Солтүстік Америка, т.б. мемлекеттері жатады. 
Мемлекеттерді  өркениет  тəсілімен  түрлерге  бөлуде  мемлекеттердің  мемлекеттік  жəне 
əлеуметтік-экономикалық  құрылысын  қоғам  дамуының  рухани  ізгілік  жəне  мəдени 
факторларымен салыстыра отырып шешеді. Сонда: 
Өркениет  -  əлеуметтік-мəдени  жүйе.  Бұған  қоғамның  тіршілік  етудегі  болмысының 
əлеуметтік-экономикалық  жағдайлары,  этникалық  (халықтық),  діни  негіздері,  адам  мен 
табиғаттың үйлесу деңгейінің дəрежесі, сондай-ақ тұлғаның (жеке адамның) экономикалық, 
саяси, əлеуметтік жəне рухани бостандығының деңгейі кіреді. 
Өркениет  дегеніміз  қоғамның  салыстырмалы  түрде  тұйықталған  жəне  локалдық 
(жергіліктілік) ахуалы. 

 
Осы  ахуал  –  діни,  психологиялық,  мəдени,  географиялық  жəне  басқа  да  белгілерінің 
ортақтығымен  сипатталады.  Бұл  ахуалдың  негізгі  ерекшелігі  –  дін  мен  оның  ұйымдасу 
тұрпаттары (формалары) өзгеріссіз кала береді. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет