119
химических веществ. В соответствии со ст.5 Закона химические вещества, обладающие свойствами,
которые могут оказывать вредное воздействие на жизнь и здоровье человека, окружающую среду,
подразделяются на категории:
по физико-химическим свойствам на:
1) взрывчатые вещества;
2) легковоспламеняющиеся газы;
3) легковоспламеняющиеся жидкости;
4) легковоспламеняющиеся твердые вещества;
5) окисляющие вещества и органические пироксиды;
6) токсичные вещества;
7) коррозионные вещества;
по токсикологическим свойствам на:
1) сильнодействующие ядовитые вещества;
2) ядовитые вещества;
3) вредные вещества;
4) едкие вещества;
5) вещества, вызывающие раздражение слизистой оболочки глаз и (или) кожи;
6) вещества, обладающие сенсибилизирующим действием;
по специфическому воздействию на здоровье человека на:
1) канцерогены;
2) мутагены;
3) вещества, оказывающие токсические воздействия на репродуктивную функцию;
по воздействию на окружающую среду на:
1) вещества, опасные для водной окружающей среды;
2) вещества, опасные для воздушной окружающей среды и почвы (ст. 5 Закона).
Итак, учитывая известные нашему законодательству понятия и определения, а также
положительный опыт международной законотворческой деятельности, можно сформулировать
определение загрязняющего вещества.
По нашему мнению, под вредным (загрязняющим) веществом понимается химическое или
биологическое вещество либо смесь таких веществ, которое в определенных концентрациях,
превышающих предельно-допустимые нормативы, оказывает вредное воздействие на здоровье
человека и окружающую среду.
Загрязняющие вещества следует отличать от загрязняющих воздействий. Первые имеют
химическое или биологическое происхождение, а второе – физического характера.
Факторами физического воздействия являются наиболее общие свойства материального мира.
Физическое воздействие связано с изменением физических параметров внешней среды. Б.Ж.
Абдраимов и Е.Ж. Жарылкасын считают, что физическое загрязнение связано с изменением физических
параметров окружающей среды: температурно-энергетических (тепловое загрязнение), волновых (световое,
шумовое, электромагнитное загрязнение), радиационных (радиоактивное и радиационное загрязнение) [4, с.13].
Противоположностью загрязняющим веществам являются вещества неопасные, безвредные и
незагрязняющие. Так, по мнению Е.Б. Байтанаева, все вещества химического, биологического и
иного происхождения можно подразделить на загрязняющие и неопасные, либо, как по Закону
Японии «О контроле за химическими веществами», «специфические» и «безвредные» [5, с.30].
Также законодательство выделяет промежуточную категорию - потенциально опасное химическое
и (или) биологическое вещество, которое только при определенных условиях может стать
загрязняющим веществом.
Потенциально опасным химическим и (или) биологическим веществом считается индивидуальное
вещество (соединение) природного или искусственного происхождения, способное в условиях
производства, применения, транспортировки, переработки, а также в бытовых условиях оказать
неблагоприятное воздействие на здоровье человека и природную среду [6].
По республиканскому законодательству под потенциально опасными химическими и
биологическими веществами понимаются «вещества, которые при определенных условиях и в
определенных концентрациях могут оказать вредное влияние на здоровье человека или будущих
поколений людей, применение и использование которых регламентируется санитарными правилами
и гигиеническими нормативами» (ст.1 Закона РК «О санитарно-эпидемиологическом благополучии
населения» от 4 декабря 2002 года).
ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы. № 2 (50). 2009
120
1. Большой энциклопедический словарь. – М.: Советская энциклопедия, 1979.
2. Вронский В.А. Прикладная экология. Учебное пособие для студентов вузов. - Ростов-на -Дону. 1996.
3. Политехнический словарь. – 2 изд. – М.: Советская энциклопедия, 1980. – С.486.
4. Абдаимов Б., Жарылкасын Е. Возмещение экологического вреда по законодательству Республики Казахстан. -
Алматы: Юрист, 2001.
5. Байтанаев Е.Б. Правовая охрана окружающей среды от загрязнения агрохимикатами в Республике Казахстан: Дисс.
канд. юрид. наук. – Алматы, 2005.
6. Базельская конвенция о контроле за трансграничной перевозкой опасных отходов и их удалением ( Базель, 22 марта
1989 г.).
Б. А. Жүсіпова
ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕРГЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ
ЖӘНЕ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ (XVIII-XIX ғғ.)
Жерге орналастыру жер қатынастарын реттеуге бағытталған шаралар Қазақстанда XVIII-XIX
ғасырларда өз ерекшеліктерімен сипатталды.
Жерге орналастыру заңнамасының қалыптасуы мен құқықтық реттелуінің ерекшелігін
революцияға дейінгі кезең және Кеңес дәуіріндегі кезең деп қарастыруға болады.
Революцияға дейінгі кезеңде, жер өңдеуге жарамды жер көлемі есепке алынбады. ҚазАКСР
үкіметінің бекітілген отырықшы жерлер тізіміне сәйкес, олардың көлемі – 11 млн 577 мың 783 га,
оның ішінде жер өңдеуге жарайтыны – 8 млн 812 мың га болды. Бір мәліметтер бойынша абсолютті
қажетсіз жерлер 50 млн десятина, ал басқа мәліметтер бойынша – 75,5 млн десятина болды.
Қазақстан территориясының көп бөлігі шөлейт сипаттағы дала кеңістігімен сипатталады, кейбір
бөліктерінде Қазақстанның 61 % құрайтын шөлейт жерлер болды. В.М. Боровский мен У. Успановтың
зерттеулерінде Қазақстанның шөлейт және шөл жерлерін оның барлық көлемінің 64%-ын құрайды
деп көлемін өсіріп көрсетілген. Қазақ шаруашылығының формалары әр аймақтың табиғи
ерекшелігіне байланысты болды. Қазақстанда шаруашылық жүргізудің негізгі белгілері бойынша
шаруашылықтың 3 түрін бөліп көрсетуге болады. Біріншісі жер – мал шаруашылығы – Солтүстік
зоналарды қамтыды, яғни бірінші табиғи-тарихи аймақта және Оңтүстіктің кейбір бөліктерін де
қамтыды. Табиғи-географиялық аймақтарды зерттегенде Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанның жер
зоналары бірдей еместігі анықталған. Шаруашылық жүргізудің екінші түрі (мал шаруашылығы мен
жер игеру) орташа жылдық жауын көлемі 200-ден 250 мм болатын зонада,яғни екінші типті табиғи-
тарихи зонаға сәйкес келді, сондай-ақ жер игерумен қатар мал бағумен сипатталынды. Орталық
Қазақстан территориясына мал шаруашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғызды, алайда оның
солтүстік бөлігінде қара топырақты және қара қоңыр топырақты жерлер болғанымен,жер иегерумен
қатар мал шаруашылығы да бірдей қалыптасқан.
Шаруашылық жүргізудің үшінші түрі (таза мал шаруашылығы) Оңтүстік және Орталық
Қазақстанда болды, орташа жылдық жауын көлемі 250 мм-ден төмен болатын, шаруашылық жүргізу
көшіп-қонумен сипатталынды. Осылайша, Қазақстанның жер ресурстарын рационалды игеру мен
қазақ халқын жерге орналастыру негізгі мәселелері Қазақстанның климаттық ерекшеліктеріне
байланысты анықталды және де соның нәтижесі ретінде «ылғалсыз жерлер» деп аталатын және
олардың өнімі тұрақсыз жерлердің таралуын айтамыз.
Көшпелі және жартылай көшпелі аудандарда революцияға дейінгі кезеңде жерді пайдаланудың
қоғамдық формасы дамыды. Қазақ халқының жерді пайдаланудың қоғамдық-туыстық формасы
шаруашылықтың даму сатыларына байланысты көп түрлерге ұласты. Таза көшпелі аудандарда жерді
пайдаланудың қоғамдық-туыстық формасы белгілі бір қыстық тұрақтарсыз дамыды. Олар көбінесе
жаз айларында жайлауда, қыс айларында қыстақтарда қоныстанды. Көбінесе қазақ елінде тұрақты
және белгілі бір егістіктері болған жоқ, бытыраңқы болды, өйткені Қазақ халқы көшпелі мал
шаруашылығымен айналысқандықтан, бос жерлерді пайдаланды, яғни малға жайлы, табиғи климаттық
жерлердің ыңғайлысына қоныстанды. 2-3 жылдан соң сол жерлер ауыстырылып отырылды (1, 48-50 бб.).
1889 жылы 12 шілдеде «Село тұрғындары мен мещандардың қазыналық жерлерге өз еркімен
қоныс аударуы туралы» арнайы ереже бекітілді. Бұл ережеде, негізінен, жерді бөліп берудің нақты
мөлшері көрсетілмеген, дегенмен жергілікті өкімет органдарына өз қалауы бойынша белгілеуге
құқықтары белгіленген. Тіпті қазақ шаруалардың құнарлы жерлерднен шөлейт жерлерге күшпен
көшіру және қазақтардың көшетін жолдары орыс поселкаларының үстінен өткендігіне алым төлету
фактілері де орын алған. Міне, осындай қолайсыз жағдайлар салдарынан қазақ ауылдарының ауыл
шаруашылығы да құлдырауға ұшырады, мал шаруашылығының өркендеуіне кері әсерін тигізді.
Қазан революциясынан кейінгі орнаған Кеңес үкіметінің басқаруы көптеген салаларға өзгерістер
Вестник КазНУ. Серия юридическая. № 2(50). 2009
121
әкелді. Социалистік жер қатынастары Кеңес үкіметі орнауымен пайда болды. Кеңес дәуірі орнағаннан
кейінгі кезеңде қалыптасқан жерге орналастыру 1917 жылғы 26 қазандағы Жұмысшылар әскері және
шаруалар депутаттарының II Бүкілресейлік съезінің Жер туралы Декретінен бастау алады. Мұнда
жерге орналастырудың мақсаты тәркіленген жерлерді жүзеге асыру болып табылады. Болыстық жер
комитеттері басқарды, олар тікелей сайлау арқылы құрылады. Болыстық жер комитеттерінің
міндеттерін крепостной құрылысының барлық қалдықтарын тезірек және біржолата жою, барлық
әділсіздік олқылықтарды, оның ішінде: норматикалық орындаушылық жүйесін натуралдық жалдау
т.б толығымен жоюға жатады. Болыстық жер комитеттеріне болыс аумағындағы жер туралы барлық
құжаттарды жинап алу, сонымен қатар жерді пайдаланудың алқаптарға бөліну мәліметтері жинау
міндеттері жүктелді. Малды азықтандыруға керекті жайылымдық мөлшерін анықтау (орман,
шабындық жерлерін) селолар мен деревняларға бөліп беру жүктелді. Жерлерді жалға алу ақысын
белгілеп және төлеу тәртібін тексеріп отырды. Жер реформасының жобасын дайындады. Тәртіп
бойынша қабылданған жер заңдарын жүзеге асыру үшін орталық және жергілікті жер комитеттері
құрылды. Жергілікті жер комитеті орталық жер комитетінің басшылығымен әрекет етеді. Жергілікті
жер комитетінің құрамында губерниялық (облыстық), уездік, окургтік, облыстық жер комитеттері
кіреді. Жер комитетінің жер және ауыл шаруашылық қатынастарын реттеу туралы нұсқау бар. Оның
жерді есепке алу қожалықтарды құнсызданудан қорғау, жерді тең бөлу және басқа да бөлімдері бар (2).
1918 жылдың 18 тамызында ВЦИК-тің қаулыларында қозғалмайтын мүлікке және меншікті
құқығын жою туралы декрет қабылданды. Декретке сай жеке тұлғалардың және өнеркәсіптің,
кәсіпорындардың және ведомоствалар мен мекемелердің жеке меншігіндегі құрылыс орналасқан
және орналаспаған жерлеріне жеке меншігі жойылады, меншіктеніп алынған жер жергілікті үкімет
органына беріледі және жергілікті үкімет органдары кәсіпорын салушыларға жер беру құқығын
пайдаланады (3).
1919 жылдың 14 ақпанында «Социалистік жерге орналастыру» және социалистік егін
шаруашылығына өту шаралары туралы тәртіп қабылданды. Мұның 3-бабында былай делінген:
Адамды адам қанайтын барлық қанаушылықты жою үшін, социализм негізінде ғылым мен
техникалық барлық жетістіктерін қолданып, ауылшаруашылықты ұйымдастыру үшін, еңбекшілер
көпшілігін социализм рухында тәрбиелеу үшін, сондай-ақ пролетариат пен деревня кедейлерін
капитал мен күресті ұйымдастыру үшін, жер пайдаланушыларды жеке меншік түрінен ірі кеңестік
серіктерге, қожалықтарға және басқа да серіктестіктерге көшіру алға қойған мақсатқа жетудің ең
артық құралы болып табылады. Ірі кеңес қожалықтары коммуналар қоғамдық жер өңдеу және басқа
серіктестік жер пайдаланушылар қойған мақсатқа жетудің ең озық құралы болып саналады.
Сондықтан барлық жеке меншік жер пайдаланушыларды өтпелі кезең деп қарауы керек. Осы
мақсаттарға жету үшін жер бөлімдердің жерге орналастыру міндеттерінің шеңберіне мыналар кіреді:
а) ауыл шаруашылығының жерлерін басқа жерлерден шекарасын бөлу;
б) ауыл шаруашылығы қорынан жеке меншікке бөліп беруге жатпайтын жердің шекараларын
анықтау;
в) алыс жерлерді,аралас алқаптарды жою;
г) ауыл шаруашылық қорды ауылшаруашылық қожалығын жүргізу үшін еңбекші халыққа бөліп
беру;
д) басқа қажеттілік үшін бөліп беру;
е) ауылшаруашылық қорды кеңейту үшін іздестіруді жүргізу;
ж) жер қорының және жер пайдаланушы халықтың есебін жүргізу.
Жерге орналастыру жұмыстары жер бөлімдерінің бастамасы мен губерния көлемінде жүргізілді.
Жер бөліп беру жұмыстары жерге орналастыру жұмыстарының жоспарлары негізінде жүргізілді.
1919 жылы 11 наурызда социалистік жерге орналастыру туралы тәртіпті қолдану жөнінде егін
шаруашылығы халық комиссариатының нұсқауы қабылданды. Бұл ережеде: «РСФСР-да барлық
жерлер, кімнің қарамағында болса да біртұтас мемлекеттік жер қорын құрайды», - делінді (4).
1920 жылы жерге орналастыруға байланысты нормативтік құқықтық актілер «Азық-түлік және
ауылшаруашылығы халық комиссариатының мемлекеттік жайылым қорын құру және оны пайдалану
туралы» қаулысы қабылданды. 1920 жылы 30 сәуірде жерді пайдалану мақсаттарына қол жеткізе
алмағандықтан «Жерді қайта бөлу туралы» Декрет қабылданды (5).
Кейін 1922 жылы 22 мамырда ВЦНК-нің «Еңбек пен жер пайдалану» заңы қабылданды, бұл заңда
мынадай тәртіптер көзделінген. Осы қаулы қабылданғаннан бастап, әрбір жер қоғамы, жер пайдалану
түрін сақтап қалуға, жер пайдаланудың әртүрлі әдістерін таңдап алуға құқылы. Сондай ақ РСФСР
1922 жылы қабылданған Жер кодексінің ІІІ бөлімінде, - «Жерді оналастыру және қоныс аудару
туралы» 165-175 баптарында жерді оналастыру жұмысының тәртібі анықталған. 1923 жылы 10
мамырда ВЦИК-тің Түркістан АКСР-нің көшпелі және жартылай көшпелі аудандарында жерге
ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы. № 2 (50). 2009
122
орналастыру туралы декрет пен ереже қабылданған. Декретте: «Бұл ереженің қабылдау мақсаты жер
пайдалануды шаруашылықтың жағдайына қарай ыңғайластырылған, дұрыс және тұрақты қамтамасыз
ету», - деп көрсетілген (6).
1928 жылғы «Жерге орналастыру мен жерді пайдаланудың жалпы бастамалары» Декретінде
барлық шаруашылық мұқтаждықтарына берілген жер алқаптарын дербес категория етіп бөлмеді.
Жерге орналастыру органдары алдында жеке жер пайдалану нысанының ірі социалистік жер
пайдалану нысанына ауыстыру мақсаты тұрды.
Сонымен, халықты жерге орналастырудың негізгі мақсаты жер ресурстарын рационалды игеру
болып табылатындықтан, жерге орналастыру сипатындағы іс-шараларды өткізгенде, ең алдымен
жерді утилизациялаудың ауыл шаруашылық формаларына Қазақстанның табиғи-климаттық
ерекшеліктерін ескеріле отырып, шаруашылық жүйесін бөлу мен халықты жерге орналастыруға
арнайы нормативтік актілердің қабылданып, мемлекеттік уәкілді органдардың жер заңдарының
нормаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етудегі қызметінің жүйесі мен іс-шаралары қалыптасқан.
Жер құқық қатынастардың жаңа сапалы моделін жасауды және жер құқықтық тәртіптерді
заңдарда оңтайлы орнықтыру, қалыптастыру, жер құқық нормаларын іске асыру теориялық өзекті
мәселелер болып табылады (7, 21б.). Сондықтан жоғарыда айтылған Қазақстандағы жерге
орналастыру заңнамасының қалыптасуымен даму кезеңдерінің тарихынан жер құқығының пайда
болуынан бастап, жерге орналастыру мен жер процессуалдық нормалардың қатар дамығаннын,
оларды қолдануын жерге орналастыру іс-шаралары жер заңдарының орындалуына ықпалын
тигізгенін көре аламыз (8, 8-9 бб.).
1. Ибраимова Г. Землеустройство казахского населения в первой трети ХХ века» (теория и практические подходы).
Источник. – Караганда, 2006. - 48-50 б.
2. СУ РСФСР 1917г №1
3. СУ РСФСР 1918г №62
4. СУ РСФСР 1919г№4
5. СУ РСФСР1919г №39-40
6. СУ РСФСР.1928 - 69-642 бб.
7. Әбдірайымов Б.Ж. Земельный процесс в Республике Казахстан. Учебное практическое пособие.-Алматы: Юрист,
2001. – 88 с.
8 Нұғыманов Е.Е. Қазақстан Республикасында жерге орналастыру - жер қатынастарын құқықтық реттеудің әдістемесі.
Автореферат заң ғылымдарының кандидаты. - Алматы, 2007. - 8-9 бб.
***
В статье рассматривается тенденция становления и развития правовой землеустройство казахского населения XVIII-
XIX в.в.
***
In this article it is considered the tendencies of becoming and developing legal regulation of land of Kazakh population in
XVIII-XIX centuries.
А.Ә. Бектұрғанова
ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАУ САТЫСЫ – ҚЫЛМЫСТЫҢ ІС ЖҮРГІЗУ
САТЫСЫНЫҢ БІР ТҮРІ РЕТІНДЕ
Қазақстанда қылмыстық процестің қылмыстың iс жүргізу сатысы басты институттарының бiрi
болып табылады. Аталған инстанция бiрқатар объективтi факторларға байланысты қалыптасады.
Қазақстан Республикасының жаңа ҚІЖК-нiң қабылдануы, оны қолдану тәжірибесінің болмауы, оның
жетістіктерін бара-бар бағалаудың мүмкін еместiн. Мұндай факторларға жататын жағдайлар: 1997
жылғы қаңтарынан бастап ҚР ҚІЖК-нiң қабылданылып, енгізілуі қылмыстық iс жүргізу мiндеттерiн
айқындай түстi.
Қылмыстық процестің мiндеттерi Қылмыстың iс жүргізу кодексiнiң 8-бабында айтылған. Онда
қылмыстық процестің мiндеттерi қылмыстарды тез және толық ашу, оларды жасаған адамдарды
әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту, әдiл сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс
қолдану болып табылады. Қылмыстық iстер бойынша iс жүргізудiң заңда белиленген тәртiп адамды
және азаматты неизсiз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз
шектеуден қорғауды, кiнәсiз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда, - оны дереу және
толық ақтауды қамтамасыз етуi, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртiбiн нығайтуға, қылмыстың
алдын алуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесуге тиiс [1, 10 б.].
Вестник КазНУ. Серия юридическая. № 2(50). 2009
123
Қылмыстың толық ашылуы, әдiл жазаның белгіленуі, қылмыстық iстiң жүргізу сатыларынан
тұрады. Қылмыстық iстiң әрбiр сатысы өзiнше маңызды. Е.Е. Ерешев пен Б.Х. Төлеубекова іс
жүргізудiң өзiндiк iскерлiк мазмұнын ерекше атап көрсетедi. «Бiрақ сатылар өзара бiр-бiрiмен тығыз
байланысты, өйткені әрбiр саты бiр-бiрiнен таралады. Бұндай байланыстылық iстi шешудеп негізгі
мiндет пен шешiлу әдiсiнен туындайды», - деп көрсетеді [2, с. 109].
Процессуалдық қарым-қатынас - бiр-бiрiмен тығыз байланысқан нормалармен; бiр мақсатқа
негізделген құқықтық iс жүргізу.
Қылмыстық iс жүргізу - тергеулiк, прокурорлық, сот органдарының құқықтық қарым-қатынасы.
Бұл қарым-қатынас қылмыстың iс жүргізу нормаларымен өзгеріп, дамып немесе тоқтатылып
отырады.
Процеске қатысушылардың iс-әрекетi арнайы тәртiппен жүргізіледі. Тәртiп iстiң дұрыс жүргізілуін,
әдiл жаза белгіленуiн қамтамасыз етедi. Осыған сәйкес проф. М.С. Строговичтiң мына айтанын еске
түсiрейiк: «Қылмыстық iс жүргізу сатылары – қылмыстық iс жүргізудiң сипатталуы, процессуалдык
iс-әрекет және процессуалдык қарым-қатынас. Егер бiрiншi саты толық жүзеге асса, iс сол кезде ғана
келесi сатыға ауысады» [3, с. 66].
Соған орай кылмыстық процесс – бұл тек қана мемлекеттiк органдардың қылмыстық заңдарының
бiр бөлiгі ғана емес, сонымен қатар оның нақты жүйесi.
Қылмыстың iс жүргізу теорияларының авторлары қылмыстың iс жүргізу сатыларын
төмендегідей сипаттайды:
1. Қылмыстық iстегі негізгі мiндет;
2. мемлекеттiк органдардың, т.б. тұлғалардың iстi шешуi;
3. процессуалдык форма тәртiбi;
4. iске байланысты шешiмнiң сипатталуы;
5. әрбiр сатының заңға сәйкес мерзiмнiң белгіленуі [4, с. 9].
ҚР Қылмыстық iс жүргізу кодексiнде Қылмыстық iс жүргізу сатылары айтылғанымен, онда нақты
тоқталмаған. Қылмыстық iс жүргізу ғылымында iс жүргізу сатылары аса кең, ауқымды үғым ретiнде
қарастырылады. Ғалымдар оларды бiр-бiрiнен бөлуге болмайды дейдi, олар керiсiнше бiр-бiрiн
толықтырады дейдi.
Проф. И.В. Тыричев келесiдей анықтама бередi: «Саты - бұл бiр-бiрiмен тығыз байланысты, бiрақ
өзара процестiң бөліп, өзінің мiндетiмен ерекшеленедi» [5, с. 15].
Байқағанымыздай автор қылмыс сатыларының негізгі белгілеріне тоқталған. Е.Е. Ерешев пен
Б.Х. Төлеубеков сатыны – қылмыстық iс жүргізудiң бөлек бiр бөлiмi ретiнде және сот билiгінiң
жүзеге асуының көрiнiсi ретiнде қарастырады [2, с. 11].
К.Х. Халиков сот билiгі деп мемлекеттiң атынан билiктiң әдiл жүргізiлуi және бұзылған
құқықтарды қалпына келтiрудi түсiнедi, бұзылған құқықтарды қалпына келтiру үшiн мәжбүрлеу
шараларын қолдануды түсiнедi [6, 172 б.]. Ш.М. Шарипов сот билiгін мемлекеттiң атынан шешiм
кабылдауы деп түсiнедi [7, 13 б.]. Сот билігін зерттей келе К.А. Маркс сот билігін мемлекеттік
билiктiң тәуелсiз қызметi ретiнде қарастыру керек деген. Мемлекеттiң арнайы органы ретiнде
мемлекет атынан сот билiп жүзеге асады [8, 38 б.]. А.П. Рыжаков қылмыстық iс жүргізудiң сатысы
ретiнде өзара тығыз байланысты жүзеге асатын қылмыстық процестi айтады.
Жоғарыда айтылған ойды зерделей келе бiз мынаны ұсынамыз:
Қылмыстық iс жүргізу сатысы - бұл өзiндiк жеке сот iсiн жүргізу, ол өзінің мазмұнымен
ерекшеленедi. Әрбiр саты қылмыстық iс жүргізудiң аяқталған бiр бөлiмi ретiнде көрiнiс табады [9, 8 б.].
Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, келесiнi айта аламыз:
- қылмыстық iс жүргізу сатысы iстiң мазмұнына сәйкес жүзеге асады;
- әрбiр саты өзінің алдындағы сатыдан туындайды;
- қылмыстық iс кез келген сатыда тоқтатылуы мүмкін;
- iстiң бiр сатыдан екiншi сатыға өтуi бұзылған құқықты калпына келтiруге жәрдемдеседi.
Сонымен, қылмыстық iс жүргізудiң сатылары болып: қылмыстық iстi қозғау; алдын ала тергеу;
басты сот талқылауы; заңды күшiне еңбеген сот шешiмiн қайта қарау; сот шешiмiнiң орындалуы.
Сонымен қатар екi қосымша сатысы қарастырылған: қадағалауы немесе iстi қайта қарау және
жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша iстi қайта қарау.
Қылмыстық iс қозғауға уәкiлетi бар лауазым иелерi осындай шешiм қабылдаған кезден бастап
ҚІЖК бойынша қылмыс жасау жағдайларын, оны жасаған адамды, айыптының қылмыстық iз түзудiң
негіздерiн анықтау секiлдi мақсаттарға жету үшiн көзделген кез келген iс жүргізу әрекеттерiн
қолдануға құқылы [14, 6 б.]. О.В. Арсентьев: «Қылмыстық iс қозғау қылмыстық iс жүргізудiң өзiндiк
сатысы туралы ереже адвокат үшiн өте маңызды. Оған қылмыстық iс жүргізу сатысын сипаттайтын
ҚазҰУ хабаршысы. Заң сериясы. № 2 (50). 2009
Достарыңызбен бөлісу: |