http://www.enu.kz
Сейдеш Б.Б., Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ халықаралық құқық
кафедрасының аға оқытушысы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН
БОСТАНДЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДАҒЫ
http://www.enu.kz
В данной статье говорится о справедливом рассмотрении дел в
независимом суде. Автор раскрывает значение прав и свобод человека,
соблюдение их на международном и национальном уровнях.
Ключевые слова: права и свободы человека, омбудсмен, Комиссия по
правам человека.
This article is devoted to the problems of realization by courts the right
decisions in accordance with norms of international requirements and legislation,
and reflection of them in the national legislation.
Keynotes: human rights and freedoms, ombudsman, Commission on human
rights.
Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың негізгі
мәселесі – қоғам және мемлекет ӛміріндегі ең бірінші қорғалуға тиісті
құндылықтар. Жалпы гуманитарлық құндылықтар ӛлшем бірлігінде адам
және азаматтардың құқықтары мен бостандықтары басқа субьектілер
арасында басым рольге ие екендігі даусыз. Кез келген демократиялық
мемлекетте адам құқықтары мен бостандықтары және оның міндеттері
әлеуметтік, саяси, әрі заңды сипаттағы маңызды институтты құрап, қоғамның
ӛркениетті даму деңгейі жетістіктерінің ӛлшеуші қызметін атқарады.
Адам құқықтары мен бостандықтарының – тұлғаның рухани және
материалдық игіліктерге жетуінің құралы, биліктің механизмі, ерік
білдірудің заңды түрі, ӛз мүдделерінің жүзеге асуының басты факторы
екендігін де атап ӛткен орынды. Сонымен қатар, тұлғаның ӛзін-ӛзі
дамытуының міндетті алғышарты, оның қоғамдағы орнын нақтылау, әрі
артықшылықтарын кӛрсетудің бір түрі [1]. Сондықтан да дамыған,
ӛркениетті мемлекеттер мен ұлттар, жалпы әлемдік қауымдастық - адам
құқықтары мен оны қорғауды мемлекеттің прогрессивті дамуы мен
гүлденуінің, тұрақтылық пен тӛзімділіктің әмбебап идеалды алғышарты
ретінде қарастырады. Сол себепті қазіргі заманғы әлем осы бағыт бойынша
қарқынды дамуда. Белгілі қоғам қайраткері Т. Джефферсон ӛз кезегінде
«адамның туа біткен және ажырамас құқықтарынан басқа ӛзгеріске
ұшырамайтын ештеңе жоқ» деген қанатты сӛзін бекер қалдырмаса керек.
Адам құқықтарын қорғаудың мәселесі бүгінгі таңда жекелеген
мемлекеттердің аумағынан шығып, бүкіләлемдік құқықтық институттардың
құрылуына негіз болғанымен, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау
механизмінің осы кезеңдегі және жақын болашақтағы жетекші ролі ұлттық
институттарға тиесілі екендігі де жасырын емес. Адам құқықтарын
http://www.enu.kz
қорғаудағы кепілдіктердің бірі құқыққорғау институтының әділ және тиімді
жүйесі. Оның ӛзі ӛз кезегінде екі түрге бӛлінеді: 1) құқық қолдану -
құқықтық заңнамаларды жүзеге асырудың мемлекеттік биліктік әрекеті,
құқықтық қатынастар субьектілерінің мүдделерін жүзеге асырудағы
кездесетін кедергілерді жою болса; 2) құқық қатынасының субьектісі ӛз
мүддесі мен заңды құқықтарын қорғау үшін тиісті құқыққорғау органдарына
шағымдануға, ал құқыққолданушы оны қорғауға кепілдік беруге немесе
оның мүддесінің жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге құқылы [2].
1948 жылдың 10 желтоқсан күні БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы «Адам
құқықтары туралы Жалпы Декларациясын» қабылдаған болатын. Аталған
Декларацияда адам туа салысымен тең құқықтар мен міндеттерге ие, оларды
түрі, түсі, ұлты, жынысына және тағы да басқа ерекшеліктеріне қарай бӛлуге
болмайтындығы туралы нақты айтылған. 1950 жылдан бастап әр жылдың 10
желтоқсаны Халықаралық Адам құқығы күні ретінде аталып ӛтіледі.
Сонымен қатар 1950 жылы «Адам құқықтарын қорғаумен оның негізгі
еркіндіктері туралы Еуропалық конвенция», «Экономикалық, әлеуметтік
және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт» қабылданды. Осы аталған
және содан кейінгі қабылданған құжаттар негізінде адам және азамат
құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарын, яғни ӛлшемдерін
қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттердің конституциялық құрылымын
реттеп, инкорпорациялау үшін негіздер қаланған болатын.
Адам құқықтары туралы алғашқы ұғым 1789 жылы қабылданған
Францияның
«Азаматтардың
құқықтары
мен
міндеттері
туралы
Декларациясында» кӛрініс тапқаны белгілі. Алайда күн бүгінгі күнге дейін
адамның туа біткен құқықтары мен бостандықтары ұзақ даму кезеңдерден
ӛткен болатын. Оның алғышарттарының, яғни қайнар кӛздерінің қатарына
Еркіндіктің Ұлы Хартиясы (1215), Ағылшындық құқық туралы Биль (1689)
және Американдақ құқық туралы Биль (1791) сияқты құжаттарды жатқызуға
болады.. XIX ғасырда басым мемлекеттерде алғашқы саяси және азаматтық
либералдық құқықтар әр түрлі сипатта қалыптасқан болатын. ХХ ғасырдың
басындағы социалистік жүйенің қарқынды ықпалымен азаматтық және саяси
құқықтардың қатарына кәсіподаққа бірігу құқығы, еңбек ету құқығы,
әлеуметтік кӛмекке құқық және т.б. сол сияқты бірқатар әлеуметтік
экономикалық құқықтар келіп қосылғаны белгілі
Құқыққолдану жүйесіндегі мемлекеттік органдардың құқықтық
нормаларға қатысты қоғамдық қатынасты қалыптастыру жүйесінің маңызды
бӛлігі - сот жүйесі. Сот билігі нақты сипаттағы құқыққорғаушылық қасиетке
ие, сонымен қатар сотта қаралатыын істер мӛлдір, әрі ашық болуы, шарт.
Соттың адам құқықтарын қорғаудағы әрекеті заңды құқыққорғау деп аталса,
басқа ӛкілетті органдардың адам құқықтарын қорғаудағы әрекеті
құқыққорғаушылық деп аталмайды. Құқыққорғаудың адам құқықтары мен
бостандықтарын қорғаудағы басқа ӛкілеттік органдардан басты ерекшелігі
осы болып табылады, ол адам құқықтары мен бостандықтарының азаматтық,
саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени саладағы құқықтарының
қамтамасыз етілуін қадағалайды.
http://www.enu.kz
Бұл жерде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бұрынғы
Тӛрағасы Қ.Мамидің Қазақстан Республикасындағы Сот жүйесін
реформалаудың басым бағыттары, нақтырақ Қазақстан Республикасындағы
адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы сот жүйесінің маңызы
туралы «сот жүргізу ісін қарапайым жүйеге келтіру, азаматтар құқығын
қамтамасыз етудің кепілдігін арттыру, әділетті сот жүргізу мақсатында
соттырдың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, сот жүйесіндегі құқыққорғау
ӛкілдерінің маңызын арттыру, сот жүйесіндегі жариялылық пен шыншылдық
қағидаларын қалыптастыру, сонымен қатар ұлттық сот жүйесін халықаралық
сот жүйесінің нормаларына сәйкестендіру арқылы сот билігінің беріктігін
қамтамасыз ету» керек деген сӛзін атап ӛткен орынды болар еді [3].
Қазіргі күшіндегі Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30
тамыздағы қабылдаған Конституциясының тұтастай бір VII бӛлімі Соттар
және сот тӛрелігіне арналғандығын да атап ӛткен жӛн. Ата заңымыздың 75-
бабында Қазақстан Республикасында сот тӛрелiгiн тек сот қана жүзеге
асырады деп ашып кӛрсеткен. Ал 76-бабында Сот билiгi Қазақстан
Республикасының атынан жүзеге асырылады, сонымен қатар ӛзiне азаматтар
мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерiн қорғауды, Республиканың
Конституциясының, заңдарының, ӛзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң,
халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етудi мақсат етiп қояды.
Сот билiгi Республика Конституциясының, заңдарының, ӛзге де нормативтiк
құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының негiзiнде туындайтын
барлық iстер мен дауларға қолданылады. Соттар шешiмдерiнiң үкiмдерi мен
ӛзге де қаулыларының Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi
болатындығы туралы атап ӛтеді.
Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі
туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы. 25 желтоқсандағы № 132-II
Конституциялық Заңының 1-бабында әркiмге мемлекеттiк органдардың,
ұйымдардың, лауазымды және ӛзге де адамдардың Республиканың
Конституциясында және заңдарында кӛзделген құқықтарға, бостандықтар
мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген
заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк
берiлетіндігі туралы айтылған.
Адам құқықтары - тұлғаның жалпы құқықтық мәртебесін айқындайтын
құқықтардың жиынтығы. Ол құқықтық мемлекеттердің конституциялық
құқығының негізін құрайды. Аталған ұғым әр түрлі позитивті құқықтық
мемлекеттермен қатар, түрлі халықаралық құқықтық келісімдерде де бірнеше
мағынада кездесуі мүмкін. Халықаралық жария құқықта БҰҰ-ның Адам
құқықтары жӛніндегі Декларациясы Адам және азаматтардың құқығын
қорғау жӛніндегі тұңғыш заңнама болып табылады.
Сот органдарында құқыққорғау қызметінің екі аспектісі кӛрсетілген:
Біріншіден, құқық пен заңның үстемдігін қамтамасыз ету. Бұл сот органдары
азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерді қарастыра отырып, тек қана
заңнамаға, соның ішінде Конституцияға, нормативтік-құқықтық актілерге,
мемлекеттің халықаралық заңнамаларына сүйену керек екендігін кӛрсетсе,
http://www.enu.kz
екіншіден, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандығын және заңды
мүдделерін қорғауын қамтамасыз ету болып табылады. Аталмыш қызмет
Қазақстан Республикасының Конституциясының қағидаларына сай келеді.
Қазақстан Республикасын Конституциясының 78-бабында «Соттардың
Конституциямен баянды етілген адам және азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен нормативтік құқықтық
актілерді қолдануға құқығы жоқ. Егер сот қолдануға тиісті заң немесе ӛзге де
нормативтік құқықтық акт Конституциямен баянды етілген адамның және
азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп тапса, іс
жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық емес деп тану
туралы ұсыныспен Конституциялық Кеңеске жүгінуге міндетті» екендігі
туралы айтылып ӛткен.
Істі қараудағы әділ, әрі жария түрде қарау құқығы тәуелсіз және
әділетті сот арқылы жүзеге асырылуы тиіс екендігі Адам құқығы мен
бостандығын қорғау туралы Декларацияның 8-бабында айқындалып, оған
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы арқылы кепілдік
берілген. Конституция бойынша: «Әркімнің құқық субьектісі ретінде
танылуына құқығы бар және ӛзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті
қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен
қорғауға және әркімнің ӛз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы
қорғалуына құқығы бар» екендігі туралы айтылған. Еуропалық
Конвенцияның 6-бабына сәйкес: «әрбір тұлға ӛзінің азаматтық құқықтары
мен міндеттерін анықтауда немесе кез келген қылмыстық айыптау кезінде
әділ және жария соттық қарастыруға, соттың нақты және дұрыс шешім
қабылдауына сенім арта алады».
Сол сияқты заңнама Адам құқықтары туралы жалпы Декларацияның
10- бабында, Халықаралық азаматтық және саяси құқық туралы пактінің 14-
бабында баяндалған.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын
қорғаумен айналысатын ұйымдардың бірі, ол – Қазақстан Республикасы
Президенті жанындағы Адам құқықтарын жӛніндегі комиссия. Қазақстан
Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жӛнiндегi
комиссия
Мемлекет
басшысының
Қазақстан
Республикасының
Конституциясына сәйкес танылатын және кепiлдiк берiлетiн адам және
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлi ретiндегi ӛзiнiң
конституциялық
ӛкiлеттiктерiн
iске
асыруына
жәрдемдесетiн
консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Адам құқықтары жӛніндегі Комиссия ережеде бекітілген мақсат
міндеттерін тиімді атқаруда. Дегенмен де, жекелеген адамдардың
конституциялық құқықтары мен бостандықтарын тәжірибелік қорғау
саласында ұтымды іс-шаралар ұйымдастыра алмай отырғандығын да атап
ӛткен орынды болар еді. Ӛйткені Комиссия адам құқықтары мен
бостандықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және
саяси технологияларды енгізумен ғана шектеліп қалуда. Сондықтан да
келешекте Комиссияның осы бағыттағы қызметін жандандыра түсуі қажет,
http://www.enu.kz
яғни адам құқықтарын жалпы негізде қорғау қызметімен бірге жекелеген
адам құқықтарын қалпына келтіру, қорғау қызметінің механизмін де жұмыс
тәжірибесіне енгізген дұрыс болар еді.
Қазіргі кезеңде Қазақстанда Омбудсмен институтын енгізу ӛзекті
мәселелердің бірі болып отыр. Омбудсмен – адам құқықтарын қорғау, арыз,
ӛтініштерді қарау, құқықтар бұзылған жағдайда қалпына келтіру қызметімен
айналысатын ӛкіл. Омбудсмен институты біздің елімізде адам құқықтарын
қамтамасыз етудің бірдін-бір тетігі болуы мүмкін. Классикалық тұрыда,
омбудсмен дегеніміз – мемлекеттік шенеуніктердің заңсыз әрекеттері
нәтижесінде бұзылған құқықтар жӛніндегі арыз-шағымдарды қарап, тексеріп
заңдық күші жоқ ұсыныстар беретін тәуелсіз лауазымды тұлға. Біздің
мемлекетімізде бұрын соңды бұндай институт болған емес. Ал ол адам
құқықтарын қорғау, қамтамасыз ету және қалпына келтіруде жаңа тәсілдер
мен әдістер енгізуге қуатты серпін бере алады. Бұндай қажеттілікті қазіргі
таңда жұртшылықтың барлығы да мойындап отыр. Адам құқықтары
жӛніндегі ұлттық құрылым, үшінші мыңжылдықтың басында Омбудсмен
институты қызметін қолдану құқықтық мемлекет құрудағы нық қадамдардың
бірі болар еді.
Қазақстан Республикасы адам және азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғау саласында ұлттық заңнамаға сүйенеді. Қазақстанның
халықаралық конвенцияларға қосылуы адам құқықтары мен бостандықтарын
қорғау және сақтау саласында әлем стандарттарына қол жеткізуінің басты
факторы болып табылады.
Әдетте тәжірибеде адам құқықтарын қорғаудың алуан түрлі органдар
жүйесі мен процедуралары қорғау механизмін қалыптастырады. Бұндай
механизімдерсіз құқықтық мемлекет құру мүмкін емес, одан әрі ӛмір сүре
алмайды: Конституциялық соттар (Испания, Италия, Ресей, Германия);
Конституциялық Кеңес (Франция); Жоғарғы Сот (АҚШ); Мемлекеттік Кеңес
(Италия); Әкімшілік соттар, жалпы юрисдикциялық соттар, омбудсмендар
(Франция, Польша, Ұлыбритания); медиатор-делдал (Франция) – міне адам
құқықтарын және олардың бостандықтарын қамтамасыз ететін кейбір
механизмдер осындай.
1948 жылдың желтоқсанында Адам құқықтарының Жалпыға бірдей
Декларациясы қабылдануымен адам құқықтарын кодификакциялау процесі
басталды деуге болады. Адам құқықтары институтын және процедураларын
жақсарту оларды іс жүзіне асыру және қорғау шаралары енгізілді. Осы
жолдағы адамзаттың жарты ғасырлық тәжірибесі адам құқықтары мен
бостандықтарын жеткілікті дәрежеде қамтамасыз етусіз және қорғаусыз
демократияға, құқықтық мемлекет құруға қол жеткізудің мүмкін еместігін
кӛрсетіп берді.
Адам құқықтарының жай-күйі әр мемлекетте адам және мемлекет
қарым-қатынасы
қағидасының
сақталуына
байланысты,
әлемдік
қатынастарда танылған бұл қағидаларды ұлттық заңнамаларға енгізу,
құқықтарды қорғаудың механизмін қалыптастыру құқықтық жүйенің жай-
http://www.enu.kz
күйіне тығыз байланысты десек қателеспес едік. Адам құқықтарын қорғау
механизмі мынадай шараларды қамтиды:
-
Конституциялық бақылау;
-
Соттық қорғау;
-
Қорғаудың әкімшілік-құқықтық формалары;
-
үкіметік емес құқық қорғау ұйымдарының қызметі.
Жоғарыда аталған адам және азаматтардың құқықтары мен
бостандықтарын қорғау механизмі әр түрлі дәрежеде біздің елімізде де
қолданылады.
Адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудің маңызды
мемлекеттік институты Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес ел
Президенті болып табылады. «Республика Президенті – халық және
мемлекеттік биліктің бірлігінің, конституцияның мызғымастығының, адам
және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі және символы»
(Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы). Президенттің ерекше
конституциялық мәртебесі халық алдындағы зор жауаптылығымен
сипатталады. Мысалы Конституцияға толықтырулар мен ӛзгертулер енгізу
конституциялық белсенділік құқығы Қазақстан Республикасы Президентіне
берілген. Заңды қарау және мемлекеттің басқа органдарымен қарым-қатынас
үрдісіндегі Президенттің ерекше жағдайы адам және азаматтың құқықтары
мен бостандықтарын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. Қазақстан
Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Президенті
мемлекетте қабылданған барлық құқықтық норматитвтік актілердің күшін
толық немесе ішінара жоя алады.
Президент мемлекеттік реттеудің барлық тетіктеріне, атап айтқанда
құқық қорғау, қарулы күштер қолдану және т.б. ішкі саяси қайшылықтар
жағдайында жедел, әрі жауапты әрекеттер жасауға міндетті болып табылады.
Бұл адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың
құралы болып келеді. Заңдылық, қылмыстың әр түрлі формаларымен күрес,
мемлекеттік тәртіпті сақтау режимдерін қамтамасыз ету мемлекет
басшысының белсенді тәжірибелік ролін аңғартады.
Тарихи әділеттілікті және заңдылықты қалпына келтіру тұрғысындағы
1991
жылғы 12 желтоқсандағы «Қазақстанда 1986 жылы 17-18
желтоқсандағы оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған
азаматтарды ақтау жӛніндегі» Президент жарлығы мен 1993 жылғы 14
сәуірдегі «Жаппай саяси репрессия құрбандарын ақтау жӛніндегі» Заң
маңызды құжаттар болып табылады.
Әдебиеттер тізімі:
1. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының конституциялық
құқығы. – Алматы: Жеті жарғы. – 2004 ж.
2. Т.Джефферсон «Таңдамалы еңбектер жинағы»
3.
Қ.
Мами
«Қазақстан
Республикасындағы
Сот
жүйесін
реформалаудың басым бағыттары» туралы
http://www.enu.kz
4. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жыл 30 тамыз.
5. Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі
туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы. 25 желтоқсандағы № 132-II
Конституциялық Заңы.
Достарыңызбен бөлісу: |