Ардақты МҰРАТҚЫЗЫ.
Қ
оғамдағы көңіл құлазытатын
тақырыптарды қозғай қалсақ, көп
жағдайда қыздарды кінәлай кетеміз.
Шашын жайған да қыз, темекі
тартқан да қыз, баласын тастаған
да қыз... Бұл арада қыз, ұл деп
бөлгендік емес, бірақ салыстырма-
лы түрде қарасаңыз, көп тұрғыда
көлеңкеде қалатын батылсыз да
байқұс кейіпке еніп кімдер тұр?
«Шоқпардың екі басы бар» демекші,
болған іске екі жақты қарауда неге
ат-тонымызды ала қашатын
жігіттер көбейіп кетті. Олар
«ер-азамат» деген атқа лайық
азаматтық таныта алып жүр ме? Қарапайым ғана
мысал төңірегінде тебіреніп көрелік.
Қазіргі жастар, әсіресе жігіттер жағы
жаргон сөздерді көп қолданатынын жиі
естіп жүрміз. Тіпті, күнделікті жанымыз-
да жүргеннен кейін бе, мән бермейтін де
болдық. Мәселен, «базар жоқ», «тормо-
зы ұстап қалды», «крышасы мықты екен»,
«тема», «жынды» секілді тіркестерді
қолданып сөйлеу, жастар арасында кең
етек алып бара жатыр. Бұл біріншіден, ана
тілімізге деген құрметтің жоқтығы десек,
екіншіден, сананың саяздығы демесіңе
амал жоқ. Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда
жастардың айтылған ойының астары бы-
лай тұрсын, сөздің мән-мағынасын ша-
ла-шарпы ұғады. Әрине, көпке топырақ
шашудан аулақпыз. Дегенмен, ішінара
кездесетін тұрпайы көріністер сөздің қадірін
кетіріп, қалай болса солай сөйлей салуға
дағдыландыруда. Қандай жағдайда да
сөзге тоқтаған ұлттың сөйлеу мәдениетінен
алыстап бара жатуы жүрегіңді сыздатады.
Осыдан біраз уақыт бұрын екінің бірі
қазақ тілімен қоса орыс тілін араластыра
қолданып сөйлейді, тіпті оны мәртебе көреді
деп налығанымыз бар. Ол мына ортаға сіңіп
бара жатқан сөздерге қарағанда көш ілгері
ме деп қалдық. Басы бар аяғы жоқ, одан
қалды мазағы ма, басқасы ма, түсініксіз
мысқыл сөз мазаңды алып, сайқымазақтың
ойынындай құлаққа түрпідей тиеді екен. Иә,
қазіргі таңда қанша тіл білсеңіз де артық
емес, дегенмен, әр нәрсені өз орнымен
қолданған дұрыс. Жақсы дүниеге қарап
тұрып, «жынды», «тема» дегеннің мағынасы
не?
Сондай-ақ, тағы бір жағаңды ұстатарлық
мәселе сөзді кері оқып айтып, кері жазып
жұмбақтау әдісі пайда болған. «Әндіжанда
апам бар, одан да өткен сорақы" демекші,
соңғы уақытта жастар арасында сөзді
теріс айтып, қағаздағы мәтінді кері қарай
сыдыртып
оқитын
адамдар
жауын-
нан кейінгі саңырауқұлақтай жыбырлап
көбейіп кетті. Мұндай үрдіс әсіресе, мек-
теп жасындағы балалар мен орта және
жоғары оқу орындарының студенттерінің
арасында белең алуда. Тіпті, кейбірі
оң істі игере алмай жүріп, теріс оқып-
сызуға әуестенулеріне жол болсын. Тіпті
тісқаққандары үлкен экрандарға
басын сұғып, миллиондаған
көрермендердің
жүрегін
жаулап, өздеріне тартқысы
келетіндерін де көре бастадық.
Олар өздерінің бұл істерін анау-
мынау пенденің басына бұйыра
бермейтін «өнер» ретінде са-
нап,
«өнерлерін»
өзгелерге
біржола
мойындатқысы
келетін секілді. Көпшіліктің
пікіріне құлақ түрмек түгілі,
пысқырып та қарамайтындар,
болашақта қандай буын келе
жатқандығының хабаршысын-
дай болып көрінеді. Сүйелдей
болған бұл әрекетке қарсы келіп
жүргендердің пікіріне келсек,
олардың айтуынша, бұл өнер де емес, басқа
да емес, алтын уақытыңды босқа кетіретін
далбаса тірлік. Қарсылардың ішінде
бұл жайтқа кішкене болса да ой жүгіртіп,
тереңірек бойлағандары теріс оқып, теріс
сөйлеу біріншіден, уақытыңды зая кетіру
болса, екіншіден, адам денсаулығына өте
зиян деп қауіптенеді. Бүтін сөзді ойыңда
ұстап, оны көз алдыңа тізілген әріп күйінде
қимылдатпай ұзағырақ елестетіп тұрып,
қайтадан кері қарай оқып шығу - жүйкеге
шамадан тыс күш түсіріп, ойлау жүйесінде
маңызды жұмыс атқаратын көзге шалынбас
майда нерв талшықтарының зақымдануына
апарап соғуы мүмкін екенін алға тартады.
Осындай пайдасы жоқ, зияны зор нәрсені
біліп тұрып, онымен айналысу - барып
тұрған ақымақтық. Тіпті, бұл жөнінде сөз
қозғап жатудың өзі дұрыс емес, бұл басы
жоқ, көзі жоқ тірлікке әуестену - қазақты
өсірмейді, өшірері хақ.
Қорыта келсек, «Ақыл қайда бол-
са, ұлылық сонда болады, білім қайда
болса, сол білікті болады» - дегендей,
сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың ең
басты шарты – көркем әдебиетті оқу.
Сол арқылы тіл байлығын дамытып, ше-
шен сөйлеуге үйрену керек екендігін естен
шығармағанымыз жөн.
«Қазіргі
жастарымыздың
сөйлеу
мәдениеті қандай деңгейде, жастар өз
ойларын анық жеткізе ала ма?»,-деген
тақырыпта пікір қосқыңыз келсе, хат жа-
зып, қоңырау шалып хабарласуды ұмытпа,
жас оқырман.
Баян СОВЕТҚЫЗЫ.
Т
өгілген қолаң шаш, бұрымы жотасында ойнап, жүрек
қылын тербеген қаракөз аруларымыз-ай, десеңізші!
Уақытында қазақ баласын төрге шығарып, «Қолаң шаш,
қара көз, қара қас, бойынан бір мін де табылмас...» деп
сүйсінген. Ал, табиғатынан сұлу қазақ қыздары бүгінгі күні
бөтеннен үйренгенді сән деп бағалап жүр-ау. Жаман әдет пен
киім киісті сырып қойғанда, шаш жаю мәселесі де кең етек
жайып барады.
Шаштыњ киесін біл, БОЙЖЕТКЕН
Gazeta.zhgu@mail.ru
Жетісу
университеті
СТУДЕНЧЕСКИЕ ОТКРОВЕНИЯ
четверг, 11 февраля,
2016 год
9
Утекая сквозь пальцы
Журналистика будущего…
Зимнее утро
Как прекрасно зимнее утро,
Смену Солнцу сдают фонари.
И цвет нежного перламутра
Заливает просторы Земли.
Слышны шорохи птичьих сборов,
И хруст первых прохожих сапог,
Иней ставит на окнах автограф,
Ветви тихо шуршат вдоль дорог.
Первый шаг в новый день:
Как чудесен обряд омовения.
В быстром беге коротких недель,
Мы добрее и чище в эти мгновения.
Солнце встало и улыбнулось,
Пролив сквозь стёкла теплые лучи,
В этот миг вся Земля проснулась,
И веселой, задорной песней звучит!
Зарина СЕЙДАХАНОВА,
студентка 4 курса.
Современный
развивающийся
мир.… Нано технологии…Век науки и
техники… Поколение XXI века…
В настоящее время в мире каждый
день появляются и развиваются новые
технологии. Человек старается приду-
мывать машины, новые лекарственные
препараты, технику. Прогресс влияет
на все сферы деятельности и жизни
человека.
Как я представляю себе журналисти-
ку будущего?
Так, стоит задуматься …. Я считаю,
что журналистика изменится и перей-
дет на новый уровень. Типичных газет,
которые мы видим и читаем каждый день
не будет. Газеты полностью изменят свой
формат, и их можно будет читать в интер-
нете. Читая газету в интернете, мы сможем
также, и задавать вопросы авторам статей
и публикаций. Между читателем и журнали-
стом установится связь, с помощью которой
читатели смогут узнавать всю интересую-
щую их информацию. Кроме того достигнет
расцвета и блогосфера. Возможно, у каждо-
го читателя будет свой собственный блог.
Люди будут открыто выражать мнения, и пи-
сать комментарии. Что же касается радио,
то оно станет более музыкальным, и слуша-
тели смогут сами заказывать плейлисты и
понравившиеся передачи. Новости на теле-
видении будут транслироваться с места со-
бытия в момент происходящего.
Интернет-журналистика станет ведущей
отраслью в журналистике. Будут открыты
неограниченные возможности для доступа к
информации. Люди будут получать инфор-
мацию при помощи мобильных устройств. В
центре городов будут стоять большие экра-
ны, где проходящие мимо них люди всег-
да смогут узнать, что происходит сейчас в
мире.
Журналистика будет представлять со-
бой скорость, точность и мобильность. Всю
нужную информацию мы будем находить в
интернете. Каждый будет не только узна-
вать новости, но и всегда сам может выкла-
дывать информацию, всегда быть в центре
событий и создавать историю.
Мне 10 лет, а я не видел моря.
Я не встречал закат на берегу.
Не бегал по песчаным я просторам.
Похвастаться я этим не могу.
Зато я видел, как в туманный вечер,
Укладывалось солнце спать за лес.
А утром я бежал ему на встречу.
И мне казалось, краше нет чудес.
Мне 20 лет, а я не видел моря.
Зато по пояс в заливных лугах,
Гулял в мечтах о лучшей жизни вскоре,
Смотрел как пропадает день в стогах…
Мне 85 мне снилось море
Мне снилось счастье, доживал свой век,
Мои года, меня не стало вскоре.
Но я счастливый самый человек!
Евгений Шадрунов
Жизнь нашего социума подчинена по-
нятию времени. Мы зависим от времени
— планируем свою жизнь, живем по графи-
ку, боимся опоздать. Но, тем не менее, что
представляет собой время, не знает точно
никто. Время лишено определенного фи-
зического проявления. К нему нельзя при-
коснуться, его нельзя увидеть. Календари
и часы – это лишь орудия, которыми мы
пользуемся, чтобы сортировать и упорядо-
чить события нашей жизни, поместить все в
установленные временные рамки. К сожале-
нию, как бы нам не хотелось, но управлять
течением времени не может никто. Каждый
человек чувствует движение времени по-
своему: одно и то же событие может зани-
мать разные отрезки времени для разных
людей. Пока одному кажется, что проле-
тела секунда, другой пережил "маленькую
вечность".
А может, давайте представим, что вре-
мени в общем , как процесса, не существует,
представим, что это понятие выдумали с
целью облегчения счета исторических со-
бытий. Былое живет исключительно в на-
ших воспоминаниях. Прошлое прошло, оно
больше не имеет ощутимых проявлений
в нашей реальности. Будущее — то, чему
только предстоит случиться, оно еще не
произошло. То, что происходит сейчас, бук-
вально через секунду станет прошлым, а
значит — прекратит существовать в реаль-
ности и наступит следующий момент — бу-
дущее. И так бесконечно. Таким образом,
выходит, что время — это наше настоящее,
момент здесь и сейчас, та доля секунды,
которая находится между событиями про-
шлого и будущего.
Время – нечто не уловимое, невероятно
быстрое, а иногда тягуче медленное, как
сироп. Люди различных эпох любят гово-
рить “наше время”, а какое оно, ваше вре-
мя? От наших бабушек и дедушек мож-
но услышать: «Вот в наше время такого не
было!» Разве? Может быть, не было такого,
но было другое. И кто сказал, что через сот-
ни лет никто не скажет, что лучше вообще
жить племенами? С другой стороны, время
- это нечто постоянное. И с годами, веками,
тысячелетиями в нем менялось немногое.
И кое-что осталось прежним. Я же человек.
Человек - именно то существо, на котором
можно увидеть последствия времени .В
разные времена люди выглядели по- разно-
му, различные эпохи требовали от себя и
других различных закономерностей поведе-
ния. И всегда оставалось лишь одно. Люди
старели. Кем бы они ни были, к какому со-
словию ни относились, никто не выдержи-
вал в жестокой схватке со временем и каж-
дого находила смерть. И сейчас в свои 20
я думаю, что еще совсем не пожила, что за
отведенный мне срок столько еще увижу,
поменяю решения, совершу ошибки. Сама
буду бороться со временем. Ведь это так
интересно, снова и снова познавать это чу-
десное явление, которое зовётся временем.
Айдана ОСПАНГАЛИЕВА,
студентка 3 курса.
Моя родина
Родина моя, любимый Казахстан,
Какая ж ты красавица!
Богатый дастархан,
Народ мой дружбой славится.
Бескрайние просторы,
Ни с чем ты не сравнима.
И Алатау горы,
Леса, поля, равнины.
Здесь звонко песня льётся
Из мудрых уст Акына,
И ярко светит солнце,
Всем поровну из одного кувшина!
Сколько великих людей ты взрастила,
Мы запомним навек эти имена,
И греет душу немыслимой силой,
Песня Батырхана Шукенова «Отан-Ана!»
Амина ХОДЖАЕВА,
студентка 2 курса.
Счастье
Счастье – это любить,
Счастье – быть любимым,
Счастье – просто жить,
Счастье – жить с любимым.
Счастье – жить и знать, что с кем-то
ты очень дружен,
Счастье - это ощущение теплоты ведь
ты кому-то нужен.
Счастье – просто знать, что ты любим,
Еще большее счастье знать,
что ты незаменим.
Счастье – знать, что тебя кто-то ждет,
Счастье – знать, что в тебя кто-то верит,
Счастье просто придет,
Ты даже не успеешь заметить.
Счастье есть, ты только поверь,
Оно придет в самый неожиданный миг,
Нужно только чуть-чуть подождать и сказать,
Ты есть, я знаю, я буду мечтать.
Олеся ТАДЖИЕВА,
студенка 3 курса.
Любимое фото
Целую фотку - я не больна.
Мой путь короткий,
Ты бьешься слева...
А я тебя как всегда до дна,
А ты со мной, словно с королевой.
Целую фотку, такой родной
И в мире нет красивей улыбки.
Из сотни взглядов, я выберу твой,
Из миллионов губ, опознаю твои без
ошибки.
Рената РУСЛАНОВА,
студентка 3 курса.
Ясмин ИМАРОВА,
студентка 4 курса.
Gazeta.zhgu@mail.ru
ТҰЛҒА
бейсенбі, 11 ақпан,
2016 жыл
10
Жетісу
университеті
МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ – 85 ЖАСТА
М¦ЌАЃАЛИ ЖЄНЕ ¦ЛТТЫЌ РУХ
«Мұқағалидың миында қазақтың ұлттық
рухының коды бар» деп жазыпты та-
лантты жазушы-публицист, марқұм Ма-
рат Қабанбай. Ақын жырларына бір бас
қойған адамның оның кітаптарын іздеп
жүріп оқитыны, баға жетпес асылын-
дай қастерлеп, өмірлік серік ететіні де
содан болса керек. Ұрпақ миындағы,
санасындағы ұлттық рухты «Ана тілімізді
қастерлейік», «Оян, қазақ», «Ұлттық рухты
сергек етейік» деген тәрізді жалаң ұран, на-
сихат, дидактикалық сөз саптау тәсілімен
оята алмайсың. Ал, Мұқағали жырымен
сырласқан адам, сөз сиқырына арбалып,
өзінің қазақ екеніне мақтанумен бірге,
ұлттық құндылықтарымыздың иіріміне одан
әрі бойлай түседі.
Ой-қырыңа мың сәлем мен көрмеген,
Шөлдер менен тауларға, көлдерменен.
Құмда отырған қойшының қараша үйін,
Қайсы бір сарайлардан кем көрмеп ем.
Жетім қалған қозыға жем берген ем,
Жетіліп, жетісіп ем сендерменен,
Кешір менің жанымды емделмеген.
Бұл ақынның «Халыққа хат» атты
өлеңінің бір шумағы. Осы қатарларды әр
оқыған сайын, ауылда туып өскен кез кел-
ген қазақ баласы, өзінің жастық дәуреніне
қиялмен сапар шегері анық. Өмірдің сол
бір қимас кезеңі жайлы дастанға татырлық
шумақ. Бастапқы екі қатарда қазақтық кең
даласына деген сағынышы жатыр. Бұл
жерде «сағыныш» деген ұғымның ауқымы,
біздің жүрегіміздегі осындай сезіммен
салыстырғанда әлдеқайда кең және
қуатты сияқты. «Ой-қырыңа мың сәлем
мен көрмеген». Қараңызшы, ақын өзі өскен
аймақ туралы ғана айтумен шектелмепті.
Оның ақын жүрегі Қарасазға қоса кең байтақ
Қазақстанның өзі аралап үлгермеген, өзге
өңірлерін тұтас қамтып тұр.
Жарық дүние-ай!
Жарығың неткен жақсы еді!
Жаңылыспаппын,
Жарым деп айтсам нақ сені.
Құшаққа сыйсаң,
Құшырым қанып өбер ем,
Құшақтап тұрып өлер ем.
Ақынның жерге, елге арнаған жырла-
рынан жарық дүниеге, яғни өмірге деген
құштарлықтан кем соқпайтын осындай ұлы
махаббатты көреміз. Оның «Атырау-Ал-
тай» атты поэмасы да шынайы махаббат-
тан, іңкәрліктен туған. Ол бүкіл қазақ жерін
құшағына алып, құшырлана өпкісі келеді.
Бұл мүмкін емес, әрине. Өзі айтқандай «Бір
өмір дүниенің құшпас бәрін». Әңгіме елін,
жерін дәл осылай сағына білуде және сол
сағынышты өлең жолдарына өре білуде.
«Құмда отырған қойшының қараша үйі».
Бұл әрбір қазақ баласы үшін етене таныс
әрі ерекше қымбат, қимас сурет. Керек
десеңіз, бұл біздің ұлттық құндылығымыз.
«Қараша үй» деген ұғымға қазақ дейтін
халықтың бүкіл ұлттық білім мен болмысы,
салт-санасы, өмірлік пәлсапасы, тарихи ру-
хани тамырлары сыйып кетеді. «Қайран да
менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім» де-
ген қазақтың ұлттық бет-бейнесін сәулетті
хан сарайларынан емес, осынау қараша
үйден табасыз. Мұқағалидың оны «қайсы
бір сарайлардан кем көрмеп ем» дейтіні
содан. «Жетім қалған қозыға жем бер-
ген ем». Мұнда нағыз қазақтың иісі аңқып
тұр. «Жетім көрсе жебей жүрген», «Жесірін
қаңғытпаған» мейірім мен қайырымға бай
қонақжай қазақ жер аударылып келген
қанша өзге ұлттың да баласын бауырына
тартып, жатырқамай жағдайын жасады емес
пе? Осы қатарды оқығанда, қошақанымен
ойнаған қазақтың қара домалақ сәбиі көз
алдыңызға елестеп, жаныңыз бір рахат
сезімге бөленеді. Өзіңіздің балалық бал
дәуреніңізге қайта оралғандай күй кешесіз.
Жетіліп, жетісіп ем сендерменен,
Кешір менің жанымды, емделмеген!
Ақын қағынан безген құландай, туған
топырақтың қасиетін ұға алмай, ұлтының
рухани
құндылықтарынан
алыстап,
тілі шұбарланған, санасы мұнарланған
ұрпақтың аянышты тағдыры үшін өзін
жауапты санайды. Халық басына түскен
ауыртпалық ең алдымен ақынның жүрегіне
салмақ түсіреді. Оның сезімтал жүрегі
сұмдықты алыстан сезеді.
Қыздарды көрсем бір түрлі,
Өзімнен өзім мұңданам.
Тиям да бейқам күлкімді,
Өзімнен-өзім сыр бағам.
Қымбат-ау, қыздың ар-мұңы,
Қиын-ау, қиын, тым қиын.
Не болар екен тағдыры?!
Үйіріліп соқса бір құйын.
Тоймайды көзім жүз көрсем,
Жайқалған менің гүлдерім!
Тоң тұрып жерге, күз келсе,
Не болар екен күндерің?!
Түрткілеп күдік жанымды,
Кетеді жүрек дыз етіп...
Әзірге жасыл бағымды,
Отырмын, міне, күзетіп.
Ақынды қазақ халқының гүлге теңеп
аялаған қыздарының алмағайып тағдыры
ойландырады, күдіктендіреді. Не деген
көрегендік! Бүгінгі жезөкшеліктің желкенін
жел керген заманда ақынның көзі тірі болса,
қандай хәлге түсер еді?!
Қылышымды суырып қынабынан,
Қыл қапқан жүзін көріп, жыладым-ау...
Жетімдердің кегі мен жесірлердің,
Суарып ем суалған бұлағынан.
Қайрап едім зауалдың шарығына,
Қақтап едім қан майдан жалынына.
Қынабына оны да жасырдым мен,
Керек болып жүрер деп халықыма.
Бұл шумақтар Мұқағалидың Бауыржан
Момышұлына арнаған өлеңі. Арнау өлеңді
біреулер «ода» деп түсінеді. Өлең арна-
латын адамның бойындағы қасиеттерін
әсірелей жырлау деп түсінеді. Бұл қате пікір.
Мына өлеңде сондай нәрсе бар ма? Ақын
батыр ағасына шағынып тұр ғой. «Қазағым»
деп көкірек кере айта алмаған, «елім» деп
еңірей алмаған, қазағын қаңсыратқан, сана-
сын саңсыратқан, мәңгүртке айналдырғысы
келген жауына семсер боп сілтене ал-
май, қылышының жүзін қан қапқан
шарасыздығына шағынып тұр.
Батыр Бауыржанның да басындағы
тағдыр да дәл осындай. Мұқағали Жа-
зушылар одағынан шығарылған кезде,
сол жиында залда отырған Бауыржан
ағасына: «Мәскеуді фашист құзғындардың
тырнағынан аман алып қалғанда, мен
сияқты ініңізді мына иттердің тырнағынан
арашалап қала алмадыңыз-ау!»,-депті.
«Қалқам-ау, ол кезде артымда қалың қолым
бар еді. Бүгінде жалғыз қалған батырдың
қолынан не келеді?»-деген екен сонда
Баукең. Баукең Мәскеуді қорғағанымен,
Панфиловтың даңқты 8-гвардиялық диви-
зиясын басқарғанымен, Суворов атындағы
әскери академияда дәріс оқып, қаншама
болашақ генералдарды тәрбиелегенімен
оған Батыр атағын берді ме, шен атағын
берді ме? Бодан елдің баласын кім «баты-
рым» деп аяласын?! Содан ғой Мұқағали:
Мықтымын ғой, дегенмен,
Қорғасындай бір салмақ
кетер емес денемнен,
Басады кеп төбемнен.
Қош айтысып өлеңмен,
Терезеге төнем де
Алатауды көрем мен,
Басы қарға бөленген.
... Мықтымын ғой тегінде!
Қорқытарлық өлім бе,
оранарым кебін бе?!
Түкірдім мен оларға!
Ей, жүрегім, жеңілме.
Ішкі жан дүниесінің күйзелісі, нәтижесіз
күрес қажытқанда ақын Алатауына, баба-
тауына қарайды. Қарайды да, ойына нәр,
бойына қуат алады. «Сүрініп кетсең, қарғып
тұр, қайта даярлан, кедергілерден екінші рет
қарғуға» деп жазғанындай, ал өзін:
«Өлі балық жолығар өлмегенге!»
Өлмегенге не жетсін өлмегенге!
Қайтер едік өмірге келмегенде?!
Көнеміз де...
Қайтеміз көнбегенде?...- деп жұбатады.
Дегенмен, ақынның ел, жер тағдырына
алаң көңілі тыным бермей, қаламына
қайта
жармасады.
Бүгінде
ұлттық
құндылықтарымыздың тұнығы ауылда ғана
қалды ғой. Ал, ауылдың жағдайы... Жұмыс
іздеп қалаға жөңкілген жұрт, қалған жасты
өз діни ағымына ілестірем деп жалаңдаған
мысық-пиғыл миссионерлер. Мәдениетінің
мәні қашып, ұлттық рухының арқауы бо-
сай бастаған қауым. Әрине, бұл бүгінгі
таңдағы жағдай. Дегенмен, бұл жағдай сол
кезеңдерден бастау алады емес пе?
Сен де кеттің,
Мен де кеттім,
Ол да кетті ауылдан.
Осынымыз ұят болды-ау,
Ұят болды-ау қауымнан.
Ұят болды-ау, бауырлар!
...Момын елдің,
Арқа сүйер,
Азаматы біз едік,
Жеке-жеке бақыт іздеп,
Жеке өмір түзедік.
Жетер енді!
Туған жердің топырағына тізе бүк!
«Туған жердің топырағына тізе бүк»
демекші, бүгінде дінімізге қайта бет бұрдық,
имандылықты мұрат еттік деп қуанып
жүрсек, кейбір ислам атын жамылған теріс
ағымдардың уағызына бас ұрған жастары-
мыз «Аллахқа (олар солай атайды) серік
қосу» деп, соқыр сенімнің құлына айналып-
ты.
Я, Аллам!
Жаратушы жалғыз ием,
Медет бер, жапандағы жалғыз үй ем.
Хал сұрар, жәй түсінер бір пенде жоқ,
Жүрек жүн, ойым опат, жанды жүйем.
Я, Алла!
Я, Атамның аруағы!
Ақырын соқтыра гөр жақсылыққа,
Сақтай гөр, соғындырма жат қылыққа!-
деп жырлаған Мұқағалидың да сол
жанының шырылын естімегеніміз ғой?!
Қасиетті хадистердегі «Отанды сүю-
- имандылықтан» деген сөз рас болса,
жастарымызды кері бағытқа үндеген
сұмпайы
секталарды
ортамызға
сұғындыруымызға не жорық?!
Мұқағалидың «Үш бақытым» атты өлеңі
бар. Әр шумағы «Ең бірінші бақытым-
халқым менің», «Ал, екінші бақытым- тілім
менің», «Бақытым бар үшінші-Отан деген»,
деп басталатын осы өлеңді көптеген мек-
теп оқушылары жатқа біледі. Әр азаматтың
жүрегінде осы үш бақыты ұштасқанда,
Отанның да керегесі берік, шаңырағы биік
болып, түтіні түзу ұшпақ. Мұқағали өмір
сүрген заманда осы үш бақыты басында,
төрт құбыласы түгел болғанда, бұл өлең
жазылмас та еді, бәлкім. Сондықтан да,
қайран ақын мынадай жыр жазды:
Ах, далам, айхай далам, сағым далам,
Бір бұдыр жоқ-ау көзге шалынбаған.
Аспан құлап кетсе де тарынбаған,
Бір ғаламат бойыңда сабыр бар-ау.
Ах, далам, айхай далам, сағым далам!
Вулканын тұншықтырып, дамылдаған.
Сабырдың да шегі бар, төзімнің де
таусылатын кезі бар. Біз-дағы өз мүддемізге
келгенде, Мұқағалиша «Жапалақ емеспін
мен жалбақтаған, қыранмын екі көзі қан
қаптаған» деп қасқая қарап тұруға тиіспіз.
Өйткені біз, «болашағы жарқын, таңдаған
жолы нұрлы, бәсекеге қабілетті, әлемдік
өркениетте дамыған елдермен иық теңестіре
алатын Мәңгілік Елдің» ұрпағымыз.
Достарыңызбен бөлісу: |