Синекдоха (мегзеу, грекше synecdoche – арақатысын ашу) – бүтіннің
орнына бөлшекті немесе керісінше, жалының орнына жалқыны немесе
керісінше қолдану.
94
Гипербола (ұлғайту, грекше hyperbole – үлкейтілген, қомақты).
Литота (кішірейті, грекше litotes – қарапайым, қораш).
Фигура (айшықтау, латынша figura – келбет, бейне) – сөз тіркестерін
дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша
айшықпен құру.
Арнау – адамның, яки ақынның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа
арнайы тіл қатуы, көпшілікке қайырыла сөйлеуі, олармен іштей кеңесуі. Ахмет
Байтұрсынов үш түрге бөлген: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау.
Қайталау – сөз әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша
аударғысы келген нәрсенә не құбылысты бірнеше мәрте қайталап, айтар ойды,
ұқтырар сырды ұғымға мұқият сіңіре түсу. Түрлері: жай қайталау, еспе
қайталау, анафора, эпифора.
Антитеза (шендестіру, грекше antithesis – қарама-қарсылық) – бір-біріне
кереғар өқбылыстарды, мән-мағынасы әр тарап ұғымдарды, түрі-түсі әр бөлек
нәрселерді өзара бетпе-бет қою арқылы бұлардан мүлде басқа бір құбылыстың,
ұғымның, нәрсенің суретін, сыр-сипатын, кескін-кейпін анықтау, аңғару,
елестету.
Градация (асқақтату, латынша gradation – бірден-бірге күшейе беру) –
алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан
соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу.
Инверсия (сөз орнын ауыстыру, латынша inversion – орын өзгерту,
төңкеру) – прозалық, әсіресе поэзиялық шығармаларда сөздердің әдеттегі
грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер
құру.
Эллипсис (грекше ellipsis – түсіріп тастау, аттап айту) – сөйлем ішінде
немесе өлең шумағында атап айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай
тастап кету.
Егіздеу (параллелизм, грекше parallelos – қатар жүру, қатынасу) – екі ұдай
нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу.
95
Қазақ поэзиясындағы ұйқастардың түрі
Қара өлең ұйқасы
-а
-а
-б
-а
Шұбыртпалы ұйқас
-а
-а
-а
-а
Ерікті ұйқас
-а
-б
-в
-г
-б
Кезекті ұйқас
-а
-б
-в
-б
Шалыс ұйқас
-а
-б
-а
-б
Егіз ұйқас
-а
-а
-б
-б
Аралас ұйқас
-а
-а
-б
-в
-б
-в
-б
-б
-б
Осы күнгі ерікті ұйқас
-а
-б
-а
-б
-в
-г
-д
-г
-ж
96
-д
ОТЫЗ ЖЕТІНШІ СӨЗ
Адамның адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен
емес.
Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады.
Хикмет сөздер өзімшіл наданға айтқанда, көңіл уанғаны да болады, өшкені де
болады.
Кісіге біліміне қарай болыстық қыл; татымсызға қылған болыстық өзі адамды
бұзады.
Әкесінің баласы - адамның дұшпаны.
Адамның баласы - бауырың.
Ер артық сұраса да азға разы болады.
Ез аз сұрар, артылтып берсең де разы болмас.
Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың
қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың.
Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа өртеген, Ғайсаны дарға асқан,
пайғамбарымызды түйенің жемтігіне көмген кім? Ол – көп, ендеше көпте ақыл
жоқ. Ебін тап та, жөнге сал.
Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі
виноват.
Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды
деген кісінің тілін кесер едім.
Дүниеде жалғыз қалған адам – адамның өлгені. Қапашылықтың бәрі соның
басында. Дүниеде бар жаман да көпте, бірақ қызық та, ермек те көпте.
Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды?
97
Жамандықты кім көрмейді? Үмітін үзбек – қайратсыздық. Дүниеде ешнәрседе
баян жоқ екені рас, жамандық та қайдан баяндап қалады дейсің? Қары қалың,
қатты қыстың артынан көгі мол жақсы жаз келмеуші ме еді?
Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болғаны.
Қуанбақтық пен бақ – мастықтың үлкені, мыңнан бір кісі-ақ к...н ашпайтұғын
ақылы бойында қалады.
Егер ісім өнсін десең, ретін тап
Биік мансап - биік жартас
Ерінбей еңбектеп жылан да шығады,
Екпіндеп ұшып қыран да шығады;
Жікшіл ел жетпей мақтайды,
Желөкпелер шын деп ойлайды.
Дүние - үлкен көл,
Заман - соққан жел,
Алдыңғы толқын - ағалар,
Артқы толқын - інілер,
Кезекпенен өлінер,
Баяғыдай көрінер.
Бақпен асқан патшадан
Мимен асқан қара артық;
Сақалын сатқан кәріден
Еңбегін сатқан бала артық.
Тоқ тіленші - адам сайтаны,
Харекетсіз - сопы монтаны.
Жаман дос - көлеңке:
Басыңды күн шалса,
Қашып құтыла алмайсың;
Басыңды бұлт алса,
Іздеп таба алмайсың.
Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас;
Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол.
98
Қайратсыз ашу - тұл,
Тұрлаусыз ғашық - тұл,
Шәкіртсіз ғалым - тұл.
Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң - өзің
ғана тілейсің
1896
Абайдың бесінші қара сөзі
Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып,
буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар:
«Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр!» деп тілек тілегенін өзім көрдім.
Онысы - жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нәрсесі жоқсып,
қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың: әуелі -
«Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал -
адамның бауыр еті», «Малдының беті - жарық, малсыздың беті - шарық», «Ер
азығы мен бөрі азығы жолда», «Ердің малы елде, еріккенде қолда», «Берген
перде бұзар», «Алаған қолым - береген», «Мал тапқан ердің жазығы жоқ»,
«Байдан үмітсіз - құдайдан үмітсіз», «Қарның ашса, қаралы үйге шап»,
«Қайраны жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без» деген осындай сөздері көп,
есепсіз толып жатыр.
Бұл мақалдардан не шықты? Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым
үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам жейді екен, бірақ
ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені малдыларды алдап алмақ
яки мақтап алмақ екен, бермесе оныменен жауласпақ екен. Малды болса, әкесін
жаулауды да ұят көрмейді екен. Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық, тіленшілік,
соған ұқсаған қылықтың қайсысын болса да қылып жүріп, мал тапса, жазалы
демесек керек екен.
Бұлардың жас баланың ақылынан несі артық? Бірақ, жас бала қызыл ошақтан
қорқушы еді, бұлар тозақтан да қорықпайды екен. Жас бала ұялса, жерге ене
жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен. Сол ма артылғаны?
Қолымыздағыны үлестіріп талатпасақ, біз де өзіндей болмасақ, безеді екен.
Іздеген еліміз сол ма?
ЖИЫРМА ТОҒЫЗЫНШЫ СӨЗ
Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ
түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар.
Әуелі «Жарлы болсаң, арлы болма» дейді. Ардан кеткен соң, тірі болып
жүрген құрысын. Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен
мал тап деген сөз болса, ол - ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып,
99
біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек - ол арлы
адамның ісі.
«Қалауын тапса, қар жанады», «Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні
жоқ» деген - ең барып тұрған құдай ұрған сөз осы. Сұрауын табамын, қалауын
табамын деп жүріп қорлықпенен өмір өткізгенше, малды не жерден сұрау
керек, не аққан терден сұрау керек қой.
«Атың шықпаса, жер өрте» дейді. Жер өртеп шығарған атыңның несі мұрат?
«Жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол» дейді. Тәңірге жазып, мінбей-
түспей арып, шөмеңдеп диуаналықпен бір күн болған буралық неге жарайды?
«Алтын көрсе, періште жолдан таяды» дейді. Періштеден садаға кеткір-ай!
Періште алтынды не қылсын, өзінің көрсеқызар сұмдығын қостағалы айтқаны.
«Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал
тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де
қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-ана шамасы
келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма
қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе?
Осындай білместікпенен айтылған сөздеріне бек сақ болу керек.
1895
ОТЫЗ ЕКІНШІ СӨЗ
Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың
өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.
Әуелі - білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің
бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-
ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет
білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил
болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем
екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді,
көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.
Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана
қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған
шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-
ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала
байқайды.
Екінші - ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек
керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін
залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір
бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас
қылады. Ондай бахас хусідшілікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды,
бәлкім, азайтады. Және мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адам баласын
шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұндай қиял өзі де
бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық
жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас - өзі де ғылымның бір
жолы, бірақ оған хирслану жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық,
100
мақтаншақтық, хусідшілік бойын жеңсе, ондай адам бойына қорлық
келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де қашық болмайды.
Үшінші - әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт,
өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады?
Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?
Төртінші - білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі -
мұлахаза қылу, екіншісі - берік мұхафаза қылу. Бұл екі қуатты зорайту
жаһатінде болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.
Бесінші - осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген
төрт нәрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз
салғырттық деген бір нәрсе бар, зинһар, жаным, соған бек сақ бол, әсіресе, әуелі
- құданың, екінші - халықтың, үшінші - дәулеттің, төртінші - ғибраттың,
бесінші - ақылдың, ардың -бәрінің дұшпаны. Ол бар жерде бұлар болмайды.
Алтыншы - ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол
мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне,
я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады.
Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды
қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде
азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл
беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!
1895
101
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 4 том. – Алматы: «ҚАЗақпарат», 2005.-
438 б.
2 Мәдібай Қ.Қ. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. 2 кітап. – Алматы: «Қазақ
университеті», 2004.- 270 б.
3 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. 1-кітап. – Алматы: «Қазақ университеті»,
2001.- 467 б.
4 Сүйіншәлиев Х. ХІХ ғасыр әдебиеті. – Алматы: «Ана тілі», 1992.- 360 б.
5 Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: «Санат», 1997.- 928 б.
6 Сүйіншәлі Х.Ж., Сүйіншәлі Қ.Ж. Ішкі орда және жалынды ақын Махамбет. -
Алматы: «Қазақ университеті», 2002.-57 б.
7 Ахметов З.А., Егеубаев А.Қ. Махамбет. – Алматы: «Ғылым»,2003.- 448 б.
8 Махамбет. Менің атым Махамбет. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2003.-
224 б.
9 Ай заман-ай, заман-ай (бес ғасыр жырлайды) – Алматы: «Қазақ ССР Баспасөз
жөніндегі мемлекеттік комитеті бас редакциясы - РББ», 1991.- т. 1. – 384 б.
10 Қирабаев С. Ұлт тағылымы.Астана, 2002.
11 А.Жұбанов . Замана бұлбұлдары . А.1975ж.
12 Е.Ысмайлов Ақындар. А., 1963ж.
13 Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991.
14 Марғұлан Ә. Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы. – Алматы, 2008
15 Мәдібай Қ. Зар заман ағымы. – Алматы, 2005
16 Омарұлы Б. Зар заман поэзиясы. - Алматы, 2000
17 Омарұлы Б. Зар заман әдебиеті. - Астана, 2005
18 Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: «Санат», 2002. – 360 б.
19 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. Алматы, 1960, 183 б.
20 adebiet.kz әдеби әлем порталы
21 https://sites.google.com/site/abai1845/-le-der
22 аbai.kz ақпараттық порталы
23 madenimura.kz
Достарыңызбен бөлісу: |