1
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Тіл және әдебиет теориясы кафедрасы
З.Ж. Тасмағамбетова
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ
Оқу-әдістемелік құрал
Қостанай, 2016
2
ӘОЖ 821.512.122
КБЖ 83.3 (5 қаз)
Т22
Рецензенттер:
Таукенова Айгүл Мұратқызы – филология ғылымдарының кандидаты, ҚР ІІМ
Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы педагогика және психология
кафедрасының бастығы
Қайыпбаева Айжамал Қайыпбайқызы – филология ғылымдарының кандидаты,
тіл және әдебиет теориясы кафедрасының доценті
Оразбаева Айтбибі Сұлтанқызы – филология ғылымдарының кандидаты, тіл
және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы
Авторы:
Тасмағамбетова Зейнат Жансұлтанқызы – филология магистрі, аға оқытушы
Т22 ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы: оқу-әдістемелік құрал/
З.Ж. Тасмағамбетова. Қостанай, 2016. - 101 б.
ISBN 978-601-7887-31-0
Бұл оқу-әдістемелік құралға «ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы»
пәнін игеру үшін қажет қосымша мәліметтер жинақталған. Сонымен қатар,
пәннің типтік оқу бағдарламасына сәйкес студенттерді БЖСБ-ға дайындауға
көмек беретін оқу материалдары, бақылау сұрақтары, тест тапсырмалары,
анықтамалық және қосымша мәліметтер енгізілген.
Оқу-әдістемелік құрал «Филология» мамандығының студенттеріне
арналған, сондай-ақ, филолог-мамандарға оқу үрдісінде қолдану үшін ұсынуға
болады.
ӘОЖ 821.512.122
КБЖ 83.3 (5 қаз)
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттiк университетi Оқу-
әдiстемелiк кеңесiмен бекiтіліп баспаға ұсынылған, хаттама № __ ___ ______
2016 ж.
ISBN 978-601-7887-31-0
© Тасмағамбетова З.Ж., 2016
3
МАЗМҰНЫ
Кіріспе...........................................................................................................................4
1 ХІХ ғасырдағы қазақ тарихы және әдебиет...........................................................5
2 ХІХ ғасырдағы дәстүрлі айтыс өнері................................................... ..................7
3 Қазақ әдебиетіндегі нәзира дәстүрінің көріністері.............................................14
4 ХІХ ғасырдағы сал-серілер....................................................................................15
5 Махамбет Өтемісұлы және дәстүрлі жыраулық поэзия.......................................25
6 ХІХ ғасыр әдебиетіндегі Қоқан хандығы езгісіне қарсылық сарын....................37
7 Зар заман поэзиясы.................................................................................................40
8 ХІХ ғасырдағы жаңа жазба әдебиет.......................................................................44
9 Шоқан Уәлиханов...................................................................................................44
10 Ыбырай Алтынсарин................................................................................................48
11 Абай Құнанбайұлы...............................................................................................55
12 Абайдың ақын інілері мен ұлдары......................................................................59
Практикалық сабақтарда қарастырылатын тақырыптар.......................................64
Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары...........................................................69
Қосымшалар...............................................................................................................93
Қолданылған әдебиеттер тізімі .............................................................................101
4
КІРІСПЕ
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы – базалық пән, соның ішінде
міндетті компонент болып табылады.
Пәнді оқу барысында білім алушылар ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінің
дамуын, қалыптасуын, әдебиетшілердің зерттеулерін, осы кезең өкілдерінің
өмірі мен шығармашылығын, қазақ әдебиетіндегі рөлдерін, туындыларының
көркемділігін білуі керек. XIX ғасырдағы қазақ тарихы және қазақ әдебиетін;
XIX ғасырдағы дәстүрлі айтыс өнері және оның өкілдерін; ХІХ ғасыр
әдебиетіндегі Қоқан езгісіне карсылык сарын жөнінде; XIX ғасырдағы сал-
серілер жөнінде; Махамбет Өтемісұлы ұлт-азаттық көтеріліс күрескері
жөнінде; XIX ғасырдағы ұлт-азаттық күрес батырлары жайлы тарихи
жырларды; XIX ғасырдағы жаңа жазба әдебиетті; XIX ғасырдағы қазақ
әдебиетін зерттеудің өзекті мәселелерін, алдағы міндеттерін игеруі керек. Осы
пән бойынша оқытылған барлық тақырыптарды толық зерттеп, ойын дәлелді,
жан-жақты талдаулармен жеткізе білу дағдысы болуы керек. ХІХ ғасыр қазақ
әдебиеті мен тарих байланысы, дәстүрлі айтыс өнері, қоғамдық жағдай, сал-
серілер, өнерпаздылық, ақындық ерекшелік, бостандық сарыны, Махамбет,
Шоқан, Ыбырай, Абай шығармашылығы, жазба әдебиетінің дамуы туралы, осы
кезең әдебиетінің көркем құндылығынан, ғалымдар зерттеулерінен құзыретті
болуы керек.
«Филология» мамандығы бойынша оқып жатқан студенттерге арналған
оқу- әдістемелік құрал кредиттік технология жүйесімен білім алуда қосымша
құрал ретінде ұсынылып отыр. Оқу-әдістемелік құралда оқу процесiнiң
мазмұнын тереңiрек ашу үшiн бағдарлама бойынша оқу материалдары іріктеліп
ұсынылған және әрбір тақырыптың соңында студенттің білімін толықтыру
мақсатында анықтамалық мәліметтер берілген.
Бұл мәліметтер тақырып бойынша қысқаша бағыт-бағдар, мағлұмат берiп
қана қоймай, студенттiң өзiнiң ой-өрiсiн одан әрi дамытып, ойлану, iздену
қабiлетiн жетiлдiруге ықпал ететiн механизм болып табылады. Сондай-ақ,
студенттердің материалды қаншалықты игергенін өздігінен тексеру үшін тест
тапсырмалары жеке-жеке тақырыптарға бөлініп ұсынылған.
Пән бойынша берілетін қосымша материалдар студенттiң берiлген
тақырыпты неғұрлым терең игерiп, айқын түсiнуiне көмек көрсету мақсатын
көздейдi. Тақырыпты терең меңгеру үшiн дайындалу барысында тек дәріс
тезистерiмен шектелiп қою жеткiлiксiз. Бұл ретте студенттiң тақырып бойынша
өз бетiмен iзденiп, ұсынылған әдебиеттер бойынша қосымша жұмыс iстеуi
қажет болады.
Оқу- әдістемелік құрал ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы пәнiнiң
типтiк оқу бағдарламасы негiзiнде, тиiстi әдiстемелiк талаптарға сай жасалған.
5
1 ХІХ ғасырдағы қазақ тарихы және әдебиет
ХІХ ғасырдан бастап қазақтың жазба әдебиетi — әлеумет халiн ұғып, ел
қамын жақтауға кiрiсiп, өлең бұрынғыша, қызық, сауық сияқты ермек емес,
қауым қызметiн атқара бастады, елдiң саяси пiкiрi мен тiлек, мақсат, мұң, зар
сияқты сезiмдердiң басын қосып, жаңадан ой негiзiн, салт санасын құрауға
кiрiстi, бұл уақытқа шейiн болмаған әлеуметшiлдiк сарыны, азаматтық
нысанасы бой көрсеттi.
Осындай әлеуметшiлдiк сарынды көбейткен тарихи оқиғалар бұл дәуiрде
орыс отаршылдығымен байланысты туды. Ресей империясына бодан болу,
сонымен байланысты туған ел iшiндегi өзгерiстер, қанаудың күшеюi, халық тың
тiршiлiк ету аясының тарылуы, ұлттық намыстың тапталуы қазақ ақындары
шығармаларында кеңiнен бейнелендi.
Осы өзгерiске қарсы анық наразылық Махамбет Өтемiсұлы өлеңдерiнен
айқын көрiнедi. Махамбет жырлары — Исатай Тайманов бастаған көтерiлiстiң
(1836—37) ұраны, үнi. Мұнда көтерiлiстiң мақсат-мұраты (“Қорлықта жүрген
халқыма бостандық алып берем деп”), оған қатысатын ерлердiң сипаты
(“Ереуiл атқа ер салмай”), соғыс суретттерi (“Соғыс”), Исатайдың батырлығы
мен оны жоқтауға арналған жырлар (“Тарланым”, “Мұнар күн”), ақынның өз
жайына, көңiл-күйiне (“Баймағамбет сұлтанға айтқаны”, “Қызғыш құс”)
байланысты өлеңдерiне жалғасып, тұтастай көтерiлiс тарихын, сол кезеңдегi
әлеуметтік жағдайды бейнелейдi.
Исатай-Махамбет көтерiлiсiне тiлектес ақындар қатарындағы Шернияз
Жарылғасұлының Исатайды мадақтап, Баймағамбеттi даттайтын өлеңдерi
батылдығымен, тапқырлығымен бағалы.
Исатай—Махамбет көтерiлiсiне жалғас туған Кенесары—Наурызбай
бастаған ұлт-азаттық қозғалысы да (1837-1847) өзiне тiлектес әдебиет тудырды
(“Наурызбай -Қаншайым”, “Топ жарған”, “Жасауыл қырғыны”, Нысанбай
Жаманқұлұлының “Кенесары-Наурызбай” жыры). Сыр бойында, Батыс
Қазақстанда өткен патша отаршылдығына қарсы көтерiлiстер кезiнде жаңа
жырлар туды (“Бекет батыр”, “Жанқожа батыр”).
Отаршылдыққа қарсы күрес поэзиясы қазақ көркем сөзiнiң дамуында озық
идеясымен, халықтық мазмұнымен жаңа белес саналады. Билеушiлерге қарсы
наразылықты ашық айтқан шыншыл поэзия туды, адамды суреттеудiң жаңа
тәсiлдерi қолданылды. Осы қатардағы ақындар iшiнде Жанақ Сағындықұлы,
Шөже Қаржаубайұлы, Сүйiнбай Аронұлы елеулi орын алады. Отаршылдық
дәуiр әдебиетiнiң ақындары шығармаларында ел байлығының талауға түсiп,
халықтың кедейшiлiкке ұрынып, қоныстың тарылуы, зорлық-зомбылықтың
күшеюi, парақорлықтың етек жаюы, адамдар мiнез-құлқының өзгерiп,
ұсақталып, берекесiздiкке түсуi, дiн шарттарының еленбеуi, т.б. жағдайлар кең
қамтылып, көркем бейнелендi. Оларды заман қайғысы, өткендi ойлап торығу,
алдағы өмiрден шошыну зары бiрiктiрдi.
Бұл сарынның көрнектi ақындары — Дулат Бабатайұлы, Шортанбай
Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Кердерi Әбубәкiр Шоқанұлы, т.б. халықтық
поэзияның түрлерiн жетiлдiрдi. Оны заман шындығын бейнелеумен шебер
6
байланыстыруда, реализмдi байытып, адам психологиясындағы өзгерiстердi
жарқын суреттеуде, тiл өрнегiнде сан алуан жаңалықтар табуда осы топтағы
ақындардың еңбегi үлкен. Олардың бiразы отарлаушыларға шошына қарады,
дегенмен шығыс әдебиетiмен, дiни әдебиет үлгiлерiмен жете таныс болуы
арқасында көркемдiк құндылығы жоғары туындылар жасады.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы әдебиетті талдау үшін сол кездегі
саяси, қоғамдық - әлеуметтік, рухани, мәдени оқиғаларды еске түсірген жөн.
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында басты - басты төмендегідей
тарихи оқиғалар болды.
1. 1860 жылдардын бастап Ресейдің қазақ жерін, елін отарлауы толық
аяқталады. Жер Ресей мемлекетінің меншігіне айналды. Қазақ жерді
пайдаланушы ғана болды.
2. 1861 жылы креспостнойлық (басыбайлылық) тәртіп жойылып, бас
бостандығын алған орыс шаруаларына қазақ даласындағы жерді пайдалану
жөнінде «Уақытша ереже» шықты. Осы ережеге сәйкес орыс шаруалары қазақ
даласына қоныстандырылды, осыған байланысты басқа көптеген өзгерістер
келді.
3. Салық төлеудің жаңа тәртіптері бекітілді.
4. Сауда-саттық, тауар айырбасы басталды. Бұл капитализмнің алғашқы
белгілері еді.
5. Саудагерлер қатары көбейіп, байлықтың басын қолдарына алды.
6. Патшаның қорғаныс күші - казак - орыстар көп билікке ие бола бастады.
7. Қазақ елін билеудің («Жаңа низам») патша мүддесіне бағындырылған
ережесі шықты.
8. Ел билеуге таласқан қазақ болыстарын патша ұлықтар ұлтты іріту, бөлу,
бөлшектеуге пайдаланды.
9.Орыс шаруаларының қоныс аударылуына байланысты қазақтар да
отаршылыққа көше бастады.
10.Капиталистік қатынастардың негізінде қалалар, өндіріс орындары бой
көтерді.
11.Орыс тіліндегі мектептер ашылды(Орынбор, Орал, Троицк, Торғай т.б.).
12. Еуропа, орыс оқу -білімін негізінде алған мектептер 70-80 жылдары
қазақ жерінің әр жерінен көптеп салына бастады.
XIX ғасырдың екінші жартысынан басталған қазақ жерінде саяси, тарихи
оқиғалар қоғам айнасы - әдебиетте түрлі қырынан, сан алуан мазмұн,
идеясымен көрінді.
XIX ғасырдың екінші жартысынандағы қазақ әдебиетінде ұлттық
әдебиетті қызық еткен, қазақтың дәстүрлі өмірін, тұрмысын мадақтағандар,
халықты өнер - білім алуға шақырған, жаңа мәдениет пен өнерді үйретуге
наихаттаған ағартушылық бағыттағылар, сонымен бірге өнер, білім алуды
жақсылық белгісі деп түсінген, қазақтың бұрынғы әдебиетіне де тілектес әнші,
композитор, ақындар қоғам туралы түрлі пікір берді.
А.Құнанбаев (1845-1904) - алғашқы қазақтың ұлттық, халықтық әдебиетін
жасаушы ақын. Ы. Алтынсарин (1841-1889) халық болашағы басқа халықпен
7
білімі тең деңгейде жарқын болатынын түсініп, алғаш жаңа үлгіде мектеп
ашты.
Ш. Уәлиханов (1835-1865) қазақ халқының білім алып, сол кездегі
дамыған мәдениетті елдер қатарына қосылуын қалады, сол жолда еңбек етті.
Қазақ елінен де тереңнің сырын ашар, тіршіліктің мәніне бойлар ғалым
шығатынын дәлелдеді.
Абай, Ыбырай, Шоқан сияқты тұлғалар қазақтың еркіндігін, өз білімімен,
ақыл -ойымен, парасат, адамгершілігімен өзгелермен тең, озық болуын арман
етті.
Мұрат Мөңкеұлы(1843-1906), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), Әбубәкір
Шоқанұлы (1858-1912) өмір тынысына айналып бара жатқан байлыққа
құмарлық, билікке талас, халықты езу, халықтың арасында тұрмыс тіршілігі
төмендеген қазақтардың көбейіп келе жатқанын көріп, заманның, елдің азғаны
деп торығып, кешегі елдің өзбилігі өзінде, қазақ құрмет тұтқан билер мен
хандар дәуренін аңсады.
Мұрат, Әубәкір ақындар елдің тұрмыс қалпына сыналап ене бастаған
орысша киім үлгілерін, халық салтын, әдетін бұзушы деп танып, бұндай елден
безіп, жанға дауа болатын, ел бірлігін сақтайтын орта іздеу идеяларын айтты.
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ әдебиетінде айтыстың да небір
маржан үлгілері дүниеге келді. Біржан Сал, Сара, Сүйінбай, Үмбетәлі,
Кемпірбай, Нұрила, Шөже, Орынбай, Жамбыл т.б ақындар қазақ қоғамының
жақсы -жаманын жырға қосты.
XIX ғасырдың екінші жартысында кең тынысты сюжетті дастандар
жазылды. Әсет Найманбайұлының «Сәмен - Салиха», Мағауия Абайұлының
«Кавказ», Ақтан Керейұлының «Қырымның қырық батыры » дастандары ауыз
әдебиетіндегі жырлардың жалғасындай болды.
?!
1) ХІХ ғасырдағы әдеби, мәдени өмірдің үш ерекше құбылысын атаңыз
2) ХІХ ғасырда қазақ халқы туралы көркем шығарма жазған орыс классиктері
кімдер?
3) Қандай зерттеушілер ХІХ ғасырдағы тарихи жырларды кезең ретінде
қарастырды?
4) ХІХ ғасыр қазақ әдебиетінде қандай өзекті мәселелер қозғалды?
2 ХІХ ғасырдағы дәстүрлі айтыс өнері
Айтыс – қазақтың ауызекі әдеби – музыкалық өнерінің көлемді және аса
құнды салаларының бірі. Ол – суырып салма ақындық өнерінің жемісі боп
табылады. Айтыста халықтың әдет – ғұрпы, тұрмыс – салты, дүниетанымы,
эстетикалық, рухани, философиялық және әлеуметтік көзқарасы, қалыптасу
тарихтары байқалады. « Ең алғаш тұрмыс – салт жырлары «Жар – жар» мен
«Бәдіктен» бастау алып, сан алуан асу – кезеңдерден өтіп кемелдене жетілген
8
айтыстың алғашқы үлгілері көпке ортақ жаттанды өлеңдерден тұрса, кейінірек
өз жанынан шығарып айтылатын суырыпсалмалылық сипаты басым болып
отырады.
Айтыстың көтерілетін тақырыптары сан алуан. Егер де айтыстың ең ежелгі
түрі – «Бәдік» айтыстың негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты
жатса, кейіннен айтыстың кемеліне толған ең күрделі түрі – ақындар
айтысының тақырыптары әлденеше тарау болып, бұтақталып кетеді және сол
бұтақтардың бәрі халықтың өмір – тұрмысын жан-жақты көрсетіп, барынша
толық бейнелейді. Бәдік айтысынан басқа қайымдасу, жануарлар мен адамның
айтысы, ақ айтыс, сүре айтыс, жұмбақ айтыс сияқты айтыс түрлері
қалыптасты.
Айтыс қазақ даласында негізінен XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап
айрықша кең өріс алып, мол серпінімен дамыды. Бұған сол тұстағы қазақтың
көшпелі өмірі мен әдет-ғұрып, салт-дәстүрі басты себеп болды. Оны тудырған
да, дамытқан да ақындар болған. Бұл өнер түрі қазаққа ағайындас, тұрмыс –
тіршілігі, шаруашылығы, қоғамдық өмірі ұқсас келетін қырғыз, түркімен,
қарақалпақ халықтарында да кездеседі. Айтыстың басты ерекшелігі – оның
суырыпсалмалы түрде орындалуы.
Айтыс қай кезеңдерде де филолог, фольклортанушы және саяхатшылардың
назарынан тыс қалмады. Оның әр түрлі үлгілерін қазақ арасынан XIX ғасырдың
екінші жартысынан бастап В. Радлов, Ш. Нұрмағамбетұлы, Т. Сейдалин, С.
Жантөрин, Ж. Шайхысламов, Ә. Диваев, С. Сейфуллин және т.б. жинап,
жарыққа шығарса, солармен қатар, құнды ойлар мен дерекрер А. Васильев, А.
Левшин, Ш. Уәлиханов, А. Янушкевич, А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Мұқанов,
Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, З. Ахметов, С. Қирабаев, М. Мырзахметов, С.
Қасқабасов, М. Жармұхамедұлы және т.б. жұмыстарында орын алады.
Соңғы деректер бойынша қазақ халқының айтыс өлеңдерін екіге бөліп,
біріншісін – Тұрмыс-салт айтысы, оның ішінде а) Бәдік; ә) «Жар – жар»; б)
Қыз бен жігіт айтыстары; в) Қағысулар деп сараласа, екіншісін – Ақындар
айтысы деп белгілеп, оны а) Дін; ә) Жұмбақ; б) Жазба айтыс деп топтаған.
Кезінде М. Әуезовтің «қазақ ауыз әдебиетінде айтыстың көне түрі бірнеше адам
қосылып орындалатын ғұрыптық әндерден басталып, ақындар айтысына
ұласты», - деген пікірі осыған дәлел.
«Айтыс» - қазақтың байырғы төл сөзі, ежелден айтысу, сөз жарысы, өнер
бәсекесі ұғымында қолданып келген. Екі адамның бетпе-бет келіп өнер
жарыстырып бәсекеге түсуі сөз арқылы да, белгілі бір аспапта кезектесіп күй
тартысумен де, қолма-қол шығарып айтылатын өлеңмен болуы да мүмкін.
Мұның бәрі «қиыннан қиыстыратын» кәнігі шеберлік, алғырлық пен
тапқырлықты керек етеді. Ерте заманнан ақ «өнер алды қызыл тіл» деп сөз
қадірін қадір тұтып қазақ халқы жалпы әдеби мұраға, оның ішінде айшықты сөз
өрнегі ақындар айтысына ерекше мән беріп, соны өзінін рухани өмірінін
жарқын көрінісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырған. Ақындар
айтысының бәрі дерлік жұрт бас қосқан ойын-сауық, үлкен жиын, ас-тойларда
өтетін болған. Шаршы топта бәсеке сайысына түскен екі ақынның сөзін сарапқа
салып, әділ төрелік айтушы да көпшілік, сөз мәнісін білетін көшелі би,
9
абыройлы ақсақалдар. Сол себепті екі жақ тапқырлық пен тауып айтқан уәжді
де аталы сөзін мойындамауға немесе билікті көрер көзге бұрып айтуға ешбір
қақы жоқ. Екі жақ та «сөз тапқанға қолқа жоқ», «аталы сөзге арсыз жауап
қайтарады» деген ұлағатты принципті ұстанады.
Аталмыш өнер түрі халықтың жиналған жерінде өткізіліп, қандай
тақырыпта болатындығы сол айтыс үстінде анықталған. Сондықтан әр
айтыскер қарсыласын қалай болса да жеңу, неден сүріндіру амалын
ойластырып, соған шамданып келді. Әдетте, айтыста көптеген мәселелер
көтеріліп, бір тақырыптан екіншісіне ауысып отырады.
Ақындар жекпе – жек ұрысқа шыққан батырлардай бір – біріне күш
көрсетіп, өздерінің мықтылығын айтып, қорқыта сөйлейді. Өз жерінің, елінің
шыққан ортасының кереметтігін жырлайды. Әрине, жеңу мақсатын көздеп
келген ақын басқасының мінкемшіліктерін тізе жырлайды.
Айтыс түйіні – шындық. Қандай жүйрік, желқабыз, тапқыр ақын болса да
шындықтан жалтарып құтылып кете алмаған, оның бәрі де тек шындықпен
суарылған аталы сөзге тоқтап бас иетін болған. Бұл тартпас уәж, шындыққа
құрылған бір ауыз сөздің жеме-жемде айтыс тағдырын шешіп кететіні де
осыдан. Бұл сипаттарымен айтыс өзіміздегі шешендік сөздерді еске салады.
Айтыс өлеңдерін сан ғасыр өтсе де ұмытпай жадында сақтап, біздің
дәуірімізге жекізуі, біріншіден, ақындардың талантын қадір тұтуы болса,
екіншіден, сол ел, ру мәртебесін қорғаған ақындардың өлең – жырларын кейінгі
ұрпақтың көкейіне ұялатып, олардың патриоттық сезімін оятудың құралы деп
санаған. Айтыс ақындардан тапқырлықты, білімдарлықты, өмір тануда сергек
сезімталдықты және өзгеге ұқсамас өзіндік ерекшелігін талап еткен. Айтыстың
шешендік сөз сайысы, тәрбие мектебі тапқырлықтың тұғыры болып ерекше
бағаланады. Ертеде өткен ақындар айтысының дүлділі Біржан мен Сараны,
Кемпірбай мен Шөжені, Жанақ пен Орынбайды, Әсет пен Рысжанды,
Жамбыл мен Құлманбетті және т.б. рулы елдің ар-намысын қорғаушылар
дейді.
Айтыс – көшпелі өмір кешкен елдердің бәріне тән өнер, бірақ ол бірінде
аз, енді бірінде мейлінше мол дамыған. Бұл кездегі жазу-сызудың жоқтығынан,
ауызекі дәстүрінің мейлінше кең етек алуыннан туған қажеттілік еді. Айталық,
өмір салты мен әдет – ғұрып, салт-санасы бізбен егіз кешегі көшпелі қырғыз,
қарақалпақ алтай елдерінде де айтыс өнері болған, алайда бұл жанр оларда дәл
біздегідей жетіліп, кемелдене қоймаған.
Қазақ әдебиетінің қайталанбас хас ерекшеліктері аз емес.Осы орайда ауыз
әдебиеті үлгілерінің кемел жазба әдебиетке ойысу, ұласу үрдісін тану, табу,
ғылыми негізден айқындап көрсету – әлемдік әдебиеттануда тек қазақ
әдебиетінің теориялық тарихының ғана еншісі болып көрінеді.
Қазақ әдебиетінің тарихындағы фольклор дәстүрі әдебиеттану
ғылымында бастапқы кезеңнен гөрі ауқымды зерттеулерге ұласып отыр.
Мұның мәні – қазақ әдебиет тарихының сарқылмайтын, таусылмайтын
көркемдік негіздерден құйылған шығармашылық өзгеше жаратылыс сырында.
10
Ауыз әдебиет, жазба әдебиеттің айырым белгісі хатқа түскен, тасқа
басылған сөз фактісінде емес, шығарманың, туындының жазылу стилінде,
дәстүр үрдісінде, жанрлық өзгешелігінде жатыр.
Сол өзгешеліктердің бірі - XIX ғасырдағы ақындар айтысы, жалпы айтыс
өнері, айтыс өлең фольклористикада, әдебиеттану ғылымында Шоқан
дәуірінен бері зерттеліп келеді. Ұзақ уақыттар бойы әдебиетіміздің көп асыл
мұрасы сияқты айтыс ауыз әдебиетінің еншісі есебінде зерттелді. Бірте-бірте
зерттеу проблемалары күрделеніп, ауқым аймағы кеңи түсті. Жекеленген
зерттеушілер XIX ғасырдағы ақындар айтысының табиғатындағы дәстүрлі
айтыс өлеңмен туыс тұсты да, оның өзіндік белгілерін де аша сөйлеуге ауысты.
Осы айырым, ажырату тұсында XIX ғасырдың айтысында атап айтар, айқын
өзгешеліктер, әрине аз емес.
Айтыстың дәстүрлі сипатына қарай, мазмұн, мәніне, орындалу орны,
мақсатына қарай түрге бөлінуінде айтыстың табиғатын зерттейтіндердің
бәрінің көзқарасы бірдей емес. Әрине, олай болуы мүмкін де емес.
Осы орайда, А.Байтұрсынұлының айтыс жайлы тұжырымдары XIX
ғасыр айтысының табиғатын тануда таптырмайтын өлшем үлгісі.
А.Байтұрсынұлы XX ғасыр басындағы айтыс күйінен «Жазу жайылған сайын
айтыс өлең азайып, құруға бет алып барады» деп хабар береді. Бұл түйін -
айтыстың, дара ақындар айтысының аса жанданған әдеби үлгі, жаңа көркемдік
арна екендігін айғақтай түсетін түйін.
Мысалға, Мұхтар Әуезов «Әдебиет тарихында» қазақ әдебиеті үлгілерін
қарастырудың негізін салды. Әдебиеті ауызша әдебиет, жазба әдебиет деген
үлкен екі салаға бөліп, ауызша әдебиеттің жазбаша әдебиеттен
айырмашылығын атап көрсетіп берді. Оның арғы-бергі әдебиет үлгілеріне
қатысын көрсетеді.
Ә.Қоңыратбаев XІX ғасырда туған айтыс поэзиясын беске бөледі.
Ілгеріде айтысты зерттеушілер әдет-ғұрып, қайым, жұмбақ, діни, ақындар
немесе бәдік жар-жар, мал мен адам, өлі мен тірі, салт, қыз бен жігіт, ру,
совет дәуіріндегі деп жіктегенін, М.Жармұхамедов еңбегінде айтыстың он төрт
түрі бар деп көрсетілгенін ескертіп айтады.
М.Жармұхамедов айтыстағы ақындық тәсілге, айтыстың дәстүрлі
сипаттарына кең тоқталады. Қазақ айтыстарының жанрлық табиғатын
белгілейтін басты ерекшелігінің бірі деп, белгілі бір айтыстың қайта жырлануда
өсіп, түсіндірме қосыла отыратындығын айта отырып, оған «Бақтыбай мен
Мәйкі қыздың айтысын» мысалға келтіреді. Сондай-ақ ғалым айтыстың мұндай
түрлері «Мансұр мен Дәме», «Түбек пен Қарқабат», «Біржан мен Сара»,
«Ыбырай мен Доскей», «Әсет пен Ырысжан» айтыстарында көп кездесетіндігін
айтады.
Ал, Сыдиқов болса, XIX ғасырдағы ақындардың дәстүрлі айтыс
өнеріндегі өзіндік өрнегіне тоқтала отырып, айтыстың жанрлық, даралық
сипаттарын айқындай түсер толғамдар жасады. Оған сөз жүйріктері Абыл,
Нұрым, Қашаған сынды ақындардың айтыстарын мысал етті.
11
Темірхан Тебегенов әдеби шығармашылық жөнінен зерттеуде ақындар
айтысын үш түрге бөліп қарастырады: 1) Мұсылмандық ағартушылық
Достарыңызбен бөлісу: |