§ 6. БҰРАТАНА СӨЗДЕР
Бұл айтылған сөйлем мүшелерінен басқа сөйлем маңайында
жүретін бұратана сөздер болады. Ол бұратана сөздер екі түрлі.
Бір түрі – сөз арасына керек жерінде қыстырыла айтылатын
сөздер. Бұлар қыстырма сөз деп аталады. Қыстырма сөздер
сөйлем ішіндегі басқа сөздерімен үйлеспейді, байласпайды.
Алып тастағанда орны ойсырай қоймайды.
Екінші түрі сөз бетін біреуге қарата, қадап сөйле генде айты-
латын сөз. Бұлар қаратпа сөз деп аталады.
Бұлар да сөйлем ішіндегі басқа сөздермен үйлеспейді, бай-
ласпайды.
233
а) Қыстырма сөз
Ауру, әрине, жақсы нәрсе емес. Әзірге, шүкір, жаман еспіз.
Бұл сөйлемдерге қыстырылып айтылып тұрған қыстырма
сөздер «әрине» мен «шүкір» деген сөздер.
Бұлар басқа сөздермен үйлесіп, байласып тұрған жоқ, құр
қыстырылып тұр. Оны алып тастағанда, сөйлемге келе қоятын
кемшілік жоқ. Мәселен: «Ауру жақсы емес» десек немесе «әзір
жаман емеспіз» десек, «әрине» мен «шүкір» деген сөздердің
орны үңірейіп, жоқтығы сезіліп тұрған жоқ.
б) Қаратпа сөз
Қызым, саған айтамын, келінім, сен тыңда! Сөз тыңдаңыз,
әлеумет! Әй, Әлжан, қайда барасың?. Құдай оңда! Оңға ба-
ста... Мұнда қаратпа сөз болатындар: «қызым», «келінім»,
«әлеумет», «Әлжан», «Құдай», үйткені сөз беті соларға
қаратылып айтылып тұр.
Сөйлем мүшелерін айыруға керек сөйлем мысалдары
Сөйлем мүшелерін айырту жүзінде сөйлем мысалдарымен
үш түрлі іс істеледі: 1) Өлеңмен жазылған сөйлемдерді өлеңсіз
түрге айналдыру. 2) Сөйлем ішіндегі мүшелерін айырту. 3)
Сөйлемнің қажет болған түрлерін оқушылардың өзіне тапқызу.
Ат арыды, тон тозды. Бұлт шықты, жел күшейді, дауыл
болды, күн жауды. Күн батты, ымырт жабыдды! Қасқыр шап-
ты, қой үрікті, ит шулады. Егін шықты, астық арзандады, ел
тоғайды.
Тау тауға қосылмайды, адам адамға қосылады. Жомарт
жоқтығын білмейді, жүйрік тоқтығын білмейді. Жақсы
жатырқамайды. Аңқау аңдамайды, әңгі тыңдамайды. Жалқау
жаратпайды. Ауру аздырады, суық тоңдырады. Үлкен бастар,
кіші қостар. Ескі жаңа болмас, жаман жақсы болмас. Шірік
шірітеді, бұзық бүлдіреді.
Біреу екеу болмас, екеу үшеу болмас. Аларманға алтау аз.
Жүзді мың жығады. Түгел төртеу, ала алтауды алады. Қырық-
тан елу көп. Біріншісі берді, екіншісі алды.
234
Мен келдім Мырзалының ордасына. Сен маған қарамадың.
Ол саған атын бере алмайды. Өзім бара алмадым, сөзім жете
алмады. Олар көшіп кетті, біздікі еру қалды. Өзі жығылған
өкінбейді. Еттің бәрі қазы болмас, иттің бәрі тазы болмас.
Бұлар бүгін жүреді, олар ертең кетеді.
Сөздің расын айтпақ керек. Көпке ұнамақ қиын. Ат ұстаған
азабынан құтылар. Асыққан жетпес, бұйырған кетпес. Ac
қадірін ашыққан білер, ат қадірін асыққан білер. Беруші
бесті қимайды, алушы алтыны азсынады. Ескерген ескі асы-
нан сақтайды. Ұялған тек тұрмас. Атқанның құсын жатқан
байланар. «Тағы» жуан айтылады, «әбден» жіңішке айтыла-
ды. «Тіпті» – нықтаулық үстеу, «адамша» – сынаулық үстеу.
«Ма», «ба» сұрағанда айтылады; «да» екі мағынада айтылады.
Отырғандардың құлағына «ойбай» естілді. «Айтақ» қойылды,
«аттан» естілді. «Шәуім-шәуім» – одағай, арқылы –жалғаулық;
«менен» – мен болған; «таман» жақындауды көрсетеді.
«Көрдім» деген көп сөз, «көрмедім» деген бір сөз.
Ашу – кәпір, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос. Жақсы сөз
сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді. Ақымақты үйрету – өлгенді
тірілту. Оқу түбі – тоқу, өнер алды – қызыл тіл. Тыймаған ау-
ызда бәле бар. Тіл қылыштан өткір. Адам сөзінен жазар, сиыр
мүйізінен жазар. Жүздің көркі – сақал, сөздің көркі – мақал. Та-
уды, тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзар. Тамақ тоқ, көйлек
көк, уайым жоқ. Аузы жаман елді былғар, аяғы жаман төрді
былғар. Жастық – мастық. Оңқа ойын бұзар, тентек жиын
бұзар. Жаман еркек той бұзар, жаман әйел үй бұзар. Елсіз
көлге бақа айғыр. Біреудің өзі жақсы, біреудің көзі жақсы. «Ел
біледі» деген күлер, «өзім білем», деген бүлер. Ел құлағы елу.
Алдыңғысы алты, кейінгісі жеті. Сөйлеген – мен, тыңдаған
сен. Берген – өзі, алған – өзі. Малың – анау, ұрың – мынау.
Сан сұрауы дай?». Дәйекшілі үстеу – «әрі», дәйекшісіз үстеу
– «бері». «Ол»-дан туған олай, «бұл»-дан туған бұлай, «сол»-
дан туған солай. «Білемін» деген «бүлемін» деген. Жомарт ер
жоқтығын білмейді, жүйрік ат тоқтығын білмейді. Ит тойған
жерін іздейді. Ер туған жерін іздейді. Жүк ауырын нар көтереді,
қаза ауырын ер көтереді. Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің
ісі-ді, жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі-ді. Жаңбырмен
235
жер көгереді, батамемен ер көгереді. Бітімі жаман қамысты су
ішінен өрт шалар, туысы жаман жігітті түйе үстінен ит қабар.
Есек семірген күні иесін тебер. Жақсының шарапаты тиер
тар жерде, жаманның кесепеті тиер әр жерде. Жақсы жүрген
жеріне кент салады, жаман жүрген жеріне өрт салады. Жорға
жүрісінен пұл болады, жаман жүрісінен құл болады. Жаман
ерден жайдағым, жаман қатыннан бойдағым жақсы. Өзі ұры
жігіттің бәрін ұры дейді, өзі қар жұрттың бәрін қар дейді. Өзі
өле-өлгенше ақпын дейді. Көп жортқан түлкі терісін алдырады.
Алдырған анасының қойнын ашады. Шығасыға иесі басшы бо-
лады. Халқы жаманның биі азады, қатыны жаманның үйі аза-
ды. Жанын аямаған жау алады, малын аямаған дау алады Сөз
жүйесін табады, мал иесін табады. Шоқпарды сала алмаған
өзіне тигізеді. Тау белгісі тасында, бай белгісі асында. Ақыл
мен жан – мен өзім, тән – менікі. Мені мен менікінің мағынасы
екі. Мен өлмекке тағдыр жоқ әуел бастан.
Бұл тойда топтан озған мен айтамын. Сөйлемес бөтен қазақ
мен тұрғанда. Аузымда тәңірі берген жел тұрғанда. Той қылмақ
бұл дүниенің зейнеті еді. Бір баланың зарынан жиын тойға бар-
мадым. Құлдан көрдім қорлықты, жалшыдан көрдім зорлықты.
Майқара Қарасайға бітер қалың. Қошалақ семіртеді арғын
малын. Қарасай Қошалақты мекен еткен. Бір жылы Кенесары
ағаларым, қаңтарда Қошалақты мекен еткен, Жайлауға Торғай
суын көктей откен. Қарасай, Қошалақтың қара отына, Наурыз-
бай, Кенесары мал семірткен. Қасында Төлеңгіті жүз қаралы
үй. Жігіттің айтқаны өлең, тартқаны күй. Кәсібі – жортуыл-
дан мал әкелу. Қанына жақсы ат тартқан алады сый. Жиылған
атақты аттар талай жерден, Барлығы асқан жүйрік тайпалы ел-
ден. Бір күні бір үш жігіт атқа мінген. Тұсаулы жауыр торы
оттап тұрған. Желқом ер жерде жатыр басы сынған. Үшеуі
жөнеледі елге таман, бір жігіт, бір ат олжа, өздері аман. Үшеуі
бишараны ортаға алған. Қарасай ел жағына кейін салған. Біз
сені Кене ханға апарамыз. Тайынан бұл торымды бағып едім.
Үкіні құйрық, жалға тағып едім. Түн қатып үш-төрт күндей
олар жүрді. Еліне хан Кененің жақын келді. Үшеуі ол жігітке
жауап берген. Хан Кене зекет алады көшкен елден. Жатпайды
жігіттері ханның текке. Жолыққан жортуылшы шығар шетке.
236
Семізін келген малдың сойып жеген. Олжада жетім-жесір мал-
дан артық: келеді халқы олардың тарту тартып. Халыққа Кене
жатыр қорқу салып. Төңіректе ел қалмады бағынбаған. Бақыты
Кене ханның қабындаған. Бұл күнде күшті боп тұр Кенеса-
ры. Кенеге бағынған ел қойдан жуас. Қыстауға Жыланшыққа
мекен салдық. Биыл қыс қатты болды, жұтап қалдық. Жап-
паста Жылгелдінің баласы бай. Айдарға мал, артарға атаны
сай. Бесінде бұл төртеуі елге келді. Алыстан ел қарасын көзі
көрді. Жайылған Қарасайды жүз қаралы үй. Бишара тұтқын
жігіт ой ойлайды. Ортада қатар тіккен үш ақ орда. Алыстан
көрінеді жігіт сорға. Үй сайын байлаулы ат, қара найза. Белде-
уде қыстырылған бір-бір дорба. Далада Кенесары жүрген екен.
Төртеуін Кенесары көзі көрді. Айтады сонда тұтқын: Алди-
яр, хан! Қорқады қаһарыңнан неше мың жан. «Ерлікпен мені
байлап алдым» деген, тақсыр-ау, жігіттіңнің сөзі жалған. Мен,
тақсыр, ұйықтаймын деп ғапыл қалдым. Үшеуің қандарыңа
өтірік айтпа. Жерімде ұйықтап жатқан байлап алдың. Қапы
қалдым, атыма міне алмадым. Білекке қылышымды іле алма-
дым. Тақсыр-ау, астымда атым жүйрік желден. Жарыста озушы
едім қалың елден. Мақтаған тұтқын жігіт осы ма атың? Әлгі
желден жүйрік асыл затың? Мәстекті тайыншадан оза алмай-
тын, жібермес жүйрік десең ердің датын. Жүйрік жоқ алты
алашта торы атымдай. Баяғы қолда ықтияр тұрған күнде, Аты-
ма алмаушы едім екі жүз тай. Не пайда! Торы атыммен қаша
алмаймын. Елестеп белден белге аса алмаймын. Кене хан Орда-
сына қарай жүрді. Арқанда жауыр торы тойып алған. Қызарып
күн батысқа күн де барған. Қызарып таң атады шығыс жақтан.
Көрсетті күнде нұрын шашыратқан. Құйынған шық суына
шалғын мен қау. Терлеген орман ағаш, бақша мен бау. Биік
шарлап ұшады бозторғайлар. Түндік жабық, киіз үй іші самал.
Қорада қыймылдамас бір қара мал. Бәйтөбеттер ұйқыда: дыбы-
сы жоқ. Тәтті ұйқыда барлығы жаралғанның, естілмес дыбысы
шығып жалғыз жанның. Күн сәске көтерілді сағым жүріп. Жел-
ге үйездеп тұр жылқы келіп. Түндігі Кене ханның ашылады.
Халыққа хан жарлығы шашылады. Аты жүйрік талапкер қусын
дейді. Кене хан бір тұтқынды қашырады. Бір шаншып жеткен
жерде жоқ қылуға. Найзасын өткір қылып қайраған бар. Хан
237
үшін ту түбіне жайған кілем. Патшайы көрпе төсеп қойған
білем. Торы атқа тұтқын жігіт қамшы басты. Ілезде жауыр торы
белден асты. Қырық адам бір адамды қуып кетті. Шандағы
шапқан аттың көкке шықты. Қуғыншы кешке жақын Қайтып
келген. Жүйрігін жауыр аттың айтып келген.
Сәске түсте киіз үй іші салқын. Салқын қымыз қыздырар
қазақ халқын. Сыйлы-сыйлы Кененің жігіттері жиылысқан.
Ордаға ердің бәрі. Хан атасы төрде отыр Өтетілеу, босағада
топталған нөкерлері.
Осындай әурелікпен жаз өтеді. Қараңғы түндері ұзақ күз
жетеді. Ауылдың жігіттері кезек-кезек, қасқырдан қойды түнде
күзетеді. Арқаннан Құбақанды шешіп алдым. Қойшының
желқом ерін оған салдым. Өткен қыс Жайық бойын жағаладым.
Жаппасым сөйлер сөзге кен екенсің. Еліңнен шығып жүрген
ер екенсің. Арамза аңқау елге заңқой болған, Кеншімбай де-
ген молда сен екенсің. «Көпті сөкпе, кенді төкпе» деген қайда?
Байқадым өнеріңді сен екенсің. Атаңыз есітемін қара көзді.
Айтасың маған неге жаман сөзді? Жүсіпбек, Төрекемен асқан
заңға. Жүргенде жол бермейді тірі жанға. Жақсысын сіздің елдің
көріп жүрмін. Тең келер осыларға кісің бар ма? Жаппасым, сен
мақтама Мырқыңызды. Әуелі Мырқы бұзған ырқыңызды. Жап-
пасым, мен де айтайын бас адамды, мақтайсың қай-қайдағы
нас адамды.
Ит жаманы иесін қабар. Қаратаудың басынан көш келеді.
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді. Үш жүзге біздің қазақ
бөлінеді. Осылай шежіреден көрінеді. Бол майды кемшіліксіз
ешбір халық. Бөрінен кейін қалған қазақ анық. Басқа жұрт біз
секілді жалқау емес. Ғылыммен қараңғыны етер жарық. Оқуға
жұрттың бәрі емес құмар. Айырсын оқушылар мағынасын.
Сатады қызды қазақ мал орнына. Ол Кебек мықты болған
жас басынан. Тоқаң да тастамайды өз қасынан. Он бесінде
Кебектің аты шықты. Мың қарға залал қылмас бір сұңқарға.
Әкімдер жаңа өспірім жастан болды. Басына ұрылардың бо-
стан болды. Әуелі қор болғанның бірі билік. Мен көрдім неше
жүйрік даналарды. Орысша жазуларын көрді көзің. Жүректі
ұйықтап жатқан ән оятар. Құдая, құдіретіңе таң қаламын. Жо-
лында бір ғашықтың зарланамын. Ішімді ғашық оты күйдіреді,
238
сыртыма шығаруға арланамын. Ақ ерке алма мойын, қалды
кейін. Қолымнан жібек баулы ұшты тұйғын. «Татбир жоқ
тағдырына» деген мысал. Дүниеде айырылмаған кімнің до-
сты? Қайғанда Жақып ұлы Жүсіп өткен. Жүсіпке Зылиқаны
ғашық еткен.
Ғашыкка қапа көрмек бастан тағы. Ой түспек бір-біріне до-
стан тағы. Мақсатын осылардың етті қасыл. Әуелде тағдыр
құда қосқан тағы. Ғазиза, хат жазамын, жаным сізге. Біраз күн
бара алмадым себеппенен. Өлеңмен білдірейін қалым сізге.
Досыңның екі болмас айтқан серті. Түбінде терезенің «көкек!»
деген: «Қам калма – бастан дәурен өтед» деген. Қарағым, сапар
шектің бөтен елге. «Қош» айту қиын болды кетер жер де. Бұл
жерде қатар жүрген төртеу едік. Төртеуіміз мәжілістің көркемі
едік. Төртеуіміз келуші едік күнде кешке, ақ сұңқар бала ителгі
аршын төске. Қарағым, бөтен елге сапар шектің, досыңды бірге
жүрген зар еңіреттің.
Қуаныштың ақыры болды мұндай. Алдымнан қарсы келдің
ханзада қыз! Әр өнер, еркем, сізден табылады. Құрбыңыз
еске алғанда сағынады. Жамандар ақылынан жаңылады.
Ішім толып барады қайғыменен. Айырылмаспын деуші едім
сүйгенімнен. Басымда тұр бар қайғы дүниедегі, өлеңменен
айтамын күйгенімнен. Ел іші өсек, ғайбат қаптап жүрген.
Жаманның етек-жеңі тар сықылды. Сүйеді жамандарды кейбір
сабаз, бүтінді аудырмайтын нар сықылды. Сипаған сиыр білмес
қызметіңді. Сыйлаған жаман білмес құрметіңді, әрқалай бір
сияпат еткен жаман, болады атқарғандай міндетіңді. Кейбіреу
сөйлейтұғын от басында, ол күні ешбір жан жоқ оған теңдес.
Құр кеуде көтергенмен ұзамайды. Үйдегі түздегімен тура
келмес. Мен, жасымнан атандым Мұса Жаяу. Жақсылық
жамандықпен тұрсын таяу. Шорманның Мұстапасы атымды
алған, Сол себептен атандым Мұса Жаяу. Кенесары, Наурыз-
бай – хан Абылай баласы. Әуелі мекен қонысы – Көкшетаудың
панасы. Жазғы жайлау өрісі – о да соның даласы. Өңшең
бұзық, канішер, қасына ерген қарашы. Ақырында не болды?
Қырғыздан жетті қазасы. Кенесары ер болды. Ел ішінде бір
болды. Асуы қиын бел болды. Қарсы келген адамның, көзінің
жасы көл болды. Алатаудың жырасы қазулы дайын көр болды.
239
Күмісті садақ, алтын оқ Кенекем жауға жолықты. Асаулар
үзер шідерді. Кене хан үзді күдерді. Қабағы ханның түнерді.
Қырғызға көше үдерді. Оңайлықпен Қазаққа, Асуын қырғыз
бермеді. Қарабалта Соққылық аңғарына шаң асты, қырғыз,
қазақ екі жар – жалғыз жолға таласты. Сол уақытта Хан Кене
ақылынан адасты. Ойдан атқан зеңбірек тау басына жетпеді.
Ей, Бұғабай, Бұғабай! Амал тапшы бұған-ай! Былтыр өзің
келгеннен, ханның алдың жарлығын. Тайғақ кешу тар жолда.
Қолдың алдың жабдығын. Бір ізіңнен жүргіздің үш алаштың
барлығын. Қысылғанда әрқашан, білінуші еді нарлығын. Осы
сапар, Бұғабай, қырғыздың көрдім құрығын. Қырғызға лық, то-
лыпты. Басытау мен төбенің. Салатұғын алдыма Бұғабай бас-
шы ер дейді, адыра қалғыр Алатау! Асуы қиын бел дейді. Кене
хан сонда сөйлейді. Кетпесін жауға ар дейді. Қолдағы өңшең
батырдың. Іріктеп бәрін ал дейді. Екі-үш жүздей батырмен, ой-
ранды барып сал дейді. Қиын жерде қандарға, болады көмек
қарашы. Қысылған жер де әркімнің, болады Алла панасы. Аз
кісіге жақсы ғой, Алатаудың арасы. «Мақұл» деді Хан Кене
Наурызбайдың сөзіне. Сол уақытта Науанның, жан көрінбес
көзіне. Отыз жігіт жөнелді, тамам қолдың бектері. Наурызбай
кетті бектермен, тау басына барғалы. Тау басына қырғыздын
қамалын бұзып алғалы. Кенесары бастығы, етекте тұрып
қалғалы. Талап қылып ұрынды, тыңнаң бір жол салғалы. Қол
көрінбес шаң болды. Алатаудың арасы. Қара ағаштай көп қазақ,
ханға болдың қарашы. Ойда Қоқан, қырда орыс, әкім болды
қаласы. Кімнен таяқ жегендей, біздің қазақ баласы, алдырып
жүрген дұшпанға, өз аузының аласы. Дін мұсылман баласы!
Бірге міндік кемеге, үш алаштың ба ласы. Байұзақ датқа түсінді.
Бұл жауаптың тегіне. Ханның көңілі соғып тұр. Тыңнан бір жол
салуға. Қалай да енді бет қойды. Тау басына баруға. Ұят шығар
төреден, бөлініп кейін қалуға. Осыны айтып Байұзақ, қамшы
болды нөкерге. Талап қылды Байұзақ, бір басшылық етерге.
Түсе қалдық бәріміз. Жабыр-жұбыр қол қойдық. Жасымыз бен
кәріміз. Тау басынан шу шықты. Отыз көкжал бөрімен, Нау-
рызбай төре ол шықты. Болжал-болжал көрінер: Жау жоғары,
біз төмен. Жеткен екен қамалға Наурызбай сынды сұр перен.
Қарқарадай астында Байұзақ берген Көқдөнен. Күншығыс
240
жаудың шетінен, Қамалға кірді көлденең. Ор қояндай бұлтиған,
Көкдөнен ат астында, Көрұғлыға бергісіз отыз көкжал қасында
Наурызбайдың ерлігін, Қырғыз, қазақ сөкпеді. Төренің алдын
орады. Жаяу мерген төккелі. Алып шықты үш жүзден, айғыр
менен биесін. Бөліп берді бәріне сыбағалы тиесін. Абылай
аспас асуға Кенекем дүкен құрғаны, Кенекем келді біз үшін,
үш алаштың қорғаны. Аянбай бүгін іс көрсет, Таманың ба тыр
Құрманы. Денедегі шыбын жан ар намыстың құрбаны. Жар
бола гөр, біздерге. Атамыз өткен Абылай! Сендер едің қанатым.
Меңдібай, Дулат, Ағыбай! Дабылың асқан үш жігіт. – Шәкір,
Жәуке, Төлебай. Ұмтылыңдар, ерлерім! Екі жүз үйдің мекені
– Ақсудың аяқ саласы. Сегіз мыңдай бар еді. Соңғы қолдың
шамасы. Он екі мың әскердің көбі Дулат халқы еді. «Егескенді
мұқатпақ – Кене ханның салты еді. Мерген тұтқан ұлығы.
Мәделі деген сарт еді. Ақауыз деген арғымақ. Мәделі берген ат
еді. Қара қыстау шүңгірге. Ығысқан қырғыз қамалды. Қазақтың
қолы сыймайды Алатаудың бауырына. Дулатты хан айдады.
Өшіккен қырғыз жауына. Түсіп жатыр ен қырғыз Кене ханның
ауына. Он мың кісі ат қойды Кекіліктің тауына. Бұл сапарда жар
болды, Хан Абылай бабасы. Қырғызға лық толыпты, Алатаудың
арасы. Ей, Наурызбай, ер төрем, Қарайып, жүрмін қаныма. Не
жазығым бар еді, Кенесары ханыңа. Алмаған ары қалды ма,
Қырғызда оның тағы да. Абылайдың тұсында қылған ісің жөн
келген. Қыстай шаптың елімді. Малымды салдың телімге. Ба-
лалы арқар баурайда, баласыз арқар маңырайды. Мейрімсіз
мұнша не қылдың: Көп мұсылман зарлайды. Не себептен Қан
кене қырғызға мұнша өшікті. Ақ қалпақты қырғыздан Қазаққа
берді несіпті. Жақсы айтасың, Кәрібоз, тату едік сенімен.
Сен білмейсің, Кәрібоз, мойныңдағы жараңды. Тіпті де үміт
қылмаймын, сендегі қатын баладан! Жолығыпты аңсызда, Ер-
жан батыр аранға. Енді мұнда тақсыр Хан, тұрмағымыз арам-
ды. Қолға толды Самсамен, Қызылсудың кемері. Шығар мезгіл
таянды, ат пен ердің өнері.
Бедер кірді майданға, Қырғыздың бір баласы. Батырлардың
майданда, қызбас болды ойыны. Қайғыға толды бұ сапар,
қазақтардың қойыны. Сегіз кісі жөнелді, Наурызбайдың
соңынан. Шабалмайды қазақы ат, тас пен таудың тоңынан. Бе-
241
дер менен Наурызбай, жақындасып барысты. Астарына мінген
ат, ауыздықпен қарысты. Ат үстінде алысты, найзаменен «са-
лысты». Бір-біріне жабысты, керегедей қабысты. Бедер барып
жығылды. Күрең қасқа аттың сауырынан. А, құдайлап шулады,
үш алаштың баласы. Шанышқан екен Наурызбай, Ер Бедерді
жүректен. Науан бұ жол ағытты, ерлігінің тиегін. Кене хан
қақты иегін, Бұқарбай батыр әкелді, ер Бедердің сүйегін. Олжа
Болат баласы Ораз кірді майданға. Ер Бедердің артынан. Баяғы
сөзден Ағыбай Қарайған екен қанына. Әзір оңға қарап тұр
Наурызбайдың жұмысы. Әзір аса біткен жоқ хан Кененің тыны-
сы. Қара ала атты бір қырғыз, Жанқараш бектің інісі, Жекелеп
кірді майданға. Батыр екен мұнысы. Наурызбай қарсы шабады.
Жеке шыққан батырға хан иек қақты нөкерге. Алдында әскер
жоқ болды. Зеңбіректің аузына Селдірсирек дөп келді. Сегіз
кісі ұшырды. Селдірсирек шетінен. Бір атты атып ұшырды
Қолдың арғы бетінен, Көңілі бітті Науанның Тұз татырған
еріне. Науан тағы жөнелді Таудың төскей өріне. Жөңкіліп
жүрген қырғыздың Наурызбай үстін қаптады. Жалғыз барған
төрені бәрі тегіс атқаны. Лап қоя шапты қырғыздар, Мергеннің
атын бергелі. Аллалап жүрген қырғыздың желі туды оңынан.
Ай мүйізді қошқардың бөрі тартты қоңынан. Мұрттай үшты
Ақауыз бір мылтықтың оғынан. Наурызбайға лап қойды, Қалың
қырғыз шоғынан. Қызылсу мен Дауанның аңғарынан шаң асты.
Төреден қазақ адасты. Қырғыз, қазақ екі жақ Наурызбайға та-
ласты. Қияда жүрген Бұқарбай атына қамшы бір басты. Бұл
екеуін қорғауға Ағыбай сыртын айналды. Бұқарбай мен На-
урызбай мінгесулі бір атқа, Бұлардың қолы байланды. Жалғыз
өзі Ағыбай, қорғауға әлі келмеді. Қолындағы жарағын онды-
солды сермеді. Атасы даңқты – Абылай Бұқарбай мен Науанға.
Өшікті қырғыз жабылды-ай. Кертайлақ атты жеткізді. Жәуке
менен Төлебай. Шұбыртпалы Ағыбай. Талайды шанышты
жүректен. Ала бір таудың жылғасы, Бауырында ойнар құлжасы.
Тар жерде жолдас болады. Ерлердің найза құрдасы.
Белсеніп жауға шабады. Жігіттің жанға мырзасы.
Сүйегімнен бұл таңба өле-өлгенше қалмайды. Мен айтайын
бір мысал. Төрелер мен қазаққа жақындады бір қысаң. Ержан
түсті қырғызға, О да болды бір нысан. Ендігі жерде сөйлейін.
242
Болған істі бастағы. Жұрттан бұрын Нысанбай. Жоқ сұмдықты
бастады. Қобызы қалды қосшыда, Түзеді бетті қашқалы, Өз ба-
сын ғана құтқармақ, Ойламады басқаны. Бұл сапары қазақтың.
Болмады қабыл тобасы. Рүстем мен Жуатай – Төренің нағыз ба-
ласы, Үндес болды қырғызбен. Он екі мың дулатты, қашырды
түнде расы. Қазақтың көбі қырылды. Мойнына болсын жаза-
сы. Сол барғаннан төрелер. Елге қайтып келмеген. Топшысы-
нан үзілді Екі бірдей қанатым!
Пайда үшін біреу жақын бүгін таңда. Ендігі жұрттың сөзі
– ұрлық-қарлық. Саналы жан көрмедім, сөзді ұғарлық. Осы
күнде осы елде дәнеме жоқ. Байлар да мал қызығын біле ал-
май жүр. Саудагер тыныштық сауда қыла алмай жүр. Естілер
де ісіне қуанбай жүр. Қарындас қара жерге тыға алмай жүр.
Бір күшті көп тентекті жыға алмай жүр. Жетіліп жаз жайлауға
қона алмай жүр. Күз күзеуде жанжалсыз бола алмай жүр. Қыс
қыстауың қып-қызыл о бір пәле. Жасы кіші үлкеннен ұялмай
жүр. Сұрамсақтар нәпсісін тыя ал май жүр. Осындай сидаң
жігіт елде мол-ақ. Бәрі де шаруаға келеді олақ. Олардың ой-
ында жоқ малын бақпақ. Бір дәурен кемді күнге боз балалық.
Жастықта бір күлгенің бір қаралық. Күлкі баққан бір көрер
бишаралық. Ат арықтар, тон тозар, қадір кетер, уайым – ер
қорғаны, есі барлық. Қыйысы бүл дүниенің қолы тарлық, е-е-
ге елірме, боз балалар! Бұл бес күндік бір майдан ер сынарлық.
Алдында уайым көп шошынарлық. Ақыл керек, ес керек, мінез
керек. Ері ұялар іс қылмас қатын зерек. Өзін-өзі күндейді.
Мәз болады болысың. Арқаға ұлық қаққанға. Өзгелерді біз
емес түсірмекші қақпанға. Білімдіден шыққан сөз, талаптыға
болсын кез. Нұрын, сырын көруге. Көкірегінде болсын көз.
Жүрегі айна, көңілі ояу, Сөз тындамас ол баяу. Өз өнері түр
таяу. Ұқпасына сөзді тез. Әбілет басқан елер ме, сөзге жуық ке-
лер ме? Байлаулы емес ақыл-ой. Бай сейілді, бір пейілді. Елде
жақсы қалмады. Жөнді-жөнсіз сөз теңеусіз. Бас пен аяқ бір
қисап. Кетті бірлік, сөнді ерлік. Енді кімге беттемек. Өтті өмір,
қайтты көңілім, Бұл дүниенің ісіне. Түсті мойын, толды қойын,
ақты сел. Мен паң едім, Бейғам едім, Ешнәрседен қайғысыз.
Тез дерттендім, Кейде өртендім, Кейде мұз. Заман ақыр жа-
стары [бар]. Қосылмас ешбір бастары (бар). Саудасы ар мен
243
иманы. Қайрат жоқ бойын тыйғалы. Күлмеңдеп келер көздері.
Қалжыңбас келер өздері. Қайғы шығар ілімнен. Ыза шығар
білімнен, зар шығады тілімнен. Ақыл бітпес дәулетке. Дәулет
бітпес келбетке. Бас алқа сөз сенде жоқ. Ел қағынды. Мал са-
былды, Ұрлық-өтірік гу де гу, Байы баспақ, биі саспақ. Әулекі
аспақ, сыпыра қу. Бұрынғы түсті еске. Көрінбе ел көзіне, әсте
қорқақ. Жанды жан демейтұғын жан шығып бақ. Анда-санда
құтырған жа ман емес. Жұрт бала: еш нәрсесін тартып алма.
Тар жерде жайпалудан танба әр кез. Кеудесі толған қулық ой.
Бәрі де пысық езбе емес. Құмары оның айт пен той. Талай
сөз бұдан бұрын көп айтқамын. Қазақтың өзге жұрттан сөзі
ұзын. Бірінің бірі шапшаң ұқпас сөзін. Көздің жасы жүректің
қаныменен ерітуге бол майды ішкі мұзын. Тәуекелсіз, талапсыз
мал табылмас. Еңбек қылмас, еріншек адам болмас. Мал ке-
тер, мазаң кетер, ар бұйырмас. Асаған, ұрттағанға ез жұбанар.
Сенімді дәулет емес ол қуанар. Кезеген ит тым-ақ көп біздің
тұста, Малға достың мұңы жоқ малдан басқа. Аларында шара
жоқ алдамасқа. Өзі шошқа өзгені ит деп ойлар. Мақтамапты
ешкімді бұл күнде көп. Туғызған ата-ана жоқ. Туғызарлық бала
жоқ. Толықсып жүрер шама жоқ. Жастарға жаппас жала жоқ,
қартаң шалда сана жоқ. Бір сұлу қыз – келіншек, жүр соңында.
Деген сөз: «бұқа буға, тентек «дуға». Хан қарық боп түсіп жүр
айқай-шуға. Жар тастан қыз құлапты терең суға. Сән, салтанат
жұбантпас жас жүректі. Епке көнер ет жүрек сату емес. Есер-
лер жас қатынды тұтады екен. Мал өмірді жаңғыртпас, Құдай
ұрғыр. Құрбыдай қош тұттым жасың мен кәріңді. Ортаға көп
салдым өзімде барымды... «Ұяламын» дегені көңіл үшін. Ұсақ
қулық бір ғана өмір үшін. Жалығу бар, шалқу бар, іш пысу
бар. Жаңа сүйгіш адамзат «көрсе қызар». Өзің үлкен, қылығың
бала-шаға. Балаша мәз боп жүрсің тамашаға. Өлең – сөздің
патшасы, сөз сарасы. Қиыннан қиыстырар ер данасы. Айтушы
мен тыңдаушы – көбі надан. Бұл жұрттың сөз танымас бір па-
расы. Қазаққа өлең деген бір қадірсіз Былжырақ көрінеді ескі
ақынша мал үшін тұрман зарлап. Туғанда дүние есігін ашады
өлең. Өлеңмен жер қойнына кірер денең. Өмірдегі қызығың
бәрі өлеңмен. Өлең деген әр сөздің ұнасымы. Қарны тоқ хас
надан ұқпас сөзді. Көп тойда сөз ұғарлық кісі де аз-ақ. Мен
244
жазбаймын өлеңді ермек үшін, Көкірегі сезімді, тілі орамды.
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін. Сөз айттым Әзірет-Әлі
айдағарсыз. Мұнда жоқ алтын иек сары ала қыз. Батырдан ба-
рымташы туар даңғой. Көңіл құсы құйқылжыр шар тарапқа.
Салған ән – көлеңкесі сол көңілдің. Ұйықтап жатқан жүректі
ән оятар. Оның тәтті оралған мәні оятар. Баламды медресе-
ге біл деп бердім. Түбінде тыныш жүргенде теріс көрмедім.
Келдік талай жерге енді. Кіруге қалдық көрге енді. Күңгірт
көңілім сырласар. Сұрғылт тартқан бейуаққа. Жасымда албырт
өстім ойдан жырақ. Ой кіргелі тимеді ерік өзіме. Ішім толған
у мен өрт, сыртым дүрдей. Өлең шіркін өсекші жұртқа жаяр.
Жүрегім менің қырық жамау. Қайғысыздың бәрі асау. Алды-
мызда айла жоқ. Дүниені, көңілім, кезесің. Құлпырған жасыл
жер жүзі. Айттым сәлем, қаламқас. Саған құрбан мал мен бас.
Сенен артық жан тумас. Бір өзіңнен басқаға ынтықтығым ай-
тылмас. Асыл адам айнымас. Сізде сымбат (бар), бізде ықылас
(бар).
245
ЕКІНШІ БӨЛІМ
СӨЙЛЕМ ТҮРЛЕРІ
Достарыңызбен бөлісу: |