Қазақ тілі пәні 3-сынып Тақырып: Қаратпа сөздер (20-сабақ)
Бүгінгі оқу мақсатымыз: сөйлемнен қаратпа сөзді табамыз, тыныс белгісін дұрыс қоямыз. Мәтін туралы білімімізді толықтыра түсеміз.
Бағалау критерийі:
Сөйлемнен қаратпа сөздерді табады және олардың тыныс белгісін дұрыс қояды. Мәтіннен негізгі ойды анықтап, сұрақтарға жауап береді.
«Кел, көрейік» Сіздерді «Жақсылықты өзіңнен баста!» атты бейнетаспаны көруге шақырамын. https://bilimland.kz/kk/subject/kazah-tili/3-synyp/zhaqsylyqty-ozingnen-basta-1?mid=ec92:82a89998:new «Дұрыс, дұрыс емес» ойыны Сөз тіркестерін мұқият оқып шығыңыз. Жақсы және жаман әдеттерді ажыратыңыз, «дұрыс», «дұрыс емес» деп жауап беріп отырыңыз.
Cыпайы болу.
Айналаға қоқыс тастау.
Ата-анаңды сыйламау.
Ешкімді ренжітпеу.
Жалқау болу.
Әрқашан жақсылық жасау.
(Оқулық 43-44 бет, «Атамұра» баспасы, 2018ж.)
Балақай – Бүлдірген тереміз, балақай. – Алақай! – Ат жарыс көреміз, балақай. – Алақай! – Айға ұшып барамыз, балақай. – Алақай! – Кел, ағаш жарамыз, балақай. – Әй, ата-ай!.. Қадыр Мырза Әли • Өлең мазмұнына сәйкес келетін қаратпа сөзі бар сөйлем сызбасын табыңыз. Тапсырма -Балалар, мына сөйлемдердi қаратпа сөзбен толықтырып жазыңыз, мұғалімге жіберіңіз. 1. … , мені көшеден өткізіп жіберші. 2. Бөлме гүлдерін суғаруды ұмытпа, … . 3. Иә, … , ініңе көмектесіп жүрсің бе? Тапсырма
7-жаттығу (ауызша) (Оқулық 43-44 бет, «Атамұра» баспасы, 2018ж.)
Мәтінді түсініп оқы.
Кәкеннің демалысы кезінде әкесі: – Ертең жолға шығамыз, балам, тағы да тауға шығып кетпе, – деді. – Қайда барамыз, көке? – деді Кәкен. – Ауылға барамыз, бабаңа сәлем беріп, батасын алып қайтамыз. – Баба деген кім ол, көке? – Бабаң – әкеңнің атасы, атаңның әкесі. Әдібай Табылды • Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз. Соған байланысты өз ойыңызды білдіріңіз.
Мәтіннен маңызды ойды білдіретін сөйлемді табыңыз.
Жеке тапсырма
-Балалар, оқулықтағы 8-жаттығуды өздігіңізден орындап, мұғалімге жібересіз.
Сұхбатты оқып, одан әрі жалғастыр. – Ата, ең қымбат нәрсе не? – Туған жеріңнен қымбат еш нәрсе жоқ. – Неге? – ... • Сұхбаттағы екінші сөйлемді қаратпа сөзі бар сөйлемге айналдырып жазыңыз.
Сабағымызды қорытындылайық: Өзіңізді өзіңіз бағалаңыз. Әр сөйлем бойынша өзіңізге , белгілері арқылы баға беріңіз: * Сөйлемнен қаратпа сөзді таба білемін; * Қаратпа сөздің тыныс белгісін дұрыс қоямын; * Мәтінде негізгі ойды анықтай аламын; * Сұрақтарға жауап бердім.