Сборник материалов международной научно-практической конференции



Pdf көрінісі
бет9/16
Дата28.12.2016
өлшемі1,76 Mb.
#659
түріСборник
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
облысының  Гурьев,  Лбищенск  және  Орал  уездерін,  Торғай  облысынан 
Қостанай  уезін,  Ақмола  облысының  Петропавл,  Омбы,  Кӛкшетау  уездерін 
мҥлдем шығарып тастауды ҧсынды. 
Осындай  қарсылықтарға  қарамастан  1920  жылы  кӛктемде  Семей  мен 
Ақмола  губревкомы  Сібір  ревкомының  қарамағында  болғандықтан.  «Қазақ 
ӛлкесін  басқару  жӛніндегі  революциялық  комитет  туралы  уақытша  ережеге» 
сәйкес осы екі ревкомды біріктіру мәселесін қолға алды [1]. 
Ермеков  1920  жылы  Семей  облысының  губерниялық  комитеті  уәкілі  болып 
сайланып,  Сәуірде  Қырәскериревкомның  атынан  Омбы  қаласына  жолсапарға 
аттанады.  Сібревком  алдында  «Семей  губерниясындағы  жалпы  жағдай  және 
Қырғыздар» жайлы баяндама оқып, Мамыр айының басында ол Орынбор қаласына 
жетеді. Ол кезде Орынбор «Қырәскериревкомының» уақытша орталығы еді.  
4  маусым  1920  жылы  Мәскеу  Қырғыз  әскери  комитеті  мен  Орынбор 
губерниялық  атқару  комитетінің  келісімімен  Орынбор  губерниясын  Қазақстанға 
қосу туралы шешім қабылдады. Бҧл шешім Орынбор қаласындағы жҧмысшылар 
мен тәжірибелі кеңес мамандарын болашақ республиканың қызметіне араластыру 
еді.  Тағы  бір  себеп,  Орынбордан  ӛтетін  темір  жолдың  Қазақстанды  Орал, 
Поволжье  және  Орталық  Ресеймен  экономикалық  жағынан  байланыстыруға 
қолайлылығы.  1920  жылы  7  шілдеде  Орынбор  мен  Торғай  губерниялары 
біріктіріліп Қазақстанның қҧрамындағы бір губерния болып бекітілді [2]. 
Орынборда  Ермеков  Семей  мен  Ақмоланың  Қырәскериревкомы  қҧрамына 
қайтарылуы  жӛнінде  баяндама  жасайды.  1960  жылдардағы  оның  естелігінде: 
 «–  Бҧл  Қазақ  автономиясының  жасалмаған  кезі.  Баяндамамда  мен  азамат 
соғысының  аяқталуына  байланысты  Семей  мен  Ақмола  облыстарын  енді 

120 
 
Қырәскериревкомның  қарамағына  қайтару  керектігін  атап  ӛттім.  Және  осы 
мәселені талқылау кезінде болашақ автономиялық республика қҧру және оның 
шекарасын белгілеуге байланысты мәселелер кӛтерілді» [3] – дейді. Семей мен 
Ақмоланың Қырәскериревкомға енуі жӛнінде ҥлкен жауапты жҧмысты жҥзеге 
асыру  ҥшін,  Қырәскериревкомның  1920  жылғы  18  мамырдағы  қаулысы 
бойынша жаңадан қҧрылмақшы «Қазақ АКСР-інің жалпы жағдайы және оның 
шекара  мәселесі»  –  жӛнінде  баяндама  жасау  ҥшін  2043  нӛмірлі  мандатпен 
Мәскеуге аттанады 
Патша  ӛкіметі  тҧсында  қазақтың  ӛзен-кӛлдің  жағасындағы,  жайқалған 
орман  –  тоғайлар  мен  қҧнарлы,  қаратопырақты  жерлері  сонау  XVІІІ-XІX 
ғасырлардың ӛзінде-ақ заңдылыққа қайшы бола тҧрса да, тҧрғылықты халықтан 
тартып алынып. Ертіс, Жайық сияқты ӛзендердің бойындағы он шақырымдық 
алап, кейін 70 шақырымға дейін созылып, бҧл жерлерге қазақ қыстау салмасын, 
егін екпесін деген жарлықтарымен олардың кӛшіп – қонуына тыйым салынған 
болатын  [4].  Столыпин  реформасы  жылдарында  бҧл  істер  жаңа  қарқынмен 
жҥргізілгені белгілі.  
Большевиктер  де  осы  саясатты  жалғастыра  тҥсті.  Тҥркістан  кеңес 
республикасына (1918) Орта  Азияның басқа ӛңірлерімен бірге Қазақстанның екі 
оңтҥстік  облыстары  Жетісу,  Сырдария облыстары  кірді.  Басқа  жерлер  әкімшілік 
жағынан бытыраңқы болып, РКФСР-дің әртҥрлі губерниялық кеңестеріне ауысты, 
Солтҥстік  –  шығыстағы  Ақмола,  Семей  облыстары  орталығы  Омбыда  болған 
Батыс  Сібір  ӛлкесіне  бағынды.  Торғай  облысы  Орынбор  губерниялық  кеңесінің 
қҧзырына енді. Бӛкей облысы Астрахан губерниясының қол астына кӛшті. 
Ермеков  Омбы,  Орынбор  кейін  Мәскеуде  жасаған  баяндамаларында  ең 
алдымен,  шекара  белгілеуде  ҥлкен  маңызға  ие  болып  отырған  Қазақстандағы 
жер мәселесінің тығырыққа тіреліп тҧрғандығына басты назар аударады. Кеңес 
ҥкіметінің  қҧрылуы  барысында  және  Лениннің  кӛзі  тірісінде  бҧл  мәселе  біраз 
шешімін тапқан да еді. Әрине, бҧл жерде ҧлттық республикалар шекараларын 
большевиктер кӛп ойланбай, бас  қатырмай-ақ  ӛз  беттерімен жасауға  тырысып 
та  жатты.  Соның  нәтижесінде  тҧтас,  тығыз  орналасқан  этникалық  ӛңірлердің 
дәстҥрлі  байланыстары  ҥзіле  бастады.  Мысалы,  Қырғызстанның  оңтҥстігі, 
Тәжікстанның Ленинабад облысында ӛзбектер кӛп қоныстанған болып шықты. 
Керісінше,  ӛзбектің  Бҧқара  мен  Самарқанд  қалаларының  негізін  тәжіктер 
қҧрады (бҧлардың кӛпшілігі кейін ӛзбек деп жазылғаны белгілі Ӛ.Қ.) [5].  
Ермеков 1920 жылы кӛктемде Орынборда жасаған баяндамасында сол баяғы 
Ертіс,  Жайық  ӛзендері  бойындағы  он  шақырымдық  алқаптарды  оны  атам 
заманнан бері иеленіп келе жатқан қазақтарға қайтару жӛнінде ҧсыныс жасады. 
Жоғардағы қазақ жері мәселелерімен таныстырып болашақта қазақтарды жерге 
орналастару жайында ӛз тҥсініктерін ортаға салды. 
Қазақты  жерге  орналастырғанда,  әрине,  қазақ  жеріндегі  аудандардың 
табиғат  жағдайы  мен  шаруашылық  тҥрлері  және  басқа  да  кӛршілермен 
қатынастары ескерілу керектігіне тоқталды. Қазақ жалпы жерге орналасқанша, 
орталық  аймақтардан  кӛшіп  –  қонуды  тоқтата  тҧру  туралы  маңызды  ҧсыныс 

121 
 
жасады.  Кейін  осы  ҧсынысын  ол  Мәскеуде  Бҥкілресейлік  Орталық  АК  және 
Совноркомның  Қазақстанға  байланысты  Ленин  басшылығымен  ӛткен 
мәжілістерде де ортаға салды [6]. 
Мәскеуде  Қырревкомның  ӛзге  мҥшелерімен  араласа  жҥріп,  Ермеков  ӛзін 
іскер,  алғыр,  жан-жақты  білімді,  мәдениетті  қайраткер  ретінде  кӛрсетеді.  Ол 
Қырревком  мҥшесі,  әрі  коллегия  тӛрағасы  болып  сайланды.  Осы,  Мәскеудегі 
жҧмыс  сапарында  онымен  бірге  Алашорданың  басқа  да  ӛкілдері  Халел  және 
Жанша Досмҧхамбетов, Ахмет Байтҧрсынов болған. 
1920  жылғы  9-10  тамызда  Бҥкілресейлік  Орталық  Атқару  Комитетінің 
Тӛралқасы жанында барлық мҥдделі мекемелер мен ведомстволардың мәслихаты 
болып,  онда  Қазақ  ӛлкесін  басқаруға  байланысты,  оның  Ресей  Федерациясымен 
шекарасы және ӛзара қатынастары туралы мәселелер талқыланды. Қырревкомнан 
С.  Пестковский,  Ә.  Жангелдин,  А.  Кулаков,  А.  Мырзағалиев,  Ә.  Әлібеков,  
П. Петровский; Қазақстанның облыс орталықтарынан – С.П. Милютин, Д. Темір-
әлиев, Ә.  Ермеков,  Оразаев,  РКФСР  Ҧлт істері ХК-ның тӛрағасының кӛмекшісі, 
Тҥркомиссияның  Орталық  Комитетінің  мҥшелері  Г.И.  Сафаров,  Т.  Рысқҧлов, 
БОАК  мен  РКФСР  ХКК  тӛрағалары,  Жер  Халық  Комиссариатынан,  Сібревком, 
Омбы,  Астрахань,  Челябинск  облыстық  атқару  комитетінің  басшылары  және 
басқа  да  жауапты  адамдар  қатысты.  Екі  кҥнге  созылған  бҧл  мәжілісте  болашақ 
Қазақ  автономиясының  территориясы  мәселесі  тӛңірегінде  тиянақты  шешім 
қабылданбай  бҧл  жҧмыс  12-14  тамыздағы  мәжілістерде  жалғасын  тапты.  14-
тамызда  болашақ  Қазақ  Автономиялық  Республикасын  қҧру  және  оның 
шекарасын белгілеуге байланысты мәселені 17-тамызда Лениннің тӛрағалығымен 
ӛтетін БОАК мен ХКК-нің біріккен отырысында талқыға салу кӛзделді. 
Осыған  байланысты  Ермеков  Қазақ  ӛлкесінің  жағдайы  мен  оның  шекарасын 
белгілеу мәселелері бойынша баяндамасын дайындалады. Мәжіліс 1920 жылдың 
17  тамызында  ӛтті.  Тӛрағасы  Ленин  болған  ХКК-нің  осы  отырысында  Қырғыз 
(Қазақ) Автономиялық Кеңестік Республикасын қҧру туралы жоба жасалды [7]. 
Бҧрын  Ленинмен  телефон  арқылы  сӛйлесіп  (1918  ж.  наурыз)  таныс болған 
Ермеков енді оның алдында баяндама жасау мҥмкіндігіне ие болады. Ермеков 
бҥкіл ӛміріне ӛшпес із қалдырған бҧл оқиға жайында ӛз қолымен естелік жазып 
қалдырған.  Бҧл  қолжазба  бҥгінде  марқҧм  болған  аяулы  ҧлы  Мағауия 
Ермековтің,  журналист-жазушы  Нӛгербек  Мағзҧмҧлының  жеке  мҧрағат-
тарында  сақтаулы.  Ермеков  сол  жолғы  баяндамасында  Қазақ  ӛлкесінің  жалпы 
жағдайына тоқталады. «... –Каспий теңізі теріскей жағасындағы ҧзындығы 70-
80 шақырымға, Нарын қҧмына дейін созылған, шаруашылыққа тиімді шығанақ-
бҧғазды  орыс  помещиктеріне,  алпауыттарына  әперілген,  басқаша  айтқанда. 
Столыпиннің  мемлекеттік  думада  «Қазақ  жерін  игеру»  деуінен  кейін 
«Милионный  фонд»  –  деп  аталған  ӛңірді  және  Ертістің  қазақ  жерінде  ағатын 
ӛне  бойының  екі  жағын,  он  шақырымнан  қатарластыра  кесіп  алып,  сібірлік 
казак-орыстарға тартып әперген жерлерді болашақ Қазақ республикасына қосу 
керектігін мен айттым... », [8] – дейді естелігінде. 
Ол  Солтҥстік,  Орталық  уездерді  жайлаған  әр  тҥрлі  ҧлттардың  арасында 

122 
 
алауыздық,  шиеленіс  туғызбау  ҥшін,  жергілікті  ҧлт  ӛкілдерін  дҧрыстап  жерге 
орналастырғанша Ресейден жаңа қоныстанушыларды кӛшіруді тоқтата тҧрудың 
қажеттілігіне тоқтап, осы тҧрғыда арнаулы қаулы қабылдауды ҧсынады. 
Сонымен  бірге,  Каспий-Атырау  жағасындағы  Астрахань  жақ  алаптағы 
бҧғаз-шығанаққа  тоқталып,  бҧл  аймақты  болашақ  Қазақ  автономиясына  қосу 
мәселесін  кӛтергенде  бҧл  ҧсынысқа  партияның  кӛрнекті  қайраткерлері  
Ш.З.  Элиава,  Н.П.  Брюханов,  Н.Н.  Крестинский,  Астрахань  губаткомының 
тӛрағасы  ашық  қарсы  шығады.  Бҧл  жерлердің  қалай  да  Ресей  қҧрамында 
қалуын  кӛздеген  олар:  «...  қазір  Ресейде  аштық  әлі  ӛршіп  тҧр.  Атыраудың 
балығы  астанамызға  –  Мәскеуге,  Петроградқа  қажетті  азық-тҥлік.  Сондықтан 
бҧл алқапты РКФСР-де қалдыру керек» – деп негіздеген. Бҧл пікірге Ермеков 
«... аймақта тҧратын халықтың кӛпшілігін қазақтар қҧрайды. Бҧлардың негізгі 
кәсіптерінің  бірі  балық  аулау.  Табыс  табу  ҥшін  бҧрын  жалданатын,  егер  бҧл 
жағалау  енді  ӛз  иеліктеріне  кӛшсе,  орталыққа  беретін  ӛнімді  екі,  ҥш  есе 
арттырады», – деп тҧжырымдайды. 
Шынында,  Қазақ  автономиясы  қҧрылып,  оның  шекарасы  белгіленетін 
болғанда  партия,  шаруашылық  басшылығында  жетекшілік  қызметте  жҥрген 
кейбір ҥлкен қайраткерлердің сӛздері ақиқаттан аттап, қазақтың ӛз жерін ӛзіне 
қимай,  іштарлық  жасап  жорта  бҧра  тартатын  сәттері  тарихта  аз  кездеспейді. 
Солардың  бірі,  Лениннің  ӛзі  жҥргізген  БОАК  жанындағы  арнаулы  ӛкімет 
комиссиясының  Қазақ  республикасының  шекарасын  белгілеген  мәжілісінде 
баяндама жасаған Ә.Ермеков қатысқан отырыста болған жай. Соңынан, патша 
заманында Астрахань губерниясының иелігіне кӛшкен Нарын қҧмы жағалауын 
Қазақстанға қайтарып беру жӛніндегі талас қызған кезде Лениннің, «қай халық 
кӛп  болса,  соған  берілсін»  –  деген  принциппен  шешуін,  оның  «кӛсемдігімен» 
теңестіреді.  Ал,  шын  мәнінде  бҧл  ҧлт  зиялыларының  қажымас  еңбектерінің 
нәтижесінде жеткен жеңістер еді.  
Сӛйтіп, Лениннің тӛрағалық етіумен болған БОАК жанындағы арнаулы ҥкімет 
комиссиясының  Қырғыз  (Қазақ)  Республикасының  шекарасын  белгілеген 
мәжілісте Ә. Ермеков баяндама жасап, Қазақстандағы шекараны анықтауда ҥлкен 
маңызы бар кҥрделі де, шиеленіскен жер мәселесіне тоқталады. Каспий теңізінің 
солтҥстік  Нарын  қҧмы  жағалауын  Астрахань  губерниясынан  қайтарып, 
Қазақстанның  шекарасын  анықтауда  ӛз  ҧсыныстарын  жасайды.  Бҥгіндер 
Республикамыздың  батысында  орналасқан  Атырау  облысының,  Теңіз 
ауданындағы  Ганюшкино,  Забурение,  Жанбай  сияқты  елді  мекендері  халыққа 
жайлы қоныс болып, ал Каспидің табиғи байлығы кҥн кӛрістің қайнар бҧлағына 
айналды.  Бҧл  Ә.  Ермеков  сияқты  қазақ  зиялыларының  Қазақстанның 
территориялық тҧтастығын реттеудегі қызметтерінің бір кӛрінісі ғана. 
Революцияның  алғашқы  алапатынан  кӛп  адамдар  әлі  кеңестік  жаңа 
мемлекеттің тҧтқа-кіндігін, тізгін-шылбырын қалай ҧстауды жете біле қоймаған 
кезде  осындай  тарихи  істің  басы-қасында  Ә.  Бӛкейханов,  А.  Байтҧрсынов,  
Т.  Рысқҧлов,  Ә.Ермеков  сияқты  қайраткерлердің  болуы,  нелер  бір  қиын, 
шиеленіскен,  әсіресе  талай  заман  Ресейдің  отары  болып  келген  қазақ  елінің 

123 
 
тағдырының  дҧрыс,  әділ  шешілуіне  ӛз  ҥлестерін  қосуы  тарихта  бҥгінде  ӛз 
атымен аталып, ӛшпейтін оқиға ретінде бағалануы қажет. 
1920 жылы 26 тамызда РКФСР Бҥкілресейлік Орталық атқару Комитеті мен 
Халық  комиссарлары  кеңесі  Калинин  мен  Ленин  қол  қойған,  РКФСР 
қҧрамында,  астанасы  Орынбор  қаласында  болатын  «Қырғыз  (Қазақ) 
Автономиялық  Кеңестік  Социалистік  республикасын  қҧру  туралы»  декреті 
жарық  кӛрді.  Осы  жерде  тоқтала  кететін  бір  мәселе  –  ол  осы  декреттің  11-
бабында Семей мен Ақмола губерниялары «Қырғыз Республикасының Орталық 
органдары  тҥпкілікті  ҧйымдастырылғанға  дейін  Сібір ревкомының  қҧрамында 
қалады», – деп кӛрсетілген. Сол кезеңде қуаңшылық Ресейдің 28 губерниясын 
қамтығанда, егін бітік шыққан Ақмола мен Семей губерниясын алып қалудың 
да  ӛзіндік  бір  сыры  осы  еді  және  екі  губерния  1920  жылғы  санақ  бойынша 
2.070.676  халқы  бар,  921.000  шаршы  метр  жерді  алып  жатқан  ҧланғайыр 
территориясы мен Омбыға дейін темір жол мен су жолдары қамтамасыз етілген 
шҧрайлы  жерден  бірден  айырылғысы  келмегенін  Қазақстан  Республикасының 
Орталық  мемлекеттік  архивтеріндегі  қҧжаттар  куәландырады.  Аталған 
губерниялардың  шекараларын  айқындау,  осы  территориядағы  мекемелердің 
мҥлкі,  қҧрал-жабдықтары  мен  қаражат  мәселесін  шешуге  келгенде  бірден 
келісімге келе алмай Мәскеуге бірнеше рет шағымдануға дейін барады. 
Ақмола, Семей облыстарының Сібревком қарамағынан алынып, Қазақстанға 
қосылуы  оңайға  тҥскен  жоқ.  Сібревкомның  кейбір  мҥшелері  бҧл  мәселеге 
қарсы  шықты.  Тек  1920  жылдың  екінші  жартысында  олар  Қазақстанмен 
арадағы  шекараны  анықтау  мәселесін  мекемелер  мен  ведомстволар  кеңесінде 
бес  рет  қараған.  Бҧл  мәселе,  тіпті  Қазақ  АКСР-ының  қҧрылуы  туралы  декрет 
шыққаннан  кейін де  ӛз  шешімін  таппады.  Бҧл ҥшін  1921 жылы  ақпан  айында 
Қазақ  ҥкіметі  мен  Сібревкомнан  он  адамнан  тҧратын  тӛтенше  комиссия 
тағайындалды. Комиссия отырыстарында бҧл мәселе РК(б)П ОК-де 1922 жылы 
ақпан,  мамыр  айларында,  ал  БОАК-де  1922  жылғы  қаңтар  және  ақпан 
айларында талқыланды [9]. 
Семей  губерниясы  ресми  тҥрде  1921  жылы  мамыр  айында  Қазақстанға 
қосылғанымен,  іс  жҥзінде  шекара  мәселесіндегі  даулар  1922  жылы  да  жҥріп 
жатты. Соның біреуіне тоқталсақ, Ресей ӛз тарапынан Павлодар уезіндегі тҧзды 
кӛлдер  ауданын  әкімшілік  жағынан  Қырғыз  (Қазақ)  Республикасына 
қарағанымен,  шаруашылыққа  пайдалану  жағынан  Сібревкомның  қарамағында 
қалады  деп,  1922  жылы  12  қаңтардағы  қаулысында  ӛз  пайдаларына  шешеді. 
Мәскеуден  келген  мына  жеделхат  осы  мәселеге  соңғы  нҥкте  қойғандай:  онда 
«БОАК-нің  12  және  26  қаңтарындағы  қаулысына  сәйкес  Павлодар  уезіндегі 
тҧзды  кӛлдер  ауданы  шаруашылық  және  әкімшілік  жағынан  Есіл-кӛл 
станциясы Қырғыз республикасының иелігінде қалдырылады» [10] – делінген.  
1924  жылы  Семей  губерниялық  жоспарлау  комитетіндегі  қызметін  атқара 
жҥріп, Ә. Ермеков сол кезге дейін әлі шешімін таппаған жер мәселесімен ҥнемі 
айналысады. Бҧған себеп, орыс ҧлтының мҥдделерін білдірген кейбір жауапты 
қызметкерлердің  қабылданып  қойған  декреттердегі  қаулыларды  жҥзеге  асыру 

124 
 
жӛніндегі  шараларды  орындамауынан  туып  жатты.  Ол  былай  тҧрсын, 
жекелеген  уездерді,  тіпті  губернияларды  республика  қҧрамынан  шығаруға 
әрекет  жасалды.  Мәселен,  Орал  губерниялық  партия  комитеті  1921  жылғы 
маусым айында Жайықтың сол жағалауындағы 10 шақырымдық ӛңірді қайтару 
туралы  декретке  наразылық  білдіріп,  Орал  облысын  Қаз  АКСР-інен  бӛлу 
туралы  орталыққа  ӛтініш  жасауға  шешім  қабылдады.  Алайда  партияның 
Орталық Комитеті мҧндай ӛтінішті қабылдамады, ал РКП(б) Қырғыз облыстық 
комитетінің Тӛралқасы губкомның кӛзқарасын саяси соқырлық деп айыптады. 
Губкомның қҧрамына ӛзгерістер еңгізілді [11]. 
Ал,  1924  жылы  Алтай  губерниясы  қазақ  тҧрғындары  тығыз  орналасқан 
Коростелов  даласы  туралы  даулы  мәселе  кӛтерілді.  Осы  дауды  шешу  ҥшін  
Ә. Ермеков, Ә. Досов екеуі 1924 жылдың 2 қазанынан 1-ші қарашаға дейін, ал 
1925  жылдың  3-16  ақпаны  арасында  жеке  ӛзі  Мәскеу  қаласында  Алтай  мен 
Семей  губернияларының  шекарасын  анықтауға  байланысты  қҧрылған 
комиссияға кеңесші болып, осы кҥрделі мәселені шешіп қайтады [12]. 
Тәуелсіздік  ешқашан  ӛздігінен  келмейді.  Тәуелсіздік  немесе  азаттық  атты 
қасиетті  ҧғымды  жылдар,  ғасырлар  бойғы  еңбексіз  келген  жеңіл  сыйлық  деп 
қабылдау  пиғылындағы  пікірлердің  жаңсақ  екені  талассыз.  Тәуелсіздік  ҥшін 
кҥрес  дегеніміз  жылдар  мен  ғасырлар  бойғы  ӛмірдің  барлық  саласындағы 
кҥрестер ҥрдісінен қҧралады. Яғни, ол тек қолға қару алып, майдандағы кҥрес 
қана  емес,  ол  экономикадағы  алға  басушылық,  саясаттағы  кӛрегенділік  пен 
байыптылық, мәдениеттегі ӛркениеттілік пен мәдени мҧралардың сабақтастығы 
сияқты әлеуметтік-мәдени қҧндылықтардан қҧралады. 
Сонымен,  Ә.  Ермековтің  Кеңес  ҥкіметінің  саяси  басқару  жҥйесіндегі 
қызметі  1919  ж.  желтоқсанынан  басталып  жиырмасыншы  жылдардың  соңына 
дейін жалғасты. Осынау тарихи қысқа мерзімнің ішінде-ақ, Ермеков Қазақстан 
Республикасының саяси тарихының беттерінде ӛзінің жарқын бейнесін мәңгіге 
қалдырып ҥлгерді. Оның тікелей қатысуымен қазақ жерінің тҧтастығын сақтау, 
шекарасын  анықтау  сияқты  ең  маңызды  жҧмыстар  жҥргізілді.  Атап  айтқанда, 
Батыс Қазақстан ӛңірінің Каспидің солтҥстік жағалаулары мен Семей, Ақмола 
облыстары жерлері, кейіннен Коростелев даласының Қазақстанға қайтарылуы. 
Әдебиет 
1.
 
Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік мҧрағаты (ҚР ОММ) 1353-қ., 1-
т., 4-іс, 34-п.; 20-іс, 22-26-п.; Зиманов С.З., Даулетова С.О., Исмагулов М.Ш. Казах-
ский революционный комитет. – Алма-Ата: «Наука» КазССР, 1981. – 196 с. (184). 
2.
 
ШҚО ЖТҚО 72-қ., 1-т., 34-іс, 110-п. 
3.
 
Нҧрсҧлтанов Қ. Әлімхан Ермеков // Білім және еңбек. – 1967. – №6, 12-13 бб.  
4.
 
Бӛкейханов Ә. (Әлихан) Екі жол // Қазақ. 1915. -№100,101; «Қазақ» газеті 
/ Бас редактор Ә.Нысанбаев. – 127-130 б. 
5.
 
Кәкен А. Шекара. // Егемен Қазақстан. 31 мамыр, 2000 ж. 
6.
 
Ресей Федерациясының мемлекеттік мҧрағаты (РФММ) 1329-қ., 1-т., 115-
іс, 1-п. 

125 
 
7.
 
Ленин В.И. Биогр. хроника, 1870-1924 / в 12-ти т-х. т.9, Ин-т марксизма-
ленинизма при ЦК КПСС.- М.: 1987. – С.7,190; Зиманов С.З., Даулетова С.О., 
Исмагулов М.Ш. Казахский революционный комитет… С. 184. 
8.
 
Қарағанды облыстық мемлекеттік мҧрағаты (ҚОММ) 1487-қ., 1-т., 289-іс. 
9.
 
Мағзҧмов  Н.  Ақмола,  Семей  облыстарын  Қазақстанға  қосу  ҥшін  келген 
тӛтенше комиссияның ісі // Орталық Қазақстан. -1990.- 6,8 тамыз; ҚР ОММ. 5-
қ., 2-т., 28 (а)-іс, 1-16-п.; 106 (а)-іс, 1-25-п.;  
10.
 
Омбы облыстық мемлекеттік мҧрағаты (ООММ) 32-қ., 1-т., 40-іс, 20-пп. 
11.
 
Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты - Алматы: 1992. 119 б. 
12.
 
ШҚО ЖТҚО. 73-қ., 2-т., 167-іс, 3-п. 
 
УДК 94(574) 
Халидуллин Г. 
КазНПУ им. Абая г. Алматы 
kizatulla@mail.ru
 
 
РАЗРУШЕНИЕ ТРАДИЦИОННОЙ ФОРМЫ ХОЗЯЙСТВА  
И ЕЕ ОРГАНИЗАЦИИ 
 
Масштабы и темпы коллективизации кочевого и полукочевого населения были 
определены  на  декабрьском  (1929  г.)  пленуме  Казкрайкома  ВКП(б), 
рассмотревшем вопрос о пятилетнем плане колхозного строительства. Пленумом 
было 
принято 
решение: 
«всемерно…стимулировать 
коллективизацию 
животноводческих  хозяйств  в  таких  же  размерах,  как  по  зерновому  хозяйству, 
установив  темпы  коллективизации  с  расчетом  на  полный  охват  населения  в 
течение  одного  года»  [1,  с.  37].  В  этой  связи,  местным  органом  дано  указание 
приступить  в  срочном  порядке  к  форсированной  массовой  коллективизации 
бедняцких и середняцких скотоводческих хозяйств, а также приступить к работе 
по сплошной коллективизации отдельных районов в Сырдарьинском, Уральском, 
Актюбинском,  Павлодарском,  Алма-Атинском  округах.  При  этом  было 
предписано: «в первый же год добиться обобществления… всего продуктивного 
скота в животноводческих колхозах». 
Таким  образом,  судьба  кочевых  и  полукочевых  аулов,  где  проживало  75,5 
процентов  всего  казахского  населения  (по  данным  на  1928  года)  [2,  с.  152], 
решалась  в  зависимости  от  догматических  и  упрощенных  схем  большевиков  по 
преобразованию традиционного общества казахов, а не на основе желаний и воли 
последних. 
Отражением  полного  игнорирования  особенностей  природно-географических 
условий среды обитания кочевых аулов явилось создание в скотоводческих районах 
полеводческих  колхозов.  Так,  в  кочевом  ауле  №  5  Аламесекского  района  Кзыл-
ординского округа в 1929 году путем администрирования был организован полевод-
ческий колхоз с планом посева 6 500 га и  с запрещением кочевания [3]. за короткое 
время было коллективизировано в Мангистауском районе – 64 %, Доссорском – 49 

126 
 
%, Тургайском – 52 % [4, с. 521], в Абралинском – 70 %, Джамбейтинском – 80 %, 
Беркалинском – 84%, Джаныбекском – 95 % и т.д. [5, с.155]. 
Так,  в  решении  от  13  февраля  1930  года  «О  постановке  партийно-массовой 
работы в районах сплошной коллективизации и об очередных задачах колхозных 
ячеек»,  Бюро  Казкрайкома  предлагало  местным  работникам  обратить  особое 
внимание  созданий  условий  для  перевода  колхозов  из  низших  форм  в  высшие 
(артель,  коммуна)  «на  основе  действительного  полного  обобществления  средств 
производства»  [6,  с.  183-186].  Вакханалия  «обобществления»  захлестнула  аул.  В 
Курдайском районе, например, казахам оставляли лишь по одной верховой лошади, 
в  Джувалинском  районе  в  список  имуществ,  подлежащих  обобществлению, 
агроном Фролов включил сундуки, кошек и собак [7, с. 2-3]. 
Насильственная  коллективизация  кочевых  аулов  быстро  обнаружила  свои 
разрушительные  свойства,  и  первые  признаки  этого  проявились  уже  в  конце 
1929 года. 
Если на весну 1929 года поголовье скота в Казахстане составило 40 млн.448 
тысяч,  то 1 января 1930 года оно сократилось на 49, 2 процента [8].  
Весной  1930  года  критическая  ситуация  сложилась  в  ряде  районов  Кзыл-
ординского округа, где было осуществлено стопроцентное обобществление скота. 
«Общее  состояние  района,  относящегося  к  районам  сплошной  коллективизации, 
на  сегодняшний  день  следует  охарактеризовать  как  политически  неблаго-
получное:  за  последнее  время  сильно  возросло  влияние  контрреволюционного 
байства и кулачества на зажиточные середняцкие слои» [9, с. 87]. По фактам этого 
письма 31 марта 1930 года в Кармакчинский район был направлен представитель 
Казкрайкома  Юсупбеков,  который  представил  на  имя  секретаря  Казкрайкома 
объективную  картину  в  аулах.  Он  указал,  что  в  проверенных  им  аулах  (4,  5,  7) 
«настроение  населения  неважное.  Колхозы  организованы  административным 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет