Абайтану саласы бүгінгі әдеби өмірімізде үлкен ғылыми арнаға айналып отыр. Алайда ұлы кемеңгердің өнері мен творчествосы хақындағы алғашкы зерттеу мақала кашан және қайда жарияланғаны оқырман қауымға онша мағлұм емес. Абайдың өскен ортасы мен творчествосын жүйелеп тұңғыш рет бір ізге салган, Абайтанудың негізін қалаган - Әлихан Бөкейханов. Ол қазақ әдебиеттану саласының үлкен арнасы - Абайтанудың негізін салды. Кәкітай Абай өмірінің бел-белесін, творчестволык жолын, ізденіс бағыттарын саралап, бір жүйеге негіздеп, тұңгыш рет Абай туралы деректі Әлихан Бөкейхановқа жиыстырып береді. Абай қайтыс болган соң жеті айдан кейін. Яғни 1905 жылы Семей каласынын Географиялық бөлімшесінін «Семипалатинский листогында» орыс тілінде Әлихан Бөкейхановтъң азалы ғұмырнамасы (некролог) жарияланды. Оның соңында бұл деректерді ретке келтіріп, баспаға ұсынган Кәкітай Ысқақов екендігі туралы сілтеме бар. Бұл қазіргі толысқан Абайтану ғылымының бұлақ бастауына Абайдың Географиялык қоғамдағы достары Михаэлис, Гросс, Коншин сияқты көңілі ниеттес достарынын себепкерлігі тигені айқын. Осы мақала жарияланған соң Әлихан Бөкейханов Патша өкіметіне қазаққа дербес құқық беру туралы мәлімдеме жазып, елге қол қойдыру үшін Кереку өңірін аралауға аттанады. Сол жақта жүріп 1906 жылы 8-январъда түрмеге камалады. Ғалым Қайым Мұхаметхановтың дерегі бойынша, Әлиханныц портфелінде Абай өлеңдерінің қолжазбасы болған. Оны 5 мың сомға бағалап, аман сақтауына адвокат арқылы өтініш түсірген.
Сондай-ак 1907 жылы сол Географиялык қоғамның арнайы жинағында Абайдың суреті тұңғыш рет баспа бедеріне түсті. Осымен қатар 1909 жылы Кәкітай Ысқақов Петербургтегі Бороганский баспаханасынан Абайдың тұңғыш өлеңдер кітабын жарыққа шыгарып, өмірбаяны, өлеңдері тақырыпқа реттеліп, түсініктемелер берілді. Абайтанудағы Кәкітайдың енбегі жөнінде Мұхтар Әуезов: «... Бұл жөнінде казақтын мәдени тарихына Абай мұрасына ерекше еңбек сінірген, Абай өзі тәрбиелеп, баулыған - Кәкітай Ысқақұлының еңбегін ерекше айту керек. Кәкітай Абай шығармаларының ең алғашкы таңдамалы жинагын бірінші рет Петербургтегі Бороганский баспаханасында 1909 жылы шығарды. Сол жинақтың аяғында акынның Кәкітай жазган бірінші өмірбаяны беріледі»,- деп жазды. Шындығында, бұл Кәкітайдың әңгімесі бойынша Әлиханның Абай өмірі туралы толықтырылып жазған екінші мақаласы еді. Оның алгашқы нұсқасы 1905 жылы «Семипалатинский листохта» орыс тілінде басылды. Біз осы мақаланы окырмандар назарына ұсынып отырмыз. Бұл - ұлы Абайдың қагаз бетіне түскен ең алғашқы ғұмырнамасы болатын.