УДК 821.512.122.О
ББК 83. 3 (5 Қаз)
Б 20
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
Ақпарат және мұрағат комитеті
«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару»
бағдарламасы бойынша шығарылды
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
Жауапты редакторы – Ісімақова А.С.
Құрастырып, баспаға дайындап, түсініктерін жазған жауапты
шығарушы – Имаханбет Р.С., А.Байтұрсынұлы мұражайының директоры
Байтұрсынұлы Ахмет
Б 20 Алты томдық шығармалар жинағы. «Ер Сайын», «23 жоқтау» ауыз
әдеби мұрасы, көсемсөздері, табылған туындылары. – Алматы: «Ел-
шежіре», – 2013.
Т. V: – 384 б.
ISBN 978-601-7317-71-3
Ұлт ұстазы, қазақ тілі мен әдебиетінің негізін салушы Ахмет Байтұрсын-
ұлының алты томдық шығармалар жинағының 5-томына «Ер Сайын»
(Мәскеу, 1923), «23 жоқтау» (Мәскеу, 1926) атты ауыз әдеби мұрасы, әр жыл-
дары жазған көсемсөздері, сондай-ақ бұрын еленбей келген еңбектері мен
табылған туындылары топтастырылды.
Жинақ ЖОО оқытушыларына, студенттер мен магистранттарға, докто-
ранттарға, сондай-ақ Алаш мұрасына ынтызар қалың оқырманға арналған.
УДК 821.512.122
ББК 84 Қаз-7
ISBN 978-601-7317-71-3
© Байтұрсынұлы А. 2013
ISBN 978-601-7317-66-9
© «Ел-шежіре» ҚҚ., 2013
3
ҚҰРАСТЫРУШЫДАН
Халқының келешегі үшін Қазақ әліпбиіне түрен салған,
ұлт мүддесіне арымен қызмет еткен, түркi елiне есiмi мәшһүр
Ахмет Байтұрсынұлының ғұмыр жолы – барша қазаққа үлгі-
өнеге. Адамзаттың даму тарихына зер салсақ, жұрт жұмысын
жасаған, елі үшін еңбек еткен ұлдарын пір тұтып, ұлықтай біл-
ген. Әрі ұрпақ тәрбиесінде кемеңгерлердің күресіндері мен ты-
ныс-тірлігін тәлім еткен.
Бұл күні тағылымы – тарих, білімі – мұхит, сөзі – әфсана
Ахмет айшықтарын ұлттың рухани темірқазығы деп мақтаныш
тұтамыз. Ал, ұстаз ұлағатына тағзым жасау – ұрпақтан ұрпаққа
ауысар ғибратты игі шараға айналып келеді
Ұлт басылымы «Қазақ» газетінің тұңғыш санында А.Бай-
тұрсынұлы: «...Өзіміздің елімізді сақтау үшін бізге мәдениет-
ке, оқуға, ұмтылу керек. Ол үшін ең алдымен әдебиет тілін
өркендету керек. Өз алдына ел болуға, өзінің тілі, әдебиеті
бар ел ғана жарай алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз. Бұл
мәселеде біздің халіміз оңды емес. Осы күні орыс школы мен
татар мектептерінде оқып шыққандар қазақ тілінен алыс-
тап барады. Бұл, әрине, жаман әдет. Егер тілге осы көзбен
қарасақ, табиғат заңына бағынбай, біздің ата-бабаларымыз
мың жасамаса, ол уақытта тілмен де, сол тілге ие болған
қазақ ұлтымен де мәңгі қоштасқанымыз деп білу керек. Егер
оны істегіміз келмесе, осы бастан тіл, әдебиет жұмысын
қолға алып, өркендететін уақытымыз жетті» деген екен.
Ақиқатында, Алаш зиялылары бұл істе бабалар мұрасын үлгі
тұтып, мирас етіп қалдырды.
Бұл қайта басылым көріп отырған ғалым жинағы да бүгінгі
һәм келешек ұрпаққа ата-баба мұрасы – ұлттың асыл қазынасы,
алтын діңгегі екенін аңдату.
4
«ҚАзАҚ хАлҚЫНЫң АР-ОжДАНЫ»
Тәуелсіз қазақ елінің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбіш-
ұлы Назарбаев Ахмет Байтұрсынұлының 1998 жылғы 125
жылдық мерейтойындағы баяндамасында Ұлт ұстазына осын-
дай жоғары баға берген еді. Шындығында, А.Байтұрсынұлы-
ның ғылыми, көсемсөздік, ақындық мұрасы уақыт озған сайын
ел игілігіне қызмет етіп келеді және қызмет ете беретіні анық.
Қазақтың маңдайына біткен хас ұлы А.Байтұрсынұлының
5-томына енген: «Ер Сайын», «23 жоқтау» және ғалымның аты
ресми ақталғаннан кейін баспа бетінде жарияланып жүрсе де
назардан тыс қалып келген «Туған тілім», «Дағдарыс», «Қоян»
атты өлеңдері, «Шекіспей бекіспейді», «Қалам қайраткерлері
жайынан», «Емле туралы» мақалалары, «МОПР һәм күншығыс
елдерінің еңбекшілері» (1924) деген шағын ақпараттық
жинақша тұңғыш рет 2004 жылы қазіргі қазақ әрпіне түсіріліп,
толық мәтіні берілген еді.
Бұл томда ғалымның ХХ ғасыр басындағы қазақ жұртының
әлеуметтік ахуалына орай «Айқап», «Қазақ», «Ақ жол», «Еңбек-
ші қазақ» басылымдарында жазылған көсемсөздері топтас-
тырылды. Кітап соңында ғалымның еңбектері мен әр жыл-
дары жарияланған мақалаларының библиографиялық көрсет-
кіші хронологиялық жүйе бойынша қайта толықтырылды.
А.Байтұрсынұлы әдебиетші, халық әдебиеті үлгілерін зерт-
теуші ғана емес, оны реттеп, өңдеп бастырушы. 1923 жылы
Мәскеудің Күншығыс баспасынан шыққан «Ер Сайын» жыры-
ның жөні ерекше. «Г.Н.Потанинге тарту» өлеңінің соңында
«А.Б.» деген аты-жөнінің бас әріптері қойылған. «Ер Сайын»
жырының бірінші жолдары: «Бұрынғы өткен заманда, Дін
мұсылман аманда» – деп басталады. Совет өкіметі орнаған
1923 жылы мұндай кітапты жарыққа шығару әрине батылдық
пен мұсылмандықтың белгісі. Жырда: «…Алдаға тілі тимеген,
Бес намазын қоймаған. Бір Хұдайды ойлаған…»
Боз-мұнай
байдың баласы Сайынның ерлігі баяндалады. Ел ішінде кең
1
Түпнұсқадағы: «Алда», «Хұдай» сөздері қазіргіше: «Алла», «Құдай» деп берілді.
5
таралған бұл тарихи жыр А.Байтұрсынұлы бастаған Алаш
азаматтарының қазақ елінің тәуелсіздігін аңсағанынан кітап
болып басылғаны анық. Жырдың басындағы Алла жолында
жүрген дәулетті адамның өз құлдарының қорлығына ұшырауы
– Совет өкіметінің «найзаның ұшымен, айбалтаның жүзімен»
төңкеріс арқылы әкелген тарихи оқиғаларымен сарындас екені
де аңғарылады.
«…Құлдардың түрін көрген соң,
Боз аттың басын бұрмалап,
Сарайға қашты Аллалап».
Құлдан қорлық көрген Боз-мұнай Аллаға жалбарына-
ды. Жырда А.Байтұрсынұлы: «...Айаншы келіп сөйледі» деп
көп тарихи жырларда өзгертіліп кеткен кейіпкердің есімін
жаңғыртады. Мінәжат, Алладан аян алу сияқты жанрлар осы
тарихи жырда анық сақталған:
«...Сонда пірі сөйлейді,
Сөйлегенде бүй дейді: – деп...
«Бірін мыңға балаған,
Құдай өзін қалаған»
Жұртқа қорған болғандай», –
деп Ер Сайынның тууы осылай аян етіледі. Оның қандай ер
болатындығы да осы ретте айтылады:
«...Жұрттың сөзін сөйлеген
Ұлттың жауын көздеген.
Батыр Сайын болсын, – деді,
Басына дәуір қонсын, – деді,
Қысылғанда сыйынар
Іші нұрға толсын! – деді».
Әкесі жетпістен, анасы елуден асқанда Алла Тағала
«бейсенбінің кешінен, ұлы жұмаға ауғанда» елін қорғайтын
бір ер бала береді. Бала өскен сайын әкесіне қорлық көрсеткен
құлдары бұрын істеген қылықтары үшін одан қорқып, жылқыны
иесіз тастап, қашуға бет алады.
«...Жауы тоқсан, бұл жалғыз,
Ойламасқа болмады:
Өзің жәрдем бола гөр,
Бір жаратқан Құдайым!»,
– деп есейген Ер Сайын құлдарды жеңіп, жөніне салады.
6
Тарихи жырда жоңғармен соғысқанда Қобыландының тілін
алмай «Жалғыз өзі Ер Сайын, Соғысқа кірді Аллалап!» делін-
ген. Бірақ бұл жолы қалмақтарды жеңіп шыққан Ер Сайын
асығыстықпен ағаттық жібереді:
«...Қайратына мас болып,
Алланы еске алмады
Бабасына сыйынып,
Жалбарына қалмады».
Жырда: «Алла, Құдай, Алаш, баба, шүкір қылды, мұсылман»
сөздері көп кездеседі.
Жырда анасы мен Аюбике (мәтінде Айыубике) сұлудың
батырды жоқтаулары кезегімен берілген. Ер Сайынның соңғы
шайқас алдында Аллаға жалбарынуы мінәжат жанрының үлгісі
екені анық. Жыр Қобыландының бата беруімен аяқталады:
«...Алла ашсын жолыңды.
Ұзын қылсын қолыңды!
Танып жүргін, е, балам,
Оңың менен солыңды!»
Жырдың соңғы сөздері шығарманың басты ойын анықтай
кетеді:
«...Үш Алашқа жайылды
Екі ұлының ерлігі.
Өлген жерден тірілткен,
Бір Құдайдың кеңдігі».
Сонау ХХ ғасыр басында толып жатқан тарихи жырлар
ішінен «Ер Сайын» жырының таңдалып алынуы әрине, тегін
емес-тін.
Әдебиетші А.Байтұрсынұлының реттеп, бір ізге түсіріп
бастырған халық әдебиетінің тағы бір мұрасы – «23 жоқтау»
атты жинақ. Бұл басылым да Мәскеуде 1926 жылы жарық
көрген. Кітап «қазақ тарихының төрт жүз жылын алады.
Жинастырған, түзеткен – Байтұрсынұлы Ақымет, Қыр баласы»
деген анықтамалық берілген.
«Бастырушыдан» атты алғы сөзінде шығарушы негізгі
мақсатты айқындап береді: «...Дүниеде ешбір тіл өз-өзінен
шықпайды. Дүниеде ешбір тілді бір шешен кісі ойлап шығарған
жоқ та, шығармайды да. Тіл деген нәрсе қалың елдің күндегі
тұрмыс қазанында қайнап пісіп, дүниеге келеді. Сонан соң ғана
шешендер, бұл «тіл көсемдері» тілді безеп жолға-жөнге са-
лып жүйесін айырып өсіреді. Сондықтан әдебиет тіліне негіз
етіп ел аузындағы тіл алынбаса, ол әдебиет адасып кетпек...».
Демек, кітап жоқтаулардағы әдеби тілдің үлгісін көрсету үшін
де шығарылған. Себебі, көркем тіл мен жалаң тіл бірдей емес:
күнделікті өмірде жәй сөздермен сөйлеген қазақ жоқтауды
басқа стильмен орындаған: «Ел аузындағы тіл дегенімізде,
нені үлгі-өрнек етіп аламыз? Әрине, осындай жоқтауларды,
мақалдарды, жұмбақтарды, ертегілерді, өлеңдерді тағы
тағы осындайларды!». Келесі сөйлем: «Тіл туралы Ленин
сыйақты көсемдердің айтқан сөздерін, үгіттерін оқыған не
естіген кісі жолымыздың тура екендігін байқаса керек» – деп,
Совет өкіметіне деген қошемет қана емес, тұлғалардың тіліне
деген ғалымның ықыласын білгізеді.
А.Байтұрсынұлының Совет өкіметіне деген өкпесін осы
Ер Сайындай батырды аңсауымен жоқтауларды шығаруынан
аңғарамыз. Заманға мәз болған әдебиетші жоқтау емес, мадақ,
толғауларды алға тартар еді ғой. Саяси астары анық басылым
А.Байтұрсынұлының Совет өкіметіне деген қарсылығының
көрінісі.
Әдебиеттанулық мақсатты алға тартқан ғалым қазақ
тілінің қазақ тарихымен тікелей байланысты болуын да ашық
айтады: «...Бұл «Жоқтаулардың» ішінен әзіргі заманның
жас тілшілері, жазушылары талай материал табар деген
үмітіміз бар. Мәнісі көбірек қазақ тарихына тиісті болса да,
тілін үйрену, тексеру, тілінен пайдалану осы заман жаста-
ры үшін де керек жұмыс» дей келе, сол кездегі қазақ әдеби
тілін А.Байтұрсынұлы: «Қазақтың әзіргі тілі бай, жалпақ,
түсінікті, өткір, қысқа суретті болса, көп құрал-жарақтың
бірінің жөнделгені де» – деп сипаттайды.
«23 жоқтау» Шәңгерейдің «Сыршы» атты өлеңімен:
«Құйрық атып құлиа,
Түлкідей қашқан жымиа,
Қараңды үзіп барасың
Бізден де қайран дүниа...» –
деп ашылады. Қазақ елінің батыр ұлдарын жоқтаған бұл жыр-
лар төрт ғасырлық тарихи оқиғаларды қамтиды. Ел басына
түскен ауыртпашылықты жеңе білген ерлердің ісін, батырлы-
ғын, билердің біліктілігін, тарихи тұлғалардың парасаттылы-
8
ғын аңсайтын жоқтаулардың басты кейіпкерлері: Қаз дауысты
Қазыбек би, Мамай батыр, Нысанбай жыраудың Кенесары мен
Наурызбайды жоқтауы, Қарпық Томбай Есмағамбет, Ерғазыны
ақынның жоқтауы, Бұдабай ақындыкі деп жүрген Әйекені
жоқтауы, Абайдың Әбдірахман қайтқандағы аза өлеңдері,
Нармамбеттің әкесі Ормамбетті жоқтауы, Әбдіғапар ханды
жоқтау т.б.
Совет кезінде Кенесары – Наурызбай мен Қаз дауысты
Қазыбекті аңсаған жоқтауларды Мәскеудің баспасынан шыға-
ру Алаш саяси қайраткерлерінің сол билікке білдірген ашық
қарсылығы екені де анық.
Бір ескеретін жайт: осы жинақтағы шығарушылар тара-
пынан берілген жоғарыда айтылғандай бұл «23 жоқтау» атты
кітапты А.Байтұрсынұлы «Қыр баласымен» бірге шығарған.
Өйткені, түпнұсқадағы жоқтау ішінде кейбір тарихи тұстарды
анықтайтын сілтемеліктер «Қ.б.»-ның атынан беріледі.
Мәселен, «Мамай-Едіге бидің нәсілінен екені, оның 16 ғасырда
өмір сүргені, Қаз дауысты Қазыбек қанша өмір сүргені,
Бөкейдің әкесі Барақ, Бөкейхан қай жылы қайтыс болғандары,
тобықтыны билеген Абайдың атасы Кеңгірбайдың туған
жері, жылы, қырғыз Жантай батыр, қыпшақ Әбдіғапар
хан туралы мәліметтер күні бүгін де ғылыми қажеттілігін
жойған емес. «Ерғазы» атты жоқтауда берілген сілтеме-
де оны Қарпық ақын шығарғаны, Ерғазы – Ақыметтің әкесі
Байтұрсынмен бірге туысқаны, Байтұрсынның Сібірге ай-
далғаны, сонда інісі Ерғазының сол іспен жүріп қайтыс бол-
ғандығы» туралы мағлұмат берілген. Бұл мағлұматты ахмет-
танушылар пайдаланғанда,осы басылымға сілтеме жасамауы
әрине, әдептілік емес.
«Табылған туындылары» тарауында 1915 жылы жазыл-
ған «Дағдарыс», «Қоян», 1916 жылғы – «Туған тілім», «Шекіс-
пей, бекіспейді» деген шығармалары берілген. Осы өлеңдер ту-
ралы кезінде әдебиетшілер: Б.Байғалиев (1989, 1991), Ө.Әбди-
манұлы (1992, 1993) мақала жазып, мәтіндерін де жариялағаны
белгілі. Олар осы жоғарыда аталған шығармалардың «Бай-
қаушы» деген бүркеншік есіммен жарияланғанын, бұл үш
өлеңнің А.Байтұрсынұлыныкі екенін жазған, бірақ анықтап
түстемеген. Ал, міржақыптанушы М.Әбсеметов бұл бүркеншік
есімді «М.Дулатовтыкі» (1991) дейді. Мұнда да қандай дерекке
9
сүйенгені көрсетілмейді. Бұл мәліметтер сілтемесіз берілген-
діктен, материалдар А.Байтұрсынұлының кейінгі басылымда-
рына енбей, елеусіз қалып отырды.
Біз Ахмет Байтұрсынұлы мұражай-үйінің бас ғылыми қыз-
меткері Р.Сахыбекқызының «Ахмет Байтұрсынұлының өмір-
баяны, шығармашылығы (мұрағат деректерінде)» атты ғылыми
зерттеуіндегі мұрағаттық мәліметтерге сүйеніп, аталған туын-
дыларды тұңғыш рет бес томдық жинаққа 2006 жылы кіргізген
едік. Бір ескерте кететін жайт: өлеңдерге қатысты мәліметті кі-
тап соңындағы түсініктен табасыздар.
Сонымен қатар, «МОПР һәм Күншығыс елдерінің еңбек-
шілері (1924)» деген соны аудармасының толық мәтіні де
«Табылған туындылары» атты осы тарауда берілді. Бұл кітапша
Мәскеуде басылған. Мұнда МОПР ұйымының нендей мақсат
көздегені, не үшін құрылғаны баяндалады. Кітапша соңында:
«МОПР комитетінің құралдарынан тізуші А.Б.» деп көрсетілген.
Кітапша – орыс тілінен тәржіма ғана емес шығарушы өз тарапынан
да бұл ұйымға енуге шақырып және соған үлгі ретінде МОПР-
дың пайдалы екенін көрсетеді: «Кемеге енгеннің жаны бір.
Біздің де тіршілігіміз, ел болумыз жер жүзі еңбекшілерінің
азаттығымен байланысқан. Мұны жатсаң, тұрсаң есіңнен
шығарма!». Себебі, А.Байтұрсынұлы үшін «дербес ел болу»
басты мақсат, бұл ойды іске асыру үшін тұлға бар рухани мүм-
кіншілігімен қатар осы жолда өзін құрбан еткен.
Ұлттың рухани қаруының бірі – тіл болса, А.Байтұрсын-
ұлының көсемдік сөздері де ерекше міндет атқарғаны тарих-
тан мәлім. Бұны «Қазақ» газетін оқып саяси қалыптасқан
Алаш зиялыларының бірегейі М.Әуезовтің 1923 жылы ұстазы
А.Байтұрсынұлы һәм оның жасаған қызметтері хақында
жазғандары дәлелдейді.
Сондықтан бұл томға «Қазақтың өкпесі»,«Егін егу», «Ша-
руа жайынан», «Ауру жайынан», «Бас қосу турасында», «Жауап
хат», «Бас қосуға рұқсат берілмеді», «Бас қосу», «Орынбор 13-
октябрь», «Білім жарысы», «Білім жарысы хақында», «Оқыту
жайынан», «Орыс «мейірманшылығы»»,«Аңдаспаған мәселе
турасында», «Досмайыл қажыға ашық хат», «Губернатордың
өзгерілуі», «Соғысушы патшалар», «Бұ заманның соғысы»,
«В.Л.Бурцев», «Лениннің 50 жасы», «Түзетілген әріп» атты
мақалалары енді.
10
«Қазақтың өкпесі» мақаласында: «...Біздің заманымыз – өт-
кен заманның баласы, келер заманның атасы» деген сынды
А.Байтұрсынұлының сұрыпталып алынған нақыл сөздерін
келешекте жинастырып басып шығару ісі бүгінге қажет
ғибрат. Халықтың бос сөзге құмарларына Ахаң былай дей-
ді: «Ғамалыңды түзет, түземесең, ешкімге кінә қойма! Беті
жаманның айнаға өкпелеуі жөн бе? Ниеті жаманның Аллаға
өкпелеуі жөн бе?» т.б.
Біздің озық өнерді басқа елден үйрену керек екенін
А.Байтұрсынұлы «Егін егу» мақаласында нақты іске шақыру
арқылы былай деген: «...Егін жақсы шығуына керек шарттар
көп» деп, озық өнерлі елдердің өнегелі ісінен үлгі алу керек
дейді. «Білім жарысы» атты мақалада А.Байтұрсынұлы Нобель
сыйлығы туралы айта келе: «...ұлт намысы тек екі ауылдың, екі
таптың, иа екі рудың намысы деп ұғады». Осылай қазақтың
ауқаттыларына білім бәйгесінде Еуропалық үлгіні ұстануды
насихат етеді: «...Жұртқа ғылым үйренумен, көрумен, білумен
жайылады. Білімнің бас құралы – кітап. Қазақ арасына білім
жайылуына, әуелі, оқу үйрететін орындар сайлы болу керек,
екінші, білім тарататын кітаптар жақсы боларға керек һәм
халық арасына көп жайыларға керек.Осы мақсатқа жетуге
зор себепкер болатын істің бірі – білім жарысы».
А.Байтұрсынұлы «Бас қосу турасы» атты мақаласында
былай дейді: «…құр сиезге жиылып, «анау керек, мынау ке-
рек, олай істеу, былай істеу тиісті» дегеннен еш нәрсе
өнбейді. Халықтың ісі машинаның тетігі емес, бұрап қалса,
басқа жөнге түсетін. Жұрт жұмысы құмырысқаның иле-
уіндей жұмыс сыйақты. Құмырысқаша жабыла тынбай іс-
тесек өнеді. Бірі оны, бірі мұны істеп, илеуде қарап тұрған
құмырысқа болмайды. Жұрт жұмысын да солай істесе, алға
басады. Әр құмырысқа бәріне керек илеудің өсуі үшін күші
жетіп көтерген шөпшегін апарып салады. Ұлтын керек
қылып, халыққа қызмет етемін деген қазақ балалары қазақ
жұмысына қолынан келгенінше қарап тұрмай кірісіп істей
берсе, ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы».
Шындығында, қазақ еліне не қажет? Ел болып қалу үшін
не керек? – деген сауалдар қазіргі күні де маңызды екені анық.
11
А.Байтұрсынұлы оған былай деп жауап берген: «...Жұртқа
керегін білетіндер көп, істейтіндер аз. Білушілеріміз білгені-
мен қоймай, істеуге кіріссе екен. Білушілеріміз істеуші болса,
оларды көріп, өзгелер де істер еді. Сөйтіп, көсемдер көбейсе,
ерушілер де көбейер еді».
Алаш зиялыларының көшбастаушысы бола білген А.Бай-
тұрсынұлының ғибраттары күні бүгін әр қазақтың жүрегінен
орын табуы да заңдылық. «Қазақ керегінің көбі әркімге-
ақ мағлұм ғой; біз кейін қалған халық, алға басып, жұрт
қатарына кіру керек. Басқадан кем болмас үшін біз білімді,
бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болуға оқу керек. Бай
болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің
жолында жұмыс істеу керек» деген сөздері қазір де ұлттық
идеяны аңсағандарға жауап емес пе?!
Ойымызды ұлағатты ұлт ұстазының сөзімен түйіндегенді
жөн көрдік: «Біздің мұнан соңғы айтатынымыз: қазақтың
бас адамдары! Әуелі, Сіздер адаспаңыздар, адаспас үшін
ақылдасып, ойланып, ынтымақты іс етіңдер. Екінші, қазақтың
байлары, күштілері! Жарлы-жақыбай, нашарларыңды жермен
теңгеріңдер. Бір асауға да болса құлдық дейтіндер көбінесе
солардан болады. Үшінші, Алашқа аты шыққан адамдар!
Көсемдіктеріңді адаспай, түзу істеңдер. Сендер адассаңдар,
арттарыңнан ерген Алаш адасады. Арттарыңнан ергендердің
обал-сауабына Сіздер қаласыздар», – деп ұлт жақсылаларына
ерен жауапкершілік жүктеп, жұрт жұмысын адал атқаруға
үндейді. Ылайым, бұл ғибрат туған еліміздің болашағын
ойлаған бүгінгі ұрпақтың ұранына айналса игі.
Ісімақова Айгүл Серікқызы,
филология ғылымдарының докторы, профессор
12
13
жер жүзінің еңбекшілері бірігіңдер!
Е Р С А Й Ы Н
жыршылар айтуынан алып,
өңдеп өткізуші:
Байтұрсынұлы Ақымет
Ұлттар комиссариаты қарауындағы
Күншығыс баспасы
Мәскеу, 1923 жыл
14
Г.Н.ПОТАНиНГЕ ТАРТУ
Атақты Сібір ұлы, қарт Потанин!
Ер сүйсе, сендей сүйсін ел-отанын:
Қазақсың, қалмақсың деп алалау жоқ.
Отанның тең көресін барша жанын.
Қазаққа Потаниннің аты ардақты,
Иамыштың
1
біліп отыр қанша шалын?
Сексенді сен атқардың жұмыспенен.
Күндерде қаралы, жаңбыр жүріспенен.
Өзіңді көзіңе айтып мақтау емес,
Бізсіз де ісің айғақ тұр істеген.
Ұл туып ұлы жолда қызмет етсе.
Онан зор ұлтқа бар ма ырыс деген?
Ергенге жолың сара ұлақбайтын.
Туың зор атып оқпен құлатпайтын.
Сырыңды жыр қып сөйлеп жеткізуге,
Көп сөзді көршілер тұр ұнатпайтын.
Жаз келер, жадырған күндер туар,
Жыр жырлап, ту түбінде шуақтайтын.
Біз едік қадірі жоқ ұл-әкеге,
Көп жатқан, мешел болып, келекеде;
Аң бітіп жаңа ғана аяқ басып,
Іліндік біз де жетіп мерекеге.
Тойыңа шашу алып шаттанамыз,
Білдіріп жүрек лебін Гр-екеңе.
Алдыңда Алаш тарту ұсынып тұр.
Қорынып сыйы нашар, қысылып тұр.
Жағдайсыз шаруаға шарт туғызған.
Ылаңды зор соғыстың түсі боп тұр.
«Орамал тонға емес, жолға» деп ал,
Әзірге ат-шапаны осы боп тұр.
А.Б.
1915-нші жыл.
1
Иамыш – Ертіс бойындағы Ямышевский селосы (Құрастырушы).
15
Е Р С А Й Ы Н
І
Бұрынғы өткен заманда,
Дін мұсылман аманда,
Үш шарбақты, үш кентті,
Ноғайлы деген жұрт өтті.
Бір замандар болғанда,
Ауыр дәулет мал кетті.
Жарлылықтың зары өтті.
Халқы жарлы болған соң,
Жігітінен әл кетті.
Жап-жалаңаш жүрген соң,
Әйелінен ар кетті.
Сол ноғайлы жұртында
Жортақыға мінбеген,
Түстік жерге жүрмеген,
Кірлі киім кимеген,
Алдаға
2
тілі тимеген,
Бес намазын қоймаған,
Бір Құдайды ойлаған,
Қара басы хан болған,
Байлығы жұртқа аң болған,
Малы Алашқа таң болған,
Боз Мұнай атты бай болған.
Байлығының белгісі:
Тоқсан қара құлы бар;
Тоқсан тоғай малы бар;
Сол дүние қор зор байдың,
Дүниеде жалғыз мұңы бар.
Сол Боз Мұнай қартайып,
Алпыс жастан өткенше,
Құдай қосқан қосағы,
Елу жасқа жеткенше,
Бір перзентке зар болған.
2
Алдаға – Алла сөзінің түпнұсқадағы қолданылымы, бұдан әрі Алла деп беріледі.
(Құрастырушы).
16
Қартаяды қатыны,
Өкшесі сіре қанамай,
Еміреніп сүймеген,
Жас иісті баланы-ай!
Елде тауып қоймайды,
Тәуіп біткен орнайды,
Сөйтсе де перзент болмайды.
Бір уақыт болғанда,
Жылқыда жүрген тоқсан құл,
Қымыз ішіп мас болад.
Мастығымен тек тұрмай,
Үйдегі баймен қас болад.
Қосылып құлдар кеңесті;
Төбеде тұрып сөйлесті;
Сөйлескенде не десті?
«Қызыл шапан кимедік;
Қырнышыл ат мінбедік;
Нойғайлының жұртының,
Қыздарымен керме – қас,
Жігіттей дәурен сүрмедік;
Өтерін дүние білмедік;
Мұнау жүрген Боз Мұнай,
Бізді ұлындай көрмеді,
Толып жатқан малынан
Бізге қалың бермеді.
Ертеңменен бай келсе,
Екі қолын байлайық;
Кірерге көрін сайлайық.
Боз Мұнайды өлтірсек,
Біз сәтіне келтірсек,
Тоқсан тоғай жылқыны,
Тоқсан бөліп алайық.
Бұл сықылды тегін мал,
Қайдан іздеп табайық.
Қарағай найза қолға алып,
Қарсы шабар ұлы жоқ.
Артынан іздеп қуатын,
Қатарланған қолы жоқ».
17
Құл кеңесіп жатыр деп,
Байға айтқан кісі жоқ,
Онымен байдың ісі жоқ.
Бір замандар болғанда,
Ертеменен бай тұрды.
Арқаннан атын алдыртты,
Алтынды жүген, ер-тұрман,
Тоқымменен салдыртты.
Қара түнде белсеніп,
Қас патшадай теңселіп,
Жорға мініп найқалып,
Келе жатқан жылқының
Алдынан шықты шайқалып.
Тоқсан құлдың біреуі,
Бүгіліп сәлем бермеді.
Байды көзі көрмеді.
Сонда бай тұрып бұрсанды,
Мұздай темір құрсанды.
Тоқсан құлдың бәрінің
Атын атап шақырды.
Ашуыменен Боз Мұнай:
«Қырармын!» – деп ақырды,
Шетте жүрген бір құлды,
Бай келіп ұстап алады,
Қолға түскен сол құлды,
Ашумен бай сабады.
Бірін сабап жатқанда,
Басқасы келіп қамады:
Бай үстіне жан-жақтан
Құрық келіп жауады.
Басына таяқ тиген соң,
Жалғыздығын білген соң,
Құлдардың түрін көрген соң,
Боз аттың басын бұрмалап,
Сарайға қашты Алдалап.
«Ойбай» салған даусына,
Жер күңіреніп барады.
18
Бәйбішенің үйдегі
Құлағы дауыс шалады.
Не болды? – деп бәйбіше,
Үйден шықса жүгіріп,
Келеді екен Боз Мұнай,
Ойбай салып бүлініп.
Боз Мұнай келе құлады.
Қосағымен екеуі,
Жер бауырлап жылады.
Ойбай салған дауысы,
Жұрттың басын құрады.
Жұрт келсе де тұрмады;
Көтеріп басын бұрмады;
Жұбатқанға болмады;
Сол ойбайдан танбады.
Боз Мұнай бай жылады,
Жад етеді Құдайды,
Достарыңызбен бөлісу: |