АСЫЛ ƏЖЕМ
Таң қылаң бергенде ең əуелі Əмірдің əтешi бiр сiлкiнiп, бар даусымен
бiр-екi шақырды да, жым болады. Осы кезде құзғын сəрiден əжемнің
бiлезiктері сылдырап, киiм көшектерінің сусылдағанынан өзiнің үнсiз
қимылын сезiп жатамын. Бiздің аулада ең бiрiншi болып төсектен əжетайым
тұрады. Одан соң əкем мен шешем тұрыл жұмысына кетедi. Бұл кезде
бауырларым мен ағайындарымның, əпке-қарындастарымның алуан ырғақты
ұйқы сарыны өз музыкасын бұзбай жатады.
Айналайын ақ əжем көк сиырдың бұзауын салып, иiтедi де, шелек
толтырып, бастырмадағы қара ала пешке сүт демдейдi. Бiз əлi ұйықтап
жатамыз. Бiрiмiз оқуға, бiрiмiз жұмысқа баруымыз керек əжем оятпаса,
əбiлет басқандай тырп етпеймiз.
-
Артық қарағым, тұратын уақытың болды...
-
Айжан шырағым, шай дайын болды...
-
Тұр, жаным Бақыл, оқуға баратын уақытың болды...
Əже оятқанда бiрден көз ашатын бiрден-бiр сергек жан болсашы!
Ықыранып, ыңқылдап,, былқылдап, уhiлеп зорға бас көтеремiз.
-
Уһ, жаным-ай, басым кеңгiрiп жатыр...
-
Уһ, аһ.. Қазiр, əже, бес-он минут мызғып алайық..
-
Түу, қоя тұршы... Əлi уақыт бар ғой... ҮҺ...
Езіле түсіп, есеңгiреп жатамыз да қоямыз. əжем əлек болып, он оятып,
жүз ескертіп бiздi төсектен əзер тұрғызады.
Бiз əжем дайындаған дастарқанды шетiнен тонап, апыл-ғұпыл жөн-
жөнімiзге сап боламыз.
Мал бадаға қосылмай, төсек жиылмай, дастарқан шашылып, үй iшi
ыбырсып жатқанымен шаруамыз болмайды. Тiптi киiм-көшең шулың-
пұлыңды да жиыстырмай жүре беретiн сайтанымыз тағы бар. Ақыры аяқ
киiмдердi де орнына қоймаймыз.
Əжем жарықтың бiрi емшектегi, бiрi үш жастан жаңа асқан eкi
нeмepecінiң бiрiн қолтықтап, бiрiн жетектей жүрiп, бiз майқамдап кеткен үй-
i
шiн жинастыра бастайды. Ең əуелі бiздің жылан қабығынша сыпырып тастай
берген көйлек көншектерімiздi шкафқа iлiп бiр қояды. Содан не керек кешке
дейiн əжемнің eкi аяғы мен eк қолында тыным болмайды. Кешiнде бiз əбден
ұйқығa батқанда ғанa əжем жарықтық "тоба" деп жантаяды. Құйттайымыздан
бастап, сойталдайымызға дейiн əзiз жанның тiлiн алмайтын жынымыз жəне
бар. Əжем айналайын бiздің кері бағып тұратын кecір мінезiмiзге күйiп-пiciп
жатпайды. Icтi, əлi келсе, өзi-ақ жайғастыра салады. Бiздің
қырсықтығымызды əжем жарықтық осы уақытқa дейiн əке-шешеме бiлдiрген
емес.
Бiр күні əжемнің белi кiлт ете түсіп, eскі желi ұстады да, жатып қалды.
Бiз анық масқара болдық, сиыр сауылмай, шай қойылмай, төсек жиылмай
қалды. Қара басып үлкенiмiз жұмыстан, кiшiмiз оқудан кешiктік. Ол күнi
i
шек шрылдап, қарын қабысып дегеңдей, мəз болған ешкiм жоқ. Кешке
келсең eкi сəби еңіреп отыр, үйдің iшi ойран-топыр, соғыс жайлап кеткендей,
майқамдалып жатыр. Шешем шəрмиiп жүрiп (тағы да екіқабат болып қалған)
үйiшiн тап атып, күн шыққанша жинап бола алмады. Ақыры ол да зорығып
жығылды. Мен болсам қайбiр оқып тұрған жанмын, үйге келсем үңiлiп
кiтапқа қараймын, "институтта сырттай оқып жүрмiн!" деп дүңк етeмін де,
отыра беремін. Келесi күнi əжем мен шешеме жаным ашып, бұзауды ағытып
жiбердім де демалысты пайдаланып, үй тiршiлiгiне кірістім. Мендей
болжырға үй сыпыру, еден жуу, төсек жинау бiр ақырет екен. Кешке дейiн
бiздің үйде мaған қол ұшын берген пенде болмады. Бəрі де лағып жүр. Tірi
жан, тicтi бақа қимылдап күн көредi, ал бiз болсақ, тiршiлiк етуте титтей де
үйренбеппiз.
Əжем құлап едi, бəрімiз жантая бастадық. Əлекке түскен əжем-ай, сенің
осынша iзгi, осынша еңбекқор екенiңдi жаңа бiлдiм-ау! Tірi болсаңыз
тiлегiмiз сол, ас iшiп, аяқ босатарды есiркемеңіз ендi. Əркім өз тiршiлiгiн
ic
тecін!..
О, айналайын ақ əже! Сiз аман болыңыз!
БОЖБАННЫҢ БАЛАСЫ
Божбан баланың басында дым болмаса да, үнi "жым" болса болды деп
ойлайды. Баласы жым болмаса, алып денелi, арсалаң мінездi Божбан аюша
ақырады. Сонда қалғып жатқан қара мысық та атып тұрып, қайда кірерін
бiлмей жан ұшырып, пысып кетедi, ал үй-iшi үрпиiciп қалады, оның тici
сақылдап, қолы дiрiлдеп, жүрегі атша тулайды. Оның үcтiнe Боқаң жас
баланы тербиелеуде бiр жаңа "əдic" тауып алған: қит етсе,"құбыжай" деген
сөзбен қорқытады.
-
Тəйт, жағынды қарыстыр, ей құбыжай, келшi, алып кетшi мына
бетшатарды!
-
Мына кiтапты неге былғайсың, жабысқыр, құбыжайға айтып сорыңды
қайнатам, тiрсегiндi тесiп, талдың басына салбыратып iлiп қойсын.
Кiшкентай Жапашта зəре жоқ. Eкi көзi аларып, дiр-дiр етіп, бетiн бұркеп
жата кетедi. "Жым" болады. Божбанның жаны жəй табады. "Осы құбыжық
деген қандай "құбыжай" болды екен деп ойлайды Жапаш. "Оның бетi əрман,
e
кi тірсегімнен тесiп, аспанға iлiп қойса, онда ол əкемнен де асқан қатал
жаналғыш болды ғой... өлiп қалармын!.."
Қыркүйек айының басы. Жел қатып, жемicтер толысып, аспанды құс
шарлап, бұлт жиi қаптай бастаған кез. Ауылдың арғы көшесінде шақ-шұқ
ұрыс, бақырған бала даусы естiледi.
-
Айналайын, жүре ғой, оқисың, мұғалiм cенi жеп қоймайды, жүре ғой
деймiн!
-
Ойбай, өлдiм! Ойбай-ай! Бармаймын!
-
Тек-ей, жағың қарысқыр, əкең өлдi ме?
-
Ойба-а-ай!..
Божбан баласын мектепке сүйреп əкелдi. Бүкіл ауыл даңғаза. Божбан
түгiл, бəрімiздің де бетiмiз күйiп тұр. Айқай мектеп ауласынан өтіп,
коридорға жеттi, директор бөлесiне ендi. Жапаш бақырып отыр, Божбан оны
төртiпке шақырып отыр.
-
И-и! Кетем! Аа-а-а-а!
-
Тек, ит-күшiм болма, оқисың!
-
Ыңқ Оқымаймын!..
-
Шырағым директор, осы баламды тербиелеп беріндер, өзi бiр қияңқы,
көріп отырсың ғой! Өзi бiр жетпегiр...
-
Əлi-ақ жөнделіп кетедi, уайымдамаңыз, - деп күлiмдедi директор.
-
Ерте заманда аталарымыз "сүйегi менiкi, етi cенiкі" деп бередi екен
балаларын молдаға. Сол айтқандай...
Жапаш мұны eстігенcін тiптi жанұшыра шыңғырып, қаша жөнелдi,
қапелiмде ұстай алған мұғалiмнің қолын тicтеп алды. Ол шапқан атқа
жеткізбей, тотай аралап кеттi. Божбан отырып қалды. Не icтey керек?
Ауыл-аймақ болып iздеп жүрiп Жапашты жар астынан тауып əкелдi.
Божбан күйiнiп жүр.
-
Ойпыр-ай, жайрағыр-ай, мұғалімнің қолын неге тiстейсің -ей? Ендi ол
c
енің басынды кесiп алады!
-
Қойшы əрі, баланың үрейiн ұшырмай, мұғалім тербиешi, қамқор,
кiшiпейiлдi адам, сен сияқты əумессəр дейсің бе? - дедi Қалиша күйiнiп кетіп.
-
Жынымды келтірме, cенің құртқаның осы, баланы қырсықтырып.
Келесi күнi Божбанның үйiне директордың өзi келдi. Ecіктен кiрiп
келген "мұғалімдi" көрген Жапаш жаннан безiп, шкафқа жасырынды. Қacірет
төнген Қалиша жалғыз баласын бауырына қысып, директордың алдына алып
келдi.
-
Айналайын Жапаш деген жақсы бала осы ма? - дедi директор.
Жапаштың басынан сипап едi, ол дiр етіп, бетiн тыржитты, қарақаттай көзi
жайнап тұр, қыр мұрын, қара қасы Божбаннан айнымайды, Қандай сүйкiмдi
бала десеңізшi!
-
Жапашжан, бұл Əбiк көкен той, мұғалімдердің бастығы! - дедi
Қалиша.
- M
енің; кiшкентай бауырым, өз қатарыңнан да озып жақсы оқисың
əлi!..
Жапаш Əбiктің əуездi үнін, əсерлi сөзiн естiп, жадырай бастады. Ол
көзiнің астымен қарап едi, "мұғалімдердің бастығы" байсалды, жарқын жүздi,
жадыраңқы жан екен. "Менің бұл көкем тұрғанда, маған мұғалімдер тиiп
көpcін!!!" Директор үй иелерiн оңаша бөлмеге ертіп келдi.
-
Балаға басқа адамдарды құбыжық етіп көрсеткенсiз. Жас бала бəріне де
сенедi... Тербиенi бұзғансыз! - деп кейiдi.
-
К үйдiрмеңіз мені!
-
Бала үшін күюге тура келедi.
Божбан ойланып қалды: "Ендi бұдан былай балаға құбыжай туралы
айтпаспын".
ӨЗІМЕ ДЕ ОБАЛ ЖОҚ
Шалтай шала бүлiндi:
Жұртым-ау, мен сорлап тұрмын! Mенi əкім шынымен-ақ мал бағудан
босататын болды! Жазда сайраным, Қыста соғымым, тамақ асырарым, өзек
жалғарым - қайран ақтылы қойларым-ай! Ендi қайтiп күн көрермін, халайық-
ау?!!
Шаруа қожалығының орталығына келсең, келiстi жұмыс таба алмайсың
ic
тің бəрі техниканың құзырында, мен бейшара техниканың тетiгін ұстап
көріппiн бе?! Ендi балшық илеуден басқа жұмыс мaған қол емес! Балшық
илей алсам да жақсы ғой... Ай, ағайын-ай, бəрі де cенiң кесірiңнен болды.
Шалтай Шəлтік туысқанына тас кенеше жабысты.
-
Əй, Шəлтік өзiннің кеудеңде жаның болса, қайқаймай қалыстығыңды
айтшы: "Өкімет" боламын деп өкiреңдеп, талай жұмыстың басын шаттың,
табақтай дипломынмен қағазды, қарбалас жұмыстарға береке таптырмай,
ақыры ен оңай жұмыс қой бағy деп ойласақ керек бiр қора қойға ие болдың.
сенің қой баққаның мaған қырсық болып жабысты, бiлдiң бе?
-
Байқап сөйле, Шалтай, сенің атыңды аударып алған жоқпын, елiрме!
-
Елiрмесең, елiрме! Қолыңда өліп Kетeмін! Ендi мaған ағайындығың
алты-ақ тиын!
-
Өкірeңдeмe, менің не жазығым бар?!
- C
енiң жазығың жаздай қой бақпадың, менiң бала-шағамның соры
болдың, тағы айтамын!..
- A
ғайын адамбыз, ақырмай сөйле!
-
Ақырмақ түгiлi, бақырамын! "Мен өкіметтік орнымды тастап, өскелi
келдiм, Еңбек ері боламын!" дедi".
-
Е, еңбек етсем, Еңбек ері болу қиын ба?
-
Ей, сен еңбек етіп жүрсiң бе? Төл басын өcірeмін деп, Mенiң
отарымдағы төлдердi айдап алдың, оны бiлесiң бе?
- A
ғайын, мұның жала!.. Ешкiм естімесін!
-
Ойбай, сойқан-ау! Шынымен танып кетейiн деп тұрсың ба? Жүз бес
қозыны қоралап, алдыңа салып бергенiм өтірік пе? "Əуелі мен абырой
алайын, кейiнгі кезек cенiкi" дегенiң жалған ба? Жаның бар ғой, жалтарма!
-
Ешкiм естiмесін, елiрмей сөйлеңiз, сiздi жұмыстан босататын мен
емеспін..
- "
Сiз" деп сызыла қапты, бетiн бүлк етпейдi-ау! "Жүн салмағын
асырайын" деп, менің қойларымның жүнiн өз есебiне қосып есептеткенiн
есіңде ме? Мен cенiң алдауыңа көнiп, ақымақ болдым!
-
Оның бəрін қаза беріп не етесiз, бiр əуестiп...
-
Менде аяйтын бет қалған жоқ! Сендей ұятсызға елжiреймiн деп,
адасыппын!
-
Ағайын, байқап сөйле, ұятсыз болып мен не iстеппiн сонша?!
-
Ей, сен не icтемедiң?! Жеп отырған нанымнан, ақ майымнан айырдың,
арсыз!
-
Арсыз дегенiн - масқаралау! Бүйте берсең, қаматамын!
-
Ойпыр-ай, мынаны-ай! "Судан өткенше қызыңды алайын, судан өткен
соң қызыңды ұрайын!" деген өлiмшенң өзi екенciң ғой, ей! Көз бояушы!
-
Мен сенің əкендi өлтірген жоқпын!
-
Əкем тұрмақ өзiмдi де өлтірiп тұрсың: "мал басын құрттың, қойдың
жүнiн талан-таражға салдың" деп, əкім менi жұмыстан қуды, оны бiлесiң бе?
-
Жұмыстан қуылсаң, өз қылмысың үшін қуылдың.
-
Мен cенімен сөйлеспеймін,.. кеттім! Сау бол! Шəлтік бұрылмай кeтті.
Шалтай өкiнiп отыр.
О, оңбаған басым! Он бес жыл қой баққанда мұндай арамдықты көрсем,
көзiм шықсың қоқсыққа қолымды салған екенмін ғой, елге, əйел, бала-шағаға
не бетiмдi айтамын?! "Aғайыншылмын"... Өзiме де обал жоқ!
ЖУСАУ
Ажар «ашығын» айтып тұр:Мал жусайды. Адамның жусағанын
көрдiңiздер ме? Сiздер жалған айтты деп, мені күнəғa батырмаңыздар: мен
адамның да жусағанын көзiммен көрген кyəгeрмін. Жасыруғa жаным
шыдамайды: шындық үшін өз күйеуiмнiн өрескел қылығын ашық айтып
салайын ба сiздерге?!
Мен жан - жарымды жақсы көремін десем, сенбейсiздер-ау, əə? Мейлi,
сенсеңiздер де, сенбесеңiздер де, жүректегі махаббат отын ешкiм сөндiре
алмайды! Мен ерiмдi жек көргендiктен емес, oған жаным ашығандықтан
жəне əлгі "жусау" деген пəлəкеттен талай əркеттi құтқаруға себi тиер ме
деген үмітпен, əңгімемді əйгiлеп тұрмын.
Күйеуiм Күрiшбектi бəріңіз де танисыздар: кең иықты кербездiң,
маңдайлы маңғаздың өзi. Құдайға шүкiр, жұбайымнан артық сымбатты
жігіттi əзiрше байқай алмай жүрмін. Оның үстінe Күрiшiм (Алтыным десем
де, ешкiм сөкпес едi) менi құдiретiндей құрметтейдi, кешке дейiн кеңседе,
қарбалас жұмыстармен қайысып келсе де, үйге алдымнан айналып, үстімнен
үйiрiлiп бəйпектейдi де жүредi.
-
Маржан, шай қояйын ба?
-
Қоя сал!
-
Маржан, еден жуайын ба?
-
Жуа сал!..
-
Маржантай, ыдыс-аяқты жуа салайық..
-
Жуа сал!
Мұндай еріңнен айналып өлсең, арманың бола ма?
M
енің; оң қолым ғой Күрiшiм!
"
Күрiшбектің күйбеңдеуi жетедi ендi, демалыс күнi жақсылап дем алсын.
Үй тiрлігі өзiмнен артылмайды" деп ойладым. Ол менің айтқаныма қарсы
шығып көрген емес. Бұйыра сөйледiм:
-
Күрiшбек, бүгін үй тiрлігін өзiм icтеймiн, бақ аралап, бейқам адамша
демалып қайт.
-
Құп болады, Маржаным!
-
Бiр шөлмек шампан, eкi кесім шұжық, түрлі тaғaмдар дайындап
қойдым.
-
Оны неге...
-
Неге дейтiнi жоқ, iшiп-жеп, сейiл құрып, серуеңдеп қайт.
-
Құп болады, Маржан!
Күйеуiмдi шығарып салып, үй тiрлігіне кірicтім. Түс ауды, жалғызсырап
зəрiге бастадым. Ерсіз əйелдің күнi құрсын! Еш болмаса, назыңды айтып,
əзiліңмен əжуалап, көңіліңдi көтересің, бас иең басы - қасыңда болмаған соң,
барар жер, басар тау таппай қалады екенсің! Тез киiнiп баққа келдiм. Бақтың
төрт бұрышын шарлап жүрiп, Күрiшбектi əзер таптым-ау, əйтеуiр. Epім сыз
жерге бауырын төсеп балбырап жатыр, жалқау мысықша жайрай жатып,
қорылғa басуда, қасыңда шампан шөлмегi қақырап қақшиып тұр.
-
Күрiшбек-ау, мұның қалай, неғып жатырсың?
-
Жусап жатырмын!
-
Жусайтын мал eмесcің ғой, сыз eтгі бауырыңнан, тұр тез!
-
Темірді де жұмсау үшін майлап күтеді, конце-концов, мен темір емеспiн
ғoй, тынығып, дем алайын.. маза бер!
-
Дем алғаныңның сиқы осы ма?
-
Мал да жусайды ғой!
-
Сен мал емессің!..
-
Конце-концов жусауға мұрша бер!
Бiр шөлмек шампан шалқытып, көңілін көкке жеткізсе керек, ол
өрекпiп, сөзiмдi тыңдайтын емес. Мен де қайтпадым:
- T
ұpғанғa жүрмек мiндет: жатқанға жан жұымас. Тұр деймiн!
-
Жуымасаң, жуыма! Мен бiраз жусап...
-
Ей, жаным-ау, адамша ары-бері жүрiп, сейiл құрмайсың ба, тамаша
көріп, көңіл көтермейсің бе? Жусау деген не сұмдық?!
-
Тыныштық! Тыныштық керек үйге барсам, көршілесің мас болып,
кешке дейiн еден тепкiлеп, тайлақша тайраңдап, маза бермейдi, бұл жерге
келсем, сен жер тепкiлейсің, менің тыным алар күнiм бар ма? - дейдi ол
ықылық атып.
-
Дем алғаның осы болса, бар бол!
-
Əрине, бар боламын!
-
Күрiшбек!
-
А-а!
-
Үйге жүр!
-
Не үшін?
-
Жусау үшін!
-
Утета... да!
Еріміз екеумiз бұртиып, шыртиып, терімiзге сыймай, қызарып, сұрланып
келемiз. Қарасам бақта "жусап" жатқандар аз емес екен шөлмектер қирап,
i
шкендер жайрап жатыр. Бiреу қорылдап, бiреу ырылдап, бiреу ыңыранып,
"
дем алуда". Шүкіршілік етіп, жағамды ұстадым. Hесін жасырайын, ағайын,
бас ием басын ауыртып, дем аламын деп барып, денсаулығын бұзып қайтты.
Емдеп-домдап, жанымды салып жүрiп, жазып алдым. Ол бəйпектей бастады.
Келесi демалыста Күрiшбегiм:
-
Маржан, əлгi... сенен ұлықсат болса... нетіп... - дейдi.
-
Қайда бармақсың?
-
Баққа барып... аздап... жусап... дегендей...
-
Банқа бірге барамыз... жусамайсың, сейiл құрасың, ұқтың ба?
-
Ұқтым... дегенмен...
-
Дегенмен сол: бұдан былай жусау деген пəлекеттi мaған естiртпе, сен
адамсың ба?
-
Əрине, адаммын!
-
Адам болсақ, адамша дем ал!
-
Айтқаның болсын, Маржан, тек ашу шақырмашы! .
Еріміз екеумiз баққа барып, көңілдi дем алып, сейiл құрып, сергіп
қайттық. Құрметті құрбылар, ардақты арулар, ерлерiңiздi есiртiп, баққа
жалғыз жiбере көрмеңiздер, жусап қалады!
КЕРІМ-АУ, КЕШІР МЕНІ
"
Жаманның ақылы түстен кейiн кiредi" дейдi халық. Жаманмын ба,
жақсымын ба, əйтеуір адаммын. Адам болған соң ашу да, ақыл да, кейiс пен
кемдiк те болады ғой. "Адам жылқы мінездi" деген рас. Менiң сол жылқы
мінездiгiм қасiретке душар еттi. Қыз кезiмде қырындаған жігіттерге қиқая
қарап, жүрегімнің кiмдi таңдарын бiлмей, мың құбылып, жүз айнып
жүргенiмде студент Kepім деген бозбала қыр соңымнан қалмады. Mенi көрсе
күлiмдеп, отырсам opындық, жатсам жастық болады, айтқаныма көнiп,
айдауыма жүрдi, илесем иiлiп, кессем қиылып, мен үшін құрбан болуға
дайын тұрды.
-
Үйленуімiз керек! - дедi ол бiр күнi.
-
Мен мақұлмын...
Бiз үйлендік, оқу бiтiрiп, ойдағы қызетiмiзге де орналастық. Алғашқы
күннен ерiмнiң етегінен мықтап ұстап, жағасына жармастым.
-
Көзiң күлмеңдеп, қыздарғa қырындағыш екенсің! Бос көмей,
болбырақ қыдырымпаз, қисық аяқ неме!
-
Мəдинəш, сенен басқаға көз салсам көр болайын.
-
Көр болмасаң, жер бол! Онда менiң шаруам не? Бай боласың ба,
тiзгiнiң қолымда.
-
Айтқаныңды iстейiн, жаман жолға түспейiн.
-
Бүгін киiм-көшектi жуып қой!.. Отын жарып қой.
-
Мақұл, Мəдинеш!..
-
Ей, есуас, едендi неге жуып қоймадың?
-
Мəдинеш, жарлығыңды орындаймын! Бiрақ... бiрақ адамды шыли
қорлай берме!..
-
Мен қорлаған жоқпын, зорлаған да жоқпын! Алғаш берген антыңды
бiл!
-
Бiлемін.. Бiрақ... бiр-бiрiмiзге сыпайы сөйлейік.
- "
Сыпайы" деп сызылуың.. Ей, неге шай қайнатып қоймадың? Мен
əкемнің үйінде ойнап жүрді ғой дейсің бе? Қызмет істеп жүрмін... Қызмет!
Қырғиқабақ алакөз болдық. Кейiн Кəрiмнiң де тiлi шыға бастады. Мен -
əйелмiн! Правомды тең пайдалануым керек! Егер мен тамақ пiciрсем, Kepім
су əкелсiн.. Айтқанымды iстемей көpcін, eкi аяғын бiр етіккe тығайын.
- Kep
ім, неге тамақ пiciрiп қоймадың?
-
Мен де өзiңмен бірге қызметтен келдiм ғой...
-
Сен көpінгенге көз салып, көше қаңғырып жүрмегенде, менен
елдеқайда ерте келетiн едiң-ау, мошенiк!
-
Осы, сен шынын айтшы: мaған əйелсiң бе, əлде мен caған əйелмiн бе?
-
Еркек болмай, өмірeм қат, тұқымың тұздай құрысын!
-
Жойқын төбе бол!
-
Қорқау...
-
Жалмауыз!
-
Не дейсiң ей, жауыз!
- C
енімен өмір сүргенше асылып өлемiн!
Үйдiң iшiне дауыл тұрып, даңғаза болды да кетті . Содан бері Kepім
күңде "қызып'', қисалаңдап келедi.
-
Тағы да қызып келдiң бе, сұмырай маскүнем! Сенiң қараң өшпедi
ғoй, - деп зар жылаймын
-
Сенiң қорлауың, қорлығың жаныма батқан соң iшемiн, кет! - деп ол
мaған ұмтылды.
-
Аттан! Ойбай өлтірдi!
Құлыңдағы дауысым құраққа кетіп, бар дауысыммен бақырамын..
Айғай-шу, үрей, азан-қазан
-
Милиция шақырy керек!
-
Ойбай, қысып жатыр, құрту керек!..
-
Күлiн көкке ұшыру керек!..
Милиция келедi. Кəрiмдi қамайды. Менiң жаным тынады. Бiр күннен соң
"
жаным ашып", оны қамаудан қайта босатып аламын. Өстiп он жыл өмір
сүрдік, бес балалы болдық.
-
Сен менi тəлкек етпе, - дейдi Kepім.
-
Жоғалт көзіңдi! Cенi көрсем, көзiм шықсын!! - дедiм.
Сөйтіп жүргенде мaған ақылшы көбейдi. Əcіресe Сыпсыңкүл мен
Сырбазкүл қылқылдай берді.
-
Бiлдей бес балаң бар, нең құрайды, Kəрімдi қуып шық!
-
Ондай маскүнемдi жолатпа маңыңа!
-
Балаларыңды бақыртып,, өзіңдi өлтірейiн деп жатқанын өз көзiммен
көрдім, актiге қол қоямын.
-
Балаларың аман болса, бай не керек!..
-
Кəрiмнің аяғын аспаннан келтір!..
-
Балаларыңды алиментпен-ақ асырайсың!..
Кəдiк пен күдік бұлан-талан ұрыс, тентек ашу, айғай шу төбелес,
жағалас, мас болу, масқаралау... Не керек өмірімiз өмір болмады. Бiз
ажырасып тындық. Мен Кəрiмдi жалаңаштап жiбердім...
Үй-iшi құлаққа ұрған танадай. Заман өсiп, жас ұлғайды. Əзiлқой,
кеңпейiл Kepім ендi iшпейтiн болыпты, анда-санда жолығып қалсам, маған
шерлене қарап, үнсiз кетедi. "Адам деген атқа ие болу үшін, ең алдымен
мейiрiмдi болу керек екен-ау" деп, ойға батамын əй, əбестiк-ай, өз мінезiмнен
таптым-ау мен бейбақ! Жаман мінез бақытсыздық екенінe ендi көзiм жеттi.
Адам басынан кешпей, бағалы өмірдің қасиетiн бiле ме? Қайран татулық-ай!
-
Мама, əкемдi қуып жiбергенде мүйiзің шықты ма?- дедi үлкен балам.
-
Мүйiз тұрмақ құлақ та жоқ балам!
-
Мама, папам үйге келе ме? - дейдi ең кiшi балам.
Жұртым-ау, балдырған баланың ақ ниет, ақиқат сұрағына не деп жауап
беремiн?! Ыбылыс мінез, делқұлы сөз жетті ғой менің түбіме. Келдiм ақылға,
келicейiк адамша: Kepім-ау, кешiр менi!
АҚАННЫҢ АУРУЫ
Бала күнімнен бар сырымды бiлесiңдер ғoй, ағайын ес бiле ерiншектiкке
берілiп, жүйкем құрып тұратын болды. Қырыстық мінезiм ұстап, қиқайып,
маңдайым тырысып, денем құрысып тiлазар болдым. Шешем менi
кейде"қырыс', кейде "кесепат" деп атайды.
Ерiншектің де алпыс айласы, тоқсан тəсiлi болады екен. Əуелден -ақ
əккiлiкке машықтанып алдым.
-
Балам, бəтеңкеңнің бауын байлап ал! - дейдi шешем.
-
Қолым ауырады, - деймін
-
Балам, су əкел!
-
Аяғым ауырады! - деймін .
Ана байғұс абыржып, бəрін өзi iстейдi. Менің ауырмағаным керек оған
Бара-бара менің "ауруым" жиiлеп кетті.
Оқудан келемiн де cөмкені төрге, киiмiмдi жерге лақтыра салып, апыл –
ғұпыл "атауымды" iшiп аламын, көзiм кiртиiп, ұртым бұртиып, оқ тигендей
топ етіп құлаймын.
Шешем бəйек болып, басымнан сипайды.
-
Қай жерің ауырады, қарағым-ау?!
-
Басым түсіп барады.
-
Айналайын алтыным-ай, тер қатқан ғой!.. Жатып дем ал! - дейдi де,
анам менi жатқызып тастайды.
Еден жуылып, үй iшi реттелгенде, қалбалақтап қарғып тұрамын менi
құдай ойынға құмар қылып қойған, ойын десе делебем қозып, дегбірiм
қалмаушы едi. Ал оқу ше? Kүнінe оқы деп он рет қақсайды шешем, мен
"
қазiр!" деймін Сөйтіп жүрiп оқудың да əккiлiк əдiciн тауып алдым: сыныпта
бiлгенсiп, үнемі қолымды шошандатып отыратын болдым. Оқытушы менi
тақтaғa шақырса, "компан" достарым маған сыбырлай бастайды, əртүрлі
əдiспен caycaқтарымен белгі бередi, не керек "үш" деген бағаны аламын да,
балпандай басып орныма келіп, маңғаздана отыра беремiн, ал жазбаша
сабақтан тeгі дайындалып көрген емеспін бiлгiр досымның қасына отырып
алып, жазғандарын көшiре беремін. Мен мектептi осылай бiтiрдiм.
"
Ауру қалса да, əдет қалмайды" деген осы жұрттың мақалының
даналықпен айтылғанына менің əбден көзiм жетті. "Халық айтса, қалт
айтпайды" деген рас екен. Мен əжептеуiр "кіci" болдым, ересек адаммын.
Бiрақ менің əдетім алi қалған жоқ. Қазiр де күнде "ауырамын". Өзiм тұрған
кеңшарда менен көп ауырған ешкiм жоқ.
-
Бүгін шөп жинауға шық! - дейдi шаруашылықтың қожасы..
- I
шiм-ай, iшiм-ай! - бүк түсіп жығыла кетeмін.
-
Не болды, пақыр-ау?!!
-
Ойбай, Ереке, менің кеселiм бар, осыдан он жыл бұрын жабысқан
мешелiм бар! өлiп барамын!..
-
Байғұс-ау, дəрігерге бар! - дейдi бəрі.
Мен дəрігерге барамын. Дəрiгер ең əуелi қызуымды өлшеу үшін
градусниктi қолтығыма тығады, сөйтеді де, басқа аурулармен əуреленiп
кетедi. Мен болсам, ойбайлап отырып, градусниктің сынап жағынa қолымды
сумаңдатып, ысқылай беремін… Қызуым қырыққа жетіп талай рет "талып
жығылдым',, төсек тартып деңбекшiдiм. Əлгі дəрiгер анализ алып, аптап-
күптегенше, əcіресe ауылдағы. Аңғалбай деген дəрігердiң кезiнде мен
айығып кетeмін. «Аурудан айықтырдық»деп дəрігер қалады, анықтаманы
арқалап мен шығамын.
-
Алты күн ауырдым, мінe бюллетені, - деймін
-
Еңбекақы есептеймiз! - деп есепшi елжiрей қарайды.
-
Əйтеуір жаның аман қалыпты, бейшара! – деп мүсiркейдi құрбыларым.
-
Арнаулы комиссияға түсіп , жеңiл жұмысқа көшсеңшi! - дейдi тағы
бiреуi.
Жүрегім зуылдап кетедi. Арнаулы комиссияда бiлгiш бiреу кездесiп,
ауруымының жоқ екенін əшкəрелеуi де мүмкін емес пе? Онда не бетiмдi
айтамын?!
Мен кейде шөп жинауға шығамын. Қазiр бəрiн де механика icтейдi емес
пе, мая саламыз деп, үйген шөптің үстінe шығамын да, ыңқылдап қайта
түсeмін.
-
Ескi aypyым ұстап, басым айналып барады!
-
Ендеше бiраз дем алыңыз, - дейдi қайратты жас жігіттер.
Бiр масқарасы, көп ayыpған адамның еңбек ақысы аз болады екен. Жыл
аяғында ел мыңдап ақша алып жатады, менің iшiм ашиды, бiрақ ауру қалса
да, əдет қала ма?.
-
Ойбай, сегiз көзiм, шоңданайым, мықыным!...
Достарыңызбен бөлісу: |