Əдібай Табылды



жүктеу 5.01 Kb.

бет1/25
Дата28.12.2016
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

 
 
                           
  
Əдібай  Табылды 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
             
                                     
Үшінші том 
 
 
 
        
       
САТИРАЛЫҚ  ТАҢДАМАЛАР 
 
 
        
          
Ақын,  жазушы,ұстаз-ғалым  Əдібай Табылдының қазақ 
сатирасына сіңірген еңбегі бір төбе: «Қой бағу оңай ма?», «Мен 
кіммін білесің бе?», «Үлкендерге үлес», «Əзіл-оспақ,сын-сықақ» 
т.б.сатиралық жинақтардың авторы.Сатира сарбазы «Ара» 
журналы мен  газеттердегі «Кілтипан»,«Сүзеген сөз», «Қисық 
айна», «Қожанəсір», «Оспанханның отауы»  айдарларына 
сықақтық шығармаларын үздіксіз ұсынып келедіҚазақ 
сатиригінің бұл жинағындағы екі жүз мысқылдары мен жүзден 
астам қысқа мысалдары,отыздан астам скетчтері,жүзге 
тарта сатиралық əңгімелеріондаған қағытпалары мен 
шымшымалары қазақ сатира жанрларын молынан 
толықтырып,  өз ерекшеліктерімен оқушыны қызықтыра 
баурап,тəрбиелейді
 
 
 

 
                    
МЫСҚЫЛДАР 
 
 
МІНШІЛ  БЕК 
 
Бек тарыдай мінің  болса,  «жерлейді», -  
Ал  өзінің  таудай мінін  көрмейді.   
Сынай қалсаң,  «қастекісің сен» дейді,  
Ақиқат пен  əділ  сынға 
көнбейді
.  
 
Өзіңе бақ сынау үшін теңіңді, 
Сөзіңе шақ ісің  болсын сенімді.  
 
                       
      
ƏПЕННІҢ ӨСЕГІ 
 
Əпеннің көп Ес туралы өсегі: 
«
Өлеңінің мəні жоқ!»-деп еседі. 
Өсек сөзі өзгелерге көшеді, 
Өнер бірақ өршеленіп өседі. 
 
Сап алтынды мыс дегенге сенер кім? 
Тап алтынын, бағасын  бер өнердің. 
 
 
АЯЛАУ МЕН АЯМАУ 
 
Саялады жарын Бек «жүрегім!»деп,  
Аялады жасында «тірегім!»деп,- 
Күндер өтіп, кəрілік таяғалы, 
Күнде зекіп, «кемпірін» аямады. 
 
Қос жүректі мəнгіге қосқан арман: 
«
Қосағыңмен,-шын бақыт,-қоса ағарған!»   
 
 
КҮЙІК 
 
Ез, паң Бекен ойлаумен өз басын тек 
«
Озсам екен» деместен, «озбасын»деп, 
Алға басқан досына қақпан құрды: 
Арланбастан иттігін мақтан қылды. 

 
Міншіл езбе жаласын жапқан удай:  
Күншіл ездей күйіктен сақта, Құдай! 
 
ОТ БАСЫНДАҒЫ АУЫРУ 
 
Сəріден Сəтке бас қайғы; 
Сəрсенкүл ұрыс бастайды. 
Еріне тағып мың күнə, 
«
Көріне» тығып тастайды. 
 
Ұрыс бар жерде бірлік жоқ: 
Бірлік жоқ жерде тірлік жоқ. 
 
 
СӨЗ АУЫРУ 
 
Сөлтінің жары сұр бұзық,  
Сөз қуып «есе» даулайды:  
Ұшынған  сөзді «тұрғызып»,  
«
Ұшқынан жалын қаулайды».  
 
Арамдық  ойлап, сөз қума,  
Адалды қорлап, ез қылма.  
 
 
МЕСҚАРЫН МЕКЕН 
 
«
Ерте тұрып, жаттығамын, шынығам!  
Еңбек етем, таза ауада тынығам!»-  
Деген сөзі – құрғақ болып қалады:  
Мекен өзі «месқарын» боп барады. 
  
Жеуді байқа «мешкей деген жақсы ат па?»,  
Жегіш болу жеткізбейді мақсатқа.  
 
 
  
АШУ-ЖЫН  
 
Кесір ашу – ауыру  
Кердің есін  алыпты, -  
Ақыл – дерттен сауығу  
Ақ жолына салыпты.  

 
Ақыл -   жанның киесі.  
Ашу – жынның  иесі.  
 
 
  
АҚБАЙ МЕН БЕКБАЙ  
 
Ауылдағы Ақбай ойлы данадай:  
Сөз бен  ісі өнегелі,  салмақты, -  
Ауладағы Бекбай бəлду – баладай:  
Сөзі – қылжақ,  ар ұяты қалмапты.  
 
Арттағыға бата, тəлім бере алған  
Қарттарыма ар мен иман бер, Аллам!  
 
 
ƏУМЕСЕРДІҢ ƏЛЕГІ  
 
«
Нарық өсіп, кетті, балам берекет,  
Жұрт қатарлы жаса сен бір əрекет», -  
Деді əкесі, - ал  баласы құтырып,  
Қару жұмсап, болды нағыз «рэкет».  
 
«
Мал табам» деп, қан  төгіп жүр  əумесер:  
Өксіп өлер ондай елге жау, есер.  
 
 
АПАЙ ЖЫНДАНДЫ  
 
Əшен  апай жынданды да, құрысты:  
Əулетіне бұлданды да,  ұрысты.  
Анайы сөз  айтылып  тым  оқыста,  
Ана тілі былғанды «жым – қоқыста».  
 
Кім  сүймейді аялаған  анасын, -  
Əзіз ана бұзбасын  тіл  санасын.  
 
 
ТӨРКІНСІЗ ҚЫЗ  
 
Байлыққа арын сатты да  
Байыпсыз қызы Еркіннің  
Табысты күйеу тапты да,  
Танымай кетті төркінін.  

 
Қайғыға салар дау артып,  
Қайырымсыз қыздан  жау артық.  
 
БЕЙШАРА  
 
Арақ ішсе удай боп,  
Ардан безер «құдай» боп, -  
Ішпей жүрсе, бейшара...  
Ілесбекке не шара?!  
 
Арақ – шайтан несебі:  
Ардың ауыр  кеселі. 
  
       
ОЙРАНБЕК  
 
Сойталдай жігіт Ойранбек  
Ойламай «қартын» аяуды:  

Бала қамын ойла! – деп,  
Алақанын  жаяды.  
 
Нақұрыс – масыл оңбайды:  
Əкеге сол да - мол қайғы. 
  
     
БАЙЫҒАН КЕРІМ  
 
«
Баймын!» -деп, Керім өрледі,  
Менсінбей жұртты жерледі. 
Кішіні көзі көрмеді,  
Үлкенге сəлем  бермеді.  
 
Байыса есер «ноян-ды»,  
Адамдық  парқын  жояды.  
 
 
   «
НАҚАЛДЫҢ» НАРҚЫ  
 
Сауда десе «сайтан» жан –  
Дауға нақал  майталман:  
«
Нарық түзіп», дауласты,  
Парық бұзып, жауласты.  
 
Қалып бұзып обыр, нас  

«
Нарық түзіп» оңдырмас.  
АЗАП ПЕН ТОЗАҚ  
 
Айғаным  күйеуін «кеще» деп,  
Айғайын, гөйгейін  салады, -  
Айлығын  ұнатар «өссе» тек:  
Ай сайын  есептеп алады. 
 
Азап  мол  жар «соқса» ұрысын,  
Тозақ сол – мінезі.... құрысын! 
  
                        
ҚИҚЫМНЫҢ ҚИЯЛЫ  
 
«
Еңбексіз- ақ  еселеп  
Олжа тауып, жесем!» - деп,  
Қиялдайды Қиқым да,  
Ұялмайды «жесе» көп.  
 
Құлқын  тартып  «олжадан»,  
Құлық  бұзса, сол - жаман.  
 
 
ОҢҒАҚ  
 
Күбір – күбір  күңкілдеп,  
«
Күйіп кетіп», шіңкілдеп,  
Көрпан  отыр əркімді  
Бір жамандап, бір тілдеп.  
 
Ойлайтыны – жамандық,  
Оңғақта жоқ адамдық.  
 
 
ПАРЫЗ БЕН ҚАРЫЗ 
  
Алан зарлы «қарыз» беріп  баласы,  
Балалары əкеден  тек «аласы».  
Ақша, малды есептесіп,  таласты,  
Алшақтанды əке мен ұл  арасы.  
 
Əздек  бала орындамай парызын,  
Əкесінен  талап  етер «қарызын».  
 

 
    
КЕСЕЛДІ ТƏБЕТ  
 
«
Тəбеттендім: бір жүз грамм ішем», - деп,  
Əдеттенді кесел  тауып Үсенбек.  
Жүз грамсыз оған  тамақ батпады, 
«
Қызды» əлсіз, денсаулығын таптады.  
 
Денсаулықты күтіп,  үйрен  əманда,  
Жансаулық пен еңбек қымбат  адамға.  
 
 
 
ҚҰБЫЛҒАН ҚҰМАРКҮЛ  
 
Жігіттерге қылжаңдап,  
«
Үміткерге» ыржаңдап.  
Құмаркүл жүр құбылып,  
Тұрақтамай бір жанға.  
 
Тапса да «дос», мың «жолдас»,  
Құбылмада құн болмас.  
 
 
  
МІНШІЛ ТАУБАЙ  
 
Таудай ісіңді міндеп,  
Таубай жамандап  тілдеп,  
Есіл  жандарды күндеп,  
Кесір, айтқаны - кіл  кек.  
 
Міншіл – тірліктің жауы,  
Күншіл - бірліктің жауы. 
  
                             
МƏҢГҮРТ  
 
Өз тілін Кер жетесіз  
Үйренбей жүр қырыстап.  
Аты-жөнін қатесіз  
Жаза алмайды дұрыстап.  
 
Сор болады салғырттық,  
Қор қылады мəңгүрттік.  

 
 
ЖАПАЛДЫҢ ДИПЛОМЫ  
 
«
Оқудың құты – білімде,  
Сиырдың сүті - тілінде», -  
Десе Бек, Жапал жалтақтап  
Қарайды сиыр тіліне.  
 
Диплом алсаң, ол - жалаң:  
Білімсіз болсаң, сол – жаман.  
 
 
КЕР КЕҢКЕЛЕС  
 
Кер  кеңкелес ақша шашып, май асап,  
«
Керек емес жаназық пен саяхат!»-  
Деп, демікті алғаннан соң иелік:  
Дерттеніпті «байлығына сүйеніп».  
 
Пес өстім де жаназығың болмаса,  
Есекпін де, санаңа нұр қонбаса.  
 
 
   
КЕСІР ЕНЕ  
 
Кесір ене, қара жүрек, тілі ащы –  
Екілене қуды үйінен Құлашты.  
Дауы – «жыры», қарғысы тиіп  өзіне,  
Ауыруы азабымен ұласты.  
 
Ене – қамқор, игі дəстүр зейінмен,  
Залым ене зардап көрер пейлінен 
 
.  
                                 
ҰРЫСҚАҚ ƏКЕ  
 

Сенен түбі жақсы кісі шықпайды! –  
Деп, Еркінді  Кер əкесі «нықтайды»:  
«
Жібі түзік» бір құлығын көрмейді.  
Үміт үзіп, күнде зекіп, жерлейді.  
 
Өр өреңді жасытпа көп ұрыс  сап:  

Өнегеңді іспен көрсет дұрыстап.  
 
 
ИЕМБЕРГЕННІҢ ИЕЛЕНГЕНІ  
 
Иеленген жекеше сиырларын  
Иемберген сатты да «бұйырғанын»,  
Жұтып қойды. Қарыздар. Төлемі көп...  
Жылап  отыр: «Кедеймін, өлемін!» - деп.  
 
Мал  қадірін  білмеген  жалқау оңбас:  
Өміріне «нарық», «заң» арқау болмас.  
 
 
  
АҚЫЛДЫ БОЛУ - ҚИЫН  
 
Ақылын  айтып  дəйім,  
Арақтан салып, «тыйым»,  
Балқия сөкті байын:  
«
Басыңда жоқ,-деп,- миың!».  
 
Мейлің  өкін, күйін,  
Ақылды болу - қиын.  
 
                      
АМАНДЫҚ ПЕН ЖАМАНДЫҚ  
 
Нарық – үнем бақ берердей құйылып,  
«
Үлес» алды Бек Аллаға сиынып.  
Құры үміт  тек,  əрекетсіз  «үлес» - тұл,  
«
Құрыдық!» - деп, налыды енді ол  күйініп.  
 
Амандықты, бақты  Құдай береді, -  
Жамандықты жалқау өзі тереді.  
 
МАРЖАН МЕН МАСЫЛБЕК  
 
Маржанның жаны – «сауғада»:  
Бар жанын  салар  саудаға, -  
Масылбек – оның жұбайы –  
Масыл тек, ішіп, құлайды.  
 
Қажырсыз масыл көбейді, -  
Қатыннан кеммін  демейді.  

 
МАРДАННЫҢ РАЙЫ  
 
Күн райы бұзылғанда түнеріп, 
Күн мұңайды нұрын жерге бере алмай.  
Күйді Мардан, «мың тіріліп, мың өліп»,  
Күйкі жардан көңіл нұрын көре алмай.  
 
Жұбайының  ашылмаса қабағы,  
Удай мұңы ер жүрегін  қабады. 
  
                         
ҚҰТБОЛДЫҢ ТАЛАБЫ  
 
Құтбол: «Спорт ұнады!» - деп,  
Футбол  көріп, «беріледі», -  
Кергіп,  түсте тұрады тек,  
Керілуге ерінеді.  
 
Ниеті бар, - қайласы жоқ:  
Бос «талаптың» пайдасы жоқ.  
 
  
ЖЕБІРДІҢ МОЛАСЫ  
 
Бірінші рет кассадан  
Бір мың  теңге «асаған», -  
Екінші рет екі мың...  
Енді шек жоқ. Мəссаған!  
 
Өңез тоймай азады:  
Өз моласын қазады. 
 
 
     
ТƏШЕННІҢ ТƏЛІМІ  
 

Үлкенді сыйла, жайрағыр!  
Үлгі алу деген қайда бұл?!  
Деп, Тəшен  тентек баласын  
Дедектеп ұрсып, «қайрап» жүр.  
 
Тəлімдеу үшін əдеппен,  
Əдепті сөйлеп əдеттен.      
 
    
ЖЫЛАН ТІЛДІ ЖАР  

 
Күйеуін Маржан тілдейді:  
«
Күйреуін» тілеп, қарғайды.  
Қадірін  ердің білмейді,  
Қабірін  сайлап, зарлайды.  
 
Жүрмейді пес жар  жыланбай:  
Тілінің уы жыландай.  
 
 
 
КЕР БИКЕШ  
 
Өз отын – жігіт  алауын  
Кер бикеш  жастай таптады:  
Қырықтан асты, - «қалауын»  
Қыры кеткенше таптады.  
 
Кертумен кей қыз шалқаяр, -  
Кесірлік  дертпен қартаяр.  
 
 
   
КЕСІРЛІ СТУДЕНТ  
 
Кезінде Бекен ғалымның  
Сөзіне құлақ аспады...  
Кейіннен ұстаз  тəлімін  
Кеюмен  аңсай бастады.  
 
Білім  ап ұстаз  сөзінен  
Білікті болу - өзіңнен.   
 
 
  
БІЛІМ АҚША ЕМЕС  
 
Əкенің жұмсап  ақшасын,  
Атаның бұлдап  ақ  шашын,  
Саудаға салып  басқасын...  
Оқуға тұсті жас Қашым.  
 
Ақша – су, ғылым  болмайды:  
Ақшамен  білім  қонбайды.  
 

 
АЗҒЫРСА,  ДОС ДЕП САНАМА  
 
Құбылып  сөйлеп, наз  қылып,  
Қулығын жалдап, жазғырып,  
Қылымсып жүріп қу сені 
Қылмысқа тартар  азғырып.  
 
Айлакер саңғып  санаңа,  
Азғырса, дос деп  санама.  
 
ЖАҒАДАН АЛҒАН ЖАР ЖАМАН  
 
Өріккүл: «Сырға - алмастан 
Өлемін сатып алмасаң! 
Білезік салам алтыннан! » - 
Деп, жарын алды алқымнан.  
 
Қысқанда ерді тар заман. 
Жағадан алған жар жаман. 
 
                      
ҰҚПАСА СЫҢДЫ ДОС –БЕКЕР 
 
Айтты деп Осман мінімді,  
Айтымбек одан түнілді: 
-
Өзіңде жоқ па кемшілік?  
Өршітпе менің жынымды! 
 
Ұқпаса сынды дос –бекер: 
Ұлағат достық бос кетер. 
 
     
БӨКЕҢ БӨСЕДІ 
 
Арақ ішкенде «жыны» бар: 
-
Ақылды менен кімің бар?!- 
Дейді де, Бөкең бөседі,- 
Сөзінің қандай құны бар? 
 
Бөрігіп, қанша бөссе де, 
Бөспені мылжың, кеще де. 
 
 
ХАЛҚЫН СҮЙІП,ОҢДЫРМАС 
 

Өз ісіне келгенде, 
Өзегін Сəт салады,- 
Қоғам ісі дегенде, 
«
Қолы тимей» қалады. 
 
 
Қаны қара болбыр, нас 
Халқын сүйіп оңдырмас. 
 
    
МАНСАҚ ПЕН МАНСАП 
 
Мансап қолға зорғадан тиіп еді, 
Мансақ көптен өзінше, «биік» еңді. 
«
Көресің!»деп қоқандар пірадарға, 
«
Төрешіл» деп,жұрт оған күйінеді. 
 
Жолдан шығып, мансаппен «зор» боласың,- 
Қолдан шығып кеткен соң, қор боласың. 
 
МАХАББАТ ДҰШПАНЫ -ӨКТЕМДІК 
 
Ержан жүр:-Мен билік етем!-деп, 
Маржан тұр:Мен сенен өтем!-деп...  
Билік боп таласы, күйзелді: 
Бірлік жоқ, отбасы күйреді. 
 
Татулық негізі –тек теңдік,- 
Махаббат дұшпаны -өктемдік. 
 
  
       
САРАҢНЫҢ СИҚЫ 
 
Санаубек тиын санап күбірлейді, 
Сараңның саусақтары дірілдейді: 
Солғандай сиқы кетер ақшаны ойлап, 
Сормаңдай қалай тірі жүрмін дейді. 
 
Алаңдар өзіне өз мүлкін қимай, 
Сараңдар қор боп өтер құлқын тыйиай. 
 
ҚҰЛТАЙДЫҢ ҚҰЛҚЫНЫ 
 
Құлтай пес елге əкім боп, 

Құлқынға жаны жақын боп: 
Жегіштік жолға түсіпті,- 
Жегенін сотта  құсыпты. 
 
Нəпсі –сор , дұшпан, біліп ал: 
Қанағат-досың тілін ал. 
 
 
     
КӨКЕН КӨПІРДІ 
 
Бай болды: Көкен  көпті енді,  
Байлығын  шашып, төкті енді.  
Салтанат  тұрмыс  құруға, -  
Сабыр  мен  ақыл  жетпеді.  
 
Ақыл, бақ  ерді зор қылар, - 
Ақымақ  бақты қор қылар.  
 
«
КӨШІРМЕ» СТУДЕНТ  
 
Компьютордан  көшіріп,  
«
Ғылым» жазды студент:  
Ұстаз оны кешіріп,  
Баға қойды «күшті» деп.  
 
Көшіру ғылым болмайды,  
Ойсызға білім  қонбайды.  
 
 
    
БӨСЕРБАЙ  БӨСТІ  
 
Ананың  əр  ісін  жақтырмай,  
Əкенің сөзіне тақ  тұрмай,  
Бөсті көп Бөсербай: «Мен-өзім!  
Өстім!» - деп, безді үйден «таптырмай». 
 
От  басын білмесе сыйлауды,  
Ұл деме көр, дөкір, милауды.  
 
 
ЕСЕНТАЙ МЕН ЕСІРІК  
 
Есентай тартып  есірік,  

Есінен  танды есіріп:  
Сөзі де езгі «зор» болды;  
Өзіне өзі сор болды.  
 
Ұу сорған  милау, жазаба  
Ұсынар өзін «жазаға».  
 
МЕКЕН  МЕНСІНБЕЙДІ  
 
«
Мерседес» мініп, қайқаңдап,  
Мекең жүр жұртқа «пішту» деп,  
Мінезден иттік байқалмақ:  
Жұрт айтпас оны «күшті» деп.  
 
Баймын деп, мəз боп, «бүлінбе»:  
Байлығың - еңбек, білімде.  
 
       
ҚАШҚЫН  
 
Жалқауланып  студент,  
Лекциядан қашып жүр: 
Дос сынаса,  «пішту» деп,  
«
Жүз грамды» басып жүр.  
 
Еңбексіз  оқу бола ма?  
Есалаңға жолама.  
 
 
           
КЕСІРЛІ КЕСЕЛ  
 
Татырбек «ішпеймін» деп, «татып» жүрді, -  
Татқан соң дертке қайта батып жүрді.  
Шараптың «шалқарына» жүзіп  еді,-  
Арақтың кеселі де үзілмеді.  
 
Ішкішке ішу – бақыт, қою – қайғы,  
Іш-ішке көнгіш кесел жойылмайды.  
 
 
 
       
ДАРЫНСЫЗ ДАҢҒАЗА  
 
Əн  салам деп Əміржан қиқуланды:  

«
Əн шығарып», өзінше «күй» құрады.  
Өнер емес,  сандырақ – салған  əні,  
Келер  емес күйінің қисындары.  
 
Даңғазалық  өнер ме? Зорланба бос.  
Дарының жоқ, өнерді қорлама, дос.  
 
 
                
ПАРАҚОР  
 
«
Алғыш» Бекен жұрттан пара алады 
Алған  сайын бір  қуанып қалады, -  
Дедекпелер зорын беріп параның,  
Делебенің ашып алды аранын.  
 
Парақордың  мейманасы артады:  
Пара - сордың  кертін кейін  тартады.  
 
 
      
УƏЛИДІҢ  УƏДЕСІ  
 
Уəли тым сөз бергіш-ақ елпеңдеп,  
Уəдесін бере салар «ертең» деп.  
Мың сөзінің орындалмас біреуі,  
Шын сөзі оның бар деп қалай ел  сенбек.  
 
Көпіргеннен көп  іс күтпе,  сенім жоқ:  
Лепіргенмен ісінде оның өнім жоқ.  
 
 
       
МАҚАН МАНДЫТПАДЫ  
 
«
Арта берсін айлық», - деп, көп  іс алды. 
«
Айлықта ғой байлық!» - деп, «тегіс» алды.  
Мақан өзін жекті де талай іске,  
Мандытпады жұмысты, сөгіс алды.  
 
Кенеу кетсе жұмыстан ол – бір қайғы:  
Кем емес ол қылмыстан, оңдырмайды.  
 
 
        
ТОПАС ТОРАН  
 

Топас Торан баспаны басқарады, -  
Дарындыға қарсы боп, қастанады.  
Өз сөзімен өзін тек ұнатады:  
Өнерліні өшігіп, құлатады.  
 
Ұлағатты мінбені, баспаны да  
Ұсынбаңыз өнердің қас-жауына.  
 
 
МАРДЫМСЫЗ  МАЛШЫЛАР  
 
Өркен  малын  кезінде суармайды,  
Өрістетпей, қайырып, қуалайды.  
Қырсыз Қырбас қойын тек қоралайды:  
Қымызы бар ауылды аралайды.  
 
Баққан малдың бейнеті, иесі бар:  
Бар түлікті қорлама, киесі бар.  
 
 
       
БЕКТІҢ ӨКІНІШІ  
 
«
Еңбек етіп тілін таппай өрімнің,  
Неге сонша жалқаулыққа берілдім?!» -  
Деп, Бек ұстаз жыл соңында өкінді,  
Келер жылы кергімеуге бекінді.  
 
Тегі – бейнет, ұстазда іс жоқ «мазалы»,  
Тер төкпесе, іс тозып, ой азады.  
 
 
        
ЕКІ  ТҮРЛІ ҰСТАЗ  
 
Омардың көп құрғақ ақыл, ұрысы, -  
Ол əдетпен оңған емес бір ісі.  
Шəкір күнде тəлім берді күлімдеп,  
Шəкіртінде тəртіп – берік, білім – көп.  
 
Жалқау ұстаз құрғақ сөзін қоймайды, -  
Қамқор ұстаз шəкірт жайын ойлайды.  
 
 
 

           
ПЕЙІЛ  
 
Ойлағаны жамандық, -  
Оңған  емес Амандық.  
Көбен тілеп жақсылық,  
Көрген емес тапшылық.  
 
Ақ  пейілді адамға,  
Бақ бейімді əманда.  
 
 
КӨКЕШТІҢ КӨП УƏДЕСІ  
 
Көкеш ішуді күнде қояды,  
Көбіне мүлгісе, түнде қояды.  
«
Парқы болған соң» қимай жүр өзі:  
Марқұм болған соң, мүлде қояды.  
 
Мас боп жығылса,  арақтың  жеңгені –  
Қас боп өзіне, сорлының өлгені.  
 
 
     
ЖАЛҒАН ДОС  
 
Өсектің басын бастады,  
Өзгеге тізгін тастады.  
Өз досын  отыр жамандап,  
Өзденбек қандай қастанды?!  
 
Жаныңа жара салған дос –  
Қаны да қара, жалған дос.  
 
 
ҮРБЕКТІҢ ҮЙЛЕНУІ  
 
Үрбек Зерге ғашық болды:  
Үйленді де, тасып, толды, -  
Енді жардың таяғын жеп,  
Еңіреп жүр жасық сорлы.  
 
Асыл мінез ару етер, -  
Ашу жеңсе, бəрі бекер.  
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал