ИМАНИ ГҮЛ
Кейіннен пайда болу дәлелі
Бүкіл әлем, ондағы үлкенді-кішілі, жанды-жансыз
барлық нәрсе өзгеруде, ауысуда, ескіруде, жаңаруда,
қозғалуда, тоқтауда. Бұл өзгерістер – кейіннен пай-
да болғанның белгісі әрі ерекшелігі. Ал кейіннен пайда
болған әрбір нәрсе мәңгі емес, уақытша, яғни, жоқ болуға
бас иетін пәни болмақ. Кейіннен пайда болған барлық
нәрсенің бастауы бар деген сөз. Ал бастауы бар нәрсенің
соңы, яғни ақыры да болуға тиіс. Барлық әлемнің кейіннен
пайда болғанына қарағанда бұларды жоқтан бар еткен,
жоқтық әлемінен тіршілік әлеміне шығарған бастауы әрі
ақыры жоқ – мәңгі, құзіреті шексіз бір Құдіреттің бо-
луы ләзім. Өйткені жоқ нәрсе сырттан басқа бір күштің
ықпалынсыз өз-өзінен пайда бола алмайды.
Иә, әлемдегі үлкенді-кішілі нәрселердің кейбіреуі әр
ғасырда, ендігілері әр жылда, тағы біреулері әр көктемде,
әр айда, әр күнде тіпті әр сағатта, әр сәтте ауысып, тіршілік
әлемімен қош айтысып, орнын басқаларға қалдыруда.
Олардың орнына келгендер де өздерінің жаратылуындағы
міндеттерін тәмамдағаннан кейін орнын басқаларға боса-
туда. Бірақ бұл өзгерулер мен ауысулар қаншалықты көп
болса да, әлемдегі тепе-теңдікті, керемет жүйені бұзбай, еш
ақаусыз іске асып тұр. Демек, бұлардың бәрін қадағалап,
жаратылыстағы әр нәрсеге өз бұйрығын тыңдатып,
құдіретіне бас идіріп, қалауына бойұсындырып тұрған
бастауы әрі ақыры жоқ мәңгі бір Жаратушы болуға тиіс.
Міне, осы Ұлы Жаратушы әлемдегі әр нәрсені жаратуы
арқылы Өзінің барлығын білдірсе, ескінің орнына жаңаны
жарату арқылы әр нәрсенің уақытша, пәни, өткінші екенін,
ал Өзінің мәңгі екендігін ақылы бар әркімге көрсетуде.
19
ИМАНИ ГҮЛ
Жаратылыстағы өзара жәрдемдесу дәлелі
Жалпы жаратылысқа үңіліп қарасақ, барлық нәрсенің
бір-бірімен тығыз байланыста, өзара жәрдемдесу
арқылы керемет жүйе құрып тұрғанын байқаймыз. Де-
мек, ақылды-ақылсыз, жанды-жансыз тіршілік әлемінің
барлығын бір-бірінің жәрдеміне жүгіртіп, әр нәрсенің
қажетін уақытында жібертіп, оларды Өзінің қалауына бас
идіріп, әлемдегі тепе-теңдікті сақтап тұрған мейірімді де
құдіретті Ұлы Жаратушының болуы тиіс. Себебі, сырттан
бір құдіретті күштің ықпалынсыз мына әлемнің фабри-
ка машиналарының кертік-кертік тістері арасындағы
үйлесімділікке ұқсас кейіпте бір-бірімен тығыз бай-
ланыста болуы, бір-бірінің қажетіне сай жұмыс істеп,
белгілі бір тепе-теңдікті, керемет жүйені сақтауы мүмкін
емес. Атом, клетка сияқты ең кішкентай материялар мен
ең үлкен ай, жұлдыз, күн тәрізді алыптардың және жарық,
ауа, су, топырақ секілді нәрселердің жансыз, санасыз
болғандарына қарамастан дүниедегі мына керемет жүйені,
әр нәрседегі мән-мағына, пайдалы мақсатты жасау үшін
саналы адамдай бір-бірлерінің жәрдеміне жүгірулері, бір-
бірлерінің жұмысын толықтырып, қолға қол жалғаулары
– бұлардың барлығын махаббатпен, мейірімділікпен
басқарып тұрған Ұлы Құдіреттің барлығының айғағы.
Иә, Ұлы Рахман Алла Тағала әлемдегі қойған
жәрдемдесу ережесімен бұлттарды және жердегі мине-
ралдарды өсімдіктерге, өсімдіктерді жан-жануарға, ал
оларды адамдарға көмек ретінде жіберіп тұр. Аналардың
ақ сүтін сәбилерге, әр түрлі тағамдардың атом, молеку-
лаларын денедегі клеткаларға медет етіп жіберуде. Әр
сатыдағы барлық тіршілік иелерінің қажеттерін күтпеген
жерден, мұқтаждықтарына қарай жеткізуде. Әр нәрседегі
20
ИМАНИ ГҮЛ
мұқтаждық Оның ешкімге мұқтаж еместігін меңзейді. Қар
мен жаңбырды бірнеше шақырым биіктіктен, түскен жерін
жапырып, тиген жерін опыратын томардай-томардай, ірі-
ірі көлемде емес, жапалақтатып, тамшылатып жаудырып
жердегі суға мұқтаждарға мейірімділікпен көмек беріп,
медет жіберген Ұлы Құдіретті танымауға бола ма?
Әлемдегі теңдессіз жүйе дәлелі
Иә, төбеміздегі бас айналдырар таңғажайып үйлесім-
ді жүйемен жүрген сансыз жымыңдаған жұлдыздар
мен жан-жағымызды қоршап жатқан мың бір мағына-
хикметке толы жалпы жаратылыс – Ұлы Жаратушымыз-
ды танытатын ерекше алып кітап. Аспан әлемінің әрбір
қабаты – бұл үлкен кітаптың жеке-жеке беттері, әрбір
галактика – сол беттегі жеке-жеке мағыналы сөйлем, сол
галактикалардағы әрбір жұлдыз – том-том кітаптарға пара-
пар мағыналы жарық сөз. Жер шары бұл үлкен кітаптың
мазмұнын қамтитын негізгі беті болса, адам баласы сол
беттің негізгі мазмұн-мағынасы. Барлығы Ұлы Жаратушы
Алланы өз болмысымен танытып, Оның бар екендігін һәм
бір екендігін күллі әлемге әйгілеп тұр.
Жалпы жаратылысқа қарағанымызда ондағы әр
нәрсенің орын-орнында тұрғанын, арнайы өзіндік мән-
мағынамен безендіріліп, әрқайсысына белгілі бір міндет
жүктелгенін көреміз. Әр нәрседен сұлулық, кемелдік,
жүйелілік байқаймыз. Жалпы жаратылыс сағат сияқты
керемет есеппен, нәзік жүйемен істеп тұр. Тіпті біздер
сағатымызды осы жалпы жаратылыстағы жүйеге қарай
есептейміз. Ендеше, өзіндік мағына-міндеті бар кішкентай
иненің де белгілі бір ұстасының болатыны секілді,
жаратылыстағы сұлулықтың, кемелдіктің, жүйенің, мән-
мағынаның да бір жаратушысы, қоюшысы болуға тиіс.
21
ИМАНИ ГҮЛ
Кейбіреулер айтатындай, бұл әлем өз-өзінен,
кездейсоқ пайда болған жоқ. Неге дейсіз бе? Өйткені
кездейсоқтық мына өте керемет жүйемен, нәзік те
ғаламат есеппен істеп тұрған ұшы-қиыры жоқ шексіз
әлемді, жаратылысында еш міні жоқ түрлі-түсті, сан ал-
уан жан-жануарды, көздің жауын алатын сансыз өсімдік
әлемін және мың бір сырлы, ғажайып жалпы жаратылы-
сты жасайтындай күш пен ақылдан мақұрым.
Аспан әлемі
Алла Тағала «Тәбәрак» сүресінде: «Жеті қабат
аспанды бір-біріне үйлесімді етіп жаратқан – Ол Алла.
Рахманның жаратуында ешбір ақау, жүйесіздік көре
алмайсың. Сал көзіңді, көре аласың ба бір ақау? Со-
сын көзіңді қайта-қайта бұрып қара! Көзің ешбір ақау
таба алмағандықтан шаршап, талған күйде саған
қайта оралады» – деп аспан әлеміндегі керемет жүйені,
ақаусыздықты баяндайды.
Аспан әлемі, яғни сансыз планеталар мен
жымыңдаған жұлдыздар бір-бірімен қақтығыспай өте
нәзік есеппен, өте керемет жүйемен миллиардтаған
жылдар бойы істеп тұр. Бұларды бір-бірімен
қақтығыстырмай, осынша жылдар бойы іске қосып
тұрған күш қандай күш? «Тартылыс» күші делік. Тарты-
лыс күшіндегі нәзік те ғажайып тепе-теңдікті қойған тыл-
сым күш қандай құдірет? Егер бір планетаның тұрақты
тартылыс күші бір мезет кездейсоқтықтың әсерінен
азайса немесе көбейсе, көк әлемі қалай тас-талқан бо-
ларын бір сәт ойландыңыз ба? Барлық планеталар мен
жұлдыздардың үлкенді-кішілі көлемдері мен бір-бірінің
ара-қашықтықтарына қарай өзіндік тартылыс күштері
бар. Тартылыс күшіндегі бұл есеп, кездейсоқтықтың емес,
арнайы бір Ұлы Құдіреттің жаратқанын меңзейді.
23
ИМАНИ ГҮЛ
Жер шары
Біз отау тігіп, өмір сүріп жатқан жер шары мен жылуын
күлімдей төккен күннің арасы жаз және қыс мезгілдеріне
байланысты 135 немесе 149,5 миллион шақырым. Егер
осы аталмыш арақашықтық кездейсоқтықтың әсерінен аз
мөлшерде азайса, тоңып, мұз болып қатып қалатынымызды
немесе аз мөлшерде көбейсе күйіп-жанып кетерімізді бір
мезет ойладық па? Ойланып, Жер мен Күннің арасындағы
осы ыңғайлы арақашықтықты белгілеп, оны ғасырлар
бойы бұлжытпай ұстап тұрған құдіретті күшті тани алдық
па?
Аспандағы әрбір дененің өзіне тән белгілі, тұрақты
айналу орбитасы, қозғалу жылдамдығы бар. Мысалы, Жер
шары сағатына 1 670 шақырым жылдамдықпен өз-өзін ай-
налса, Күнді сағатына 108 000 шақырым жылдамдықпен
айналады. Егер осындай жылдамдықпен жүретін көлік
жасалған жағдайда жалпы дүниенің шеңберін 22 минутта
айналып шығуға болады екен. Көрсетіліп отырған бұл сан-
дар тек Жер шары үшін, ал Күн жүйесінің жылдамдығы
мүлде таң қаларлық. Ғарыштық (космоста) жүйелердің
көлемі ұлғайған сайын қозғалу жылдамдықтары да
арта түседі. Күн жүйесінің Құс жолы галактикасы
орталығын айналудағы жылдамдығы сағатына тұп-тура
720 000 шақырым. Ал, шамамен құрамында 200 милли-
ард жұлдызды қамтитын осы Құс жолы галактикасының
ғарыштағы жылдамдық мөлшері сағатына 950 000
шақырым
3
. Мұндай бір-бірімен тығыз байланыстағы
әрі өте жоғары жылдамдықтағы жүйелердің соғысып,
қақтығысуы әбден мүмкін бола тұра ғарышта ешбір
ақауға куә болмадық. Иә, миллиардтаған жылдар бойы
3
Адем Якуп, Куран Мужизелері, 23-бет. Несил Матбажылык, 2003 ж.
24
ИМАНИ ГҮЛ
жылдамдықтарындағы тұрақты мөлшер еш өзгерместен
жалғасуда. Мысалы, біз автокөлікпен сағатына 200
шақырым жылдамдықпен келе жатып, оқыс тоқтатсақ,
терезе әйнегін быт-шыт қып сыртқа тесіп шығарымыз
анық. Ал енді біздің сенімді бесігіміз – Жер шары бір
мезет оқыс тоқтамай-ақ қойсын, тұрақты жылдамдығын
аз ғана азайтса, жер бетіндегі күллі зат атаулы ғарышқа
тарыдай шашылып кетер еді. Демек, миллиард жыл-
дар бойы Жер анамызды және басқа да жұлдыздарды
бір мезет тоқтатпастан, әрқайсысын өзіндік тұрақты
жылдамдықтарымен айналдырып, тербетіп тұрған Ұлы
Жаратушы болуға тиіс. Егер мұның бәрін кездейсоқ
жүзеге асып жатыр десек, неге біз тағы да сол сенімсіз
кездейсоқтықтың әсерінен Жер анамыздың тоқтап немесе
жылдамдығында кідіріп қалуынан еш қорықпастан, уа-
йымдамастан, үстінде жайбарақат жүрміз?
Бейтаныс бір адам қолындағы механикалық жүйемен
істейтін қол сағатын бізге таныстыру барысында:
«Өз-өзінен, кездейсоқтықтың әсерінен, яғни, жердің
астындағы минералдар өз-өзінен еріп, темірге айналып,
одан жіңішке есепті ішіндегі әр түрлі кертік-кертік
құралдары, көрсеткіш сандары және бетіндегі әйнегі өз-
өзінен жасалып, іске қосылып пайда болды» – десе, сенер
ме едік? Әрине, сенбес едік. Ал енді жай бір уақытты ғана
көрсететін кішкентай қол сағаттың өз-өзінен, кездейсоқ
пайда болғанына сенбейміз де, жүйе жағынан сағатпен
салыстыруға мүлдем келмейтін мына керемет ұшы-қиыры
жоқ шексіз әлемнің өз-өзінен пайда болғанына қалай
сенбекпіз?
25
ИМАНИ ГҮЛ
Экология
Табиғатта құстар (бүркіт, қаршыға, құзғын, т.б.)
өлтірілген жағдайда жыландар көбейеді екен. Ал жы-
ландар қырылса, құрбақалар көбейеді. Құрбақалар
құрыған жағдайда, шыбын-шіркей көбейеді екен. Жан-
жануарлардың өмір сүрулерін бір-біріне байланыстырып,
табиғаттағы экологиялық тепе-теңдікті, осы таң қалдырар
жүйені құрған кім?
Жыл мезгілдері
Жер шарының өз-өзін және Күнді айналуынан күндіз
бен түн және жылдың төрт мезгілі жаз, күз, қыс, көктем
болып алма-кезек үздіксіз өзгеріп тұратыны бәрімізге
мәлім. Жаздың қайнаған аптап ыстығынан кейін дереу
қыстың қақаған аязы мен ысқырған бораны болмайды.
Екі мезгілдің ортасында күз атты қоңыр салқын мезгіл
бар. Міне, осы күз мезгілінің арқасында адамдардың
жаздың жылы ауа-райына үйреніп қалған ағзалары
біртіндеп қыстың қақаған суығына бой үйретеді. Сол
сияқты қыстың қақаған аязынан кейін ауа райы күрт
өзгеріп, дереу көктемсіз жаз болғанда қандай күйде
болар едік? Бәлкім, ағзаларымыз күрт өзгеріске дайын
болмағандықтан бәріміз жаппай ауруға шалдығар ма
едік? Ендеше, жыл мезгілдеріндегі осындай керемет
рет пен үйлесімдікті және Жер шарының айналуындағы
дәлме-дәл есепті қойған кім?
27
ИМАНИ ГҮЛ
Гүлдер әлемі
Неше түрлі гүл, жапырақ,
Әрбіреуін қолыңа ал.
Құры көріп қойма бірақ,
Онда не бар ойға сал.
Шәкәрім
Бақшамызда өсетін сары-қызыл, түрлі-түсті, сан
алуан хош иісін аңқытып, адам баласын өзіне тамсан-
дырып қаратпай қоймайтын гүлдерге бір рет болса да,
ойлана-толғана, ғибрат көзімен қарайықшы.
Иә, гүлдер кішкене түйір дәннен жер қойнауын жара
шығып, бұл дүниеге келеді. Сабағы мен жапырағы жасыл
тартып, гүлі шоқтай болып мың бір түрлі реңмен бояна-
ды. Үлбіреген нәзіктігіне, адам баласының қиялына келе
бермейтін әр түрлі ою-өрнегіне, ондағы көркем эстетикаға,
мүлтіксіз симметриялы ғажайып формасына, аңқыған сан
алуан жұпар иісіне, қауырсынындағы өмірін жалғастырар
мұрагері – ұрығына қараңызшы... Қандай ғажап?! Неткен
әдемілік? Жерге қараңызшы, гүлдердегі сан алуан, түрлі-
түсті реңдерді көре аласыз ба? Гүлдерден аңқитын, бір-
біріне ұқсамайтын әр түрлі жұпар иісті топырақтан иіскеп
сезе аласыз ба?
Жер бетіндегі жайқалған барлық гүл атаулының нәр
қойнауы саналатын топырағы, аймалаған күн сәулесі,
ішетін сулары мен жұтатын ауалары бірдей болғанымен,
өздері әр түрлі, сан алуан. Бұл таң қаларлық нәрсеге
таң қалмай, қолымызбен жасаған пластмас гүлдерге таң
қалайық па? Бұл да кездейсоқтық па, жоқ, әлде құдіреті
күшті Ұлы Жаратушының бізге ұсынған сыйы ма? Егер
мұны да кездейсоқтықтың түсініксіз кездейсоқтығы жа-
29
ИМАНИ ГҮЛ
сады десек, сол кездейсоқтың жасағанын адам баласы
ақылымен асып түсіп, одан да кереметін жасауы керек
еді ғой. Өйткені ақыл кездейсоқтықтан әлдеқайда үстем
емес пе? Бірақ адам баласы осы күнге дейін нәзіктіктен
мақұрым, қоқайып, қатып қалған, өніп-өспейтін жансыз,
жасанды пластмас гүлдерден асырып, артық ешнәрсе жа-
сай алмады, жасауы да мүмкін емес!
Кездейсоқтың жасады деген нәрселерін лаборато-
рияда түрлі-түрлі құралдардың көмегімен ақыл иесі –
адам баласы жасай алмаса, ойлап қарайықшы, ақылсыз
кездейсоқтық қалай жасамақ?! Олай болса, барлық жара-
тылысты, адамның ақылын да жаратқан тылсым құдірет
– Ұлы Алла жаратқан деп мойындау ақылдының жолы
болса керек.
Көбелектер
Бақшамыздағы ұшып жүрген сан алуан түрлі-түсті
көбелектерге ғибрат көзімен алғаш рет көріп тұрғандай
бір мәрте болса да зер салып қараңызшы. Ондағы кере-
мет эстетиканы, нәзіктікті, қанаттарындағы қиялымызға
келмейтіндей ою-өрнектерді, ою-өрнектеріндегі ешбір
қатесіз симметрияны, әр түрлі реңдеріндегі үйлесімдікті
көріп, таң қалып, таңдай қағасыз. Қарапайым суреттің,
кез келген ою-өрнектің белгілі бір жасаушысы, дизайнері
бар да, көбелектердегі мына теңдессіз сұлулықтың, ою-
өрнектің неге жасаушысы, жаратушысы болмасын?!
31
«Раббың бал арасына:
«Таулардан, ағаштардан және адамдардың салған
күркелерінен ұя жасап ал. Сосын әр түрлі жемістерден
же де, Раббыңның саған оңтайластырған жолымен
жүр», – деп уахи етті. Араның қарнынан адамға шипа-
лы түрлі-түсті бал шығады. Әлбетте, мұнда ойланған
қауым үшін ғибрат бар». («Нахл» / 68-69).
Бал арасы мыңдаған гүлдерге ұшып-қонып жүріп бал
жинайды. Ондаған шақырымдарға ұшып барып, компас-
сыз-ақ күнге қарап қайта айналып ұясын таба алады. Ке-
ремет инженер сияқты алты бұрыш етіп, геометриялық
пішінде бал ұяшықтарын жасайды. Аралар бал ұяшықта-
рын неліктен алты бұрышты етіп жасауда? Неге сегіз бұрыш
немесе үш бұрыш яки бес бұрыш емес? Математиктердің
есебі бойынша алты бұрышты бал ұяшықтарын жасауда
ең аз материал қолданылып, оған ең көп мөлшерде бал
БАЛ АРАСЫ
БАЛ АРАСЫ
32
ИМАНИ ГҮЛ
сыяды екен. Яғни, алты бұрышты бал ұяшықтары ара-
лар үшін ең тиімдісі болмақ. Бал ұяшықтарын жасаудағы
аралардың қолданған тәсілі өте таң қаларлық. Аралар бал
ұяшықтарын жасаған уақытта бөлек-бөлек екі-үш жерден
бірден бастайды. Яғни, бір топ ара бөлек-бөлек жерден
бастап, бірдей өлшемде алты бұрыш жасап, бұларды со-
сын бір-бірімен біріктіре отырып бал ұяшықтарын тоқып,
сосын барлығы ортада кездеседі екен. Алты бұрыштардың
бір-бірімен біріктірілген тұстары өте шеберлікпен іске
асқандықтан кейіннен біріктірілгендіктері мүлдем
байқалмайды.
Ал енді осы ақылсыз араға қай гүлдерде бал бар
екенін, күнге қарап ұшқан ұясын қайта табуды, керемет
есеппен есептелген бал ұяшықтарын жасауды кім үйретті?
Ұяларындағы тазалық, бұзылған жерлерін жөндеу, жас
араларды қоректендіру істері жүйелі түрде іске асады.
Егер ұяның іші ыстық болса жұмыртқаларды салқындату
үшін қанаттарын қағып, ал суық болса жұмыртқаны жан-
жағынан көлегейлеп жылытады. Кез келген бір бал арасы
бал жасауға жарамды гүлдерді тапқан жағдайда, алыстағы
басқа араларға өздері ғана түсінетін кейбір іс-әрекеттері
арқылы хабар береді. Бал арасы мұның бәрін қайдан,
кімнен үйренді? Бал арасы улы денесінен құрамында мың
бір түрлі минералдар мен витаминдері бар шипалы балды
жасауды кімнен үйреніп, қай зертханада жасады. Балдың
формуласын қайдан алды?
Жарқанат
Бәрімізге белгілі, жарқанаттың көзі көрмейді,
яғни көр. Ол дыбыс толқындарын жіберу арқылы жан-
жағындағы нәрселерге қақтығыспайды. Тіпті, қорегін
осы арқылы аулайды. Адам баласы радарды жарқанатқа
33
ИМАНИ ГҮЛ
қарап тапты. Радардың кереметтігінің алдында таң қалып,
шапалақ ұрған біздер жарқанатқа осы дыбыс толқынын
жіберу қабілетін, өнерін үйреткен Ұлы Жаратушының
құдіретіне неліктен таң қалып, бас имейміз?
Ауаның құрамы
Әр тыныс алған сайын жұтатын ауамыздың құрамын
ойланып көрейік! Ауаның құрамында 21% оттегі, 78%
азот, 1% басқа газдардың қосындысы бар. Ауаның
құрамындағы 21% оттегінің мөлшері кішкене көбірек
болғанда күн сәулелері арқылы келетін радиациялар сал-
дарынан Жер беті тұтанып, лаулаған отқа айналып, ал
аталмыш мөлшерден кішкене азырақ болғанда, оттегінің
аздығынан тыныс ала алмай, бұл дүниемен қош айтысып
кетер едік.
Біздер ауадағы оттегіні жұтып, көмірқышқыл газын
бөліп шығарамыз. Ал өсімдік әлемі болса, керісінше,
көмірқышқыл газын жұтып, оттегі бөліп шығарады. Осы-
лайша ауа үздіксіз алма-кезек табиғи жолмен тазаланып,
адамның игілігіне айналады. Өсімдіктер де біз сияқты
оттегіні жұтып, көмірқышқыл газын бөлер болса, ауа-
мызды қалай тазалар едік? Әр нәрседе өзінің құдіретін
сездірген Ұлы Жаратушы қандай ұлық!
Шаш, қас, кірпіктеріміз
Шаштарымыз ұдайы өсіп отырады. Шаштың бұлай
үнемі өсуін кездейсоқтық деп қабылдасақ, неліктен
шаш тектес қастарымыз бен кірпіктеріміз өспестен
бір қалыпты тұр? Ал бұлар да шаш тәрізді ұдайы өсіп
отырса, жағдайымыз қалай қиынға соғар еді. Бұған
қоса кірпігіміздегі эстетикаға, нәзіктікке, сұлулыққа
қараңызшы, олар да кездейсоқ емес, басқа бір тылсым
34
ИМАНИ ГҮЛ
35
ИМАНИ ГҮЛ
күш тарапынан әдейі жасалғандығын аңғарасыз. Ал
мұрнымыздың ішіндегі түктерді ше? Оның ауаны жы-
лыту, фильтрлеу, одан да басқа қызметтерін ескерместен,
өз-өзінен, бостан-босқа кездейсоқ өсіп тұр деп кім айта
алады?!
Қар
Сипатын көр, тосып ал да,
Жапалақтап жауса қар.
Таза тексер, көзді сал да,
Қандай оның түрі бар?
Шәкәрім
Кәдімгі қардың әрбір қалаушасында Ұлы
Жаратушымыздың шеберлігінің мөрі бар. Жай көзімізбен
қарағанның өзінде әрбір қар түйіршігінің бір-біріне
ұқсамайтынын көреміз. 1 м
2
қарда 350 миллион қар
түйіршігі бар деп жобалануда. Бұлардың әрқайсысы әр
түрлі симметриялы ою-өрнекпен безендірілген хрусталь
тәріздес алты бұрышты пішінде екенін білесіз бе? Қар
түйіршіктерінің бұл ғажайып сыры соңғы 100 жылда ғана
белгілі болды. Уилсон Бертлей 1885 жылы фотомикрофик
фотоаппараты арқылы 46 жыл қар түйіршіктерін түсіріпті,
артынан «Қар түйіршіктері» атты кітабын жазады. Уил-
сон Бертлей өзі түсірген 5300 суреттің ішінен бір-біріне
ұқсайтын екі суреттің кездеспегенін таң қала айтады.
Жер бетіндегі барлық қар түйіршігінің бір-біріне ұқ-
самайтын алты бұрышты әрі геометриялы пішінде болуы
– Ұлы Жаратушымыздың теңдессіз шеберлігі мен барлық
қардың пішінін білетін шексіз ілімінің белгісі болса керек.
Жер бетіне түсіп, ерігенге дейін ғана өмірі бар әрбір қарда
өзінің құдіреті мен шеберлігінің мөрін нақыштаған Алла
қандай ұлы! Мұны да кездейсоқ дейтіндерге не дейік?
36
ИМАНИ ГҮЛ
Өсімдіктер
Өсімдік өмірінің негізгі қорегі – су. Қурап немесе со-
лып қалмауы үшін бақшамыздағы өсімдіктердің түбіне
белгілі мөлшерде су құямыз. Өсімдік құйылған бұл су-
дан өз тіршілігін жалғастыруға жететіндей ғана көлемін
денесіне қабылдайды. Ал қалған су буға айналады немесе
басқа өсімдіктердің қажетін өтейді. Әрбір өсімдік ішілген
суды денесінің түкпір-түкпіріне, жапырақтарының
ең ұшына жібереді. Мысалы, ағаштар суды ешқандай
насостың көмегінсіз 15-20 тіпті 30 метр биіктіктегі
бұтақтарының түкпір-түкпіріне, жапырақтарының ұшына
жеткізеді. Ақыл иесі біздер 15-20 метр биіктіктегі үйлерге
суды насостың көмегінсіз шығара алмай жатқанда,
ағаштар суды осыншама биікке қалай көтереді?
Бұдан да таң қаларлығы, өсімдіктер жаздың аптап, ми
қайнатар ыстығында аз мөлшердегі сумен-ақ жап-жасыл
қалпын сақтап қалады. Бір гүлдің бойында 50 грамм су,
тіпті кішкентай бір шөпте бір немесе екі тамшы су болады
екен. Жазда бір апта бойы 35 градус ыстық болғанын ой-
лап көріңіз. Топырақ құрғап, тастар қызып жатқан осын-
дай ыстықта өсімдік әлемі қалай ғана бойындағы аз ғана
сумен өзінің жасылдығы мен тіршілігін сақтап қалуда?
Гүлдің бойындағы 50 грамм су мұндай ыстықтың астын-
да көп болса 5-6 сағаттың ішінде, шөптің бойындағы бір-
екі тамшы су бірнеше минуттың ішінде-ақ буға айналып
кетуге тиіс. Бірақ қалай ғана өсімдік әлемі құрғамастан
жасыл түсін, өмірін сақтап тұр? Ойланғанға ғибрат.
Достарыңызбен бөлісу: |