ПАйҒАМБАРЛАРҒА ИМАН
Пайғамбарларға иман – Ислам дініндегі иман
негіздерінің бірі. Пайғамбарларға иман ету – олардың Ұлы
Жаратушы тарапынан арнайы таңдалып, елші етіп жіберіл-
гендіктеріне және олардың жеткізген барлық хабарларына
күдіксіз сену деген сөз. Алла Тағала мұсылмандарға жер
бетіне келіп-кеткен барлық пайғамбарларға иман етуді
бұйырады. Яғни, Құранда аты айтылған пайғамбарлардың
кейбіреуіне иман етіп, кейбіреуіне сенбеуге қатаң тыйым
салынады. Біз, мұсылмандар, өзіміздің соңғы пайғамбар
Мұхаммедтің (с.а.у.) Алла Тағала тарапынан жіберілген
арнайы елші екеніне қалай иман келтірсек, басқа
пайғамбарларға да дәл солай иман келтіреміз. Құранда:
«Кімде-кім Аллаға және Оның періштелеріне,
кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет күніне
иман келтірмесе, қатты адасады...»,
12
- делінеді
Жер бетін нұрландырып, адамзатқа тура жолды
нұсқап, ақиқат пердесін ашып, екі дүние бақытын көрсету
үшін Ұлы Жаратушы тарапынан жіберілген жалпы
пайғамбарлардың толық әрі нақты саны бір Аллаға мәлім.
Құранда тек жиырма бесінің аты аталған. Құранда есімі
көрсетілген Узайр, Луқман, Зулқарнайн атты үш кісінің
пайғамбар яки үлкен әулие екендігі жайлы ғұламалардың
арасында әр түрлі пікір бар.
Жер бетіне жіберілген барлық пайғамбарлар арнайы
бір қауымға белгілі бір уақыт үшін ғана келсе, әз елші
Мұхаммед (с.а.у.) қияметке дейінгі барлық адамзат үшін
ақырғы пайғамбар ретінде жіберілуімен ерекшеленеді.
Ол (с.а.у.) өзіне дейінгі барлық пайғамбарлардың
12
Ниса сүресі/136.
68
ИМАНИ ГҮЛ
ерекшеліктері мен мәртебелеріне ие болса, Оның (с.а.у.)
алып келген ислам діні алдыңғы барлық діндердің
мән-мазмұнын қамтиды. Пайғамбарлық міндеті оның
елшілігімен нүктеленгендіктен одан кейін ешбір
пайғамбар келмек емес. Алла елшісі (с.а.у.) келгеннен
кейін барлық пайғамбарлардың алып келген діндерінің
үкімі тоқтады.
Құранда аты аталған пайғамбарлар
1. Адам (а.с.)
2. Идрис (а.с.)
3. Нух (а.с.)
4. Һуд (а.с.)
5. Салих (а.с.)
6. Ибраһим (а.с.)
7. Лут (а.с.)
8. Исмайл (а.с.)
9. Исхақ (а.с.)
10. Шуғайб (а.с.)
11. Яқуб (а.с.)
12. Юсуф (а.с.)
13. Әйюб (а.с.)
14. Зулкифл (а.с.)
15. Юнус (а.с.)
16. Мұса (а.с.)
17. Һарун (а.с.)
18. Иляс (а.с.)
19. Әлиаса (а.с.)
20. Дәуід (а.с.)
21. Сүлеймен (а.с.)
22. Зәкария (а.с.)
23. Иахия (а.с.)
24. Иса (а.с.)
25. Мұхаммед (с.а.у.)
69
ИМАНИ ГҮЛ
Адамзаттың пайғамбарға мұқтаждығы
Адам баласы – санасы мен ерік-қалауы бар жараты-
лыс. Қалаған нәрсесін сөйлеп, қалаған жағына бара ала-
ды. Жалғыз емес, қоғам болып өмір сүреді. Басқалармен
үнемі қарым-қатынас, байланыста. Бойында әр түрлі
қасиеттердің көзі бар. Тас сияқты қатты, мақта сияқты
жұмсақ та бола алады. Мейірімді де, қатігез де бола ала-
ды. Ал басқа жаратылыс олай емес. Мысалы, арыстан
әрқашан жыртқыш, ал қой үнемі жуас, момын. Алма
ағашында өрік, өрік ағашында алма өспейді. Қарға бұлбұл
секілді ән салып, бұлбұл қарғадай қарқылдай алмайды.
Өйткені барлығы өзгермейтін тұрақты қасиеттерге ие.
Ал адам жақсы-жаман әр түрлі қасиеттерді бойында жи-
най алатындай кейіпте жаратылған. Иман етуі де, етпеуі
де өз қолында. Қаласа сауатсыз, қаласа ғалым бола ала-
ды. Тілінен туралық та, жалған да шығуы мүмкін. Қолын
қанға былғап, қатігездікте жыртқыштарды да артқа
қалдыруы мүмкін. Дәл осы адам мейірімділікті ту етіп,
шартарапқа бейбітшілікті жаюы да ықтимал. Міне, адам
баласы осындай түрлі қалау мен сан алуан қасиеттердің
иесі болғандығы үшін мына дүниеде ол үшін сынақ әрі ана
дүниеде жәннат, тозақ бар. Міне осындай әр түрлі жолға
бағыт бұруға бейім адам үшін тура жолды көрсететін,
әлемнің сырын ашып, оның қайдан пайда болғанын,
кімнің жаратқанын, жаратылуындағы негізгі мақсат-
міндетін түсіндіріп, жауабына қол жеткізе алмайтын небір
сұрақтарына қатесіз жауап беретін, әрбір ісінде үлгі бо-
латын шамшырақ керек. Ол – Ұлы Жаратушы тарапынан
жіберілген пайғамбарлар екені шүбәсіз. Жалғыз ғана ақыл
бұларды еш қатесіз, кәміл түрде шешуге жеткілікті емес.
Дін нұрын шырақ тұтпаған небір зерек ақылдылардың,
атақты пәлсапашылардың жаратылыстың сырын аша ал-
70
ИМАНИ ГҮЛ
май орта жолда шаң қауып қалғаны немесе қате түсініп
адасқаны, адасып тығырыққа тірелгенде ақылынан айы-
рылып, жынды болып кеткеніне тарих куә.
Иә, адамның бүгін тура дегені ертең қате болып жа-
тады. Бұған күн сайын өзгеріп отырған сансыз «измдер»
дәлел. Дәлірек айтсақ, көбіне «ақыл» адамды тек біржақты
бағалайды. Ақылдың ойлап тапқан «коммунизм» секілді
басқа «измдер» де адамды тек материалдық тұрғысынан
әрі осы дүниемен шектеп қана қарастырады. Оның ру-
хани жан дүниесін және мәңгілік екінші дүниесін ұмыт
қалдырады. Міне, дін адамды һәм рухани, һәм заттық, һәм
екі дүние таразысының басын тең ұстап бағалағандықтан,
адам дінге, дінді жеткізетін пайғамбарларға әрдайым
мұқтаж. Діні жоқ ешбір қауымның жоқтығы осының
белгісі. Қысқасы, Құран тілімен айтқанда: «Жаратушы
жаратқанын білмейді ме?»
13
.
• Егер пайғамбарлар келмегенде Ұлы Жаратушы-
ны толық, кемел сипаттарымен қатесіз тану мүмкін бол-
мас еді. Жаратушы деп түкке тұрмайтын нәрселерге
құлшылық жасап, табынуы әбден мүмкін. Пайғамбарға
сенбеген қауымдардың жаратушы деп өз қолдарымен
жасаған пұттарға, Ай, Күн, жұлдыздарға сыйынғандары,
міне, осы тұсты айқындай түседі.
• Адамның ақылы «Дүниеге не үшін келдім? Міндетім,
мақсатым не? Жаратушым менен нені талап етеді?»
деген сұрақтардың жауабына жете бермейді. Адам «өзін
мақсатсыз, басым бос» деп пайымдайды. Жақсы-жаман,
адал-арам деп талғамай, қалағанын істейді. Сондықтан
адамға жаратылуындағы мақсатын, адамдығына сай
міндетін түсіндіріп, Ұлы Жаратушысының бұйрықтары
мен тыйымдарын жеткізетін пайғамбарлар керек.
13
Тәбарак сүресі/14
71
ИМАНИ ГҮЛ
• Адам баласына өлімінен кейінгі құбылыстар мүлде
беймәлім. Сондықтан пайғамбарлар адамға өлгеннен
кейін қайта тірілетіндігін, дүниеде істеген әрбір ісінен
сұрақ алынып, жәннатпен марапатталып яки тозақпен жа-
заланатынын түсіндіріп, ескерту үшін жіберілген.
• Пайғамбарлардың жіберілу мақсатының бірі –
үмбеттеріне қайталанбас үлгі-өнеге көрсету. Алла Тағала
Құран Кәрімде: «Міне, солар (пайғамбарлар) нағыз
Алланың тура жолға салған құлдары. Ендеше, сен де
олардың тура жолына ілес!»
14
– делінсе, басқа бір аят-
та:
«Расында, сендерге, Алладан және ақырет күнінен
үміт еткендер мен Алланы көп зікір еткендер үшін
Алланың Елшісінде жақсы үлгілер бар», - делінеді
15
.
Пайғамбарлар – біз үшін жолбасшы әрі имам. На-
мазда имамға ұйығанымыздай, өмірдің әр қадамында
Оны үлгі тұтып, Оның жолымен жүреміз. Бізге нағыз шы-
найы өмірді пайғамбарлар ғана көрсете алады. Исламның
алғашқы дәуірін көргендер Алла елшісінің (с.а.у.) қас-
қағым сәттерін де қалт жібермей мұқият қадағалап, Одан
үлгі-өнеге алып отырған.
• Пайғамбарлар дүние мен ақырет тепе-теңдігін
құру үшін келген. Олардың әкелген тепе-теңдігімен адам
баласы өмір жолының астамдығы мен нұқсандығынан
құтылып, дұрыс бағытын табады. Бұл – поптар мен мо-
нахтардай дүниені тәрк етіп, монастырларға қамалып,
елден бөлектену, тұмшаланған әлемге кіріп, ғұмыр бойы
жалғыз өмір сүру емес, керісінше, үнемі орта жолдан ай-
рылмай, дүние мен ақыреттің өзіндік салмағына қарай
тепе-теңдік сақтай ғұмыр кешу. Бұл – уахидың (Алла-
дан келген хабар) нұрлы әлемінде ғана қол жеткізуге
болатын табыс. Пайғамбар жеткізген ақиқаттан мақұрым
14
Әнғам сүресі 90-аят.
15
Ахзап сүресі 21- аят.
72
ИМАНИ ГҮЛ
жалаң сана арқылы мұндай тепе-теңдік орнығуы әсте
мүмкін емес. Құран Кәрім осы тепе-теңдік жайында:
«Алланың саған берген бар мүмкіншілігімен ақырет
жұртын іздеп, соған ұмтыл. Бірақ дүниедегі несібеңді
де ұмытпа. Алла саған жақсылық еткендей, сен де
өзгелерге жақсылық істе. Сондай-ақ, жер жүзінде
бүлікке ілеспе. Күдіксіз Алла бүлікшілер мен содыр-
ларды жақсы көрмейді»
16
- дейді
17
.
• Ақыретте «бізге пайғамбар жіберіп, тура жолды
көрсеткеніңде адаспайтын едік» деп сылтауға басқысы
келетіндердің аузына құм құйылуы үшін, оларға хақ пен
нахақты түсіндіріп, жеткізетін пайғамбарлар жіберілген.
Осылайша сылтауларының алды алынған. Бір аят бұл
мәселені былай баян етеді: «Елшілерден кейін Аллаға ай-
тар желеуі болмас үшін пайғамбарларды сүйіншілеуші
әрі ескертуші етіп жібердік: Алла Азиз (аса үстем), Ха-
ким (хикмет иесі)»
18
.
Пайғамбар сипаттары
Адамзат пайғамбарларға қарап, жалпы істерінде
бағыт түзеп, бағдар алады. Олар – адамға әрбір істе
қайталанбас үлгі, ізгілікте қол жетпес биік шың, адасқанға
жол сілтейтін жарық жұлдыз. Адамзат үшін осындай
асыл міндеттермен жүктелген пайғамбарлардың бойында
міндетті түрде табылуы тиіс сипаттар бар. Бұлар бесеу:
1. Исмәт. Барлық пайғамбарлар пайғамбарлық
міндетпен жүктелмес бұрын да, кейін де барлық күнә
атаулыдан пәк. Қысқасы, күнә пайғамбардың түсіне
16
Қасас сүресі 77-аят.
17
М. Фатхуллаһ, Ән-нурул-халиду Мухаммадун мафхаратул-
инсания, муассисатул-Рисәлә, 1-том, 69-77 бет. Бәйрут. ауд:
Ахмет Әшен.
18
Ниса сүресі 165-аят.
73
ИМАНИ ГҮЛ
де кірмейді. Егер адамзатқа тура жолды көрсетіп,
әрбір істерінде шамшырақ, үлгі болу үшін жіберілген
пайғамбарлар да күнә істейтін болса олардың артынан
ешбір адам үмбет болып ермес еді. Міне, сондықтан
барлық пайғамбарлар күнә атаулыдан Ұлы Жаратушы та-
рапынан арнайы қорғалған.
2. Сидқ. «Туралық» деген мағынаны білдіреді. Бар-
лық пайғамбарлар сөйлеген әрбір сөздері мен істеген әрбір
ісінде туралықты ту етеді. Олар ешқашан болған жайды
бұрмалап айтпайды. Қандай жағдай болса да, ешқашан
жалған сөйлемейді. Раббысының баянын жеткізетін
пайғамбардың жалған сөйлеп, халық алдындағы
сенімділіктерін аяққа таптауы, осылайша өз міндеттеріне
ақау келтіруі мүмкін емес.
3. Аманат. «Сенімділік» деген мағынаны білдіреді.
Әрбір пайғамбар адамдар арасындағы ең сенімді тұлға.
Ешкімді алдамайды, ешбір аманатқа иненің жасуындай да
қиянат жасамайды. Қысқасы, пайғамбарларды жер бетіне
сенімділікті орнату үшін жіберілген сенімділіктің жарқын
үлгісі.
4. Фәтәнат. «Тек қана пайғамбарларға тән зеректік,
ерекше зейінділік» деген мағынаны білдіреді. Алла
Тағаланың дінін жеткізуші барлық елшілер пайғамбарға
ғана тән ерекше зейінге, асқан зеректікке ие. Себебі,
пайғамбарлық – өте ауыр міндет. Қоғамдағы өте зерек, әрі
оқыған білгір ғалымдарға, түрлі қабілетке ие тұлғаларға
Алланың баянын жеткізіп, сұрақтарына қанағаттанарлық
жауап беру үшін еш күмәнсіз бұл міндетпен жүктелген
пайғамбарлардың ерекше зейін, зерек қисынға ие болуы
ләзім.
5. Тәблиғ. «Жеткізу» деген мағынаны білдіреді.
Барлық пайғамбарлар Алладан алған уахиді еш өзгертіп-
бұрмаламастан қаз-қалпында жеткізуге міндетті. Құранда
74
ИМАНИ ГҮЛ
бұл турасында былай делінеді: «Уа, Расулым! Саған
түсірілгенді адамдарға жеткіз. Егер мұны орындамасаң,
елшілігіңді (пайғамбарлық миссияңды) жеткізбеген
боласың...»
19
.
Ақырғы пайғамбар – Мұхаммедтің (с.а.у.)
хақ екендігінің дәлелдері
Тіліміз бен жүрегімізден терең орын алған «Лә иләһә
иллаллаһ», «Алладан басқа тәңір жоқ» сөзінің ажырамас
бөлігі «Мухаммәдур-расулуллаһ» яғни, «Мухаммед Оның
Елшісі» сөзі – ислам дінінде негізгі сенімдердің бірі.
Төменде Оның Алланың адамзатқа жіберген шынайы
елшісі екендігін білдіретін нақты дәлелдер келтірілген.
Оның шынайы пайғамбарлығының дәлелдерін қамтып
жазу ешкімнің қолынан келер іс емес екені анық. Өйткені
Оның (с.а.у.) киелі аузынан шыққан әрбір сөзі, әрбір іс-
қимылы, қысқасы, өмірінің әрбір сәті – күндей жарқырап
ғаламға сәуле шашқан нұрлы елшілігіне дәлел.
Оның (с.а.у.) адамзатты тәнті еткен көркем
мінез-құлқы – пайғамбарлығына дәлел
Адамзат Оның (с.а.у.) мінез-құлқына тәнті. Ғасырлар
озып, ғылым дамып, мәдениет өркендесе де, күллі адам-
зат Оның (с.а.у.) бойындағы асқақ та, биік қасиеттеріне
қайран қалумен келеді. Оның күннен-күнге көбейе түскен
үмбеті қайталанбас өмір жолын, көркем мінез-құлқын
«қасиетті сүннет», деп өнеге етіп ұстануда. Тарихта
Оның өміріндей ешбір дақ түспеген таза да пәк, ғибратқа
толы екінші бір ғұмыр жоқ. Алла елшісінің (с.а.у.) дүние
салғанына он төрт ғасырдан астам уақыт өтсе де, Ол бар-
19
Мәида сүресі 67-аят.
75
ИМАНИ ГҮЛ
ша мұсылманның жүрегінде тірі, тіпті сүннетімен бірге
жүр. Оның мүбәрак есімі әрбір азан мен қаматта үнемі
қайталанып, жүрегімізде жаңғыруда. Иман нұрынан нәр
алған әрбір адам Алла елшісінің (с.а.у.) тек бір сүннетімен
өмірін өрнектеу үшін қолындағы бар құндысын жұмсауға,
тіпті жанын пида етуге дайын.
Абай атамыз халықты Пайғамбарымыздан (с.а.у.) үлгі
алуға былай деп үндейді:
«Алла мінсіз, әуелден пайғамбар хақ,
Мүмин болсаң үйреніп сен де ұқсап бақ.»
Иә, он төрт ғасыр бұрын ғұмыр кешкен Алла
Расулының көркем де әсем мінез-құлқы әрбір мұсылман
баласының аңсарына айналды. Себебі, Ондағы бұл
асыл қасиеттер – адамзатты адамдықтың асқар шыңына
шығарар еш өзгермес ереже-қағида, барлық жақсылық
атаулыға бағыт көрсетер темірқазық іспетті.
Пайғамбарымыздың бойындағы қасиеттер мүлдем
ерекше дедік. Кез келген адам бір-біріне қарама-қайшы
екі көркем қасиетті бір-біріне араластырып, шатас-
тырмастан алып жүруі өте қиын. Мысалы, бір адам
жомарт болуы мүмкін, бірақ бұл жомарттығын асы-
рып, ысырап дәрежесіне дейін апаруы мүмкін немесе
қолындағысын үнемдеймін деп жүріп сараңдыққа бой
алдыруы да ықтимал. Батыр, қаһарман болуы мүмкін,
бірақ бұл ержүректік қасиеті өз арнасынан шығып,
алды-артын аңдамайтын, жақсы-жаман деп талғамайтын
соқырлық дәрежесінде қатігездікке ұласуы ғажап емес.
Ал, Пайғамбарымыз болса, ешбір жақсы қасиетті екінші
бір қарама-қайшы қасиетпен араластырмаған. Өз ар-
насынан асырмаған. Алла елшісі ержүрек, батыр және
мұнысымен қоса құмырысқаны байқамай басып кетсе,
жүрегі елжіреп, діріл қағатындай аса мейірімді, рақымды
және кішіпейіл еді. Өте кішіпейіл, мейірімді боламын
76
ИМАНИ ГҮЛ
деп ешқашан қорқақтық пен қорлануға бас имеген. Алла
елшісі өте салмақты, байсалдылығымен қоса жанындағы
адамдарға шаттық сыйлай алатын жарқын жүзді еді. Жал-
пы ғаламға ұстаздық етіп, үлкен мәселелерді қозғаған
Пайғамбарымыз кішкентай бүлдіршіндермен құмда оты-
рып ойыншық ойнайтындай қарапайым әрі кішіпейіл еді.
Қысқасы, әр қасиетті өз арнасынан асырып екінші бір жа-
ман қасиеттің жағасына апармаған. Яғни, таразының екі
басын тең ұстап, тепе-теңдік сақтаған.
Әр қасиетті өз орнында қолданбаған жағдайда да
ол қасиеттің мағынасы өзгермек. Мысалға, әкім қызмет
орнында көрсеткен салмақтылығын отбасында көрсетсе,
тәкаппарлыққа айналады. Әскердегі жауынгердің
халыққа көрсеткен мейірімділігі мен кешірімділігін
жауға, дұшпанға қолданса, халқына деген зұлымдыққа
айналмақ.
Жан-жақты жетілген кемел адамның бойынан
табылуға тиіс көптеген көркем қасиеттерді ең жоғарғы
дәрежеде әрі әрқайсысын өз орнында бір-бірімен ша-
тастырмастан ең керемет түрде қолданып, үмметіне іс
жүзінде көрсете білген адам – пайғамбар болмаса, кім
болмақ?
Тарихта келіп-кеткен көптеген ұлы тұлғаларды зерт-
теген уақытымызда олардың бойында тек кейбір жақсы
қасиеттердің ғана орын алғанына куә боламыз. Кейбіреуі
атымтайдай жомарт, бірақ дәл сондай дәрежеде кешірімді,
кішіпейіл емес. Кейбіреуі кешірімді, кішіпейіл, бірақ
ашуға бас иетін сабырсыз. Ержүрек батыр, бірақ дәл
сондай дәрежеде мейірбан емес. Ал, Пайғамбарымыз –
жақсы деген қасиеттердің бәрін бойына жинай білген әрі
әрбір қасиетті ең биік шыңында іс жүзінде қолдана білген
жалғыз адам. Алла Тағала Құранда: «Сен керемет мінез-
құлыққа иесің» – деп Алла елшісінің бойындағы осы
қасиеттерді нұсқайды.
77
ИМАНИ ГҮЛ
Американдық ғалым Майкл Харт өзінің «Адам-
зат тарихындағы ұлы жүздік» атты кітабында адам
баласының тарихында өнегелі де ғибратты із қалдырған
ұлы тұлғалардың өмірбаяндарын жазған. Майкл Харт
еңбекте Аристотель, Платон, Евклид, Архимед бастаған
топтың алдында ең бірінші болып Мұхаммед (с.а.у.)
пайғамбарды көрсеткен екен. Бұлтартпас ғылыми
тұжырым жасау үшін Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.)
өмірбаянын басқа тұлғалармен бірге компьютердегі ар-
найы бағдарламаға енгізген Майкл Харт таңданысын жа-
сыра алмаған. Себебі компьютерге түскен 100 адамның
ішінен Пайғамбарымыздың (с.а.у.) есімі бірнеше мәрте
бірінші болып шыққан.
Иә, Пайғамбарымыз бойындағы он төрт ғасыр өтсе
де еш ескіріп, тозбайтындай әрі қияметке дейін келіп-
кетер күллі адамзатты тәнті еткен осынау ұлы қасиеттер
мен көркем мінез-құлықты кімнен үйреніп, қайдан алды?
Оны (с.а.у.) осындай етіп кім тәрбиелеп жетілдірді?
Бұл сұрақтың жауабы ретінде әке-шешесі дейін де-
сек, Пайғамбарымыз әкесінен анасының құрсағында
алты айлық кезінде, шешесінен алты жасында айырылып,
тұл жетім қалды. Демек, Алла елшісінің (с.а.у.) тәлім-
тәрбиені әке-шешесінен алуы еш мүмкін емес. Ал, оған
бұл көркем мінез, жалпы тәлім-тәрбиені өскен ортасы,
өмір сүрген қоғамы берді дейін десек, ол қоғамның тарих-
та «надандық, қараңғылық дәуірі» деген қара таңбасымен
орын тепкені бәрімізге мәлім. Надандық пен қараңғылық,
зұлымдық пен қатігездік билік еткен бұл қоғамда қыз ба-
ласы тірідей көміліп, әйел атаулы қорланып, базарларда
бейне бір заттай саудаланып, зинақорлық ашықтан-ашық
жасалды. Тіпті, зина жасаушы осы ұятты ісімен халық ал-
дында мақтанып, атақ-абыройға кенелді. Ата-тек, шежіре
шатасып, көптеген балалар өз әкесінен бейхабар-ды. Ақ
78
ИМАНИ ГҮЛ
қара деп саналып, ақиқат жалғанға бұрмаланып, залымдық
бейне бір әділдіктей көрінген бұл қоғамда әлсіздер
құлға айналып, бар құқықтары бәзбір адам бейнесіндегі
жыртқыштардың аяғында тапталып жатты. Міне, осын-
дай бір қоғам – қияметке дейін келіп-кетер күллі адам-
затты бойындағы асыл қасиеттерімен таң қалдырып,
көркем де сұлу мінез-құлқымен тәнті еткен Алла елшісін
(с.а.у.) тәрбиелеп, жетілдіруі мүмкін бе? Жай қатардағы
бір адам бұл қоғамның тыныс алған зиянды вирусынан
еш зақымданбай дін-аман, сау-саламат құтылуы мүмкін
бе? Мұндай қараңғы қоғам өзінде жоқ қасиеттерді басқаға
қалай бермек? Демек, Пайғамбарымызға бұл көркем де
әсем қасиеттерді беріп, арнайы тәрбиелеп жетілдірген
Әлемдердің Раббысы – Алла екендігі еш күмәнсіз. Адам
баласына қыстың күні мұз бетінде бәйшешек сыйлаған
Раббымыз «надандық дәуірде» Пайғамбарымыздай нұрлы
тұлға жетілдіріп, ғаламға рақым сыйлады. Пайғамбары-
мыз (с.а.у.) бір хадисінде: «Раббым Мені Өзі тәрбиеледі
және тәрбие болғанда да ең керемет үлгіде» – деп осы
айтқанымызды айқындай түседі.
Иә, Оның бойындағы керемет мінез-құлқы – Оның
пайғамбарлығының белгісі, нышаны екені еш шүбәсіз.
• Адам баласының мінез-құлқы жас кезінен қалыпта-
са бастайды. Ер жете келе бойына әбден сіңіп, отыз жастан
кейін тұрақтап адам табиғатына айналады. Ал, қырықтан
кейін бойындағы қалыптасып, тұрақтаған мінезді өзгерту
өте қиын. Енді пайғамбарымыздың қырық жасына дейінгі
(пайғамбарлық жүктелген шақ) өміріне көз жүгіртіп
көрейікші. Ол (с.а.у.) қырық жасына дейін адамдардың
арасында ең сенімді тұлға деп қабылданғандықтан,
Мекке халқы оны «Мухаммадун Амин», яғни, «Сенімді
Мұхаммед» деп атаған. Мекке халқынан кез келген адам
сапарға шығар болса, қолындағы ең құнды затын еш
79
ИМАНИ ГҮЛ
күмәнданбастан Пайғамбарымызға аманаттап тапсыра-
тын. Пайғамбарымыз (с.а.у.) ешбір аманатқа қиянат ет-
пеген. Өйткені оның дінінде аманатқа қиянат ету, уәдеде
тұрмау және жалған сөйлеу – екіжүзділіктің нақ белгісі.
Тіпті, Пайғамбарымыз Меккеден Мәдинаға көшуге
мәжбүр болған кезде де қолындағы Мекке халқының
аманатын иелеріне тапсыру үшін хазіреті Әлиді орнына
қалдырған. Иә, Ол (с.а.у.) осылайша өзіне қарсы шығып,
тіпті өлтіруді жоспарлап, елінен, жерінен кетуге мәжбүр
еткен пенделердің де аманаттарына қиянат етпеген. Не де-
ген сенімділік, не деген туралық десеңізші!
Мекке халқы Оның қырық жасына дейін бір рет бол-
сын жалған сөйлегеніне куә болмаған. Әбу Бәкір Сыддық:
«Қырық жасына дейін бір де бір өтірік сөйлемеген
адам мінез-құлықтың өзгерместей толық қалыптасып,
тұрақтаған осы жасынан кейін қалайша өтірік айт-
сын?», – деп Пайғамбарымыз әкелген жаңа дінге иман
келтіріп мұсылман болған. Иә, кішкентай бір мәселеде,
аз ғана бір қоғамның алдында өтірік айтпаған адам қалай
ғана бойындағы берік боп, қалыптасқан қасиетін бір күнде
өзгертіп, дін сияқты үлкен бір мәселеде дүйім жұртқа,
тіпті, қияметке дейін келіп-кетер адамзатқа шімірікпестен
«Мен пайғамбармын» – деп өтірік айтсын?!
«Нағыз шындық – дұшпанның да мойындағаны»
демекші, дін дұшпандары да Пайғамбарымыздың (с.а.у.)
туралығын, шыншылдығын еріксіз мойындаған. Әлі
мұсылман бола қоймаған Әбу Суфиян Оның (с.а.у.)
туралығын былай баян етеді:
Алла елшісі көрші елдің патшаларына хат жіберген
болатын. Осы хаттардың бірі Рим императоры Гераклге
арналған-ды. Геракл хатты басынан аяғына дейін оқып
шығып, сол кездерде Шам аймағында жүрген мені (Әбу
|