Отдел науки и международных связей студенческое научное общество



Pdf көрінісі
бет23/31
Дата29.12.2016
өлшемі2,81 Mb.
#702
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31

Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым. Құрастырушы: 
Тоғысбаев Б. 
2.  Айбын.  Энциклопедия  /  Бас  ред.  Б.Ө.Жақып.-Алматы:  “Қазақ 
энциклопедиясы”, 2011.-880 бет ISBN 9965-893-73-X 
3.    Ислам.  Энциклопедиялық  анықтамалық.  Алматы:  “Аруана 
Ltd” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1 
4. Айбын. Энциклопедия./ Бас ред.  Б.Ө.Жақып.-Алматы  : “Қазақ 
энциклопедиясы”, 2011.-880 бет. ISBN 9965-893-73-X 
5.   С.Қондыбай “Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары” 
 
 
Ө.ТІЛЕУҚАБЫЛҰЛЫНЫҢ  «ШИПАГЕРЛІК БАЯН» АТТЫ 
ЕҢБЕГІН БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ПАЙДАЛАНУ 
 
СЕЙТҚАЗЫ Н.Е. 
Алматы Университеті, «Биология» мамандығының 3 курс 
студенті 
Ғылыми жетекшісі: ИБРАГИМОВА З.А., 
п.ғ.к., доцент 
 
Ө.Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” еңбегі осыдан  V ғасыр 
бұрын қазақ жерінде медицина жөнінде алғаш жазылған үлкен ғылыми 
ұлы  еңбек.  Ол  шипагерлік  сан  –  саналы    ашылмай  жатқан    сырларын 
ашу  үшін    айналасын  қоршаған  ортаны  және  астраномияны, 
философияны,    педагогиканы,  психологияны,  этнографияны,  ұлттық 
салт – сананы, тарихты т.б.  игеріп бір - бірімен ұштастыра білген. 
 Ғұлама  ғалым    “Шипагерлік  баянында”  алғаш,  адам  ағзасын  
жеке  дара,  оқшау  күйінде  қарастырмайды,  оны  туған  жердің 
топрағымен,  ішетін  суы,  жұтатын  ауасымен  бірге    қарастырады,  яғни 
адам  ағзасын  сыртқы  ортамен  тығыз  байланыстыра  қарайды,  сол 
байланыс бұзылғанда аурулар, науқастар пайда болады, - деген. 

271 
 
Ө.Тілеуқабылұлы  осы  еңбегі  “Алла  адамды  топырақтан 
жаратқан. Адамзаттың топырақтан жаралғанына дәлел:  бала туыла сала 
сол  жердің,  туған  мекенінің  ауасымен  тыныс  алады.  Анасының  сүтін 
емеді.  Сол  баланың  тұлғалық  бітістік  құрандысы    сол  жердің  топырақ 
құрандысымен  тең  болған  шарт.  Барлық  жердің  топырақ    құрамы, 
топырағының    түсі  ұқсас  болмайды.  Топырақ    құрамындағы    кемістік 
адамға    да  ала  келеді.  Айталық,    алқым  ұрысы  (зоб)  ерекше  үлкейетін 
адамдар бар. Олар  онысын  мақтан көреді, басқалардан ерекшеміз деп 
санайды. Бірақ мұндай пенделер белгілі өңірде ғана бар, жалпылық адам 
пендесінің    бәрінде  емес  және  сол  орынның  адамы  басқа  жерде 
мекендесе,  үлкендерінің  алқым  ұрысы  (зоб)  кішірейсе,  балаларында 
болмайды  екен.    Бұған  қарағанда,  топырақ  құрамында  адамға  пайдалы 
бір  нәрсенің  жеткіліксіздігі  бар  екені  айдан  айқын  ұғыныс  болмақ  ”  – 
деген. Осыдан V ғасыр бұрын  қараүзген шипагер адам ағзасын  әр түрлі 
минералдарды, микроэлеметтерді қажет ететінін жете түсінген. 
Қазіргі  ғылымның  даму  арқасында  белгілі  болган  -  зоб    ауруы 
көбінесе таулы аймақта тұратын адамдара  кездесетіні және оған  себеп 
топырақта, 
ауыз 
су 
құрамында 
 
йод 
микроэлементтердің  
жетіспеушілігінен    болатындығын  даналықпен  білген.  Сонымен  қатар 
күннің  көзінде  шипагерлік    қасиеттің  бар  екенін,    оның  рахит  (мешел) 
ауруынан    сақтану  үшін,  ондай  аурумен  ауырған    балаларды  далаға 
күнге  шығарып  емдеу  керектігін  кеменгер  бабамыз    бұдан  500  жыл 
бұрын ескерткен.  
Бабамыз  аурудың    пайда  болуында  белгілі  бір    материалдық  
заттардың жетіспеушілігі және оған  қоршаған орта жайларының  әсері 
өте зор болғанына мән берген. 
Тіпті  дәрілердің    шипагерлік  қасиетін,  емдік    ұсыныстардың 
тиімді – тиімсіз  болуын  айналадағы ортаның (“кеңестік”), ауа райының  
қолайсыздығын  реттеп отырғандығын айтқан. Өкінішке  орай, қазір  біз 
осы  бабамыздың    айтып  кеткен    ұсынысының    көбісін    оқу  тәрбие 
үрдісінде пайдаланбаймыз. 
Ұлы  ғалым ХV  ғасырда өзі  ғұмыр кешкен  қазақ даласын жан  – 
тәнімен  сүйген, атамекенді жауға иеленбек түгіл “сол жердің   бір тал 
түгін    де  жұлдырмай,  ел  –  жұрттың  қорғамаққа  шарт”  –  деген  сөзі 
бүгінгі  күннің жастарын патриоттық рухта тәрбиелеуге  мәжбүр етеді. 
Ол  жастарға    атамекенін  жан  тәнімен    сүйіп  оны  басқыншы 
жаудан қорғау үшін батыл жүректі, сом денелі болу  қажетілігін  ерекше 
еске  алады.Ұрпақ  бітімінің    мінсіздігін    әріден  ойлаған      шипагер  
дүниеге    келген  нәресте  тәнінің    шынығуға  таза  су,  таза  ауа  әсеріне 
тәуелді екенін  дәлелдей түседі. Дененің суыққа шыдамдылығын аттыру 
үшін  бұлақтың мұздай  суына шайыну қажетілігі  туралы  айтқандары  

272 
 
бабамыздың  Ресей  шипагері  П.Ивановтан    бұдан  500  жыл  бұрын  
түйіндеуіне  қайран қаласың. 
Онда Өтейбойдақ бабамыз жастарға  қазақ даласының  жерлерін, 
өсімдіктерін,  жануарларын  т.б.  қорғап, зиянкестігі болатыннын  бәріне 
сақтанып,  қоршаған  ортаның    экологиялық  тепе  –  теңдігінің 
бұзылмауын сақтау қажетілігін ескертеді. 
Бұл  ғылыми еңбекте  келтірілген биологиялық мәселелер қазіргі 
кездегі биологиялық  мәселелермен тығыз  байланысты. 
Биология  сабақтарындағы  ғұлама  ғалымның  идеясын  біртіндеп 
жас – өспірімдердің бойына сіңіру, санасына жеткізуде орны, мәні зор. 
Ө.Тілеуқабылұлының  идеясын  өсімдіктану,  жануартану,  тәнтану  және 
тіршіліктану  пәндерін  оқыған  кезде  оның  барлық  тақырыптарынан 
болмаса да кейбір жеке тақырыптарында қолдану мүмкіншілігі мол. 
Өсімдіктану  пәнін  оқығанда  қазақ  жеріндегі  өсімдіктерге  деген 
қызығушылық  ХV  –  ғасырдан  бастап  күрт  артып,  көп  ізденістер 
жасалғанын,  оған  себеп  адамдардың  ең  алдымен  дәрілік  өсімдіктерді,  
пайдалы  және  зиянды  өсімдіктерді  танып  білуге,  қолдануға  деген 
сұранысы  болған. 
Орта Азияның ұлы шипагері Әбу Әлі Ибн Синаның (980 – 1037) 
кітаптарында өсімдік атауларымен рецептер берілген. Осындай ғылыми 
еңбек қазақ  жерінде де туған. Бұл Ө.Тілеуқабылұлының (1392 – 1492) 3 
бөлімнен,  7  кітаптан  тұратын  “Шипагерлік  баян”  деген  еңбегі.  Бұл 
шипагерліктің өзіндік толық пәлсапалы бар, 1050 түрлі дәрі – дәрмектің 
тізімі мен 4577 рецепті қамтыған дәрілік кітап. 
Қазақ  жерінде кездесетін 859 өсімдік   түрінің алғашқы тізімі мен 
өсімдіктердің жергілікті халық атайтын атаулары осы кітапта берілген, 
сондықтан  Ө.Тілеуқабылұлын  қазақ  халқының  алғашқы  ботанигі  деуге 
толық негіз бар. 
Қараүзген шипагер қазақ жеріндегі өсімдіктерді танып – білуінің 
терең  ғылымилығына  көз  жеткізген.  Сондықтан  кең  тараған  дәрілік, 
пайдалы және зиянды өсімдіктердің бірнеше түрлеріне тоқталған. 
Мысалы,  алқа  тұқымдасына  –  кіріккенкүлтелі  өсімдіктерге 
жататын    мендуана  ұрығын  тілсұқ  тиген  балаға    бір  талдап    үш  талға 
дейін,  үлкендерге  бес,  жеті  талын  талқандап  жегізсе,  жазылып 
айықпағы айқын болмақ; 
Ал  үсіктер  уақыты  өтіп  кетіп  жараға  айналса,  рауғашты  үгітіп, 
сеуіп  отырмақ  керек,  ол  жазылғанша  жалғаспаған  шарт.  Қышыса 
қасымау керек  деген.  Иісі өте әдемі, жағымды сезілістік бергендігімен, 
бәрі де пендеге  пайдалы  бола  бермейді.  Айтқылық, ізгі Дарымгүлі иісі 
төтенше  жағымды  иісті.  Бірақ  қызыға  -  қызыға  шай  ішім  иіскерлік 
болса, бұл дүниемен  қоштасқылық таппақ– деген. 

273 
 
Ары қарай ұлы ғалым қолжасбасында 4577 – ден астам шипалық 
келтірілген. Өкінішке орай, оның сегізі ғана сақталған. Олардың ішінде 
құрқұлақ  ауруын  қымыздықтың  сабағын  сорғызып  немесе  қымызбен, 
рауғаш  сабағымен  емдеу  бүгінгі  күннің  талабына  сайма  –  сай  келеді. 
Өсімдіктану 
ғылымының 
қазақ 
жерінде 
ежелгі 
уақыттан 
қалыптасқандығының айғағы. 
Вирустар  тақырыбын  оқығанда  Өтейбойдақ  бабамыздың   
жұқпалы  аурулардың  неден  болатынын  (“құрт  аурулары”),  атап 
айтқанда,  ағзаның  иммунды  (“төтемелік”),  жүйесінің  әлсіреуінен, 
төмендеуінен қозатындығын ғалым даналықпен біліп,  жазып кеткен. 
“Әл  -  Құзорда  бабамыздың  шамамен  1436  жылдары  шешек 
ауруына ем тапқан. Ол былай: шешекпен науқастанған баланың шешек 
іріңін  алып,  тананың  жұқа  шап  терісін  тіліп,  қан  шыққан  соң  жағады. 
Бір  жұмадан  соң  тананың  шабы  жұдырықтай  болып  томпияды. 
Томпақты жарып, қамсек қурай қуысымен бүйрек қабына (өзі жасаған) 
құйып, күн тимейтін салқын орынға қойып, ағашты қаламай үшкірлеп, 
шешекпен  ауырған  баланың  білегіне  жағып,  жаққан  жерді  инемен 
сызып қойса болғаны”. Бұл адамзат өмірінде ғалымының үлкен теңдесі 
жоқ жаңалығы болатын, өйткені қазіргі медицина ғылымында шешекке 
қарсы вакцинаны тұңғыш 1796 жылы тапқан ағылшын ғалымы Эдуард 
Женнер деп жазылған. Сонда өзіміздің бабамыз Ө.Тілеуқабылұлы қазақ 
елінде  Жетісу  жерінде  Эдуардтан  360  жыл  бұрын  шешек  суын 
(вакцинасын)тауып, оны емге қолдана білген. 
Бабамыз  вакцинаның  емдік  қасиетін  білгендікпен,  білгірлікпен, 
біліктілікпен  шебер  тапқан.Жұқпалы  аурулардың  басқа  адамдарға  тез 
жұғатынын,    ол  үйді  ерекше  бір  белгімен  белгілеу  керек  екендігін 
(“түсті матаның сырт жақтан байлану – ол үйге кірменіздер”) деп алдын 
- ала ескертеді. 
Жануартану  пәнінен    құрттарды  оқығанда  олардың  адамға  ауру 
тудыратынына  тоқталған.  Ауру  адам  әлсіреген  кезде    құрттар  көбейіп 
кетеді  де  күшіне  енеді,  осы  сәтте  ауру  күшейеді  де  аурудың  хәлін 
ауырлатып 
жібереді 
– 
деп 
жазады 
Өтейбойдақ 
Тілеуқабылұлы.Сондықтан  шипагерлер  осы  құртты  әлсіретер  немесе 
өлтірер    емді  дәл  таппаса,  немесе  шақырғанда  уақытында  келмесе, 
аурудың  ажалға  апаруы  мүмкін  –  дейді  ол.  Бұл  қазіргі  санитарлық-
гигиеналық, эпидемиологиялық ережелерді,тазалық сақтау. 
Санитарлық  –  гигиеналық  шараларды  елемеуден  пайда  болып, 
өсіп  келе  жатқан  организмнің    дамуына  зиян  келтіретіндігін 
көрегендіктен  айтқан.Тәнтану  пәнінен  “Ас  қорыту  жүйесі”  тақырыбын 
өткенде  ғұлама,  асқан  шипагер  Ө.Тілеуқабылұлы    адамның  тамақ  пен 
сусынды ішуіне назар аудару қажеттілігін көрсеткен. 

274 
 
Қараүзген  шипагер    тағамдардың  қуаттылығы,  оның  құрамы, 
асқорыту  мүшелері қызметін жақсарту, ағзаға сіңімділігіне, дененің сау 
болуына,  әсіресе  жас болуына, әсіресе жас  ағзаның жақсы жетілуіне, 
еңбекке қабілетінің артуына себепкер болатынын айтқан. 
Ғұлама  ғалым  ауру  бүлінген  және  майлы,  тұзды  тамақтан  пайда 
болатындығын 
ескертеді. 
Тұзды 
тамақ 
тыныс 
жолдарының 
ауруларымен ауырған адамдардың жөтелін ұлғайтады, ұйқысын бұзады, 
мазасын  кетіреді.  Сондықтан  тамақпен  қабылдайтын  тұзды  шектеу 
керектігін  жазған.  Әртүрлі  дерттерге  жайлы  тамақ  түрлері  болатынын 
көрсеткен. 
Сырқатты  емдеуде  ұлттық  тағамдарды  ұсына  отырып,  ғұлама 
ғалым  дерттің  уытын    әлсірететін  тағам  түрлері  болады  деген. 
Талықсып  ауыратын  адамдарға  сары  май  жеуді,  дизентериямен 
ауыратындарға    құрт,  іш  кебетіндерге  құртты  езіп  ішуді  ұсынады. 
Қымыз  тұндырымы  науқас  адамға  пайдалы  дейді.  Іші  қатқан  
науқастарға  қызыл  ірімшікті  қосып,  шаймен  ішкенде  іштің  қатуы 
болмайды,  ал  іші  өтіп    ауратындарға  тамақ  ішуді  азайту  қажетігін 
айтады. 
Тіршіліктану  пәнінде  “Генетика  мен  сұрыптаудың  негіздері” 
тараудағы  сабақтарда  ғұлама  ғалымның  адам  өз  ұрпағының  жаны  да, 
тәніде сау азамат болып өсуіне ерекше мән бергеніне тоқталамыз. 
Қараүзген  шипагер  адамдардың  денсаулығының  жақсы  болуы 
үшін жеті атадан асқанда ғана некеге тұрғаны абзал дейді. Өтейбойдақ 
бабамыздың кеңесі бойынша  Ақорда ханы  Жәнібек  Әздің  “Күллі алаш 
ұрпағы қазақ қараша бұхараларының өздерінің  және    ұрпағының мінез 
бітістік  болмағы  шарт  үшін:  “Жеті  атадан    ілгері  қыз  алысқандар 
бүгінен бастап болмауы  шарт жараға. Егер олай болса, болғанына   көз 
жетсе, жұбайларды тең бас  қылыштамақ шарт”  -  деген жарғы  шыққан. 
Жеті атадан аспаған рулар арасынан қыз алысқандардан қандық уылма 
көп  құзғындамағы  көз  көргі.  Соның  үшін  жеті  атадан  асқандар  өзара 
қыз алысып, құдаласпағы шарт. Отыз, қырық ата араласа,ұрпақ ақылды 
болмақ.  Ғұлама  ғалым  ата  –  тегінің  асыл  қасиеттерінің  ұрпаққа 
берілетін  дұрыс  түсіндірген,  дәлелдеген  және  дүниеге  келер  ұрпақтың 
сау болуына үлкен мән берген, осыдан қазақ халқының генофоны жақсы 
сақталған. 
Бұдан 500 жыл бұрын бабамыз еңбегі қазақ халқы ұрпақтарының 
мінсіз  болуына  септігін  тигізетін  ғылыми  жетістік  деп  қарауға  әбден 
болады. 
Ө.Тілеуқабылұлының  бұл  ғылыми  анықтамасы  генетиканың  ең 
жоғары жетістігі  болғандықтан ол үрдіс Төле би жарғысында да, бүгінгі 
Елбасы Н.Назарбаев жарлығында да жалғасын тауып отыр. 

275 
 
Кесте -3 
Ө.Тілеуқабылұлының «Шипаргерлік баян» деген еңбегіндегі 
салауатты  өмір  өмір  салты  идеясын    биология    сабағында  
пайдалану 
 
Курс  
Тақырыбы  
Ө.Тілеуқабылұлын
ың  «Шипагерлік 
баян»  еңбегіндегі 
салауатты 
өмірсалты идеясы.  
Әдіс-
тәсілдер  
Оқыту 
нәтижесі 





Кірісп
е 
Қазақстандық 
және 
шетелдік 
ғалымдар 
өсімдіктер 
мен 
жануарлар-
ды 
қорғау. 
«Қызыл 
кітап» 
қорықтар  мен 
қорықшалар. 
Ө.Тілеуқабылұлы 
–  қазақ  халқының 
тума 
шипагері. 
Бабамыздың 
«Шипагерлік 
баян» 
еңбегі 
бойынша 
қазақ 
ұлтының  алғашқы 
валеологы, 
ботанигі,  зоологы, 
анатомы,  генетигі, 
химигі,  геогрофы, 
және т.б маманы.  
Әңгімелесу
,  түсіндіру, 
көрнекілік.  
Ө.Тілеуқа
былұлыны
ң 
«Шипагер
лік  баян» 
еңбегінме
ңгеру.  
Жоғар
ы 
сатыда
ғы 
өсімді
ктер.  
Алқа 
тұқымдастар 
– 
кіріккен 
гүлді 
өсімдіктер  
«Шипагерлікбаянд
ағы»  -  мендуана 
дәрілік 
өсімдік. 
Құрылысы, 
түрлері 
және 
олардың 
кездесетін 
жерлері.  
Әңгімелесу
,  түсіндіру, 
хабарлама, 
шөппен 
жұмыс. 
Дәрілікме
ндуана.  
Жоғар
ы 
сатыда
ғы 
өсімді
ктер 
Дәрілік 
өсімдіктер 
Рауғаш  
Әңгімелесу
,  түсіндіру. 
Жергіліктід
әрілікөсімді
ктердіүйдеа
нықтау. 
 
 
 
 

276 
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.Ақынбеков М. Халық емшілігінің болашағы  «Қазақтың ғалым 
шипагері  Өтебойдақ  Тілеуқабылұлы»    атты  VІ  –  Халықаралық 
конгресінің  ғылыми-теориялық  материалдары  Научно-теоретические 
материалы  VІ-ого  Международного  конгресса  «Казахский  ученый-
целитель  Отейбойдак  Тлеукабылулы  (Х  V  в.)  (Тараз  24-26  шілде2009 
ж.) Ред.З. Қожалымов.-Алматы, 2009.-60-63 б. 
2.Әбиденқызы  Г.  «Шипагерлік  баян»  тіліндегі  евфемиздер: 
Өтебойдақ Тілеуқабылұлының медициналық еңбегіндегі сөз қолданысы 
жайлы  Атамекен-Ай. 2006 - N 8.-14-15 б.-Библиогр.: 6 атау. 
3.  Жақанов  А.  Ғұлама  Өтебойдақ  Тілеуқабылұлының  еңбегі 
медицина  ғылымыныңтілінде  «Қазақтың  ғалым  шипагері  Өтебойдақ 
Тілеуқабылұлы»  атты  VІ  -  Халықаралық  конгресінің  ғыл.-
теор.материалдары.  Науч.-теор.материалы  VІ-ого  Международного 
конгресса  «Казахский  ученый-целитель  Отейбойдак  Тлеукабылул  (ХV 
в.) (Тараз 24-26 шілде 2009 ж.) ред. З.Қожалымов. - Алматы, 2009.-120-
122 б. 
 
 
ЖАНУАРТАНУ САБАҒЫНДА ҚЫЗЫҚТЫ ҚОСЫМША 
МАТЕРИАЛДАР МЕН ТАНЫМДЫҚ ОЙЫНДАРДЫ 
ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ 
 
СҮЙІМБАЙ Ш.Ғ. 
Алматы Университеті, «Биология» мамандығының 3 курс 
студенті 
Ғылыми жетекшісі: ИБРАГИМОВА З.А., 
п.ғ.к., доцент 
 
Жануартану пәніне арналған қызықты қосымша материалдар мен 
танымдық  ойындар  сәтті  және  келешегі  мол  педагогикалық  жаңалық, 
дәстүрлі  емес  сабақ  түрлерінде  пайдаланады.  Қызықты  қосымша 
материалдар  мен  танымдық  ойындарды  ұштастыра  өту  түсініктірек 
болу үшін VII сыныбында өтілетін жануартану сабақтары жоспарының 
біреуін келтірейік. 
Сабақтың тақырыбы: «Жұмыр құрттар типі.Адам аскаридасы» 
Сабақтың  мақсаты.Жұмыр  құрттардың  тіршілік  ортасы,  көбею 
жолдары, адамға тигізетін зиянын қызықты материалдар мен танымдық 
ойындарды  пайдалану  негізінде  түсіндіру.  Жұмыр  құрттарға  қарсы 
жүргізілетін күрес шараларын оқушыларға түсіндіру. 

277 
 
Қажетті  құрал-жабдықтар.  Жұмыр  құрттар:  аскарида,  острица, 
трихинелла, өкпе  глистері және  қызылша  нематоды бейнеленген кесте. 
Аскарида  пішіні  сомдалған  пластилин.  Тақырыпқа  арналған  танымдық 
ойынның фотосуреті (мұғалім әр оқушыға жететіндей етіп үйде даярлап 
келген ойынның суреті). 
Сабақ әдісі. Қызықты қосымша материал мен танымдық ойынды 
пайдалана баяндау және ойынды шешкізу. 
Сабақтың  жоспары.1.Өткен  сабақ  материалынан  оқушылардың 
білімін тексеру. 2.Оқулықпен жұмыс. 3.Биология  дәптеріне жаңа сөздер 
мен  терминдер  анықтамасын  жазғызу.  4.Жаңа  сабақ  материалын 
түсіндіру.  5.Жаңа  сабақ  материалын  қорыту.  6.Тақырыпқа  арналған 
танымдық ойынды шешкізу. 7.Үйге тапсырма беру. 
Сабақтың  барысы. 
I.Өткен  сабақ  материалынан  оқушылардың  білімін  тексеру  және 
соған арналған сұрақтар: 
1.Құрттарға жататын жәндіктер қалай сипатталады? 
2.Қай  құрттар  жалпақ  құрттарға  жатады,  олардың  тіршілік 
әрекеті неге бейімделген? 
3.Паразит құрттар неліктен көп таралады,олар адамға және малға 
қалай жұғады? 
4.Шошқа  цепені  мен  сиыр  цепенінің  айырмашылығы  неде, 
цепеннің бас бөлігінен нелерді байқауға болады. 
5.Дернәсіл,Финна дегендерді қалай түсінуге болады. 
6.Қай  жалпақ  құрттар  адамға  қауіп  туғызады,  олардың  негізгі 
және аралық иелері туралы не білеміз? 
7.Қай жалпақ құрттар малға зиянын тигізеді, олардың құрылысы, 
тіршілігі, таралу, даму жолдары туралы не айта аласыз? 
8.Кутикула  деген  не,  оның  паразит  құрттарда  болуын  қалай 
түсінесіз? 
II.Оқулықпен  жұмыс.  Оқушылардың  кітаппен  өздігінен  жұмыс 
істеуін  қалыптастыру  мақсатында  оқулықтың  191-194  беттеріндегі 
«Адам  аскаридасы»  тақырыбын  оқушыларға  сабақ  үстінде  оқытып, 
мына сұрақтарға жауап қайтару талап етіледі: 
1.Дене  пішіні,  тіршілік  ететін  ортасы  және  көбеюінде  ерекшелік 
бар ма? 
2.Адам үшін қандай пайда зияны бар? 
3.Дене  мөлшері  қандай?  Олар  қоздыратын  ауру  белгілері  қалай 
білінеді? 
III.Қызықты  қосымша  деректерді  пайдаланып,  жаңа  сабақ 
материалын 
түсіндіру 
(мұғалім 
сұрақтарды 
тақтаға 
жазады) 
оқушылардың  кітаппен  өз  бетінше  қалай  жұмыс  істегенін  байқау 

278 
 
кезінде жүзеге асырылады. Тақтаға жұмыр құрттардың суреті салынған 
кесте ілінеді, жұмыр құрттардың 35 мың түрді біріктіретіні жазылады. 
Оқулықта берілмеген мынадай деректер баяндалады: 
 а)  аскарида  туралы  қосымша  деректер:  олар  дара  жынысты, 
аналығының тұрқы  40-45 мм, ал аталығының  тұрқы  15-25 мм. Аналық 
аскарида бір тәулікке 145-234 мың жұмыртқа салып 200 күн өмір сүреді. 
Аскаридамен ауырғанда бөсір (аскаридоз) ауруы дейді: Көбінесе 
балалар  ауырады.  Ішекте  аскаридалар  неғұрлым  көп  болса,  ауру 
зардабы  соғұрлым  күшті  болады.  Мәселен,  бір  баланың  ішегінен  бір 
күнде-600,  ал  үш  жылда  5000  аскарида  алыныпты.  Егер  аскаридалар 
ішек  қабырғасынан  өтіп,  өт  ағатын  өзекті  бітеп  тастаса,  аскаридоз  өте 
қауіпті  болады.  Аскаридалар  ішектен  шығаруға  сантонин  дәрісі 
пайдаланылады,  бірақ  ол  улы,  сондықтан  дәріні  тек  дәрігердің 
белгілеген мөлшерінде ғана қабылдау керек
ә)үшкірқұрт  (острица)  да  –  паразиттік  жолмен  тіршілік  ететін 
құрт,  денесінің  екі  жағы  да  үшкірленіп  бітетіндіктен  үшкірқұрт 
(острица)  аталған.  Оның  аталығы  аналығынан  кішкене  болады.  Денесі 
мөлдір  болғандықтан,  аналық  ішіндегі  жұмыртқаларды  лупа  арқылы 
көре аламыз. Ұрғашы острица бала нәжісімен сыртқа шығып қалады, ол 
10-12 мың жұмыртқа туады. 
б)адам  үшін  қауіпті  паразит  жұмырқұрттар  адамға  және 
жануарларға  зиян  келтіреді,  тері  астында  –  суыртқы  (ришта), 
бұлшықеттерде  трихинелла,  ішекте  ішексорғы,  үшкірқұрт  паразиттік 
әрекет  жасап,  ауруға  ұшыратады.  Аналығының  тұрқы  -  3  мм,  ал 
аталығы  бұдан  екі  есе  қысқа  болады.  Трихинелла  адамның  ішегінде 
ұрықтанады,  аналық  тринихелла  80 000  -  100 000-ға  дейін  дернәсіл 
өрбітеді.  Дернәсілдер  ішек  қабырғасын  тесіп,  қан  тамырлары  арқылы 
бұлшықеттерге  жетіп,  орнығады.  Осы  арада  дернәсіл  төңірегінде 
әктенген  капсула  пайда  болып,  иесі  дүние  салғанға  дейін  осы 
капсуланың  ішінде  жатады.  Капсуладағы  дернәсіл  әсерінен  бұлшықет 
тітіркеніп, адамның дене температурасы көтеріледі, беттің, балтырдың, 
қабақтың бұлшықеттері ісініп, ақыры адам өледі. 
Адам  трихинелланы  шошқа  етін  жеу  арқылы  жұққызады. 
Трихинелланың  негізгі  иесі-егеуқұйрық,  ал  адам  кездейсоқ  ие  болып 
табылады. Өлген егеуқұйрықты мысық, ит, күзен және шошқа жейді де 
олар  аралық  ие  болады.  Трихинелла  ауруынан  сақтанудың  бірден-бір 
жолы – егеуқұйрықтарды құрту, сондай – ақ  мал дәрігерінің қарауынан 
өтпеген шошқа етін жеуді болдырмау;  
в)  өкпе  глистері  және  қызылша  нематоды  туралы  қысқаша 
баяндау. 

279 
 
IV.Жаңа сөздер мен терминдерді анықтамасымен бірге жазғызу – 
зоология  дәптеріне  жазылатын  сөздер:  аскарида,  аскаридоз,  сантонин, 
трихинелла,  камсулла,  өкпе  глистері,  қызылша  нематоды  (  нематод  – 
грекше – жіп, яғни жұмыр деген мағына береді).  
V.  Жаңа  сабақ  материалын  қорыту.  Оқушылардың  қалай 
түсінгенін анықтау үшін қойылатын сұрақтар:  
     1. Жұмыр құрттарға тән қасиеттерді немен сипаттауға болады, 
оған қай құрттар жатады?  
      2.  Аскарида  адамға  қалай  жұғады  және  тигізетін  зияны 
қандай? 
      3. Аскаридоз неліктен қауіпті? 
      4.  Құрт  неге  “острица”  деп  аталған,  ол  қалай  жұғады  және 
қандай зияны бар? 
      5. Трихинелла қандай зиян келтіреді? 
      6.  Трихинелла  қалай  жұғады  және  оның  дамуында  қандай 
ерекшелік бар? 
      7. Өкпе глистері қай малға зиян келтіреді? 
      8.Ауыл  шаруашылық  өсімдіктеріне  қай  құрттар  қандай  зиян 
келтіреді? 
VI.Оқушыларға  жаңа  материалды  түсіндіру  кезінде  кездескен 
құрттар  атауын  жадында  сақтап,дұрыс  жазылуына  назар  аударуы  үшін 
танымдық ойын ұсыну. (Мұғалім әр оқушыға алдын  - ала дайындалған 
фотосуреттерді  таратады  немесе  үлкейтіліп  салынған  суретін  тақтаға 
іледі). 
«Жұмыр 
құрттар» 
деп 
аталатын 
ойын 
шарты: 
бес 
орналастырылған  бос  орындарға    «А»  әрпін  пайдаланып,  бес  жұмыр 
құрттың атын жазыңыздар. 
Шешуі:  Қызылша  нематоды.  Өкпе  глистері.  Трихинелла. 
Аскарида. Острица. 
VII.Үйге  тапсырма  беру.  Оқулықтың  беттеріндегі  «Аскарида 
және острица» тақырыбын және «Өкпе глистері», «Қызылша нематоды» 
тақырыпшаларын оқып келу. «Жұмыр құрттар» ойының үйде қайталап, 
зоология  дәптеріне  суретін  салу,  шешуін  жазып,  ондағы  құрттар 
атауларының  дұрыс  жазылуына  ерекше  назар  аудару.  Трихенилланың 
адамға  келтіретін  зиянын,  даму  және  жұғу  еске  түсіріп,  мұғалімнің  
баяндағандарын  жадында  сақтауға тырысу. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет