ДЕСТИНАЦИЯ БРЕНДИНГІНІҢ МƏСЕЛЕЛЕРІН АНЫҚТАУ
Тараз қаласы туралы сөз болғанда, оның екі мың жылдық тарихы бар көне шаһар, сонымен қатар қойнауы тарихи қазынаға толы өлке екені бәрімізге белгілі. Расында да Тараз қаласының қай аудан, қай ауылынан болсын құнды жәдігерлерді, тарихи мекендерді көптеп кездестіруге болады. ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген ортағасырлық Ақыртас, сондай-ақ Өрнек, Құлан, Баласағұн, Қостөбе қалашықтарын айтпағанның өзінде, Қарахан және Айша бибі кесенелерінің өзі көпшіліктің қызығушылығын тудырады. Өңірде туризм саласын дамытуда жақсы жоспарлар болғанымен, күрделі мәселе де бар. Бұл ретте «Тараз дестинация брендингін дамытуға не кедергі?» деген мәселе туындайды. (Egemen Qazaqstan, 2019).
1. Жарнама ресурстарының жоқтығы
Интернет - кеңістіктегі Тараз қаласы туралы ақпараттың жетіспеушілігі облыстың туристік сұраныс шетінде қалып қоюына бірден бір себеп.
«Мен көп саяхаттаймын, көптеген елдерде болдым, бірақ 2000 жылдан астам тарихы бар Тараз қаласы жайлы ешкім білмейді. Тарих және облыстағы тамаша орындар туралы жеке сайттың болмауы туризм дамуындағы кедергілердің бірі болып табылады», - деп «Золотой караван» туристік орталығының директоры Альбина Веймер өз ойымен бөлісті. (Atameken.kz, 2019).
Астаналық туризм қауымдастығының атқарушы директоры Әйгерім Мұхамеджанованың айтуынша, күллі әлем туристері саяхаттау сапарларын жоспарлау кезінде ресейлік «Трипадвизор» сайтын пайдалана отырып, қандай да бір туристік нысандарға қатысты өз ойларымен бөліседі. Бірақ ол сайтта Тараз қаласында тек 5 мейрамхана, 8 қонақүй және 7 негізгі көрнекі орын көрсетілген. Пікірталасқа қатысушы ВВС телеарнасы жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша сұралғандардың 90%-ы ақпаратты интернеттен алатынын айтқанын жеткізді. ВВС сарапшылары сонымен қатар Еуропа турситерінің 60%-ы Ұлы жібек жолы бағытына қызығушылық танытатынын анықтаған. (Atameken.kz, 2019).
Осы мәселеге байланысты өңірдегі тарихи құндылықтарды насихаттау мақсатында халық көп жүретін темір жол бекетіне және әуежайға да арнайы тақталар ілу жоспарда бар екенін атап өтті «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрлан Бықыбаев.
Бұл мәселе бойынша ұсыныс – Интернет желісі арқылы жарнама жасауға барынша көңіл бөлу және тарихи және облыстағы тамаша орындар туралы жеке сайттар жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |