69
В.Державин түпнұсқадағы тармақтардың
орнын ауыстырған. Түпнұсқадағы «баяғы жар-
тас - сол жартас» пен аудармадағы «баяғы
қайырымсыз жартастар» деген екеуінің беретін
мағынасы екі басқа. Абай жартас өзгермеді, сол
күйінде қалды деген мағынада қолданса, В.Дер-
жавин жартастың қаңдай екендігіне (қайырым-
сыз) сипаттама береді. Түпнұсқада «қаңқ етеді»,
яғни дыбысқа еліктеу бар, В.Державиннің
аудармасында «дауыс жансыз», яғни дыбыс
жоқ. В.Державин өз тарапынан басы артық
образды сөздер қосып, автордың стилін,
нақтылығын бұрмалаған.
Т.Боттингтің аудармасының деңгейі мен
сапасын сәтті шықты деп айта алмаймыз, себебі
аудармашының өлеңді еркін аударғандығы
соншылықты, аударма негізінде Абайдың өлеңі
жатқандығын сезіну қиын.
Біз Абайдың бір ғана «Сегіз аяқ» өлеңінін
қарастырып отырып, көптеген кемшіліктерді
байқадық. Абайдың ойын, тілін ұғудың өзі
күрделі, оны әр оқырман өзінше түсінеді.
Абайдың шығармасын аудару дегеніміз -
жауапты, әрі көп ізденуді қажет ететін жұмыс.
Сондықтан аудармашы бұл жұмысқа үлкен
дайындықпен келуі керек. Абайдың өленің орыс
тіліне аударған төрт аудармашы да және
ағылшын тіліне аударған Т.Боттинг те аудар-
маға қойылатын басты талаптар мен міндет-
терге жете назар аудармаған тәрізді. Аудар-
малар түгелімен түпнұсқаның мәнін толық
жеткізбеген. Түпнұсқаның идеясы, мәнері, стилі
– бұлардың да ешқайсысы аудармада сақтал-
маған, тіпті түпнұсқадағы қарапайым сөздермен
берілген ойлар бұзылып, тілдік бірліктер күрде-
лендіріліп, оқуға, түсінуге қиындық туғызған.
Абайдың стилі, шығармашылық даралығы, әде-
би
мәнері
жойылған.
Осы
ретте
Д.Самойловтың: «Біз көркем аудармадан
аударылатын автордың образ мен ойын ғана
емес,
сондай-ақ
оның
әдеби
мәнерін,
шығармашылық даралығын, сти-лін жеткізуді
талап
етеміз.
Егер
айтылған
міндеттер
орындалмаса, онда аударма жарамсыз болып
есептелінеді» пікірі ойға оралады. [ 21, 29 б]
Абайдың «Сегіз аяқ» өлеңінің орыс,
ағылшын тілдеріне тәржімалаған аудармашылар
еркіндікке, ойды бұрмалаушылыққа көп жол
береді. Оқырманға түпнұсқа авторының жазу
табиғатын, стилін, шығармашылық даралығын
жеткізу сияқты өздеріне тиісті міндеттерін
ескере бермейді. Әрине, еркін аударуға
болмайды демейміз, бірақ еркіндік пен дәлдікті
қатар алып жүруге болады. М.Әуезовтің өзі
көркем аудармада еркіндік пен дәлдікті барын-
ша ұштастыруға күш салады. М.Әуезовтің
шығарманы аударар алдында ең басты ұстанған
екі принципі болды. 1. Еркін аудармадағыдай
түпнұсқадан көп ауытқымау, ойды дәл беруге
тырысу. 2. Оқушы қауым аударманы оқи оты-
рып жазушының тіл стилін білсін, жазу
табиғатын түсінсін деген мақсат.
Өкінішке орай орыс, ағылшын тіліндегі
аудармалар мұндай талаптар мен принциптерге
сәйкес келе бермейді. Түпнұсқаны орыс тіліне
аударған Л.Озеров, В.Державин, М.Касаткин,
Ә.Қодар түпнұсқаның мазмұнын жеткізген,
ақынның өлең өлшемін, яғни тармақ санын
сақтаған. Дегенмен аудармада ең бастысы -
шумақтағы жол санын сақтау емес, түпнұсқа-
ның мағынасын аудармада жеткізу. Аударма-
шылар түпнұсқадағы тармақ санын аудармада
сақтағанымен, түпнұсқа мен аудармада олардың
беретін мағынасы екі басқа. Аудармашылар
еркін аударған, артық сөз қосулар мен қысқар-
тулар түпнұсқаның мазмұнын бұрмалаған. Түп-
нұсқа мәтінді ағылшын тіліне сатылы түрде
орыс тілінен аударған Т.Боттинг орыс тіліне
аударған аудармашылардың тарапынан кеткен
кемшіліктерді білмеген болуы керек. Нәтиже-
сінде орыс тілінде солғын тартып тұрған мәтін
мағынасы ағылшын тіліндегі аудармада одан
бетер көмескіленіп кеткен. Сондықтан бола-
шақта сатылы аударма жасаушыға түпнұсқаның
жолма-жол нұсқасын тікелей ұсыну қажет деп
білеміз.
ӘДЕБИЕТ
1.
М.Бахтин. Собрание сочинений. Том пятая. -
Москва, 1997.
2.
Лотман Ю.М. Структура художественного
текста. - Москва: Искусство, 1998.
3.
Н.С.Валгина. Теория текста. – Москва: Логос,
2004.
4.
В.С Виноградов. Введение в переводоведение. –
Москва, 2001.
5.
Michael Rundell. Macmillan English Dictionary. –
China, 2006.
6.
Латышев Л.К. Технология перевода. - М., 2000.
7.
Douglas Robinson. An introduction to the theory and
practice of translation. – New York, 2003.
8.
Левый Иржи. Искусство перевода - Москва:
Прогресс, 1974.
9.
Абай Кунанбаев. Избранное. /Пер с каз. В.
Державина. - Алма-Ата: Казахское государственное
издательство художественной литературы, 1951.
10.
Абай. Стихотворения и поэмы. /Пер с каз М.
Касаткина – Ленинград, 1966.
11.
А.Кунанбаев.
Избранное. /Пер
с
каз
и
комментарии А.Кодара. – Алматы: Ана тілі, 1996.
12.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының
екі томдық толық жинағы. – І том. – Алматы, 2002.
13.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының
екі томдық толық жинағы. – ІI том. – Алматы, 2002.
14.
Abay. Poems. /Designed by Victor Chistyakov. -
Moscow, 1971.
15.
Абай Кунанбаев. Избранное. Пер.с каз. /Сост.
М.Магауина,
вступит.Статья
М.Ауэзова,
послесл.
М.Каратаева. – Москва: Художественная литература,
1981
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
70
16.
Абай. Ырлар. / Құр. А.Ақматалиев, А Обозканов.
- Бишкек, 1995.
17.
Шигырьләр
һәм
поэмалар. – Казан:
татГОСИЗДАТ, 1947.
18.
Abayın eserlerınden seçmeler./ Türkçe tercüme
Z.Ismaıl. – Ankara, 1995.
19.
К. Чуковский. Высокое искусство. Принципы
художественного перевода. - СПб.,2005.
20.
Э.Сулейменова. Понятие смысла в современной
лингвистике. – Алматы, 1989.
21.
С.Влахов С.Флорин. Непереводимое в переводе. –
Москва, 1980.
А.Көпбасарова
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ОРЫС ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУЫ
Аннотация. Мақалада қарастырылған мәселелер. Түпнұсқа мазмұны мен идеясын аудармада
жеткізудің тәсілдері мен құралдары. Абай өлеңдерінің жанрлық ерекшеліктері. Көркемдік бейнелеу
құралдары. М.Петровых, Ә.Қодар т.б. аудармаларын салыстыра талдау. Аударма мен
түпнұсқадағы мәтін мазмұны мен мағынасының айырмашылықтары.
Тірек сөздер. Түпнұсқа, аударма,мазмұн, идея, тәсіл, құрал, мағына.
А.Копбасарова
О ПЕРЕВОДЕ ПРОИЗВЕДЕНИЙ АБАЯ НА РУССКИЙ ЯЗЫК
Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Методы передачи содержании и идеи
оргинала в переводе. Жанровые особенности стихотворений Абая. Средство
художественной передачи. Сравнительный анализ переводов М.Петровых, А. Кодар и др.
Различие содержание и значения текстав в переводе и оригинала.
Ключевые слова: оригинал, перевод, содержание, идея, метод, средство, значения.
A.Kopbasarova
ABOUT TRANSLATION OF ABAI IN RUSSIAN LANGUAGE
Abstract. The issues dealt in this article. Methods of transmission of the contents and ideas of
Abay’s orginal works in their translations.
Genric features of Abai’s poems.
Comparative
translation analysis of Petrov, A. Kodar’s translations.
The difference in content and meaning
between translation and the original works.
Keywords: the original translation, content, idea, method, means, values
Аудармашы түпнұсқаның мазмұнын, піші-
нін саралап білумен бірге оның тууына негіз
болған өмір құбылыстарының сипатын да жете
тануы қажет. Ақынға, ақынның белгілі өлеңінің
тууына негіз болған өмір құбылыстарының
тобын танып, таразылай отырып, ақынның
ойлау, сезіну даралығын, оның шығармашылық
тұрғысы мен нысанасын түсінгенде ғана
аудармашының еңбегі шығармашылық дәреже-
ге көтеріліп, поэтикалық қасиет иелене алады.
Түпнұсқаның мазмұнын, тақырыбы мен идея-
сын дәл жеткізудің бірден-бір құралы тіл екені
түсінікті. Пішінді түзетін құрал да сол. Сон-
дықтан белгілі мазмұнды, оның кейбір нәзік
қырларын жеткізудің поэтикалық тәсілдері мен
құралдары ұлттық ерекшеліктерімен сипаттал-
ғанына қарамастан, қызметін неғұрлым дұрыс,
толық жеткізетін тілдік құралдарды аудармада
тілдің белгілі заңдылықтарына сәйкес басқа
типтегі құралдармен алмастыруына тура келеді.
Әйтсе де өлең сөзді аудару тәжірибесінде
түпнұсқаның мазмұны мен пішінін мейлінше
дәл сақтау, өзге тілде дәл әрі көркем жеткізу
аудармашыдан неше алуан тәсілдерді пайда-
лануды талап етеді. Түпнұсқадағы өзге тілден
тікелей аударылмайтын тілдік бейнелеу құрал-
дарына сай баламаны өзге тілдің қорынан табу,
сол арқылы түпнұсқаның табиғатын өзге тілде
өрнекті түрде танытудың түрлі тәсілдері Абай
өлендерінің орыс тіліндегі аудармаларынан да
байқалады. Оларда мазмұн мен пішіннің сақта-
луы да, тілдік бейнелеу құралдарының берілуі
де түрлі деңгейде жүзеге асырылған. Солардың
көпшілігінде қазақ ақынының ойы мен ойлау
даралығы, ақындық тұрғысы, «іші алтын, сырты
күміс сөз жақсысын келістірген» шеберлігі
түпнұсқадағы деңгейге көтеріле алмай жатады.
Абай өлеңдері орыс тіліне өз дәрежесінде
аударылып болды десек, қателескен болар едік.
Абай өлеңдері орыс тіліне мүлде сапасыз
аударылды деудің де реті келмейді. Сондықтан
Абай өлеңдерінің орыс тіліне аударылуы
мәселесі нақты да затты талдауды, дерекке
негізделген тиянақты тұжырымды талап етеді.
Абайдың өлеңдері жанрлық ерекшеліктеріне
қарай түрліше көркемдік бейнелеу құрал-
дарының қызметімен ерекшеленеді. Қайсы бір
жанрдағы өлеңдер тобында көркемдік бейнелеу
құралдары күрделі, ұлттық реңі бай болып
келсе, енді бір жанрлық топтағы өлеңдердің тілі
қарапайым, нақты. Алғашқы жанрлық топтағы
өлеңдерді басқа тілге аудару аудармашыдан
үлкен еңбекті, көп ізденісті талап етсе, кейінгі
топтағы өлеңдерді аудару едәуір жеңіл. Алайда
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
71
аудармашылық шеберлігі кемел аудармашылар
үшін де Абайдың өлеңдерін аудару, Абаймен
ақындық жарыстыра отырып аудару оңай емес.
Бұған Абай өлеңдерінің аудармалары толық
негіз бола алады.
Ақынның «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі
көлемді болғанмен, көркемдік бейнелеу құрал-
дарының молдығы және күрделілігі жағынан
аудармашы үшін аса көп қиындық келтір-
мейтіндей көрінеді. Шындығында олай емес,
аудармашылар бұл өлеңді қинала аударғандай
әсер туады. М.Петровых, Ә.Қодар аударма-
ларында «Ғылым таппай мақтанба» түрлі
түрғыдан, түрлі деңгейде байымдалған, аудар-
малардың көркемдік-эстетикалық дәрежелері де
түрліше болып шыққан.
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа кулуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз
[1,65].
Өлең жолдарында көркемдік бейнелеу
құралдарының ішінде жиі қолданылатын теңеу
де, эпитет те жоқ, басқа бейнелеу құралдары да
сіресіп тұрған жоқ. Ақын анық, айқын, тіпті
ауызекі сөйлеу стилінде ой толғап отыр. Аудар-
мада бұлай емес. М.Петровых пен Ә.Қодар осы
жолдарды былай аударады:
Пока не знаешь - молчи.
Пока блуждаешь - молчи.
В бесцельных днях и в ночи
Пустых забав не ищи.
Чтоб человеком ты был
И в ровенъ с веком ты был,
Ты пятерых побори,
И пятерых избери...
[2, 57]
Без знаний нос не задирай,
Найди себя, потом играй.
Не надо смеха через край.
Пуста веселость эта.
Пяти вещей ты избегай,
К пяти вещам стремленье знай,
Раз хочешь выйти в люди.
Все сбудется в судьбе твоей,
Когда так жить полюбишь
... [3, 25].
Түпнұсқа мен оның екі түрлі аудармасын
жолма-жол және шумақ деңгейінде салыстырып
қарағанда, Абайдың ойы да, сөзі де мүлде басқа
деңгейде шыққаны көзге түседі. Әрине, аудар-
машылар Абайдың өлеңін орыс тіліне аударып
отырғанда, орыс тілінің заңдылықтарын, орыс
тілінің көркемдік құралдарын, орыс тілінің лек-
сикалық, фонетикалық, морфологиялық және
синтаксистік мүмкіншіліктерін пайдаланады.
Бірақ бұл аудармашыға түпнұсқадан негізсіз
ауытқуға жол бермеуге тиісті. Әр ұлт тілінің
синтаксистік жүйесінде ерекшелік бары рас,
алайда олардың синтаксистік, поэтикалық, лин-
гвопоэтикалық қызметінде үндестік, үйлестік,
бірегей жүйе барын естен шығармау керек.
Сондықтан түпнұсқаның синтаксистік жүйесіне,
басқаша айтсақ, өлеңнің тармақ жүйесіне
орынсыз, қажетсіз өзгерістер, толықтырулар
енгізу, сөйтіп түпнұсқаның құрылым жүйесін
ғана емес, мағыналық-мазмұндық жүйесін де
бұрмалау
аудармашы
шеберлігін
таныта
алмайды. М.Петровых түпнұсқадағы «ғылым
таппау», «орын таппау» секілді авторлық
тіркестерді өзінше өзгертіп аударған. Ал «мақ-
танба», «баптанба» секілді әрқайсысының дер-
бес мазмұны, мағынасы бар екі түрлі сөздің
орнына бір ғана «молчи» («үндеме») деген сөзді
қолданады. М.Петровых пайдаланып отырған
сөздердің эмоциялық, эстетикалық бояуы сол-
ғын.
Ал
түпнұсқадағы
«мақтанба»
да,
«баптанба» да белгілі бір лексикалық мағы-
насына қосымша эмоциялық реңкі бар
сөздердің қатарына жатады. Ақынның өлең
тармақтарына белгілі бір дәрежеде қосымша
мағына үстеп, оның мазмұнын байытып тұрған
– осы сөздер. М.Петровыхтың аудармасында
осындай қосым-ша мағыналық реңк, өлең
тармақтарының маз-мұнын, ақынның ойын
байытып тұрған мән мүлде жойылып кеткен.
Соның нәтижесінде ақынның ойы мен ойлауы
да кедейленіп шыққан.
Ә.Қодардың аудармасы да ақын өлеңінің
мәнін толық жеткізе алмаған. Абайдың тілінде
бейнелі, астарлы сөз жоққа тән дедік. Ә.Қодар
болса, Абайдың «мақтанба» деп тура мағынада,
анық та айқын, нақты айтып отырған сөзін орыс
тіліне мүлде басқа деңгейдегі сөзбен аударады -
«нос не задирай». Бұл - бейнелі, тұрақты сөз
тіркесі. Аудармада өлеңнің екінші тармағының
мазмұны мен пішіні де бұзылып берілген.
|Аудармашының «Найди себя, потом играй»
дегені Абайдың «Орын таппай баптанба» деген
тармағына мүлде балама бола алмайды.
Осылайша, Абайдың өлең тармақтары екі
аудармашының аудармасында да сөз, сөз тіркесі
деңгейінде, бунақ, тармақ деңгейінде дәл бала-
ма дәрежесінде берілмеген. Айтылған жайларға
қосымша, екі аудармашы да түпнұсқадағы
кейбір тармақтарды өзгертіп немесе тастап
кетіп, олардың орнына өздерінің тарапынан
басқа тармақтарды қосады.
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
72
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде ақын
адамның бес дұшпаны мен бес асыл істі былай
санап көрсететіні белгілі:
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Злословие, ложь, хвастоство,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Безделье и мотовство -
Бес дұшпаның білсеңіз.
Вот пять врагов твоих, знай.
Талап, еңбек, терең ой,
А разум, и доброта,
Қанағат, рақым, ойлап қой
Упорство, скромность, труд -
Бес асыл іс көнсеңіз [1, 65]
Вот пять друзей, согласись
[2,57].
Өлеңде көрініс тапқан бес жаман қылық -
кісінің бес дұшпаны және оған қарама-қарсы
бес асыл қасиет ақынның мәдени-әлеуметтік,
философиялық көзқарасының, дүниетанымы-
ның басты өлшемдерін белгілейтін тұжырымдар
желісімен сабақтасады. Сондықтан ақынның
бұл секілді терең философиялық танымнан ту-
ған, әлеуметтік-этикалық тұрғысын білдіретін
ойларын еш өзгертусіз, дәлме-дәл аударудың
маңызы жоғары. Ақынның мұндай ойларын,
тұрғысын, көзқарасын білдіретін ұғымдар мен
түсініктерді де ауытқусыз, тура жеткізу шарт.
Бұл жерде жекелеген сөздердің немесе бейнелі
ойлардың аударылуы туралы емес, нақты
ұғымдар мен түсініктердің аударылуы туралы
сөз болып отыр. Сондықтан да аудармашының
бұл ұғымдар мен түсініктерді дәл, тура аударуы
өлеңнің мазмұнын ғана емес, ақынның
әлеуметтік-этикалық, философиялық көзқарас-
тарын да дәл жеткізуді қамтамасыз ететінін
ескеруге тура келеді. Түпнұсқаның мазмұнын,
ақынның дүниетанымын, ұсынып отырған
пікірлері мен тұжырымдарын терең ұғынған
аудармашы бұл талаптардың орындалуына бар
күшін, жігерін жұмсайтынында сөз жоқ. Соған
қарамастан, аудармада «еріншек» (безделье),
«талап» (упорство) секілді нақты үғымды
білдіретін
термин
дәрежесіндегі
сөздер
түпнұсқадағы мағынасын жоғалтып, едәуір
қарабайырланып берілген. Ә.Қодар да «бекер
мал шашпақ» (деньги на кутеж), «қанағат»
(довольство малым) ұғымдарын дәл аудармаған
[3, 25].
Аудармашы түпнұсқадағы әрбір детальді,
әрбір бейнелі мағынаны мүмкіндігінше дәл
аударуға күш салатыны рас. Түпнұсқадағы
жекелеген бейнелеу құралдарын немесе пішін-
нің басты қырларын дәл бермей, өзгертіп
жеткізу шығарманың бастапқы түрін, формасын
ғана емес, мазмұнын да өзгертіп жіберерінде сөз
жоқ. Жоғарыда талданған өлең жолдары туралы
осыны айтуга болады. Екі аудармашы Абай
өлеңінің жалпы мазмұнын ғана бере алған. Одан
ақынның ой желісі, айтып отырған ойының
жалпы мазмұны табылғанмен, ақынның шығар-
машылық ерекшелігі, өлеңнің көркемдік-
эстетикалық болмыс-бітімі, мазмұн мен пішін-
нің жарасқан келісімі көмескі тартып көрінеді.
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде Абай
өзінің ғылым, білім туралы ойын үзбей, жалғас-
тыра, дамыта баяндайды. «Бұл тұста ерекше бір
көңіл бөлерлік жай - Абай ғалым болу мен адам
болу мәселесін бір-бірімен сабақтастыра айта-
ды, бұл екеуінің тамыры, түбі бір деп санайды»
[4,78]. Екі аудармашы да өз аудармаларында
осы көрсетілген ой желісін жеткізе алған. Ау-
дармашы үшін бұл аз жетістік емес.
Түпнұсқадағы жекелеген ерекше ұғымдар-
ды, түсініктерді басқа тілде жеткізу аударма-
шыдан терең білімді, үлкен еңбекті және ақын-
дық талант пен шығармашылық шеберлікті та-
лап ететіні рас. Түпнұсқада көрініс тапқан өмір
шындығының мәнісін, ақынның ойлау дара-
лығын, стилін, тіл ерекшелігін білу - аудармашы
үшін ең басты шарт. Алайда шынайы аудар-
машыға білім сенімді көмекші болғанмен,
маңдайдан тер ағызғандай адал да тиянақты
еңбек, нағыз шығармашылық еңбек жоқ жерде,
айтарлықтай нәтиже болмайды. Терең білім
тиянақты еңбекпен, ал білім мен еңбек ақындық
талантпен, шығармашылық шеберлікпен ұштас-
қанда ғана аударма түпнұсқа деңгейіне не соған
жетеқабыл деңгейге көтеріледі. М.Петро-вых
аудармасында Абайдың «Жасымда ғылым бар
деп ескермедім» өлеңі де едәуір өзгерістерге
үшыраған. Дегенмен аудармашы ақын өлеңінің
мазмұнын, оның сезім сырын едәуір толық
жеткізген. Ақынның көңіл күйі де дұрыс
жеткізілген. Өлеңнің өзі мен оның аудармасын
өзара салыстырып көрейік:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім
Пайдасын көре-тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы,
Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім?..
[1,43].
Я презрел познанъе, юноша пустой,
Видел пользу в нем, но шел стезей другой.
Возмужал - наука из-под рук ушла,
Поздно к ней ты устремился, разум мой!
Кто повинен, что остался я ни с чем,
Смолоду учась, я был бы не такой!
[2, 38].
Аудармашы М.Петровых ақын өлеңінің маз-
мұнын, ақынның көңіл күйін жіті таныған.
Түпнұсқаның әр сөзін, әр тармағын терең
түсіну, соның нәтижесінде өлеңнің мәнін,
рухын ұғыну аудармашыны жалаң-жадағай
аударудан сақтандырып, тиісті шығармашылық
Абай институтының хабаршысы. № 3 (9). 2011
Достарыңызбен бөлісу: |