Дәрісті бекіту сұрақтары:
1.Пунктуация туралы түсінік.
2.Қазақ пунктуациясының тарихы.
3.Қазақ орфографиясын мен пунктуациясын қалыптастырудағы А.Байтұрсынұлының қызметі.
2- тақырып. Қазақ тіл білімінде пунктуация мәселелерінің зерттелуі.
Дәріс негізгі сұрақтары:
1. Қазақ тіл білімінде пунктуация мәселелерінің зерттелуі.
2.Қазақ тілі тыныс белгілері жөнінде жазылған алғашқы еңбектер
3.Тыныс белгілерінің зерттелу тарихы
Қысқаша мазмұны:
1. Қазақ тіл білімінде пунктуация мәселелерінің зерттелуі.
Жазба тіліміздің материалдық элементі саналатын пунктуация – жазба тілдің бір бөлімі.
Жазба тіл қажеттіліктен пайда болса, жазудың шартты белгісі пунктуация да жазумен байланысты
шығып дамып келеді. Жазусыз пунктуация жоқ. Пунктуациясыз жазу да сауатты, түсінікті
болмайды. Былай қарағанда, тыныс белгісі деген ұсақ-түйек белгі сияқты. Шын мәнінде, әрине,
олай емес. Н.К. Крупская «Искра» газетінің корректурасы қалай оқылғанын еске түсіре келіп,
өзінің «Ленин – редактор» деген мақаласында былай деп жазды: «Владимир Ильич... әрбір үтірге
мән беретін... Үтір алғаш қарағанда ұсақ нәрсе сияқты, бірақ газеттің бейнесі осындай ұсақ –
түйектерден құралады».
Жазба түрдің грамматикалық бөлшектері осы пунктуация арқылы белгіленеді. Сондықтан
да ойымызды ауызша айтсақ та, жазбаша түрде берсек те, М.И.Калининнің сөзімен айтқанда,
«жазғанымызды, айтқанымызды басқалар қалай қабылдайды дегенді ұмытпау керек». Шынында
да, айтайын деген ойыңды оқушыға, тыңдаушыға дәл жеткізу үшін, әрбір сөз, әрбір тыныс белгісі
ой мен сезімге бірдей дөп тиіп жатуы қажет.
2.Қазақ тілі тыныс белгілері жөнінде жазылған алғашқы еңбектер
Қазақ тіл білімінде пунктуация мәселелерінің зерттелу тарихын баяндағанда, тыныс
белгілері жөніндегі азды-көпті еңбектерді негізгі үш салаға бөліп қарауға болады: тыныс белгілері
туралы жазылған жеке мақалалар, тыныс белгілерінің мектеп оқушыларына арналған
оқулықтарда баяндалуы, тыныс белгілеріне арналағн жеке кітапшалар және оның жетістіктері мен
кемшіліктері.
Хронологиялық жағынан алып қарағанда, қазақ тыныс белгілері жөніндегі алғашқы
еңбектің бірі – Ш.Сарыбаевтың шағын көлемді еңбегі. Ол кісінің бірнеше еңбегі бар.
Ш.Х. Сарыбаевтың «Тыңыс таңбалары» деген мақаласында қаратпа сөздердің сөйлемнің
басқа мүшелерінен үтір арқылы ажыратылатыны жөнінде дұрыс ереже берілгенімен, автор тыныс
белгілерінен қатені көп жіберудің басты себебі сөйлем айтылғанда, дауыс кідірісіне қарағандық
деп есептеледі.
Тыныс белгісі жөнінде С.Жиенбаевтың екі шағын көлемді мақаласы бар. Екеуі де «тыныс
белгілері» деп аталады. Онда жалпы тыныс белгілерінің маңызына тоқталып, үтірдің қойылатын
орындары туралы ережелер береді. Араларында демеу жоқ біртектес мүшелердің үтірмен
ажыратылатындығы, тектес мүшелер арасында «я», «немесе» сияқты демеулер тұрса да үтір
қойлуы керектігі, «мен, менен, және де» т.б демеулер, жалғаулар тұрса ғана үтір
қойылмайтындығын айтады.
«Тыныс белгілері» деген 2-ші мақаласында бастауыш пен баяндауыш ароасындағы
сызықша, төл сөз бен бөгде сөз, бірыңғай мүшелер арасындағы тыныс белгілерінің мәселелеріне
тоқталады.
Х. Басымов «Сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс жаза білейік» деген мақаласында тыныс
белгілері ішінде көп нүкте, нүкте, сұрау, леп белгілерінің қойылатын орындары жөнінде біраз
түсініктер береді.
Проф. М. Балақаевтың «Сауатты жазудың негізгі шарты – тыныс белгілерін дұрыс
пайдалану» деген мақаласында тыныс белгілерін дұрыс қоюдың негізгі грамматикалық құрылыс
және дауыс ырғағы делінеді.
Ә.Хасенов қазақ тілінің пунктуациясы жөнінде мақала жазған. Онда қазақ тілінің
пунктуациясының бірнеше ғасырлық тарихы бар, замандар бойы сұрыпталып, қалыптасу дәуірін
басынан кешіргент орыс пунктуациясының әсерін т.б мәселелерді көтереді.
А. Нұғмановтың «Пунктуацияның бір мәселесі» деген мақаласында бастауыштан кейін
қойылуға тиісті интонациялық сызықша жөнінде айтылады. Дегенмен, бұл –ұшқары, бір-біріне
қайшы пікірлері көп мақаланың бірі.
С. Аманжолов, А. Әбілқаев, И. Ұйықбаевтардың 1967 жылы шыққан синтаксисінде тыныс
белгілерінің «қосымша» деген атпен беріліп жүрген ережелері алынып тасталған. Оның алынып
тасталуы орта мектептің сегізінші класына тыныс белгілеріне арналып шыққан жана оқулықтың
(автор Ә. Хасенов) жарық көрінуіне байланысты болды. Содан 6-7 класс синтаксисі 1969 жылы
басылуында «қосымша» деген атпен таныс белгілерінің арнаулы ережелерін қайта енгізді.
3.Тыныс белгілерінің зерттелу тарихы
Тыныс белгілерінің зерттелу зерттелу тарихын сөз еткенде, тағы бір көңіл бөлетін нәрсе –
бұл тақырыпқа арналып жазылған төмендегі жеке кітапшалар: С. Жиенбаев «Сөйлемнің тыныс
белгілері», А. Ысқақов пен Ә. Хасенов «Тыныс белгілері», Р. Сыздықова мен Қ. Неталиева
«Тыныс белгілері ережелері» (1961 жыл), Ф. Мұсабекова «Жай сөйлем пунктуациясының
негіздері» т.б.
Қазақ тілінің пунктуациялық системасы мен негіздері орыс тілінің пунктуациялық үлгілерін
басшылыққа алу арқылы қалыптасып келеді. Басқа түркі тілдері де негізінде орыс тілінің
пунктуациялық ережелерін басшылыққа алады. Орыс пунктуациясының жалпы теориялық
жағынан танылуы ертеден басталды.
Жазуларында ешбір тыныс белгісін қолданбайтын халық та бар дей келіп, Л.Н. Харитонов
оған, қытай, араб, монғол тілдерін жатқызған.
Системасы бөлек тілдердің өзінде тыныс белгілерінің қолданылу ұқсастығы жоқ емес.
Мысалы, тыныс белгісі қолданылатын тілдердің көпшілігінде нүкте сөйлем сонында қойылады,
бірыңғай мүшелер үтірмен бөлініп жазылады; сұраулы сөйлемнен кейін сұрау белгісі қойылады;
лепті сөйлемнен кейін леп белгісі қойылады т.б.
Ал осы тыныс белгілерінің бәрі бірден бір мезгілде пайда бола қалды ма десек, бұл
жөнінде Л.Н. Харитонов алғашқы рет баспа бетінде қолданылған тыныс белгілері деп, нүктені,
үтірді атайды да, кейінен қолданылғандары деп, сұрау белгісін, леп белгісін, көп нүкте,
сызықшаны атайды.
Әр тыныс белгісі әр тілде әр түрлі дәрежеде өз ерекшеліктерімен қолданылады. Бұл жөнінде А.А.
Бабинцев япон тілінде қос нүкте, нүктелі үтір, леп белгісі мен сұрау белгілерінің қабаттасып
қолданылуы және төл сөзге байланысты қойылатын тырнақша сияқты тыныс белгілерінің жоқ
екендігі туралы жазған.
Қазақ тілінде шыққан алғашқы баспасөзіміздің бірі «Дала уалаяты» газетінің (1888-1902)
тұңғыш шыға бастаған жылдарындағы нөмірлерінде де тыныс белгілері қойылмаған. Бертін келе,
1894 жылдан бастап, газет кейбір сөйлемдердің жігін ажыратуға әредік сызықша ( - ), әр түрлі
жұлдызшалар (*) сияқты шартты таңбаларды қолданады. Мұндай жүлдызшалар сөйлемнің
біткенің, дауыс үзілісін білдіретін тыныстық белгілер болғанға ұқсайды.
Жалпы әрбір тыныс белгісінің өзінің қолданылу, пайда болу тарихы бар. Мысалы, «Дүние жүзінде
тұңғыш рет үтір белгісі ( кіші тыныс белгісі ) кітап бетінде 15 ғасыр мен 16 ғасырдың арасында
пайда болды. Оны алғаш рет кітапқа енгізген Венецияның атақты баспаханашысы, әрі кітап
бастырушысы Альд Мануций еді. Бұл уақытқа дейін кітаптарда тек қана екі тыныс белгісі –
нүкте мен қос нүкте ғана қойылады екен. Кітап соңына мазмұн жазуды да алғаш енгізген
Мануций еді. Ол сонымен бірге кітаптың ірі әріппен терілген алғашқы бетін кітап дүкенінің
маңдайшасына іліп қояды екен. Бұл дүние жүзіндегі тұңғыш кітап жарнамасы (реклама) еді.
Проф. С.Е. Маловтың айтуынша, түріктердің Енисей жазуында қос нүкте, нүкте және
тыныс белгі есебінде жұмсалған.
П.М. Мелиоранский 1897 жылы шыққан « Краткая грамматика казак – киргизкого языка»
деген кітабында мысалдарға қойылған тыныс белгілері мынадай түрде болып келеді: Қысқа бақай,
тар мықын, кебеже қарын, кең құрсақ... тарланым (3-бет); Жігіт айтты: атың байлайтұғын
болмасын! (30-бет).
В. Катаринский 1897 жылы шыққан «Грамматика киргизкого языка» деген еңбегінде
мынадай сөйлемдер келтіріледі: Орысша сөйлей білсем, бәрін де айтар едім (165-бет). Бір жол бар
жақын, жақын болса да алыс. Әуелі ойла, сонан соң істерсің (187-бет).
Дәрісті бекіту смұрақтары:
1. Қазақ тіл білімінде пунктуация мәселелерінің зерттелуі.
2.Қазақ тілі тыныс белгілері жөнінде жазылған алғашқы еңбектер
3.Тыныс белгілерінің зерттелу тарихы
3 - тақырып. Қазақ пунктуациясының системасы және тыныс белгілерін қолданудағы
принциптер.
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1.Қазақ пунктуациясының системасы және тыныс белгілерін қолданудағы принциптер туралы
мәліметтер, дефис, параграф, жұлдызша, айшық, апостроф сияқты шартты белгілер.
2. Бұл белгілерді мағынаға қарай дұрыс қолдану жолдары.
Қысқаша мазмұны:
1.Қазақ пунктуациясының системасы және тыныс белгілерін қолданудағы принциптер
туралы мәліметтер, дефис, параграф, жұлдызша, айшық, апостроф сияқты шартты белгілер.
Қазіргі қазақ пунктуациясы системасында негізгі тыныс белгілерінен басқа, дефис(-),
параграф(§), жұлдызша(*), айшық(ʼ), апостроф(ʼ) сияқты шартты белгілер де қолданылады,
бірақ олар пунктуациялық белгілерге жатпайды. Қазақ тілі пунктуация системасындағы белгілер:
нүкте, көп нүкте, қос нүкте, үтір, нүктелі үтір, сызықша, тырнақша, жақша, жаңа жол, сұрау
белгісі, леп белгісі.
Осылардың ішінде жаңа жолдың шартты белгісі жоқ, бірақ қызметі басқа тыныс белгілерінен кем
емес, оны жаңа жол туралы айтқанда, нақты мысалмен көрсетеміз. Жұлдызша қазақтың араб
жазуы кезіндегі кейбір кітаптарда әрбір сөздің арасын бөлу үшін қолданылса, қазір оны баспа
орындары әрбір жаңа пікірді белгілеп көрсету үшін жаңа жолмен қабаттастырып қойып жүр.
Тіпті, сұрау, леп, үтір белгілерінің де кейде пунктуациялық белгі боп есептелмейтін жерлері де
бар. Айталық жазушы біреудің пікірі жөнінде айтып келе жатып, "Бұл таңқаларлық!"," Бұл
қалай!", "Бәлі!" деген сияқты сөздерді жазып жатудың орнына жақша ішінен сұрау белгісінің
қатар алып кететін реті де болады, кейде лептің өзі үш рет сұрау белгісінің өзі үш рет қайталанып
жақшаға алынады.
Пунктуация системасындағы белгілерді мағынаға қарай дұрыс қолданудың маңызы зор,
себебі бір тыныс белгісінің беретін бірнеше мағынасы болады.М.Н.Петерсон:" один знак может
иметь несколько употреблений, и наборот, одно и то же явление может обозначаться различными
знаками"-деп, өте дұрыс айтқан. Тыныс белгілерін дұрыс қолдану үшін, мүмкіндігі болғанша,
олардың әрқайсысының қызметін даралап, оларға берілетін ережелерді бірыңғайластыру керек.
Тыныс белгілерінің ережелерін біріңғайластырумен бірге, әрбір тыныс белгісінің бір ғана
атпен аталуын да бірыңғайластырған жөн.Мысалы: нүктені біреу " ноқат"десе біреулер " ұлы
тыныс" дейді; үтірді " қайырма", "кері үтір"десе, нүктелі үтірді " үтірлі нүкте", қос нүктені"екі
нүкте ", " қабат белгі" деп атайды.
Біздіңше, тыныс белгілерінің қалыптасқан мынандай терминдерін қолданған жөн: нүкте, көп
нүкте, қос нүкте, үтір, нүктелі үтір, сызқша, тырнақша, сұрау белгісі және жаңа жол.
тыныс белгілері дұрыс қойылмауы да кездеседі. Дефистің дұрыс қойылмай жүргендігі жөнінде
Социалистік Қазақстан газетінің 1954 жылғы майдың жирма тоғызындағы санында Социалистік
ауыл редакциясы дефис белгісі мен сызықшаны шатастыра береді, сірә, бұл айырмашылыққа не
мән бермейді, не жете түсінбеушілік бар сияқты,-деп өте дұрыс пікір айтылған. Леп белгісі мен
сұрау белгісінен соң қойылуға тиісті көп нүкте кейде дұрыс қойылмай жүр: леп бнлгісі иен сұрау
белгісінен кейін қасына және екі нүкте қою керек. Мысалы:Шыда,Сәмет!...Неге үндемедің?.
Жұп болып келетін тыныс белгілері бір сөзде немесе бір сөйлемде қолданылғанда, сол сөздің я
сөйлемнің екі жерінен қойылады. Мұндай тыныс белгілеріне жататындар –жақша мен тырнақша.
Жақша мен тырнақша сыңар қолданылмайды. Тырнақшаға алынған сөзді я сөйлемді басқа біреуге
оқып бергенде, тырнақшаны қоса (тырнақша ішінде деп) оқып айту керек. Басқа тыныс
белгілерінде мұндай ерекшелік жоқ. Басқа тыныс белгілерінде мұндай ерекшелік болса, ол жеке
авторлардың спецификалық ерекшелігі деп қана қарауымыз керек.
2. Бұл белгілерді мағынаға қарай дұрыс қолдану жолдары.
Жақша мен тырнақша үтір мен қос нүкте сияқты емес,олар кез келген тыныс белгісі мен
леп белгісі сөйлем аяғында бірнеше рет те қайталанып қойылады, ол неғұрлым қайталап қойылған
сайын, эмоцияның күштілігін аңғартады.
Тілдің ауызша және жазбаша түрі бар. Бұл екеуі бір бірімен тығыз байланысты болды.
Ауызекі тіл де жазу тілі де - сөйлеудің бір-бірімен байланысты екі жағы бар.
Жазба түрде берілген ойды қағазға айқын түсіру үшін, ойымызды екінші біреуге жазба
түрде дұрыс айтып беру үшін, әрбір дыбыстарды, әрбәр тыныс белгілерін орын орнына қоя
білуіміз керек. Орфография мен пунктуацияны білмейінше, сауатты жазу мүмкін емес.
Жазу тілінде ойдың грамматикалық және логикалық жанынан дұрыс берілу қатты
ескертіледі. Ойдың жазба түрдегі қатынасының логика- грамматикалық бөлшектері пунктуация
арқылы белгіленеді, екінші сөзбен айтқанда, пунктуация логико-грамматикалық процестің
схематикалық сәулесі болады. С.И.Абакумов интонация мен пунктуацияның қарым-қатынасы
жөнінде образды түрде былай деп жазады:" Интонация и пунктуация это как бы две сестры,
дочери одного итого же отца, смысла речи".
Бұл екеуінің әрқайсысының өз алдына спецификалық ерекшеліктері болады. Пунктуацияны
интонация белгілемейді, қайта,қойылған пунктуация дұрыс интонациямен оқу керек екендігін
көрсетіп тұрады.
Тыныс белгілері синтаксистік категория, сондықтан да пунктуацияны зерттеу синтаксисті
зерттеу синтаксисті зерттеумен тығыз байланысты. Пунктуация ережелері тілдің грамматикалық
құрылысына тәуелді болады. Өйткені пунктуация-тыныс белгілерін біріңғай қолдану жөніндегі
ережелердің системесы, жазу тіліміздің компасы.
Тыныс белгілерін қате қою кейде сөйлемнің мағынасын бұзылған сөйлем айтайын деген
ойды білдіре алмайды. Сондықтан да тыныс белгілерін дұрыс қоя білу сауатты жазу үшін өте
керек.
Дәрісті бекіту сұрақтары:
1.Қазақ пунктуациясының системасы және тыныс белгілерін қолданудағы принциптер туралы
мәліметтер, дефис, параграф, жұлдызша, айшық, апостроф сияқты шартты белгілер.
2. Бұл белгілерді мағынаға қарай дұрыс қолдану жолдары.
4 –тақырып. Пунктуацияның теориялық негіздері, пунктуацияны оқыту мәселелері.
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1. Пунктуацияның теориялық негіздері.
2. Пунктуацияны оқыту мәселелері.
3. Жазу жұмысында пунктуациялық заңдылықтар.
Қысқаша мазмұны:
1. Пунктуацияның теориялық негіздері.
Тыныс белгілері айтайын деген ойды нақтылы, дәл түсінікті етіп жеткізу үшін, сондай-ақ
баяндалмақшы пікірді ала-құла етпей, айқын білдіру үшін қолданылады. Бұл - тыныс белгілерінің
басты қасиеті.
Тыныс белгілері сөздер тіркесі мен сөйлемдерді айтқанда, немесе оқығанда тілде байқалатын
кідірісті де, дауыста аңғарылатын әркелкі құбылысты да білдіреді. Бұл - тыныс белгілерінің
қосымша қасиеті.
Жазба тілде болсын, сондай-ақ ауызекі тілде болсын тыныс белгілерін дұрыс қолдана білудің
үлкен мәні бар. Тыныс белгілері мүлде қойылмаған, немесе дұрыс қойылмаған мәтінді сөйлемді
түсінікті етіп оқу да, мағынасын түсіне білу де қиын. Тыныс белгілері дұрыс қойылмайтын
сөйлемдерде ой күңгірттеніп, екі ұшты болып, тіпті сөйлем құрамындағы сөздер синтаксистік
қызметі жағынан (бастауыш, баяндауыш, анықтауыш т. б.) өзгеріске түсуі мүмкін.
Мысалы: Бұл келген - сол Есіл бойындағы Қарасарт ауылының жиені, Жүсіп баласы Қожаш (С.
Көбеев)
Бұл сөйлемде есімше тұлғалы келген соң сызықша қойылмаса, келген сөзі бастауыш қызметін
емес өзге мүше қызметін атқарған болар еді де, нәтижесінде сөйлемде берілетін ойға нұқсан келер
еді.
2. Пунктуацияны оқыту мәселелері.
Тыныс белгілерді қою үшін үш түрлі белгі негізге алынады:
-сөйлемнің синтаксистік ерекшелігі
-сөйлемнің мағынасы
-сөйлемнің интонациясы
Тыныс белгісінің сөйлемнің құрылысына, түріне, жасалу жолдарына орай қойылуы
сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне байаланысты қойылу деп аталады.
Құрамына қарай сөйлем, негізінен, екіге бөлінеді: жай сөйлем, құрмалас сөйлем. Бұлардың өзі
бірнеше түрге бөлініп, алуан түрлі жолдармен жасалады. Міне, осымен байланысты сөйлемнің
ерекшеліктеріне орай, қолдану сипатына қарай әр түрлі тыныс белгілер қойылады. Мәселен,
хабарлы сөйлемнен соң нүкте қойылады, сондай-ақ, сұраулы сөйлемнең соң сұрау белгісі, лепті
сөйлемнен соң леп белгісі қойылады.
Сөйлем құрамында кездесетін оңашаланған мүшелер, оқшау сөздер деп аталатын қаратпа,
қыстырма сөздер - бұлар сөйлем құрамындағы өзге мүшелерден тиісті тыныс белгілері арқылы
ажыратылады. Сондай-ақ, жалпылауыш сөз сөйлемнің бірыңғай мүшелерінен бұрын келсе,
жалпылауыш сөзден соң қос нүкте қойылады да, ал керісінше келетін болса, жалпылауыш сөздің
алдынан сызықша қойылады.
Тыныс белгісінің дұрыс қойылуы сөйлемдегі кейбір сөздердің мағынасына, сондай-ақ
бүкіл сөйлемнің мағынасына тікелей байланысты.
Мәселен, Мен оның сөзінен байқаймын деген сөйлемді Мәлғұн шалдың сөздері, байқаймын,
Пугачевті ойландырған сияқты (А. С. Пушкин)
деген сөйлеммен салыстыратын болсақ, мұндағы байқаймын сөзі екі түрлі мағынада жұмсалған.
Бірінші сөйлемдегі байқаймын сөзі аңғарамын, білемін деген мағынада жұмсалып, белгілі бір
[[сөйлем мүшес]і болып тұр (баяндауыш), сондқтан да оған сөйлем мүшесіне тән сұрақ қойылады.
Ал екінші сөйлемдегі байқаймын сөзінде ондай қасиет жоқ. Бұл - меніңше, байқауымша, тәрісзді
мәнде қолданылып, жұмсалып тұр. Осыған орай қыстырма сөз сөйлем ортасында келгендіктен,
оның екі жағынан бірдей үтір қойылады. Сондай-ақ көп нүкте, тыранақша, жақша, сұрау, леп
белгілері сөйлемнің мағынасына негізделініп қойылады.
3. Жазу жұмысында пунктуациялық заңдылықтар.
Тыныс белгілерін дұрыс қою интонациямен тікелей байланысты. Мәселен, хабарлай
айтылған сөйлемнен соң кідіріс болады да, соған орай нүкте қойылады. Құрмалас сөйлемдерді
оқығанда, құрмалас құрамындағы әрбір жай сөйлемдерден соң, сондай-ақ бірыңғай мүшелердің
әрбір сұлуларынан соң кідіріс болып, олар үтір белгісімен ажыратылады. Ал сұраулы, лепті
сөйлемдерді оқығанда, дауыс көтеріңкі айтылады да, тиісті тыныс белгісі қойылады.
Бастауыштан кейін қойылатын сызықшада интонацияның ролі айрықша көрінеді.
Мысалы: Еменнің иілгені - сынғаны. Көптің ісі - көл (мақал).
Бірінші, екінші сөйлемдегі сызықшалар бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен немесе заттанған
есімшеден болғандықтан қойылып тұр. Бұл сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне негізделеді.
Сонымен қатар сызықша қойылып тұрған жерге кідіріс жасаймыз, әйтепесе сөлемнің синтаксистік
қызметі бұзылады.
Алайда сөйлемнің немесе сөздер мен сөз тіркестерінің айтылу интонациясы тыныс белгілерімен
сәйкес келе бермейді.
Мысалы: Балықшы балықшыны ұзақтан көреді (мақал)
дегенде, балықшы дегеннен соң, сондай-ақ, балықшыны деген соң кідіріс жасалады, бірақ соған
қарай үтір қойсақ, дұрыс болмас еді, өйткені бұл сауатты жазу ережелеріне сыйыспайды.
Дәрісті бекіту сұрақтары:
1. Пунктуацияның теориялық негіздері.
2. Пунктуацияны оқыту мәселелері.
3. Жазу жұмысында пунктуациялық заңдылықтар.
5 -тақырып. Қазақ пунктуациясының шешілмей, әр түрлі қойылып жүрген мәселелері.
Дәрістің негізгі сұрақтары:
1. Оңашаланған айқындауыштардың тыныс белгілері.
2.Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері.
3. Етістіктің көсемше формаларына байланысты тыныс белгілер.
4.Қыстырма сөйлемдердің тыныс белгілері
5.Тыныс белгісін дұрыс қоя білудің бір критерий» - интонация.
Қысқаша мазмұны:
1.
Оңашаланған айқындауыштардың тыныс белгілері.
Қазақ тілінің пунктуациялық системасы мен негіздері орыс тілінің пунктуациялық үлгілерін
басшылыққа алу арқылы қалыптасып келеді. Басқа түркі тілдері де негізінде орыс тілінің
пунктуациялық ережелерін басшылыққа алады. Орыс пунктуациясының жалпы теориялық
жағынан танылуы ертеден басталды.
Жазуларында ешбір тыныс белгісін қолданбайтын халық та бар дей келіп, Л.Н. Харитонов оған,
қытай, араб, монғол тілдерін жатқызған.
Системасы бөлек тілдердің өзінде тыныс белгілерінің қолданылу ұқсастығы жоқ емес.
Мысалы, тыныс белгісі қолданылатын тілдердің көпшілігінде нүкте сөйлем сонында қойылады,
бірыңғай мүшелер үтірмен бөлініп жазылады; сұраулы сөйлемнен кейін сұрау белгісі қойылады;
лепті сөйлемнен кейін леп белгісі қойылады т.б.
Ал осы тыныс белгілерінің бәрі бірден бір мезгілде пайда бола қалды ма десек, бұл
жөнінде Л.Н. Харитонов алғашқы рет баспа бетінде қолданылған тыныс белгілері деп, нүктені,
үтірді атайды да, кейінен қолданылғандары деп, сұрау белгісін, леп белгісін, көп нүкте,
сызықшаны атайды.
2.Бірыңғай мүшелердің тыныс белгілері.
Әр тыныс белгісі әр тілде әр түрлі дәрежеде өз ерекшеліктерімен қолданылады. Бұл жөнінде А.А.
Бабинцев япон тілінде қос нүкте, нүктелі үтір, леп белгісі мен сұрау белгілерінің қабаттасып
қолданылуы және төл сөзге байланысты қойылатын тырнақша сияқты тыныс белгілерінің жоқ
екендігі туралы жазған.
Қазақ тілінде шыққан алғашқы баспасөзіміздің бірі «Дала уалаяты» газетінің (1888-1902)
тұңғыш шыға бастаған жылдарындағы нөмірлерінде де тыныс белгілері қойылмаған. Бертін келе,
1894 жылдан бастап, газет кейбір сөйлемдердің жігін ажыратуға әредік сызықша ( - ), әр түрлі
жұлдызшалар (*) сияқты шартты таңбаларды қолданады. Мұндай жүлдызшалар сөйлемнің
біткенің, дауыс үзілісін білдіретін тыныстық белгілер болғанға ұқсайды.
Жалпы әрбір тыныс белгісінің өзінің қолданылу, пайда болу тарихы бар. Мысалы, «Дүние
жүзінде тұңғыш рет үтір белгісі ( кіші тыныс белгісі ) кітап бетінде 15 ғасыр мен 16 ғасырдың
арасында пайда болды. Оны алғаш рет кітапқа енгізген Венецияның атақты баспаханашысы, әрі
кітап бастырушысы Альд Мануций еді. Бұл уақытқа дейін кітаптарда тек қана екі тыныс
белгісі – нүкте мен қос нүкте ғана қойылады екен. Кітап соңына мазмұн жазуды да алғаш
енгізген Мануций еді. Ол сонымен бірге кітаптың ірі әріппен терілген алғашқы бетін кітап
дүкенінің маңдайшасына іліп қояды екен. Бұл дүние жүзіндегі тұңғыш кітап жарнамасы
(реклама) еді.
3. Етістіктің көсемше формаларына байланысты тыныс белгілер.
Проф. С.Е. Маловтың айтуынша, түріктердің Енисей жазуында қос нүкте, нүкте және тыныс белгі
есебінде жұмсалған.
П.М. Мелиоранский 1897 жылы шыққан « Краткая грамматика казак – киргизкого языка»
деген кітабында мысалдарға қойылған тыныс белгілері мынадай түрде болып келеді: Қысқа бақай,
тар мықын, кебеже қарын, кең құрсақ... тарланым (3-бет); Жігіт айтты: атың байлайтұғын
болмасын! (30-бет).
В. Катаринский 1897 жылы шыққан «Грамматика киргизкого языка» деген еңбегінде
мынадай сөйлемдер келтіріледі: Орысша сөйлей білсем, бәрін де айтар едім (165-бет). Бір жол бар
жақын, жақын болса да алыс. Әуелі ойла, сонан соң істерсің (187-бет).
Ш.Х. Сарыбаевтың «Тыңыс таңбалары» деген мақаласында қаратпа сөздердің сөйлемнің
басқа мүшелерінен үтір арқылы ажыратылатыны жөнінде дұрыс ереже берілгенімен, автор тыныс
белгілерінен қатені көп жіберудің басты себебі сөйлем айтылғанда, дауыс кідірісіне қарағандық
деп есептеледі.
Х. Басымов «Сөйлемнің тыныс белгілерін дұрыс жаза білейік» деген мақаласында тыныс
белгілері ішінде көп нүкте, нүкте, сұрау, леп белгілерінің қойылатын орындары жөнінде біраз
түсініктер береді.
Проф. М. Балақаевтың «Сауатты жазудың негізгі шарты – тыныс белгілерін дұрыс
пайдалану» деген мақаласында тыныс белгілерін дұрыс қоюдың негізгі грамматикалық құрылыс
және дауыс ырғағы делінеді.
4.Қыстырма сөйлемдердің тыныс белгілері
А. Нұғмановтың «Пунктуацияның бір мәселесі» деген мақаласында бастауыштан кейін қойылуға
тиісті интонациялық сызықша жөнінде айтылады. Дегенмен, бұл – ұшқары, бір-біріне қайшы
пікірлері көп мақаланың бірі.
С. Аманжолов, А. Әбілқаев, И. Ұйықбаевтардың 1967 жылы шыққан синтаксисінде тыныс
белгілерінің «қосымша» деген атпен беріліп жүрген ережелері алынып тасталған. Оның алынып
тасталуы орта мектептің сегізінші класына тыныс белгілеріне арналып шыққан жана оқулықтың
(автор Ә. Хасенов) жарық көрінуіне байланысты болды. Содан 6-7 класс синтаксисі 1969 жылы
басылуында «қосымша» деген атпен таныс белгілерінің арнаулы ережелерін қайта енгізді.
Тыныс белгілерінің зерттелу зерттелу тарихын сөз еткенде, тағы бір көңіл бөлетін нәрсе –
бұл тақырыпқа арналып жазылған төмендегі жеке кітапшалар: С. Жиенбаев «Сөйлемнің тыныс
белгілері», А. Ысқақов пен Ә. Хасенов «Тыныс белгілері», Р. Сыздықова мен Қ. Неталиева
«Тыныс белгілері ережелері» (1961 жыл), Ф. Мұсабекова «Жай сөйлем пунктуациясының
негіздері» т.б.
5.Тыныс белгісін дұрыс қоя білудің бір критерий» - интонация.
Тыныс белгілерін дұрыс қою интонациямен тікелей байланысты. Мәселен, хабарлай
айтылған сөйлемнен соң кідіріс болады да, соған орай нүкте қойылады. Құрмалас сөйлемдерді
оқығанда, құрмалас құрамындағы әрбір жай сөйлемдерден соң, сондай-ақ бірыңғай мүшелердің
әрбір сұлуларынан соң кідіріс болып, олар үтір белгісімен ажыратылады. Ал сұраулы, лепті
сөйлемдерді оқығанда, дауыс көтеріңкі айтылады да, тиісті тыныс белгісі қойылады.
Бастауыштан кейін қойылатын сызықшада интонацияның ролі айрықша көрінеді.
Мысалы: Еменнің иілгені - сынғаны. Көптің ісі - көл (мақал).
Бірінші, екінші сөйлемдегі сызықшалар бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен немесе заттанған
есімшеден болғандықтан қойылып тұр. Бұл сөйлемнің синтаксистік ерекшелігіне негізделеді.
Сонымен қатар сызықша қойылып тұрған жерге кідіріс жасаймыз, әйтепесе сөлемнің синтаксистік
қызметі бұзылады.
Алайда сөйлемнің немесе сөздер мен сөз тіркестерінің айтылу интонациясы тыныс белгілерімен
сәйкес келе бермейді.
Мысалы: Балықшы балықшыны ұзақтан көреді (мақал)
дегенде, балықшы дегеннен соң, сондай-ақ, балықшыны деген соң кідіріс жасалады, бірақ соған
қарай үтір қойсақ, дұрыс болмас еді, өйткені бұл сауатты жазу ережелеріне сыйыспайды.
Достарыңызбен бөлісу: |