Қазақстан тарихы пəні бойынша тақырыптар тізімі



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата30.12.2016
өлшемі1,15 Mb.
#747
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2. 1953 жылғы қыркүйекте болып өткен КОКП-ның ОК Пленумы ауылшаруашылығында орын алған 

жағдайға талдау жасап, оның даму болашағын анықтады. Мемлекет тарапынан ауылшаруашылық саласына 

көп  көңіл  бөліне  бастады.  Колхоздарға  біраз  дербестік  берілді,  ауыл-село  еңбеккерлерінің  өнім  өндіруге 

деген  материалдық  ынталылығы  арттырылды,  ауылшаруашылық  өнімін  дайындау  жəне  сатып  алу  бағасы 

көтерілді,  аграрлық  секторды  техникамен  жабдықтау  біршама  жақсарды,  онда  электр  қуаты  кеңірек 

қолданатын болды, колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті қарыздарынан босатылды. Бірақ елде қалыптасқан 

басқару жүйесі ауылшаруашылығының дамуын экстенсивті жолмен жүргізе берді.  

Азық-түлік  тапшылығын  шешу,  астық  өндіруді  арттыру  мақсатында  тың  жəне  тыңайған  жерлерді 

идеясы пайда болды. 1954 жылы қантарда болып өткен Қазақстан Компартиясының VII съезінде Қазақстан 

Компартиясы  ОК-нің  бірінші  хатшысы  Ж. Шаяхметов  (1948-1954  жж.)  қызметінен  босатылды.  Бірінші 

хатшылыққа П. Пономаренко (1954-1956 жж.), ал 1955-1956 жж.       Л.И. Брежнев сайланды.  

1954 жылғы қантар-наурыз – КОКП ОК-нің Пленумы «Елімізде астық өндіруді одан əрі арттыру, тың 

жəне  тыңайған  жерлерді  игеру  туралы»  қаулы  қабылдады.  Тың  жерлер  игерілетін  аймақтар:  Қазақстан, 

Сібір, Урал, Солтүстік Кавказ, Есіл бойы. 1954-1955 жылдары 1 млрд. 200 млн. пұт астық алу белгіленді. 

Қазақстандағы  тың  жерлерді  игеретін  аудандар:  Көкшетау,  Ақмола,  Солтүстік  Қазақстан,  Қостанай, 

Торғай, Павлодар облыстары.  

Тың  игеруге  басқа  республикалардан  адамдар  көшіріліп  əкелініп,  оларға  көптеген  жеңілдіктер 

жасалды:  дүние-мүлкімен  тегін  көшірілді,  əр  отбасына  500-1000  сом  мөлшерінде  бір  реттік  көмек 

көрсетілді,  10  жылдық  мерзімге  үй  салу  үшін  10  мың  сом  несие  берілді,  оның  35%-н  мемлекет  төледі. 

Бұдан  басқа  да  материалдық,  азық-түлік  көмектер  берілді.  Тың  игеруге  келгендер  ауылшаруашылық 

салығынан босатылды.  

1954-1959  жылдары  тың  жəне  тыңайған  жерлерді  игеруге  20  млрд.  сом  жұмсалды.  1954-1962 

жылдары  республикаға  2  млн.-ға  жуық  тың  көтерушілер  келді,  оның  ішінде  механизаторлар  мен  партия, 

кеңес, ауылшаруашылығы мамандарының саны 600 мыңнан асты.  

1954 жылы Кеңес Одағында 13,4 млн. гектар жаңа жер, оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. гектар жер 

игерілді.  1956  жылға  қарай  КСРО-да  егістік  көлемін  28-30  млн.  гектарға  жеткізу  көзделді.  Тың  жерлерді 

игеру  ісі ерекше  қарқынмен,  асығыс  түрде  жүргізілді.  1955 ж.  9,4  млн. гектар жер жыртылды.  Ал жоспар 

бойынша  7,5  млн.  гектар  болатын.  Тың  игеру  Қазақстанда  ерекше  қарқынмен  жүргізілді.  Тың  игерудің 

пайдасы:  

1. Тың игеру жылдары Қазақстанда 25 млн.га жер игерілді. (Одақ бойынша 41 млн. га). 

2. Қазақстанда егістік жерлердің көлемі артты. 

3.  Астық  өндіру  көлемі  жағынан  Қазақстан  одақта  2-орынға  шықты.  Соның  арқасында  Қазақстан 

Орта Азия мен Сібірді, Оралды астықпен қамтамасыз етті.  

4. Тың игеру жылдарында Қазақстан көп ұлтты республикаға айналды. 



 

66

5. Экономиканың басқа салаларының дамуына əсер етті.  



6. Қазақстан жерінде көптеген тұрғын үйлер, құрылыстар, мəдени объектілер салынды. Он мыңдаған 

шақырым жолдар төселді. 

7. Жүздеген совхоздар құрылды, (1954 ж. 120-дан астам) елді-мекендер көбейді.  

8. Халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету біршама жақсарды.  

Көптеген  жылдар  бойы  тың  жерлерді  игеру  партия  көрегендігі,  мемлекет  жеңісі  ретінде  дəріптеліп 

келді. Ал оның көлеңкелі жағы туралы ештеңе айтылмады жəне айтылуы да мүмкін болмады. Ең алдымен 

Қазақстанға  келген  тың  көтерушілер  арасында  арамтамақтар  мен  қылмыскерлер  де  болды.  1954-1955 

жылдарда Қазақстанға келген 650 мың тың игерушінің 150 мыңы ғана механизаторлар болды. Нəтижесінде, 

көптеген тəртіп бұзұшылдықтар, қылмыстар болып тұрды:  

1. Тың игеруге байланысты жайылымдар мен жем-шөп дайындайтын алқаптардың көлемі тарылды. 

2. Мал  шаруашылығының  дамуы  артта  қалды.  Мал  шаруашылығының  азаюына  байланысты  ет,  сүт 

өнімдерінің көлемі де азайды.  

3. 1956  жылы  Отанға  тапсырылған  млрд.  пұт  Қазақстан  астығы  уақытында  жиналмай  қар  астында 

қалды, біразы іріп-шіріп кетті. 

4. Сырттан келген мамандардың тұрақтамауы жаппай етек алды. 

5. Сырттан келушілер көп болып, қазақтар ата қонысында азшылыққа айналды: 1954-1962 жылдыры 

2 млн. адам келді. Қазақтар республика тұрғындарының үштен бірінен де аз болды. Мысалы, 1897 жылы - 

85%-ы болса, 1962 жылы - 29%- ғана болды.  

6. Ауылшаруашылық  өндірісі  мен  халық  санының  өсуінен  тұрғын  үй  салу  қырқыны  жəне  мəдени-

тұрмыстық қызмет көрсету артта қалды.  

7. Экологиялық  жағдай  күрт  нашарлады.  Аса  көп  территория  жыртылып,  нəтижесінде  көп  жерлер 

тіршілікке жарамсыз болып қалды. Топырақ эрозияға ұшырап, жердің құнарлылығы азайды.  

8. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері аяққа тапталды. Тың игерушілер арасында қазақ халқының 

ұлттық намысын қорлайтын теріс пікірлер тарады.  

9. Тың игеру жылдары қазақ халқының салт-дəстүрлері, мəдениеті, ұлттық руханияттары ескерілмеді.  

10. Қазақ  мектептері,  балабақшалар,  қазақ  тіліндегі  газет-журналдар  азайды.  Қазақ  тілінің  қолдану 

аясы тарылды. Осының барлығы қазақ халқының бір бөлігінің өз ана тілін ұмытуына əкеп соғып, халықтың 

ерекшеліктері, ұлттық намысы біртіндеп жоғала берді. 



3. 50-жылдар мен 60-жылдардың ортасы Кеңес елінің өміріндегі маңызды кезең болды. КСРО ОК-нің 

Бас  секретары,  КСРО  министрлер  Кеңесінің  төрағасы  И.В.Сталин  1953  жылы  5  наурызда  қайтыс  болды. 

Сталиннің  өлімімен  тұтас  бір  дəуір  аяқталды.  Сталин  қайтыс  болысымен-ақ  елде  болуы  мүмкін 

өзгерістердің  мəні  туралы  үш  бағыт  айқын  көрінді:  бірінші  бағыт  үкімет  басына  Берияның  келуімен 

байланысты  болса,  екінші  бағыт  Молотов  немесе  Булганин,  үшінші  бағыт  Хрущевтің  үкімет  басына 

келуімен байланысты еді. Жағдай Хрущевтің пайдасына шешілді.  

1953  жылы  қыркүйекте  Н.С. Хрущев  КОКП  Орталық  комитетінің  бірінші  хатшылығына  (1953-1964 

жж.)  сайланды.  «Жылымық  жылдары»  аталған  50-жылдардың  екінші  жартысынан  бастап  елде  игі  істер 

атқарылды.  1953  жылғы  шілдеде  КОКП  ОК-нің  пленумында  бұрынғы  КСРО-ның  Ішкі  істер  халық 

комиссариатының  халық комиссары,  КСРО  Министрлер  Кеңесі  төрағасының  бірінші  орынбасары, қуғын-

сүргінді  ұйымдастырушы,  саяси  авантюрист  Л. Берия  (1899-1953  жж.)  ісі  қаралып,  барлық  лауазымды 

қызметтерінен  босатылып,  атылды.  Осылай  Кеңестер  Одағында  ширек  ғасырға  созылған  тоталитарлық 

дəуір  аяқталды.  Бюрократ  көсемдер  биліктен  кеткенімен,  олардан  мұраға  қалған  əміршіл-əкімшіл  жүйе 

жойылмады.  

1956 жылғы ақпанда болған КОКП XX съезінде КОКП ОК-нің бірінші хатшысы Н.С. Хрущев «Жеке 

адамға  табыну  жəне  оның  зардаптары  туралы»  баяндама  жасады.  Баяндамада  жеке  адамның  басына 

табынудың жай – жапсарды туралы айтылды. Баяндамашы И.В. Сталин, Л. Берия, Н. Ежовты қатты сынай 

отырып, саяси қуғын-сүргінді жүргізудегі өз жауапкершілігі туралы ештеңе айтпады. Молотов, Каганович, 

Ворошиловты  қорғады.  Съезде  «Жеке  адамға  табыну  жəне  осының  салдары  туралы»  қаулы  қабылдап,  ол 

1956  жылы  маусымда  жарияланды,  ал  съездің  басқа  құжаттары,  талқыланған  мəселелері  көп  уақытқа  (33 

жыл) дейін құпия түрде сақталды.  

1953-1955  жылдарда  Н.С. Хрущевтің  бастамасымен  ГУЛАГ  жойылды.  Бұл  кеңес  қоғамын 

сталинизмнен  құтқарудағы  адамгершілік  акт,  маңызды  қадам  еді.  Лагерьлерге  жазықсыз  отырғызылған 

мыңдаған  адамдарды  босатып,  белгілі  партия  қайраткерлері  Я. Рудзудақты,  А. Рыковты,  В. Губарьды 

ақтағаннан кейін мемлекеттік аппарат реформаны жалғастыруды тағы да аяқсыз қалдырды. Əлі де болса, өз 

қызметтерінің  əділетті  бағасын  алмады.  Кəрістердің,  немістердің,  қырым  татарларының,  месхіт 

түріктерінің құқықтары қалпына келтірілмеді. Мемлекеттік дəрежедегі көптеген маселелер тек қана бірінші 

адамның  колында  болды.  Одақтас  республикалардың  құқығын  кеңейтуге  бағытталған  реформа  толық 

жүзеге асырылмады. Республикалардың құзырында ештеңе болмады.  

Саяси көзқарасы үшін қудалау орын алып, халық жауы немесе ұлтшыл айыптарының орнына өзгеше 

ойлайтындар  айыбы  тағылды.  Мысалы,  Шығыс  Қазақстан  облысы  бір  мектебінің  мұғалімі  М. Елікбаев 


 

67

Н.С. Хрущевке  ашық  хат  жазады.  Хатта  Қазақстанның  тəуелсіздігі  жоқ  екенін,  қазақ  мектептері,  қазақ 



тіліндегі  оқу  құралдары  мен  баспасөздің  тым  аз  екені  туралы  айтылған.  Осыдан  кейін  М.  Елікбаев  МҚК 

тарапынан  қуғынға  ұшырап,  азап  тартады.  1957  жылы  М.  Елікбаев  партия  қатарынан  шығарылып, 

жындыханаға  тығылды.  Н.С. Хрущев  басқарған  кезде  де  бюрократиялық  жүйе  өзгермеді.  1959  жылы 

болған  КОКП–ның  XXI  съезінде  Н.  Хрущев  социализмнің  толық  жеңгені,  енді  коммунизмге  аяқ  басқаны 

туралы өз баяндамасында айтты. Елде осындай қияли болжамға сүйенген утопиялық социализм сақталды, 

ал 1961 жылы өткен КОКП XXII съезде коммунизм 20 жылдық мерзімде орнайтындығы туралы тұжырым 

жасалды.  

Соғыстан  кейін  қалпына  келтірілген  өнеркəсіп  50-жылдардан  кейін  жаңа  өзгерістерді  қажет  етті. 

Бесінші  бесжылдық  (1951-1955  жж.)  ішінде  200-ге  жуық  жаңа  кəсіпорын  салынды,  экономиканың  даму 

қарқыны өсіп, 1954-1958 жылдары 730 өнеркəсіп орындары мен цехтар іске қосылды. 1957 жылы тұңғыш 

тепловоздар  Қарағанды  темір  жолының  Ерейментау  депосында  пайда  болды.  Осы  жылдары  салынған 

өнеркəсіптер:  Ақтөбе  хром  заводы,  Шымкент  гидролиззаводы,  Семей  цемент  заводы,  Жезқазған  кен 

байыту  фабрикасы,  Соколов  –  Сарыбай  комбинатының  алғашқы  кезектері,  Өскемен  таукен  жабдықтарын 

шығаратын машина жасау заводының 1-кезегі.  

1958  жылы  жалпы  өнім  өндіруден  Қазақстан  КСРО-да  3-орынға  шықты.  1956-1958  жылдар 

аралығында  елімізде  көлік  жəне  коммуникация  жүйелерін  дамытуға  146,4  млн.  сом  жұмсалды. 

Республикада теміржол құрылысына ерекше көңіл бөлінді.  

1960  жылы  қазақ  КСР  теміржолының  ұзындығы  11,42  км.  болды.  1958  жылы  Қазақ  КСР-де  Қазақ 

теміржол  басқармасы  құрылып,  республикадағы  барлық  теміржол  осы  басқармаға  бағындырылды.  1951-

1955 жылдар аралығында Одақта салынған теміржолдың 30%-ы Қазақстан аумағында салынды. 1960 жылға 

қарай Одақта өндірілген темір кенінің 5,4%-ы Қазақстанға тиесілі болды. Қазақстан «магниткасы» аталған 

Қарағанды  металлургия  заводы  Қазақстан  мен  Орта  Азияны,  Сібір  мен  Оралды  темір  өнімдерімен 

қамтамасыз  етті.  Республикада  электр  энергиясы  өндірісі  де  біршама  жақсы  дамыды.  1960  жылы 

Қазақстанда  10,5  млн.  кВт/сағат  энергия  өндірілді.  Дегенмен  индустрияның  дамуы  болмаса,  сапа  жағы 

өзгеріссіз қалды.  

КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің  1957  жылғы  мамыр  айындағы  сессиясы  Н.С. Хрущевтің  баяндамасы 

бойынша  «Өнеркəсіп  пен  құрылысты  басқару  ісін  ұйымдастыруды  одан  əрі  жетілдіру  туралы  заң 

қабылдады, осыған орай экономиканы басқаруда реформа жүргізілді. Бұрынғы салалық министрліктер мен 

ведомстволардың көпшілігі  таратылды».  Өнеркəсіп  пен  құрылысты  басқару  ісінің  негізіне  территориялық 

принцип  алынды.  Экономикалық  əкімшілік  аудандарда  халық  шаруашылығы  кеңестері  (совнархоздар) 

құрылды,  өнеркəсіп  пен  құрылысқа  тікелей  осылар  (совнархоздар)  басшылық  етті.  Сөйтіп,  реформа 

негізінде 1) экономикалық əкімшілік аудандар ұйымдастырылды, 2) бұрынғы салалық министрліктері мен 

ведомстволардың  орнына  халық  шаруашылығы  кеңестері  ұйымдастырылды.  Сонымен  басқарудың  екі 

түрін көруге болады.  

1. Орталықтандырылған басқару Территориялық басқару. 

2. Салалық халық шаруашылық министрлік Кеңестері.  

1957 жылғы реформаның кемшіліктері :  

1957  жылдан  бастап  аумақтық  принциптер  негізінде  экономикаға  басшылық  ету  ісін  қайта  құру 

ойдағыдай  нəтижелер  бермеді.  Керісінше,  1)  экономиканың  жекелеген  салаларына  тұтастай  басшылық 

жасауға  мүмкіндік  болмады,  2)  жекелеген  салаларды  техникалық  жағынан  қайта  жабдықтау  ісіне  нұқсан 

келтірді, 3) өндіруші мен тұтынушы арасында бұрыннан орын алған қатынастар өзгеріссіз қалды, 4) бұрын 

кəсіпорындар  министрліктер  тарапынан  бақылауда  болса,  енді  оларды  халық  шаруашылық  кеңестері 

жүргізетін  болды,  5)  экономикалық  тетіктер  дұрыс  жұмыс  істемеді.  Қазақстан  коммунистік  партиясының 

съездері  мен  пленумдарында  кəсіпорын  жетекшілері  жүзеге  асырылып  жатқан  экономикалық 

реформалардың тиімсіздігін ашық айтып жүрді.  

Сəтсіздіктер  күйгелектік  туғызды,  экономиканы  басқаруда  ғылымға  негізделмеген  ойластырмай 

жасалған  субъективтік  шешімдерге  жол  берілді.  Мұндай  шешімдер  көп  жағдайда  Н.С. Хрущевтің  жеке 

басымен  байланысты  болды.  1962  жылы  Қазақстанда  халық  шаруашылығын  ірілендіру  мақсатында 

реформа  жасалды:  партия  орындары  өндірістік  белгі  бойынша  қайта  құрылды.  Олар  өнеркəсіптік  жəне 

ауылшаруашылық партия үйымдары болып бөлінді. 

Сөйтіп,  жасалған  реформалар  басқару  аппаратындағы  абдыраушылықты,  бесжылдық  жоспардың 

орындалуындағы іркілістерді туғызды. 1956-1960 жылдарға арналған (6-шы) бесжылдық жоспар 1959-1965 

жылдарға арналған жетіжылдық жоспармен ауыстырылды. Жан басына шаққанда өнім өндіруден дамыған 

капиталистік елдерді ең қысқа мерзімде қуып жетіп, басып озу міндеті қойылды.  

 

13-тақырып.  Қазақстан  1960  ж.  екінші  жартысы  мен  1980  жылдардың  бірінші  жартысында. 

Қазақстандағы

 «қайта құру» саясаты (1985-1991 жж) (1сағат) 

1. Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық дамуының тенденциялары: 

а) экономикадағы дағдарыстар, 


 

68

б) халық өмірінің жағдайы. 



2. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы: себептері мен зардаптары. 

3. Қоғамдық-саяси қозғалыстар мен партиялар. 



 

СӨЖ

 тапсырмалары: 

1. Л.И. Брежнев басқарған кезеңдегі экономикалық реформалардың негізгі проблемаларын ашыңыз. 

2. Қазақстандағы  қоғамдық-саяси  қозғалыстар  мен  жаңа  саяси  партиялардың  («Невада-Семей», 

«Азат», т.б.) рөлін айқындаңыз. 

3. «Дамыған  социализмнің»  дағдарыс  кезіндегі  Қазақстандағы  мəдениет  пен  ғылымның  негізгі 

бағытын ашыңыз. 



1.  Н.С. Хрущев  Қазақстанды  сынақ  алаңы  сияқты  пайдаланып,  көптеген  тың  тəжірибелерді,  оның 

ішінде келешегі жоқ тəжірибелерді сынақтан өткізіп байқап көрді. Гидропоникалық əдіспен өсімдік өсіру, 

жүгері  егу  осы  сияқты  тəжірибелер  Қазақстан  шаруашылықтарында  байқаудан  өтті.  Оның  айтуымен 

республиканың  оңтүстіктегі  аудандары  көршілес  республикаларға  берілді,  өлкелер  құрылды.  Көптеген 

қалалардың  аттары  өзгертілді:  Ақмола  –  Целиноград  атанды,  Батыс  Қазақстан  облысы  –  Орал  облысы 

болды.  Хрущевтің  жолсыздықтары  мен  жөнсіз  қылықтарын  ашық  айтпаса  да  халық  оған  наразы  болды. 

Сөйтіп, елдің экономикасын жаңа сатыға көтеру, халық шаруашылығын басқару, өндірісті жоспарлау мен 

ынталандыру  жүйесін  түбегейлі  жақсарту  қажеттігі  кесіп  жетіліп  келе  жатты.  Экономикалық  мəселелерді 

шешуде субъективизмде, валюнтаризмді жою қажеттігі барған сайын айқындала түсті.  

Елде  қалыптасқан  жағдайы  түзеу  жəне  жол  берілген  қателіктерді  жою  жөнінде  кезек  күттірмейтін 

шұғыл  шараларды  1964  жылы  14  қазанда  болып  өткен  КОКП-ның  пленумында  қабылдады.  Пленум  Н.С. 

Хрущевті  КОКП  ОК-нің  бірінші  хатшысы  жəне  КСРО  Министрлер  Советінің  төрағасы  міндеттерінен 

босатты.  Оның  орнына  КОКП  Орталық  Комитетінің  бірінші  хатшысы  етіп  Л.И.  Брежневті  сайлады,  ал 

Кеңес  Үкіметінің  басшысы  етіп  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  А.Н.  Косыгинді  тағайындады.  Осының  артынша 

партия,  совет  жəне  басқа  қоғам  ұйымдарын  1962  жылы  жүзеге  асырылған  өндірістік  принцип  бойынша 

бөлу ойластырылмаған іс деп бағаланып, олардың территориялық - өндірістік принцип бойынша құрылуын 

қалпына  келтіру  ісі  қолға  алынды.  Сонымен  бірге,  жоспарлау  мен  экономикалық  ынталандыру 

əдістеріндегі  қателер  де  түзетіле  бастады.  Осы  жылдарда  іске  асырылған  шаруашылық  реформа  дəйекті 

жүргізілмегеннің өзінде елдің экономикасын көтеруге елеулі ықпал жасады.  

70  жылдардың  басында  бұрынғыдай  социализмнен  коммунизмге  өту  туралы  территориялық  идея 

басым  болды.  Бұл  жайлы  1967  жылы  қазан  төңкерісінің  50  жылдығына  арналған  сөзінде  Л.И.  Брежнев 

мəлімдеді.  

1977  жылы  7  қазанда  КСРО  Конституциясы  қабылданды.  Конституцияда  қияли  болжамдар  көп 

болды. Коммунизмге өтер жол мəселесі, кемелденген социализм теориясы кең таралды.  

1978  жылы  20  сəуірде  Қазақ  КСР-інің  Конституциясы  қабылданды.  Бұл  Кеңестік  жүйедегі 

Қазақстанның  соңғы  Конституциясы  болды.  Бұл  Конституцияда  да  демократияны  шектеу,  адам  құқығын 

елемеу,  қоғамға  жат  құбылыстар  орын  алды.  Ұлтаралық  қатынастарда  да  келеңсіз  жағдайлар  көбейді. 

Республикада орыс тілі «ұлы тіл» ретінде дəріптеліп, қазақ тіліне немқұрайды қарау кеңейді.  

1979  жылы  КОК  ПК–ы  Қазақстан  жерінде  неміс  автономиялық  облысын  құру  туралы  шешім 

қабылдады.  Автономиялық  облыстың  құрамына  Ақмола,  Павлодар,  Қарағанды,  Кокшетау  облыстарының 

бірнеше  аудандары  кіруге  тиіс  болды.  Жоспар  бойынша  автономиялық  облыс  орталығы  Ерейментау 

қаласында орналасатын болды. Бұл жөнінде арнайы комиссия құрылып, оған КОКП ОК-ының хатшысы А. 

Коркин төрағалық етті. Партияның бұл шешімі қазақ халқының ұлттық мүддесін аяққа таптаудың көрінісі 

болды.  


1979  жылы  16  маусымда  Ақмола  қаласындағы  Ленин  алаңына  қазақ  жерінде  неміс  автономиясын 

құруға  наразы  болған  жастар  жиналды.  «Неміс  автономиясына  жол  жоқ!»  «Қазақстан  бөлінбейді!»  деген 

жазулары бар плакаттар ұстаған жастар партияның бұл шешімін қатты айыптады. Осы жылы 19 маусымда 

жастар алдына шыққан атқару комитетінің төрағасы Жұмахметов пен облыстық партия комитетінің бірінші 

хатшысы Морозов Қазақстан жерінде ешқандай автономия құрылмайтынына жастарды сендірді.  

70 жылдар мен сексенінші жылдардың бірінші жартысында партияның жоғары орындарында сөз бен 

істің бірлігіне шақырылған үндеулер барған сайын күштірек естіле бастады. Мұның өзі екі жүзділік үндеу 

еді.  Ойткені,  оны  басшы  органдарында  отырғандардың  өздерінің  орындауы  міндетті  болмады,  талап  тек 

қана  төменгі  буындағыларға  бағытталды.  Ішкі  партиялық  жұмыстарды  жақсарту  мен  жетілдіру  жөніндегі 

көптеген  қаулылар  көзбояушылық  сипат  алды.  Партия  басшыларының  қатып  қалған  жаттандылық  жəне 

дүмшелік  пен  цифрлардан,  алуан  түрлі  есеп  құрастырудан  басқа  ешнəрсе  талап  етілмеді.  Партия  беделі 

барған сайын құлдырай бастады.  

Сонымен  Қазақстан  Президенті  Н.Ə. Назарбаев  айтқандай,  тоқырау  өмірдің  барлық  салаларында: 

идеологияда,  адамдар  арасындағы  қарым-қатынаста  да  орын  алды.  Брежневтің  жеке  басына  табыну  етек 

алған  жағдайда,  əсіресе,  жетпісінші  жылдардың  аяғы  мен  сексенінші  жылдардың  бас  кезінде  ол  барған 

сайын күшейе түсті.  



 

69

1965  жылы  қыркүйекте КОКП  ОК-нің  пленумы  болып  өтті.  Пленум  өнеркəсіпті  дамытуға  арналды. 



Пленумда қойылған міндеттер: 

1. Өнеркəсіпті салалық принцип (ұстаным) бойынша басқару. 

2. Өнеркəсіп салалары бойынша одақтық республикалық министрліктер құру.  

3. Кəсіпорындар дербестігін арттыру. 

4. Шаруашылық есепті дамыту.  

5. Жұмыскерлерді экономикалық ынталандыру мен материалдық мадақтауларды көбейту.  

КСРО  жоғарғы  Кеңесінің  сессиясы  1965  жылғы  өнеркəсіпті  басқару  жүйесін  өзгерту  жəне 

мемлекеттік  жоспарлау  жөніндегі  кейбір  басқару  органдары  өзгеше  құру  туралы  заң  қабылдады.  Көп 

ұзамай  осындай  қаулылар  мен  заңдарды  Қазақстан  Компартиясы  ОК-нің  XIV  пленумы  мен  Қазақ  КСР 

Жоғарғы  Кеңесі  де  қабылдады.  Қабылданған  шешімдерге  сəйкес  1965-1966  жылдары  Қазақстанда  халық 

шаруашылығы  Кеңесі  жəне  экономикалық  аудандардың  халық  шаруашылығы  кеңестері  таратылып, 

салалық  одақтық  –  республикалық  министрліктер  құрылып,  өнеркəсіптік,  құрылыс  материалдары,  орман, 

целлюлоза – қағаз жəне ағаш өңдеу, азық-түлік кəсіпорындары біріктірілді.  

60 жылдардың басында өнеркəсіпті сапалық жағынан өзгерту, ғылыми негізде құру үрдісі басталды. 

Қазақстанда  өнеркəсіпке  жаңа  техниканы  енгізу  жоспары  жасалды.  Ең  алдымен  өндірісті  электрлендіру 

мəселесі  қолға  алынды.  Қарағандыда  іске  кіріскен  екінші  МАЭС  пен  Бұқтырма  су-электр  станциясы 

техникалық – экономикалық көрсеткіштерінің жоғарылығымен ерекшеленді – 45 мың шақырымнан асатын 

қуатты электр тасымалдау жүйесін орнатты. Қарағанды көмір кеніндегі механикаландырылған жүйе еңбек 

өнімділігін 6%-ға дейін көтерді. Өндірістің автоматтандырылған жүйесі 27 мың адамның еңбегін атқарды. 

1985  жылы  жаңа  технологиялық  процесті  өндіріске  енгізгені  үшін  Ащысай  полиметалл  комбинатына 

Лениндік сыйлық берілді. Екібастұз көмір кесіндісіне озық технология қолданылып, қуатты экскаваторлар 

пайдаланылды.  Ғылыми  –  техникалық  жетістігі  нəтижесінде  Шымкенттегі  М.И. Калинин  атындағы 

зауыттың  жұмыс  технологиясы  жақсартылді.  1965  жылы  Өзен  кен  орнында  жаңа  технология  негізінде 

алғашқы мұнай өндірілді.  

1965 жылғы  шаруашылық  реформасы  нəтижесінде  ғылыми  –  технологиялық  процестерді  өндіріске 

енгізу  ісі  өнеркəсіптегі  жағдайды  түбірімен  өзгертті.  Реформа  еңбекпен  өндірісті  ұйымдастыруды 

жетілдіруге  оң  жол  ашты.  Кəсіпорындар  қызметін  жоғарыдан  реттеуге  шамадан  тыс  əуестенушілік 

доғарылды,  олардың  шаруашылық  дербестігі  ұлғая  түсті.  Пайда,  баға,  ақшалай  сыйлық,  несие  тəрізді 

экономикалық  тұтқалар  қозғалысқа  келтірілді.  Əрбір  жұмыскердің,  тұтастай  алғандағы  кəсіпорынның 

материалдық  мүдделігіне  баса  назар  аударылды.  1966  жылы  Қазақстанның  Өскемен  қорғасын  –  мырыш 

комбинаты, Шымкент – цемент заводы бастаған II өнеркəсіп жұмыс жүргізудің жаңа тəртібіне көшті. 1970 

жылы Қазақстан өнеркəсібінің 70% - ы жоспарлаудың жаңа жүйесіне жұмыс істеді.  

1970 жылға қарай КСРО-ның халық шаруашылығында Қазақстанның көмір жəне темір кенін өндіру, 

болат  балқыту,  қара  металдар  прокаттау  жөніндегі  үлес  салмағы  өсті.  Республикада  бұрын  болмаған 

өнеркəсіп  салалары  өркендеді:  титан,  магний,  синтетикалық  каучук,  полиэтилен,  көтергіш  крандар 

өндірістері. Мұнай өндіру жəне химия өнеркəсібі де бұл уақытта жалпыодақтық маңызға ие болды.  

Жеңіл  өнеркəсіптер  қатары  өсті:  Теміртау,  Жамбыл  қалаларында  азық-түлік  өнеркəсібі,  Алматыда 

мақта-мата  өнеркəсібі,  Семейде  трикотаж  фабрикасы  алғашқы  өнімін  бере  бастады.  Бес  жылдың  ішінде 

республикада жеңіл өнеркəсіптің 14 кəсіпорны салынды.  

Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанда 170-ке жуық кəсіпорын іске қосылды. Қуатты Екібастұз отын 

энергетика кешенінің құрылысы 1970 жылға қарай басталды. 1975 жылға қарай еліміздегі кəсіпорындардың 

барлығы  энергиямен  қамтамасыз  етілді.  80  жылдары  одақ  көлемінде  өндіріске  енгізілген  ғылыми-

техникалық жаңалықтардың 3%-ы Қазақстанға тиесілі болды.  

Тоқырау  кезеңі  дейтін  1971-1985  жылдар  аралығында  Қазақстан  экономикасы  бұрынғысынша 

техникалық  прогреске  қабілетсіз,  қарабайыр  (экстенсивті)  əдіспен  жұмыс  істеді.  Соның  өзінде  халық 

шаруашылығының  дамуында  кейбір  келелі  көрсеткіштерге  қол  жеткізді.  Мəселен,  осы  жылдарда  өндіріс 

жəне ғылыми өндірістер құрылымдарының саны 28-162 дейін, оның ішінде кəсіпорындар 1971 жылы – 97, 

ал 1985 жылы – 610 дейін өсті.  

Бірақ шаруашылық реформа нəтижесі күткендегідей болмады. Оның себептері:  

- КСРО-да  ҒТП  негізінде  түбегейлі  өзгерістер  жүргізу  қажеттігі  сөз  жүзінде  мойындалғанымен,  іс 

жүзінде бұрынғы басқару əдістерін қолдану жалғаса берді. 

- Мемлекеттік  –  монополистік  меншік  ҒТП  –  ты  тежеп,  экономиканың  тиімді  дамуына  мүмкіндік 

бермеді.  

- Өндірістік бірлестіктер құру ісі ғылыми-техникалық саясатта монополиялық бетбағыттардың пайда 

болуына əкеп тіреді.   

Өндіріс саласындағы кемшіліктер: 

- Республикада бұрынғысынша шикізат өндірісіне біржақты бағдар ұсталды.  

- Республика өндірісінде көмірдің 50-60%-ы; мұнайдың 70%-ы, темірдің 11,5%-ы рəсуа етілген.  

- Əр түрлі себептермен жұмысқа шықпай қалушылық салдарынан жұмыс уақыты босқа жоғалды. 


 

70

- Кəсіпорындар құқы шектелді.  



- Орталықтың өктемдігі күшейді жəне де басқа ұнамсыз құбылыстар көбейді.  

-  Жоспарларға  түзетулер  енгізу  сақталды.  1981-1985  жылдары  əр  түрлі  министрліктер  мен 

ведомстволардың жоспарлары 300 реттен астам түзетілді. 

- Директивалық жоспарлау экономикаға орасан зор нұқсан келтірді.  

Нəтижесінде Арал теңізі проблемасы пайда болды:  

1. Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателіктер.  

2. Жер мен су қорын есепсіз пайдалану. 

3. Мақта мен күріш дақылдарын өсіруге дара үстемдік беру.  

Нəтижесінде  теңіз  түбі  27  мың  шаршы  шақырымға  құрғап  қалды.  Теңіз  суының  тұздылығы  3  есеге 

өсті.  Балық  өнеркəсібі  жойылды.  Теңіз  түбінен  тұз  бен  шаң  көтеріліп,  Арал  аймағының  климаты  күрт 

нашарлады.  Адам  өлімі,  əсіресе  балалардың  шетінуі  көбейді.  Аймақ  тұрғындарының  80%-ы  əр  түрлі 

сырқаттарға  шалдықты.  Экологиялық  апат  қазақ  ұлтының  генетикалық  өсіп-өнуі  мүмкіндігін  сақтап  қалу 

проблемасын көтерді.  

Осындай  экономикалық  дамудағы  кемшіліктерге  қарамастан  70-жылдары  өнеркəсіп  жетекші  орын 

алды. 170-тен астам өнеркəсіп кəсіпорны мен цехтар бой көтерді:  

1. Лисаков кен-байыту комбинаты. 

2. Шерубай – Нұра шахтасы. 

3. Талдықорған аккумулятор зауыты. 

4. Павлодар облысында Ертісте Шүлбі СЭС-і құрылысы басталды.  

1970-1985  жылдары  өнеркəсіпті  өркендетуге  40,8  млрд.  сом  жұмсалды  (32%).  1970-1985  жылдары 

өнеркəсіп өнімінің жалпы көлемі – 2 есе, машина жасау, химия өнеркəсібі – 3 есе өсті.  

1965 жылдан бастап ауылшаруашылығы саласына бөлінетін қаржының көлемі көбейді, 7,1 млрд. сом 

бұл  салаға  тек  қана  8-бесжылдықта  бөлінді.  Республикада  1893  шаруашылық  дəнді-дақылдар  өсіруге 

мамандандырылды,  1285  шаруашылық  қой  өсірумен  айналысты.  1967  жылдан  бастап  ауылшаруашылық 

кəсіпорындар  шаруашылық  есепке  көшіріле  бастады.  Бұл  кезде  ауылшаруашылық  саласына  басқа 

республикалардан  жұмысшылар  келе  бастады.  1968  жылы  Қазақстанға  армия  қатарынан  босатылғандар 

жəне басқа одақтас республикалардан 16 мыңға жуық комбайншы келді.  

70-80  жылдары  ауыл  шаруашылығы  жөнінде  ауқымды  шешімдер  қабылданып,  оларда  сала 

өндірісінің  материалдық  базасын  нығайту,  оның  өсу  қарқынын  барынша  ұлғайту,  мамандандыру  мен 

шоғырландыру көзделді. 1971-1980 жылдар ішінде республиканың ауылшаруашылығына 18 млрд. сомнан 

астам  кұрделі  қаржы  жұмсалды.  Жерді  суландыруға,  химияландыруға  да  орасан  зор  көлемде  қаражат 

бөлінді.  

Ауылшаруашылығының  мəселелерін  тек  күрделі  қаржыны  көбейту  арқылы  ғана  шешуге  тырысу 

күткендей нəтиже бермеді. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру төмендей бастады. 9-бесжылдықта - 13%, 

2- бесжылдықта – 0,4%.  

1964-1985 жылдары мал шаруашылығы құлдырады: 4,2 млн. – ірі қара; 55 млн.-қой-ешкі; 5,1 млн. – 

шошқа  өлім  –  жітімге  ұшырады.  Ауылшаруашылық  кəсіпорындар  солақай  саясаттың  кесірінен  көптеген 

шығынға батып отырды.  

1986  жылы  еліміздегі  барлық  ауылшаруашылық  кəсіпорындар,  шаруашылықтар  өздерінің 

қаржысынан айырылып, несиемен ғана жұмыс істей бастады.  

70-жылдары  республиканың  бірқатар  ауылшаруашылық  қызметкерлері  шаруашылық  жүргізудің 

қалыптасқан құрылымын өзгертуге əрекеттенді, И.М. Худенко сондай адамдардың бірі болатын.  

Алматы облысының Еңбекші қазақ ауданындағы «Іле» жəне «Ақши» совхоздарының директоры И.М. 

Худенко шаруашылықты басқарудың құрылымын өзгертуге бағытталған бірқатар шаралар қолданып, еркін 

еңбек  ету  жүйесін  енгізеді,  фермерлер  усадьбаларын  дамытуға  əрекеттенді.  Бюрократиялық  жүйенің 

кесірінен  И.М.  Худенко  қуғындалып,  ақырында  бас  бостандығынан  айырылады.  Түрмеге  түсіп,  сонда 

қайтыс болады.  

Колхоздардың  дербестігін  жоюға  бағытталған  қадамның  бірі  –  ауылшаруашылығын  мамандандыру, 

кооперациялау  жəне  агро-өнеркəсіптік  интеграциялау  туралы  КОКП  ОК-нің  1976  жылғы  шешімі  болды. 

Оның негізінде колхоздар мен совхоздарды механикаландырылған агро-өнеркəсіптік бірлестіктерді күштеп 

біріктіру жұргізілді.  

1982  жылы  мамыр  айында  КОКП  ОК-нің  пленумы  болып  өтті.  Онда  азық-түлік  программасы 

қабылданды  жəне  агро-өнеркəсіптік  кешеннің  тиімділігінің  жеткіліксіз  дəрежелі  екендігін  мойындауға 

мəжбүр болды. Пленум азық-түлік проблемасын шешудің бірден-бір мүмкін жолы интесивтілігі басым өсу 

факторларына көшу деп тапты.  

Алайда  азық-түлік  бағдарламасы  мен  ауылшаруашылық  өндірісінің  құлдырауын  тоқтатуға 

бағытталған  өзге  де  əрекеттер  айтарлықтай  нəтиже  бермеді.  Өйткені  бағдарлама  басқарудың  ескірген 

жүйесі  аясында  жасалды  жəне  шаруалардың  түбегейлі  мүдделерін,  ауыл  еңбеккерлерінің  экономикалық 

мүдделерін  қозғаусыз  қалдырды.  Колхоздар  мен  совхоздардың  шаруашылық  дербестігі  бұрынғысынша 


 

71

жоғарыдан  реттелді.  Осының  салдарынан  ауылшаруашылығындағы  жағдайдың  дағдарыстық  сипаттары 



көбейе  түсті.  80-жылдардың  орта  шенінде  іс  жүзінде  барлық  жерде  тамақ  өнімдерімен  шектеулі 

қамтамасыз  ету  жүйесі  енгізілді.  Село  тұрғындарының  еңбегі  бағаланбай,  олар  қалаларға,  басқа  жақтарға 

көшіп кетуге мəжбүр болды. Жүздеген қаңырап қалған кішігірім ауылдар пайда болды.  

Ұлы  Отан  соғысынан  кейінгі  жылдарда  КСРО-да  экологиялық  жағдай  күрделі  проблемалардың 

біріне  айналды.  Бұл  проблемадан  Қазақстан  да  тыс  қалған  жоқ.  Əлем  тарихында  «қырғи  қабақ  соғыс» 

(«холодная  война»)  аталған  империалистік  мемлекеттер  мен  социалистік  мемлекеттер  арасындағы 

жанталаса қарулану бəсекесі XX ғасырдың 2-ші жартысында дүниені шарпыды. Бұл бəсекеде басты орында 

АҚШ пен КСРО тұрды. Ең алдымен бұл екі мемлекет ядролық қарудың ошағына айналды.  

Қазақстан  КСРО  қорғаныс  кешенінің  ең  ірі  ядролық  полигоны  болды.  Қазақстан  жеріне  осы  жəне 

тағы басқа əскери қару-жарақ кешендерін салу барысында ешкімнің мүддесі ескерілмеді. Қазақстанда ең ірі 

Семей  полигоны  болды. Семей,  Павлодар,  Қарағанды  облыстары  түйіскен жерде  орналасқан бұл  полигон 

8372 км2 жерді қамтыды. 1949 жылы 29 тамызда Семей полигонында алғаш рет ядролық қаруды сынады. 

Семей  полигонында  барлығы  500-ге  жуық  ядролық  сынақ  өткізілді.  Ол  кезде  полигонның  халыққа, 

қоршаған  ортаға  деген  зияны  туралы  еш  нəрсе  айтылмады.  Полигонда  өткізілген  əрбір  сынақтың  адам 

өміріне  келтіретін  зияны  өте  көп  болды.  Адамдар  арасында  түрлі  аурулар  көбейді.  Өмірге  келетін 

сəбилердің  кемтар  болып  тууы  жиіледі.  Жер  қыртыстары  жарамсыз  болып  қалды.  1969-1970  жылдары 

Маңғыстау  жерінде  жер  астында  ядролық  қару  үш  рет  сыналды.  Бұл  сынақ  халықтан  жасырын  түрде 

өткізілді.  70  жылдардан  бастап  Қазақстандағы  тағы  бір  экологиялық  апатты  аймақ  Арал  теңізі  болды.  Ең 

алдымен өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателік басты себептердің бірі болды. 

Сырдария,  Амудария  өзендері  суларын  мақта,  күріш  дақылдарын  өсіруге  қисапсыз  пайдалануы  Арал 

теңізінің тартылуын тездетті. Қазіргі уақытта Балқаш көлінің де экологиялық жағдайы проблемаға айналып 

отыр.  


КСРО  құрамындағы  барлық  одақтас  республикаларда  1980  жылдан  кейін  аса  күрделі  жағдай 

басталды.  Мұндай  жағдай  елдің  əлеуметтік,  экономикалық  нышандарының  жоқтығынан  туып  еді. 

Дағдарыстың себебі өте көп болды.  

Саяси саладағы белгілері:  

1. Басшылықтың өзгерістерді жүзеге асыру қажеттігін түсінуге қабілетсіздегі жəне дəрменсіздігі. 

2. Қоғамдық  өмірдің,  экономикалық  қызметтің,  азаматтардың  жеке  өмірінің  бір  орталықтан 

басқарылуы.  

3. Партиялық жəне мемлекеттік функциялардың бірігуі мен төрешілденуі.  

4. Заңдылықтың бұзылуы.  

5. Жариялылықтың болмауы.  

Экономикалық салаларда дағдарыстың белгілері: 

- шаруашылықтың жүргізудің шығындық тəсілі. 

- ғылыми-техникалық жəне технологиялық прогресте артта қалушылық.  

- бақылаусыз басқару аппараты.  

- инфляция.  

- товар зəрулігі.  

Əлеуметтік саладағы оның негізгі белгілері: 

- халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы.  

- теңгермешілдік.  

- əлеуметтік əділеттіліктің жиі бұзылуы.  

- күнделікті тіршіліктің бұрмалануы.  

- ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер.  

- маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік жəне коррупция.  

Сонымен, КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда тұрды.  

1985 жылғы наурызда Н.У. Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне 

М.С. Горбачев  сайланды.  1985  жылы  сəуірде  КОКП  ОК-тың  пленумында  əлеуметтік,  экономикалық 

дамуды  жеделдету  мəселесіне  сəйкес  экономикалық  құрылымды  қайта  құру  бағыты  жарияланды. 

М.С. Горбачев  саясатының  ұрандары:  жариялылық  ,  жеделдету,  қайта  құру.  Бұл  қайта  құру  бағыты  1986 

жылғы  КОКП-ның  XXVII  съезінде  мақұлданды.  Сонымен  партия  елде  жаңару  бағытын  бастауға  міндет 

алды.  Қайта  құру  ешқандай  бағдарламасыз,  ғылыми  айқындамасыз  жүргізілді.  Бұл  бағыттың  қияли 

болжамдары  көп  болды.  Қайта  құру  бағыты  алғашқы  кезден  бастап  сəтсіздікке  ұшырай  бастады.  Бұған 

Мəскеуде В.В. Гришин, Ленинградта       Г.В. Романов, Қазақстанда Д.А. Қонаев, Əзірбайджанда Г. Əлиев 

сияқты басшылар кінəлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса 

ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді.  

1987  жылы  қантар  айында  болып  өткен  КОКП  ОК-нің  Пленумында  «Қайта  құру  жəне  партияның 

кадр саясаты туралы» мəселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері:  

1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады.  


 

72

2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды.  



1987  жылғы  маусым  Пленумы  басқару  ісін  түбірлі  қайта  құру  мəселелеріне  арналды.  Пленум 

əзірлеген  құжаттар  негізінде  «Мемлекеттік  кəсіпорын  туралы  заң»  қабылданды.  Бұл  заңда  товар-ақша 

қатынастарының  ролі  айқындалды.  Мемлекеттік  кəсіпорындар  дербес  товар  өндірушілер  ретінде 

қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық əдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ 

мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді.  

Алайда,  бұл  шаралар  іске  асырылмады.  Қоғамның  саяси  құрылымдарын  жаңартпайынша, 

шаруашылықты  жүргізудің  жаңа  əдістері  нəтиже  бермейтіндігі  айқын  болды.  Халық  шаруашылығындағы 

жағдай  ауырлай  түсті.  Дүкен  сөрелерінен  күнделікті  тұтынатын  товарлар  жоғала  бастады,  азық-түлік 

түрлері нашарлады.  

1988  жылғы  маусым  айында  болған  КОКП  XIX  Бүкілодақтық  конференцияда  қоғамның  əлеуметтік 

экономикалық жүйесіне талдау жасалып, мынадай шешімдер қабылдады:  

1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше əлеуметтік-экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместігін 

мойындау.  

2. Демократияландыру мен жариялылық.  

3. Төрешілдікке қарсы қүрес.  

4. Халықтық реформа жүргізу. 

5. Əлеуметтік əділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.  

Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа енгізу керек болды. 80-

жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлаудағы жəне өндіргіш күштерді орналастырудағы əміршіл-

əкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нəтижесі тоқырау құбылыстарын туғызды. 

Республика  шикізат  көзі  ретінде  қала  берді.  Рухани  идеологиялық  өмірде  отарлау  жүйесінің  толық 

ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық 

мəдениет,  салт-дəстүрлер,  тіл  өте  ауыр  жағдайға  тірелді.  Тек  қана  1954-1986  жылдар  аралығында  қазақ 

тілінде  білім  беретін  600-ге  жуық  мектеп  жабылды.  Қазақ  тілінің  қолдану  аясы  өте  тарылды.  Сол  кезде 

билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады.  

Аса  маңызды  мəселелердің  барлығы  тек  Мəскеуде  ғана  шешіліп  отырды.  Республикалар  егемендегі 

сөз  жүзінде  ғана  болды.  Қазақстан  партия  басшысы  Д. Қонаев  (1912-1993  жж.)  өз  жұмысында  көптеген 

кемшіліктерге  жол  берді.  Д. Қонаевтің  өзіне  республика  халықтарының  арасында  табынушылық  пайда 

болды. Оның  маңындағылар  республикадағы  күрделі  əлеуметтік-экономикалық,  рухани,  экологиялық 

жағдайларға немқұрайлы қарады.  

1989 жылы мамыр-маусым айларында КСРО халық депутаттарының I съезі өтті. Бұрынғы жылдардан 

өзгешелігі  съезде  саясаттағы,  экономикадағы  жəне  қоғамдық  өмірдің  əлеуметтік-рухани  салаларындағы 

жағдайларға  өткір  сыни  жəне  табанды  талдау  жасалып,  кеңес  қоғамына  төнген  дағдарыстың  себептерін 

іздеу  əрекеттері  жасалды.  Съезд  барлық  дəрежедегі  партиялық  жəне  мемлекеттік  органдар  қызметінің 

арасын  ажырату  мəселесіне  арнайы  тоқталды.  Бұл  съезден  кейін  Компартияның  билігі  өз  беделінен 

айырыла  бастады.  М. Горбачев  бастаған  партия  басшыларының  С.Е.  Лихачев,  П.  Соломенцев    қызметіне 

сын айтылу көбейді. Партиямен қатар комсомол, кəсіподақ қызметтері де үздіксіз сыналды.  

КСРО  халық  депутаттарының  І  съезінде жаңа  одақтық  келісім  шарттарды  жасау  мəселесі көтерілді. 

Бірқатар  одақтас  республикаларда  егемендік  туралы  декларация  қабылданды  (Балтық  жағалауы 

республикалары, Украина, Қырғызстан).  

1990  жылы  25  қазанда  Қазақстан  өзінің  мемлекеттік  егемендігі  туралы  Декларация  жариялады.  

КСРО  басшыларының  шындықты  бағалап,  түсінуге  қабілетсіздігі,  республика  халықтарының  ыңғайына 

барғысы  келмеуі  олардың  беделін  түсірді.  Ресей  Федерациясы  да  өзінің  егемендігін  жариялады.  Россия 

«КСРО-ң бел омыртқасы» болып есептелгендіктен, бұл кеңес жүйесіне берілген өте ірі соққы болды. Соған 

қарамастан, КСРО-ның болашағы туралы мəселе түпкілікті шешілмей, ол ірі ел ретінде тіршілік ете берді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет