БАҒдарламасы бағдарлама жобасын wwf-тің Ресей бөлімшесі дайындаған



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата30.12.2016
өлшемі2,06 Mb.
#773
  1   2   3   4   5

 



ҚАЗАҚСТАНҒА ЖОЛБАРЫСТЫ ҚАЙТА 



ЖЕРСІНДІРУ БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

Бағдарлама жобасын WWF-тің Ресей бөлімшесі дайындаған 



 

1. Қысқа мазмұны  



 

 

2. Тұран жолбарысының тарихы  



 

 

3.  Жолбарыстың  тұран  түршесін  тарихи  таралу  аумағына  қайта 

қалпына келтіру мүмкіндігі 

 

10 



 

 

4. Іле өзені-Балқаш көлі бассейнінде экожүйелерді дайындау 

13 

 

 

4.1. Гидрология және су ресурстарын басқару 



13 

 

 



4.2.  Қазіргі  кездегі  шаруашылықта  пайдалануы  және  оны  реттеудің 

жолдары  

15 

 

 



4.3.  Қазіргі  ерекше  қорғалатын  табиғи  аумақтар  және  оларды  дамытудың 

келешегі 

 

20 


 

 

4.4. Биологиялық ресурстарды қорғау және аумақтарды бақылау жүйесі 



24 

 

 



4.5. Тұяқты жануарлар популяциясының жағдайы, оларды қалпына келтіру 

және санын көбейту шаралары  

 

25 


 

 

Жабайы шошқа (доңыз) 



25 

 

 



Бұхар бұғысы (кермарал) 

26 


 

 

Басқа түрлер 



27 

 

 



5. Іле өзені-Балқаш көлі бассейніне жолбарыстарды қайта жерсіндіру 

29 


 

 

5.1.  Жолбарыстардың  қайта  жерсіндіруге  және  тобын  құруға  қажет 



жануарлар көздері  

 

29 



 

 

Бағдарламаны іске асыру кезеңдерінің сызбалық реттері 

34 

 

 



5.2.  Уақытша  ұстау  және  жіберу  телімдерін  таңдау,  және  олардың  құрал-

жабдықтары  

 

35 


 

 

5.3. Қайта жерсіндіруге қажет техникалық және заңнамалық тіркеулері 



36 

 

 



6. Бағдарламаның сәттілік мониторингісі 

37 


 

 

6.1.  Экожүйелердің  жағдайының,  тұяқты  жануарлардың  мен  жолбарыс 



санына мониторингісі 

 

37 



 

 

6.2. Ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу 



38 

 

 



 

 

 

 

7. Ұйымдастырушылық және қаражаттық қамтамасыз етілуі 

39 


 

 

Пайдалынылған қысқартулар 

41 

 

 

Қосымшылардың тізімі  

42 

 

 

Әдебиеттер тізімі 



 

43 


 

 


 



Қысқа мазмұны 

ХХ  ғасырдың  басында  жер  бетінде  9  түршеге  жататын  шамамен  100  мыңдай 

жолбарыс  мекендеген.  Үшінші  мыңжылдықтың  басында  шамамен  жануарлардың  3,5 

мың басы қалды, оның 4 түршесі  мүлдем жойылып  кетті.  Олардың екеуі  – яван және 

балий  түршелері  Индонезия  аралдарында  мекендеген.  Сонымен  бірге,  жолбарыстың 

оңтүстікқытай түршесі де жойылып кетті деп есептелінеді, деседе, жекелеген даралары 

әліде  сақталып  қалуы  мүмкін.  Жойылып  кеткен  төртінші  түрше  –  тұран  немесе 

ағылшынша каспий жолбарысы (Panthera tigris virgata Illiger, 1815) – уақтысында Таяу 

Шығыс, Кавказ сырты және Орталық Азияның Түркиядан бастап Қытайдың солтүстік-

батысына  дейінгі  13  мемлекеттер  аумағында  мекендеген.  ХХІ  ғасырдың  басында 

дүниежүзіндегі  тек  13  мемлекет  аумағында  ғана  жолбарыстардың  бұл  түршесінің 

сақталып қалғанын ескерсек, бұл түршенің жойылуы, кездесетін мемлекеттер санын екі 

есеге қысқартты.  

Дүние  жүзінде  жолбарыстардың  санының  апаттық  жағдайға  дейін  азаюы 

Дүниежүзілік  Банк  Президенті  Р.  Зелликтің  2008  жылы  арнайы  Ғаламдық  Жолбарыс 

Бастамасын (ГТИ) құруына себеп болды. Осы Бастаманың аясында 2010 жылы Санкт-

Петербургте  Ресей  Мемлекетінің  Төрағасы  В.В.  Путиннің  шақыруымен  Үкімет 

басшылары  деңгейінде  Жер  бетінде  жолбарыстарды  сақтау  мақсатында  Халықаралық 

форум  өткізілді.  Форум  аясында  жолбарыстарды  қалпына  келтіру  мақсатында 

Ғаламдық  бағдарлама  қабылданды,  осы  бағдарламаны  іске  асыру  барысында  2022 

жылға  қарай  табиғаттағы  жолбарыстардың  саны  екі  есеге  көбейеді.  Осы  форумда 

WWF-тің  ұсынысы  бойынша  Орталық  Азияда  Ресей  және  Қазақстан  жолбарысты 

қалпына келтіру жұмыстарының басталғаны жайында хабарлады. 

Сонау  ХХ  ғасырдың  басында  тұран  жолбарысының  саны  ХХІ  ғасырдың 

басындағы  дүние  жүзіндегі  барлық  жолбарыстарға  қарағанда  едеуір  жоғары  болды. 

Қазіргі  ұрпақтардың  есінде  1970  жылдары  осы  жолбарыстың  түршесінің  соңғысы 

табиғатта жойылып кетті. 

Айта  кететін  жағдай,  тұран  жолбарысының  басқа  түршелерден  ерекшелігі  сол, 

олардың  таралу  аумағы  әрқашанда  шұбыртпалы-ошақты  болған.  Жолбарыстар  өзен 

алабы мен көл жағалауларында мекендеген, осылардың арасында олар қоныстамайтын 

кең дала мен шөлдер жатыр. 

Тұран  жолбарысының  жойылып  кетуіне,  оларды  арнайы  құрту  мақсатындағы 

шаралар  жатады,  соның  ішінде  оған  армия  бөлімшелері  де  тартылды,  сонымен  бірге 

жолбарыстың негізгі қорегі тұяқты жануарларды жөн-жозықсыз шектен тыс аулауы да, 

кейінірек  көптеген  суландыру  бағдарламаларын  іске  асыру  жұмыстары  арқасында 

олардың  мекендейтін  жерлерін  құртып  жіберуі  де  негізгі  себептер  қатарына  жатады. 

Осы  жобалар  ертеректе  барлық  ірі  өзендер  мен  көлдер  бойында  кең  тараған  тоғай 

ормандары

1

  мен  қамысты  батпақтар  экожүйелерінің  кеуіп  кетулеріне  және  жаппай 



жойылуына алып келді. 

Егер  1990  жылдардың  аяғына  дейін  жағдай  нашарлай  (суды  ауыл 

шаруашылығының  қажетіне  шамадан  тыс  пайдалануының  салдарынан  Арал  теңізінің 

кеуіп кетуін еске алайық) түсті, ал КСРО-ның тарқауы және жаңа пайда болған барлық 

мемлекеттердің  нарық  экономикасына  көшуі  жағдайды  біршама  өзгертті.  Мысалы, 

бірқатар  мемлекеттерде  өзен  суларын  пайдаланатын  ауылшаруашылық  егістік 

жерлерінің  аумағын  біршама  қысқарды,  соған  байланысты  ХХI  басында  бұрын 

жойылып  кеткен  экожүйелердің  қайта  қалпына  келе  бастағаны  байқала  бастады. 

Сондықтанда осы өңірде жолбарысты қайта қалпына келтіру жобалары пайда болды. 

 

________________ 



Тоғай

1

 – бұта-ағаш аралас, биік өсімдіктер, кей жерлерінде қалың ағаштар, бұта, шырмауықтармен 



шырмалған адам өте алмайтын орман, арасында сулы-батбақты аумақтар аралас, биіктігі бірнеше метрге 

жететін қамыстармен биік шөптер аралас ерекше алқап және жағалау экожүйесі. 



 

Ертеректе  тұран  жолбарысының  кең  таралуына  қарамастан,  осы  аңның 



биологиясы,  экологиясы  және  мінез-құлқы  туралы  арнайы  зерттеу  жұмыстары 

жүргізілмеген. Ол туралы толық мәліметті Қазақстанның ғалымы А.А. Слудский (1972) 

жинаған,  оның  зерттеуі  бойынша  Орталық  Азияда  жолбарыстардың  қолайлы  өмір 

сүруіне негізгі 4 жағдай анықталған: 

 

 жарамды мекендейтін жерлердің аумағы біршама кең болу;  



 

 тұщы сумен жақсы қамтамасыз етілу; 



 

 жабайы  шошқа  мен  бұхар  бұғының  (кермаралдың),  сонымен  бірге  басқада 



тұяқтылардың, мысалы еліктің санының тығыздығы жоғары болу; 

 



 қардың қалыңдығы жұқа болуы шарт.  

Осы  тізімге  жолбарысты  аулауды  заңды  түрде  рұқсат  етпеу  және  оның 

орындалуын тиімді қадағалау жатады. 

Осы  шарттар  жолбарыс  популяциясын  қайта  қалпына  келтіру  мақсатында 

пайдалануға  болатын  жерлерді  анықтағанда  қолданылды.  Жолбарысты  қайта 

жерсіндіруге  лайықты  жерлерді  анықтауға  Дүниежүзілік  жабайы  табиғат  қорының 

бағдарламасы  аясында  Қазақстан,  Ресей  және  Швейцария  сарапшылары  жүргізді 

(Jungius, 2011). 

Өкінішке  орай,  көптеген  мемлекеттерде  бұрын  кездескен  жерлеріндегі  бірінші 

жағдайды қанағаттандыратындай аумақтар табылмады. Әзербайжан, Армения, Грузия, 

Иран, Қытай (тұран жолбарысы Синьзян-Ұйғыр автономиялық ауданында мекендеген), 

Тәжікстан,  Түркменстан,  Түркияда  игерілмеген  және  адам  қоныстамаған  жерлер 

қалмаған, ол жерлерде жолбарыс популяциясының тіршілігіне лайықты аумақтар жоқ. 

Ауғаныстан  және  Иракта  сараптау  жұмыстары  жүргізілмеді,  оған  себеп  осы 

мемлекеттердегі ішкісаяси жағдайларының күрделігіне байланысты бағдарламаны іске 

асыру мүмкін еместігі. 

Қолда  бар  аумақтардан  жолбарыстарды  қайта  қалпына  келтіруге  жарайтын 

жерлерді зерттеу барысында тұран түршесінің бұрынғы таралу аумағынан екі лайықты 

аудан  анықталды.  Біріншісі,  Өзбекстандағы  Арал  теңізінің  маңындағы  аудан,  суы 

тартылған  жерлерде  тоғайлар  пайда  бола  бастаған.  Бірақ,  осы  экожүйелер  толық 

қалыптасып  тұяқтылардың  популяциясының  тіршілігін  толық  қамтамасыз  ету  үшін, 

шамамен кем дегенде 10-15, толығырақ 25-30 жыл қажет. 

Тұран жолбарысының қалпына келтіруге жарайтын екінші аудан есебінде Балқаш 

көлінің  (Қазақстан)  оңтүстік  жағалауы,  Іле  өзенінің  алқабы  және  сол  жердің  шығыс 

жағы  таңдалды.  Қазіргі  кезде  ол  жерлер  тоғай  орманы  мен  қамыс  қопалары  бар  кең 

аумақтар,  жабайы  шошқалар  кездеседі  және  тоғай  бұғысын  жерсіндіруге  болады. 

Жолбарыс  мекендеуге  болатын  аумақтың  жалпы  көлемі  1  миллиона  гектардан  асады. 

Осы  жерлердегі  тұран  жолбарысының  қоныстану  тығыздығын  жанама  жолдармен 

жолбарыстарды  аулаудың  тарихи  мәліметтеріне  және  адамдармен  кездескен  жиілігін 

ескере отырып, олардың қоныстану тығыздығы амур жолбарыстарына қарағанда едеуір 

жоғары  болған,  дәлірек  айтсақ  тығыздығы  Үндістандағы  жолбарыстың  тығыздығына 

жақын.  Осы  мәліметтерге  сүйене  отырып,  Балқаш  өңірінде  жолбарыстардың 

популяциясының  100,  ең  ары  дегенде  200-ге  дейін  санын  көбейтуге  болады,  бұл 

дегеніміз  бүгінгі  күнгі  сақталып  қалған  топтардан  әлде  қайда  жоғарғы  көрсеткіш. 

Соныменен,  Балқаш  өңірінде  жолбарыстардың  санын  көбейтіп,  қалпына  келтіру 

Ғаламдық  жолбарыстарды  қалпына  келтіру  бағдарламасына  қосқан  қомақты  үлесі 

болар еді. 

Балқаш  өңірінде  жолбарыстарды  қалпына  келтіру  бағдарламасы  15  жылдан  аса 

уақытқа есептелінген және ол өзі негізгі келесі кезеңдерді қамтиды:  

1.

 



Мекендейтін жерлерін дайындау 

2.

 



Жолбарыстарды табиғатқа жіберу 

3.

 



Бағдарламаның сәтті болу мониторингісі 

 

Мекендейтін  жерлерін  дайындау  барысында  жаңадан  ерекше  қорғалатын  табиғи 



аумақтар  құру  қажет,  ол  жерлер  келешекте  мекендейтін  жерлердің  жартысынан  кем 

емес жерлерді қамтитын қатаң қорғауға алынатын аумақ болуы керек. Сонымен бірге, 

бағдарламаның  мақсатына  сай  жерді  шаруашылыққа  пайдалануды  сәйкестендіру, 

мүмкіндігінше  тұрғындарды  басқа  жаққа  қоныс  аударуын  ынталандыру  арқылы, 

олардың  санын  азайту,  әсіресе  мал  бағумен  айналысатын  тұрғындарды  қамту  қажет. 

Бағдарламаны  әзірлеу  және  бағдарлама  жоспарына  сәйкес  аумақтарды  басқаруды, 

соның ішінде қаскерлерден қорғау жолдары мен табиғатты пайдаланудың тиым салған 

түрлерін  болдырмауды  іске  асыру.  Осылармен  қатар  жабайы  шошқаның  санының 

тығыздығын  биотехниялық  шаралар  арқылы  бірнеше  есе  арттыру,  мүмкіндігінше  осы 

аумақтардағы шараларға қазіргі кездегі аң шаруашылығын жалдаушыларды қатыстыру. 

Ескеретін  жағдай,  жолбарыстардың  барлық  таралу  аумағында  Үндістаннан  бастап 

Амур  жағалауына  дейінгі  тіршілігін  тұрақты  қамтамасыз  ететін,  ол  екі  жемтігі  – 

жабайы шошқа және ірі бұғылар, сондықтанда салыстырмалы қысқа уақыт аралығында 

бұхар бұғысының популяциясын қазіргі кезде жоқ жерінде қалпына келтіру қажет. Ол 

үшін 4-5 жылдың ішінде жылына 40-50 бас бұғыларды алып келу. Осыған қарамастан, 

мүмкіндігінше еліктің, қарақұйрықтың және ақ бөкеннің, сонымен қатар іргелес далалы 

және  құмды  экожүйелерде  құланның  санын,  жолбарыс  үшін  бұлар  сирек  аулайтын 

түрлер болғанына қарамастан қалпына келтіру қажет. Көрші аң шаруашылықтарының 

қайта жерсіндіру тәжірибелеріне сүйене отырып 1000 гектар жерде жабайы шошқамен 

бірге  бұқар  бұғысының  тығыздығы  60-80  басқа  дейін  жеткізуге  болатындығы 

анықталды.  Бұл  кезең  5  жылға  есептелінген  және  қортынды  кезеңінде  экожүйелер 

жолбарыс популяциясын тіршілігін қамтамасыз ете алады. 

Аумақты  дайындап  болған  соң  жолбарыстарды  алып  келуге  және  оларды 

жіберуге болады. Цитогенетикалық зерттеу барысында (Driscoll et. al., 2009) тұран және 

амур  жолбарыс  түршелерінің  бір-бірімен  өте  қатты  ұқсастығы  анықталды.  Сонымен, 

Балқаш  өңіріне  жіберу  үшін  жолбарыстардың  амур  түршесі  пайдаланылады. 

Жіберілетін аңдар екі жерден алынуы мүмкін – хайуанаттар бағынан, ол жерде көбейіп 

жатқан  жұптар  көп,  немесе  Ресейдің  Қиыр  Шығысының  оңтүстігіндегі  табиғатынан 

алынуы  мүмкін.  Түпкілікті  шешім  жұмыстың  соңғы  кезеңінде  қолда  туылып,  өскен 

немесе  табиғатта  белгілі  бір  себептерден  анасынан  айырылған  шөнжіктерді  қолда 

өсірілгендерін  табиғатқа  жіберу  тәжірибесінен  кейін  қабылданады.  Осындай 

тәжірибелер  қазіргі  кезде  Қиыр  Шығыстың  оңтүстігінде  жүргізілуде  және  Қытайдың 

оңтүстігінде  өткізуге  дайындалып  жатыр.  Егер  осы  тәжірибелер  сәтті  аяқталса,  онда 

еркіндікке  жіберілетін  жануарларды  белгілі  бір  дайындықтан  өткен,  әрі  қолда  өскен 

жануарларды пайдаланады. Тәжірибе сәтсіз аяқталған жағдайда, онда Қиыр Шығыстың 

табиғаттағы популяциясына зиян келтірмей жылына 2-3 аңдарды ұстап алып отырады, 

себебі бұл өңірде жылына шамамен 100 бас жолбарыстың шөнжіктері дүниеге келеді. 

Бұл кезеңді 5-7 жылда аяқтау көзделіп отыр, табиғатқа кем дегенде 20 аңның жіберілуі 

қамтамасыз етіледі.  

Соңғы  кезеңде  кездейсоқ  пайда  болады  деген  мәселелерді  ескере  отырып 

экожүйелерге 

екжей-текжейлі 

мониторинг 

жүргізіледі. 

Ондай 

мәселелерге 



гидрологиялық  режім  де  жатады,  себебі  ол  тоғай  ормандары  мен  қамыс  қопалардың 

өсіп-өнуінің  негізі  болып  саналады  және  тұяқтылардың  санының  өсуін  қамтамасыз 

етеді. Ерекше көңіл жолбарыстардың қолайлы көбеюіне және санының динамикасына 

аударылады.  Бұл  кезең  соңғы  жолбарысты  табиғатқа  жіберілген  кейінгі  5  жылдан  аса 

уақытты  қамтиды,  ал  өңірде  бағдарлама  аяқталғанымен  ғылыми  зерттеу  жұмыстары 

ары қарай жалғасады.  

Бағдарламаның  барлық  кезеңін  орындау  барысында  ерекше  көңіл  Іле  өзенінің 

гидрологиялық  режімі,  соның  ішінде  ең  бастысы  Қытай  және  Қазақстан 

мемлекеттерінің  суды  қанша  алып  отырғаны  басты  назарда  болады.  Балқаш  өңірінде 

жолбарысты  қалпына  келтіру  бағдарламасы  Қазақстан  мен  Қытайдың  Іле  өзенінің 



 

бассейінің  су  ресурстарын  пайдалануын  реттеу  мақсатында  келісім  жасаудың  басты 



аргументі болуы мүмкін. 

Сонымен, ұзақ мерзімге арналған жұмыс жоспары осы өңірдің табиғатының және 

шаруашылық  қызметтерінің  қайта  жаңаруын,  соның  ішінде  бұзылған  жағалау 

экожүйелерінің  қайтадан  кешенді  қалпына  келуіне  бағытталған.  Трофикалық 

пирамиданың  басындағы  түрлердің  «жалаушысы»  болып  саналатын  жолбарыстың 

қайта  қалпына  келуі,  Қазақстан  Республикасын  экожүйелерді  сауықтырудың 

индикаторы  және  табиғатты  қорғаудың  теңдесі  жоқ  жетекші  символы  есебінде  паш 

етеді.  


Бағдарламада атқарылатын жұмыстар 2013 жылы 30 мамырында №577 Қазақстан 

Республикасының 

Президентінің 

Жарлығымен 

қабылданған 

Қазақстан 

Республикасының  жасыл  экономикаға  көшу  Концепциясына  толық  сәйкес  келеді. 

Соның  ішінде,  атқарылатын  жұмыстар  заңның  «Экожүйелерді  сақтау  және  тиімді 

басқару» 3.7 бөлімін нақты орындаудына тікелей қосқан үлесі болып саналады. 

 

1. Тұран жолбарысының тарихы 



 

Тұран  немесе  ағылшын  тілінде  каспий  жолбарысы  (



Panthera  tigris  virgata  Іlliger, 

1815)


  деп  аталады,  ол  жолбарыстардың  9  түршелерінің  бірі  және  уақтысында  ХІХ 

ғасырдың  аяғында  Әзербайжан,  Армения,  Ауғанстан,  Грузия,  Ирак,  Иран,  Қазақстан, 

Қырғызстан, Қытай (Синьцзян-Ұйгыр автономиялық ауданы), Тәжікстан, Түркменстан, 

Түркия  және  Өзбекстанда  кездескен  (1  сур.).  Одан  да  ертеректе,  X-XII  ғасырларда, 

оңтүстікорыс  далаларында  және  қазіргі  Украинаның  орманды  далалы  аумақтарында 

кездескені  туралы  деректер  бар.  Орта  ғасырларда  жолбарыстар  Үлкен  Кавказ 

жоталарынан  бастап  Кубань  және  Терек  өзендерінің  аңғарларындағы  қамысты 

қопаларында,  Дон  өзенінің  сағасында,  Азов  теңізінің  жағалауларында  тұрақты 

кездескен. Алтайға тұран жолбарысы көрші Қазақстаннан келетін, оны ХІХ және тіпті 

ХХ ғасырларда Барнаул және Бийск аудандарында көргендерін адамдар растайды.  

Тұран жолбарысының басқа көптеген түршелерінен айырмашылығы таралуында, 

адамдардың  қызмет  әрекетеріне  байланысты  таралуы  шұбыртпалы-ошақты.  Оған 

себеп,  тұран  жолбарысы  өзендер  мен  көлдердің  аңғарларындағы  және  ескі 

арналарындағы тоғай және қамыс қопаларын мекендеуінде. Көрші тау және жартылай 

құмды  жерлерді  қорек  қорының  бар  болғанына  қарамастан,  ол  жерлерді  сирек 

пайдаланатын,  олар  мекендейтін  жерлерінің  қасында,  жолбарыстар  қоныстамаған  кең 

далалы  және  құмды  аумақтар  болды,  олар  кейбір  таралу  аймақтарын  бір-бірінен 

жүздеген  километрге  дейін  оқшауландырып  бөліп  тұрды.  Осы  жеке  бөлек  топтардың 

арасында  шамамен  жас  дараларының  бөлек  бөлініп  басқа  жаққа  қоныс  аударуының 

арқасында,  осы  жеке  топтардың  арасында  алмасу  болатынын  туралы  деректер  бар. 

Осылай,  аңдардың  Сырдария  өзенінің  төменгі  сағасынан  Амударияға  және  керісінше 

ауатыны  белгілі.  Олардың  Түркменстанның  батысындағы  Үлкен  Балхан  жоталарына 

кіретіні  туралы  мәліметтер  де  бар.  Сірә,  ұзақ  уақыт  бойы  Түркменстанның 

Копетдагымен  Кавказ  арасын  (Әзербайжан,  Армения,  Түркия)  иранның  Мазендаран 

провинцисы арқылы байланыстырып тұрған дәліз болған. 

1  сур.  Тұран  жолбарысының  тарихи  таралу  аймағы  және  жекелеген  аңдардың 

кездесуінің тіркелген жерлері. 1 және 2 – жолбарыстардың қайта қоныстауына лайықты 

жарамды аумақтар 



 

 



 

Иракта  ХІХ  ғасырдың  соңында  жолбарыстар  жойылып  кетті,  соңғы  ауланған  аң 

1887  жыл  (Kock,  1990).  Иранда  жолбарыстар  ХХ  ғасырдың  басында  елдің  солтүстік 

провинцияларында  жиі  кездесетін,  сонау  1930  жылдары  осы  жерлерде  жүздеген 

жолбарыстар  мекендеген.  Нағыз  саны  тұрақты  жыртқыштардың  популяциясы  Каспий 

теңізінің  оңтүстік  жағалауындағы  Иранмен  шекаралас  жерлерде  және  Түркменстанда 

болды. Жолбарыстар 1960 жылдары Каспийдің оңтүстік жағалауының батыс бөлігінде 

кездесетін, осы жерлерде соңғы жолбарысты 1957 жылы өлтірді, бірақ, мүмкін бірнеше 

жыртқыштар  осы  аумақтарда  1970  жылға  дейін  сақталып  қалуы.  Түркияның  оңтүстік 

шығысында  соңғы  жолбарысты  1970  атып  алды.  Грузияда  соңғы  жолбарысты  1936 

жылы  Тбилисиден  қашық  емес  жерде,  ал  Арменияда  –  1948  ж.  атып  өлтірген, 

Әзербайжанда соңғы жолбарысты 1964 ж. Каспий теңізінің жанынан көрген. 

Қытайдың  солтүстік  батысында  ХІХ  ғасырда  жолбарыстар  жиі  кездесетін. 

Көптеген  жерлерден  1920-шы  жылдары  жойылып  кетті,  1950  жылдардың  соңында 

мүлдем  жойылды.  Шығысқа  қарай  Қытайдың  аумағында  жолбарыстар  жабайы 

шошқаларға бай қамыс қопалар мен оазистерде кең таралған, бірақ 1920-шы жылдары 

бұл жерлерден олар толық жойылды.  

Ауғанстанда  Тәжікстанмен  шекаралас  Пяндж  өзенінің  сол  жағалауындағы 

тоғайларда  жиі  кездесетін  және  ол  жерлерде  1940  жылдардың  аяғы  мен  1950-ші 

жылдардың  басына  дейін  мекендеді,  осы  өңірде  соңғы  жолбарысты  Вахш  өзенінің 

аңғарында 1964 және 1971 жылдары көрген. 

Жолбарыстар Өзбекстанның Амудария өзенінің сағасында ХХ ғасырдың басында 

жиі  кездесетін,  бірақ  1930  жылдарға  қарай  олардың  саны  күрт  азайып  кетті.  1940 

жылдары  Амудария  өзенінің  атырауында  12-15  бас  жыртқыш  мекендеген.  Осы 

жерлерде  соңғы  ауланған  жолбарыстың  тіркелген  жылы  1947  жыл,  бірақ  жекеленген 

жыртқыштарды 1955, 1963, 1966 және 1968 жылдары кездестірген. 

Қазақстанда  Сырдария  өзенінің  төменгі  сағасында  соңғы  жолбарыс  1933  жылы 

өлтірілді,  бірақ,  шамасы  Амудария  өзенінің  аңғарынан  ауып  келген  болуы  мүмкін, 

оларды 1937 және 1945 жылдары да кездестірген. Соңғы жолбарыс Сырдария өзенінің 

сағасынан 1950 жылдардың басында дейін мекендеген деп есептеледі. 



 

Қазақстанның  Іле  өзенінің  аңғары  мен  оңтүстік  Балқашта  жолбарыстарды  ХІХ 



ғасырдың  аяғынан  ХХ  ғасырдың  басына  дейін  жоспарлы  түрде  арнайы  атып,  жойып 

отырған.  Осы  аңдарды  атуға  арнайы  ұйымдастырылған  атушы  отрядтар  1891  жылы 

ұйымдастырылды, оған солдаттарды қатыстырды. Қамыс қопаларды өртеу кезінде жиі 

аңдар  өлетін.  Жолбарыстардың  ізін  көргені  туралы  мәліметтер  1947  жылдың  аяғына 

дейін  түсіп  тұратын.  1948  жылдан  бастап  сұрақнама  жүргізілген  жүздеген  аңшылар, 

жолбарыстың ізін бір ауыздан көрмегенін айтты. 

Тұран  жолбарысы1960  жылдардың  ортасынан  бастап  Халықаралық  табиғат 

қорғау одағының Қызыл кітабының І санатына «жойылып кеткен» түр деп енгізілді.  

Тұран  жолбарысының  негізгі  жойылып  кету  себептері  олардың  қоныстарының 

жойылуы және тікелей қудалап қыру (2 сурет). Сонымен бірге жолбарыстардың негізгі 

қорегі тұяқты жануарлардың санының азаюы да үлкен рөл атқарды. 

2 сурет. Орталық Азияда XIX-XX ғасырларда жолбарыстарды қырып жою. 

 

 

 



 

Еуропалық 

халықтардың 

келгенінше 

жергілікті  тұрғындар  жолбарысты  өздерінің 

өміріне  қауіп  төндірші  деп  келді  және  олар  бұл 

көршілеріне  үйреніп  те  кетті.  Малшыларға 

жолбарыс  онша  қауіп  төндіре  қоймады,  себебі 

малдарын  осы  жыртқыштар  жоқ  жерлерге 

бағатын.  Жолбарысты  арнайы  қыру  орыс 

армиясының 

пайда 


болған 

1891 


жылдан 

басталады,  олар  осы  өңірлерді  жолбарыстардан 

«тазалау» 

үшін 


арнайы 

атқыш 


отрядтар 

ұйымдастырды. 

 

ХХ  ғасырдың  бірінші  жартысында  жолбарыстарды  стрихининмен  улап  және 



сонымен бірге, темір қақпандармен де аулады. Аңшылар әдемі терілерді қымбат сатты, 

сонымен бірге жыртқыштарды жойғаны үшін ірі көлемде ақшалай сый ақы алды. 

Су  жағалауларын  пайдалану  барысындағы  өзгерістер  аңдардың  азаюына  тікелей 

қырудан  кем  әсер еткен жоқ. Осылай, Амудария және Сырдария  өзендерінің бойында 

1930  жылдары  тоғай  ормандары  өртелді  және  кесіп  оталды,  ал  қамыс  қопаларының 

жерлері 


ауылшаруашылығының 

қажетіне 

жыртылды. 

Тоғайлармен 

бірге 


 

жолбарыстардың  негізгі  қоректері  жабайы  шошқа  мен  бұхар  бұғысы  жойылып  кетті. 



Осындай жағдайлар басқа ірі өзен аңғарлары – Мургаб, Пяндж, Іле өзендеріндегі тұран 

жолбарысының таралу ошақтарында да әр түрлі жылдамдықта жүріп жатты. 

Іле  өзенінің  төменгі  сағасына  және  оңтүстік  Балқаш  өңірінде  Амударияның 

алабына  қарағанда  жерлерді  ауыл  шаруашылық  мақсатта  игеру  және  олардың  табиғи 

мекендейтін  ортасының  жойылуы  онша  қатты  әсер  ете  қоймады.  Осы  жерлердегі 

жолбарыстардың  жойылып  кетуіне  әсер  еткен  негізгі  факторлар,  ол  тікелей  қудалап 

қыру,  қорек  қорының  жойылуы  (тұяқты  жануарларды  ретсіз  аулау),  көктемгі 

ормандағы  және  қамыстардағы  өрттеулерден  жылда  өзен  алаптарының  үлкен 

алқаптарында  барлық  өсімдіктерді  жойып  отырды,  әсіресе  осы  өрттер  бір  маусымда 

бірнеше  рет  қайталанатын.  Айта  кету  керек,  жолбарыс  Іле  өзенінің  бойы  мен  Балқаш 

көлінде басқа таралу аймақтарға қарағанда, соның ішінде Амудария алқабынан бұрын 

жойылып кетті. Мамандардың пікірінше, оған себеп 1940 жылдары Іле өзенінің бойына 

ондатр  аулайтын  жоғары  кәсіби  аңшылардың  базаларының  тұрақты  қоныстануымен 

байланыстырады. 

КСРО-ның 1947 жылы жолбарыстарды толық аулауға тиым салуы тұран түршесін 

сақтау  үшін  кеш  қабылданған  шара  болды,  бірақ  кейінірек  амур  түршесін  қорғап, 

санын көбейтуге әсер етті. 

Тұран жолбарысының тарихи таралу аймағында саны ешқашанда сарапталмаған, 

негізгі  таралған  жерлерінде  олардың  кездесетін  тығыздығының  мөлшері  туралы 

деректер  жоқ,  ал  жеке  телімдерінің  аумағы  туралы  мәліметтер  мардымсыз.  Бар 

болғаны,  тек  жанама  деректер  арқылы  осы  түр  популяциясының  кеңістік  құрлымы 

және олардың азды-көптігі туралы мәліметтер арқылы шамамен анықталды. 

Мысалы, Бірінші дүниежүзілік соғыстың алдында Амудария (Өзбекстан), Пяндж 

және  Вахш  өзендерінің  аңғарларынан  жыл  сайын  50-ге  жуық  тұран  жолбарысы 

ауланды (Слудский, 1953). Қазіргі кезде Амудария өзенінің алабында сақталып қалған 

тоғайдың  көлемі  40-50  мың  га,  сарапшылардың  бағалауынша  бұл  тоғай  ертеректегі 

тоғай экожүйелерінің бар болғаны 10%. Сонымен, ХХ ғасырдың басында 10 мың га-дан 

жылына  1  жолбарыс  аулаған,  осы  аулауларға  бірнеше  онжылдықтар  бойы  олардың 

популяциясы  шыдап  келді.  Салыстыру  үшін,  Ресейдің  Қиыр  Шығысының 

оңтүстігіндегі  қазіргі  кездегі  жолбарыстардың  ең  жоғарғы  тығыздығы  10  мың  га-да  1 

жолбарыс кездесетінін мысалға алсақ та жеткілікті. Сондықтан, бұл Орталық Азиядағы 

сол кездегі жолбарыстардың тығыздығы бірнеше есе жоғары болғанын көрсетеді. 

Тағы  бір  мысал  тұран  жолбарысының  санының  жоғары  болғандығы 

Тәжікстандағы «Тигровая балка» қорығының тарихы растайды. Қорық 1938 ж. арнайы 

тұран  жолбарысын  қорғауға  арнап  ашылған.  Қорық  аумағы  49  мың  га,  ал  тоғай 

шамамен  осының  жартысындай.  1940  жылдары  жолбарыстың  саны  12-15  бас  болған 

(Чернышев,  1958).  Сонымен,  осы  экожүйелер  типінде  жолбарыстың  қоныстау 

тығыздығы 10 мың га-да 2-3 бас болуы «қалдық» ретінде жеткілікті. 

Тұран жолбарысының жеке телімдері туралы мәліметтер өте мардымсыз және ол 

түршенің санының өте төмендеу кезеңі мен жойыла бастаған кезіндегі деректер. Тұран 

жолбарысының  Іле  өзеніндегі  өткен  ғасырдың  30-шы  жылдарында  жолбарыстардың 

және жабайы тұяқтылардың санының тығыздығы төмен болғандағы аумағы - 1000 км

2

 

(Слудский,  1972).  Тәжікістанда,  «Тигровая  балка»  қорығында  өткен  ғасырдың  1930-



1940 жылдары жолбарыстың мекендейтін телімдерінің аумағы  35-тен 50 км

2

-ге



 

  дейін 


ауытқып тұрған (Флеров, 1935; Строганов, 1961). 

Тұран  жолбарысының  сол  кездегі  қоныстану  тығыздығы  Ресейдің  Қиыр 

Шығысының  оңтүстігіндегінен  қарағанда,  үнді  популяциясының  тығыздығына  жақын 

болған деп шамалауға болады. Үндістанда жолбарыстардың тығыздығы 10 мың га-да 7-

9  басқа  жеткен  (Гопаласвами,  2012),  ал  Казиранг  ұлттық  бағында  –  10  мың  га  32 

жолбарысқа  дейін  кездескен  (

http://www.deccanherald.com/content/66643/kaziranga-has-

highest-density-tiger.html

).  Орталық  Азияда  жыл  сайын  қар  ұзақ  жатпаса  да 


 

жолбарыстардың қоныстау тығыздығы бәрі бір төмен болған, шамамен 10 мың га-да 4-



5 дарағы кездескен. 

А.А.  Слудский  (1972)  бойынша  Орталық  Азиядағы  тұран  жолбарысының 

мекендейтін жерлері төмендегі талаптарды қанағатандырған: 

1) Жабайы шошқаның және бұхар бұғыларының, кей жерлерде еліктердің де саны 

көп болған;  

2) Сумен толық қамтылған

3) Тоғайларда жолбарыс жатақ жасайтын немесе жай дем алатын қалың әрі адам 

өте алмас жерлері болған;  

4) Жауған қар жұқа болған.  

Тұран  жолбарысының  тарихи  таралу  аумағында  ауа  райы  субтропикалықтан 

(ылғалды  Әзербайжан,  құрғақ  Ирак,  Түркменстан)  Қазақстан  мен  Қытайда  өте 

континенталды болып аутқып тұрған. Жылдық ауа температурасының  өзгергіштігінен 

бұл  түршеге  тең  келетін  ешкім  болмаған,  жазда  ыстықтығы  +45

0

C-ға,  қыста  -45



0

C-ға 


дейін төмен түскен жерлерді мекендеген. 

Тұран  жолбарысының  көбеюі  туралы,  оның  басқа  түршелерімен  салыстырылған 

арнайы  әдебиеттерде  деректер  жоқ,  бірақ  әртүрлі  дерек  көздері  бойынша  2,  сирек  1 

шөнжіктер болады; жыныстық жағынан ұрғашылары 3-4 жаста, ал еркектері 4-5 жаста 

жетіледі.  Қолда  ұсталған  аңдарды  бақылау  арқасында  жолбарыстар  20  жасқа  дейін 

көбеюге  қатысады,  өмір  сүруі  жасы  25  жыл.  Табиғатта,  шамамен  20-25  жыл  өмір 

сүреді, көбіне олардың жасы 15-17 жастан аспаған. Осы мәліметтерді жолбарыстарды 

қайта  жерсіндіру  жұмыстарын  жоспарлағанда  және  популяциясының  даму  үлгісін 

жасағанда пайдалануға болады. 

Жолбарыстың Орта Азия және Қазақстанда негізгі қорегі жабайы шошқа болған, 

одан басқа ол елік, бұхар бұғысын, маралды, сонымен бірге қырғауылға дейінгі майда 

жануарларды  жиі  аулаған.  XIX  ғасырда  Сырдария  өзенінің  алабында  және  Арал 

теңізінің  жағалауында  жабайы  шошқа,  ақ  бөкен,  қарақұйрық,  тарпанды  (жабайы 

жылқы),  құланды  және  арқарларды  аулаған.  Осы  тізімде  жабайы  шошқаны  бірінші 

орынға  қоюуымыз  керек.  Жолбарыстар  сәті  келгенде  шүйебөрімен  немесе  қамыс 

мысығымен  де,  жиі  кеміргіштермен,  құстармен,  тасбақалармен,  бақалармен,  сонымен 

бірге  жәндіктерменде  қоректенеді.  Тұран  жолбарысы  өзен  жағаларындағы  қопаларда 

егеуқұйрықтардың  саны  жоғары  болған  жылдары  олардың  інін  қазып  жиі  аулайды. 

Қорек  қорының  үлесінде  жыл  мезгіліне  байланысты  шегіткелер  (саны  көп  жылдары), 

жиденің  және  шырғанақтардың  жемістері  де  кездеседі  (Мейендорф,  1826;  Эверсман, 

1850; Гептнер, Слудский, 1972.) 

Орталық Азияның экожүйесінде сүтқоректілерінің ішіндегі жыртқыштардың ірісі 

болған  жолбарыстың  ешқандай  табиғатта  жаулары  болмаған.  Ересек  жолбарыс 

жемтігіне  шабуыл  жасаған  кезде  кездейсоқ  алған  жарадан  өліп  кетуі  мүмкін,  мысалы 

ірі жабайы шошқаның аталығынан. 

Тұран  жолбарысының  табиғаттағы  аурулары  зерттелмеген.  Хайуанаттар 

бақтарында  жолбарыстар  мысықтарға  тән  барлық  жұқпалы,  сонымен  бірге  басқа 

етқоректі  аңдардың  ауруларымен  аурады.  Ауруларды  ауырған  тұяқтылардың  етімен 

қоректенген  кезінде  жұқтыруы  мүмкін.  Жолбарыстарға  бірнеше  гельминтер  және 

паразиттік  кенелер  тән.  Соңғы  жылдары  табиғатта  жолбарыстардың  етқоректілердің 

обасымен ауырғаны кездескен, негізінде бұл ауру иттектектестерге тән ауру деп келген. 

Бұл ауру суматралық жолбарыста кездескен 

 

 

 



 

 


 

10 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет