БАҒдарламасы бағдарлама жобасын wwf-тің Ресей бөлімшесі дайындаған


Жіберілетін  аумақтардың  телімдерінің  дайындығын



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата30.12.2016
өлшемі2,06 Mb.
#773
1   2   3   4   5

Жіберілетін  аумақтардың  телімдерінің  дайындығын 

тәуелсіз  зерттеу/тексеру  (тұрғындырды  қатыстыру, 

малдарды шығару, тұяқтылардың саны мың га-а 30 

бастан кем болмау)  

 

 



 

 

 



 

 



 

бағдарламаның  компонентін  жүзеге  асыру  бойынша  негізгі  активтілігі,  осы  компонент  бойынша 

кешенді жұмыстарды инициациялау  

 



осы бағытты ұзақ мерзімде жұмыстық дамыту 

 

**  әлеуметтік  сұрақты  жүргізу  және  көшуге  дайын  жанұяларды,  шаруашылығын  экологиялық  тұрақты 



формаға  ауыстыруға,  бағдарлама  міндеттерімен  жүзеге  асыру  шеңберінде  City  қорының  қаржыландыруымен 

2014  жылдың  маусымында  басталған,  дайын  жалдаушыларды  анықтауды  жүргізу  және  ұйымдастыру  бойынша 

алғашқы жұмыстар  

 

Жергілікті  тұрғындармен  алын-ала  жүргізілген  жұмыс  бойынша  табиғатта 



жолбарыстың  пайда  болуы  адамдарға  біршама  үрей  туғызатыны  анықталды,  бұл 

жобаны орындаушылардың өңірдегі жер пайдаланушылармен кездесулерінде айтылды, 

сонымен  қатар  ҚР  мемлекеттік  органдарына  түскен  хаттарда  да  көрсетілді.  Осыған 

орай,  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  органдары  жолбарыстарды  табиғатқа 

жіберетін  аумақтардың  қоршалануының  қажеттілігі  туралы  шешім  қабылдады. 

Мысалы, жоспарланған резерваттың Балқаш өңірі телімін (келісілген аудан 340 мың га) 

 

34 


қоршау ұсынылды. Қоршау құрылысын қаржыландыру мемлекеттік бизнес-серіктестік 

шегінде қамтамасыз етілуі мүмкін. 

 

Егер тәуелсіз зерттеу жолбарыстарды жіберетін аумақтардың телімдері дайын болғанын 



құптаса (тұрғындарды тарту, малдарды шығару, тұяқтылардың саны мың га-да 30 бастан кем 

болмаған  параметрлері  бойынша),  онда  Бағдарламаның  Екінші  кезеңін  жүзеге  асыруға: 

қоршау  жүйелерінің  құрылысын  салу,  алғашқы  жобарыстарды  және  кейіннен  жеткізу 

жұмыстарына кірісуге болады. Бұл жұмыстардың ұзақтығы кем дегенде 5-7 жылға созылады.  

Бағдарламаның  ұзақ  мерзімді  үшінші  фазасы  кешенді  мониторинг  жүргізуге, 

малдәрігерлік бақылау жасауға, экологиялық білім беруге және Бағдарламаны ақпараттармен 

қамтамасыз  етуге  арналады.  Бұл  жұмыстар  Бағдарламаны  жүзеге  асырудың  алғашқы 

кезеңдерінен  басталады.  Бұл  кезеңде  орнына  келтіру  жүйелері  жүзеге  асырылады  және 

жолбарыстар  тобының  даму  жайында  арнайы  мониторинг  жүргізілуі  қажет.  Бұл  фазаның 

ұзақтығы  соңғы  жолбарыстарды  әкелгеннен  кейін  және  оларды  табиғатқа  жібергеннен  кейін 

ең кем дегенде бес жылға созылады. 

Егер  Қазақстан  Үкіметі  өсіру  орталығын  құру  жайында  (10  Қосымша)  және  оның 

құрылысын  мен  ұзақ  мерзімде  жылма-жыл  ұстауды  қаржыландыру  жайында  шешім 

қабылдаса, онда орталықты салу  және оның жұмыс жасауы  аумақтарды  реинтродукциялауға 

дайындаумен  қатар  жүргізіледі,  өйткені  кез-келген  жағдайда  табиғатқа  жіберу  тек 

аумақтардың  дайындығын  расталған  жағдайда  (қара:  жоғарыда)  және  тек  аналары  өсірген, 

хайуанаттар  бағында  адаммен  қатынасы  өте  аз  болған  (немесе  мұндай  қатынас  толықтай 

болмаған  жағдайда)  қолда  өсірілген  жолбарыстардың  2-3-ші  ұрпақтарын  ғана  жіберуге 

болады. 

 

5.2.  Қолда  ұстау  және  жіберу  үшін  телімдерді  таңдау  мен  олардың  құрал-



жабдықтары  

Қайта  жерсіндіру  үшін  жолбарыстарды  табиғатқа  жіберетін  жерлерден  уақытша 

ұстайтын  бірнеше  орталықтар  құру  қажет.  Ұстау  орталығы  карантиннен  өту  үшін,  сонымен 

бірге  жолбарыстардың  аумақтарға  бейімделелуіне  арналған.  Қоршауды  қайда  орналастыруы 

бағдарламаның бірінші кезеңінің соңында шешіледі,  ол кезде тұяқтылардың кеңістікте  қалай 

орналасқаны  және  әртүрлі  шаруашылық  түрлерінің  орналасу  орындары  да  белгілі  болады. 

Шамамен,  басымдылық  тұяқты  жануарларының  тығыз  орналасқан  жерлеріне,  мал  жоқ  және 

тұрақты адам тұрмайтын жерлерге орналастырадыберіледі.  

Бұл  жерлерде  келетін  жолдардың  болуы,  инфрақұрылымның  болуы  қажетті 

компонентерге  жатпайды.  Егер,  олар  болмаса  жануарларды  тасымалдау  тік  ұшақ  арқылы 

жеткізіледі,  ал  жануарларды  күтушілеріне  және  бақылаушыларға,  малдарігері  және 

мониторинг жүргізетін мамандарыға уақытша далалы лагер құрылады. 

Уақытша ұсталатын әрбір орталықтарда салынатын құрылыстар: 

 



Алып  келетін  жолбарыстар  үшін  қоршаулар  (Үндістандағы  қайта  жерсіндіру 

тәжірибесі  бойынша  қоршаулар  шағын  аумақты  алатын,  бірақ  1-2  га-дан  аз 

болмауы керек). 

 



Қорегінің  негізгі  нысандары  (жабайы  шошқалар)  тұяқтылардың  резервтік 

дараларына  арналған  қоршаулар,  осы  жерден  доңыздар  жолбарыстардың 

қоршауларына жіберіледі. 

 



Мамандар  мен  қызмет  жасайтындар  тұратын  құрылысты  (вагончиктер)  және 

уақытша зертхананы салу керек. 

Аумақтар  толық  анықталған  соң  уақытша  ұсталатын  қоршауларды,  сонымен  бірге 

қаржыландыру  көлемімен  көздері  анықталған  соң,  құрылысты  салудың  жобаларын  осындай 

бағдарламаларды іске асыру тәжірибелерін ескере отырып жасаған дұрыс. 

Уақытша  ұсталатын  жерлерде  әрбір  қоршаулардың  аумағы  1-3  га-дан  тұратын  мықты 

тордан  жасалған  3-4  қоршауларлар  жүйелері,  олардың  сыртын  екінші  қалың  қоршаулармен 

(пластик немесе табиғи материалдардан жасалған, мысалы қамыс матылары) қоршалуы керек. 



 

35 


Әрбір  қоршауларда  бір  жолбарыстан  болу  қажет,  ал  жанама  бірнеше  қоршаулардың  болуы 

сондағы  жануарларды  бірге  дайындауға  мүмкіндік  береді.  Осы  жағдайда  дараларының 

араларында байланыс түзіліп, оларда кейінірек бір-бірімен қарым-қатынас байланыстарының 

дами  түсуіне  көмектеседі.  Әрбір  тқоршауларда  тұрақты  түрде  су  көзі  болуы  шарт,  оның 

қасында  ортада  байқалмайтын  жасырын  орын  және  табиғи  басқа  да  күрделі  құрылымдар 

болуы  қажет,  осы  жерден  керек  кезде  жолбарыстарды  жансыздандыруға  болады.  Бейне 

бақылаулар  орнатып,  тұрақты  бақылау  жүргізуге  мүмкіндік  туғызу  қажет.  Сонымен  қатар, 

адамдар  араласпай-ақ  тұяқты  жануарлардың  өздері  бара  алатындай  мүмкіндік  жасау  керек. 

Есіктер  және  тесіктер  қашықтықтан  басқарылатын  болуы  қажет.  Есіктер  мен  қақпалар 

жүйелері  жануарлардың  бейімделу  мерзімінен  өткенен  кейін,  қоршаған  ортаға  тіке  шығып 

кететіндей етіп жасалуы керек. 

Жіберілетін аумақтардың жалпы қоршауларын жасауға арнайы бір жоба қажет емес, оны 

аумақтардың бойымен торлы қоршаулармен қоршауға болады. 

 

5.3. Қайта жерсіндірудің техникалық және заңды ілеспелері 



Тасымалдау үшін қажетті құжаттар , ветеринариялық рәсімдер 

Қазақстан  Республикасына  жануарларды  алып  кірер  алдында  барлық  міндетті  ресми 

талаптардың  барлығы  орындалуы  қажет,  кіргізудің  кедендік  рәсімдеулері  (Ресейден 

жолбарыстарды  немесе  дүниежүзінің  хайуанаттар  бақтарынан  әкелінетін  аңның  кедендік 

одақтың аумағындағы қажетті әртүрлі құжатарды рәсімдеу), СИТЕС-тен рұқсат алу, сонымен 

бірге  сол  уақыттағы  тасымалдау  қағидалары  мен  шарттарына  сәйкес  ветеринариялық 

сертификатар  (Ресейден  және  басқа  елдерден  кіргізілетіндерге  қойылатын  талаптарының 

айырмашылығын  ескеру)  алу  қажет.  Міндетті  карантиннен  өтуді  уақытша  ұстау 

орталықтарында өткізу жоспарланған. Алып келуді жоспарлау кезінде формалды құжаттарды 

рәсімдеумен қатар жүргізілетін ветеринариялық рәсімдеуді де тасымалдауға дейінгі және одан 

кейінгі уақытарды ескеру қажет. 

Тасымалдау  

Жолбарыстар  қай  жақтан  алып  келуіне  қарамастан,  оларды  жансыздандырады. 

Иммобилизациядан  кейін  биометриялық  өлшемдер  алынады,  ветеринариялық  мақсатқа 

үлгілер мен сынамалар, генетикалық сараптамалар алынады және екпе егіледі. 

Тасымалдау  торлары  арнайы  жолбарыстарды  тасымалдауға  жасалады  және 

Халықаралық  әуе  тасымалдаушылар  ассоциациясының  (IATA)  барлық  талаптарына  толық 

сәйкес болуы керек. 

Жануарларды  тасымалдау  жіберілетін  аумақтарға  жақын  Алматы  қ.  әуә  жайына  дейін 

ұшақпен алып келінеді. Уақытша ұзақ ұстау орталығына тасымалдағыш торлармен автокөлік 

немесе тік ұшақтар арқылы жеткізіледі. 



 

6. Бағдарламаның сәтті өткізуілінің мониторингісі 

 

6.1. Экожүйелердің, тұяқты жануарлардың және жолбарыстың санының 

тұрақтылығының мониторингі

 

 

Табиғи  бақтың  табиғи-ғылыми  негіздемесін  дайындау  барысында,  сонымен  бірге  МОТ 

(КОТ)  және  Рамсар  сулы  жерлерінің  сипатамасын  дайындауда  қазіргі  жобалап  жатқан 

аумақтың  экожүйелерінің  әр  түрлі  тұрпатарының  тиянақты  толық  сипатамасы  дайындалды. 

Бағдарламаның  құрамдас  бөліктерін  іске  асыру  барысында,  экожүйелерді  (соның  ішінде  - 

ормандарды қалпына келтіру, жайылымға түсетін күштерді азайту және өрттерді болдырмау) 

қалпына қайта келтіруге бағытталған, іске асқаннан кейін осы жерлер көп өзгеруі тиіс. 

Қазіргі  кезде  мемлекеттік  қаржыландырудың  арқасында  жыл  сайын  тұяқтыларға  санақ 

жұмыстары  жүргізілуде.  Осы  санақ  жұмыстарының  арқасында  басым  түрлердің  санының 

негізгі динамикасын қадағалауға болады. 


 

36 


Бағдарламаның  мақсатына  сәйкес  жылма-жыл  жүргізілетін  жалпы  санақ  жұмысынан 

басқа,  популяцияның  құрамының  толық  (аумақта  таралуы,  жеке  популяция  топтарының 

жыныс  және  жас  ерекшеліктері,  көбеюі,  өлім-жітімі  және  оның  себептері  және  т.б.) 

мониторингі керек. 

Әлеуметтік-экономикалық  даму  жағдайының  мониторинг  туралы,  бағдарламаның  білім 

алу  саласының  іске  асуы  және  табиғатты  пайдаланудың  тұрақты  тиімді  тәсілдерін  іске 

асырудың мәліметтер өте құнды. 

Бағдарламаны  іске  асыра  бастаған  күннен  бастап  тұрақты  түрде  мониторинг  жүргізіп 

отыру қажет: 

 



экожүйелердің жағдайын; 

 



тұяқтылардың популяциясының сандары, жыныс және жас ерекшеліктеріне,  

 



антропогенді  факторлардың  әсерінің  деңгейіне  (малдың  жайылуы,  қаскерлік, 

өрт),  


 

өңірдің  әлеуметтік-экономикалық  жағдайы  және  жергілікті  тұрғындардың 



хабардар болуы / бағдарламаға араласу деңгейлеріне.  

Мониторинг  мәліметтері  қабылданып  отырған  шаралардың  қаншалықты  тиімді  екенін, 

жолбарысқа  қажетті  мекендейтін  жер  аумақтарының  ормандарды  қалпына  келтіру  арқылы 

үлкеюі,  қорек  қорының  жағдайларын  білуге,  сонымен  бірге  жергілікті  тұрғындардың 

жолбарыстарды табиғатқа жіберуін қалай қабылдап жатқаны туралы мәліметтерді қадағалауға 

болады.  Мониторинг  мәліметтерінің  негізінде  жылдық  жоспарға  жылдам  өзгерту  («кері 

байланыс»)  енгізуге  болады,  ол  одан  ары  жұмыс  жетістіктерін  оңтайландыру  мақсатында 

жасалады.  Экожүйелердің  жағдайларының,  тұяқтылардың  популяциясының  санының, 

әлеуметтік-экономикалық жағдайларының даму динамикаларына мониторинг жүргізу арқылы 

алынған мәліметтер бағдарламаның келесі құрамдас бөлігін жоспарлы түрде іске асыруылына 

негіз болады. 

Мониторинг  бойынша  алынған  қажетті  мәліметтер  дамудың  дұрыс  жүріп  жатқанын 

растайтын болса, сонда ғана қайта жерсіндірудің негізгі кезеңдерін орындауға көшуге болады. 

Қайта жерсіндірудің кезеңіне көшкен кезде, мониторинг базасына мезгілімен жіберілетін және 

параметрлер  ешқандай  өзгермейді,  бірақ  жолбарыс  топтарының  дамуы  және  болуы  мүмкін 

шиеленістік  жағдайларды  алдын  ала  болдырмау  үшін  мәліметтер  жинап  толықтырылып 

отырылады.  

 


 

37 


6.2. Ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу 

 

Жолбарыстарды  бейімдеу  қоршауларында  ұстаған  кезде  жануарларға  тұрақты  түрде 

бақылау  жүргізіп  отыру  қажет,  қосымша  жануарлардың  физиологиялық  жай  күйін  анықтау 

үшін  кезеңмен  сынамалар  (соның  ішінде,  нәжістерін)  жинап  отыру  керек,  осылар  арқылы 

қажет  кезінде  ұстау/қоректену  режімін  өзгертуге,  мал  дәрігерінің  араласуымен  реттеуге 

болады.  Жолбарыстарды  бақылау  оларды  табиғатқа  жіберу  үшін  керек,  бұл  бақылау 

жануарларды зертеушілер жоқ кезде жүргізу қажет. 

Жобаның ерекше екенін ескере отырып, жануарларды табиғатқа жіберген соң (қозғалуы, 

аумақтарды  игеруі,  одан  ары  басқа  дараларымен  байланысы)  бақылау  жүргізу  өте  құнды. 

Қазіргі  кезде  ең  қолайлы  тәсіл  жануарларды  жерсеріктік  телеметриялық  қарғыбаулармен 

немесе  радиоқарғылармен  жабдықтау  болып  табылады.  Қиыр  Шығыстағы  тәжірибе 

жұмыстары  бойынша  «жолбарыстар  үшін  стандартты»  радиоқарғылар  4-6  жыл  жұмыс  істей 

алады, олардың жарамсыз болуы 5%-дан аспайды, ал GPS-қарғылардың көп жағдайларда істен 

шығуы  50%-дан  асады  (Микелл  және  басқ.,  2011).  Өкінішке  орай,  Қиыр  Шығыста 

жолбарыстармен  жұмыс  істеу  барысында  және  жануарлардың  басқа  түрлерімен  қарғыбау 

қабылдағыштармен  жұмыс  барысында  қарғыбаулардың  кері  әсері  бар  екендігін  көрсетті. 

Сондықтан  да  бұл  кезеңде,  жануарлардың  барлығына  қарғыбау  тағылмайды.  Әдістері  және 

технологиялары  тұрақты  түрде  жаңартылып  тұрады,  сондықтан  оларды  таңдау  жұмыстарын 

дүниежүзіндегі  жетекші  сарапшылармен  кеңесе  отырып,  аңдарды  жіберер  алдында  алған 

дұрыс.  Жануарларды  қабылдағыштармен  жабдықтау  оларды  бейімдеуші  қоршауларға 

тасымалдау  алдында  жансыздандыру  кезінде  оларды  табиғатқа  жіберер  алдында  тағы  да 

қайтара жансыздандыруды болдырмау үшін жасаған дұрыс. 

Осындай  жеке  белгілеулермен  қатар,  дәстүрлі  із  кесу,  сынамаларды  жинау,  сонымен 

қатар  фототұтқышты  пайдалану  мониторингке  өте  қажет  тәсілдер  болып  саналады. 

Фототұтқышты пайдалану жолбарыстардың сол аумақта жүргенін анықтап қана қоймайды, ол 

жануарлардың  жеке  қозғалуын  да  бақылауға  мүмкіндік  береді.  Осы  мақсатты  шешу  үшін 

әрбір  жануарларды  табиғатқа  жіберер  алдында  суретке  түсіріп  алған  дұрыс,  себебі  олардың 

денелеріндегі 

жолақтары 

әрбір 


жануарда 

өзіндік 


жекешілігімен 

ерекшеленеді. 

Фототұтқыштарды  жіберілетін  аумақтардың  маңындағы  осы  жерлермен  жүред  ау  деген 

жерлерге  және  ірі  ағаштардың  маңына  орнату  керек,  себебі  жолбарыстар  оларды  өздерінің 

шекарасы есебінде белгілеуі мүмкін. Осындай оңтайлы ағаштарды анықтауды, жолбарыстарға 

тән  күнделікті  мінездерінен  және  биологиялық  белгі  өрісінің  «аттракторлары»  ұғымына 

сүйене  отырып  білуге  болады  Жолбарыстар  аумақтарды  иегеруіне  қарай  фототұтқыштарды 

өздері  күнделікті  тіршілігінде  жүретін  сүрлеулерінің  (қиылысатын  жерлеріне)  жанына  және 

тұрақты белгілейтін ағаштарының маңына ауыстырып қоюға болады. 

 


 

38 


7. Ұйымдастырушылық және қаржылық қамтылуы 

 

Бағдарлама  әртүрлі  бағыттағы  кешенді  шараларды  (әлеуметтік-экономикалық, 



ағартушылық,  табиғатты  қорғау  іс-тәжірибесі)  қамтиды,  оның  барлығы  Қазақстан 

Республикасының  министрліктерінің  және  ведомостволарының,  өңірлік  әкімшіліктерінің, 

жергілікті  бірлестіктердің,  ғылыми  мекемелердің  тек  тығыз  бірлесіп  жұмыс  істеу  арқасында 

және  реинтродукциялау  реинтродукциялау  және  оны  іске  асыру  бағытары  бойынша,  және 

өңірдің  әлеуметтік-экономикалық  дамуының  оңтайландыру  бағытарын  іске  асыратын 

шаралармен байланысы арқылы іске асады. 

Ең бастысы Қазақстан Республикасының институтарын тікелей араластыру, яғни тікелей 

табиғат  қорғау  шараларына  жауап  беретіндерді,  соның  ішінде  Охотзоопром,  жануарларды 

қоныс аударуына және рейдтік қорғау жұмыстарына жауапты. Ең бастысы реинтродукциялау 

жүргізілетін  өңірде  бағдарламаны  іске  асуына  қосымша  бірге  қаржыландыруға  және 

жергілікті бірлестіктерді дамытуға ҚР іскерлік ортаны тарту. 

Қазақстанда  тұран  жолбарысын  қайта  қоныстандыру  жобасына  ХТҚО-мен,  Ғаламдық 

Жолбарыстар  Бастамасымен  (Глобальной  Тигриной  Инициативой),  БҰҰ  биоалуантүрлікті 

сақтау Конвенцияларымен (CBD), СИТЕС (CITES) тығыз бірлестікте іске асыру керек. 

Өңірді қолайлы тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін  ҚХР ынтымақтастықты ары қарай 

дамытуға әрекет жасалып отыр, соның ішінде трансшекаралық өзендердің суын экологиялық 

негізделген  келісіммен  бөлу  көзделіп  отыр.  Осы  ынтымақтастыққа  қол  жеткізу  және 

орындауға  монтиторинг  жасау  үшін  бағдарламаға  кең  ауқымды  халықаралық  ұйымдарды: 

БҰҰ-ның халықаралық  суландыру және дренаж бойынша  комиссиясын, БҰҰ-ның табиғатты 

қорғау  және  трансшекаралық  су  ағысын  және  халықаралық  көлдерді  пайдалану 

конвенциялардың  халықаралық  секретариатын,  Халықаралық  су  ағысын  да  кеме  түрлері 

жүрмейтіндердің  құқығы,  Халықарарлық  өзендердің  суларын  пайдаланудың  Хельсинкі 

ережелері,  Гидроэлектроэнергиясын  өндіруде  басқа  мемлекеттерге  әсері  туралы  Женева 

конвенциясы және т.б. тарту. Сонымен бірге, ЕО БҰҰДБ-ның (ЕС-ПРООН) «Орталық Азияда 

су  ресурстарын  бірігіп  басқаруға  және  трансшекаралық  диалог  жүргізуге  көмектесу» 

жобасымен  және  басқада  Қазақстан  Республикасының  аумағында  іске  асырып  жатқан 

Бағдарламаның әртүрлі құрамдас тақыптарымен байланысты халықаралық жобалармен тығыз 

қарым қатынас орнату. 

Реинтродукциялауға  қажетті  жолбарыстардың  санын  қамтамасыз  ету  үшін  Қазақстан 

Республикасы  мен  Ресей  Федарациясы  (РФ  Президенті  В.В.  Путинмен  алдын  ала  қолдаған) 

арасында іскерлік келісім шарт жасау және оған РФ Қиыр Шығысында жолбарыстарды қорғап 

және зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мамандарды қатыстыру. 

Жануарларға  мал  дәрігерлік  зерттеулер  жүргізу  үшін,  қолайлы  тасымалдау  режімін, 

ұстауға (ұзақ ұстау) жағдай жасау үшін хайуанаттар бақтарының мамандарын (ЕХАҚ-ЕАЗА, 

ЕАХАҚ-ЕРАЗА) тарту керек, сонымен бірге түрлерді қайта жерсіндіруде үлкен тәжірибесі бар 

Индия мамандарында шақыру керек.  

Бағдарламаны кең талқылау үшін және ары қарай іске асыру үшін жұмыс тобы құрылу 

қажет,  оған  мемлекеттің  мекемелердің  өкілдерін,  әртүрлі  бағыттағы  сарапшаларды  және 

жобаның/бағдарламаның кейбір құрамдас менеджерлерін қатыстыру қажет. 

Бағдарламада  қарастырылған  белсенділіктер  Қазақстан  Республикасының  Президенті 

2013  жылы  30  мамырдағы  №  577  Жарлығымен  қабылданған  Қазақстан  Республикасының 

жасыл  экономикаға  көшудің  Тұжырымдамасымен  толық  сейкес.  Соның  ішінде,  ұсынылып 

отырған шаралардың 3.7 бөлімнің: «Экожүйелерді сақтау және тиімді басқару» ды орындауда 

тікелей үлес қосатын болады. 

Бағдарламаны іске асыру үшін «Жасыл Даму» («Зеленое развитие») ұлттық бағдарламаға 

берілген ұлттық қаржыны тарту көзделіп отыр, сонымен бірге әртүрлі халықаралық үкіметке 

тәуелсіз  ұйымдардың  және  үкіметтік  мекемелердің  қаржыларын  тарту,  сөйтіп  кең  ауқымды 

мемлекеттің және мекемелердің өзара әрекеттерін дамыту. Қонысталатын аумақтарды қоршау, 

құрылыс жұмыстары және Бағдарламаның келіп-кету орталығын ұстау үшін қосымша ұлттық 


 

39 


қаржы  көздері  –  мемлекеттің  әріптестілігі  және  ұлттық  бизнес-бірлестіктерді  тарту  арқылы 

шешілуі мүмкін. 



 

Бағдарламаның әріптестері 

(Бағдарламаны жұмыс барысындағы кездесулер/талқылау, анықтау/толықтыру 

қажет!) 

 

Қазақстан Республикасы: 

 



Қазақстан  Республикасының  Үкіметі:  Қоршаған  орта  және  су  ресурстар  Министрлігі 

(ҚО  және  СРМ),  осылармен  бірге  Орман  және  аң  шаруашылығы  комитеті  (ОАШК)  және 

олардың аумақтық бөлімшелері, Министерліктің басқада салалары; 

 



Облыстық және аудан әкімшіліктері;  

 



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігінің салалы институттары– 

зоология Ин-ты, География Ин-ты және басқалары.  

 

«Қазақстан Ұлттық География Қоғамы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі 



 

Назарбаев - Университеті 



 

Охотзоопром 



 

МҚАШ (ГЗОХ) Қарашеңгел 



 

Алматы хайуанаттар бағы



 

Қазақстан ҮТҰ (НПО); 



 

ҚЗО және «Терра» ГАЖ (ЦДЗ и ГИС «Терра»); 



 

Жергілікті бірлестіктер;  



 

Қазақстанның қорғалатын аумақтары; 



 

Ұлттық бизнес-бірлестіктері; 



 

Халықаралық жобалар/өңірдегі әртүрлі халықаралық жұмыс істеп жатқандар (бірін-бірі 



толықтыратын белсендіктер). 

Ресей Федерациясы: 

 



Дүниежүзілік табиғи қорлар (Ресейдің WWF, Қиыршығыс бөлімшесі қоса); 

 



РФ Үкіметі: табиғатты қорғау Министірлігі және басқада профилді үкімет ұйымдары;  

 



РФ Ғылым Академиялық Институтары: ЭЭПИ (ИПЭЭ) және басқ.; 

 



Ресейдің Қорғалатын аумақтары; 

 



Мәскеу хайуанатар бағы / ЕАХАҚ (ЕАРАЗА) 

Халықаралық серіктестер: 

 



WWF (WWF Голландия және басқ.); 

 



IUCN – SSC, Cats’ group 

 



EAZA 

 



International Commission on Irrigation and Drainage of UN,  

 



International  Secretariats  of  the  Convention  on  the  Protection  and  Use  of  Transboundary 

Watercourses 

 



 



Халықаралық донорлар;

 



 

және басқалары



 

Бағдарламаның қаржылық қамтамасыздандырылуы  

Бағдарлама  ұзақ  мерзімге  есептелінген  және  бірнеше  кезеңдерге  бөлінеді. 

Бағдарламаның  белсенді  бөлігінің  біраз  бөлігі  өңірдің  әлеуметтік-экономикалық  дамытудың 

Қазақстан  Республикасының  ЕҚТА  жүйелерін  дамыту,  қорғау  және  сирек  түрлерді  қалпына 

келтіру мемлекеттік бағдарламасына кірген. Бағдарламаны талқылау барысында әріптестердің 

бағдарламасын  нысаналы  мақсатта  қаржыландырылып  жатқанына  растайтынын  біліп, 

қосымша қаржы көздеріне келісу, сонымен бірге бағдарламаның бөлімдерін іске асыру  үшін 

келешекте  қаржы  тартатын  бағытарын  анықтау  қажет.  Бюджет  қаражатын  жоспарлағанда, 



 

40 


бағдарламаның  жаңалығы  не  екенін  біліп,  оның  ұзақ  уақыт  бойы  саяси  және  зерттеулік 

мақсатарда айтарлықтай қызықтырушылық туғызатынын ескере отырып жасау керек. 

Бағдарламаны  іске  асыру  үшін  алдын  ала  есептеу  бойынша  бірінші  10  жылдыққа 

шамамен  50  миллион  АҚШ  доллары  қажет,  оның  шамамен  20  миллионын  WWF  бермекші. 

Қалған  қаржыны  Қазақстан  Республикасының  бюджетінен,  Қазақстан  Республикасының 

табиғат 


қорғау 

қорынан, 

Қазақ 

географиялық 



қоғамынан 

және 


басқаларынан 

қаржыландырмақ.  Жіберілетін  аумақты  қоршау,  келіп-кететін  Бағдарлама  орталығының 

құрылысын  салуға  қосымша  ұлттық  ұйымдардан  -  әріптес  мемлекетерден  және  ұлттық 

қауымдастықтардың-бизнестерден мүмкіндігінше қаржыландыру. 

Сонымен  бірге,  бағдарламаның  кешенді  дамуы  өңірдің  экологиялық  тұрақтылығын 

дамытудың жергілікті бірлестіктердің демеушілігімен жанама түрде балама табыс көздерінен 

түскен қаржыларынан көмектеседі. 


 

41 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет