Ерте жастағы және күштеп қиылатын некелердің алдын алу



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата30.12.2016
өлшемі1,57 Mb.
#807
1   2   3   4   5   6   7   8   9

20-бап. Қорғау ұйғарымы 

(Қазақстан  Республикасының  18.02.2014  №  175-V  Заңына  сәйкес 

20-бапқа өзгеріс енгізілді). 

1-пункт. Жәбірленушінің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  мақсатында 

және  әкімшілік  ұстауды  жүргізу  не  көзделген  тәртіппен 

ұстау  үшін  негіздер  болмаған  кезде  ішкі  істер  органының 

бастығы  не  оның  орынбасары,  учаскелік  полиция  инспек-

торы не кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік 

полиция инспекторы жәбірленушінің пікірін ескере отырып, 

қорғау  нұсқамасын  шығарады,  ол  тұрмыстық  зорлық-зом-

былық  жасаған  не  оны  жасау  қаупін  төндіретін  адамға 

орындау үшін қолхатпен беріледі. 

5-пункт. Қорғау нұсқамасының қолданылу мерзімі ол өзіне қатысты 

шығарылған  адамға  берілген  кезден  бастап  отыз  тәулікті 

құрайды.  Тексеру  мерзімділігі  күнтізбелік  жеті  күнде 

кемінде бір рет.



22-бап. Құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талап-

тар белгілеу

(Қазақстан  Республикасының  18.02.2014  №  175-V  Заңына  сәйкес 

22-бапқа өзгеріс енгізілді).

3-пункт.  Мінез-құлқына ерекше талаптар белгіленген адамға:

1)   жәбірленушінің  отбасының  кәмелетке  толмаған  және  (немесе) 

әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, оның еркіне қара-

мастан, оны іздестіруге, оның ізіне түсуге, оған баруға, онымен 

ауызша,  телефон  арқылы  сөйлесуге  және  өзге  де  тәсілдермен 

байланыс жасауға;

2)   атыс қаруын және басқа да қару түрлерін сатып алуға, сақтауға, 

алып жүруге және пайдалануға тыйым салынуы мүмкін.



21

Әдістемелік құрал 

Репродуктивтік құқық пен денсаулық 

Жүктілік пен босанудан кейінгі асқыну 15-19 жастағы қыздар арасындағы өлім-

жітімнің негізгі себебі болып отыр.

 Өлі туылған нәрестелер мен жаңа туған 

балалардың шетінеуі жеткіншек жасында босанғандардан аналары 20-29 

жаста босанған балалар арасындағы көрсеткіші артып отыр. Жеткіншек 

жастағы аналарынан туған балалар көбінесе салмағы аз болып туғандықтан, 

олардың денсаулығы мен дамуына ұзақ уақыт кері әсері тиюі мүмкін.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтауынша, 





 бұл жалпы адам денса-

улығының,  әрбір  отбасы 

мен  жалпы  қоғамның 

маңызды 

құраушысы 

болып  табылады.  Ол  толыққанды  тәндік,  психологиялық 

және  әлеуметтік  әл-ауқаттылықты  білдіреді.  Яғни,  әйел-

дердің босануға және бала табуға бейімділігі, жыныс тық жол-

мен берілетін ауру қатерлерінсіз, жүктілік, босану, аман қалу 

және бала денсаулығы, аналардың амандығы, күтілмеген жүк-

тілікті ескертуді қоса алғанда келесі жүктілікті жоспарлау 

мүмкіндігі деген сөз.

Ерте жастағы және 

күштеп қиылатын 

некелер қыз бала-

лардың репродук-

тивті денсаулығына 

кері әсер етеді. 

Жеткіншек жастағы жүктілік ана мен бала өлімінің негізгі 

себебі болып табылады.

 Сондықтан да әрбір ел жеткіншек жастағы 

қыздардың денсаулығы мен жағдайын жақсарту жөніндегі шара-

ларды қабылдаудың маңыздылығына көңіл бөле отырып, әйел-

дер мен балалар денсаулығын сақтау стратегиясын күшейте түсуі 

қажет және жеткіншек қыз балаларға қатысты зорлық-зомбылықты 

болдыр мауы керек.

– ұрпақ өндіру және 

сексуалдық денсаулыққа 

байланысты заңды 

құқықтар мен бостандықтардың бір бөлімі. 

Репродуктив тік 

құқықтар

репродуктивті 

денсаулық 

Сол үшін де жеткіншектерді олардың репродуктивті құқықтары мен 

денсаулықтары туралы түсінулері  және  оларға  мәлімет  беріп  отыру 

аса маңызды болып табылады.

ЖА

ЛПЫ 


АҚПАР

АТ

ТАР



 

22

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

Репродуктивті денсаулықты сақтаудың тұ  жы   рымдамасына мыналар 

кіреді:


 

 қауіпсіз сексуалдық жүріс-тұрысты, жеткіншектердің қажеттілік-



терін мақұлдауды қоса алғанда, әсіресе жеткіншектік кезеңде 

қауіпсіз және жапкершілікті мінез-құлықты қолдау;

 



отбасыны жоспарлау қызметін құру;



 

күтілмеген жүктіліктің алдын алу, түсіктердің санын азайту, 



қауіпсіз түсік жасау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жағдайлар-

мен қамтамасыз ету;

 



ВИЧ/СПИД-ті (ЖИТС/АИТВ) қоса алғанда, жыныстық жолдармен 



берілетін жұқпалы аурулардың (ЖЖБИ) алдын алу, ерте анықтау 

және емдеу;

 



жүктілікті жоспарлау;



 

аналар өлімінің, жаңа туған сәбилердің және нәрестелердің шеті-



неулері мен ауру-сырқаулығын төмендету жөніндегі шараларды 

қоса алғанда, қауіпсіз аналық кезеңді қамтамасыз ету; 

 



әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрін түбірімен 



жою

Репродуктивті  құқықтарға  мына 

ережелердің барлығы не кейбіре-

улері енуі мүмкін: 

 



 заңды және қауіпсіз түсікке 



құқығы

 



бала тууды бақылау құқығы

 



репродуктивтік салада сапалы 

медицинаға қол жетімділік 

құқығы

 



саналы да еркін репродук-

тивтік таңдауға мүмкіндік 

беретін білім алуға және 

ақпаратқа қол жеткізу құқығы

 



контрацепциялар туралы білім 



алуға құқығы

23

Әдістемелік құрал 



Ресми ислам қыз балалар мен әйелдердің 

кез келген кемсітушілігіне қатаң түрде қар-

сылық білдіреді. Сонымен бірге, қасиетті жаз-

баларда  өз  қыздарын  зорлық-зомбылықтан 

қорғаудағы отбасының ролі алдыңғы орынға 

шығарылған

5

.

Ислам әйелдердің отбасындағы ролі және әйелдер мен қыз 

балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсылығы туралы 

4

 



Сондықтан  да  тұрғындар  арасындағы  түсіндіру 

жұмыстары құқықтық сауаттылықты көтеруде, жет-

кіншектер  мен  олардың  ата-аналарына  мәлімет 

беруде  ерекше  роль  атқаруы  керек. Ал тұрғындар 

күш  көрсету  мен  келіннің  келісімінсіз  ерте  жаста 

неке  қидыруға тыйым  жөніндегі  мұсылман дінінің 

негізгі қағидаларымен келіседі. 

4

Материалдар Қазақстан мұсылмандары Басқармасының қолдауымен, БҰҰ ел халықтары жөніндегі Қордың (ЮНФПА) қолдауымен құрастырылды



және құрастырушының пікір көзқарасын білдіреді. Материалдар пайдаланылған жағдайда міндетті түрде сілтеме жасау керек.

5

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының өкілі, Алматы бас мешітінің имамы Е.Әбдірамановтың сөзінен.



Қазақстанда ислам дәстүрінің тара-

луы мен өркендеуі кейбір жағдайларда 

ерте жастағы және мүжбүрлі некелерді 

шариғат қолдайды деген қоғамдағы сте-

реотиптердің өрбуіне әсер етті. Ал бұл 

қыз балалар мен әйелдердің құқықтары 

мен бостандықтарына ықпал етеді. 

Алайда, ешқандай ұлттық әдет-ғұрып-

тар мен дәстүрлер зорлық-зомбылықтар, 

жасөспірім қыз балаларды келін етіп алу 

үшін алып қашу немесе оны келісімін-

сіз күйеуге ұзату фактілерін ақтап ала 

алмайды.

Құранда еркектер мен әйелдер туралы не айтылады?

Ислам келгенге дейін әйелдер адам ретінде есептелмеген, оларға күң 

ретінде  қараған,  бірақ  ислам  оларға  тәуелсіздікті,  әлеуметтік  және 

са

яси құқықтарын сыйлады. Қасиетті Құранда: «Ей сенушілер! 



Өз  әйелдеріңмен  жақсы  және  лайықты  қарым-қатынаста 

болыңдар» (Ән-Ниса, 19) делінген.

Әйелдерге  қатысты  Исламда  Әбу  Хурайра  жеткізген  Хадисте 

былай  дейді:  «Бір  адам  Пайғамбардан  (оған  Аллаһтың  игілігі 

мен сәлемі болсын): «Менің ең жақсы қарым-қатынас жасауым 

үшін  оған  кім лайықты?» деп  сұрайды. Алланың  елшісі  «Сенің 

анаң» деп жауап берді. Әлгі кісі тағы да сұрады: «Ал одан соң 

кім?»  деп  сұрады.  Ол  «Сенің  анаң»  деп  жауап  берді.  Тағы  да 

әлгі кісі: «Одан соң кім?» деп сұрағанда, «Сенің анаң» деді. Әлгі 

кісі одан соң ше дегенде, Алланың елшісі, Аллаһтың игілігі мен 

сәлемі болсын, «Сенің әкең» деп жауап берді делінеді.

Өкінішке  қарай,  соңғы  жылдары  көбінесе  үйдегі  зорлық-зом-

былықтар мен оның салдары – ажырасулар, өзіне өзі қол жұмса-

ушылар туралы жиі естіліп қалады. Үйдегі зорлық-зомбылықтар 

сәтсіз отбасылардың санын арттыра түсіп, ажырасуға, ата-ана-

ЖА

ЛПЫ 



АҚПАР

АТ

ТАР



 

24

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

лық құқықтан айыруға, балалар қылмысының өсуіне, суицидке, 

жақын  адамның  қаза  табуына,  денсаулығына  зиян  келтіруіне 

алып  келеді.  Әрбір  екінші  жағдайда  әйелдер  үшін  денесіне 

жарақат  алумен  аяқталады  және  көп  жағдайда  күш  көрсетуші 

жазаланбай қалады. Отбасындағы зорлық-зомбылықтар

дың әрбір 

үшіншісі  қару  қолданумен  өтеді. Үйдегі  зорлық-зомбылыққа  ұшыраған  немесе 

таяқ жеген әрбір бесінші әйелдің аяғы ауыр болады.



Ислам әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты теріске 

шығарады, бұл ислам негіздеріне қарама-қайшы.

Исламдағы отбасы институты өзара 

құрметке, махаббатқа, мейірімділік пен 

сүйіспеншілікке негізделеді. Еркектер 

тарапынан да, әйелдер тарапынан да 

күш көрсету мен моральдық зорлық-зом-

былыққа тыйым салынады. Күйеуі мен 

ағасы өз әйелдеріне күш көрсетіп, мораль-

дық зардап келтірмеуі керек, ал әйелдер өз 

жағдайын теріс мақсатта пайдаланбауы 

және бауырлары мен күйеулеріне зиян кел-

тірмеуі тиіс. 

Бейбітшілік пен келісім – сенуші мұсылман отбасының 

негізі

Отбасылық өмір ылғи да бірқалыпты бола бермейді. Көзқарастар әр-  

алуандығы,  материалдық  проблемалар,  туысқандармен  қарым-қа-

тынас  және  басқа  да  жағдайлар  отбасы  үшін  нағыз  беріктікке 

сынақ  болады.  Бірақ,  сенушілер  отбасылық  бақыт  Құдайдың  бер-

ген  сыйы  болып  табылады  және  оған  игі  қадамдар  мен  құдайдан 

қорқушылықтың арқасында қол жеткізіледі. Сондықтан да ерлі-зай-

ыптылар арасында кикілжің болып қалған жағдайларда да, олар отба-

сында татулықты, жарасымдылықты сақтап қалуға ұмтылады. 

Мұсылман отбасындағы күйеуі мен әйелінің ролі 

Алдыменен  нағыз  мұсылмандар,  ерлер  мен  әйелдер  өз  құқықтары 

мен  міндеттерін  білуі  тиіс.  Мұсылман  қоғамында  күйеуі -  от  ағасы, 

ал әйелі – оның толыққанды әріптесі және серігі саналады. Ерлердің 

басым болуын Құранда оларды қамқоршылар деп көрсетеді: «Ерлер 

– әйелдердің қамқоршылары» (4-сүре, «Ән-Ниса», 14-аят). Еркектер 

белгілі бір тәндік және психологиялық қасиеттерімен отбасын қамта-

масыз етіп отыру үшін жаратылған. 



Некеге тұрған 

мұсылман өзіне 

жұбайының өмірі 

үшін толық жауап-

кершілік алады. Күй-

еуі жақсы өмір сүру 

үшін әйелін барлық 

қажеттіліктермен 

қамтамасыз етеді 

және оның жақсы 

өмір сүруі үшін 

қамқорлық таны-

тады, әйеліне маха-

ббатпен және құр-

метпен қарайды. 

25

Әдістемелік құрал 

Ерлердің  қамқорлығы -  отбасы  мүшелерінің  бәрін 

және өз мүмкіндіктері мен қабылданған әдет-ғұрып-

тарға сәйкес оларды жан-жақты қамқорлыққа алуы 

деген сөз. Бұл езуші және өктемдік етуші деген сөз 

емес, тек некені сақтап қалу және нығайту үшін ер 

адамның  жауапкершілігін  арттыра түседі.  Құранда 

«Әйелдердің де сондай құқықтары мен міндеттері 

бар,  оған  ізгілікпен  қарайды,  бірақ  күйеулерінің 

артықшылықтары бар» (2-сүре, «Бақара», 128-аят) 

дейді. 


Балаларға  және  отбасы  мүшелерінің  үлкендеріне 

құрметпен  қарауы  тиіс.  Тура  өмір  салтын  ұстана-

тын, Шариғат талаптарын сақтайтын отбасында күй-

еуі мен әйелі бір-бірін сыйлайды, күйеуі ешқашан 

әйеліне  қол  көтермейді.  Жұбайлық  өмірде  еркегі 

мен әйелі отбасы тұтастығы мен тыныштығына қауіп 

төндірмеу үшін шиеленісті бейбіт жолмен шешудің 

жолдарын қарастыруы керек. 



Жұбайы мұсылман әйел қандай болуы керек

Мұсылман  әйелдер  лайықты  жар,  ана  болулары  тиіс  және  білімге 

ұмтылуы керек. Бұған дінге сенушілердің анасы саналатын Айша ана 

(Алла оған риза болсын!) айқын дәлел бола алады, ол Мұхаммед Пай-

ғамбарымыздың (с.ғ.с) көптеген хадистерін жеткізді (Хадис).

Мұсылман әйелі жұмыс істеуге хақысы бар. Егер ол бала тәрбиесімен 

және үй шаруасымен кәсіби қызметін бірге алып жүре алатын болса, 

күйеуімен ақылдаса отырып, еркін жұмыс істей беруіне болады. 



Шариғат бойынша әйел өзін кәсіби 

тұрғыда көрсетуіне болады. Ең қызығы 

әйелі табатын табыс тек өзіне ғана 

тиесілі болады екен және отбасылық бюд-

жетке кірмейді. 

Дегенмен, әйел өз қаражатының бір бөлігін не толығымен отбасылық 

бюджетке  енгізуіне  болады.  Ал  қазіргі  кезде  көріп-біліп  отырғаны-

мыздай, негізінен әйелдер жұмыс істейді және өз күйеулеріне көмек 

береді.

Исламдағы өзін-өзі қорғау құқығы. 

Бұл  өміріне  қауіп  төнген  кез  келген  адамға,  ерлерге  де,  әйелдерге 

де қатысты. Осылайша, 

күйеуі тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшы-

раған  әйел  алдымен  мәселені  отбасы  айналасында  шешуі  тиіс,  ал 

тіпті болмаса оған кім көмек бере алады, солардан – жақындарынан, 

көршілерінен немесе билік тарапынан көмек сұрауы керек.

ЖА

ЛПЫ 



АҚПАР

АТ

ТАР



 

26

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ



23 жастағы Алматы облысындағы Жамбыл ауданының тұрғыны  

Т. Жанардың оқиғасы.

Оны 16 жасында ұрлап кеткен.

Жанардың жұбайы оқудың керегі жоқ деп табан-

дап тұрып алды, бірақ оның өте оқығысы, жоғары 

білім  алғысы  келді,  өйткені  ол  мектепте  жақсы 

оқыған еді. Жас келіншек көп ұзамай бір ұл тапты, 

1,5  жылдан  кейін –  қыз дүниеге  келді.  Оның  өз 

балаларын  күтіп-бағумен,  тәрбиелеуден  қолы 

босамады.  Отасқанына  3  жыл  өткен  соң  күйе-

уінің  басқа  бір  әйелге  барып  жүргенін  біледі. 

Күйеуі  Жанарды  ешуақытта  сүймегенін,  ал  оны 

қарындастарының  әңгімелерінен  ғана  білетінін 

және туысқандары оны әйелдікке алуға мәжбүр 

еткенін мойындаған. Осындай жәйттерге шыдай 

алмаған  ол  балаларын  алып,  өз  ата-анасына 

кетіп  қалады.  Балаларының  хал-жайын  біліп 

кетуге әкесі сирек келетін. Кейіннен мүлде кел-

мей, таныстары  арқылы  ақша  беріп  жіберетін 

болды.  Күйеуі  жіберген  ақша  ештеңеге  жет-

педі. Жанардың білімі болмағандықтан, жақсы 

жұмысқа  орналаса  алмады.  Ата-аналарының 

және  жақын  достарының  кеңесімен  ол  кол-

леджге құжаттарын тапсырып, грантқа түседі.

– Мен мектеп диск

отекасынан кешкі 8-дер 

шамасына қайтып к

еле жатқам, деп әңгіме

-

леп берді ол. – Мектептен 

үйге дейін аса алыс

 

емес, сол үшін де 

үйге жаяу қайтқам.

 Үйге жақын 

қалғанымда тар к

өшеден бір машина шыға к

елді. 

Тоқтады. Терезесінен бір 

жігіт қарап тұрып 

(бұрын оны ешуақытта к

өрмеген екенмін) 

танысқысы келетінін айтты.

 Мен қарсы болдым.

 

Ол соңымнан қалмай,

 көлігімен еріп отырды.

 Мен 

қорыққанымнан қ

аттырақ жүре бастадым.

 Көлік 

те жылдамдата 

жүріп отырып, менімен қ

атар 

келе жатты. Терезе

лері күңгірт болғандықтан,

 

көлікте жігіттің 

жалғыз емес екенін байқ

ай 

алмадым. Не болғанын ұққ

анымша мені машинаға 

күштеп салып алды.

 Айғайлап та үлгермедім.

 

Өте қорқынышты бо

лды, дене-бойым дірілдеп 

кетті. Қатты жылап,

 мені жіберулерін өтіндім.

 

Ал жас жігіттер мені тыныштандыра бастады.

 

Мені алып қашып беретін адамы маған ұнайтын

-

дығын айтты. Олар менің құрбымның немере 

ағасына күйеуге берді.

 Ата-анама телефон с

оғып, 

қыздарын алып қ

ашқанын хабарлады.

 Басыма 

орамал таққызды.

 Одан соң барлық

 туысқанда-

рым келді. Құттықтап,

 бетімнен сүйді. Бірнеше 

күннен кейін үйлену

 тойы болды...

Болған оқиғалар 



Алып қашқан қыздардың тағдырлары қалай болып жатыр? 

– Колледжді сәтті аяқтап, сырттай 

жоғары білім 

алып жүрмін. Сонымен қатар 

жұмыс та істеп жүрмін. 

Аз ғана ақша тапсам да, өзім табыс

 тауып жүргеніме 

қуанамын. Өз ата-аналарымсыз қ

алай өмір сүрер едім?! 

Барлық уақытта маған қолдау

 білдіріп отырды. Күй-

еуіммен мүлде қарым-қатынас

 азайды. Айына бір рет 

балаларды өзіне алып кетеді 

және алимент төлейді. 

Осындай тағдыр тәлкегін басымнан өтк

ерген мен 

өз құрбыларыма және таныстарыма өмір

лік жар 

таңдағанда адаспай, жауаптылықпен қ

араңдар деген 

кеңес бергім келеді. Кейеуге шығуға асықпаңдар

, таныс 

емес адамға тіпті шығуға бо

лмайды. Ең дұрысы, неке 

қидырмас бұрын таңдаған адамыңды 

жақсырақ біліп 

алғаның абзал, - деп кеңес береді Ж

анар.

Жанардың «жолы болды», өйткені ата-аналар көбінесе алып қашып кеткен қызын кері 

қабылдау дан бас тартып, әрі оның балаларын да мойындамай қояды. Жап-жас, әлі қатаймаған, 

білімі де, қолдаушысы да жоқ жас ана өз проблемасымен бетпе-бет қала бермек. 

Сонда ол қайда баруы керек? 

27

Әдістемелік құрал 

БОЛҒ

АН

 ОҚИҒ



АЛАР

 

Елімізде осындай қыз ғұмыры 



тәлкекке ұшыраған нәзік жан-

дар жүздеп саналады. 

– Мен болашақ күйеуіммен дискотекадан 

үйге 

қайтып келе жатқанда таныстым. Ол менен 8 

жас 

үлкен болды. Кездесе бастадық. 9-сыныпты бітір

-

геннен кейін ол күштеп мені алып қашып к

етті. 

Біздің поселкемізде сен басыңа «орамал салып алған

-

нан кейін» ата-анаңа қайта оралу ұят саналады,

 

яғни сен таза емессің және барлық таныстарың 

сені саусағымен көрсететін болады. Оның отбасы 

мені қабылдай қоймады, күйеуімнің шешесі менің 

өмірімнің астан-кестеңін шығарды.

10 сыныпта олар маған: «Саған оқудың к

ерегі не? 

Сені енді тұрмыс құрдың, күйеуіңе қызмет етуің 

керек» деп мектепке баруға рұхсат етпей қ

ойды. 

Күйеуімді сүймесем де онымен сөз таластыра 

алмадым. Ол ешқашан менің жағымда емес,

 әрдайым 

өз анасының жағында болды. Біршама уақыттан 

кейін маған қол көтеретінді шығарды. Оның отбасы 

менің аяғымның ауыр екенін білгенде де мені ешкім 

қолдаған жоқ, мен бұрынғыша үйдегі бар жұмы

-

сты атқара бердім. Жүктілігімнің 6 айлығында 

түсік тастадым. Оған ылғи да психикалық

 қысым, 

ауыр жұмыстар себеп болды. Ауруханадан шыққ

а-

нымда ата-анам мені өздерімен бірге алып к

етті, 

бір айдан соң ажырастық. Қазір менде бәрі 

жақсы, 

күйеуге шыққан жылдарымды қорқынышты тү

стер 

сияқты еске аламын.

М. Айгүл 

Алматы облысы Еңбекшіқа-

зақ ауданы Шелек ауылынан 

өзінің өмірлік тәжірибесі 

туралы әңгімеледі:


28

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖӘНЕ КҮШТЕП ҚИЫЛАТЫН НЕКЕЛЕРДІҢ АЛДЫН АЛУ

Тағы бір кейіпкеріміз 

Алматы облысы-

ның Жамбыл ауданындағы П.Соня есімді 

қыздың өмірі денеңді түршіктіреді.

Соня  кішкентайынан  түріктің  қыздарын  жастай 

біреулер  алып  қашып  кететінін  біледі.  Оның 

құрбыларының  көбін  алып  қашып  кеткен  және 

олар 18-ге де толмаған болатын. Қыз алып қашу 

олардың  ауылында  ашық  және  тұрақты  түрде 

болып жататын, көптеген жас қыздарды мектептің 

алдынан-ақ  алып  кете  беретін,  кейді  бірнеше-

уін  бірден  ұрлап  кеткен  кездері  де  бар!  Үлкен-

дер  алаңдап,  қыздарын  мектепке  жібермейтін, 

кейбіреулері  ересектердің  жетелеуімен  баратын 

мектепке.  Соняның  да  ата-анасы  осылай  істеді. 

Басқа қыздарға қарағанда Соня оны тезірек алып 

қашып кетсе деп ойлайтын және ол құрбыларына 

егер өзін алып қашып кетсе күйеу болатын жігіті 

ұнамаса,  міндетті  түрде  кетіп  қалам  деп  айтып 

жүретін. Түрік қыздарында мұндай қадамға ешкім 

бара қоймас еді. Алайда, ол мұндай пікірді жай-

дан жай айтып жүрген жоқ еді, өйткені оның көз 

алдында өз анасына қатысты сәтсіз оқиға болған-

тын. 


Соняның  шешесін  кәмелет  жасына  толмай-ақ 

алып  қашқан  болатын.  Бірақ  та,  отбасы  құра 

алмады.  Жас  келіншек  кішкентай  Сонямен  өгей 

әкесіне оралды. Өз әкесін Соня содан кейін мүлде 

көрген емес. Ол үшін атасы әке бола білді... Белгілі 

себептерге  орай  Соня  қателесуден  қорқып,  ана-

сының  тағдырын  қайталағысы  келмеді.  Әсіресе, 

бір  құрбысының  некесі  сәтсіз  болғаннан  кейін 

бұл  қорқыныш  үдей  түсті.  Соняның  құрбылары-

ның бірі өз ата-анасына қайта оралғанда, күйеуі 

келіп кішкентай баласын алып кеткен болатын.

9 сыныптан кейін Соня колледжге барып оқымақ 

болды. Мектепте жақсы оқыды, тіпті барлық пән-

нен бестік алатын. Мұғалімдер оны мақтап, мек-

тепті тастап кетпеуін өтінді, бірақ ол өз отбасына 

көмектескісі келді, өйткені тек қана шешесі ғана 

жұмыс істейтін, ал атасы мен әжесі зейнет дема-

лысында еді. Аса кедей де тұрмады, керемет бай 

болды деп айтуға болмас. Күндіз Соня колледжде 

оқыса, кешке қарай шешесіне көмектесетін.

Бір  күні  ол  колледжден  қайтып  келе  жатқанда 

оны алып қашып кетті. Әдетте ол курстастарымен 

қайтатын,  ал  сол  күні  олар  ертерек  кетіп  қалған 

еді. Бір машина тоқтай қалып, оны бірнеше жігіт 

көлікке бір-ақ салып алып кеткен болатын. Қанша 

рет  айтып,  қанша  рет  жыласа да  ешқандай  пай-

дасы  болмады.  Сол  кездерде  ол  небәрі  15-ке 

толған еді. Ал күйеу бала Сонядан 10 жас үлкен 

боп шықты. Соня оған ұнап жүрген екен. Үйлену 

тойынан  кейін  бірден  аяғы  ауыр  болды.  Сөйте 

жүріп ол оқуын жалғастыра берді, ал жұмыс істе-

уге күйеуі рұхсат етпеді. Көп ұзамай дүниеге бір 

ұл келді. Барлық туысқандары да, Соняның өзі де 

қуанышты  болды. Алғашқы  екі  жылда  күйеуімен 

жақсы  тұрды.  Содан  кейін  күйеуі  қол  көтеретін 

болды.  Ол  барынша  төзімді  болды  және  ортақ 

балалары үшін кешіріммен қарайтын. Бірде күй-

еуі Соняны көкала қойдай етіп сабап тастағаннан 

кейін атасы келіп Соняны алып кетті.

Қазір  Соня  өз  ұлымен  және  өз  ата-аналарымен 

бірге  тұрады,  жұмыс  істейді.  Соняның  күйеуі 

үшінші рет үйленді, ал баласына өте сирек келіп 

кетеді.  Тек  қайыненесі  ғана  немересіне  жиірек 

келіп, қыдыр тып, демалыс күндерін бірге өткізіп 

жүрді.  Күйеуінен  ажырасқанына  Соня  өкінбейді, 

мұны дұрыс шешім болды деп есептейді.



Жоғарыда келтірілген барлық оқиғаларды «жақсы» аяқталған деп 

есептеуге болады, өйткені көптеген жағдайларда қыз балалар 

отбасы еркі мен дәстүрдің құрбаны болып қала береді және өмір 

бойы мәжбүрлі некенің тұзағында қалады. Олар үшін де, пәкістандық 

қыз бала Сабатини Джеймс үшін де тұрмысқа күштеп шығару «өмір 

бойы зорлық-зомбылықтың құрбаны болу» ретінде қала бермек.

29

Әдістемелік құрал 

ӘДІС

ТЕМЕЛІК


 АҚПАР

АТ

Ата-аналарға және жергілікті тұрғындарға



 

«Қыздарымызды бірге 

қорғаймыз» 

атты сынып сағатын өткізуге арналған материалдар




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет