1
МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
НАЦИОНАЛЬНАЯ АКАДЕМИЯ ОБРАЗОВАНИЯ ИМ.Ы.АЛТЫНСАРИНА
УЧЕБНЫЕ ПРОГРАММЫ
по предметам образовательной области «Язык и литература»
уровня общего среднего образования
(10-11 классы общественно-гуманитарного и естественно-математического
направлений)
Астана 2013
2
Утвержден приказом Министра образования и науки Республики Казахстан
№115 от 3 апреля 2013 года
Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан №8424
от 10 апреля 2013 года
Учебные программыпо предметам образовательной области «Язык и
литература» для 10–11 классов общественно-гуманитарного и естественно-
математического направлений общеобразовательной школы. – Астана, 2013. –
190 стр.
©Национальная академия
образования им.Ы.Алтынсарина, 2013
3
Учебная прграмма по предмету «Қазақ тілі»
(общественно-гуманитарное направление)
1.
Түсінік хат
1.
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23
тамыздағы №1080 Қаулысымен бекітілген орта білім берудің (бастауыш, негізгі
орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес
əзірленген.
2. Оқыту қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пəні – орта білім
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сəйкес «Тіл жəне əдебиет»
білім беру саласына енгізілген жəне мектептің жалпы орта білім беру деңгейінде
міндетті түрде оқытылатын пəн.
3. «Қазақ тілі» пəнінің маңыздылығы қазақ тілінің Мемлекеттік тіл
мəртебесімен дəйектеледі. Қазақ тілін оқыту барысында өзге тілде білім алатын
жоғары буын оқушыларын қазақ тіліндегі сөйлесім əрекетін мəдениаралық
қатысым құралы ретінде меңгерту көзделеді.
4. Оқыту қазақ тілде емес мектептердің бастауыш білім деңгейінде
қарапайым деңгей 1-3-сыныптарды қамтыса, негізгі жəне орта деңгейлер 4-
сыныптан бастап оқытылады да, 9-сыныппен аяқталады. Ортадан жоғары деңгей
10-11-сыныптарды қамтиды.
5. 10-11-сыныптарға арналған «Қазақ тілі» пəнінің оқу бағдарламасы –қазақ
тілде емес мектептерде қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан меңгеруді
қамтамасыз ететін; қазақша сөйлесім əрекетінің барлық түрлерін (тыңдалым,
оқылым, айтылым, жазылым, тілдесім) ортадан жоғары деңгейде іс жүзіне
асыратын; оқушының түсінікті сөйлеу дағдысы мен сауатты жазу дағдысын
қалыптастыратын білім мазмұнын, көлемін, мөлшерін, оқу жүктемесін қамтитын;
білім, білік, дағды деңгейлеріне байланысты тақырыптық аяларды, дидактикалық
ұстанымдарды; оқушылардың білімі мен білігіне қойылатын талаптарды
анықтайтын нормативтік құжат.
6. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы», «Білім беру туралы» Заңдары
мен «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасында белгіленген міндеттер
еліміздің білім беру жүйесінде көптілді меңгерген дара тұлға қалыптастыру
мақсатын жүзеге асырудың ұтымды жолдарын анықтауды талап етеді.
7. Əлемдік білім кеңістігінде орныққан «Шетел тілдерін деңгейлеп
меңгертудің еуропалық жүйесінде» белгіленген тілді игерудің деңгейлері мен
олардың сипаттарының негізінде Қазақстан Республикасындағы оқыту қазақ тілді
емес жалпы білім беретін мектептердің 10-11 сыныптарында қазақ тілін үйретудің
деңгейлері айқындалды. Оқушының білім, білік, дағдылары орта мектеп
жүйесінде тілді деңгейлік меңгерту ерекшеліктеріне сəйкестендіріліп, жіктелді.
8. 10-11-сыныптардағыОртадан жоғары деңгей-В
1
екі игерімді қамтиды:
тереңдетіле қалыптасқан орташа игерім В
1.1
– 10-сынып;
4
тереңдетіле қалыптасқан толық игерім В
1.2
В
1.2
– 11-сынып.
9. Қазақстан Республикасы халқының контингенті мен қазақ тілді емес
жалпы білім беретін мектептерінде тілдерді оқыту мен үйретудің өзіндік
ерекшелігі ескерілді жəне тілдерді деңгейлік меңгерудің еуропалық жүйесі негізге
алынды:
1) еуропалық жүйеге сəйкестендірілген тілдік деңгейлер жалпы білім
беретін орта мектептің 1-11 сыныптары бойынша сараланды;
2) негізгі жəне орта деңгейлердің тіл игеру игерімдері айқындалды;
3) негізгі жəне орта деңгейлердегі базалық білім мазмұны тілдік деңгейлер
бойынша түзілді;
4) оқушының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар негізгі жəне орта
деңгейлердің ерекшеліктерін ескере отырып, сөйлесім əрекетінің бес түрі
бойынша сараланды;
5) əр сыныптағы бағдарлама материалдары тілдік бөлім, қатысымдық-
сөйлесімдік бөлім жəне мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі бойынша
нақтыланып ұсынылды.
10. Қазақ тілін үйренуге негіз болатын бөлімдер арқылы оқушылардың
жобаланған оқу нəтижелеріне жетуі қарастырылады.
11. Оқу пəнінің мақсаты – ортадан жоғары деңгей бойынша қазақ тілін
қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім əрекетінің түрлеріне сай оқушыны
тілдік білім негізінде əдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара
тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды
коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға қазақша тілдік қатынас
нормаларын игерту.
12. Оқу пəнінің міндеттері:
1) жоғары сынып оқушыларының білімін тілдік, лингвомəдениеттанымдық,
этномəдени жəне əлеуметтік тұрғыдан кеңейтіп, қазақ тілін игертудің
коммуникативтік бағытын жүзеге асыру;
2) оқушының өз ойын, пікірін, көзқарасын еркін, дұрыс, нақты (ауызша
жəне жазбаша) жеткізе білу дағдыларын жетілдіру;
3) оқушылардың қазақ тіліндегі функционалдық сауаттылығын дамыту;
4)
мəдени-əлеуметтік,
қоғамдық-саяси
тақырыптардағы
оқу
материалдарымен жұмыс аясында оқушылардың қатысымдық құзыреттіліктерін
қалыптастыру.
13. Тілді меңгеру деңгейлерін игерімдерге жіктеу білім беруді дара тұлғаға
бағдарлау ұстанымына сай іске асырылады. Бір деңгейдің алғашқы сатысында
білім мазмұнын игере алмаған оқушы бейімдеу, дамыту, психологиялық
үйлесімділік ұстанымдары негізінде келесі сатыда тиісті мазмұнды меңгеруге
мүмкіндік алады.
14. Қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пəнінің білім мазмұнын
іріктеудеқатысымдық-əрекетшілдік, қатысымдық-функционалдық, ункционалдық
сауаттылықты қалыптастыру, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, оқу материалдары
мазмұнының аутенттілігі, шындық өмірге сəйкестігі; оқушының тілді білу
5
деңгейіне сай келуі; білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның
өзіндік жəне шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен
дағдыларын қалыптастыруға бағытталған оқыту ұстанымдары басшылыққа
алынды:
1) үздіксіздік ұстанымы оқытудың барлық сатыларының арасындағы
жалғастықты əдіснама, мазмұн, əдістеме жəне технология сабақтастығы
тұрғысынан оқытуды қамтамасыз етеді;
2) оқытудың əрекетшілдік негіздегі ұстанымы оқушыларды оқу-танымдық
əрекетке белсенді қатыстыру арқылы жаңа білімдерді ашуын, өзін өзі бағалау мен
өз əрекетін өзі бақылай алу дағдыларының қалыптасуын қамтамасыз етеді.
3) пəнаралық байланыс ұстанымы мəтіннен ақпаратты тауып алу тəсілі,
мəтінді мағыналық бөліктерге бөлу, негізгі жəне қосалқы ойды ажырата алу
жəне т.б. (əдебиетпен байланыс); өзектілік тəсілі, салыстыру, жүйелілік, қарсы
қою, себеп-салдарлық байланысты анықтау жəне т.б. (ана тілімен байланыс)
жұмыстар арқылы жүзеге асырылады;
4) түсіністік ұстанымы қазақ тілін оқыту барысында жоғары сынып
оқушыларының психологиялық-физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып,
психологиялық үйлесімді жағдай тудыруға мүмкіндік жасайды. Оқушылардың
қарым-қатынас жасауына жəне олардың өз жетістігін сезінуіне мүмкіндік беретін
тілектестік ниетті ұстану оқу үдерісі тиімділігінің маңызды шарты болып
табылады.
5) оқушылардың тұлғалық жетістіктерін ескеру ұстанымы түрлі деңгейдегі
күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға, оқыту мотивінің
тұлғалық-мəнділігін қалыптастыруға, оқытудың ұтымды технологиясы мен оқу
материалдарын таңдауға жəне бейімдеуге, білім деңгейлері əртүрлі оқушылардың
жоспарланған нəтижелерге жетуіне мүмкіндік береді.
6) шығармашылық ұстанымы оқушылардың түрлі шынайы жағдаяттарда
жаңа типтегі міндеттерді өздігінен шешу қабілетін, құзіреттілікке бағытталған
тапсырмаларды орындау білігін қалыптастыруға мүмкіндік тудырады.
15. Пəнаралық байланыс өзге тілді мектеп оқушысының қазақ тіліндегі
сөздік қорын молайтуға, дүниетанымын кеңейтуге, қазақ тілін қолдану
мүмкіндіктерін арттыруға жол ашады. Жалпы білім беретін өзге тілде оқытатын
мектептердің негізгі сатысында «Қазақ тілі» пəнін төмендегідей пəндермен
байланыстыра меңгерту көзделеді.
1) «Қазақ əдебиетімен»:
қазақ тілін жүйелі əрі сапалы меңгертуде оқу материалдары қазақ əдебиеті
шығармаларынан алынатындықтан, олардың арасындағы байланыс үздіксіз
жүргізіліп отырады;
олар оқушыны ойлауға, сөйлеуге үйретумен қатар эстетикалық талғамдарын
да арттыруға, көркем сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, тіл
байлығын молайтады;
2) «Орыс тілімен»:
6
қазақ тілінің құрылымдық жүйесін танытуда екі тілді салыстыру əдісі, бір
жағынан, оқушының дүниетанымын кеңейтсе, екінші жағынан, тілді сапалы
меңгертуге, саналы түсіндіруге əсер етеді;
орыс тілі мен қазақ тілінің арасындағы байланыс сөз əдебіне қатысты
ерекшеліктерді ұғындыруда да маңызды болып саналады;
3) «Қазақстан тарихымен»:
тіл мен тарихтың байланысы термин сөздерді, басқа тілден енген сөздерді
дұрыс меңгертуде ерекше рөл атқарады;
сөздердің этимологиясын түсіндіруде де тарихи фактілерге сүйену
оқушылардың оқу мотивтерін қалыптастыруға мүмкіндік береді;
4) «Информатика» пəнімен:
оқушыларға ұсынылатын өздік жəне шығармашылық тапсырмаларды
сапалы орындауға ақпараттық технологияларды қолданудың ықпалы зор;
интернет көздерінен материалдар тауып, оларға талдау жасау, ой қорыту,
алынған материалдарды өз жұмыстарында орынды қолдануға үйрететін жұмыстар
оқушылардың ақпарттық мəдениетін дамытуға жол ашады;
5) жаратылыстану циклі пəндерімен:
қазақ тілінің жаратылыстану пəндерімен сабақтастықта меңгертілуі
оқушылардың сөздік қорларын молайтуға жəне түрлі тілдік жағдаяттарда қазақ
тілін орынды қолдану дағдыларын жетілдіруге септігін тигізеді;
қазақ тіліндегі терминдерді сауатты қолдануға мүмкіндік туғызады.
16. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында
ұсынылған Типтік оқу жоспарына сəйкес (9-қосымша) қоғамдық-гуманитарлық
бағыттағы «Қазақ тілі» пəні аптасына 10-11-сыныптарда 3 сағаттан оқытылады.
Оқу жылындағы барлық сағат саны:
1) 10-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағат;
2) 11-сынып – аптасына 3 сағат, барлығы – 102 сағатты құрайды.
17. Оқыту ұйғыр, өзбек, тəжік тілдерінде жүргізілетін мектептің қоғамдық-
гуманитарлық бағытында (11-қосымша) «Қазақ тілі» пəні аптасына 2 сағаттан
оқытылады. Оқу жылындағы барлық сағат саны:
1) 10-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат;
2) 11-сынып – аптасына 2 сағат, барлығы – 68 сағат.
17. Оқу бағдарламасының білім мазмұнында сағаттар мөлшері оқыту тіліне
байланысты келесідей үлгіде көрсетілген. Мысалы: І. Əлеуметтік-тұрмыстық ая –
27/16 сағат. 1. Отбасы бюджетін жоспарлау - 9/6 сағат. Мұндағы алдыңғы сан
орыс тілді мектептерге, ал соңғы сан өзбек, ұйғыр, тəжік тілді мектептерге
арналып көрсетілген.
18. Оқу пəнінің базалық білім мазмұны:
1) оқыту қазақ тілде емес мектептердегі «Қазақ тілі» пəнінің базалық білім
мазмұнын анықтауға түрлі тілдік қарым-қатынастың ауқымында пайда болатын
жағдаяттар, жағдаятқа қатысушылар, заттар, оқиғалар, іс-əрекеттер, мəтіндер
негіз болады.
19. «Қазақ тілі» пəнінің мазмұндық желісі үш аяға бөлініп ұсынылды:
7
1)
əлеуметтік-тұрмыстық ая;
2)
əлеуметтік-мəдени ая;
3)
оқу-еңбек аясы.
20. Əрбір аяда қамтылған тақырыптар бірізділікті сақтай отырып, бірте-
бірте күрделенеді. Қазақ тілінің функционалдық-грамматикалық минимумдары
осы лексикалық тақырыптарды меңгерудің нəтиже көрсеткіші ретінде
ұсынылады.
21. 10-сынып:
1)
əлеуметтік-тұрмыстық ая:
отбасыбюджетін жоспарлау;
«Біз қонақ күтеміз (дəстүрлі тамақ, қонақ күту, шығарып салу, сыйлық) »;
отбасындағы əке мен бала қарым-қатынасы;
2)
əлеуметтік-мəдени ая:
«Қазақстанның белгілі ғалымдары»
«Қазақстан мемлекеті, оның құрылымы»
«Сенің есімің қандай мағына білдіреді?»
«Мен оқитын газет-журналдар (балалар газеті мен журналы)»;
3)
оқу-еңбек аясы:
«Мен мамандық таңдаймын»,
«Мен болашақта қандай жұмыс істеймін?»;
22. 11-сынып:
1) əлеуметтік-тұрмыстық ая:
«Сапарға шығайық», «Əуежайда», «Теміржол бекетінде», «Қонақ үйде»;
2) əлеуметтік-мəдени ая
«Жастар киімі», «Мектеп формасы», «Сəн»;
«Егер мен Қазақстан Парламентіне депутат болсам»;
«Театрға саяхат»;
3) оқу-еңбек аясы:
«Пошта қызметін қолданамыз»;
«Қалта телефоны»;
«Компьютер: пайдасы мен зияны»;
«Мен өз елімде жан-жақты білім ала аламын».
2.
Оқу пəнінің 10-сыныптағы базалық мазмұны
23. Əлеуметтік-тұрмыстық ая – 27 /16 сағат:
1) «Отбасы бюджетін жоспарлау» - 9/6 сағат (Тілдік бөлім:Ауызекі сөйлеу
стилі.Лексика.
Тақырып
көлеміндегі
лексикалық
бірліктер.Қатысымдық
сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Тақырыпқа қатысты мəтіндерді түсіну. Оқылым.
Тақырыпқа қатысты мəтіндерді оқу. Айтылым. Тақырып туралы баяндау.
Жазылым. Үй төлемінің түбіртегін толтыру. Тілдесім. Кəсіби тілдесімді жүзеге
асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін, сөздерді, тілдік
8
қолданыстарды,
терминдерді
үйрету).
Диалог-сұрақ.
Диалог-
жауап.Мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:Отбасы туралы мақал-мəтел, нақыл
сөздер);
2) «Біз қонақ күтеміз (дəстүрлі тамақ, қонақ күту, шығарып салу, сыйлық)»
– 9/5 сағат (Тілдік бөлім:Біріккен сөз. Қос сөз. Зат есім, не? Зат есімнің көптелуі.
Зат есімнің септелуі. Етістік. Етістіктің жіктелуі, көпше түрі.Арнайы сұрақ.
Лексика: Тақырып көлеміндегі лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік
бөлім:Тыңдалым. Мəтіндегі ұлттық ерекшеліктерді айыру. Диалогтік мəтіндер.
Оқылым. Қонақ күту дəстүріне байланысты мəтіндер. Айтылым.. Қонақ күтуде
жасалатын іс-əрекеттерді баяндау. Жазылым. Танымдық жазылым (оқушыны
қонақ күту туралы өз ойынан қорытынды жасап, жазуға үйрету). Оқыған
мəліметтерді жазу. Тілдесім. Бейресми тілдесімді қолдану (оқушыларға ресми
емес, күнделікті тұрмыс-тіршілікте кездесетін, қарапайым қарым-қатынастың
түрлерін үйрету). Диалог-мəлімет. Мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақ
халқының қонақжайлығы туралы мəтіндер);
3) «Отбасындағы əке мен бала қарым-қатынасы» – 9/5 сағат (Тілдік
бөлім:Көркем-əдебиет стилі. Лексика: Тақырыпқа байланысты лексикалық
бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Əке мен бала қарым-
қатынасы туралы мəтіндер. Оқылым. Əке мен бала қатынасы туралы мəтіндерді
оқу. Айтылым. Өз сезімін, қарым-қатынасын баяндау. Жазылым. Көркемдік
жазылым (Абзац, диалог т.б. сақтап көркем жазу). Оқыған мəліметтерді жазу.
Тілдесім. Қалыптасқан тілдесім (əр адамның өмірдегі өз орнына сай бір-бірімен
тілдесуін, түсінісуін меңгерту). Диалог-мəлімет. Мəдениетаралық қарым-қатынас
бөлімі: отбасы, ата-ана арасындағы қарым-қатынас туралы мақал-мəтелдер мен
қанатты сөздер, тиым сөздермен танысу. Мақал туралы ой бөлісу);
24. Əлеуметтік-мəдени ая – 47 /34 сағат:
1) Қазақстанның белгілі ғалымдары– 14/10 сағат (Тілдік бөлім:Құрмалас
сөйлем. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық
сөйлесімдік бөлім:Тыңдалым. Қазақстанның белгілі ғалымдары, ғылыми
жұмыстар, жобалар туралы мəтіндер. Оқылым Қазақстанның белгілі ғалымдары,
ғылыми жұмыстар, жобалар туралы мəтіндер. Айтылым. Ғылыми жоба туралы
мəтіндер. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Оқыған мəліметтерді жазу.
Ресми тілдесімді үйрету (оқушыларға ресми қарым-қатынастың элементтерін
меңгерту).Мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақстанның белгілі
ғалымдары туралы мəліметпен таныстыру);
2) Қазақстан мемлекеті, оның құрылымы – 10 /8 сағат (Тілдік
бөлім:Грамматика: Туынды сын есім. Тұйық етістік. Тəуелдік жалғауы.Ілік, табыс
септігі. Өздік есімдік. Етістік. Осы шақ. Жіктелуі. Көсемше. Лексика: Тақырып
бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым.
Қазақстан мемлекеті жəне оның құрылымы туралы мəтіндерді түсіну. Оқылым.
Мəтіннің стилін айыру. Мемлекеттік құрылым туралы мəтіндерді оқу. Айтылым.
Мемлекеттік құрылым туралы баяндау. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды
орындау. Оқыған мəліметтерді жазу. Тілдесім Кəсіби тілдесімді жүзеге
9
асыру(тақырыпқа
байланысты
сөйлесудің
үлгілерін,
сөздерді,
тілдік
қолданыстарды, терминдерді үйрету). Мəдениетаралық қарым-қатынас бөлім:
Мемлекеттік құрылым туралы мəтіндерді оқып, пікір алмасу);
3) «Сенің есімің қандай мағына білдіреді?» – 9/6 сағат (Тілдік бөлім: Қос
сөз. Біріккен сөз. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық
сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Баланың дүниеге келуіне байланысты қазақтың
салт-дəстүрлері туралы мəтін. Мəтіндегі ұлттық ерекшеліктерді айыру. Оқылым.
Мəтіннің ұлттық-мəдени мазмұнын танымдық тұрғыдан түсініп оқу. Айтылым.
Диалог-талап. Шілдеханада орындалатын белгілі бір əрекетті не істі жасауды бір-
бірінен өтіну. Баланың дүниеге келіне байланысты қазақтың ұлттық салт-
дəстүрлері туралы баяндау. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау. Оқыған
мəліметтерді жазу. Тілдесім. Қалыптасқан тілдесім (əр адамның өмірдегі өз
орнына сай бір-бірімен тілдесуін, түсінісуін меңгерту). Мəдениетаралық қарым-
қатынас бөлімі:Отбасылық дəстүрлер);
4) «Мен оқитын газет-журналдар (балалар газеті мен журналы)» – 14 /10
сағат (Тілдік бөлім:Есімшенің септелуі. Ашық рай. Бірыңғай мүшелер.Лексика:
Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім:
Тыңдалым. Балаларға арналған басылымдар туралы мəтін. Оқылым. Балалар
басылымдары туралы мəтіндерді оқу. Айтылым. Газет/журналдардың пайдасын
бағалау тұрғысынан баяндау. Жазылым. Осы тақырыпқа қатысты жазбаша
жұмыстар. Кəсіби тілдесімді жүзеге асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің
үлгілерін, сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету). Диалог. Диалог-
мəлімет – белгілі бір газет, журнал туралы мəлімет беру.Мəдениетаралық қарым-
қатынас бөлімі: Алғашқы қазақ газеттері туралы пікір алмасу);
25. Оқу-еңбек аясы – 28 /18 сағат:
1) «Мен мамандық таңдаймын» – 14 /9 сағат (Тілдік бөлім: Кейінді ықпал.
Қос сөз. Туынды зат есім. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Мамандыққа қатысты мəтіндер.
Оқылым. Мамандыққа қатысты мəтіндерді оқу. Айтылым. Өзі таңдаған
мамандықты сипаттай отырып, болашақта соған қатысты істейтін істері туралы
баяндау. Жазылым. Өзі таңдаған мамандық туралы əңгіме жазу. Кəсіби-
тақырыптық тілдесім – мамандық туралы тақырыптар төңірегінде пікір алмасуды
жүзеге асыру, кəсіби сөздер құрамын кеңінен қамтитын тілдік қатынасты кəсіби
түрде іске асыру. Диалог-реплика – тілдік қатынаста ойын қысқа сөздер мен сөз
тіркестері арқылы тез жеткізу. Диалог-сұрақ. Мəдениетаралық қарым-қатынас
бөлім: Қазақ суретшілері туралы мəтіндер. Көптілді білетін жастар туралы
мəлімет);
15) «Мен болашақта қандай жұмыс істеймін?» – 14/9 сағат (Тілдік бөлім:
Қос сөз. Ресми стиль. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Тақырыпқа қатысты мəтіндер.
Оқылым. Тақырыпқа қатысты мəтінді оқу.. Айтылым.. Болашақта істейтін
жұмысын сипаттай отырып баяндау. Жазылым. Жазбаша жұмыстарды орындау.
Кəсіби тілдесімді жүзеге асыру (тақырыпқа байланысты сөйлесудің үлгілерін,
10
сөздерді, тілдік қолданыстарды, терминдерді үйрету). Мəдениетаралық қарым-
қатынас бөлім:Белгілі мамандар туралы мəлімет).
3. Оқу пəнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны
26. Əлеуметтік-тұрмыстық ая - 32 / 22 сағат:
1) «Саяхатқа шығайық», «Əуежайда», «Теміржол бекетінде» – 12/10 сағат
(Тілдік бөлім: Біріккен сөздердің емлесі. Құрмалас сөйлем. Себеп-салдар мəнді
құрмалас сөйлемдер. Өзгелік етіс. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық
бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Ұшақтың ішіндегі
қауіпсіздік ережелері туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мəтіндері: əуежай,
теміржол бекеттеріндегі анықтамалық ақпараттар. Диалогтік мəтіндер. Айтылым..
Əуежай мен теміржол бекетінің қызметі туралы мəліметтерді айту.. Жазылым.
Əуежай мен теміржол бекетіне байланысты тірек сөздер бойынша мəтін. Кеден
мағлұмдамасын толтыру. Тілдесім. Əуежай мен теміржол бекеті туралы
пікірлесім. Бекет қызметкерлерінен (анықтама бюросы, касса, жүк қоймасы) өзіне
қажетті мəліметтерді сұрап білу. Диалог: Сұрақ-жауап, Сұрақ-ақпарат, себеп-
салдар диалогтары. Мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:Сапарға шығу, жол
туралы мақал-мəтелдер, тыйым сөздер);
2) «Қонақ үйде» – 10 /6 сағат (Тілдік бөлім: Салт жəне сабақты етістіктер.
Модаль сөздер. Мекен үстеу. Туынды сөздердің жазылуы. Лексика: Тақырып
бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым.
Қонақ үйдегі қызмет түрлері туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мəтіндері: қонақ
үй туралы жарнамалық, анықтамалық ақпараттар. Диалогтік мəтіндер. Айтылым.
Өзінің сапары туралы. Əуежай мен теміржол бекетінің қызметі туралы
мəліметтер. Жазылым. Қонақ үй түрлері мен қызметіне байланысты тірек
сөздерге бойынша мəтін. @-mail –мен тапсырыс беру, ақша жіберу, есептесу,
жаздыру. Тілдесім. Қонақ үй туралы пікірлесім. Қонақ үй қызметкерлерінен
(қонақ үй əкімшілігі, анықтама бюросы, касса) өзіне қажетті мəліметтерді сұрап
білу.
Диалог:
Сұрақ-жауап,
Сұрақ-ақпарат,
себеп-салдар
диалогтары.
Мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі:Сыныптағы оқушылардың өздері
тоқтаған қонақ үй туралы сөйлесімі);
3) «Сен қайда тұрғанды ұнатасың? (қалада ма, ауылда ма? )» – 10/6 сағат
(Тілдік бөлім:Етістіктің келер шағы. Мақсат үстеу. Ілік септіктегі сөздердің
жазылуы.Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық
сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Қонақ үйдегі қызмет түрлері туралы ақпараттар.
Оқылым. Оқу мəтіндері: Ауыл/қала өміріне байланысты ақпараттық мəтін.
Диалогтік мəтіндер. Мəдени орындардың ақпараттық-жарнамалық (буклет,
блокнот, айлық репертуар қағазы,т.б.) мəтіндері. Айтылым. Монолог-суреттеу
(қала мен даланың табиғатын сипаттап, оның ерекшеліктерін баяндау). Өзінің
сапары туралы. Əуежай мен теміржол бекетінің қызметі туралы мəліметтерді
айту. Жазылым. Қаладағы мəдени орындар туралы мəтін. Ауыл/қала өмірі
11
бойынша сұхбат жазу. Тілдесім. Ауыл/қала өмірі туралы пікірлесім. Мəдени
мекеме қызметкерлерінен өзіне қажетті мəліметтерді сұрап білу. Мəдениет
аралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақ ауылының тіршілігі, шаруашылығы туралы
пікірлесу);
27. Əлеуметтік-мəдени ая – 30 /20 сағат:
1) «Жастар киімі», «Мектеп формасы», «Сəн» – 12 /8 сағат (Тілдік бөлім:
Сапалық жəне қатыстық сын есімдер. Есімше. Біріккен сөздердің емлесі. Лексика:
Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім:
Тыңдалым. Жастар киімі, мектеп формасы жəне сəн туралы ақпараттар. Оқылым.
Оқу мəтіндері: Жастар киімі, мектеп формасы жəне сəнге байланысты ақпараттық
мəтін. Диалогтік мəтіндер. Сəн орталықтарының ақпараттық-жарнамалық (буклет,
киім үлгісі жинақтары, жарнама қағазы,т.б.) мəтіндері. Айтылым. Монолог:
Жастар киімі, мектеп формасы жəне сəн туралы мəліметтер. Диалог: Диалог-
сұхбат. Сұрақ-ақпарат, пікірталас - диалогтары. Жазылым. Жастар киімі, мектеп
формасы жəне сəн туралы мəтін. Киіну əдебі туралы сұхбат жазу. Тілдесім.
Жастар киімі, мектеп формасы жəне сəн туралы пікірлесім. Ателье, киім дүкені
қызметкерлерімен сұхбат. Мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі.Жастар
киіміндегі ұлттық нақыштар туралы сұхбат. Киімге қатысты мақал-мəтелдер);
2) «Егер мен Қазақстан Парламентіне депутат болсам» – 10 /6 сағат. (Тілдік
бөлім:Жалпы жəне жалқы есімдер. Қаратпа сөздер. Тіркесті сөздердің
емлесі.Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық
сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Сайлау, депутатқа үміткер туралы ақпараттар.
Оқылым. Оқу мəтіндері: Электронды дауыс беру туралы ақпараттық мəтін.
Депутатқа үміткер. Қазақстан Парламенті туралы ақпарат-мəтіндер. Айтылым.
Қазақстан Парламенті туралы мəліметтер. Жазылым. Қазақстан Парламенті
туралы мəтін. Тілдесім. Қазақстан Парламентіне сайлау жүйесі туралы пікірлесім.
Депутатпен сұхбат. Тілдесім. Диалог-сұхбат. Сұрақ-ақпарат, пікірталас -
диалогтары.Мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Қазақтың үш биі: Төле,
Қазыбек, Əйтеке);
3) «Театрға саяхат» – 8 /6 сағат (Тілдік бөлім:Туынды сын есімдер. Термин
сөздердің орфоэпиясы.Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Театрдағы қойылымдар туралы
ақпараттар. Оқылым. Оқу мəтіндері: Қазақ театрлары туралы ақпараттық мəтін.
Диалогтік мəтіндер. Қазақ актерлары туралы сұхбат-мəтіндер. Айтылым.
Қазақстан Парламенті туралы мəліметтер. Жазылым. Театрда көргендері мен
қойылым бойынша мəтін.Тілдесім. Қазақтың театр ордалары туралы пікірлесім.
Театр туралы сұхбат. Мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі. Алғашқы қазақ
театрлары мен актерлары туралы мағлұматтар);
28. Оқу-еңбек аясы – 40 /26 сағат:
1) «Пошта қызметін қолданамыз» – 10/6 сағат (Тілдік бөлім:Салалас
құрмалас сөйлем. Лексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер.
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Пошта қызметі туралы ақпараттар.
Оқылым. Оқу мəтіндері: Пошта қызметі туралы ақпараттық мəтін. Диалогтік
12
мəтіндер. Пошта қызметі туралы сұхбат-мəтіндер. Айтылым. Пошта қызметі
туралы мəліметтер. Жазылым. Пошта қызметі бойынша мəтін. Тілдесім. Пошта
қызметі туралы пікірлесім. Пошта қызметі туралы сұхбат. Мəдениетаралық
қарым-қатынас бөлімі.Ұлттық маркалар);
2) «Қалта телефоны» – 8 /6 сағат (Тілдік бөлім:Қазақ тіліндегі калька
сөздер. Неологизмдердің емлесі.Лексика: Тақырып бойынша лексикалық
бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Қалта телефоны туралы
ақпарат-жарнамалар. Оқылым. Оқу мəтіндері: Қалта телефоны туралы ақпараттық
мəтін. Диалогтік мəтіндер. Қалта телефоны туралы сұхбат-мəтіндер. Айтылым.
Қалта телефоны туралы мəліметтер. Жазылым. Қалта телефонымен сөйлесу əдебі
туралы мəтін. Тілдесім. Қалта телефоны қызметі туралы пікірлесім-сұхбат.
Мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі Телефонмен сөйлесу əдебі);
3) «Компьютер: пайдасы мен зияны» – 10/6 сағат (Тілдік бөлім: Сабақтас
құрмалас сөйлем. Ақпараттық технология терминдерінің емлесі. Лексика:
Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім:
Тыңдалым. Қазіргі заманғы компьютерлердің мүмкіндіктері туралы ақпараттар.
Оқылым. Оқу мəтіндері: компьютерлердің жетілдірілген мүмкіндіктері,
компьютердің пайдасы мен зияны жайлы баяндау, хабарлау, жарнама
сипатындағы мəтіндер. Компьютердің пайдасы мен зияны туралы диалогтік
мəтіндер. Айтылым. Компьютердің пайдасы мен зияны туралы мəліметтер айту.
Жазылым. Компьютердің пайдасы мен зиянына байланысты мəтін. Тілдесім.
Компьютердің пайдасы мен зияны туралы пікірлесім. Дүкен қызметкерлерінен
компьютер түрлері туралы қажетті мəліметтер алу. Мəдениетаралық қарым-
қатынас бөлімі: Компьютердегі мəліметтердің қазақша жазылуы);
4) «Мен өз елімде жан-жақты білім ала аламын» – 12/8 сағат (Тілдік
бөлім:Публицистикалық
стиль.
Қысқарған
сөздердің
емлесі
мен
орфоэпиясыЛексика: Тақырып бойынша лексикалық бірліктер. Қатысымдық
сөйлесімдік бөлімі: Тыңдалым. Мұғалімнің, сыныптастарының, өзге де тілдесетін
адамдардың сөздеріндегі жəне үнтаспадан тыңдаған өз еліндегі оқу жүйесі туралы
ақпараттар. Оқылым. Оқу мəтіндердегі өз еліндегі оқу жүйесі туралы
жарнамалық, анықтамалық ақпараттар. Айтылым. Өз еліндегі оқу жүйесі туралы
мəліметтерді айту. Жазылым. Өз еліндегі оқу жүйесіне байланысты білетінін
мəтін түрінде жазу. Сұрақтарға жауап жазу. Тілдесім. Ұсынылған тақырып
бойынша сөйлесім. Өз еліндегі оқу жүйесі туралы пікірлесім. Білім саласы
қызметкерлерінен өзіне қажетті мəліметтерді сұрап білу. Мəдениетаралық қарым-
қатынас бөлімі Еліміздің оқу жүйесі туралы пікір алмасу).
Достарыңызбен бөлісу: |