Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина



Pdf көрінісі
бет3/19
Дата22.12.2016
өлшемі1,18 Mb.
#81
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

3.
 
Оқу пəнінің 11-сыныптағы базалық мазмұны 
 
24. Əлеуметтік-тұрмыстық ая – 18 сағат: 
1)  «Саяхатқа шығайық», « Əуежайда», «Теміржол бекетінде», «Қонақ үйде» 
– 10 сағат  (Тілдік  бөлім:  Біріккен  сөздердің  емлесі.  Құрмалас  сөйлем.  Себеп-
салдар  мəнді  құрмалас  сөйлемдер.  Өзгелік  етіс.  Лексика:  Тақырып  бойынша 
лексикалық  бірліктер.  Қатысымдық  сөйлесімдік  бөлім:  Тыңдалым.  Ұшақтың 
ішіндегі  қауіпсіздік  ережелері  туралы  ақпараттар.  Оқылым.  Оқу  мəтіндері: 
əуежай,  теміржол  бекеттеріндегі  анықтамалық  ақпараттар.  Диалогтік  мəтіндер. 
Айтылым. Əуежай мен теміржол бекетінің, қонақ үй қызметі туралы мəліметтерді 
айту.  Жазылым.  Əуежай  мен  теміржол  бекетіне,  қонақ  үйге  байланысты  тірек 
сөздер  бойынша  мəтін.  Кеден  мағлұмдамасын  толтыру. @-mail –мен  тапсырыс 
беру,  ақша  жіберу,  есептесу,  жаздыру.Тілдесім.  Əуежай  мен  теміржол  бекеті, 
қонақ  үй  туралы  пікірлесім.  Бекет  қызметкерлерінен  (анықтама  бюросы,  касса, 
жүк қоймасы) өзіне қажетті мəліметтерді сұрап білу. Қонақ үй қызметкерлерінен 
(қонақ  үй  əкімшілігі,  анықтама  бюросы,  касса)  өзіне  қажетті  мəліметтерді  сұрап 
білу. 
Диалог: 
Сұрақ-жауап, 
Сұрақ-ақпарат, 
себеп-салдар 
диалогтары. 
Мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  Сапарға  шығу,  жол  туралы  мақал-
мəтелдер, тыйым сөздер); 
2) «Қазақстанның  жер  аймағын  аралаймыз» – 8 сағат  (Тілдік  бөлім:  Салт 
жəне сабақты етістіктер. Модаль сөздер. Мақсат, мекен үстеу. Туынды сөздердің 
жазылуы.  Етістіктің  келер  шағы.  Ілік  септіктегі  сөздердің  жазылуы.  Лексика: 
Тақырып  бойынша  лексикалық  бірліктер.  Қатысымдық  сөйлесімдік  бөлім: 

24 
 
Тыңдалым.  Сарыарқа,  Жетісу,  т.б.  Қазақстанның  жер  аймақтары  туралы 
ақпараттар.  Оқылым.  Оқу  мəтіндері:  Қазақстанның  жер  аймақтары  туралы 
ақпараттарды  оқу.  Диалогтік  мəтіндер.  Айтылым.  Өзінің  туған  өлкесі  туралы 
айту.  Монолог-суреттеу  (қала  мен  даланың  табиғатын  сипаттап,  оның 
ерекшеліктерін баяндау). Жазылым. Жер аймақтарына байланысты тірек сөздерге 
бойынша  мəтін.  Туған  өлкенің  табиғи  ерекшеліктері  туралы  мəтіндер  жаздыру. 
Тілдесім. Жер аймақтары туралы пікірлесім. Диалог: Сұрақ-жауап, Сұрақ-ақпарат, 
себеп-салдар диалогтары. Мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі. Қазақстан жер 
аймақтарының шаруашылығы туралы пікірлесу). 
25. Əлеуметтік-мəдени ая – 24 сағат: 
1)
 
«Ғарыш айлағында», «Қазақ ғарышкерлері: Т.Əубəкіров, Т.Мұсабаев» 
– 8 сағат  (Тілдік  бөлім:  Жалпы  жəне  жалқы  есімдер.  Термин  сөздердің 
орфоэпиясы.Тіркесті  сөздердің  емлесі.  Лексика:  Тақырып  бойынша  лексикалық 
бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Байқоңыр ғарыш айлағы, 
қазақ  ғарышкерлері туралы ақпараттар. Оқылым. Оқу мəтіндері: ғарышкерлер, 
ғарыш  кемелері  туралы  мəтіндер.  Айтылым.  Қазақ  ғарышкерлері  туралы 
мəліметтер.  Жазылым.  Байқоңыр  ғарыш  айлағы,  оның  маңызы,  ғарыш  кемесі, 
ғарышкерлер  туралы  мəтін.  Тілдесім.  Қазақстанның  ғарыш  саласы  туралы 
пікірлесім. Қазақ ғарышкерлері туралы сұхбат. Тілдесім. Диалог-сұхбат. Сұрақ-
ақпарат,  пікірталас - диалогтары.  Мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі: 
Қазақстан ғарыш саласының дамуы туралы мəтіндер); 
2)
 
«Егер мен Қазақстан Парламентіне депутат болсам» – 8 сағат (Тілдік 
бөлім:  Жалпы  жəне  жалқы  есімдер.  Қаратпа  сөздер.  Тіркесті  сөздердің  емлесі. 
Лексика:  Тақырып  бойынша  лексикалық  бірліктер.  Қатысымдық  сөйлесімдік 
бөлім:  Тыңдалым.  Сайлау,  депутатқа  үміткер  туралы  ақпараттар.  Оқылым.  Оқу 
мəтіндері: Электронды дауыс беру туралы ақпараттық мəтін. Депутатқа үміткер. 
Қазақстан  Парламенті  туралы  ақпарат-мəтіндер.  Айтылым.  Қазақстан 
Парламенті  туралы  мəліметтер.  Жазылым.  Қазақстан  Парламенті  туралы  мəтін. 
Тілдесім. Қазақстан Парламентіне сайлау жүйесі туралы пікірлесім. Депутатпен 
сұхбат.  Тілдесім.  Диалог-сұхбат.  Сұрақ-ақпарат,  пікірталас - диалогтары. 
Мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  Қазақтың  үш  биі:  Төле,  Қазыбек, 
Əйтеке); 
3)
 
Сəн  үлгілері – 8 сағат    (Тілдік  бөлім:  Сапалық  жəне  қатыстық  сын 
есімдер.  Есімше.  Біріккен  сөздердің  емлесі.  Лексика:  Тақырып  бойынша 
лексикалық бірліктер. Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Жастар киімі, 
мектеп  формасы  жəне  сəн  туралы  ақпараттар.  Оқылым.  Оқу  мəтіндері:  Жастар 
киімі,  мектеп  формасы  жəне  сəнге  байланысты  ақпараттық  мəтін.  Диалогтік 
мəтіндер.  Сəн  орталықтарының  ақпараттық-жарнамалық  (буклет,  киім  үлгісі 
жинақтары,  жарнама  қағазы,т.б.)  мəтіндері.  Айтылым.  Монолог:  Жастар  киімі, 
мектеп  формасы  жəне  сəн  туралы  мəліметтер.  Диалог:  Диалог-сұхбат.  Сұрақ-
ақпарат, пікірталас - диалогтары. Жазылым. Жастар киімі, мектеп формасы жəне 
сəн  туралы  мəтін.  Киіну  əдебі  туралы  сұхбат  жазу.  Тілдесім.  Жастар  киімі, 
мектеп  формасы  жəне  сəн  туралы  пікірлесім.  Ателье,  киім  дүкені 

25 
 
қызметкерлерімен  сұхбат.  Мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі:  Жастар 
киіміндегі ұлттық нақыштар туралы сұхбат. Киімге қатысты мақал-мəтелдер); 
26. Оқу-еңбек аясы – 26 сағат:  
1) « Əлемдегі  өнертапқыштар»,  «Қалта  телефоны», «Компьютер:  айдасы 
мен  зияны» – 10 сағат    (Тілдік  бөлім:  Қазақ  тіліндегі  калька  сөздер. 
Неологизмдердің  емлесі.  Салалас  құрмалас  сөйлем.  Лексика:  Тақырып  бойынша 
лексикалық 
бірліктер. 
Қатысымдық 
сөйлесімдік 
бөлім: 
Тыңдалым. 
Өнертапқыштар, қалта телефоны, компьютер туралы ақпараттар. Қазіргі заманғы 
компьютерлердің  мүмкіндіктері  туралы  ақпараттар.  Оқылым.  Оқу  мəтіндері: 
өнертапқыштар,  қалта  телефоны,  компьютер  туралы  ақпараттық  мəтін. 
Компьютерлердің жетілдірілген мүмкіндіктері, компьютердің пайдасы мен зияны 
жайлы  баяндау,  хабарлау,  жарнама  сипатындағы  мəтіндер.  Компьютердің 
пайдасы  мен  зияны  туралы  диалогтік  мəтіндер.  Диалогтік  мəтіндер. 
Өнертапқыштар,  қалта  телефоны,  компьютер  туралы  туралы  сұхбат-мəтіндер. 
Айтылым.  Өнертапқыштар,  қалта  телефоны,  компьютер  туралы  уралы 
мəліметтер.  Жазылым.  Өнертапқыштар,  қалта  телефоны,  компьютерлер  туралы 
мəтін. Тілдесім. Өнертапқыштар, қалта телефоны, компьютері туралы пікірлесім. 
Қалта  телефоны  қызметі  туралы  пікірлесім-сұхбат.  Дүкен  қызметкерлерінен 
компьютер  түрлері  туралы  қажетті  мəліметтер  алу.  Мəдениетаралық  қарым-
қатынас бөлімі: Қазақ өнертапқыштары туралы мəтіндер); 
2) « Ғылым əлемінде»,  «Тəуелсіз Қазақстан ғалымдары» – 6 сағат  (Тілдік 
бөлім:  Термин  сөздер.  Лексика:  Тақырып  бойынша  лексикалық  бірліктер. 
Қатысымдық сөйлесімдік бөлім: Тыңдалым. Қазақстан ғылымының дамуы туралы 
ақпараттар.  Оқылым.  Оқу  мəтіндері:  қазақстан  ғалымдары  туралы  ақпараттық 
мəтін.  Диалогтік  мəтіндер.  Қазақстан  ғалымдары  туралы  сұхбат-мəтіндер. 
Айтылым.  Қазақ  ғылымы  жəне  ғалымдары  туралы  мəліметтер.  Жазылым. 
Тəуелсіз  Қазақстан  ғалымдарының  туралды  мəтін.  Тілдесім.  Қазақстан  ғылымы 
мен ғалымдары туралы тілдесім. Мəдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: Ғылым-
білім туралы мақал-мəтелдер, мəтіндер); 
3)  «Мен өз елімде жан-жақты білім ала аламын» – 10 сағат  (Тілдік бөлім:  
Публицистикалық  стиль.  Қысқарған  сөздердің  емлесі  мен  орфоэпиясы.  Лексика: 
Тақырып  бойынша  лексикалық  бірліктер.  Қатысымдық  сөйлесімдік  бөлімі: 
Тыңдалым.  Мұғалімнің,  сыныптастарының,  өзге  де  тілдесетін  адамдардың 
сөздеріндегі жəне үнтаспадан тыңдаған өз еліндегі оқу жүйесі туралы ақпараттар. 
Оқылым.  Оқу  мəтіндердегі  өз  еліндегі  оқу  жүйесі  туралы  жарнамалық, 
анықтамалық ақпараттар. Айтылым. Өз еліндегі оқу жүйесі туралы мəліметтерді 
айту.  Жазылым.  Өз  еліндегі  оқу  жүйесіне  байланысты  білетінін  мəтін  түрінде 
жазу. Сұрақтарға жауап жазу. Тілдесім. Ұсынылған тақырып бойынша сөйлесім. 
Өз  еліндегі  оқу  жүйесі  туралы  пікірлесім.  Білім  саласы  қызметкерлерінен  өзіне 
қажетті  мəліметтерді  сұрап  білу.  Мəдениетаралық  қарым-қатынас  бөлімі: 
Еліміздің оқу жүйесі туралы пікір алмасу).  
 
 

26 
 
4.
 
10-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын 
талаптар 
Пəндік нəтижелер 
 
27.  Лексика бойынша:  
1) берілген ойдың мазмұнына қарай қажетті сөздердің қолданылуын;  
2) фразеологизмдердің мағынасын дұрыс ажыратуды; 
3) мəтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтауды;  
4) 1 300 лексикалық бірліктің мағынасын білуі тиіс. 
28. Сөз құрамы мен сөзжасам бойынша: 
1) түбірлес сөздердің мағыналық байланысын;  
2) сөз таптарының сөзжасамдық ерекшеліктерін білуі тиіс. 
29. Грамматика бойынша: 
1) сөздердің түрлену формаларын; 
2) стилдің түрлерін білуі тиіс.  
30. Сөйлесім əрекетінің түрлері бойынша: 
1) тыңдалым: 
нақты, анық айтылған ақпараттардың мазмұнын түсіну;  
радио, телехабарларда берілетін жаңалықтарды түсіну;  
аудиоматериалдағы айтылған ойды анықтау дағдыларын;  
2) оқылым: 
əртүрлі тақырыптарда ұсынылған мəтіндерді оқып түсіну;  
оқылған мəтіннің негізгі мазмұнын түсініп, баяндау;  
мəтінді оқып, сұрақтарға жауап береді, мағыналық бөліктерге жіктей алу;  
ғылыми-көпшілік,  қоғамдық-саяси,  əлеуметтік-мəдени  тақырыптардағы 
материалдарды оқып талдау, ой қорыту дағдыларын меңгеруі тиіс; 
  3) айтылым: 
өзінің сезімдерін, көзқарасын, ой-пікірін, армандарын жеткізе алу;  
түрлі жағдаятқа сəйкес көзқарасын білдіру; 
затты, құбылысты суреттеп, сипаттап айта алу дағдыларын; 
   4) жазылым:  
өзінің алған əсері туралы қысқа, шағын əңгіме жазу;  
пунктуация ережелерін сақтау; 
ұсынылған  мəтіндер  бойынша  жоспар  түзу,  тезис  жазу  дағдыларын 
меңгеруі тиіс; 
  5) тілдесім:  
əртүрлі жағдаятта диалогтік, полилогтік сұхбаттарға қатысу;  
таныс жағдаяттарда сұхбатқа өздігінен араласу; 
үнтаспада  жазылған  сұрақтарды  тыңдап  түсіну,  сол  туралы  өз 
қөзқарасын білдіру;  
оқыған мəтін бойынша өз пікірін айту дағдыларын меңгеруі тиіс. 
 
 

27 
 
5.
 
11-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 
Пəндік нəтижелер 
 
31. Лексика бойынша:  
1) сөздің тура жəне ауыспалы мағынасын; 
2) синонимдік қатардан сөз таңдай;  
3) тұрақты тіркестер, мақал мен мəтелдер, афоризмдердің аражігін ажырата;  
4) омоним, антоним, синоним сөздердің қолданылу орындарын;  
5)  өндірістің,  ғылымның,  техниканың,  өнер  мен  мəдениеттің  даму 
нəтижесінде пайда болған ұғымдарды білдіретін терминдерді;  
6) лексикографиялық сөздіктерді қолдану тəсілдерін; 
7) 1 300 лексикалық бірліктің мағынасын білуі тиіс. 
32. Сөз құрамы мен сөзжасам бойынша: 
1) қосымшалардың түрлерін ажырата; 
2) туынды сөздердің түрлерін жіктей; 
3) қазақ тіліндегі сөзжасам тəсілдерін ажырата білуі тиіс.  
33. Грамматика бойынша: 
1) сөз таптарының грамматикалық категорияларын;  
2) сөз таптарының сөйлемдегі синтаксистік қызметін;  
3) құрмалас сөйлемнің түрлерін; 
4) құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің айырмашылықтарын; 
5) стилдің түрлерін білуі тиіс. 
34.Сөйлесім əрекетінің түрлері бойынша: 
1) тыңдалым: 
аудиотаспадан  тыңдалған  диалог  пен  полилогті  түсініп,  онда  айтылған 
сөз мазмұнын жеткізе білу;  
тақырып бойынша тыңдалған пікірге, ойға баға беру; 
радио, телеарналарда берілетін хабарлардың мазмұнын түсіну;  
аудиоматериалдағы айтылған ойды анықтау дағдыларын меңгеруі тиіс;  
 2) оқылым: 
мемлекеттік тілде жазылған құжаттарды оқып түсіну;  
мəтіннен өзіне керекті мəліметті бөліп ала білу; 
оқудың нақты мақсатына сай əртүрлі стильдегі мəтіндерден негізгі ойды 
ажырата алу дағдыларын меңгеруі тиіс; 
   3) айтылым: 
оқыған əңгіменің мазмұны, тақырыбы туралы айтып беру;  
өз  бетінше  газет-журнал  материалдарынына  шолу  жасап,  негізгі  ойды 
анықтай алу; 
интернет  желісінен  қажетті  ақпаратты  тауып,  оны  өз  сөзімен  баяндай 
алу дағдыларын меңгеруі тиіс; 
 4) жазылым: 
жеке адамға қатысты құжаттарды сауатты толтыру; 
ұсынылған тақырып бойынша шығармашылық сипатта мəтін құрай алу; 

28 
 
реферат жұмысында дəйексөздерді кіріктіру жəне əдебиеттерді рəсімдеу 
дағдыларын меңгеруі тиіс; 
 5) тілдесім: 
ұсынылған тақырып бойынша полилогқа қатысу; 
диалогтің түрлеріне сай пікірлесе алу;  
үнтаспадағы диалогті тыңдап, өз сөзімен айтып беру;  
нақты тақырыпта сұхбат құрастыра алу; 
əңгімені жалғастыру, пікір таластыру дағдыларын меңгеруі тиіс. 
 
 
6.
 
10-11-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын 
талаптар 
Тұлғалық нəтижелер 
 
35. 10-11-сынып оқушыларының: 
1) Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңына құрмет көрсетуінен; 
2) жоғары патриоттық сезімін көрсете білуінен; 
3)  мемлекеттік  тілді  білуінен,  қазақ  халқының  жəне  Қазақстан  аумағында 
өмір  сүріп  жатқан  басқа  да  ұлыстардың  тарихына,  мəдениетіне,  салт-
дəстүріне жəне басқа құндылықтарына құрметпен қарауынан; 
4)  адамдармен  қарым-қатынаста  жоғары  мəдениеттілік  танытуынан, 
этикалық нормаларды сақтай білуінен; 
5) өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға қабілеттілігінен; 
6) əлеуметтік ортаның ерекшеліктерін дұрыс бағалай алуынан көрінеді. 
 
 
7.
 
10-11-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын 
талаптар 
Жүйелі-əрекеттік нəтижелер 
 
36. 10-11-сынып оқушыларының: 
1) тақырыпқа қатысты айтылған ақпараттарды талдай, өңдей, жинақтай жəне 
қолдана білуінен; 
2) мемлекеттік тілдегі радио, теледидар хабарларын тыңдап, түсінуінен;  
3)  мəтіндерден  тура,  ауыспалы  мағыналы  сөздерді,  мақал-  мəтелдерді  таба 
алуынан  жəне  оларды  қажетіне  қарай  өзінің  сөйлеу  тілінде  орынды 
қолдануынан;  
4) өз арман-үміті, жоспарлары жайлы айта алуынан;  
5)  мəселеге  қатысты  өз  көзқарастары  мен  ұсыныстары  туралы  пікір  білдіре 
алуынан; 
6) заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгеруінен; 
7) коммуникативтік қабілеттілігі мен көптілді мəдениеттілігінен;  

29 
 
8)  күнделікті  жағдаяттарға  байланысты  өзгелермен  сұқбаттаса  алуынан; 
белгілі бір тақырып бойынша диалогке, полилогке қатыса алуынан; 
9)  тосын  сұхбаттарға  (отбасы,  хобби,  жұмыс,  саяхат  т.б.)  қатысып,  өз  ой-
пікірлерін білдіруінен;  
10)  тілдесім  əрекетінде  қазақ  тілінің  сөз  мəдениеті  нормаларын  сақтап 
қолдануынан;  
11)  тілдік  жағдаяттардың  ерекшелігіне  сай  қазақ  тіліндегі  этикеттік 
орамдарды орынды пайдаланып сөйлесе алуынан көрінеді. 
 
 
Учебная программа по предмету «Қазақ əдебиеті»  
(общественно-гуманитарное направление)  
 
 
1.
 
Түсінік хат 
 
2.
 
Оқу  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 2012 жылғы 23 
тамыздағы  №1080  Қаулысымен  бекітілген  орта  білім  берудің  (бастауыш,  негізгі 
орта,  жалпы  орта  білім  беру)  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартына  сəйкес 
əзірленген. 
 2.  «Тілдер  туралы», «Білім  туралы»  Қазақстан  Республикасының 
Заңдарының,  Қазақстан  Республикасындағы  тілдерді  дамыту  мен  қолданудың 
2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  негізінде  қазақ  тілді 
емесмектептерде қазақ тілін мемлекеттік тіл дəрежесінде меңгерту міндеттерінен 
туындайтын,  сондай-ақ  еліміздің  əрбір  оқушысы  қазақ  халқының  тілі,  əдебиеті, 
мəдениеті бойынша неғұрлым мол сусындап, оны тану жəне құрметтеу деңгейіне 
жетуіне оңтайлы жағдай тудыру қызметін орындаудан өріс алатын қағидаттар осы 
өзге  тілді  мектептерге  арналған  қазақ  əдебиеті  пəні  оқу  бағдарламасының 
негіздерін құрайды.  
3.  Қазақ  тілді  емесмектептердегі  оқушыларды  қазақ  халқының  төл 
туындыларымен  таныстыра  отырып,  олардың  бойында  мемлекеттік  тілді 
құрметтеу  мен  отансүйгіштік  сезімін  қалыптастыру  міндеті  туындап  отыр. 
Бағдарлама    қазақ  тілінде  еркін,  жетік  сөйлей  алатын  мəдениетті  тұлғаның 
қалыптасуы мен дамуына сай қажетті туындылардан құрылған. 
4.  Бағдарлама  қазақ  тілді  емес  мектептерге  арналғандықтан,  бұл 
сыныптарда  белгілі  бір  кезең  əдебиетінің  көрнекті  өкілдері  шолу  түрінде 
қарастырылып,  олардың  əдебиет  тарихында  алатын  орны,  шығармаларының 
идеялық-көркемдік  жетістіктері  нақты  атап  көрсетіледі.  Бір  жəне  одан  көп  сағат 
бөлінген  авторлар  шығармашылығын  оқыту  олардың  қысқаша  өмірбаяндарына, 
елеулі туындыларына жалпы сипаттамадан жəне ең бастысы туындысына талдау 
жасаудан тұрады.  
5.  Пəнді  оқыту  мақсаты – тəуелсіз  еліміздің  азаматы  ретінде  халықтың 
мəдениеті 
мен 
əдебиетін, 
өнерін 
танып 
білуге, 
сондай-ақ 
ұлттық 

30 
 
құндылықтарымызды  құрметтей  білетін  тұлға  қалыптастыру.  Оқушылардың 
туындыны  өз  бетінше  оқып,  түсініп,  əңгімелеу  дағдылырының  негіздерін 
меңгеруін қамтамасыз ету, адамгершілікке, отансүйгіштікке баули отырып, қазақ 
халқының  рухани  əлемімен,  мінез-құлқымен,  қоғамдық  өмірімен  таныстыру, 
көркем  шығармалар  негізінде  кеңейтілген  тілдік  ортаны  қазақ  тілінде  еркін 
сөйлеуге оқушыларды жаттықтыру үшін ұтымды пайдалану.  
6. Пəнді оқыту міндеттері:  
1)  белгілі  бір  кезеңдегі,  ХІХ  жəне  ХХ  ғасырдағы,  əдебиет  үлгілерімен 
таныстыру; 
2) сол кезеңнің көрнекті ақын-жазушылары туралы мəлімет беру; 
3) қазақ тілінде өз ойларын ауызша, жазбаша баяндауды меңгерту; 
4)  қазақ  əдебиеті  пəні  негізінде  оқушыларды  қазақ  халқының  тіліне, 
мəдениетіне, тарихына, салт-дəстүріне деген құрмет сезімін қалыптастыру; 
5)  оқушының  бойында  рухани-адамгершілік  мəндегі  құндылықтарды 
қалыптастыру, отансүйгіштік, төзімділік сезімдерін дамыту; 
6) оқыған шығармаларына қатысты  өзіндік ой-пікірлерін ашық айта білуге 
дағдыландыру; 
7) қазақ əдебиеті шығармаларын оқыту арқылы мектеп қабырғасында қазақ 
тілінің қолданылу аясын кеңейту. 
8. Оқыту үдерісінде «Қазақ əдебиеті» пəні төмендегі оқу пəндерімен тығыз 
байланыста оқытылады:
 
1) «Қазақ  тілі»:  филологиялық  ғылым  салаларын  байланыстыра  оқыту 
үздіксіз,  жүйелі  жүргізіледі,  бұл  арқылы  оқушылардың  сөйлеу  қабілеттерін 
дамыту, сөздік қорларын молайту жүзеге асырылады; 
2) «Орыс  əдебиеті»:қазақ  жəне  орыс  əдебиеттерін  өзара  байланыстыра 
оқыту  əдеби  көркем  шығармалардың  идеялық  мəнін  терең  ұғуға,  өзіндік 
ерекшеліктерін салыстыру арқылы ұлттық маңызын түсінуге мүмкіндік жасайды;   
3) «Қазақстан  тарихы»:əдебиет  пен  тарихты  байланыстыру  оқушылардың 
тарихи  шындықты  көркем  шығармада  бейнелеу  ерекшеліктерін  түсіну 
дағдыларын  қалыптастырады  жəне  оқушылар  нақты  мəліметтерді  талдай  алуға, 
өзіндік баға беруге үйренеді; 
4) «География»:көркем  шығармада  бейнеленген,  суреттелген  немесе 
оқиғалар өрбіген жердің географиялық ерекшеліктерін автор көзімен көруге, оны 
өзіндік байқауларымен, білімдерімен салыстыруға үйренеді;   
5) «Музыка»:əдеби шығарма мен музыканының ішкі иірімдерін салыстыра 
алуға дағдыланады, əннің идеялық-көркемдік жəне эстетикалық маңызын, ұлттық 
əн-əуендегі мазмұны мен талғамын түсінуге мүмкіндік береді; 
6) «Бейнелеу өнері»:əдебиет сабақтарында бейнелеу өнерінің туындыларын 
пайдалану  оқушылардың  кейіпкер  бейнесі  мен  оқиғаларды,  жалпы  суреттелген 
мəселелерді көзбен көре, терең сезінулеріне мүмкіндіктер жасайды; 
9.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 
стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сəйкес оқу жүктемесінің көлемі: 
1) 10-сыныптааптасына 1 сағаттан, барлығы – 34 сағат; 

31 
 
2) 11-сыныпта аптасына 1 сағаттан, барлығы – 34 сағатты құрайды; 
10.  Пəнді  оқытудың  вариативті  бөлігі  қосымша  оқу  бағдарламасы  арқылы 
білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде жүзеге асады. 
 
 
2.
 
Оқу пəнінің 10-сыныптағы базалық білім мазмұны 
 
11. 10-сыныпта  «Қазақ  əдебиеті»  пəнін  оқытуға 34 сағат  бөлінген,  оның 
ішінде, шығармаларды оқып, талдауға – 30 сағат, шығармашылық жұмыстарға -2 
сағат, сыныптан тыс оқуға – 2 сағат.  
12. Курстың мазмұны мынадай тақырыптарды қамтиды:  
1) XIX ғасырдың  бірінші  жартысындағы  əдебиет,  жалпы  шолу  −1  сағат 
(XIX  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  қазақ  елінің  тарихи-əлеуметтік  жағдайы. 
Кенесары Қасымов, Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс 
туралы. Қазақ еліндегі тарихи-əлеуметтік жағдайлардың қоғамдық санаға ықпалы. 
Қазақ  даласындағы  өмір  құбылыстарын  өлең,  жыр,  толғауларына  арқау  еткен 
қазақ  поэзиясының  көрнекті  өкілдері  Байтоқ,  Жанұзақ,  Шернияз,  Алмажан 
туралы.  ХІХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  қазақ  əдебиеті  тарихында  əртүрлі 
ағымдардың  пайда  болуы. «Зар  заман»  ақындарының  шығармаларына  ортақ 
сарын); 
əдебиет теориясы:романтизм; 
пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, орыс əдебиеті; 
2)  Дулат  Бабатайұлы«Аягөз»  өлеңі  мен  «Еспембет»  дастаны-2  сағат 
(Ақынның  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы  мəлімет.Дулат – ХІХ  ғасырдың 
орта  кезіндегі  қазақ  поэзиясын  мазмұн,  тақырып,  түр  жағынан  байыта  түскен, 
көркемдік  тəсіл  тұрғысынан  жаңа  сатыға  көтерген  ірі  ақын.Дулат  өлеңдеріндегі 
адам  образдары,  табиғат  бейнесі. «Аягөз»  өлеңінің  тақырыбы  мен  көркемдік 
ерекшелігі,  тіл  оралымы.«Еспембет»  дастанының  сюжеттік  маңызы.  Дастандағы 
Еспембет  образын  сомдаудағы  ақындық  тəсілдер  (жанама  мінездеу,  суреттеу). 
Еспембет  дастанындағы  соғыстың  жалпы  панорамасы,  сол  сияқты  жеке 
көріністерді, жекпе-жек ұрыстарды сипаттаудағы ақындық шеберлік. Дастандағы 
Ақбөрте тұлпардың образы. Дулат жырларының көркемдік ерекшеліктері); 
əдебиет теориясы:мінездеу, суреттеу; 
пəнаралық байланыс: Қазақстан тарихы; 
өзіндік ізденіс жұмыстары: «Бес ғасыр жырлайды» кітабы; 
3)  Махамбет  Өтемісұлы  «Ереуіл  атқа  ер  салмай», «Мұнар  күн», «Қызғыш 
құс»  өлеңдері-2  сағат  (Ақынның  өмір  сүрген  дəуірі.  Халықтың  арман-тілегі. 
Махамбет  жырларындағы  Исатай  мен  ақынның  өз  бейнесі.  Поэзиясындағы 
реалистік,  романтикалық  сипат.  Көркемдік  ерекшелігі  мен  жанры.  Ақын 
шығармаларының қазақ əдебиеті тарихындағы орны. Махамбеттің «Ереуіл атқа ер 
салмай», «Мұнар күн», «Қызғыш құс», өлеңдері – ұрпақтан-ұрпаққа ұлттық сана-
сезім  мен  отаншылдықты  жалғастыратын,  елдік  пен  ерлік  дəстүрін  ұқтыратын 
шығармалар.  Өлеңдерінде  өзінің  ақындық,  батырлық  болмысы,  жан  дүниесі, 

32 
 
мақсат-мұратының жан-жақты көрінуі. Өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері мен 
тіл айшықтары); 
əдебиет  теориясы:ассонанс,  символ,  аллитерация,  параллелизм,  метафора, 
риторикалық сұрақ.  
пəнаралық 
байланыс: 
Қазақстан 
тарихы, 
музыка 
(Құрманғазы. 
«Кішкентай»). Электрондық оқулық (Махамбет туралы телесабақ) ; 
4)  Шортанбай  Қанайұлы.«Зар  заман»  толғауы1  сағат  (Түркістан  қаласы 
маңында дүниеге келген суырыпсалма ақынның шығармаларында ХІХ ғасырдың 
орта  тұсындағы  патша  үкіметінің  қазақ  даласын  отарлау  саясатынан  туындаған 
əлеуметтік  өмірдің  шынайы  суреттелуі. «Зар  заман»  толғауында  шарасыздық 
күйге  түсу,  келер  күннен  жамандық  күту,  болашақтан  үміт  үзу  идеясының 
басымдығы); 
əдебиет теориясы: эпитет, теңеу, метафора, синекдоха; 
5)  Сүйінбай  Аронұлы  «Бөрілі  менің  байрағым», «Бала  Жамбылға  батасы» 
өлеңдері-2  сағат  (Сүйінбай  Аронұлы – қазақтың  ХІХ  ғасырдағы  көрнекті 
ақындарының  бірі,  ақындық  айтыстың  ірі  өкілі.  Сүйінбай – қазақ  поэзиясын 
мазмұны, түрі, тақырыбы жағынан байытуда өзіндік орны бар ақын. Ол – халық 
мұңын  мұңдап,  үстем  тап  өкілдерінің  əділетсіздігін  бетіне  басып  əшкерелеп 
отырған  батыл  да  əділ  сыншы. «Бөрілі  менің  байрағым» - елдік  пен  ерлік,  елдік 
рух  тақырыбына  арналған,  ерліктің  əнұраны  іспеттес  өлеңі. «Бала  Жамбылға 
батасы» өленінің көркемдік ерекшелігі мен идеясы); 
 əдебиет теориясы:теңеу,əсірелеу; 
6)  Майлықожа  Сұлтанқожаұлы,  Қашаған  Күржіманұлы,  Алмажан 
Азаматқызы,  Мұрат  Мөңкеұлы  −1  сағат  (ХІХ  ғасыр  поэзиясы – өз  дəуірінің 
шындық  жайларын  жинақтап  қамтыған  көркемдік  шежіре.  Осы  кезеңде  өмір 
сүрген  ақындар  шығармаларында  замана  шындығының  көрінісі,  елдік,  ізгілік, 
адамгершілік  тақырыптары,  сарындастық  пен  талант  ерекшеліктері.  Ақындар 
шығармаларынан  көрінетін  терең  ойшылдық  пен  өткір  сықақшылдық.  Ең 
бастысы,  қоғамдағы  əділдікті,  халықтың  бақытты  болашақ  өмірін  аңсауы); 
Əдебиет теориясы:троп түрлері; 
7)  Шоқан  Уəлиханов  «Ыстықкөл  күнделігі», «Қазақ  халық  поэзиясының 
түрлері»  зерттеу  еңбектері-2  сағат  (Шоқанның  өмірі  мен  шығармашылығы. 
Шоқан – қазақ халқының тұңғыш талантты ғалымы, əдебиет зерттеушісі. Шоқан – 
қазақ,  қырғыз  ауыз  əдебиетін  жинап  зерттеуші,  талантты  ғалым,  публицист, 
саяхатшы-географ. «Ыстықкөл  күнделігі» - қырғыз  елін  жете  зерттеуге 
қатысуынан, 
Ыстықкөл 
аймағының 
картасын 
түсіруге 
тиіс 
болған 
экспедициясының барысынан туындаған еңбегі); 
пəнаралық  байланыс:Қазақстан  тарихы,  география,  орыс  əдебиеті,  театр 
(С.Мұқанов «Шоқан Уəлиханов» пьесасы) ; 
8)  Ыбырай  Алтынсарин«Өнер,  білім  бар  жұрттар», «Əке  мен  бала», 
«Талаптың  пайдасы»  əңгімелері  -2  сағат  (Ы.Алтынсариннің  өмірі  мен 
ағартушылық  қызметі.  Оның  жазушылық  өмірінің  ағартушылық  идеясына 
өзектестігі,  демократиялық-ағартушылық  көзқарасының  қалыптасуы. «Өнер, 

33 
 
білім  бар  жұрттар»  өлеңінде  оқудың,  ғылым-білімнің  пайдасының  баяндалуы. 
Ыбырай – қазақ балалар жазба əдебиетін дамытушы жəне қазақ əңгіме жанрының 
негізін  қалаушы. «Əке  мен  бала»  əңгімесінің  тəрбиелік  жəне  тəлімдік  мəні. 
Мазмұнының  өнегелік  жағына  ерекше  мəн  берілуі.  Əңгімелерінің  көркемдік 
ерекшелігі); 
 əдебиет теориясы:əңгіме туралы түсінікті дамыту; 
9) Абай Құнанбайұлы«Ғылым таппай мақтанба», «Əсемпаз болма əр неге», 
«Білімдіден  шыққан  сөз», «Өлсем,  орным  қара  жер  сыз  болмай  ма?»  өлеңдері, 
«Қараңғы түнде тау  қалғып», «Теректің сыйы», «Татьянаның хаты», «Онегиннің 
хаты»  аудармалары -6 сағат    (Абайдың  өмірі  мен  шығармашылық  жолы.  Ұлы 
ақын  өлеңдерінің  құдіреті  туралы,  Абайдың  қазақ  поэзиясына  енгізген 
жаңалықтары. Ақынның тіл байлығы. «Ғылым таппай мақтанба», «Əсемпаз болма 
əр  неге», «Білімдіден  шыққан  сөз», «Өлсем,  орным  қара  жер  сыз  болмай  ма?» - 
жас  ұрпаққа  деген  аталық  мейірден,  үміт  пен  сенімнен  туған  өсиет  өлеңдері. 
Өлеңдерінің  негізгі  идеясы - ғылымды  меңгеруді,  адам  бойында қайырымдылық 
пен  адалдық,  қайрат  пен  ақылдың  болуын  насихаттау  жəне  жат  қылықтардан 
бойын аулақ ұстау. Абай шығармашылығындағы аударманың орны. Абай өзі өте 
жоғары  бағалап,  сүйіп  оқыған  Пушкин,  Лермонтов,  Крылов  туындыларын 
қазақша сөйлетуі); 
 əдебиет теориясы:лирика ұғымын кеңейту; 
пəнаралық  байланыс:музыка,  «Абай»  операсынан  фрагменттер,  бейнелеу 
өнері  (Ə.Қастеев  «Жас  Абай»),  электрондық  оқулық («Дара  Абай – Дана  Абай» 
телесабақ) ; 
10)  Шəкəрім  Құдайбердіұлы  «Еңлік-Кебек»  дастаны-1  сағат  (Шəкəрімнің 
өмірі мен шығармашылық жолы. Түрік, араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгеруі, 
дүниежүзі  мəдениетімен  таныс  болуы.  Шəкəрімнің  өнер-  білім,  адамгершілік, 
болашақ,  махаббат  туралы  лирикалық  өлеңдері.«Еңлік-Кебек»  дастаны – 
эпикалық  жанрда  жазылған  көлемді  шығармасының  бірі.  Дастанда  ақынның 
демократиялық-гуманистік  көзқарасының  көрінуі,  кейіпкерлер  бейнесін  даралап 
берудегі  шеберлігі  поэма  оқиғасының  терең  драматизмге  құрылуы.  Ел  ішіндегі 
оқиға  желісінің  поэмаға  басты  арқау  болуы.  Дастандағы  батыр  Кебек  пен  сұлу 
қыз Еңліктің бейнелері); 
əдебиет теориясы:дастан туралы ұғым; 
пəнаралық  байланыс:  театр («Еңлік-Кебек»  пьесасы,  кино («Шəкəрімнің 
соңғы күзі)» ;  
11)  Мəшһүр  Жүсіп  Көпейұлы«Сарыарқаның  кімдікі  екендігі»  шығармасы 
−2  сағат  (Мəшһүр  Жүсіп  Көпейұлы – ақын,  ақылгөй,  данышпан,  философ. 
Шығармаларында  орын  алған  білім,  жер  мəселесі,  сөз  бостандығы  жəне  халық 
бостандығы  мəселелері.  Өлеңдерінің  басты  тақырыбы  мен  идеясы  жастарды 
оқуға,  білім  алуға,  өнерге  ұмтылу  мен  оқып  жетілу,  мəдениетті  күшті  ел  болуға 
үндеу  болып  табылады.  Мəшһүр  Жүсіптің  халық  ауыз  əдебиетінің  көптеген 
үлгілерін – дастандар  мен  хикаяларды,  тарихи  жырларды    «Ер  Көкше», «Сайын 

34 
 
батыр»,  т.б.  жинап,  Бұқар  жырау,  Шортанбай,  Шөже,  т.б.  ақын-жыраулардың 
əдеби мұрасын хатқа түсіріп қалдыруы); 
əдебиет теориясы:дастан туралы ұғымды дамыту,риторикалық сұрау; 
12)  Мағауия  Құнанбаев  «Медғат – Қасым»  поэмалары-1  сағат  (Өмірі  мен 
шығармашылығы. Əкесі Абайдың əсерімен орыстың классикалық əдебиетін оқып, 
үлгі алуы. Абайдың берген материалдары жəне кеңесі бойынша «Еңілік – Кебек», 
«Медғат – Қасым» поэмаларын жазуы.Мағауия – қазақ əдебиетіне романтикалық 
поэманың  үлгісін  енгізуші. «Медғат – Қасым» - қазақ  жазба  əдебиетіндегі  өзге 
халық  өмірінен  жазылған  көркемдігі  жоғары,  алғашқы  романтикалық  поэма. 
Поэманың композициясы, бейне жасау тəсілдері, тілдік кестесі); 
 əдебиет теориясы:романтизм;   
13)  Жамбыл  Жабаев  «Шағым»  өлеңі, «Жамбыл  мен  Құлмамбет  айтысы»-2 
сағат  (Жамбылдың  өмірі  мен  шығармашылығы  туралы.  Өлеңдерінің  көркемдік 
сипаты.  Сыншылдық-сатиралық  сарын. «Шағым» – Жамбылдың  ақындық 
жолындағы кедергілерді жеңуге деген қайсарлығын жəне ақындық айтқыштығын 
танытатын  алғашқы  өлеңдерінің  бірі.  Жамбылдың  Құлмамбетпен  айтысы.  Іле 
бойындағы  үлкен  бір  жəрмеңкеде  ақындардың  кездесіп,  бір-бірімен  айтысуы. 
Ақындардың  өз  кезінің  əлеуметтік  өткір  мəселелерін  көтерумен,  халықтық, 
гуманистік 
сипатымен, 
образды 
өлең 
өрнегімен, 
идеялық-мазмұндық 
жаңалықтарымен ерекшеленуі. Басқа айтыстардан айырмашылығы); 
 əдебиет теориясы:сатира туралы ұғымды кеңейту; 
пəнаралық  байланыс:тарих,  тіл  білімі,  кино («Жамбылдың  жастық  шағы», 
1996 ж. Сценарий авторы М.Жолдасбеков; режиссері Қ.Қасымбеков); 
14)  ХІХ  ғасырдағы  əнші-ақындар  шығармашылығы  жалпы  шолу-4  сағат 
(ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі əнші-ақындар шоғыры. Жаяу 
Мұса,  Мұхит,  Үкілі  Ыбырай,  Балуан  Шолақтар – тума  талант,  табиғи  дарын 
иелері. Олардың поэзия, музыка саласындағы мол мұрасы. Біржан сал, Ақан сері, 
Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Мұхит, Əсет, Үкілі Ыбырай, Естайлардың əрқайсысы 
əуен-сазын өзі шығарған аса көрнекті сазгер, өзі орындайтын ұлы əнші, өлеңдерін 
де  өзі  тудырған  тамаша  ақындар.  Біржан  сал:«Лəйлім» «Жанбота», «Көкек», 
«Жамбас  сипар»  өлеңдері;  Ақан  сері:«Сырымбет», «Балқадиша», «Маңмаңгер», 
«Жайықтың  ақ  түлкісі», «Ақ  көйлек», «Жақсы  мен  жаман», «Лəйлім  шырақ», 
«Құлагер»; Жаяу Мұса:«Сұрша қыз», «Ақ сиса», «Көгаршын», «Хаулау»; Балуан 
Шолақ:«Ғалия», «Желп-желп», «Кенже 
қоңыр», «Дікілдек»; 
Үкілі 
Ыбырай:«Гəкку», «Шалқыма», «Қалдырған»; Əсет Найманбаев:«Арғынмын, атым 
– Əсет арындаған», «Тоты», «Қор болмас зерек адам ақылы бар», «Адамның жасы 
жөнінде»); 
15) қорытынды – 1 сағат. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет