№
Тақырыптары
Мақсаты
Негізгі меңгеретін
сөздері
Сағат
саны
1
Балабақша
Балабақша жайлы жаңа сөздермен
таныстыру,
сөздік
қорларын
молайту
тәрбиеші, күтуші,
аспаз
1
2
Отбасы
Отбасы ұғымымен таныстыру, өз
отбасылары туралы қазақ тілінде
айта білуге үйрету
ана, әке, ата, әже
1
3
Ойыншықтар
Ойыншық атауларын қазақ тілінде
айтқызу, оларды көрсету арқылы
есте сақтау қабілеттерін дамыту
қуыршақ, қонжық,
мәшине
1
4
Күз мезгілі
Жаңа сөздермен таныстыру арқылы
дыбыстарды дұрыс айта білуге
үйрету, сөздік қорларын байыту
жапырақтар,
ағаштар, сарғаяды
1
5
Көкөністер
Күз мезгілі туралы әңгімелеу,
көкөніс атауларымен таныстыру
қияр, пияз және т.б.
1
6
Жемістер
Балаларға жеміс атауларын қазақша
үйрету арқылы қызығушылықтарын
арттыру
алма, алмұрт және
т.б.
1
7
Қыс мезгілі
Балаларға қыс мезгілі жайлы
әңгімелеу, қысқа өлең шумақтары
арқылы есте сақтау қабілеттерін
арттыру
қар, аяз, ақша қар
1
8
Жаңа жыл
Жаңа
сөздер
арқылы
сөздік
қорларын дамыту, сөздерді дұрыс
айтуға дағдыландыру
жаңа жыл, аяз ата,
ақшақар
1
9
Үй жануарлары
Үй
жануарларының
атауларын
айтқызу арқылы қазақ тіліне тән
дыбыстардың дыбысталуын үйрету
ит, мысық, жылқы,
сиыр, қой, ешкі
1
10 Суретпен жұмыс
Әртүрлі суреттер көрсету арқылы,
оларды айта білуге, өз ойларын еркін
жеткізе білуге үйрету
қарындаш,
бояу,
қағаз
1
11 Үй құстары
Үй құстарының атауларын үйрету
арқылы жаңа сөздерді меңгерту, есте
сақтау қабілеттерін арттыру
тауық, қаз, үйрек
1
12 Дала құстары
Үй құстары мен дала құстарының
атауларын ажырата білуге үйрету
торғай, сауысқан,
қарға
1
13 Көктем
Көктем мезгілі туралы әңгімелей
білуге, сөздерді дұрыс қолдануға, өз
ойларын еркін айта білуге үйрету
қар
еріді,
күн
жылынды
1
14 Наурыз мейрамы
Наурыз мейрамы туралы әңгімелеу,
есте сақтау қабілеттерін дамыту
наурыз,
наурыз
көже, бидай, тары
1
15 Менің Астанам
Астана жайлы әңгімелеу арқылы
елін, Отанын сүюге тәрбиелеу
бас қала, ғимарат,
көше
1
16 Өзі жайлы әңгіме
Өздері жайлы әңгімелей білуге, өз
ойларын еркін жеткізуге үйрету
мен, менің, біз,
біздің
1
24
17 Санамақтар
Санамақтарды жатқа айта білуге
үйрету
арқылы
есте
сақтау
қабілеттерін арттыру
бір, екі, үш, төрт,
бес
Кері санау
1
18 Өткенді қайталау
Өткен тақырыптарды еске түсіре
отырып өз ойын еркін жеткізе білуге
үйрету
1
Барлығы: 18 сағат
Ортаңғы топ (4 жастан 5 жасқа дейін)
№
Тақырыптары
Мақсаты
Негізгі меңгеретін
сөздері
Сағат
саны
1
Балабақшада
Жаңа сөздермен таныстыру арқылы
сөздік қорларын молайту, есте
сақтау қабілеттерін арттыру
тәрбиеші, күтуші,
әдіскер,
аспаз,
меңгеруші
1
2
Менің отбасым
Өз отбасылары туралы әңгімелей
білуге үйрету
ана, әке, ата, әже,
іні,
аға,
әпке,
қарындас
1
3
Менің
ойыншығым
Қазақ тіліне тән дыбыстарды
ажырата білуге үйрету
қуыршақ, қонжық,
мәшине,
жұмсақ
ойыншықтар, аю
1
4
Алтын күз
Күз мезгілі туралы әңгімелей
отырып, түстерді ажырата білуге
үйрету
жапырақтар,
ағаштар, сарғаяды,
жаңбыр, жел
1
5
Киімдер
Күнделікті киетін киімдерін атай
білуге, ажырата білуге үйрету
аяқ киім, бас киім,
көйлек,
шалбар,
тон, қолғап
1
6
Дене мүшелері
Жаңа сөздерді меңгерте отырып,
дене
мүшелерін
атай
білуге
дағдыландыру
бас, көз, құлақ,
мұрын, ауыз, бет,
қол, аяқ
1
7
Менің Отаным –
Қазақстан
Туған елін, жерін, Отанын сүюге
тәрбиелеу
Туған жер, Отан,
табиғат
1
8
Қыс мезгілі
Жыл мезгілдерін суреттей отырып,
қыс
мезгілінің
ерекшеліктерін
айтуға,
табиғатты
қорғауға
тәрбиелеу
Қар жауды, күн
суық, аяз, қалың
киім
1
9
Жаңа жыл
Жаңа сөздерді меңгерте отырып,
тілге деген қызығушылықтарын
арттыру
жаңа жыл, аяз ата,
ақша
қар,
сыйлықтар
1
10
Суретпен жұмыс Суреттер
көмегімен
сұрақтарға
жауап бере білуге, өз ойларын еркін
жеткізе білуге үйрету
қарындаш,
бояу,
қағаз, қалам
1
11
Азық-түлік
Күнделікті тұрмыста пайдаланатын
азық-түлік
атауларын
қазақша
атауға дағдыландыру
Нан, май, ет, сүт,
айран, шырын, қант
1
12
Тағамдар
Дұрыс тамақтанудың адам ағзасы
үшін пайдасын түсіндіру
Ыстық
тамақтар,
сорпа, тұшпара
1
25
13
Көктем келді
Көктем мезгіліндегі ерекшеліктерді
ажырата білуге, табиғатты сүюге
тәрбиелеу
Күн жылынды, жер
көгерді,
ағаштар
бүршік жарды
1
14
Наурыз мейрамы Наурыз мейрамы туралы әңгімелей
отырып, сөздік қорларын, тілдерін
дамыту
наурыз,
наурыз
көже, бидай, тары
1
15
Менің аулам
Өз аулалары туралы әңгімелей
білуге, сұрақтарға жауап бере білуге
үйрету
Аула, балалар, доп,
алтыбақан, турник
1
16
Санамақтар
Қуырмаш өлеңін үйрету арқылы
қазақша санай білуге дағдыландыру
Бір, екі, үш, төрт,
бес, алты, жеті,
сегіз, тоғыз, он
Кері санау
1
17
Үй жануарлары Үй жануарларын, олардың төлдерін
қазақша атай білуге үйрету
Сиыр, бұзау, ешкі,
қой, қозы
1
18
Қайталау
Өткен тақырыптарды еске түсіру, өз
ойларын еркін жеткізе білуге
дағдыландыру
1
Барлығы: 18 сағат
Ересектер тобы (6 жас)
№
Тақырыптары
Мақсаты
Негізгі меңгеретін
сөздері
Сағат
саны
1
Менің
балабақшам.
Балабақша
бөлмелері
Сөздік
қорларын
дамыту,
байланыстырып
сөйлеуге
дағдыландыру
тәрбиеші, күтуші,
жаттығу
жұмыстары, бөлме,
жұмыс бөлмесі
2
2
Отбасы
мүшелері. Менің
отбасым
Өз отбасылары туралы әңгімелей
білуге және сұрақтарға жауап бере
білуге үйрету
ана, әке, ата, әже,
іні,
аға,
әпке,
қарындас, туысқан
2
3
Біздің
ойыншықтары-
мыз.
Менің
ойыншығым
Қазақ тіліне тән дыбыстарды
ажырата
білуге
үйрету,
ұқыптылыққа тәрбиелеу
қуыршақ, қонжық,
мәшине, жұмсақ
ойыншықтар, аю
2
4
Алтын күз.
Көкөністер
Күз мезгілі туралы әңгімелей
отырып, өз ойларын еркін жеткізе
білуге үйрету
жапырақтар,
ағаштар, сарғаяды,
жаңбыр, жел
2
5
Үй жануарлары.
Жайлауда
Қазақ халқы үшін төрт түліктің
маңыздылығы туралы мағлұмат бере
отырып, мақал-мәтелдер, жұмбақтар
арқылы тілдерін жаттықтыру
Сиыр, жылқы, қой,
ешкі, жайлауда, мал
бағады, бақташы,
малшы, шопан
2
6
Жеміс-жидектер Жаңа сөздерді меңгерте отырып,
жеміс-жидектерді
атай
білуге
дағдыландыру
Алма,
алмұрт,
жүзім,
анар,
бүлдірген, қарақат
2
7
Менің – Отаным!
Мемлекеттік
рәміздер
Туған елін, жерін құрметтеуге,
мемлекеттік рәміздерді қадірлеуге
тәрбиелеу
Туған жер, Отан, ту,
елтаңба,
әнұран,
көгілдір, шаңырақ,
уық, қанатты пырақ
2
26
8
Қазақтың ұлттық
ойындары
Ұлттық ойындарды ойнату арқыыл
ойлау, есте сақтау қабілеттерін
дамыту, топпен жұмыс істеуге
жұмылдыру,
ауызекі
сөйлеуге
дағдыландыру
Алтыбақан,
қыз
қуу, тоғызқұмалақ,
тақия
тастамақ,
бәйге
2
9
Ертегілер елінде Қазақ ертегілерін басқа халық
ертегілерімен салыстыру арқылы
тілге деген қызығушылықтарын
арттыру
Ер
Төстік,
Саққұлақ, Таусағар,
Көлтауысар,
жезтырнақ,
қу
түлкі, т.б.
2
10 Жаңылтпаштар
Жаңылтпаштарды үйрету арқылы
тілдерін дамыту, тіл мәдениетін
жетілдіру
Жаңылтпаш, тілді
үйрету, жаңылдыру
2
11 Аңдар. Орманға
саяхат
Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс
айта білуге дағдыландыру, жан-
жануарларды, табиғатты қорғауға
тәрбиелеу
Аю, қасқыр, түлкі,
қоян, ну орман,
құстардың дауысы
2
12 Байтақ дала.
Суреттеме
жұмбақтар
Сөздік қорларын, сөйлеу стилін
қалыптастыру
Байтақ, кең, үлкен,
табиғат, тау, су,
аспан, орман, тоғай
2
13 Қазақстан
-
тәуелсіз
мемлекет.
Қазақстан
қалалары
Отанына,
Туған
еліне
деген
патриоттық
сезімдерін
қалыптастыру
Егеменді, тәуелсіз,
дамушы
елдер,
Астана,
Алматы,
Семей,
Талдықорған,
Қарағанды т.б.
2
14 Қысқы табиғат.
Қыс қызығы
Жыл мезгілдерін суреттей отырып,
қыс мезгілдерінің ерекшеліктерін
айтуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу
Қыс, аяз, мұз, суық,
сырғанақ, шаңғы,
шана
2
15 Күн
тәртібім.
Оқып
білім
аламыз
Күн
тәртібі,
балабақшадағы
сабақтары, үйренгені, білгені туралы
әңгімелей білуге дағдыландыру
Таңертең, ерте,
жуынамын,
жаттығу жасаймын,
киінемін,
балабақшаға
барамын
2
16 Ойыншықтар
дүкені. Қуыршақ
театры
Сөздік
қорларын
молайту,
байланыстыра
сөйлей
білуге
дағдыландыру
Қуыршақ,
пойыз,
паравоз, түрлі түсті
ойыншықтар
2
17 Жаңа жыл.
Суретпен жұмыс
Жаңа жыл туралы әңгімелей білуге,
суреттер
көмегімен
сұрақтарға
жауап бере білуге, өз ойларын еркін
жеткізе білуге үйрету
Аяз ата, ақшақар,
сыйлықтар, тарту
етті,
әдемі,
өте
қызықты
2
18 Қазақ
батырлары.
Ерлігің естен
кетпес
Қазақ батырларының ерлігімен,
батырлығымен таныстыру арқылы
ерлікке, ержүректікке тәрбиелеу
батыр, ер, жау,
соғыс,
ерлік
көрсетті
2
19 Ғарышкерім –
намыскерім.
Мен – ұшқыш
боламын!
Қазақ ғарышкерлерімен таныстыру
арқылы ой-өрісін, қиялын дамыту
тұңғыш ғарышкер,
ғарыш
кемесі,
ғарыш, т.б.
2
27
20 Салауатты өмір
салты.
Шынығамыз,
шымыр
боламыз!
Денсаулықтың пайдасы туралы
әңгімелей
отырып
тазалыққа,
ұқыптылыққа тәрбиелеу
Денсаулық, жүгіру,
шынығу, таза ауада
демалу
2
21 Азық-түлік.
Дүкенде
Азық-түліктерді қазақаша атауға
дағдыландыру
Айран, сүт, қант,
кәмпит, нан, май,
сатып
алды,
сатушы, ақша, тиын
2
22 Тағамдар.
Қазақтың ұлттық
тағамдары
Ұлттық тағамдармен таныстыра
отырып сөздік қорларын, сөйлеу
дағдыларын қалыптастыру
Асылған ет, қазы,
қарта,
қымыз,
шұбат
2
23 Ұлттық киімдер.
Ұлттық
киімдердің
ерекшелігі
Қазақтың салт-дәстүрлерін, ұлттық
құндылықтарын құрметтей білуге
тәрбиелеу
Сәукеле,
бөрік,
кимешек,
шапан,
ішік, тымақ, тақия
2
24 Дене мүшелері.
Тазалық -
денсаулық кепілі
Сөйлеу қабілеті мен танымдық
деңгейлерін арттыру, дұрыс сөйлем
құра білуге дағдыландыру
Бас, қол, аяқ, ауыз,
көз, мұрын, құлақ,
жуыну,
шомылу,
тісті тазалау
2
25 Қош келдің
көктем!
Суретпен жұмыс
көктемгі табиғатпен таныстыру
арқылы
шығармашылық
ойлау
қабілеттерін арттыру және ішкі
сезімдерін суреттер арқылы дамыту
Күн жылынды, қар
еріді, жер көгере
бастады,
ағаштар
бүршік жарды, т.б.
2
26 Армысың, әз-
Наурыз!
Наурыз айының ерекшелігі туралы,
бұл айдағы мерекелер туралы
әңгімелей отырып сөздік қорларын
дамыту,
тілдік
дағдыларын
қалыптастыру
Наурыз айы, күн
мен түн теңеседі,
жаңа жыл, наурыз
көже, т.б.
2
27 Жаттығу
жанның тынысы.
Ойнаймыз да,
ойлаймыз!
Бой сергіту барысында қимыл-
қозғалыстарын
өлең
жолдары
арқылы айтқыза отырып тілдерін
дамыту
Өлеңдер,
тақпақтар, жаттау,
тілді жаттықтыру,
бой сергіту, т.б.
2
28 Санамақтар.
Бала тілі – бал
Қуырмаш өлеңін үйрете отырып
достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Қуыр,
қуыр,
қуырмаш,
қолыңды аш, бас
бармақ,
балаң
үйрек,
ортаңғы
терек,
шылдыр
шүмек, кішкентай
бөбек
2
29 Көрікті көктем.
Құстар біздің
досымыз
Табиғатты
қорғауға,
құстарды
аялауға үйрету
Табиғатты қорғау,
аялау,
құстарды
қорғау,
жыл
құстары
2
30 Ән көңілдің
ажары
Қазақ халқының ән-күйлерін
бойларына сіңіру арқылы өнерге
деген қызығушылықтарын арттыру
Ән, күй, халық
әндері, т.б.
2
31 Қазақтың ұлттық
аспаптары
Әр аспаптың шығу тарихы, жасалу
ерекшелігі туралы түсіндіру, есте
сақтау қабілеттерін дамыту
Домбыра, жетіген,
сазсырнай, қобыз,
қылқобыз
2
28
32 Табиғатты
аялайық. Менің
аулам
Табиғаттағы жанды-жансыз
заттарға қамқорлық жасауға баулу,
өз аулалары туралы әңгімелей
білуге дағдыландыру
Аулада ойнаймыз,
серуендейміз,
қыдырамыз, т.б.
2
33 Алақай, жаз
келді! Суретпен
жұмыс
Жаз мезгілі туралы әңгімелеу, тілге
деген қызығушылықтарын арттыру
Күн ыстық, өзенге
шомыламыз,
бассейнге барамын,
саябақ, демаламыз,
теңіз жағалауы
2
34 Әріптер әлемі.
Біз мектепке
барамыз
Білім-білік дағдыларын дамыту, өз
ойларын еркін жеткізе білуге үйрету
Әріп,
дыбыс,
жазылуы, айтылуы,
санаймыз
2
35 Біз қазақша
сөйлейміз. Қош
бол, сүйікті
балабақшам!
Өз ойларын еркін жеткізе білуге
дағдыландыру
өлеңдер
жаттау,
ертегіні әңгімелеу,
мақал-мәтелдер,
жаңылтпаштар,
жұмбақтар
2
36 Диагностика.
Қайталау
Жыл
бойы
өткенді
қайталау,
баланың тілді меңгеру деңгейін
қорытындылау
2
Барлығы: 72сағат
Күтілетін нәтиже
Екінші сәбилер тобы:
- екінші сәбилер тобындағы балаларға қарапайым сөздерді меңгерту арқылы
сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыру;
- күнделікті тұрмыста айналадағы заттардың атын қазақша атауға, бір
бірімен мемлекеттік тілде сөйлеуге және ересектердің түрлі сұрақтарына жауап
беруге дағдыландыру.
Ортаңғы топ:
- ортаңғы топ балаларын дыбыстарды дұрыс айтуға дағдыландыру;
- ересектердің көмегімен шағын тақпақтар мен өлеңдерді жатқа айтуға
үйрету;
- кейбір өсімдіктердің атауларын, жануарларды және олардың төлдерінің
атауларын толық меңгерту.
Ересектер тобы:
- мемлекеттік тілде ойын еркін жеткізе алатын дәрежеге жеткізу;
- оқу іс-әрекет барысында педагогтың көмегімен көркем әдебиет
шығармаларынан үзінділерді тыңдауға, мазмұндауға үйрету;
- суреттер бойынша шағын әңгіме құрауға дағдыландыру.
29
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстандық патриотизмнің негізін қалаушы – мемлекеттік тіл.
Мемлекеттік тілді құрметтеу және өзге ұлт өкілдерімен қарым-қатынасты
нығайту – Қазақстандағы ұлтаралық келісім кепілі. Сондықтан мектепке дейінгі
ұйымдарда қазақ тілін үйретуді ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде қолға ала
отырып, баланың ерте жастан тілдік және логикалық дағдыларын дамыту.
Халық байлығының асыл қазынасы – рухани тіл. Сондықтан балабақша
табалдырығын аттаған бүлдіршін бойына ерте жастан қазақ тілінің қасиетін
сүттей сіңіре білу керек.
Балалар әдебиетінің негізін қалаушы Ыбырай Алтынсарин балаларды
тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиетінің маңызды орын алатынын айта келіп: «Өмірге
қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай-қай тілде болса да
еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес», − деген болатын. Мектепке дейінгі
педагогиканың теориялық және практикалық мақсаты – ерте жастан баланың ой-
өрісін, сана сезімін кеңейте отырып, өмірге қажетті дағдыларға үйрету. Мектепке
дейінгі балалардың тілін дамыту, ауызекі сөйлеуге үйрету, үйренгенін күнделікті
өмірде пайдалана білуге жаттықтыруға назар аудару. Баланың айналадағы өмірді
танып, білудегі басты жәрдемшісі – тіл болып табылады. Ал тілдің дамуы оның
сана-сезімін, ой-өрісінің жетілуіне негіз болады. Сөйлеу тілі мен сөздік қоры
молая бастаған сайын бала қоршаған ортамен, балалармен белсенді түрде сөздік
қарым-қатынас жасайды. Өмірдегі түрлі іс-әрекет жайын білуге қызығушылығы
артады. Өзі түсінген түрлі жайттар туралы әңгімелеуге дағдылана бастайды.
Тіл үйрету барысында әрбір сабақта ойын түрлерін пайдаланған педагог
баланың сабаққа зор ынтасымен, жігерімен араласқанын байқайды. Демек
дидактикалық ойындар балалардың білімдерін бекітуге, бір-бірімен қарым-
қатынасқа түсуге, қазақша сөйлеу үлгілерін еркін қолдануына бағыт береді,
ұйымшылдыққа үйретеді. Сондықтан дидактикалық ойындар мектеп жасына
дейінгі балалардың тілдерін дамытуда өте маңызды рөл атқарады. Әр сабақта
ойынды тиімді пайдалану арқылы сабақтың әсерлілігін, тартымдылығын,
белсенділігін, баланың ынтасын байқауға болады.
Педагог мамандардың мақсаты күнделікті сабақ барысында баланың
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратындай ойындарды, тілді
үйретудің бірнеше әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы тұрмысқа қажетті сөздерді
меңгерте отырып, еркін сөйлеу дағдыларын ойын, тірек сызбалар арқылы
қалыптастыру, сөйлеу мәнерін, сөйлеу тілдерін жетілдіру.
Білім берудің алғашқы бастауы мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ тілін
үйретуді күнделікті тұрмыспен байланыстыра отырып оқыту арқылы, болашақ
қоғам иесінің мемлекеттік тілді бала жастан тиянақты меңгеруіне жағдай
жасау. Бүлдіршіндердің адамзат игерген білім бұлағынан сусындауы үшін оның
балалық әлеміне сай ойын түрлерін өткізе отырып, тілді үйренуіне,
халқымыздың бай сөздік қорын игеруіне, танымдық қасиетінің жетілуіне басты
назар аудару.
Қорытындылай келе, мұғалім тілді үйрету бағытындағы іс-әрекетін
баланың қызығушылығымен, күнделікті қозғалысымен, ойын әрекетімен,
30
көңілді ән-биімен ұштастыра отырып, қазақтың бай ауыз әдебиеті арқылы
тәлімдік ой-пікірлерін бала санасына жеткізе білу керек. Мектепке дейінгі
ұйымдардағы педагогтар балаға ертегі, мақал-мәтел, жаңылтпаш, өлең, ән-күй
үйретуді, т.б. жұмыстарды атқару арқылы қазақ тілін үйретуді осы жұмыстармен
байланыстыра отырып жүргізу керек.
Көркем шығармаларды тыңдауға бала сәби кезінен-ақ құмартып, қызығады.
Қысқа ертегі, өлең оқып берсе, тез жаттап алады. Жаттау арқылы оның тілі
жетіледі. Әдеби кейіпкерлердің жақсы ісіне сүйсінеді, жаманынан жиренеді –
бойын қорқыныш билейді. Сәбилерде жақсы және жаман іс-әрекет жөнінде
түсінік пайда болады. Сөйлеу тілі жетіле түседі. Ал тілінің дамуы – баланың
бойында қабылдау, ести білу сияқты психологиялық процестердің бірте-бірте
қалыптасуына негіз болады. Бағдарламада мектеп жасына дейінгі балаларға
оқып беретін шығармалар ауыз әдебиеті нұсқаларынан, классик жазушылардың
шығармаларынан, қазақ жазушыларының балаларға арналған шығармаларынан
баланың жас ерекшелігіне сәйкес алынды.
31
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1.
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
2. Абтикалыков Н.Б. Педагогикалық пәндерді оқытуда инновациялық
технологияларды пайдалану., Қызылорда, 2012 жыл.
3. Бақраденова А.Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың ауызша сөйлеу
тілін дамыту. Оқу-әдістемелік құрал. – Павлодар: ПМПИ баспасы, 2012. - 153 б.
4.
Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. Оқулық.
Тараз.ТарМУ.2003.
5. Ерте жастағы (1 жастан бастап 3 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен
оқытуға арналған «Алғашқы қадам» бағдарламасы. - Астана, 2010. - 88 б.
6.
Караев Ж.А. Педагогическая технология обучения.-Алматы:
Респ.изд.кабинет, 1999.-55 б.
7. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы орта
білім жүйесін ақпараттандыру жөніндегі Мемлекеттік бағдарламасы. –Алматы,
1997.
8.
Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан бастап 6 жасқа дейінгі)
балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз»
бағдарламаcы - Астана, 2010. - 89б.
9. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас пен қатысым әдісінің ғылыми-теориялық
негіздері. Пед.ғыл.докт.дис.-Алматы, 1996 – 345 б.
10. Пассов Е.И. Коммуникативный метод обучения иноязычному говорению. 2
изд. М. Просвещение, 1991. -312 с.
11. Сағындықов Е. «Қазақтың ұлттық ойындары», Алматы, «Рауан»-1991.
12. Самратова Б.К. Қазақ тілі мұғалімдеріне арналған әдістемелік құрал.
Астана, 2011 - 46 бет.
32
МАЗМҰНЫ
1. Кіріспе..............................................................................................................3
2. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері......................................................6
4. Жас ерекшелігі кезеңдері бойынша ҚР ЖМББС сәйкес балаларға
мемлекеттік тілді оқытудың бағдарламалық мазмұны...........................................7
5. Қорытынды ...................................................................................................29
6. Әдебиеттер тізімі ...........................................................................................31
Достарыңызбен бөлісу: |