Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет17/48
Дата31.12.2016
өлшемі5,5 Mb.
#845
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48

ӘОЖ 658.386.08 
 
ГЕОГРАФИЯНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ИННОВАЦИЯЛЫҚ  
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ 
 
Исабаев А.Т.  
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 
Anuar_1089@mail.ru 
 
ХХI  ғасыр  көптеген    ғалымдар  үшін  қазіргі  қоғамдағы  білім  беру  саласының  рөлі 
туралы көзқарастарымызды өзгерткен түбегейлі өзгерістер енгізілген инновациялық дәуірдің 
тууымен  байланыстырылады.  ХХI  ғасыр  –  бұл  ақпараттық  қоғам  дәуірі,  технологиялық 
мәдениет  дәуірі,  оқу  орындарында    мамандарды  дайындауда  толеранттылықты 
қалыптастырудың қазіргі мәселелеріне мұқият қарайтын дәуір болып саналады. 
 Елімізде  жоғары  білімді  дамыту  стратегиясы  Республика  Конституциясының 
қағидаларына,  білім  туралы  заңдарға,  ел  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  халыққа  арналған 
«Қазақстан  –  2030»  жолдауына  негізделеді.  Бұл  құжаттарға  сәйкес  Қазақстан 
Республикасындағы  жоғары  білім  мемлекеттің  ұзақ  мерзімдік  басымдықтары  арасында 
ерекше орын алады [1]. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 28-қаңтардағы Қазақстан 
халқына  2011  жылғы  жолдауында  білім  беру  саласын  негізгі  басым  бағыт  ретінде 
қарастырғаны баршамызға аян. Елбасы өз жолдауында Үкіметке төмендегідей тапсырмалар 
берді: 

 
ЖОО-лардың инновациялық қызметке көшу тетігін қалыптастыру; 

 
білім  берудің  сапасын  арттыру  және  қолжетімділігін  кеңейту  үшін  білім  беруге 
қолдау көрсетудің жаңа қаржылық-экономикалық құралдарын енгізу; 

 
техникалық  және  жоғары  білім  берудің  деңгейлері  үшін  бүгінде  Тұрғын  үй 
құрылыс  жинақ    банкі  ипотекалық  құрылыста  жүзеге  асырып  отырғанға  ұқсас  жинақтау 
жүйесін әзірлеу [2]. 
Оқытушылардың  келер  ұрпаққа  қоғам  талабына  сай  білім  мен  тәрбие  берудегі  жаңа 
педагогикалық  технологиялардың  мәнің,  яғни  инновациялық  іс-әрекетінің  ғылыми  -
педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі болып отырғаны айқын.  
Жаңа 
педагогикалық 
технологияларды 
қолдану 
жоғары 
оқу 
орындары 
оқытушыларына студенттердің білім алуға деген қызығушылықтарын арттыруға, дәрістердің 
кәсіби-практикалық бағытталуына көп мүмкіндіктер береді береді. 
Инновациялық білім беру технологияларын жүзеге асыру: 
-
 
ғылыми-әдістемелік құралдарды жинақтап пайдалану жүйесін құру; 
-
 
ақпараттық технология, электрондық оқулықтар, интернет жүйесін пайдалану; 
-
 
педагогтың өз білімін жетілдіруіне тәжірибе алмасуына жағдай жасау; 
-
 
материалдық базаны үнемі жетілдіріп отыру (компьютер, интерактивті тақта, т.б.) 
-
 
нәтижені қорытындылап, мониторинг жасау. 
Инновациялық  технологияларды  педагогтар  оқу  тәрбие  процесінде  кеңінен 
пайдалануда.  Инновациялық  технологияларды  пайдаланудың  сандық  көрсеткіші    1-кестеде 
көрсетілген. 
 
№ 
Инновациялық технологиялар 
Пайдаланудың сандық 
көрсеткіші % 

«Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік технологиясы» 
38 

Жанпейсова М.М. «Оқытудың модульдік технологиясы» 
10 

Выготский Л.С. «Дамыта оқыту технологиясы» 


Қараев Ж. «Деңгейлеп оқыту технологиясы» 
10 

124 
 

Ғалиев Т. «Оқытудың жүйелеу технологиясы» 


Монахов В. «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы» 


Зайцев А. Жүнісбеков А. «Ерте және қарқынды сауат ашу 
технологиясы» 


Монтессори М. «Өзін-өзі дамыту технологиясы» 


Вассерман Ф.Я. «Биоинформатика және синергетика 
технологиясы» 

10 
Досбенбетова А.Ш. «Экономика әлемінде сыныптан тыс 
тәрбие жұмысының модульдік технологиясы» 
20 
  
Бүгінгі  білім  беру  процесінің  жаңаруында  ЖОО-ның  оқытушыларының  алдында 
мынадай талаптар тұр. 
-
 
студенттерге  сапалы  білім  беруде  түрлі  жаңа  педагогикалық  технологияларды 
тиімді қолдана білу
-
 
интерактивті  оқыту  арқылы  дәрістердің  кәсіби-практикалық  бағытталуын 
қамтамасыз ету; 
-
 
әртүрлі  жаңа  оқыту  технологияларды  педагогикалық  процеске  енгізу  арқылы, 
студенттердің өз бетінше білім алуына жағдай жасау; 
-
 
рефлексия, талдау, бағалау дағдыларын қалаптастыру арқылы студенттерді болашақ 
кәсіби  іс-әрекетке даярлау; 
-
 
педагогикалық  технологияларды  қолдана  отырып,  студенттің  шығармашылық 
қабілеттерінің қалыптасуына әсер ету; 
-
 
жалпы және кәсіби білімнің даму бағыттарын болжай білу.  
Жоғары  оқу  орынының  студенттері  алғашқы    күннен  оқу  орнын  бітіргенше 
оқытушылармен  қарым-қатынаста  болады.  Оқытушы  мен  студенттердің  байланыста  болуы 
педагогтік шеберлікке байланысты.  Сондықтан жоғары оқу орын оқытушылары оқу-тәрбие 
жұмыстарын мақсатты түрде дұрыс ұйымдастыруы шарт. 
Жоғары оқу орындарында білімнің сапасын көтеру, студенттердің кәсіби біліктілігін, 
ойлау мәдениетін қалыптастыру, жеке тұлғаның ішкі әлемін, өзіндік түсінуін, өзіндік дамуын 
қамтамасыз  ету,  оқытуда  белгілі  бір  нәтижеге  жету  мақсатында  ғалымдар  оқыту  үрдісіне 
инновациялық технологияларды пайдалану мәселесін алдыңғы қатарға қойып отыр. 
Қазақстанда ең алғаш «ннновация» ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор 
Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз білім беру 
мекемелерінің  жаңалықтарды  жасау,  меңгеру,  қолдану  және  тартуға  байланысты  бір  бөлек 
қызмет» деп көрсетеді [3]. 
Ал,  осы  әрекетті  студенттердің  географиялық  білімін  арттыру  барысында  жүзеге 
асыру белгілі бір жүйе түрінде ұсынылады (Сурет 1)  
 
 
Оқытушы іс-әрекеті 
 
Оқу-тәрби процесіндегі инновациялық технология 
 
Оқу-тәрбие 
процесіндегі 
жаңашылдық 
 
 
 
Ішкі және 
сыртқы 
фактор 
 
 
 
Оқу-тәрбие 
процесіндегі 
жаңашылдықты 
іс-жүзіне асыру 
 
Сурет 2 - Оқу-тәрбие процесіндегі инновацялық іс-әрекет 
 

125 
 
Жоғары  оқу  орындары  студенттерінің  географиялық  білімдерін  арттыруға 
инновациялық  технологияларды  пайдалану  мүмкіндіктері  мен  оның  қазіргі  жағдайын 
қарастыру    нәтижелері  осы  мәселедегі  педагогикалық  шарттарды  анықтауға  мүмкіндік 
береді. Олар: 
-
 
Студенттердің  географиялық  білімге  деген  белсенділігін  арттыру  жолындағы 
инновациялық технологияларды пайдалану мүмкіндіктерін анықтау; 
-
 
ЖОО-дағы студенттерге географиялық білім беру мазмұнын пән аралық байланыс, 
студенттердің  тұлғалық  даму,  өз  бетінше  нәтижеге  ұмтылу  сияқты  ерекшеліктері  негізінде 
қарастыру; 
-
 
Студенттердің 
географиялық 
білімдерін 
арттыруда 
инновациялық 
технологияларды қолдануда жүйелілікті ұстану; 
-
 
Географиялық  білімді  арттырудағы  теория  мен  практиканың  байланыстылығын 
сақтау; 
-
 
Студенттің  өз  бетінше  ізденушілік  шешім  қабылдау,  қоршаған  ортаға  дұрыс  көз 
қарас және өзін-өзі жетілдіруге ұмтылатын тұлға ретінде қарау [4]. 
Инновациялық  технологиялар  негізінде  студенттердің  географиялық  білімдерін 
арттыруға  бағытталған  оқу-тәрбие  процесін  ғлыми  түрде  ұйымдастыру  төмендегідей 
өлшемдермен бағаланады. (Сурет 3). 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 3. Инновациялық технологиялар арқылы студенттердің географиялық білімін 
арттыру. 
Қазіргі  дүние  қарыштай  дамып,  қай  салада  болсын  ұдайы  өзгерістер  жүріп  жатыр. 
Білім  беру  жүйесінде  жетілдіруді  талап  етеді.  Жоғары  оқу  орнының  студенттері  үздіксіз 
Инновациялық технологияларарқылы 
студенттердің географиялық білімін арттыру 
Студенттердің географиялық 
білімін арттыруядағы 
инновациялық технологиялар 
 

бағдарламалы оқыту; 
- дамыта оқыту; 
- проблемалық оқыту; 
- ақпаратты технологиялар; 
- компьютерлі  технологиялар; 
- мультимедиялык технологиялар; 
- интерактивті, активті оқыту әдістері. 
Студентің географиялық білімін инновациялық 
технологиялар негізінде арттырудың әдіс-тәсілдері 
 
Студенттердің 
экологиялық білімін 
арттырудағы 
инновациялық  
технологияларды 
пайдалану жүйесі 
 
-
 
 оқу  процесінде  географиялық  білім  берудегі 
инновациялық технологиялары; 
-
 
оқу және өндірістік практика 
-
 
дипломдық, курстық жұмыстар; 
-
 
студенттің ғылыми жұмыстары

 

126 
 
оқып, өзінің кәсіби деңгейін үнемі арттырып отыруы қажет. Тек білім арқылы ғана адамның 
әлеуетің  көтеріп,  экономикалық  өркендеуге  және  әл-ауқатты  арттыруға  болады.  Демек, 
географиялық білім алу арқылы адам тек белгілі бір мамандықты алып, сол арқылы қалған 
өмірін  қамтамасыз  етіп  қана  қоймайды,  іс-әрекет  субъектісі  ретінде  бүкіл  ғұмырында 
тынымсыз жетіліп, дамуына мүмкіндік алады. 
Адамзат  баласы  бүкіл  өмір  бойы  оқуға  тиіс  болса,  оқытушы-профессорлар  құрамы 
біліми,  ғылыми  тұлға  ретінде  жеке  тұлғаға  білімді,  ғылымды,  озық  технологияларды 
меңгеруіне  мүмкіндік  туғызуымыз  керек  [5].  Қазіргі  жағдайда  заман  талабына  сай  келген 
адам ғана өмірден өз орнын таба алады. Оны істей алмаған адамның күні қараң. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.
 
Назарбаев  Н.Ә.  «Қазақстан  –  2030:  Барлық  Қазақстандықтардың  өсіп  өркендеуі, 
қауіпсіздігі  және  әл-ауқатының  артуы»  Ел  Президентінің  Қазақстан  халқына  жолдауы, 
Егемен Қазақстан, №194, 1994 ж. 
2.
 
 Президенттің  жолдауы  2011,  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә. 
Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 28.01.2011 ж. 
3.
 
 Нұрахметова  Н.Н.  Стратегия  и  тактика  перохода  на  модель  оброзования, 
оринтированного на результат «Открытая школа» №5. (30). – Алматы, 2004.-17с. 
4.
 
Сейтменбетова 
А.О. 
Педагогикалық 
университеттердің 
студенттеріне 
инновациялық технология арқылы экологиялық білім беру, Дис. пед.ғылым. канд. - Алматы, 
2009. 
5.
 
Фрумин  И.Д.  Компетентностный  подход  как  эстественный  этап  обновления 
содержания образования Педагогика развития: ключевые компетентности и их становление: 
материалы 9-й научно-практической конференции. – Кросноярск, 2003. – С.36 
 
 
УДК 378.016:02:004.4 (574) 
 
ЗАМАНАУИ САБАҚ  ҮРДІСІНДЕ  ЖАҢА ПЕДОГОГИКАЛЫҚ  
ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ОРНЫ 
 
Искакова И. Б. 
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ, Қарасай ауданы, Шамалған бекеті 
 
Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйелерінде болып жатқан өзгерістер,қабылданып 
жатқан  үкімет  қарарлары,білімді  өмірмен  байланыстыруды,оқыту  сапасын  арттыруды,жан-
жақты  дамыған    ұрпақ  тәрбиелеуді  талап  етеді.  Бүкіл  дүниежүзілік  біләм  беру  кеңістігіне 
кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика 
теориясымен  оқу-тәрбие  жұмысында  нақты  өзгерістер  енгізумен    қатар  елімізде  болып 
жатқан  түрлі  бағыттағы  білім  беру  қызметіне  жаңаша  қарауды,  қол  жеткен  табыстарды 
саралауды,  шәкірттердің  шығармашылық  әлеуетін  жетілдіруді,мұғалімдердің  ғылыми 
бағытқа  бет  бұруын,  іс-әрекетті  жаңаша  ұйымдастыруды  талап  етеді.  Оқу-тәрбие  үрдісінде 
баланы  жаңаша  әдіспен  оқыту  үшін  әрбір  пән  мұғалімі  сол  жаңа  технологияларды  толық 
түсініп,меңгеріп  алу  керек.  Соның  нәтижесінде  мұғалімнің  тәжірибесі  жоғары  деңгейге 
көтеріледі.  Ол  мұғалім  тек  оқушыны  дамытып  қоймайды,сонымен  қатар  өзінің  де  жеке 
қасиеттерін  жаңаша  тұрғыдан  ашуға  мүмкіндік  алады.  Жаңа  педагогикалық 
технологияларды қолдану оқушылардың ойлау қабілетін арттыруға, білім-білік дағдыларын 
қалыптастыруға  және  өз  бетінше  шығармашылықпен  жұмыс  жасауына,  икемділік 
дағдыларын  дамытуға  көмектеседі.  Бүгінгі  мектеп  қабырғасында  отырған  ұрпақ  кез  келген 
жерде  білім  алуға,қызмет  атқаруға  қабілетті,  ғылым  мен  техниканың  кез  келген  саласын 
меңгере  білуі  тиіс.  Осы  мақсатқа  жетуде  білім  жүйесінің  соңғы  жетістігі-ақпараттық 
технологияны  оқытуда  қолданудың  алатын  орны  ерекше.  Интерактивті  тақтаны 

127 
 
пайдаланып,оқушылардың  пәнге  деген  туғызудың  тәсілдері  көп.  Әрбір  сабақ  қызықты, 
оқушы жадында ұзақ сақталатындай өтуі тиіс. Жас ұрпақтың бойындағы қабілетін көру, оны 
жетілдіру  ізденгіштік  қасиетін  дамыту  мұғалімнің  сабақ  берудегі  ізденушілік,  шеберлік 
қабілеттеріне байланысты. Ж.Аймауытов «Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол 
жаңадан  жаңаны  табатын  өнер»  -  деген,  яғни  оқу  үрдісін  жаңаша  ұйымдастыру, 
оқушылардың  әрекеті  арқылы  ойлау  дағдыларын  жетілдіруге,  шығармашылық  қабілеттерін 
дамытуға негізделуі керек. Орта мектепті ақпараттандыру бағдарламасы, жоғары және орта 
білім беру берудің мемлекеттік стандарттары,жоғары білімді дамыту стратегиялары жасалып 
және Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің 2015 жылға дейін даму тұжырымдамасы 
жарияланып  іске  асырылу  үстінде.  Бүгінгі  күні  білім  беру  саласы  «Қазақстан-2050»  ұзақ 
мерзімді  Стратегиясының  маңызды  басым  бағыттарының  бірі  болып  танылды.  Қазақстан 
Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев республиканы  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  30 
елдің қатарына кіргізу туралы міндет қойған болатын және президентіміз халыққа жолдаған 
жолдауында    «Біздің  міндет  жаңа  технологияларды,идеялар  мен  көзқарастарды  пайдалана 
отырып,білім  мен  бәсекеге  қабілетті  ұрпақ  тәрбиелеу»  деп  ұстаздар  қауымының  алдына 
үлкен міндеттер қойған болатын.. Бұл мәселені жүзеге асыруда білім беру жүйесін жетілдіру 
айтарлықтай  рөл  атқарады.  Осы  орайда  білім  үрдісіне  жаңа  педагогикалық 
технологиялардың  енуі  және  қолданылуы  заман  талабымен  тікелей  байланысты. Жаңа 
технология білімнің білгілі мақсатқа бағытталған формасы, оқытудың жаңа моделі.Модель: 
«Нәтижеге  бағытталған  білім  беру»  деп  аталады.  Нәтиже  дегеніміз  жеке  тұлғаның 
құзырлылығы. Ал нәтижеге бағытталған білім беру дегеніміз жеке тұлғаның құзырлылығын 
қалыптастыру. Құзырлылық-ол терең білім.Оқушының құзырлылығын қалыптастырыу үшін 
мұғалімнің  өзі  бір  құзырлылыққа  жету  керек.  Бүгінгі  таңда  мұғалімге  қойылатын  талап  та 
күшті.Жаңа  формация  мұғалімнен  тек  өз  пәнінің  терең  білгірі  болу  ғана  емес,тарихи-
танымдық,педагогикалық,  психологиялық  және  ақпараттық  сауаттылықты  талап  етеді.  Ол 
заман  талабына  сай  білім  беруде  жаңалыққа  жаны  құмар,шығармашылықпен  жұмыс  істеуі 
қажет, оқытудың жаңа технологиясын меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары 
жетекші  тұлға  ретінде  ұлағатты  саналады.  Педагогикалық  технология  дегеніміз  – 
оқытушының  сабақ  берудегі  шеберлігі,  өзін–өзі  ұстай  білуі,  байқағыштығы,  алғырлығы, 
сөзге  шешендігі.  Педагогикалық  технология  ақпаратты  өңдеу,  сақтау,  беру  әдістері  мен 
құралдарының  табыстарына  байланысты  дамудың  барлық  мүмкіндіктеріне  ие  бола  алатын 
әлеуметтік технологияның маңызды компоненті болып табылады. Сонымен технология деп 
белгіленген  мақсатқа    жету  үшін  материалды  түрлендіру  процестері  мен  әдістерінің 
жиынтығын    айтуға  болады.  Педагогикалық  технологияға    алғаш  рет  анықтама  берген 
ғалымдардың  бірі  –  орыс  ғалымы  В.П.Беспалько.  Ол  «педагогикалық  технологияны 
практикада  іске  асатын  нақты  педагогикалық  жүйе,  жоба»  деп  көрсеткен.  Б.Т.Лихачев 
«Педагогикалық  технологияны  оқу  үрдісіне  белгілі  бір  мақсат  көздей  отырып  әсер  ететін 
педагогикалық  нәтижеге  жетелейтін  бірліктердің  жүйесі»  ретінде  көрсетеді,  оның  үнемі 
өзгеріп  отыратындығын  айтады.  Қазақстандағы  Ж.А.  Қараевтың  деңгейлеп-саралап  оқыту 
технологиясы,  Ә.Жүнісбектің  және  тағы  басқа  ғалымдардың    оқыту  технологиялары 
белсенді  түрде  қолданылуда.  Жаңа  технология  –мұғалімнің  мүмкіндігін  қуаттандыратын 
құрал. Жаңа ақпараттық технологияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген 
қызығушылығын  арттырады  және  оның  бірнеше  артықшылықтары  бар.  Осы 
артықшылықтарды сабақ барысында да,сабақ нәтижелерінен де көруге болады. 
1.Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен обьектілер туралы толық және дәл ақпарат 
бере отырып,оқу сапасын арттырады; 
2.Оқытудың  көркемділігі  артады,яғни  оқушыларға  қиын  да  күрделі  материалдарды 
көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді; 
3.Оқытудың  тиімділігі  жоғарылайды  және  оқыту  материалын  түсіндіру  мүмкіндігін 
арттырады; 
4.Оқушылардың 
ғылыми-дүниетанымдық 
көзқарастарын 
қалыптастыра 
отырып,олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады; 

128 
 
5.Мұғалімдерді  техникалық  жұмыстан  босата  отырып,үнемденген  уақытта  олардың 
шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды; 
6. Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді. 
Қазіргі  таңда  сабақта  мұғалімдердің  кеңінен  қолданып  жүрген  технологиялары: 
«Ойын арқылы оқыту технологиясы», «Модульдік оқыту технологиясы», «Сын тұрғысынан 
оқыту  технологиясы»,  «Деңгейлеп  саралап  оқыту  технологиясы»  «Дамыта  оқыту 
технологиясы» және т.б 
Ойын  арқылы  оқыту  технологиясы  .Дидактикалық,тәрбиелік,  дамытушы- 
лық,әлеуметтендірушілік  мақсатқа  жету.  Ойындық  іс-әрекеттің  психологиалық  механизмі 
жеке бастық өзіндік  талап талғамдарына  сүйенеді. Баланың бойындағы білімдік, танымдық, 
шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді. 
Модульдік  оқыту  технологиясы.  Оқытудың  тұтас  технологиясын  жобалау,  алға 
қойған  мақсатқа  жетуді  көздейтін  педагогикалық  үрдіс  түзу,  мұғалімге  нәтижені 
талдап,түсіндіріп  бере  алатындай  жүйені  таңдау  және  құру.  Оқушылармен  жүргізілетін 
қиындықтың алдын алу және түзету жұмысының жүйесін жасау. Бұл технологияның тағы бір 
ерекшелігі  дарынды  балалармен   тұрақты  және  жүйелі  жұмыс  істеу  мүмкіндігі  болып 
табылады.  Оқу  модулі  қайта  жаңғыртушы  оқу  циклі  ретінде  құрылымды  бөліктен: 
кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қортынды бөлімнен тұрады. Әр оқу модулінде сағат саны 
әр түрлі болады. Бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа,тақырыптар тобына немесе 
тарауға  бөлінген  сағат  санына  байланысты.  Кіріспе  және  қортынды   бөлімдерге  1-2  сағат 
беріледі.  Барлық  қалған  уақыт  сөйлесу  бөлімінің  меншігінде  болады.  Кіріспе  бөлімінде 
мұғалім  оқушыларды  оқу  бөлімінің  жалпы  құрылымымен,  оның  мақсат-міндеттерімен 
таныстырады.  Сонан  соң  мұғалім  осы  оқу  модулінің  барлық  уақытында  есептелген  оқу 
материалын   қысқаша  сызба,кесте  және  т.б.  белгілік  үлгілерге  сүйене  отырып  түсіндіреді. 
Оқушылардың  оқу  материалдарын  жаңғырту  деңгейін,  қарапайым  білік  пен  дағдыларды 
және  білімін  іс  жүзінде  бірнеше  рет  қайта  қолдануы  сөйлесу  бөлімі  сабақтарында  жүзеге 
асырылады.  Сөйлесу  бөлімінде  танымдық  процесс  сыныпты  2-6  адамнан  шағын  топтарға 
бөлу  арқылы  оқушылардың   өзара  әрекет  етуіне  құрылған.  3,4  сабақтардан  бастап 
оқушыларға  стандарт  талаптарына  сай  сараланған   тапсырмалар  беріледі.  Сөйлесу  бөлімі 
сабақтарының  ұйымдастырылу  формасы  бойынша  әр  оқушы  өзінің  қалай  және  немен 
шұғылдануы  тиіс,  сабақ  барысында  сабақтың  ережелерімен   немесе  оның  жүру  барысымен 
алдын  ала  таныстырады.  Сын  тұрғысынан  оқыту  технологиясы.  Сабақты  түрлендіре 
өткізу  –  оқушылардың  қызығушылығын  арттыратын  тиімді  жол.  Сондықтан  сабақта  СТО 
технологиясының  стратегияларының  барлығын  қолданбай-ақ,  ретіне  қарай  1-2-уін  үнемі 
қолдануға болады. Жаңа буын оқулықтары «деңгейлеп оқыту технологиясын» қолдануға да 
қолайлы. Тапсырмалар оқулық пен дидактикалық материалдарда деңгейге бөлініп берілген. 
Мақсаты  -  барлық  жастағы  оқушыларға  кез  келген  мазмұнға  сыни  тұрғыдан  қарап,  екі 
ұйғарым  бір  пікірдің  біреуін  таңдауға  саналы  шешім  қабылдауға  сабақтарда  үйрету.  Біздің 
елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген 
бұл  технология  орыс  және  қазақ  тілдерінде  мектеп  тәжірибелеріне  ене  бастады.  «Сыни 
тұрғысынан  ойлау»  ұғымын  белгілі  бір  идеяларды  қабылдай  отырып,  оның  неге  қатысты 
екенін  зерттеу,  оларды  жеңіл  септикалық  ойларға  қарсы  қоя  білу,  салыстыра  алу,  сол 
идеяларға  қарсы  көзқарастармен  тепе-теңдікте  ұстап  зерттеу,  оларға  сеніммен  қарау  деп 
түсіндіреді  авторлар.  Сыни  тұрғысынан  ойлау  деңгейіндегі  ойлау  тек  ересек  адамдарға, 
жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да 
бұл  жұмысты  дұрыс  ұйымдастырған  жағдайда  өз  даму  деңгейіне  сәйкес  ойы  шыңдалып, 
белгілі  бір  жетістіктерге  жетері  сөзсіз.  Сын  тұрғысынан  ойлау  жобасының  әдіс-тәсілдері 
оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз 
жұмыс жасауына жол ашады.  Оқушының  ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру 
кезіндегі  оқушыны  сын  тұрғысынан  ойлайтын  оқушымен  салыстырғанда  нәтижесі  жақсы 
болды.  Сын тұрғысынан  ойлау стратегиясы бойынша жүргізілетін жұмыста оқушылардың: 
1. Өзбетінше тұжырым жасау,қортындыға келу. 

129 
 
2. Ұқсас құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу. 
3. Проблеманы шеше білу. 
4. Пікір таласты жүргізе білуге қабілеті қалыптасады. 
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.  Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы  
дамыта оқыту  идеясын жүзеге асыруға ,елестету мен есте сақтауын , белсенділігін дамытып 
,білім сапасының артуыны көмектеседі. 
Деңгейлік  тапсырмалардың  ауқымы  өте  кең.Оқулықтағы  жаттығулар  өтілген 
ережелер  бойынша  қайталау,   пысықтау  бекіту  жұмыстарына  арналған  тілдік, 
грамматикалық  жұмыстар  жүйесі.  Деңгейлік  тапсырмалар  құрамына  мәтіндер,  тренингтер 
жүйесі  қамтылады.  Бұлар  оқытудың  деңгейіне  сәйкес  оқушыны  саралап  оқытуға  ыңғайлы, 
әрі оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылады. 
Бұл  технология  оқушының  да,  мұғалімнің  де  белсенді  шығармашылық   қызметін 
дамытуға бағыттайды. 
Дамыта оқыту технологиясы. Бұл технологияны  математика сабағында қолдану өте 
тиімді деп есептеймін. Дамыта оқытуды 1950 жылдық аяғынан бастап Л.В.Занков (1901-

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет