Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет22/48
Дата31.12.2016
өлшемі5,5 Mb.
#845
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48

взаимодействия со средой [7, С.89]. 
В  нашей    музыкально-педагогической    сфере    может    быть    пример  построения  
оптимального    «живого»    двигательного    акта    музыканта,    где  творчество  организма 
"реализуется в полной мере в процессе построения адекватных  исполнительских  движений  
каждый    раз    в    условиях  новых  технических  и  художественных  задач  путем  творческого 
«повторения  без  повторения»  (Н.А.  Бернштейн).  По  мнению  педагогов-музыкантов, 
творчеству  нельзя  научить,  но  можно  научить  творчески  работать  (Л.А.  Баренбойм),  и 
создать условия, устраняющие внутренние барьеры творческой самореализации. 
Многие  ученые  считают,  что  существует  взаимное  подкрепление  между 
эмоциональным переживанием и творческим воображением. Интенсивные эмоции и чувства 
не только будят воображение и фантазию, но и дают силы для воплощения их в творческий 
результат - «продукт творческой деятельности». 
Итак,  как  мы  видим,  важнейшими  компонентами  творческой  самостоятельности  у 
будущих учителей музыки выступают психические процессы, которые по происхождению и 
структуре  сами  представляют  особые  виды  деятельности.  Применительно  для  будущего 
учителя  музыки,  к  таким  видам  следует  отнести:  музыкальное  мышление,  интуицию  и 
рефлексию, музыкально-творческие вдохновения и воображение, музыкально-творческие 
вдохновения  и  воображение,  музыкально-творческие  способности.  В  музыкально-
педагогической  деятельности  образуется  такая  структура,  где  музыкально-творческие 
способности становятся необходимым и обязательным компонентом. 
По этому поводу закономерным выглядит высказывание С.Л. Рубинштейна. Он сказал: 
«Отправной  пункт,  от  которого  идет  формирование  «всяких  музыкальных  способностей  к 
определенным  видам  музыкальной  деятельности  заключен  в  общечеловеческой 
«деятельности» музыкального восприятия. Вместе с тем музыкальная способность  не дана в 
готовом  виде  в  этом  отправном  пункте  ее  развития.  Она  формируется  в  активной 
деятельности музыкального слуха  [8, С.300]. 
По проблеме развития музыкального слуха, как важного компонента способностей Б.В. 
Асафьев  четко  сформулировал  положение,  которое  состоит  в  следующем:  слуховому 

165 
 
аппарату  человека  присущи  врожденные  качества  активного  слушания;  задача  музыканта  - 
воспитывать  и  развивать  слуховую  деятельность.  Понимание  такой  взаимозависимости  - 
активное слушание и слуховое развитие учащихся  - имеет основополагающее значение  для 
всей работы учителя музыки [10]. 
Огромный  вклад  в  изучение  структуры  музыкальных  способностей внес  выдающийся 
ученый  музыковед  Б.М.  Теплов.  Он  все  идеи  связывал  с  формированием  и  развитием 
творческой  личности.  Он  впервые  ввел  понятие  о  музыкальности  как  синтетическом 
выражении  музыкально-творческой  одаренности  и  определил  ее  основные  компоненты: 
эмоционально-эстетическое 
отношение 
к 
действительности, 
музыкально-образное 
мышление,  система  музыкально-слуховых  представлений,  творческих  качеств  и  свойств 
музыкального слуха, ладового и ритмического чувства. Развиваясь в процессе деятельности 
все  специальные  музыкальные  способности,  оперируя  всеми  музыкально-слуховыми 
представлениями,  несомненно  оказывают  влияние  на  развитие  музыкально-творческих 
способностей в целом [10]. 
Для  творческой  самостоятельности  будущих  учителей  музыки  характерно 
преобразующее отношение субъекта (студента) к объекту познания (учебному материалу). В 
ходе  такого  взаимодействия  в  процессе  инструментальной  подготовки,  изменяются  не 
только  объект,  где  результатом  явится  собственная  интерпретация  музыкального 
произведения,  его  исполнение,  выполнение  самостоятельной  работы,  самообразования, 
носящий творческий характер. Что очень важно, для целей обучения изменяется сам субъект 
взаимодействия - студент. 
В  результате  включения  будущих  учителей  музыки  в  процесс  творчества,  явятся 
новообразования  личности  ее  музыкально-творческие  способности,  а  вместе  с  нею  и 
музыкально-творческие  умения  и  навыки,  качественными  показателями  которых  являются 
музыкально-творческие  восприятия,  подкрепленной  активной  музыкально-практической 
деятельностью  (исполнительством  на  музыкальном  инструменте).  По  этому  поводу 
Л.Г.Арчажникова пишет, что творческая деятельность будущих учителей музыки в процессе 
инструментальной  подготовки  в  вузе,  включает  различные  ступени  творчества:  творческое 
восприятие,  творческое  исполнение  и  исследование,  как  вид  деятельности  [9,  С.119].  Этот 
тезис  подкрепляется  высказыванием  Б.В.  Асафьева  о  том,  что  «музыкально-творческое 
восприятие  музыки  должно  совмещаться  с  практическими  действиями,  с  ее 
воспроизведением на инструменте»  [10, С.81]. 
Творческая  самостоятельность  в  музыкально-исполнительской  деятельности  имеет 
свои  особенности,  «которые  связаны  со  своеобразным  художественно-ассоциативным 
подходом  к  содержанию  произведения,  которые  отражают  в  интерпретации  музыкальных 
образов  на  уровне  художественных  обобщений.  Установка  на  обогащение  и  развитие 
творческого  потенциала  учащегося-музыканта  должна  занимать  приоритетное  место  в 
стратегии и тактике педагогических действий»  [11, С.11]. 
Исходя 
из 
вышесказанного, 
есть 
основание 
образовательный 
  процесс  
инструментальной    подготовки  в  вузе  заключает  в  себе  неисчерпаемые  возможности  для  
развития  музыкально-творческих  способностей   и  творческой самостоятельности будущих 
учителей, что предполагает активное вовлечение личности  в  конкретную  деятельность,  в  
которой  и  будут  развиваться природные творческие задатки будущего учителя-музыканта. 
 
ЛИТЕРАТУРА 
1. Концепция гуманитарного образования  // Казахстанская правда, № 130, 26 августа, 
1994.  
2.Рысбаева А.К., Успешность деятельности как категория педагогики, - АГУ им. Абая, -
Алматы, 2003. 
3.Ожегов С.Н. Словарь русского языка. - М: Русский язык, 1989.  
4.Енин  А.В.  Внеклассная  работа  в  системе  воспитания  творческой  активности 
подростков.: дисс..канд.пед.наук: 13.00.01 -М., 1998. 

166 
 
5.Ковалев  А.И.  Формирование  творческой  активности  будущего  учителя  музыки  в 
процессе  изучения  дисциплин  музыкально-исполнительского  цикла.:  дисс..  .канд.пед.наук: 
13.00.08 - Минск, МПГУ, 2001. 
6.Митина  Н.А.  Организация  внеаудиторной  деятельности  будущих  учителей  музыки 
как среды формирования и их творческой активности.  – Учебное пособие,- Алматы, 2011. - 
160с. 
7.Торопова  А.В.  Музыкальная  психология  и  психология  музыкального  образования.  - 
М., 2008. 
8.Рубинштейн С.Л. Бытие и сознание. - М., 1997. 
9.Арчажникова 
Л.Г. 
Теоретические 
основы 
профессионально-педагогической 
подготовки учителя музыки: дисс...док.пед.наук: 13.00.01 - М., АПН СССР, Институт общей 
подготовки. - 1986. 
10.Асафьев  Б.В.  Избранные  статьи  о  музыкальном  просвещении  и  образовании.  -  Л.: 
Музыка, 1995. 
11.Горлинская  А.А.  Формирование  творческой  активности  и  познавательной 
самостоятельности  учащихся  музыкального  колледжа  в  процессе  занятий  в  фортепианных 
классах: дисс... канд.пед.наук: 13.00.02 - М., 2003. 
 
 
УДК 574:37.015.3(045) 
 
СЫНИ ТҰРҒЫДАН ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 
 
Кузембаев М.Н. 
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ, Қарасай ауданы, Шамалған бекеті, 
Kuzembaeb-1963@mail.ru 
 
Ақпараттық  заман  ғасырында  көш  керуеніне    ілесіп  жүру  қай  елдің  болсада  ұлы 
арманы, асқақ мұраты екені даусыз. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Нұрлы 
жол-болашаққа бастар  жол» жолдауында  «Біз Жалпы ұлттық  идеямыз-Мәңгілік Елді басты 
бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға айналдырдық. Мәңгілік ел-елдің 
біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық 
тұғыры!» деген болатын. Нұрлы шуағын шашатын Мәңгілік еліміздің берік іргесін қалайтын, 
өркениттің  өрінен  көрінетін    байтақ  еліміздің  мұрагерлерін  тәрбиелеу  бүгінгі  күннің  өзекті 
мәселесі.  
Алпауыт  елдердің  озық  технологияларын  елімізде  ен  жайдыру,  оларды  ұлттық 
құндылықтарымызға  кері  әсерін  тигізбей  қолдана  отырып,  өз  көзқарасын  толық  жеткізе 
алатын,  біліктілік  деңгейі  жоғары,  шығармашылық  қабілеті  қалыптасқан  тұлға  тәрбиелеу 
басты  мақсат.    Шығармашылық  шабыты  шыңдалған  шәкірт  тәрбиелеуде  сын  тұрғысынан 
ойлау  технологиясы  арқылы  оқытудың  маңызы  ерекше.  Оқушылардың  сыни  тұрғыдан 
ойлауын  қалыптастыруға  бағытталған  оқыту  –  ол  өз  бетінше  шығармашылық  тұрғыдан 
ойлай  алатын  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға,ізденімпаздық  қабілетін  дамытуға  бағытталған 
оқыту.  Бұл  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  шыңдап,  алған  білім  нәрін  күнделікті 
шынайы өмірде қолдана алуға,пайдалана білуге мүмкіндік жасайды.  
Оқыту  үрдісінде  сыни  тұрғыдан  ойлау  технологиясын  пайдалану  оқушылардың  өз 
бетінше  білім  алуына,    мұғаліммен  ой  бөлісуге,  бойына  жиған  білімдерін,санасына  сіңген 
қабілеттері  мен дағдыларын күнделікті өмір-өзен арнасында қолданып, әрекет етуге, өз ой- 
пікірін  айта  алуға  және  басқалардың  ойымен  санасып  ынтымақтаса  жұмыс  жасауға  жағдай 
жасайды.  Топпен  бірігіп  жұмыс  жасау  тұлға  бойында  ұжымдық  жауапкершілік, 
шыдамдылық,ізденімпаздық,  мейірімділік,  ынтымақты  түрде    мәселені  шешу  секілді 
жағымдықасиеттердіқалыптастырады.  Сын  тұрғысынан  ойлау  оқыту  үрдісінде  бір  мәселені 

167 
 
талқылау,өздігінен ой қорыту,  өз көзқарасын білдіру, әріптес ойымен санасу секілді жұмыс 
түрлеріне көп көңіл бөлінеді. Кейбір кезде мұғалім оқушыға тапсырма не сұрақ қойып оның 
сөйлеуіне,  ойын  айтуына  қозғау  салғанымен  оқушы  мүмкіндігін  шектегенін  байқамай 
қалады. Көбінше мұғалім оқушының ойын басқарады, яғни бағыт беруден немесе жетекшілік 
етуден  ол  басшылық  қызметіне  ауысады.  Бұл  психологтардың  пайымдауынша, 
оқушылардың  өз  бетінше  ойлауына  кедергі  келтіреді,еркіндіктерін  шектейді.  Мысалы, 
дөңгелек  үстел  өткізуде,  пікірталас  жүргізуде  мұғалім  жоспарын  өзі  дайындап  беріп, 
оқушыдан  сөйлеу  барысында  тек  оған  сүйенуін  талап  етеді.  Яғни,  өз  ой-пікірін  айтуда 
оқушыға еркіндік бермейді, оқушы мәселені түсінбей, маңызды, өзіне қажетті ақпаратты ала 
алмай,  мәселені  шешуге  шығармашылық  тұрғыдан  келе  алмай,  өзінше  ой  қорытып, 
тұжырымдау және қызықты пікірлер айта алу қабілетіне ие бола алмайды.  Мәселені ашуда 
жаңа ой, құнды пікір білдіру маңызды. Және ол міндетті түрде қорытындыланып, көрініске 
ие  болуы  оқытудың  тиімділігін  арттырады.  Сабақта  «оқу  мен  жазу  арқылы  сыни  тұрғыдан 
ойлау» технологиясын қолдану оқушылардың білімін жетілдіруде,шығармашылық қабілетін 
қалыптастыруда  тиімділігі  зор  екеніне  көз  жеткізуге  болады  Өз  тәжірибемде  оқыту 
барысында  алдыма  қойған  мақсатым  –  баланы  субъект  ретінде  оқу  ісіне  өз  бетінше 
қызықтыратын,  оған  қабілетін  арттыратын  жағдай  туғызу.  Оның  бастысы  оқу  үрдісін 
жаңаша  ұйымдастыру,  оқушылардың  оқудағы  іс-әрекеті  арқылы  ойлау  дағдыларын 
жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету.  Мақсатқа жету оқушының өзі 
арқылы  жүзеге  асады.  Мұғалім  –  ұйымдастырушы,  бағыт  беруші.    «Оқу  мен  жазу  арқылы 
сын тұрғысынан дамыту» бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана 
алатын  шәкірт  тәрбиелеуде  алатын  орны  ерекше.  Сын  тұрғысынан  ойлау  стратегиясы 
бойынша  жүргізілетін  жұмыста  оқушылардың  өз  бетінше  тұжырым  жасау,  қорытындыға 
келу,  ұқсас  құбылыстар  арасынан  тиімдісін  таңдай  білу,  проблеманы  шеше  білу, 
пікірталасты жүргізе білу қабілеті қалыптасады.  
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін : 
-Оқушылардың ойлауына, ойын ашық айтуына рұқсат беру; 
-Оқушылардың белсенді іс - әрекетін қолдану; 
-Оқушының пікірін күлкіге айналдырмау; 
-Оқушылардың бір – біріне жасаған сынның дәлелді, ашық болуын талап ету. 
Оқушылар  осыған  байланысты  сенімділікпен  жұмыс  жасауға,  пікірді  тыңдауға, 
құрметтеуге,  бар  ынтасымен  оқуға  беріледі,  баланың  танымдық  белсенділігі  артады,  өз 
бетінше білім алады, шығармашылығы артады және ізденеді. 
 Мұғалімнің іс-әрекеті 
1. Топқа бөліп, ой қозғайды.  
2. Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды. 
3. Шығармадағы ең құнды мәселелерді анықтау ұсынылады, зерттеледі. 
4.  Образдылық  ерекешелігін  тануға  бағыттайды,  орнына  өздерін  қойып  қарайды, 
салыстырады. 
5. Ойларын жазуды ұсынады. 
6. Қорытынды жасауға бағыттайды.  
Оқушының іс-әрекеті  
1.Топтарда жұмыс жасайды. 
2.Мәтінмен өздері танысады. 
3.Әр түрлі әдістер арқылы шығарманы саралайды. 
4.Жеке кейіпкерлерді талдайды, олардың іс-әрекетін зерттейді. 
5.Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді. 
6.Тұжырымдама жасайды 
Оқушыға көркем туындыны оқытуда өз тәжірибеме сүйене отырып ең тиімді әдіс«Оқу 
мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  дамыту»,  «Ой  қозғау»,  «Негізгі  идеяны  суреттеу», 
«Кубизм», «5 минуттық эссе» деп айтар едім. Дәйекті түрде тақырыпты аша түсу үшін 9 «В» 
сыныбына өткізілген сабақтардан мысал келтірейін: «Исатай – басшы, мен - қосшы» әдебиет 

168 
 
пәнінен  өткізілген  сабақ  құнды  ойлар  мен  пайымдауларға  толы  болды.  Қызығушылығын 
ояту  кезеңі  бойынша  «Махамбет  кім?»  деп  аталған  сұрақ  төңірегінде  оқушылар  жұппен 
жұмыс  және  шағын  топта  жұмыс  жасайды.  Спикер  оқып  береді  немесе  ауызша  айтады. 
Мағынаны  тану  кезеңінде  топ  бойынша  мына  сұрақтар  көлемінде  оқушылар  сұрақтарға 
жауап беруге дайындалады.  
Махамбет бейнесін суреттеу 
Махамбет бейнесін Жәңгір ханмен салыстыру 
Тарихи жағын зерттеу 
Болжау жасау (Махамбет сенімі бүгінгі күнде ақталды ма?) 
Махамбет көтерілісі біздің қоғамға қажет пе? 
Өлеңдері күнделікті қолданыста ма, мәнін жойды ма? 
Ой толғаныс кезеңі бойынша 5 минуттық эссе «Махамбет патриот ақын». Оқуға деген 
қызығушылығы  оянған  олар  өз  бетінше  оқып,  жеке  топтарда  талдап,  талқылай  ой  бөлісті. 
Бұл сабақтан шығатын қорытынды  - оқушылар Махамбет өлеңдері және оның мәні туралы 
білім – көзқарастарын бір жүйеге келтіреді. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды 
дамытады 
Бұдан  шығатын  қорытынды:  жазу  процесі  арқылы  оқушының  ойлау  қабілеті 
дамитынына тағы да көз жеткіздім: 
Жазу жұмысы оқушы ойын жүйелейді; 
Жазу әдісі оқушының өзіндік пікірі мен көзқарасын, жазу стилін қалыптастырады; 
Жазу олардың аналитикалық ойлау қабілеттерін дамытады; 
Оқушының өзін - өзі бағалауына, тануына ықпал етеді. 
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуда шығарма жазуды үйретудің 
стратегияларын  практикамен  сабақтастыру  тәсілінің  өзіндік  үлгілері  бар.  Соларға 
тоқталайық.  7-сыныпта  қазақ  әдебиеті  пәнінен  С.Мұратбековтің  «Жусан  исі»  тақырыбын 
«сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы тұрғысынан өткіздім. 
І.Қызығушылықты  ояту  барысында  оқушылыларға  әңгімені  талқыламастан  бұрын 
сөзден  үй  салып,  мықты  үйді,  мықты  біліммен  құраймыз.  Үй  салу  үшін  ең  бірінші  іргетас 
құрайық. 
І. 1.Әңгіменің авторы туралы кім не біледі? 
2.Осы автордың өткен сыныптарда оқыған шығармаларын білесіңдер ме? 
3. Қандай шығармасын өттік? Мазмұны қалай еді? 
ІІ.1.Әңгіме оқиғасы қай жылдарды болып еді? 
2.Әңгімеде  халыққа  түскен  ауыртпалық  пен  қиыншылықтар,  қайғы-қасірет  қалай 
суреттеледі? 
ІІІ.1.Аянның алғашқы ертегісі қандай оқиғаға байланысты айтылатын еді? 
2. Оның «ертеде бір жетім бала болыпты» деп басталуымен қандай байланысы бар? 
ІV.1.  «Жылауды  әркім  біледі.  Мықты  болсаң  нағыз  еркектерше  қиыншылыққа 
жыламай  бақ»,  –  дегенің  қандай,  мінез  қасиеттерді  байқауға  болады?  Бұл  қасиетін  қай 
сәттерден көруге болады? 
2. Жусан исінің Аян үшін қандай маңызы бар? 
Осы  сұрақтар  арқылы  оқушылардың  қызығушылығын  арттырамыз.Білім  арқылы  үй 
құраймыз.  Үй  –  іргетас  –  шатыр  –  терезе  арқылы  білімнен  үй  құраймыз.  Сабақ  барысында 
оқушылар  «Екі  түрлі  түсініктеме»  күнделігін  пайдаланып,  дәптердің  бетін  вертикаль 
сызықпен бөледі. 
Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстар, үзінділерді жазады. 
Сол  әсер  еткен  үзінділер  жайлы  пікір  жазады.  (Нені  еске  түсіреді,себеп  салдары 
қандай  сұрақтар  бар  т.б.)  Әр  оқушы  мәтінмен  танысып,  күнделікті  толтырып  біткен  соң, 
жұпта,  топта  талқылау  ұйымдастырамын.  Осы  стратегия  арқылы  көп  нәтижеге  жетуге 
болады. Оқушылар ойланады, ізденеді, бірін-бірі түсінуіне мүмкіндік туады., жұппен жұмыс 
істеуге  үйренеді.  Ой  түю  арқылы,  керекті  дәйектемені  іздеп  таба  біледі,  оны  пайдалана 
білуге үйренеді. 6-сыныпта М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопиясынан «Біржан сал Абай 

169 
 
ауылында»  тақырыбын  қорытындылауға  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясының 
стратегиялары  мықты  білім  нәтижесін  көрсете  білді.  Оқушылар  сабаққа  түгел  қамтылды. 
Сабақ  «Блум  таксономиясы»  бойынша  жүргізілді.  Оны  стратегия  арқылы  мәтінге  толық 
талдау  жүргізілді.  Оқушылардың  білімі,  деңгейі,  әрекет  түрлері,  ақпаратты  толық  тануы 
ескерілді. Оқушылар мәтінді түсінді, әрі өз сөзімен жеткізді. Мәтінге анализ болды. Синтез 
/жинақтау бойынша/ оқушылар сахналық көрініс арқылы шығарманы жинақтады. Осы сабақ 
барысында  біраз  нәрселер  қамтылды.  Оқушылардың  шығармашылық  деңгейі  қалыптасты.      
«Эссе»  стратегиясы  бойынша  «Абай  ағаға  хат»,  «Біржан  ағаға  хат»  орындалды. 
Эссе  мына  үлгіде  жазылды:  «Абай  аға,  сіздің құлақтан  кіріп,  бойды  алар  әніңіз  бен  ақиқат 
үшін шырылдаған, елді бірлікке шақырған, татулыққа үндеген  өлеңдеріңіз бізге қатты әсер 
етті,  тебірентті,  толғантты.  Сіз  армандаған  өнер  құдіреті  қазір  шарықтауды…» 
«Эссе»  стратегиясы  бойынша  өз  ойынан  әр  түрлі  пікірлер  құрастырып,  оны  дәлелдеуге 
үйренеді.  «Сауалнама-интервью»  стратегиясы  да  жаңа  білімді  меңгертуге  үлкен  септігін 
тигізеді.  «Сауалнама-интервью»  стратегиясы  бойынша  өтілген  тақырыпқа  талдау, 
салыстыру,  зерттеу  жұмыстары  бойынша  оқушы  білімін  жинақы  түрде  қорытыныдылауға 
болады. 
Оқушыларды  жеке  тұлға  ретінде  ала  отырып,  олардың  іс-әрекет  түрлерін  мақсатты 
қалыптастыру,  өздік,  дербес  ізденуге  баулимыз.  әрбір  оқушыны  өз  беттерімен  көркем 
туындыны  оқуға,  талдауға,  бағалауға  жетелейміз.  «Сын  тұрғысынан  ойлау»  технологиясы 
дайын  білімді  қайталап  айту  емес,  оны  өз  белсенділіктері  бойынша  алуға  тәрбиеленеді. 
Оқушылардың  өзіндік  жұмысына  мақсатты  бағдарлар,  айқын  міндеттер  қойғыза  білуге 
үйретеміз. 
Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабақтарында  проблемалық  сабақтарды  бөліп  алу,  әзірлеу, 
соны талқылау, өзіндік қорытынды жасау, өз беттерімен анализ, синтезге, бағаға жету, өзін-
өзі  бақылау,  жұмыстары  балаларды  шығармашылыққа,  жүйелі  білімге  жетелейді.    Осы 
салыстыру  кестелерінен  «Сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту»  бағдарламасының  негізгі 
қағидаларының  шығармашыл  тұлға  қалыптастыруға  бағытталғандығын  көреміз.  Академик 
Лернер  бойынша  білім-мәліметтер  мен  деректер,  икемділіктер  мен  дағдылар, 
шығармашылық  іс-әрекеттер, көңіл-күй құндылық бағдарларынан тұрады. Осыны ескерсек, 
сын  тұрғысынан  ойлау  сабақтарында  осы  аталған  бағдарлардың  іске  асып,  нәтижесін 
беретіндігіне күмән болмайды. Оқытуды жеке тұлғаға бағыттау арқылы кез келген сабақтың 
дамытушылық, тәрбиелілік мүмкіндіктерін пайдаланып және осы жүйені қолдану барысында 
қазақ тілі мен әдебиет сабағында оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту ойдағыдай 
жүзеге  асырылады.  Қазақ  тілі  мен  әдебиет  сабақтарын  «Сын  тұрғысынан  ойлау» 
технологиясы  стратегиялары  негізінде  құрып  оқыту,  яғни  сыни  тұрғыдан  ойлау  тәсілін  іс-
тәжірибеме  енгізу  нәтижесі  жеткіншектер  бойында  мынадай  іскерліктер  мен  дағдыларды 
қалыптастыруға болатынын байқатты. 
•  Әрбір  оқушы  өзінің  жеке  ойымен,  өмірге  деген  көзқарасымен  және  ойлау 
қабілетімен ерекшеленеді; 
• Жеке дауысты (кейіпкер, жазушы, бірге оқитын оқушы) қабылдауға үйренеді; 
• Ойын жаңа ақпараттар арқылы білдіреді /мағынаны тану кезеңінде; 
• Өз ойларын толық, дұрыс тұжырымдайды; 
• Өздеріне белгілі пайдалана алады; 
•  Өз  біліміне  сүйеніп,  мәселенің  шешімін  дұрыс  тауып,  ойын  жеткізе  біледі,  яғни 
«Мен» деген сөзді ұғады 
Қорыта  айтқанда,  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабағында  сын  тұрғысынан  ойлау 
технологиясы бойынша үйрету барысында мынадай жетістіктерге жетуге болатынын білдім. 
1.Оқушы өз ойын еркін білдіре алатын, шығармашылық жазу стилін табады. 
2.Жаңа  білім  бағытында  өз  жобаларын,  тұжырымдарын,  болжамдарын  тыңдап, 
талқылай алады. 
3.Өзіндік  шешімдерінің  қаншалықты  ғылыми  және  шындыққа  жақын  екенін 
саралайды. 

170 
 
4.Білімді  өз  бетімен  алуға  деген  ынтасын,  танымпаздық  белсенділіктерін, 
шығармашылық қабілетін арттырады. 
5.Өз білім дәрежесінің деңгейін саралау,өзіндік анализ, синтез, бағалауының дағдысы 
қалыптасады. 
6.Оқушылардың  бір-бірімен  ынтымақтастығы,  пікірлерін  айта  білуі,  қорғай  білуі, 
айтыса білуге  дағдыланады. 
7.  Оқушыларда  жазу  кезінде  кестелі  сөз  өрнектерін  қолдану    қабілеті  пайда  болады, 
сонымен қатар өзінің және өзгеледің пікірі мен тәжірибесіне құрметпен қарауға үйренеді. 
8.  Оқушы  әрекеті  біілімді  игеру  мен  ойлау  қабілетін  жетілдіріп,  дамытады  және  ол 
кітап оқыған кезде өз ойын тұжырымдайды. 
9.  Оқушылар  өз  ой-пікірмен,  іс-тәжірибесімен  бөлісуге  үйренеді,  бұл  бағыт  топпен 
жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 
10.  Жұмыс  барында  пікір  алмасу  арқылы  оқушының  өз  ойын  ашық  айтуға,  басқа 
адамның  ойын  дұрыс  қабылдауға  үйренеді.Осыған  дәлел  ретінде  Қуандық  Шаңғытбаевтың 
«Сабалақ» өлеңін ұсынамын. 
Сабақтың  мақсаты:  Қуандық  Шаңғытбаевтың  өмірі  туралы  қысқаша  мәлімет  алады. 
«Сабалақ» өлеңінің мазмұнымен танысады. Абылай ханның өмірі жайында таным деректерін 
толықтырады.  
Міндеттері:   
1. Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру. 
2.Сөздік қоры молайту, өлең мазмұнын ашу. 
3.Бірлесіп жұмыс істеу, пікірлесеу, ортақ пікір шығарау,  бағалау. 
Стратегиялар: «Ассоциация», «Кубизм», «5 минуттық эссе», «Семантикалық карта» 
Құрал – жабдық:  ақ бет, дәптер, қалам, маркер 
Көрнекілік: Қуандық Шаңғытбаевтың, Абылай ханның портреттері. 
Сабақтың барысы: I Қызығушылықты ояту 
1.  Хан  сөзіне  «Ассоциация»  стратегиясы  бойынша  сынып  оқушыларының  барлығы 
бірдей жұмыс жүргізеді. 
1.Жеке жұмыс 
2.Жұппен жұмыс 
3.Топпен жұмыс 
4.Ортақ жауап шығарылып, спикер қорғайды 
II Мағынаны ажырату 
Қуандық Шаңғытбаев өмірі жайлы мәлімет. 
«Сабалақ» өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын ашу. 
Оқушылар өлең мазмұнымен жекелей іштей оқып танысады. 
Оқушылар  өлең  мазмұнымен,  өлеңдегі  түсініксіз  сөздермен  таныс  болғаннан  кейін 
«Кубизм»  стратегиясы  бойынша  жұмыс  жүргізіледі.  Кубты  айналдырып  лақтыра  отырып, 
әрбір топқа берілген сұрақтың ретін анықтайды. 
сұрақ беріледі 
жеке жұмыс 
жұппен жұмыс 
топпен жұмыс 
спикер қорғайды 
суреттеу, сипаттау 
Сұрақ. Ақын Аңырақайдағы қазақ пен қалмақ арасындағы соғысты  қалай суреттейді? 
Суретке  қарап  әңгімелеңдер.  Өлең  жолдарына  мысал  келтіріп  айтып  беріңдер. 
Салыстыру.  Сұрақ.  Соғыстың  әрбір  сәтінен  мысал  келтіре  отырып,  Әбілмәмбет  ханның 
бейнесіне салыстырмалы мінездеме беріңдер. 
Зерттеу.  Сұрақ:  Сабалақ  кім?  Ол  неге  «Абылай  да  Абылай»  деп  ұран  салды? 
Қажеттілігін  бағалау.  Сұрақ  «Сабалақ  »  өлеңін  оқи  отырып,  қандай  жаңа  мәліметтермен 
таныстың? 

171 
 
...Абылай тағы туа ма қазақтан 
Тосып  келем,  сол  –  ендігі  арманым  –  деген  өлең  жолдарындағы  ақын  арманының 
маңыздылығы неде? 
ІІІ «5 минуттық эссе» стратегиясы 
Тақырыбы: Абылай хан 
Оқушы жеке жазады. 
жұппен жұмыс 
топпен жұмыс 
спикер ең жақсы эссені оқып қорғайды. 
Үйге  тапсырма:  «Семантикалық  картаны»  толықтырып  аяқтау.  Өлеңге  жоспар  құру, 
мәнерлеп оқу.  
 
 
ӘОЖ 541.124 
 
БІЛІМГЕРЛЕРГЕ КҮЙЛЕРДІ ҮЙРЕТУДІҢ ДӘСТҮРЛІК ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ. 
 
 
Кунтуганова С.М., магистр, аға оқытушы  
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 
 
Кәсіби  оқу  жүйесінің  пәрменді  түрдегі  даму  сатысы  бүгінгі  күннің  өзекті 
мәселелерінің  бірі.  Домбыра  аспабын  терең  меңгеруде,  халықтық  музыкалық 
терминалогияны  сабақтастырып,  сабақ  беруде  көмекші  құрал  ретінде  пайдалану  жөніндегі 
кейбір ой-пікірімді ортаға салып отырмын. 
Қазақ  халқының  аспаптық  музыкасы,  соның  ішінде  домбыраға  арналған  күйлер  ең 
жоғары кәсіби өнеріміздің бірі. Бізге жеткен күйлердің әуен ырғағы, тақырыбы мен мазмұны, 
халықтың көкейкесті ой-арманынан туған. Ал, халық күйшілері сол күйлерді сақтап, келесі 
ұрпаққа  жалғастырды.  Соның  арқасында,  қазіргі  күйлер  өмірдің  тар  жол  бұралаңдарынан 
өтіп, біздің заманның айғағы болып отыр.  
Халық  күйшілерінің  тәжірибесінде  күй  тартудың  дәстүрлі  әдістерін  күйшілік 
мектептердің өзіне тән тәсілдерін ұстазынан шәкірт үйреніп алады. Оның қыры мен сырын 
толық меңгереді [1]. 
Қазіргі  кезде  шәкіртті  күй  тартып  үйренуге  кішкене  күнінен  тәрбиелеуге  мүмкіндік 
туып отыр. Мұндай әдістеме бірте-бірте қиындай береді де, өзінің ең негізгі шыңы күйшілік 
өнерді толық меңгере алатын дәрежеге жетеді. Музыкалық қабілеті аса күшті шәкірттерді ел 
ішінде «құйма құлақ» деп атайтын болған. 
Күй үйрену тәсілдері: 
- күй туралы және күйдің аңыз әңгімесін тыңдаушыға әрі  түсінікті, әрі  қызықты етіп 
айту. Бұл тәсіл ежелден келе жатқан әдістемелік құрал, күйді үйреткенде бірге айтылады. 
- күйді есту арқылы үйрету. Бұл тәсілдің әдістемелік түрлері өте көп. Солардың бірі: 
өзі естіп, өзі үйрену, өз қатесін өзі түзеп алу. Мұндай тәсіл үлкен нәтиже береді.  
- күй үйрету тәсілінде ертеден келе жатқан әдістемелік құралдың бірі күй сазын әуен 
арқылы  айтып  беру.  Бұл  шәкірттің  күй  сазын  көкірегінде  сақтауға  көмектеседі.  Әсіресе 
күйдің дыбыстық сапасының бояуы қанық болады. Халық күйлерін үйреткенде оның сазын 
әндете отырып түсіндіру, халық педагогикасының ең негізгі әдістемелік құралы.  
Домбырада күйді тартып көрсету – ең негізгі көне тәсілдердің бірі. Мұның әдістемелік 
жүйесі сан ғасырлық тәжірибенің негізінде қалыптасқан. Күй жанрының дәстүрлік сипатын 
үйретудің  тәсілдері.  Мұның  әдістемелік  жүйесі  күй  үйренуде  ерекше  құбылыс.  Оның 
тармақтары  көп.  Күйшілік  мектептердің  қалыптасуына  қарай,  сол  мектепке  тән  ерекше 
тәсілдерін сақтау. Күйді үйренудің белгілі бір қағидаларын сақтайтын әдістемелік жүйе. Бұл 
да  халық  педагогикасында  ерекше  құбылыстардың  бірі.  Күйді  үйрену  үшін  оны  ана 

172 
 
тіліміздің  қасиеттерімен  байланыстыру  тәсілі.  Күй  жанрының  даму  жолы  халық  ауыз 
әдебиетімен  бірдей  болғандықтан,  сөз  сөйлеу,  сөйлем  құрау,  поэзия тілі күйге  тікелей  әсер 
етеді. Күйдің әуен саз ырғағына сәйкес келетін өлең сөздерді жүйелі түрде күймен бірге қоса 
үйретсе күй тарту шеберлігі арта түседі. Ана тіліміздің қасиеттерін толық білмейінше күйді 
дұрыс үйрету мүмкін емес. Әдістемелік құрал өте бай болу үшін фольклорлық ауыз әдебиет 
үлгілерін  жинап  отыру  керек.  Күйге  байланысты  көнеден  келе  жатқан  атауларды  қолдану 
тәсілдері.  Оны  орнын  тауып  қолдана  білу  керек.  Ең  негізгі  әдістемелік  тәсілдердің  бірі  – 
күйді халқымыздың тарихымен байланыстыра үйрету. 
Бұл  айтылғандардың  басқа  сан  алуан  тәсілдердің  әдістемелік  жүйесін  жасау  -  өмір 
талабы. Егерде, біз күй жанры бұзылмай, кейінгі ұрпаққа дұрыс жетсін десек, мұны өзіміздің 
күнделікті  домбыра  үйрену  тәжірибемізде  бұлжымайтын  қағидаға  айналдыруымыз  керек 
болады [2]. 
Күйлерді  кезеңдерге  бөліп  үйрену  жүйесі  Домбыра  тарту  шеберлігін  арттыру  – 
ұстаздың міндеті, ал шәкірт домбыра тартатын өнерді меңгереді. Халықтық педагогика 
дәстүрінде  күйді  немесе  әнді  бойында  қабілеті  бар  шәкірттер  үйренеді.  Ал,  ондай 
шәкірттер жасанды жолмен емес, табиғи жолмен іріктеледі. 
Бұрыннан  қалыптасқан  күй  үйренудің  бай  тәжірибесіне  сүйене  отырып,  төмендегі 
төрт кезеңді белгілеп көрейік. 
Бірінші кезең. Күй жанрының негіздерін үйрену. 
Екінші кезең. Күй жанрының дәстүрлік сипаттарын үйрену. 
Үшінші кезең. Күй жанрының мектептерін үйрену. 
Төртінші кезең. Күй жанрын ұлттық өнер ретінде меңгеру. 
Музыкалық білім жүйесімен күй үйрену  
Қазіргі  кезде  музыкалық  білім  жүйесімен  күй  үйренудің  біршама  тәжірибесі 
жинақталды. Ендігі жерде осы елу жылғы ұстаздық  қызметті  ғылыми тұрғыдан талдап, бір 
қорытындыға  келіп,  алдағы  бағыт  бағдарымызды  анықтап  алу  керек.  Бұл  -  өмірдің  талабы. 
Халық педагогикасына қазір көп көңіл бөліп жатқан кезде күй үйренудің дәстүрлі әдістерін 
жан-жақты қолданудың жүйесін жасау керек. 
Музыкалық  білім  сауаты  арқылы  домбыра  тартуды  үйрену  тәсілі  –  ең  күрделі  де, 
қиындығы мол жұмыс. Бұл салада, көп жылғы тәжірибе қалыптасты, біршама табыстарға қол 
жетті. Болашақ өнер иелерінің рухани тәрбиесі – кәсіби өнер мен халықтық мектептің тығыз 
байланысы,  дәстүрлі  өнерді  көздің  қарашығындай  сақтап,  аспаптық  өнерді  жан-жақты 
дамыту,  орындаушылық  және  ұстаздық  шеберліктерінің  қарқынды  дамуымен,  музыка 
мамандары  қызметінің  ұлағаттылығы  мен  жіті  бағыты  арқылы  атқарылатын  абыройлы  іс. 
Бұл пәннің негізгі мазмұнына студенттердің оқушыға аспапты үйрету уақыттарындағы әдіс- 
амалдарының  іске  асыруына  қажет  білімнің  қыр-сырлары  енген.  Мамандық  пәні 
студенттердің  өз  бетімен  ойлау  қабілетінің,  домбыра,  қобыз  аспабында  ойнап  үйретудің 
үлгілерін, әдістерін жете білуге үйретеді. 
Қазақта  аспаптық  өнердің  сан  ғасырлық  даму  тарихы  бар.  Ұлы  Қорқыттан  бастап 
халық орындаушылары өзінен - өзі пайда болмағаны белгілі жай. Өнерді көріп, әдісін тауып 
баптайтын шынайы бапкер болғанда ғана шеберліктің шыңына көтерілуге болады. 
Музыкалық көркем шығармалардың мәнін терең түсінбей музыкант тәрбиелеу мүмкін 
емес.  Мұндай  қабілет  студенттің  көптеген  шығармаларды  жан-жақты  талдау  нәтижесінде 
шығарманың  тәрбиелік  мәнін  ашуы  үшін  қолданған  әдістерге  байланысты.  Аспаптың 
техникалық  көркемдік  мүмкіншілігін  білу,  оны  шығарма  мазмұнын  ашу  үшін  пайдалану 
болашақ  кәсіпқой  музыканттың  шығармашылық  жұмысының  нәтижелі  болуын  қамтамасыз 
етеді [3]. 
Әр  мектептің  аспап  тарту  шеберлігі  сол  мектепке  тән  көркемдік  және  суреткерлік 
шеберлікпен  тығыз  байланысты.  Сондай-ақ  әр  мектепке  тән  тақырып  мазмұнын  ашу  үшін 
қолданатын шеберлік тәсілдері болады. 
Бастапқы  оқытудың  ең  қиын  күрделі  жағы  –  орындаушылық  дағдыларын  меңгеру. 
Орындаушылық қимыл-әрекеттер тәсілдерінің негіздерін игеру. Оқу бағдарламаларын құру. 

173 
 
Орындау  әдістері  мен  шығарманың  мазмұндық  мағынасын  аша  отырып,  музыканы 
мәнерлеп  орындаудың  әр  түрлі  тәсілдерін  үйрету.  Аспапта  орындаудың  әдіс  амалдары 
арқылы көркем образдың сырын ашу.  
Оқулықтар, оқу әдістемелік құралдарды пайдалана отырып белгілі бір мақсатқа жету. 
Өз бетінше жұмыс жасай біліп, кез-келген қиыншылықты жеңуге ұмтылу. Оқытушылардың 
маңызды  мiндеттерiнiң  бiрi  ол  студенттерге  аталмыш  пәннен  жоғарғы  дәрежедегi  бiлiм 
берiп, эстетикалық тәрбиенi айтарлықтай жақсарту. 
Жас  орындаушыларға  әсемдiк  сезiмiн  дамытып,  өнер  шығармаларын,  тарих  пен 
архитектура  ескеркiштерiн,  табиғаттың  сұлулығы  мен  байлығын  түсiнiп,  бағалай  бiлу 
қасиетiн қалыптастыру. 
Дарын  және  қабілет  түсініктері  жөніндегі  кәзіргі  замандағы  психологиялық 
тұжырымдар.  Табиғи  дарындылық  негізінде  қабілеттердің  қалыптасуы.  Орындаушылық 
өнердегі көркемдік ой қызметінің өзгешелігі. Музыкалық ырғақ. Музыкалық ырғақтың адам 
өмірі қызметімен тығыз байланысы. Музыкалық ырғақты сезіну негіздері. Орындаушылыққа 
ықылас, назар салу және қызығушылық. Ерік мақсатқа жету бағытындағы саналы әрекеттің 
пайда болуы. Студенттің өз бетінше құлшынысын қолдау. 
Шәкірттің  музыкалық  көркемдік  техникалық  жетілуінің  біртұтастылығы  музыка 
педагогикасының  негізі.  Оның  кластағы  сабақта  шешімін  табуы.  Ұстаз  бен  шәкірттің 
бірлескен  шығармашылық  жұмыстарының  желісі,  шығармашылық  жеке  тұлғаның 
қалыптасуы.  Жалпыға  бірдей  аспап  қойылымы.  Аспап  қойылымының  түпкілікті  үйлесімді, 
әсем тұстарын  барынша пайдалану. Отырыс,  қойылым әрдайым жіті  байқауда болуы шарт. 
Шәкірттің дене құрылымына, ой жүйесі, бұлшық еттерінің табиғи болмысына байланысты.  
Аппликатура  негіздері.  Аппликатураның  музыкалық  мәнерлеушілікпен  және 
техникалық  шеберлікке  апарар  жолы,  оңтайлы  тәсілі.  Орындаушылық  стиль  мен 
аппликатура  принциптерінің  өзара  байланысы.  Ыңғайлы  аппликатура  түсінігі,  оны 
тұрақтандыру.  Музыкалық  шығарманың  әуендік,  техникалық  бөлімдері  үшін,  аппликатура 
таңдау принципі. 
Позиция  және  оны  алмастыру.  Позиция  үйрету  реті.  Позиция  ауыстыру  амалдары. 
Кеңейтілген болмаса қысыңқы позицияны қолдану мүмкіндіктері. 
Ұлы  халық  орындаушылары  өз  халқының  тарихын,  тұрмыс-тіршілігін,  ауыз 
әдебиетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін, ән-күй өнерін жақсы білді. Ал, дарынды композитор-
орындаушы  өзі  шығарған  ән-күйлерін  өзі  елге  тарататын  дәстүр  болды.  Кезінде 
халқымыздың тума талант ұл-қыздарыартына ән-күй өнерінің қайталанбас тамаша үлгілерін 
қалдырды. 
Көп ғасырлық күй тарту шеберлігінің арқасында небір жақсы әдіс-тәсілдер қалыптасты. Күй 
тарту  шеберлігінің  дәстүрі  деп  жылдар  бойы  қалыптасқан,  кейінгі  ұрпаққа  мұра  болып 
қалған тұрақты әдіс-тәсілдерді айтамыз: 
- біріншіден, күй жанрының негіздерін көрсете алатын шеберлік; 
- екіншіден, күй жанрының дәстүрлік сипатын көрсете алатын шеберлік; 
- үшіншіден, күй жанрының мектептерін көрсете алатын шеберлік; 
- төртіншіден, күй жанрын ұлттық өнер ретінде көрсете алатын шеберлік. 
Жоғарыда  аталған  күй  тарту  шеберлігінің  негіздері  күй  тақырыбының  мазмұнын 
мүмкіндігінше  толық  аша  алатындай  болуы  керек.  Домбыра  тарту  шеберлігінің  дәстүрлі 
әдістерін  қолдан  келгенше  сақтап  ойнауға  күш  салу  үшін  оның  негізгі  қағидаларын  жақсы 
білу керек [4]. 
Домбыра  тарту  шеберлігі  –  дамып  жетіле  беретін  өнер.  Әр  мектептің  күй  тарту 
шеберлігі  сол  мектепке  тән  көркемдік  және  суреткерлік  шеберлікпен  тікелей  байланысты. 
Сондай-ақ  әр  мектепке  тән  тақырып  мазмұнын  ашу  үшін  қолданылатын  шеберлік  тәсілі 
болады.  Қағыс  атаулары  және  оған  берілетін  түсініктемелер.  Алғашқы  қағысты  меңгеру 
барысында  студент  екі  қағыс  түріне  де  (төкпе  және  шертпе  қағыстарына)  бірдей  жаттығу 
керек.  Төкпе  қағысты  сұқ  саусақ  пен  басбармақ,  ал  шертпе  қағысты  тек  сұқ  саусақпен 
орындаудан бастаған жөн. Ең негізгі бізге белгілі қағыс түрлері: 

174 
 
-  «Тентек  қағыс»  –  Құрманғазы  дәстүріндегі  кейін  Дина  дамытқан  кең  шеңберлі 
қағыс; 
- «Төре қағыс» – Төре күйлеріндегі ішектің екі жағынан аса алыс кетпейтін қағыс; 
-  «Сүйретпе  қағыс»  –  Абылдан  келе  жатқан  бұл  қағыс  күйлердің  динамикалық 
жақтарын  аса  жандандырады.  Әсіресе  ол  шартты  бөлуден  жұпты  бөлінген  дыбыстарға 
ауысқанда, соңғылардың үлкен айырмасын көрсетеді;  
- «Шұбыртпа қағыс» – бес саусақты кезегімен жоғарылы-төмен сілтеген қағыс; 
- «Сипай қағыс» – саусақтың ұшымен сипай өтетін қағыс. 
Енді  дәстүрлі  күй  қағыстары  түрлерімен  және  оларға  берілген  түсініктермен  таныса 
өтейік:  ілме  қағыс,  саулама  қағыс,  шалу  қағыс,  орама  қағыс,  тырнама  қағыс,  толқындама 
қағыс,  иілме  қағыс,  шашқын  қағыс.  Бұл  қағыс  түрлері  М.Өскенбаев  пен 
С.Балмағанбетовтерден  жазып  алынған.  Орындаушылық  дәстүрлерде  ең  көп  кездесетін 
қағыстардың  бірі  “теріс  қағыс”.  Мұнда  қағыстың  әлді  кезеңі  қаққан  қолдың  жоғары  қарай 
шыққанда  келеді.  Сондықтан  бұл  күйдің  ырғағында  акцент  табиғи  түрінде  болмай  ауысып 
келеді. 
Сирек  кездесетін  күрделі  қағыстар.  Қара  қағыстан  кейінгі  қағыстар  біртіндеп 
күрделене  түседі.  “Орама  қағыстың”  бір  түрін  домбырада  тез  үйреніп  кетудің  өзі  біраз 
қиындықтар  туғызады.  “Ілме  қағыс”  –  білек  буыны  арқылы  бір  төмен,  бір  жоғары 
қозғалыспен  алынады,  тек  айырмашылығы  соңғы  жоғары  алынатын  екі  қағыс  бармақпен 
және сұқ саусақпен алынады. 
Күрделі  қағыстың  бірі  Маңғыстау  түбегінің  әйгілі  қағысы  “Адай  қағыс”  –  ол  оң 
қолдың білек буынын үш рет қозғалып жұмсартып алған төрт қағысын айтамыз.  Бұл қағыс 
көбінесе  Атыраудың  «Ақжелең»  аттас  күйлерінде  және  Маңғыстау  өңірінің  күйлерінің 
көбінде әсерлі қолданылады. 
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1 Ахмедиаров Қ. Күй – ұран. – Алматы, 2001. – Б. 336 
2 Балмағанбетов С. Қазанғап. – Ақтөбе: ЖШС «Ақжар - АБК», 2005. – Б.120 
3 Жүсіпов Б. Жиделі Байсын күйлері: оқу құралы. – Алматы: «Ғылым», 2000. – Б. 288 
4 Тоқтаған А. Құрманғазы. – Алматы: Білім, 2005. – Б. 216 
5 Райымбергенов А., Аманова С. Күй қайнары. – Алматы: - Өнер, 1990. – Б. 288 
6 Ермекбайұлы М. Күй маржаны. – Павлодар. – 1999. – Б. 288 
7 Сахарбаева К. Атырау ән-күй мұхиты. – Алматы: «Дайк Пресс», 2001. – Б. 21 
8 Сахарбаева К. Домбыра дастан. – Алматы: - Мектеп, 2002. – Б. 43 
 
 
УДК 74.213
  
 
ПРОБЛЕМА РАЗВИТИЯ ИНТЕРЕСА ШКОЛЬНИКОВ К СЕРЬЕЗНОЙ МУЗЫКЕ   
 
Куцина О.А. 
Средняя школа №8 им. К.Островского, г.Талдыкорган, olia.261065@mail.ru 
 
Будучи  создана однажды своим творцом, музыка ждет того  момента, когда  умелый 
музыкант  оживит  ее,  заставит  звучать.  Но,  отзвучав  положенное  ей  время,  музыка  вновь 
умолкает  до  следующего  исполнения,  оставаясь  лишь  на  бумаге  в  символических  нотных 
знаках.  А  в  таком  виде  музыка  доступна  лишь  ограниченному  кругу  людей  -  музыкантам, 
способным прочесть написанное, воспроизвести его своим внутренним слухом еще до того, 
как  символы  превратятся  в  звуки.  Однако  стоит  музыке  зазвучать  -  и  музыканты  сразу  же 
перестают быть ее единоличными хозяевами. Отныне она может принадлежать всем, кто ее в 
этот  момент  слышит.  Однако,  чтобы  услышать  особенности,  понять  глубину  серьезной 
музыки  нужна  специальная  подготовка.  Главной  задачей  уроков  музыки  является 

175 
 
формирование  музыкальной  культуры  учащихся  в  процессе  общения  их  с 
высокохудожественными образцами народной, классической и современной отечественной и 
зарубежной  музыки.  Школьников  необходимо  научить  эмоционально  и  глубоко 
воспринимать образно - смысловое содержание серьезной музыки на основе усвоенных ими 
знаний,  воспитывать  потребность  в  слушательской  деятельности,  развить  интерес    к  этому 
огромному и сложному миру серьезной музыки.   
Интерес  к  серьезной  музыке  при  правильной  педагогической  организации 
деятельности  учащихся  и  систематической  и  целенаправленной    деятельности    в  этом 
направлении  может  и  должен  стать  устойчивой  чертой  личности  школьника  и  оказывает 
сильное влияние на его музыкально-эстетическое  развитие.  
На  сегодняшний  день  учителя  музыки  часто  отмечают  отсутствие  у  школьников 
интереса  к  серьезной  музыке.  Тенденция  отрицательной  динамики  данной  мотивации, 
которую  можно  рассматривать  как  проявление  плохого  музыкального  вкуса,  музыкально-
теоретической  безграмотности  прослеживается  особенно  в  средних  классах  школы  (в 
подростковом возрасте), что доказывают различные исследования в этом направлении. 
Развитие  интересов  личности  является  одной  из  важных  проблем  воспитания.  Эта 
проблема  весьма  многогранна,  и  потому  в  ее  решение  вносят  вклад  представители 
различных человековедческих наук.  Так,  психологи  исследуют  условия  и  механизмы 
возникновения интересов и воздействие их на личность (Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, Л.И. 
Божович  и  др.),  педагоги выявляют  возможности  формирования  интереса,  заложенные  в 
педагогическом  процессе  (Г.И.Щукина,  Н.Г.  Морозова  и  др.),  социологи  изучают  связь 
интересов  с  общественной  средой  и  характером  деятельности  личности  (Л.M. 
Архангельский, Г.А. Мусабаева и др.). 
Концептуальные  основы  педагогического  аспекта  проблемы  особенно  глубоко 
исследованы  в  трудах  Г.И. Щукиной.   Проводились  и  проводятся  исследования  в  этой 
области  и  другими  педагогами-исследователями.  Так,  А.К.    Куатова    рассматривает 
значимость  формирования  интереса  школьников  в  общей  структуре  мотивации  учебной 
деятельности;  А.С.  Бекенова   изучает  взаимосвязь  формирования  мировоззрения, 
нравственности  и  познавательных  интересов  школьников  в  учебном  процессе.  Таким 
образом,  можно  сказать,  что  проблеме  формирования    интересов  посвящено  достаточно 
большое  число  педагогических  исследований.
 
Общие  позиции  глобальной  значимости 
проблемы формирования музыкальных интересов могут быть почерпнуты в трудах крупных 
теоретиков музыки.  
К  ним  относятся  работы  ведущих  ученых-музыкантов  в  области  музыкознания 
и музыкальной психологии(Б.В.Асафьев,  Б.В. Медушевский,  Е.Б.Назайкинский  и  др.); 
инструментальной педагогики (T.A.Баренбойм, 
Г.М. 
Коган, 
Г.Г. Нейгауз и 
др.); 
музыкального воспитания школьников   (Н.А.Ветлугина, Д.Б. Кабалевский и др.). Ими были 
созданы  предпосылки  для  проведения  музыкально-педагогических  исследований  в  сфере 
проблемы интереса.
 
Для  нас  наиболее  значимы  работы,  освещающие  педагогические  основы  и  методику 
формирования  устойчивых  интересов  учащихся  к  музыке.  При  этом  проблема 
формирования музыкальных интересов рассматривается в разных аспектах: формирование у  
школьников интереса  к  серьезной  музыке  (Т.П.  Плеснина);  выявления  особенностей 
развития 
интереса 
к 
казахской 
народной 
музыке 
(Ш.Б. 
Кульманова); 
формирования музыкального 
интереса 
у 
младших 
школьников 
в 
условиях внеклассной работы  (А.И.  Паламарчук);  роли  музыкальных  интересов  в 
формировании познавательной деятельности подростков (Н.Н. Гришанович). 
В музыкальной педагогике  формирование и развитие интереса к серьезной музыке - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет