Бөлімше Көлемі, бет Ақша-кредит саясатының жəне оны талдау тəсілдерінің дамуы


Павлодар облысы бойынша импорттың 2006 жылғы 9 айдағы



Pdf көрінісі
бет5/7
Дата31.12.2016
өлшемі0,73 Mb.
#854
1   2   3   4   5   6   7

Павлодар облысы бойынша импорттың 2006 жылғы 9 айдағы 

құрылымы (%)

11,1%

15,0%

22,5%

3,9%

47,5

Минер. өнімдер

Машиналар, жабдықтар

Химиялық өнімдер

Металдар жəне одан

жасал. бұйымдар 

Басқалары

 

Қазақстанның  негізгі  сауда  импорттаушы  əріптесі  болып,  əдеттегіше,  жалпы  импорт 



көлемінің  57,9% шоғырландырылған  Ресей  Федерациясы  қалып  отыр,  сондай-ақ  Украина, 

оның  үлесіне  импорттың 7,2% тиесілі.  Ресей  импортының  құрылымында    басым  позиция 

химия өнеркəсібінің (жарылғыш заттар, автомобиль шиналары, дəрі-дəрмектер) металлургия 

өнеркəсібінің (қара жəне түсті металдардан жасалатын бұйымдар), машина жасау өнеркəсібі 

(көлік  құралдары,  жабдықтар)  өніміне  тиесілі.  Мəселен,  темірден  жасаған  шыбықтар 

импорты сомасы 2006 жылғы 9 айда 20,3 млн. АҚШ долл. құрады, қара металдардан жасалған 

бұйымдар  бойынша 6,2 млн.  АҚШ  долл.,  темір  мен  болаттан  жалпақ  құйма  бойынша 12,0 

млн.АҚШ  долл.  құрады,  локомотивтер  мен  трамвайлардың  тораптары  мен  бөлшектері 

бойынша 10,8 млн. АҚШ долл., карбонат, пероксокарбонаттар бойынша 7,3 млн. АҚШ долл. 

құрады,   шоколад жəне басқа да тамақ өнімдері бойынша 4,0 млн. АҚШ долл. құрады.  

Облыста  жаңа  бəсеке  қабілетті  бірлескен  өндірістер  құру  жөнінде  жұмыстар 

жүргізілуде.  Мəселен,  Павлодарда  қазақстандық  бірінші  ТЭМ 18-Д  тепловозы  жинақталды. 

Жаңа  өндіріс - «Трансмашхолдинг»  ЖАҚ  (Ресей)  жəне  «Қазақстан  темір  жолы»  ҰК  АҚ 

(Қазақстан)  бірлескен  жобасы.  Жобаны  дамыту  үшін  Қытай  локомотив  өндірушілерімен 

бəсекелесуге тура келеді, олар 400 млн. АҚШ долл. келісім-шарт ұсынып отыр. Локомотивтер 

өндірісі  бойынша  жобаның  инвестициялық  қажеттілігі 70 млн.  АҚШ  долл.  құрайды.  БК 

желтоқсанда маневр тепловоздары мен жолаушылар вагондарын шығарады. 


 

33

Екібастұзда метиз зауытының құрылысы жоспарлануда, онда 80 мың тонна болат сым 



жəне 20 мың  тонна  əр  түрлі  диаметрлі  шеге  шығаратын  болады.  Осы  кəсіпорынның 

құрылтайшылары  қазақстандық  ұйымдар,  сондай-ақ  «Роснафко»  ЖШҚ  (Ресей), «ТИП-ТОП 

Штальгрубер Отто Груббер ГМбх» (Германия), сондай-ақ «Велма» компаниясы (Украина). 

 2006 


жылғы 9 айда  Украинадан  электр  трансформаторлары,  статистикалық    электр 

өзгерткіштер 11,3 млн. АҚШ долл. сомасына,  4,8 млн. АҚШ долл. сомасына локомотивтер 

мен  трамвайларға  тораптар  мен  бөлшектер,  сондай-ақ 1,5 млн.  АҚШ  долл.  сомасына  қара 

металдардан тұрбалар əкелінді. 

 

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы жолдауына сəйкес 



облыста  əлеуметтік-кəсіпкерлік  корпорациялар  (ƏКК)  құру  жоспарлануда,  бұл  бəсекеге 

қабілетті жаңа өндірістерді құруға, жоғары қосылған құнмен экспортқа бағытталған отандық 

өнімдер шығаруға жəне сатуға себепші болуы тиіс. Павлодарда арнайы экономикалық аймақ 

құруға шетелдік инвесторлар тарту жөніндегі жұмыс жоспарлануда. 

 Осы  іс-шаралардың  барлығы  Павлодар  облысындағы  кəсіпорындардың  сыртқы 

экономикалық қызметін одан əрі дамытуға себепші болады.   

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

34

 



ЭКОНОМИКА ЖƏНЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ: АЙМАҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕР  

 

АСТАНА қ. ВАЛЮТА НАРЫҒЫН ТАЛДАУ 

 

Баймағамбетов Д.Ш.  



ҚР Ұлттық Банкі Орталық филиалының (Астана қаласы)  

валюта операцияларын бақылау бөлімі бастығының міндетін атқарушы   

 

Астана қаласының валюта нарығын белсенді дамыту  көбіне елдің экономикасында 

қол жеткізген оң үрдістермен жəне Ұлттық Банктің валюта саясатымен айқындалады.    

Астана  қаласында 01.10.2006 жылғы  жағдай  бойынша  айырбастау  операцияларын 

ұйымдастыруға  уəкілетті  банктердің  (бұдан  əрі - УБ) 21 филиалы,  почта  байланысының 1 

уəкілетті  ұйымы,  банк  операцияларының  жекелеген  түрлерін  жүзеге  асыратын 80 уəкілетті 

ұйым  (бұдан  əрі – УҰ)  қолма-қол  шетел  валютасымен  айырбастау  операцияларын  жүзеге 

асырды. 


Айырбастау  операцияларының  жалпы  саны 225 болды,  оның  ішінде 126-ы  УБ-дің 

айырбастау пункттері, 1-уі почта байланысының  уəкілетті ұйымы, 98-і УҰ-дың айырбастау 

пункттері. 

01.10.06  ж.  жағдай  бойынша  айырбастау  операцияларын  жүзеге  асыруға 15 

лицензияның  берілу  фактісі  айырбастау  операциялары  нарығының  тартымдылығын 

білдіреді. Айырбастау пункттерін ашудың ең көп үлес салмағын банктер (жыл басынан бері 

29 айырбастау пункті ашылды) алады, олар бөлшек желідегі өздерінің қызмет аясын кеңітіп, 

сондай-ақ  банктік  қызмет  көрсетудің  жекелеген  түрлерімен  қатар  айырбастау 

операцияларын  жүзеге  асырады.  Қазақстан  Республикасының  астанасында  бүгінде  жеті 

жылдан астам жұмыс тəжірибесі бар уəкілетті ұйымдар айырбастау операцияларын жүргізіп 

отырғанын атап өту қажет. Бұл ең алдымен, 1998 жылғы тамыздағы (Ресейдегі құнсыздану) 

дағдарыстық  ахуалдарға  ұшырамаған,  сондай-ақ  теңгенің  еркін  өзгермелі  бағамына  өткен 

кезде валюта нарығындағы бəсекелестіктің қатаң талаптарына шыдаған, Ұлттық Банктің ең 

төменгі жарғылық капиталды қалыптастыруға қатысты талаптарын орындаған кəсіпорындар 

болды. Астана қаласы бойынша уəкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерін ашу санының 

ұлғаю үрдісі  байқалады. 2006 жылғы қаңтардан бастап 2006 жылғы қарашаның аралығында 

қалада  уəкілетті  ұйымдардың 25 айырбастау  пункті  ашылды,  бұл  өткен  жылдың  осы 

кезеңімен салыстырғанда 78% көп.  

Шетел  валютасын  сатып  алу-сату  көлемін  талдау  айырбастау  операцияларының 

негізгі  көлеміне  АҚШ  долларымен  операцияларға  (шамамен - 80%) тиесілі  екендігін 

көрсетті,  Ресей  рублі  бойынша  айырбастау  операцияларының  көлемі  елеусіз  жəне 2% 

шамасында  ауытқиды. 2006 жылғы 9 айдағы  қолма-қол  шетел  валютасын  сатып  алу/сату 

динамикасы  1-диаграммада көрсетілген. 

2006  жыл  бойы  банктер  мен  ұйымдардан  түскен  АҚШ  доллары  бойынша 

мəмілелердің  орташа  айлық  көлемі  мынадай  болды:  сатып  алу  бойынша - 120 млн.  АҚШ 

доллары,  сату  бойынша - 181 млн.  АҚШ  доллары  шегінде.  Қолма-қол  АҚШ  долларын 

сатудың  ең  көп  көлемі 2006 жылғы 3-тоқсанда 238 млн.  АҚШ  доллар  болып  қалыптасты. 

Шетел  валютасын  сатудың  жалпы  көлеміндегі  ең  көп  үлес  салмағы  уəкілетті  банктердің 

айырбастау  пункттеріне  тиесілі,  айырбастау  операцияларын  жүргізуге  арналған  елеулі 

құралдарға  ие  бола  отырып,  олар  уəкілетті  ұйымдарға  қарағанда,  қандай  да  бір  ықтимал 

тəуекелдерден көбірек  қорғалған.   


 

35

0,00



50 000,00

100 000,00

150 000,00

200 000,00

250 000,00

300 000,00

2006 ж. 1-то?.

 2006 ж.2-то?

2006 ж.3-то?.

0,00


5 000,00

10 000,00

15 000,00

20 000,00

25 000,00

30 000,00

35 000,00

40 000,00

45 000,00

50 000,00

А?Ш доллары cатып алу 

А?Ш доллары сату 

Еуро сатып алу

Еуро сату

 

Шетел  валюталарын  сатып  алу-сату  бағамдарын  талдай  отырып,  уəкілетті 



ұйымдардың  шетел  валюталарын  сатып  алу  бағамы  уəкілетті  банктер  ұсынатын  шетел 

валюталарын сатып алу бағамынан əрқашан  0,15 тиынға жоғары. Бұдан уəкілетті ұйымдар 

белгілейтін  бағамдардың  барынша  халыққа  бағытталғанын  көруге  болады.  Ішкі  валюта 

нарығындағы  теңге  бағамының  тұрақсыздығы  шетел  валютасының  алыпсатарлық 

тұрақсыздығының  ұлғаюына  əкелді,  бұл  маржаның  (шетел  валютасының  сатып  алу-сату 

бағамы арасындағы айырма өсуіне əкеп соқты), АҚШ доллары бойынша маржа 60 тиыннан 

аспайды. 

Жоғарыда  баяндалғандарға  орай,  валюталық  операциялар  нарығының  жай-күйі 

тұтастай  алғанда,  экономиканың  даму  үрдістеріне  жауап  береді  деп  қорытындыға  келуге 

болады.  Шетел  валюталарын  сатып  алу  мен  сатудың  айырбас  бағамы  сұраныс  пен 

ұсыныстан қалыптасады, бұл нарықтың өркениетті түрде дамуына ықпал етеді.   

«Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі»  ММ  Орталық  филиалының  (Астана 

қаласы) (бұдан  əрі – Орталық  филиал)  алдына  қойылған  басқа  да  міндеттермен  қатар 

айырбастау  операцияларын  жүргізуге  арналған  лицензиясы  бар  уəкілетті  ұйымдарды 

бақылауды жүзеге асыру міндеті тұр.  

2006 жылғы 9 айдың нəтижелері бойынша уəкілетті ұйымдарға  37 тексеру жүргізілді, 

оның ішінде жоспарлы тексеру - 35 жəне жоспардан тыс тексеру - 2. Уəкілетті ұйымдарды 

тексеру  барысында  Қазақстан  Республикасының  валюта  заңнамасының  нормаларын 

бұзушылықтар анықталды.  

1-кестеде көрсетілгендей «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен 

айырбастау  операцияларын  ұйымдастыру  туралы» 15.11.1999 жылғы  № 400 (бұдан  əрі - 

№400  нұсқаулық)  нұсқаулықтағы  барынша  көп  таратылғаны  № 400 нұсқаулықтың 64-

тармағын (тəртіп бұзушылықтардың жалпы санының 27%), 73-тармағын (21%), 57-тармағын 

(20%)  бұзушылықтар болып табылады.  

 

Уəкілетті ұйымдарға тəн тəртіп бұзушылықтар   № 1 кесте 

 

№400 нұсқаулықтың 



тармақтары 

Сипатты тəртіп бұзушылықтар 

3-тармақ 

Біліктілік талаптарын бұзу 

-  ақша белгілерінің түпнұсқалылығын айқындаудың кемінде 3 

1-диаграмма. 2006 ж. 9 ай үшін қолма-қол шетел валютасын сатып алу/сату динамикасы 


 

36

əдісі бар детектор  



-  күзет жəне өрт дабылдарының құралдары немесе қауіп-қатер 

дабылдарының құралдары жұмыс істемейді 

40-тармақ 

Жарғыға өзгерістерді уақтылы енгізбеу, Заң департаментінде 

тіркелгеннен кейін тіркелген өзгерістерді ҚР ҰБ ұсынудың бір 

айлық мерзімін бұзу 

50-тармақ 

Кассирдің жеке заттарына арналған үй-жайлардың болмауы 

53-тармақ 

№ 400 нұсқаулықтың № 6 қосымшасы бойынша ақпараттың 

болмауы 

54-тармақ 

№400 нұсқаулықтың 54-тармағында белгіленген құжаттардың 

көшірмелерінің  ВАП-нің үй-жайында болмауы 

57-тармақ 

Бағамдарды белгілеу туралы өкімдерді бір данада ресімдеу  

Дұрыс емес жазбаларды түзету тиісті түрде жүргізілмейді 

Бір күннің ішінде бағамдар ауысқан кезде аралық 

қорытындылардың болмауы жəне  кассирдің растау қолының 

болмауы 


64-тармақ 

Жүргізілген операциялардың нөмірлерінің болмауы 

65-тармақ 

Тізілім журналының белгіленген нысанда болмауы 

67-тармақ 

Анықтама сертификаттардың деректемелерінің дұрыс 

толтырылмауы 

Күнделікті есептер бір данада есептеледі 

73-тармақ 

Күнделікті есептер бір айдағы тігіндіге қалыптастырылмаған. 

 

Орталық  филиал 2006 жылы  уəкілетті  ұйымдардың  тексеру  нəтижелері  бойынша 28 



əкімшілік хаттама жасады жəне 10 материал бойынша ескерту жасалды.  

 

Бұдан  басқа,  Орталық  филиал  уəкілетті  ұйымдардың  арасында  түсіндірме  жұмысын 



жүргізді,  себебі 19.10.2006 жылы  филиалда  банк  операцияларының  жекелеген  түрлерін 

жүзеге  асыратын  уəкілетті  ұйымдармен  семинар-отырыс  жүргізді.  Семинарға  Орталық 

филиалдың  қызметкерлері  жəне  Астана  қаласының  аумағында  жұмыс  істейтін  уəкілетті 

ұйымдардың 90%-дан астамы қатысты. 

 

Осылайша  қаржы  нарығының  субъектілері  мен  Ұлттық  Банктің  қызметкерлері 

арасындағы  тығыз  жəне  жемісті  жұмыс  туралы  атап  өтуге  болады,  бұл  тұтастай 

алғанда ел экономикасының қарқынды дамуына түрткі болады. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

37

ЭКОНОМИКА ЖƏНЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ: АЙМАҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕР 



 

2006  жылдың 3 тоқсанында Қазақстан Республикасы өңірлерінің 

əлеуметтік-экономикалық дамуы   

(ҚРҰБ аумақтық филиалдары есептерінің негізінде) 

 

Қ.С. Сыдықова  

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  

Зерттеу жəне статистика департаменті  

Стратегия жəне талдау басқармасының жетекші маман-талдаушысы  

 

Осы  мақалада  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  аумақтық  филиалдары 

ұсынған  есептер  негізінде 2006 жылдың 3 тоқсанында  облыстардың  əлеуметтік - 

экономикалық  дамуына  талдау  берілген. 2006 жылдың 3 тоқсанында  барлық  облыстар 

бойынша  əлеуметтік-экономикалық  даму  деңгейінің  артқандығы  тіркелді.  Қазіргі  кезде 

өңірлерде  қалыптасқан  жалпы  экономикалық  жағдай  олардың  өркендеу  дəрежесін  анық 

көрсетеді.   

Облыстардың 

статистика 

басқармаларының 

деректері 

бойынша  

2006 жылдың 3 тоқсанында

 

инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының 

индексі 2005 жылдың  желтоқсанымен  салыстырғанда  айрықша  жоғары  болды,  Алматы 

қаласында - 109,5% жəне Астана қаласында – 107,9%.  Көрсетілген облыстарда баға индексі 

негізінен  ақылы  қызмет  пен  азық-түліктік  емес  тауарлар  бөлігінде  бағаның  көтерілуі 

есебінен жоғарылады. 

Тұтыну  бағаларының  индексі  Маңғыстау  жəне  Қызылорда  облыстарында  ең  төмен - 

104,9% болды.   

Азық-түлік  бөлігінде  ең  жоғары  баға  Алматы  жəне  Астана  қалаларында    тиісінше 

7,6%  жəне 7,3% болып  тіркелсе,  сол  кезде  ең  төмен  баға  Маңғыстау  жəне  Қостанай 

облыстарында тиісінше 2,8% жəне 2,9% болып белгіленді.   

Азық-түлік  тауарлар  нарығындағы  жағдай 3 тоқсан  бойына  анық  қалыптаспады. 

Осыған  орай  есеп  беріліп  отырған  кезеңде қант пен  кондитерлік  бұйымдарға  бағаның  күрт 

өскені тіркелді. Ең жоғары өсу бағасы Маңғыстау облысында  30,3% болып белгіленді.  

Маңғыстау  жəне  Солтүстік  Қазақстан  филиалдары  көрсеткендей  осылайша  өсудің 

негізгі  себептері    əлемдік  нарықта  қантқа  бағаның  өсуі,  қант  құрағы  шикізатына  бағаның 

өсуі,  магистральдық  теміржол  желісінің  қызметіне 2006 жылдың 1 қаңтарынан  бастап  жүк 

тасымалдауға  11%-ға  тарифтердің  көтерілуі,  сондай-ақ  дайындама  жəне  консервілеу 

кезеңімен байланысты сұраныстың маусымдық артуы болып табылды.   

Қантқа бағаның айтарлықтай өсуі кондитерлік бұйымдар бағасының өсуіне жеткізді. 

Сөйтіп,  Қызылорда  облысында  кондитерлік  бұйымдар 19,1%-ға  қымбаттады,  ал  нан 

өнімдеріне ең жоғары баға Атырау облысында 11,1%  болып белгіленді.   

Республиканың  барлық  өңірлерінде  бұрынғысынша  жеміс  пен  көкөніске  бағаның 

өскендігі  байқалды.  Ең  жоғары  баға  Қарағанды  жəне  Қостанай  облыстарында    тиісінше -  

29,8%  жəне 36,4% болып  тіркелді.  Жеміс-көкөніс  өнімдеріне  бағаның  өсуіне  айтарлықтай 

дəрежеде  мынадай  факторлар:  маусымдылық,  республиканың  оңтүстік  өңірлерінде  жалпы 

көлемде  алғанда  жеміс-көкөніс  өнімдері  үлесінің  азаюы,  сұраныстың  ұсыныстан  артуы, 

айтарлықтай  бəсекенің  болмауы,  өткізушілердің  сөз  байласпауы,  ауылшаруашылық 

өнімдерін  өсіруде  ауа  райының  қолайсыздығы,  жанар-жағар  майлардың  қымбаттауы  себеп 

болды.  


Республиканың батыс өңірлерінде  жеміс-көкөніс өнімдеріне бағаның өсуі инфляция 

импортымен  байланыстырылды,  өйткені  облыста  өнімнің  жеткілікті  қыстық  босалқы  қоры 

жоқ  жəне  сұраныс  негізінен  көкөністер  мен  жемістерді  не  республиканың  оңтүстік 

өңірлерінен,  не  Ресеймен  шекаралас  облыстардан  жеткізу  есебінен  қамтамасыз  етілді, 



 

38

сондай-ақ  тағы  бір  себеп  ретінде  көлік  тасымалы  мен  өңірде  өсімдік  шаруашылығының 



жоқтығын атап көрсетуге болады.   

   Маңғыстау  филиалы  көрсеткендей,  облысқа  көкөніс  өнімдері  мен  жемістердің  көп 

мөлшері  Ираннан,  Əзірбайжаннан,  Өзбекстаннан  жəне  Түркіменстаннан  əкелінеді.  Осы 

елдерден  жеткізілетін  жеміс-көкөніс  өнімдерінің  мөлшері  өңірдегі  нарық  бағасына 

айтарлықтай əсер етеді. Көп əкелінсе баға төмендейді жəне керісінше.  Алайда соңғы кезде 

жоғарыда  аталған  елдерден    əкелінетін  жеміс-көкөніс  өнімдерінің  ағыны  төмендеді.  Иран 

мен  Əзірбайжаннан  өнім  жеткізу  паромдар  үнемі  жүрмегендіктен  кəсіпкерлер  үшін  тиімді 

емес,  оған  қоса  Ақтауға  паром  келсе  оның  қажетті  құжаттарын  ресімдеуге  бірнеше  күн 

кетеді, бұл жағдай тез бұзылатын өнім сапасына əсер етеді.   

Өзбекстанмен  жəне  Түрікменстанмен  сауда  айналымының  ұлғаюындағы  кедергі 

автомобиль жолдары сапасының нашарлығы болып табылады.  

Сонымен  бірге,  Маңғыстау  облысының  əкімшілік  органдары  нарықтық  бағаны 

қажетті  деңгейде  тежеп  тұру  жөнінде  шаралар  қабылдады. 2006 жылғы  мамырда 

инфляциялық үдерістерді тежеу жөнінде штаб құрылды, одан əрі мониторинг өткізуге жəне 

оларға  бағаны  төмендету  бойынша  шаралар  қабылдау  үшін  тамақ  өнімдерінің  ең  маңызды 

жиырма түрінің тізбесі анықталды. Сауда объектілерінің əрбір санатына бағаны жеке саралау 

нəтижесі бойынша көрсетілген өнімдерді сату үшін баға ұсынымы əзірленді.    

Сондай-ақ 2006 жылдың  маусым-қаңтар  аралығында  Маңғыстау  облысының 

базарларына ет өнімдерін жеткізудің кестесі жасалды.  

Бұған  қоса,  кедендік  бақылау  пункттерінде  көлік  бақылау,  шекара  қызметі 

органдарының,  мал  дəрігерлік  департаменттің,  өсімдік  қорғау  жəне  карантин 

департаментінің,  кедендік  бақылау  мен  санитарлық-эпидемиологиялық  қадағалаудың 

бірлесіп іс-əрекет жасау тəртібін белгілейтін “жалғыз терезе” принципі енгізілді. Тауарларды 

кедендік  ресімдеудің  оңайлатылған  тəртібі  енгізілді.  Кеденнен  өтерде  кəсіпкерлер  барлық 

кеден  бажын  бірден  төлей  алатын    есеп  айырысу-кассалық  тораптар  ұйымдастырылды. 

Жоғарыда  аталған  шаралардың  барлығы  кəсіпкерлерге  қаражатын  үнемдеуге,  əкеле  жатқан 

өнімдері тез бұзылатындықтан тауардың жолдағы уақытын қысқартуға мүмкіндік туғызады.   

Есеп  беріліп  отырған  кезеңде  жаз  мезгілінің  ұзақтығымен  байланысты  Жамбыл, 

Маңғыстау  жəне  Солтүстік  Қазақстан  облыстарында  ет  жəне  ет  өнімдеріне,  сүт  өнімдеріне 

жəне  жұмыртқаға  бағаның  төмендегені  байқалды.  Алайда,  бағаның  ең  жоғары  көтерілуі 

Қарағанды жəне Шығыс Қазақстан облыстарында тіркеліп, тиісінше - 6,8% жəне 6,3% болып 

белгіленді, ең төмен баға Қостанай облысында - 9,2% болды. Қарағанды, Қызылорда, Ақмола 

жəне  Алматы  қалалық  филиалдары  көрсеткендей,  өткен  тоқсанмен  салыстырғанда  ет 

өнімдеріне  бағаның  өсуі  төмендегенімен,  атқарушы  органдардың  кəсіпкерлерді 

ауылшаруашылық  өнімдерінің  нарығын  ұйымдастыру  арқылы  өндірушілерді  нарыққа 

жақындату  жөнінде  шаралар  қолданғанына  қарамастан,  бірақ  əлі  де  болса  жоғары  күйінде 

қалуда.  Ауылшаруашылық  өнімдеріне  бағаның  өсуі  мынадай  факторлармен  де:  жемшөп 

бағасының  ұлғаюымен,  құстар  үшін  құрама  жем  шикізатының  қымбаттауымен,  жанар-

жағармайдың  қымбаттауымен  жəне  ауылшаруашылық  өнімдерін  өндірушілер  тарапынан 

босату бағасының  өсуімен, сондай-ақ қолайсыз ауа райы жағдайымен  байланысты болды.  

Бұған қоса, баға өсуінің тағы бір факторы қазақстандық ауылшаруашылық өнімдерін 

өндірушілердің етті Ресейге экспортқа шығаруы болып табылды. Жиі-жиі жасырын сыртқа 

кету  ішкі нарықта етке ұсыныс деңгейінің төмендеуімен жəне 2006 жылдың 3 тоқсанында ет 

бағасының  ұлғаюымен  байланысты.  Сондай-ақ  тиісті  нарықтарда  бəсекенің  жеткіліксіздігі 

(жасырын  монополия),  делдалдық  құрылымдардың  көптігі  бағалық  сөз  байласуға  жəне 

бағаның монополиялық пайда болуына жағдай туғызып отыр. 

Атырау филиалының мамандары атап көрсеткендей, делдалдық құрылымдар Атырау 

облысындағы  ет  нарығына  оның  тауар  көлемінің 60%-на  дейін  сатып  ала  отырып,  толық 

бақылау  жасайды.  Делдалдардың  ауылдан  келгендерге  төлейтін  бағасы  нақты  базар 

бағасынан 2 есе  астамға  төмен.  Ет  өндіруден  түсетін  басты  пайда  нарыққа  аралық 

қатысушылардың қалталарында қалады.  


 

39

Жергілікті  билік  тарапынан  шаралар  қолдану  мақсатында  Солтүстік  Қазақстан 



филиалы  бағаның өсуін тежеуге, атап айтқанда: облыста көкөніс сатып алуға, сақтауға жəне 

өңдеу бойынша дайындау ұйымдарының тораптарын реттеуге, жол бойында қызмет көрсету 

– жолдарда “дөңгелектен сату” саудасын кеңірек іске асыруға, көкөніске арналған шатырлар 

жасау  торабы  арқылы  көкөністер  мен  жемістердің  маусымдық  саудасын  ұйымдастыруға, 

бау-бақша  учаскелерінің  иелеріне  сауда  базарларынан  тегін  орындар  беруге, 

ауылшаруашылық  өнімдерін  тікелей  ауыл  тұрғындарынан  сатып  алуды  ұйымдастыруға, 

ауылшаруашылық жəрмеңкелерін өткізуді жалғастыруға ұсыныстар берді.  

Жұмыртқа мен сүт өнімдеріне баға айтарлықтай төмендеді, бұл жаз кезеңі үшін заңды 

құбылыс  болып  табылады.  Ең  жоғары - 7%-ға  төмендеу  Батыс  Қазақстан  облысында 

тіркелді. Сүт өнімдеріне бағаның жалпы төмендеуіне қарамастан, Атырау облысында 27,5% 

бағаның өскені тіркелді – бұлай өсуге сүт сауудың төмендеуі себеп болды.   

Республиканың  барлық  облыстарында  дерлік  жұмыртқаға  бағаның  төмендегені 

байқалды.  Ең  көп  төмендеу  Солтүстік  Қазақстан  облысында - 30,9%-ға  жетіп,  Солтүстік 

Қазақстан  облысының  нарығында  халықтың  аула  шаруашылығы  есебінен  ұсыныстың 

өсуімен  байланыстырылды.  Жұмыртқаға  бағаның  жалпы  төмендеуіне  қарамастан,  

Қарағанды  мен  Алматы  облыстарында  тиісінше - 15,3% жəне 19,8% болып,  бағаның  

айтарлықтай жоғарылағандығы белгіленді.   

 

Азық-түлік  емес  тауарлар  бөлігінде

 2006 жылдың 3 тоқсанында  баға  индексінің  ең 

көп  жоғарылауы  Алматы  қаласында - 9,3%-ға  тіркелді.  Баға  индексінің  ең  көп  төмендеуі 

Павлодар облысында – 3,9% болып белгіленді.   

Маусымдық  фактордың  салдарынан    киімге  жəне  аяқкиімге  бағаның  жоғарылағаны 

тіркелді. 2006 жылдың 3 тоқсанында  киімге  жəне  аяқкиімге  бағаның  ең  көп  жоғарылауы 

Қызылорда облысында тиісінше - 6,5% жəне 7,8%-ға, ең аз жоғарылауы Оңтүстік Қазақстан 

облысында - 0,2% болды. 

Есеп беріліп отырған кезеңде республика бойынша ЖЖМ-ға бағаның түрлі бағыттағы 

қымбаттау  үрдісі  байқалды.  Ағымдағы  жылдың 3 тоқсанында  республиканың  барлық 

өңірлерінде  бензин  бағасы  қымбаттады.  Бағаның  ең  көп  жоғарылауы  Шығыс  Қазақстан 

облысында - 28,5%, Қостанай  облысында -27,6% болып    тіркелді.  Қарағанды  филиалы 

көрсеткендей,  талдау  жасалып  отырған  кезеңде  бензин  бағасының  жоғарылауының  себебі, 

көрші  Ресейде  жанар-жағармай  материалдарына  жеке  бағаның  көтерілуі,  шикізат  құнының 

ұлғаюы  салдарынан  шикізатқа  босату  бағасының    ұлғаюы  болып  табылды.  Ресей 

экспорттаушыларына тəуелділік ішкі нарықты қатты нашарлатып жіберді. Ресейдің шикізаты 

құнының өсуіне баға серпілісін басты “кінəлы” деп есептеу керек. Бұдан басқа, бензин мен 

дизель  отынына  бағаның  жоғарылауы      Павлодар  қаласындағы  мұнай  өңдеу  зауытындағы 

жөндеу  жұмыстарына  байланысты  мұнай  өнімдерін  жеткізушілердің  босату  бағасын 

көтерулері  болып  табылды.  Сондай-ақ  Оңтүстік  Қазақстан  филиалы  берген  ақпарат 

бойынша Шымкент мұнай айдау зауытының мұнай өнімдерін босату бағасы өзгерген жоқ, ал 

бағаның осы жоғарылауы сатушылардың алыпсатарлық көңіл-күйлерімен түсіндіріледі.   

Сондай-ақ  бағаның  өсуіндегі  факторлардың  бірі  бағалық  сөз  байласу  мен  ішкі 

нарықта бағаны жасанды көтеру деп есептеуге болады. Отын қолдан қолға əр топ өзінің ғана 

пайдасын  ойлайтын  бірнеше  делдалдық  тізбектер  арқылы  өтеді.  Жағдайды  бағамдасақ, 

халықтың  жəне    кəсіпорындар  табысының  өсімі  төлем  қабілеттілігінің  “төбесі” – бағаны 

тежеудің басты табиғи-нарықтық факторы болып іс-əрекет етуден қалғандығы бірінші жыл 

емес.  


Баға индексінің ең көп өсуі Солтүстік Қазақстан облысында дизель отынына  - 22,0% 

болды.  


Сондай-ақ  жиһаз  бен  кілем  бұйымдарына  да  бағаның  өскендігі  көрінді,  бұл  өз 

кезегінде  тауардың  жаңа  жеткізіліміне,  ал  матаға,  киімге  жəне  аяқкиімге  бағаның  өсуі 

оларды сатып алу орындарындағы бағаның жоғарылауымен байланысты болды.  

 


 

40

Ақылы  қызмет 

бөлігі  бойынша  барлық  облыстарда  бағаның  бір  мезгілде 

жоғарылағандығы  белгіленді.  Ең  көп  жоғарылау  Қостанай  облысында - 14,6%, Астана  мен 

Алматы қалаларында - 12,8% болды.  

Негізгі  тұрғын  үйді  ұстап  тұру  бойынша  қызмет  ақысының  өсуі  есебінен  мына 

облыстарда тұрғын үй-коммуналдық қызмет бағасы индексінің Қостанай облысында - 22,7%, 

Батыс  Қазақстан  облысында -  18,4% болып  ең  жоғары  өскендігі  белгіленді,  Қызылорда 

облысында -  10%-ға төмендегені тіркелді.  

 

Барлық облыстарда бензин бағасының өсуі салдарынан жолаушылар көлігінің 



қызметіне  де  баға  қатты  өсті.  Бағаның  ең  көп  жоғарылауы  Маңғыстау  облысында - 32,8%, 

Атырау облысында - 33,3% болды.    

Ақмола  филиалы  атап  көрсеткендей,  егер  монополистердің – коммуналдық,  көлік 

салаларының  тарифтерін  арнайы  экономикалық  органдар  реттеп  отыратын  болса,  онда 

тұрмыстық  қызметтердің  бағалары  (шаштараздың,  моншаның,  саунаның)  іс  жүзінде 

реттелмейді жəне өсу қарқынының орташа деңгейінен анағұрлым асып түседі.  

Филиалдардың көрсеткеніндей, есепті кезеңде бағаның өсуінің негізгі себептері ішкі 

де,  сондай-ақ  сыртқы  да  факторлардың  болуы  жалғасуда.  Республика  бойынша  тұтас 

алғанда,  байқалып  отырған  экономикалық  өсім  халықтың  табысының  жоғарылауы  себепті 

сатып  алу  қабілетінің  ұлғаюымен  қоса  жүрді,  соған  орай  бағаның  өсуіне  республиканың 

сауда  орталықтарынан  жекелеген  өңірлердің  географиялық  жағынан  шалғайлығы  да  ықпал 

етті.  


2006  жылдың 2 тоқсанымен  салыстырғанда 3 тоқсанда  республиканың  барлық 

облыстарында ең төменгі күнкөріс деңгейі орташа 43 теңгеге көтерілді. Ең жоғары күнкөріс 

деңгейінің  көрсеткіші  бұрынғысынша    Атырау,  Маңғыстау  облыстарында  жəне  Алматы 

қаласында тиісінше  - 10732 теңге, 10822 теңге жəне 10422 теңге, ең төмен күнкөріс деңгейі – 

Жамбыл облысында – 7282 теңге болды.   

Экономиканың нақты секторында бағаның түрлі бағыттағы динамикасы қалыптасты. 

Сөйтіп, өнеркəсіпте өндіруші кəсіпорындар бағалары индексінің өсімі  тіркеліп, ең көп өсім 

Шығыс  Қазақстан  облысында - 4,2% болды.  Сонымен  бірге  Қостанай  облысында  бағаның 

19,6%-ға  төмендегені  тіркелді.  Қызылорда  филиалы  көрсеткендей,  экономиканың  нақты 

секторында  баға  индексінің  ұлғаюы  өндірістік  шығындардың  өсуімен,  атап  айтқанда 

құрылыс материалдарына, қосалқы бөлшектерге жəне көлік шығындарына бағаның өсуімен 

байланысты болды.   



 

Өнеркəсіп  

2006  жылдың 3 тоқсанында  республика  бойынша  экономикалық  өсім  белгіленді. 

Өнеркəсіп өндірістің жеке көлемі индексінің ең жоғары көрсеткіші өткен жылдың осындай 

кезеңімен салыстырғанда Ақмола облысында - 32,1% болса, соған орай Қостанай облысында 

өндіріс - 8,7%-ға құлдырады.  

Өндіріс көлемінің жалпы өсімінде тау-кен өндірісінде Қостанай облысында - 52,1%-

ға,  Жамбыл  облысында - 24,5%-ға,  Батыс  Қазақстан  облысында - 5,5%-ға  төмендеді. 

Қостанай 

филиалының 

көрсеткеніндей, 

өңірде 

өндіріс 


көлемінің 

төмендеуіне 

агломерирленбеген темір рудасын өндіру көлемінің 52,3%-ға азайып кетуі себеп болды.   

Батыс Қазақстан облысында өндіріс көлемінің төмендеуіне 2006 жылғы қаңтарда ауа 

райының қолайсыздығына қарай ГК-3 (газ кəсіпшілігі) тұрып қалуы жəне Орынбор газ өңдеу 

зауытының  тарапынан  шикізат  қабылдаудың  шектелуі,  наурызда  газды  пластқа  кері 

айдайтын  қондырғыда  жабдықтарды  жөндеу,  сондай-ақ  ОГӨЗ-да  жəне 2006 жылғы  сəуір-

маусымда кен орындарында жоспарланған алдын алу жұмыстарының жүргізілуі басты  себеп 

болды.   

Өңдеуші өнеркəсіпте жеке көлем индексінің ең жоғары көрсеткіші Атырау облысында 

- 50,5% болып белгіленді.  

Өңдеуші  өнеркəсіптегі  айтарлықтай  өсу  қарқынына  мұнай  өнімдерінің,  қара  жəне 

түсті  металлдар  өндірісінің,  машина  жасау  өнімдері  өсуінің,  тамақ  өнімдерінде  өндіріс 


 

41

көлемінің  ұлғаюының,  баспа  ісіндегі,  тоқыма  жəне  тігін  өнеркəсібіндегі  өсімнің  жоғары 



қарқыны нəтижесінде қол жеткізілді.   

 

Ауыл шаруашылығы

 

 

2006  жылдың 3 тоқсанында  ауыл  шаруашылығы  өнімдері  көлемінің  өскендігі 

белгіленді. Есепті кезеңде ең жоғары өсім Оңтүстік Қазақстан облысында   16,7%-ға тіркелді. 

Өндірістің осылайша ұлғаюы негізінен мал шаруашылығы жалпы өнімінің: сүт сауудың, ет, 

жұмыртқа өндірудің  ұлғаюымен байланысты болды.  

Солтүстік  Қазақстан  филиалы  көрсеткендей,  облыста  ауыл  шаруашылығы  өндірісін 

шоғырландыру 

мен 


ірілендіру 

үрдісі 


жүруде. 2006 жылдың  

3  тоқсанында 345 шаруа  қожалықтары  қайта  ұйымдастырылды. “Агроөнеркəсіп  кешенін 

техникалық  қайта  жарақтандыру  бағдарламасына”  сəйкес  салада  машина-трактор  паркін 

жаңарту жүріп жатыр.   

Маңғыстау облысында тауар кредиті мен ауылшаруашылық техникасын беру арқылы 

ауылшаруашылық 

тауарларын 

өндірушілерді 

қолдау 

мақсатында 



құрылған 

“Маңғыстауагросервис”  МКК  облыс  шаруашылықтарында  мал  басының  қарқындап  өсуіне  

қызмет көрсетуде.  

Бұрынғысынша,  мал  шаруашылығының  дамуына  халықтан  өнім  сатып  алу 

бағдарламасын іске асыру  маңызды ықпал жасауда.   

Ауыл  шаруашылығын  дамытудың  көкейкесті  міндеттерінің  бірі  өндірілген  өнімді 

өңдеу  жəне  оны  бəсекелестік  қабілет  деңгейіне  дейін  жеткізу  болып  табылады. 

Ауылшаруашылық  өнімдерін негізгі өндірушілер бұрынғыша үй шаруашылығы мен шаруа 

қожалықтары болып отыр, олардың үлесіне өнімнің барлық көлемінің 90%-ға жуығы тиесілі.    

 

Инвестициялар  

2006  жылдың 3 тоқсанында  инвестициялардың  өскендігі  белгіленді.  Ең  жоғары 

көрсеткіш аталған кезеңде Шығыс Қазақстан облысында –  1,9 есе,  Павлодар жəне Ақмола 

облыстарында –  1,7 есе болды. Ең төмен көрсеткіш Қызылорда облысында тіркеліп -  0,5% 

болды. 


Тұтас  алғанда  еліміз  бойынша 2006 жылдың 3 тоқсанында  инвестициялар 

бұрынғысынша  тау-кен  өндіруші,  өңдеуші  өнеркəсіптерге,  ауыл  шаруашылығына,  көлікке, 

байланысқа  жəне  жылжымайтын  мүлікпен  операцияларға  жіберілді,  бұл  орайда 

инвестициялардың көп бөлігі негізгі қорға салынды.   

Инвестицияның негізгі көзі кəсіпорындар мен жеке тұлғалардың меншік қаражаттары 

(оның  ішінде  кредиттер),  олардың  үлесі - 61,2% шамасында,  одан  кейін  шетелдік 

инвестициялар  мен  мемлекеттік  бюджет  қаражаты,  олардың  үлесі - 15,8%, басқа  заемдық 

қаражаттар - 7,2% шамасында болды.   



 

Құрылыс 

Экономиканың 

құрылыс 

секторы 


қарқынды 

дамуда. 2006 жылдың  

3  тоқсанында  бұл  саладағы  ең  жоғары  өсім  Алматы  қаласында - 1,8 есе,  Қостанай  жəне 

Павлодар  облыстарында - 1,5 есе  болды.  Сонымен  бірге  атқарылған  жұмыстардың  елеулі 

бөлігіне  жаңа  құрылыс,  қайта  жаңарту,  жұмыс  істеп  тұрған  объектілерді  техникалық  қайта 

жарақтандыру жұмыстары, одан кейін күрделі жəне ағымдағы жөндеу жұмыстары жатады.  

Сондай-ақ тұрғын үй құрылысына инвестицияның өскендігі белгіленді. 2006 жылдың 

3 тоқсанында бұрынғысынша ең көп қаржы бөлінген Астана қаласы – 150,5 млрд. теңге жəне 

Алматы қаласы – 38,4 млрд. теңге болды. Ең аз қаржы бөлінген Қызылорда облысы – 98,8 

млн. теңге болды.  



 

Көлік 

2006  жылдың 3 тоқсанында  көлік  ұйымдарында  ең  жоғары  тасымалдау  көлемі 

Жамбыл облысы мен  Алматы қаласы тиісінше –  36,4% жəне 24,3% болды, Батыс Қазақстан 


 

42

облысында – 8,6%-ға  төмендеді.  Көліктің  барлық  түрлерімен  тасымалдау  көлемі,  байланыс 



кəсіпорындары  көрсеткен  қызмет  көлемі,  сондай-ақ  құрылыс  мердігерлік  шарты  бойынша 

орындалған жұмыстардың көлемі ұлғайды.   



 

Нақты сектордың шешуші мəселелері 

Өсімнің  оң  көрсеткіштеріне  қарамастан,  нақты  сектор  кəсіпорындарында  олардың 

қызметіне кедергі келтіретін проблемалар əлі де жетерлік.  

Филиалдардың  басым  көпшілігі  атап  көрсеткендей,  экономиканың  нақты  секторы 

кəсіпорындарын  дамытуда  өзекті  проблемалар:  меншік  қаражатпен  жеткілікті  қамтамасыз 

етілмеуі;  негізгі  құрал-жабдықтың  қатты  тозуы;  өнімнің  бəсекелестік  қабілетінің  төмендігі; 

маркетинг  пен  менеджменттің  төмен  деңгейі;  кооперациялық  байланыстарды  жоғалту; 

тұтынушылардың  төлем  қабілетсіздігі;  банктік  кредиттерге  қол  жеткізудің  немесе 

ресімдеудің  күрделілігі  (жоғары  пайыз,  кепілге  қойылған  мүліктің  төмен  бағалануы); 

банктердің нақты секторды артықшылықты қысқа мерзімде кредиттеуі; əкімшілік кедергілер; 

шетелдік  кəсіпорындар  тарапынан  нарықтық  бəсеке;  жанар-жағармай  материалдарымен 

қамтамасыз  етілудегі  қиындықтар;  техникалық  қайта  жарақтандыруға  көлемді  инвестиция 

алуға мүмкіндік бермейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер табысының төмендігі; өткізу 

нарығының  жеткіліксіздігі,  баға  белгілеу  үрдісіне  мемлекеттің  ықпал  жасау  күшейтудің 

қажеттігі, сондай-ақ білікті қызметкерлердің жетіспеушілігі болып отыр. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет