50
ЭКОНОМИКА ЖƏНЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ: АЙМАҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕР
Қ
ызылорда облысындағы кəсіпорындардың мониторингі
Қ.Төлепов
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қызылорда филиалының директоры
Банк секторын тиімді түрлендіру дамудың қазіргі заманға сай кезеңінің алғашқы
кезектегі міндетінің біреуі болып табылады, оған Қазақстан экономикасының болашағы
көп байланысты. Қаржы ағындарына сапалы қызмет көрсету үшін жеткілікті дамыған
банктік қызмет нарығы бар жұмыс істеуге қабілетті банк жүйесі қажет.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңға сəйкес Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі экономикадағы өзінің тəуелсіз жəне күтілетін
өзгерістердің бағасын алуға құқығы бар тəуелсіз мемлекеттік мекеме (ҚР Үкіметіне,
жəне Үкіметке бағынысты Қаржы министрлігін, Экономика жəне бюджеттік жоспарлау
министрлігін, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігін қоса алғанда
министрліктер мен ведомстволарға қарағанда) болып табылады.
Дамыған елдердің тəжірибесі бойынша елдің орталық банкіне тек осындай бағаларды
беру мүмкіндігі бар жекелеген аймақтар мен салалар экономикасының жағдайына анағұрлым
айтарлықтай əсер ететін кəсіпорындардың экономикалық конъюнктурасының жəне
қаржылық жағдайының өзгеруінің ақша-кредит саясатын əзірлеу жəне жүзеге асыру кезінде
ескеру жетерлік. Осындай бағалауды жедел алу ҚР Ұлттық Банкіне жоғарыда аталған Заңда
белгіленген негізгі міндетті: макроэкономикалық тұрақтылықты ұстап тұру үшін бағалардың
тұрақтылығын қамтамасыз етуді жəне экономикалық өсу, инвестициялық процесстерді
белсендірету үшін қолайлы жағдай жасауды неғұрлым тиімді шешуге мүмкіндік береді.
Осындай əдісті іске асыру құралының біреуі ҚР Ұлттық Банкінің кəсіпорындар
мониторингі бағдарламасы болып табылады. ҚР Ұлттық Банкінің Қызылорда филиалы
(бұдан əрі - филиал) осы жұмысқа 2000 жылдың 3-тоқсанынан бастап қатысты.
2000 жылы
филиал ҚР Ұлттық Банкі қызметінің жаңа бағытына – Экономиканың
нақты секторы мониторингінің шағын жүйесін жасауға белсенді қатысып отыр.
Экономиканың нақты секторының мониторингі бойынша зерттеудің бірінші кезеңіне
тартылған облыстың жұмыс істеп тұрған 77 ірі жəне орта кəсіпорындарының əрқайсысының
басшыларына филиал басшысы мен қызметкерлері мониторингтің мақсатын, міндетін,
қағидаттары мен тетіктерін түсіндіретін əңгіме жүргізді. Облыстың ірі кəсіпорындарының
өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Нəтижесінде 2000 жылдың 4-тоқсанында 24
кəсіпорын ҚР Ұлттық Банкінің жаңа жобасына қатысуға ниет білдірді. 2000-2006
жылдардағы сандық көрсеткіштер 1-графикте келтірілген.
1-график.
Мониторингке қатысушы кəсіпорындар санының өсу динамикасы
124
124
128
119
86
71
24
64
61
55
53
23
30
36
-12
8
28
48
68
88
108
128
2000 ж. 4-тоқ. 2001 ж. 4-тоқ. 2002 ж. 4-тоқ. 2003 ж. 4-тоқ. 2004 ж. 4-тоқ. 2005 ж. 4-тоқ. 2006 ж. 3-тоқ.
қатысушылардың саны, барлығы
ірі жəне орта
51
ҚР Ұлттық Банкінің филиалы облыс экономикасының нақты секторына сапалы талдау
жүргізу мақсатында кəсіпорындарды іріктеудің көрнектілігі көрсеткішін одан əрі жақсарту
үшін экономиканың нақты секторының мониторингіне (бұдан əрі – ЭНСМ) облыстың жаңа
кəсіпорындарын тарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізді.
Кəсіпорындар үшін Облыстық Экономика басқармасының қатысуымен семинар
өткізілді. Филиал қызметкерлері мен басшылығы əлі мониторинг қатысушылары бола
қоймаған кəсіпорындарға түсіндіру іс-шараларын жүргізу жəне қатысу бойынша жұмыстар
жүргізді. Осының нəтижесінде 2002 жылы ЭНСМ 21 жаңа қатысушы қатысқан, олардың 5 ірі
кəсіпорын. Кəсіпорындардың аудандық бөлімшелерімен барып өткізілетін кездесулер
ұйымдастырылды, онда ЭНСМ бағдарламасына аудандық кəсіпорындарды тарту үшін
түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қаланың 100-ден аса кəсіпорынында кездесу өткізілді,
сауалнаманы толтыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2003 жылы ЭНСМ жаңа
қатысушыларының саны 45 шаруашылық субъектілеріне көбейген.
Экономиканың нақты секторы кəсіпорындары мониторингінің мақсаты мен міндетін
түсіндіру бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді түрде жұмыстар жүргізілді.
Бұқаралық ақпарат құралдарында: ЭНСМ мақсаты мен механизмі туралы теледидарда сұхбат
берілді, газеттерге мақалалар жарияланды. Экономиканың нақты секторы кəсіпорындарының
мониторингінің мақсаты мен міндетін түсіндіру үшін Байқоңыр қаласындағы
кəсіпорындардың басшыларымен кездесу; Облыстық экономика басқармасымен бірлесе
отырып «Экономиканың нақты секторы кəсіпорындарының мониторингі: мəселелер мен
шешу жолдары» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды; Дөңгелек үстел
нəтижесі бойынша Облыстық экономика басқармасы облыстың аудандарында орналасқан
ауыл шаруашылығы кəсіпорындарынан сауалнаманы уақтылы жинауға жəрдем ететіндігі
жөнінде келісімге қол жеткізілді. Филиал қызметкерлері Облыстық статистика басқармасы
өткізген ашық есік күнінде мониторингтің мақсаты, міндеті жəне əдістері туралы ақпарат
беріліп, Ұлттық Банктің статистика органдарының өзара іс-əрекеті туралы сөз сөйледі.
Ауылшаруашылығы, көлік жəне өндіру саласындағы ЭНСМ қатысушылар аясын
кеңейту үшін Облыстық əкімиятпен, аудандық əкімияттармен, облыстық өнеркəсіп жəне
көлік басқармаларымен, Қызылорда Облыстық экономика басқармасымен, Облыстық ауыл
шаруашылығы басқармасымен жұмыстар жүргізілді.
ҚРҰБ Қызылорда филиалының 2-график
2001-2006 жылдардағы іріктеу көрнектілігінің көрсеткіштері
71
86
119
124
124
128
45
59,2
115,9
101,4
95,8
100
0
20
40
60
80
100
120
140
2001ж. тоқ.
2002ж. 4-
тоқ.
2003 ж. 4-
тоқ.
2004 ж. 4-
тоқ.
2005 ж. 4-
тоқ.
2006ж. 3-
тоқ.
қатысушылардың саны
аймақтағы экономика бойынша барлығы ЭНСКМ іріктеу
көрнектілігінің көрсеткіш деңгейі
52
Мониторингті табысты жүргізудің маңызды шарты алынған ақпаратты динамикада
салыстырудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін қатысушы құрамның
тұрақтылығы болып табылады. Осы науқанның бастапқы кезеңінде жекелеген кəсіпорындар
сауалнамаға қатысуға ниет білдірген жоқ, алайда мониторингтің дамуына жəне
жетілдірілуіне байланысты оның нəтижесіне деген қажеттілік өсті. Соңғы уақытта іріктеу
тұрақтылығы іс жүзінде қамтамасыз етілді, сауалнаманың теріс əсер етуіне, сауалнаманы
толтыру үшін қызметкерлер санының жетіспеушілігіне, кəсіпорындардың бухгалтерлерінің
ауысуына жəне сауалнаманы ұсыну мерзімдерінің кəсіпорынның басқа да есеп берулерінің
мерзімімен сəйкестігіне байланысты кəсіпорындардың бас тартулары айтарлықтай
қысқарғаны байқалады. Соған қарамастан қатар кəсіпорындардың сауалнамаға қатысудан
шығып қалуы қазіргі кезге дейін маңызды мəселе болып қалып отыр. Кəсіпорындардың
банкрот болуы жəне қайта құрылуы сияқты себептерге байланысты кəсіпорындардың
сауалнамаға қатысудан бас тартулары себепті осы мəселені толығымен шешу мүмкін емес.
2006 жыл 3-график
Іріктеу көрнектілігіне қатысты шешілмей отырған мəселелерге қарамастан
мониторингке қатысушылардың қалыптасқан құрамы аймақты экономикалық үрдісті сапалы
бағалауға мүмкіндік береді, себебі аймақтың банк жүйесі жəне шаруашылық үшін
мониторингке қатысушы кəсіпорындардың маңыздылығы тұтастай алғанда жетерліктей
жоғары.
Кəсіпорындардан тұрақты негізде алынатын ақпарат кешенді сипатқа ие жəне
кəсіпорынның нақты қызметін, сондай-ақ олардың күтілетін қызметін де көрсететін
конъюнктуралық, инвестициялық жəне қаржылық сауалнаманың өзара байланысты сандық
жəне сапалық көрсеткіштерімен негізделеді. Бұл аймақтың нарықтың жағдайын бағалауға
мүмкіндік беретін үлкен ақпарат мұнда кредиттік ұйымдар қаржылық емес сектор
кəсіпорындарымен өзара іс-əрекет етеді.
Қазіргі уақытта (
2006 жылдың 3-тоқсанында
) экономикалық қызметтің негізгі түрлерін
қамтитын 128 кəсіпорыннан іріктеу қалыптасты. Онда анағұрлым толық көрінгені өнеркəсіп
өндірісі – қатысушылардың жалпы санының 33%. Мониторингке қатысушылары құрылыс
ұйымдары (21%), ауыл шаруашылығы (11%), сауда (10%), жылжымайтын мүлікпен
127
13
10
128
10
9
128
1
4
0
20
40
60
80
100
120
140
2006ж. 1-тоқ.
2006ж. 2-тоқ.
2006ж. 3-тоқ.
қатысушы кəсіпорындардың саны
жаңа
бас тартқандары
53
операциялар, жалдау жəне кəсіпорындарға қызмет (10%), көлік жəне байланыс (7%), электр
энергиясын өндіру жəне бөлу (4%), қонақ үй жəне мейрамхана (3%) жəне т.б. кəсіпорындар.
Қатысушылардың ішінде 64 кəсіпорын ірі жəне орта кəсіпорын болып табылады.
Мониторингке қатысушылар аймақ экономикасына айтарлықтай əсер ететін
кəсіпорындар болып табылады.
Кəсіпорындардың мониторингі нəтижесінде дайындалған талдама материалдар
жергілікті басқару органдарына: облыстық, қалалық əкімияттарға жəне Облыстық экономика
басқармасына, Тарифтер жөніндегі басқармаға ұсынылады.
ҚР Ұлттық Банкінің филиалдарын осы жұмысқа тарту негізінде жүргізілетін
кəсіпорындардың тұрақты мониторингі қаржылық жағдайды, өндірістік, инвестициялық
белсенділікті жəне экономикалық конъюктураның өзгеруін талдау үшін жедел жəне
объективтік ақпарат алуға жəне осы бастапқы ақпарат негізінде макро жəне аймақтық
деңгейде маңызды үлес пен құрылымдық жылжуға қысқа мерзімде болжам жасауға
мүмкіндік береді. Тауар, қызмет жəне өндіріс саласындағы кəсіпорындар деңгейіндегі үрдісті
талдау жəне макро деңгейінде біріктіру динамиканы нығайтуға жəне макрокөрсеткіштер
болжауын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Осы жұмысқа кəсіпорындардың еркін түрде қатысуға келісім беру кəсіпорындар
мониторингін ұйымдастырудың негізі болып табылады. Осының орнына олар сала, облыс
деңгейіндегі ағымдағы жағдайға бағалау жəне қысқа мерзімді кезеңге күтілетін өзгерістер
жөнінде ақпарат алады.
Мониторингке қатысу үшін кəсіпорындарды тарту мақсатында, сондай-ақ егер олар
өздерінің баланстарының жағдайы жəне мониторинг шеңберінде конъюктура көрсеткіштері
туралы сұралатын ақпаратты үнемі беріп отырса, оларда ҚР Ұлттық Банкінен екінші
деңгейдегі банктерді қайта қаржыландыру жүйесі арқылы кредит алу мүмкіндігі болады.
Кəсіпорын мониторингінің маңызды қағидаты ҚР Ұлттық Банкінің жəне филиалдарының
сауалнама кезінде нақты кəсіпорыннан алатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету
болып табылады.
Микро аймақты жəне макро деңгейдегі талдау жəне қысқа мерзімде болжау үшін
кəсіпорындардың мониторингі шеңберінде анағұрлым жедел ақпарат алу жəне пайдалану
мүмкіндігі ҚР Ұлттық Банкі үшін экономиканың нақты секторы кəсіпорындары
мониторингінің іс жүзіндегі мəнін айқындайды, себебі қолдағы жылдық жəне тоқсандық
есептілік есептік кезең аяғында айтарлықтай кешіктіріле отырып ұсынылады. Сонымен
бірге кəсіпорындардың мониторингі нəтижесінде алынған ақпарат талдау жəне болжау
мақсатында пайдаланылған кезде қолданылып жүрген статистикалық есепті жоққа
шығармайды, тек толықтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |