Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ақмола облысы бойынша педагогикалық



Pdf көрінісі
бет23/61
Дата31.12.2016
өлшемі7,53 Mb.
#868
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

1.

 



Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 18 қаңтар 2014 жыл 

2.

 



«Педагогика». Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев – 2006 жыл 

3.

 



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 

4.

 



“Қазақстан мектебі” журналы №8, 2012 жыл 

5.

 



Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан- 2030» Жолдауы 

6.

 



 «Дамыта оқыту технологиялары». Б.А.Тұрғынбаева – 2000 жыл 

 

 



МӘҢГІЛІК ЕЛ – АТА-БАБАЛАРЫМЫЗДЫҢ АРМАНЫ                                

Ермаханова Эльвира Орынбасаровна

 тарих пәнінің мұғалімі  

Бөгенбай батыр атындағы СДБОМИ 

Степногорск қ. 

 

Тарих  беттерін  парақтасақ...  «Мәңгілік  Ел»  идеясының  бастауы  тым  тереңде 



жатыр.  Оған  дәлел  ретінде  Тоныкөк  абыздың  өсиеті  «Tүркі  жұртының  мұраты  - 

Мәңгілік  Ел»  Бұл  біздің  жалпыұлттық  идеямыз  мемлекеттігіміздің  тамыры  сияқты 

көне 

тарихтан 



бастау 

алып 


келе 

жатқанын 

көрсетеді 


172 

 

Ата-бабаларымыз ұлан-ғайыр қазақ жерін найзаның ұшымен,білектің күшімен сыртқы 



жаулардан  қорғап  келді.  Ақтабан  шұбырындыдан  бастап,  ел  басына  қаншама  қатер 

төнді,  небір  сұрапыл  оқиғалар  да  өтті.  Ресейдің  өгей  баласындай  отары  да  болдық. 

Еліміз  ұлт-азаттық  көтерілістің  талайын  бастан  кешірді.  Отан  деген  сөз  -  баршамыз 

үшін  қастерлі  де,  қасиетті  сөз  .Оның  түпкі  мәнінде  туған  халқымыздың  тарихи 

кезеңдері,  ел,  мемлекет  болу  белестері  жатыр.  Осы  жолда  күрескен  ата-

бабаларымыздың  ерліктері  мен  қаһармандық  жолдары    жатыр.  Қазақ  деген  батыр 

халық.  Ол  еңкейгенге  еңкейеді,  шалқайғанға  шалқаяды.  Шіріне  қалса,асқар-асқар 

тауларына сүйенеді,е ңкейе қалса, иен елін көреді, қаз-қатар тұра қалса, дауласа қалса 

азаматтығына,  өзінің  парасаттылығына  сенеді.Сөйлесе  Қазыбек  данадай  шешендігі 

бар, Төле бидей көсемдігі бар, айтыса қалса, дауласа қалса Бөгенбайдай батыры бар, 

Бауыржандай  ерлігі  бар,  Қабанбайдай  ірілігі  бар,  қолынан  қиыстырып  жол  табар  

Абылайдай тірлігі бар ел. 

Өркениетке ұмтылған ел ғасырлар бойы аңсаған арманы - тәуелсіздікке қол жеткізу еді. 

Халқымыздың даламыз қандай болса, жүрегі де сондай кең, жер қойнауы қандай бай 

болса,  жүрегі  де  сондай  бай.  Жүрегінің  байлығы  –  сәбидің  тазалығы,  оның  ешкімге 

жамандығының  жоқтығы,  бейбіт  момындығы.  Қайтпас  қайсар  мізіміздің  арқасында 

осы тәуелсіздікке жетіп отырмыз. «Отан – оттан да ыстық» деген рас екен-ау! Осы Отан 

үшін  талай  боздақтар  қалмақтармен  шайқаста,  одан  кейін  революция  кезінде,  1941-

1945  жылғы  неміс  фашистерімен  шайқаста  құрбан  болды.  Сол  батырдың  ұрпақтары 

қарусыз екеніне қарамастан, 1986 жылдың желтоқсанында тағы да Отан үшін өздерін 

құрбан етті. 

Еркіндік үшін, артында қалған ұрпақтың ертеңі үшін намысты ұлдар мен 

қыздар жалаңаш кеудесін отқа тосты. Міне, сол рух бізді тәуелсіздікке алып келді.  

Қалмады жалын жастық басқа амалы.  

Шайқады империя тас қамалы,  

Қазақтың тәуелсіздік алған күні,  

Ызғарлы желтоқсаннан басталады. 

Сонымен еліміз тәуелсіздік алды. Ол – тәуелсіздік дәуірі. Тәуелсіздік ұлттың санасын 

оятты, баршаны ата-баба жолына үңілдірді. Бізге  «Отан», «бостандық», 

«тәуелсіздік», «егемендік», «ұлтжандық» деген сияқты ұғымдарды тәуелсіздік 

биігінен қарауды түсіндірді.  

Тәуелсіздік жолы – ар-намыс жолы. Ғасырлар бойы ата-баба аңсаған тәуелсіздік. 

Одақ – империя құлап, қолымызға тиді. Бұл ғасырларда бір ғана болатын мүмкіндік.  

Біз – тәуелсіздіктен ұлтаралық үйлесімді, татулықты, халықаралық бейбітшілікті 

күтеміз.  

Біз бүгін XXI ғасырдың есігін айқара ашып төріне еніп отырмыз. Бұл ғасырды 

Қазақстан үшін жасампаз ғасыр, жаңару ғасыры, дәуірлеу ғасыры болатынына 

сенемін. «Қазақстан - 2050» - Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі 

жол. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 

«Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан 

халқына Жолдауын жария етті. 

  Президент  Жолдауы  Қазақстан  халқы  үшін  үлкен  мағызға  ие  болды.  Қазақ 

халқының мыңдаған жылғы тарихи тәжірбиесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен 

қазақтардың    жолынан    туындаған  «Мәңгілік  ел»  ұлттық  идеясы  баршаға  жария 

етілді. Бұл  мақсат –  бұл  «Мәңгілік Елді» нығайту, біздің Отанымыз  – Қазақстанның 

Тәуелсіздігін  нығайту!Бір  мүдде  –  бұл  біздің  ортақ  құндылықтарымыз,  еркін  және 

өркендеген елде өмір сүруге деген талпынысымыз! Бір болашақ – Бұл Мәңгілік елдің, 


173 

 

біздің  ортақ  үйіміз  –  Қазақстан  Республикасының  өркендеуі.  Қазақстан  халқы 



Ассамблеясы және біртұтас елдің азаматтары «Мәңгілік ел» патриоттық актісін әзірлеу 

туралы  тапсырманы  ерекше  шабытпен  қабылдады.  Мәңгілік  ел  болу  бабаларыңның 

бабалары армандаған, аңсаған асыл мұратты балаларының балалары ардақ тұтатындай 

мемлекет орнату дегенді, енді ешқашан бөгденің бодандығына түспейтін, халықтығын, 

ұлттығын, елдігін, мемлекеттілігін әрқашан әспеттейтін, үлгілі үрдістерін мақтан етіп, 

бар  заманда  да  ұлы  мен  қызының  бағы  басында  тұратын,  барша  халқының  бақыты 

баянды  болатын  ел  құру  болды.  Халқымыз  Нұрсұлтан  Назарбаевты  әу  бастан-ақ  ел 

бағына  туған  президент  деп  сенген,  екі  тізгін,  бір  шылбырды  қолына  берген, 

адастырмас азаматым деп соңынан ерген, сөйтіп бүгінгі биігіне келген. Алда да солай 

бола  береді.  Қазақтың  басына  бақыт  құсы  қона  береді.  Мәңгілік  ел  -  ата-

бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – тұрмысы бақуатты, 

түтіні  түзу  ұшқан,  ұрпағы  ертеңіне  сеніммен  қарайтын  бақытты    Ел  болу  тиіс  деп 

ойлаймыні.  Біз  армандарды  ақиқатты  айналдырдық.  Мәңгілік  елдің  іргетасын 

қаладық. Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болу керек?» деген сауал 

жиі  талқыға  түсетінін  көріп  жүрмін.  Біз  үшін  болашағымызға  бағдар  ететін,  ұлтты 

ұйыстырып,  ұлы  мақсаттарға  жетелейтін  идея  бар.  Ол  –  Мәңгілік  Ел 

идеясы.  Тәуелсіздікпен  бірге  халқымыз  Мәңгілік  Мұраттарына  қол  жеткізді.  Біз 

еліміздің  жүрегі,  тәуелсіздігіміздің  тірегі  –  Мәңгілік  Елордамызды  тұрғыздық.  

Қазақстан  Мәңгілік  Ғұмыры  ұрпақтың  Мәңгілік  Болашағын  баянды  етуге 

арналады.  Ендігі  ұрпақ  –  Мәңгілік  қазақтың  Перзенті. Ендеше, Қазақ елінің Ұлттық 

Идеясы – Мәңгілік ел!Мен Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 

2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым. 

  Тәуелсіздікке  қол  жеткізгеннен  гөрі  оны  ұстап  тұру  әлдеқайда  қиын.  

Байлығымыз  да,  бақытымыз  да  болған  Мәңгілік  Тәуелсіздігімізді  көздің 

қарашығындай сақтай білуіміз керек. Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың 

ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз. Осыдан 

үш ғасыр бұрын Аңырақайда болған ұлы шайқаста ата-бабаларымыз бірліктің құдіреті 

қандай  боларын  өзіне  де,  өзгеге  де  дәлелдеп  кеткен.  Сын  сағатта  туған  елге  деген 

перзенттік парызды бәрінен биік қоя білген. Сол шайқаста төгілген қан барша қазақтың 

тамырында  бар.  Бізді  бір-бірімізбен  біріктіретін  де,  бауыр  ететін  де  бабалардың 

бостандық жолында төгілген осы қаны деп білемін.Елдік мұрат жолындағы ұлы ерлік 

әрқашан аталарымыздың бойынан табылған. Бабаларымыз тірі болу үшін бір болса, біз 

әрдайым  ірі  болу  үшін  біздер  де  бір  болуымыз  керек.    Бейбіт  күндегі  белестерді 

бағындырып, алдағы сындардан сүрінбей өтерміз, ең алдымен, өзімізге, бірлігіміз бен 

берекемізге байланысты. Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің 

де  туған  жеріміз  де  біреу  –  ол  қасиетті  қазақ  даласы.    Бұл  дүниеде  біздің  бір  ғана 

Отанымыз  бар,  ол  –  Тәуелсіз  Қазақстан.  Біз  болашаққа  қол  созып,  тәуелсіз  елімізді 

«Мәңгілік  Ел»  етуді  мұрат  қылуымыз  керек.      Қазақ  халқы  –  тарих  пен  тағдырдың 

бұралаңы  көп  жолдар  мен  ғасырларға  созылған  ұзақ  уақыттағы  қиыншылықтардың 

барлығын  басымыздан  өткеріп,  көріп  келген  елміз.  Біздің  қазақ  халқы  өте  төзімді, 

шыдамды,  қайсар,  батыр,  ер  халық  деп  ойлаймын,  себебі  тарих  беттерін  парақтап 

көрсек,  қатігез  толқындар  біржолата  мәңгі жойып  жіберетіндей қиын  кезең  тұсында 

сан  қиналса  да,  қазақ  халқы  қабырғасы  қайыспай,  аман  қалыпты.  Біздің  халықты 

бүгінгі атқан ақ таңның сәулесін көруге жеткізген қазақтың ер жүрек, батыл ұлдары 

деп  сенемін,  себебі  бұл  тәттілікке  келер  жол  ұзақ  әрі  қатты  болды.  Расымен,  қазақ 

кемеңгер халық қой! Алды қатты болғанның арты тәтті болады деп, әр нәрсеге үлкен 

төзімділік  танытып,  шыдамдылық  көрсеткен.  Осы  қазіргі  өмірімізде  қазақты  бүкіл 


174 

 

әлем ең жомарт, қонақжайлы халық ретінде таниды. Бүгінгі күн – Жаратқанның берген 



сыйы ғана емес, себебі ол сан ғасырлар бойы көптеген ержүректердің жанын әкетті, 

қанын ағызып, терін төккізді.   Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың “Қазақстан жолы 

-  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ”  атты    17  қаңтардағы  Жолдауы  ата-

бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманын ақиқатқа айналдырған аса құнды 

құжат 

болды. 


      Бұл  Жолдауда  еліміздің  рухын  көтеретін,  болашаққа  сенімді  мақсаттармен 

жетелейтін «Мәңгілік Ел» идеясы ұсынылуы барша қазақстандықтар үшін зор қуаныш. 

«Мәңгілік ел» – қазақ елін талай заман сындарынан сүріндірмей алып келе жатқан, ата-

бабаларымыздың  найзаның  ұшымен  білектің  күшімен  қорғап,  ұрпағына  аманаттап 

қалдырған жері мен ұлтының болашағына деген тұғырлы идея. Осының барлығы Ұлт 

көшбасшысының  алдыңғы  халыққа  Жолдауында  айтқан  дамыған,  озық  30  елдің 

қатарына кіру ниетімізге жаңа серпін мен серпіліс беретіні сөзсіз.   Еліміз тәуелсіздік 

алған аз ғана жиырма жылдан астам уақыттың ішінде экономикасы қарқынды дамыған, 

шекарасы бекітілген, рухани дүниесі кемелденген, саяси бағыт-бағдары бар, болашағы 

қалыптасқан  жас  мемлекет  болып  өз  іргесін  қалады.      Ұлт  көшбасшысының 

Жолдауының  бір  ерекшелігі–  барша  қазақстандықтарды  «Мәңгілік  ел»  болуға 

шақыруында.  Қазақ  елінің  ұрпағы  мәңгілік  жасау  үшін  жасалған  бұл  құнды  құжат 

барша  халыққа  ерекше  көңіл  сыйлағаны  шындық.  Ұзақ  ғасырлар  баба  аманатын 

мәңгілік ел болуға жалғастыру бүгінгі ұрпаққа жүктеліп отырған міндет. «Қазақстан – 

2050» Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол» деген Президентіміз 

болашақ жастарға зор сенім артып қана қоймай, оларға барынша қамқорлық көрсетіп, 

жағдай  жасап  отыр.  Елбасы:  «Мәңгілік  Ел  -  жалпы  қазақстандық  ортақ 

шаңырағымыздың ұлттық идеясы», - деуінің өзінде қаншама мән жатыр. Ұлтымыздың 

болашағы,  ұрпағымыздың  келешегі,  оның  дәстүрі  мен  салты,  тілі  мен  дінінің 

сарқылмай 

жалғасуы 

да 


осы 

«Мәңгілік 

Ел» 

идеясында 



жатыр. 

   Тәуелсіз елде туып, білім мен тәрбие алып жатқан жастардың ойлары мен сарқылмас 

білімі  халқымыздың  үдемелі  дамуына  жұмсалуы  тиіс  екендігін  тағы  бір  жүктеген 

биылғы Президент Жолдауы халық үшін ақиқат бағыт болары хақ.   Қазақ елі атауы 

Елбасы Жолдауындағы «Мәңгілік ел» идеясымен ұштасатыны бәрімізге белгілі. Олай 

болса, қазақ елі қашанда Мәңгілік ел болып қалыптасқан ел, және мәңгілік ұрпақтар 

жалғасында да мәңгілік ел болып қала береді. 

Мәңгілік ел… Мәңгілік Қазақстан… Ата-бабаларымыздың мәңгілік арманы, мәңгілік 

аңсары болатын. Ертеңгі жарқын күннен үмітті біздің елдің ұраны да, жыр-әні де сол 

болуға тиіс деген зор үмітім бар.«Мәңгілік елдің» жеті қағидасы біздің дамуымыздың 

арқаулық құндылықтарын, Қазақстан халқының ортақ мүддесі мен тарихи тағдырын 

айшықтайды.  Себебі,  Мәңгілік  ел  мұратына  жету  ұрпақтар  бірлігі  мен  сабақтас-

тығының көрінісі арқылы жүзеге асатындықтан да Мемлекет басшысының халықтың 

үш  буынына  сөз  арнауы  кешегі  тарих  қойнауындағы  бабалар  үнін  тағы  да 

жаңғыртқандай әсер қалдырды», дей келіп, бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен 

істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, Мәңгілік 

елге даңғыл жол ашылатындығына сенемін. 

 

 

 


175 

 

МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫ – ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ 



Искакова Асемгуль Галимжановна 

тарих пәнінің мұғалімі,тәрбие ісінің меңгерушісі 

Игілік орта мектебі, Зеренді ауданы, Ақмола облысы 

 

550 жыл бұрын Жәнібек пен Керей құрған Қазақ хандығы алғаш рет өз атауында халық 



этнонимі бекітілді. Қазақ халқының тәуелсіздік үшін көп ғасырлық күрес жолында ұлы 

жеңістер  мен  ауыр  жеңілістер  болды.  Осы  үздіксіз  күрестің  тарихи  тәжірибесі 

«Мәңгілік Ел» өзекті идеясының маңыздылығын – халық бірлігін дәлелдейді. Тарихи 

дата – Қазақ хандығы құрылуының 550 жылдығын атап  өттік, осы және келер шақтың 

мирасқорлығын  және  ұрпақтың  бабалар  алдындағы  қазақи  мемлекеттіліктің  қайнар 

көзі мерейтойлы датадан бұрын есептелетін мызғымас негізі мен дәстүрін сақтаудағы 

ерекше  жауапкершілігін  айрықша  көрсетеді.  Тәуелсіз  Қазақстанның  Тұңғыш 

Президенті  –  Елбасы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  заманауи  қазақстандық 

мемлекеттілік құрудағы сіңірген тарихи еңбегіне ешкімнің таласы жоқ. Күшті қайраты 

мен стратегиялық көріпкелдігінің арқасында Қазақстан заңды ресімделген шекарасы 

бар,  жемісті,  тұрақты,  беделді  мемлекетке  айналды.  Қазақстандықтардың  ұлттық 

идеясы  мен  тарихи  санасын  қалыптастыруда,  және  халықтың  бірлігін  нығайтуда 

Қазақстан  Президенті  Н.Назарбаевтың  ерекше  рөлін  атап  көрсету  қажет.  Қазақстан 

«Мәңгілік  Ел»  идеясына  біріккен  көп  ұлттың  өкілдеріне  Отан  болып  табылады. 

Қазақстандықтар бар қиыншылықтардан өтіп, ұлттық қауымдастықта лайықты орын 

алды. Бұған жету жолы да оңай болмағаны аян. Иә, ел болып еңсе тіктедік дегенде – 

арғы  жағында  арқасүйер,  табан  тірер  не  бар  екенін  қазақ  жұрты  мен 

қазақстандықтардың  жарасымды  тіршілігінің  дәлелі  болды.  Бір  кездері  Алаш  арысы 

Міржақып  Дулатов  «Түрік  баласы»  атты  жазбасында:  «Келешек  күннің  қандай 

болашағын білуге  тарих  анық құрал  болады. Өзінің тарихын  жоғалтқан  жұрт, өзінің 

тарихын  ұмытқан  ел  қайда  жүріп,  қайда  тұрғандығын,  не  істеп,  не  қойғандығын 

білмейді,  келешекте  басына  қандай  күн  туатынына  көзі  жетпейді.  Бір  халық  өзінің 

тарихын  білмесе,  бір  ел  өзінің  тарихын  жоғалтса,  оның  артынша  өзі  де  жоғалуға 

ыңғайлы  болып  тұрады»,  –  деп,  сонымен  бірге  тағы  жазған  мақаласында:  «Тарихы, 

әдебиеті  жоқ  халықтың  дүниеде  өмір  сүруі,  ұлттығын  сақтап  ілгері  басуы  қиын. 

Әдебиеті,  тарихы  жоқ  халықтар  басқаларға  сіңісіп,  жұтылып  жоқ  болады»,  –  деді. 

Біздің Отанымыз Қазақстан  – бүгінде тәуелсіз мемлекет.Елбасымыз өз сөзінде «Жер 

бетінде  мыңдаған ұлттар  мен  ұлыстар  бар. Біз  –  дербес  мемлекет  құру бақытына  ие 

болған 193 ұлттың біріміз.Басқа бақыттың қонуы бір бөлек,сол бақытты бағалай білу 

бір бөлек.Тәуелсіз елдердің барлығы бірдей тұрақтылық пен татулыққа ұйып, дамудың 

даңғылына  түсе  алған  жоқ.Тәуелсіздік  –  тарихтың  сыйы  немесе  бүгінгі  буынның 

меншігі  емес.  Ол-  өткен  бабалардың  алдыңдағы  қасиетті  борыш  және  келешек 

ұрпақтың  алдыңдағы  зор  жауапкершілік.Біз  Тәуелсіздігімізге  тәу  етіп,тәубе 

деп,Тәуекелмен  болашаққа  бет  түзеп  келеміз.Біз  бүгін  Ұлы  тарихымыздың  тағы  бір 

шебінен  сенімді  өтіп  келеміз»  деген  еді.Шынында  да  тәуелсіздікке  қол  жеткізуіміз, 

адамзаттың басынан кешірген, ғаламат зобалаң заманнан аман – есен өтуіміздің өзі баға 

жетпес мұра емес пе?! 

Ұлтымыздың ұлы тұлғасының бірі –Әлихан Бөкейхан «Жұрт пайдасына таза жолмен 

тура бастайтын ер табылса, қазақ халқы оның соңынан ерер еді» - деп арман еткен ер 

тұлға  бүгін  Елбасымыздың  әр  ісінен  көрініс  тапқандай.  Керей  мен  Жәнібек  құрған 

Қазақ хандығының тарихи жалғасы – бүгінгі өркениетті Қазақстан. Еліміздің өзіндік 


176 

 

стратегиясы  қалыптасқан,  әлемдегі  алдыңғы  қатарлы  мемлекеттер  қатарынан  орын 



алуы  –  Қазақстанның  Тұңғыш  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  ерен 

еңбегі  мен  көреген  саясатының  жемісі.  Елбасының  «Мәңгілік  Ел»  идеясы  қазірдің 

өзінде  елді  біріктіруші  күшке,  ұлттық  идеологияға  айналды.  Ол  –  «Қазақстан-2050» 

Стратегиясының,  сонымен  қатар,  XXI  ғасырдағы  Қазақстан  мемлекетінің  мызғымас 

идеялық  тұғыры,  ұлттың  рухани  құндылығы.Қазақстанның  бүгінгі  алатын 

орны,халықтың әл-ауқаты мен экономикасының дамуы елімізде жүргізілген саясаттың 

нақты 

нәтижесі 



болып 

табылады.Өткенге 

сәл 

шегініс 


жасап 

көретін 


болсақ,тәуелсіздіктің  бірінші  күні  яғни  1991  жылдың  17  желтоқсанында  Елбасының 

«Кең – байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып 

бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де молынан жетеді.Не істесек те ақылмен 

істейік,арзан  ұранға  ермейік,ұшпа  сезімге  ерік  бермейік.Әсіресе,  жастар 

салқынқандылықтан,үлкенді  сыйлаудан,сөзге тоқтаудан айнымаса,қашанда достыққа 

адал  болса,бауырмал,кеңпейіл  болса,халықтың  атына  сөз  келтіретін  ұстамсыздық 

атаулыдан  аулақ  жүрсе  деп  тілейік»  -  дегенінің  өзінде  елбасының  көрегенділігімен 

Қазақстанның жарқын болашағына деген үлкен сенімі мен серпіліс берер салиқалы ойы 

ұштасып  жатқаны  бүгінде  ақиқатқа  айналды.Содан  бері  жиырма  төрт  жыл  уақыт 

ішінде  қаншама  жаңашыл  бағдарламалар  мен  жолдауларын  арнап  мемлекетіміздің 

өркендеуі  мен  өсуіне  ықпал  ететін  тиімді  даму  жолдарын  нақты  көрсетіп  берді. 

«Мәңгілік  Қазақстан»  жобасы,ел  тарихындағы  жаңа  дәуірдің,келісті  келбетінің 

көрінісін саралап берді деп толыққанды сенімді айтуға болады. «Мәңгілік Қазақстан» 

деп  аталуы  арқылы  тұғырлы  еліміздегі  әрбір  отандастарымыздың  жүрегіне  жылу 

ұялата,мақтаныш  сезімінің  және  оған  деген  сенімін  айқындады.Елбасымыз  тағы  бір 

сөзінде,  бүгінімен  ертеңін  ғана  ойлап,кеңшілікті  ойлаудан  түсер  пайданың  қазіргі 

бәсекелестік  заманында  түкке  тұрмайтын  тіршілік  екенін  баса  айтты.  «Мәңгілік 

Қазақстан» жобасы – елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала 

жүріп  шыңдалатын  үлкен  сынақ,осыдан  мүлтіксіз  орындап,  сүрінбей  өту  –  ортақ 

парыз,абыройлы міндет екенің баса айтты.Шынында да, бұл біз үшін жүктелген,мақсат 

етілген,жұмыла жеңетін алдағы міндетміз.Осы орайда басты мақсат – Қазақстанның ең 

дамыған  30  мемлекеттің  қатарына  ілігуі,  яғни  «Мәңгілік  Қазақстан»  жобасы,  ел 

тарихындағы  біз  қадам  басатын  жаңа  дәуірдің  кемел  келбеті.  Атап  айтар  болсақ, 

тұңғыш  мемлекеттік  тұжырым  идеологиясының  елең  еткізерлік  жаңалық  екені  бізге 

мәлім.Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін – тұжырым ретінде 

«Мәңгілік Ел» идеясының жариялануының айтсақ болады. «Мәңгілік Ел» идеясы,қазақ 

елінің тәуелсіздік жолында еңбекпен қол жеткізген биік асу,үлкен белес. «Мәңгілік Ел» 

ұғымын  тереңірек  түсіндіру,  тарихи  негіздерін  көрсету  маңызды  болып 

табылады.Түрік  тарихын  зерттеуші,  профессор  Қаржаубай  Сартқожаұлы:  «Мәңгілік 

Ел» - түрік жұртының данагөйі,үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк 

негізін  қалаған  идея...»  -  екендігін  жазған  еді.Түрік  қағанатын  құрағаннан  кейін 

Тоныкөк «Мәңгілік Ел» идеясын қолына алды.Мәңгілік ел – мақсаты түрік елінің билігі 

деп  біршама  ғасыр  бұрын  мәңгілік  ел  идеясын  ұсынылғаны  байқалады.  Мәңгілік  ел 

дегеніміз – мемлекеттің ғасырлар тоғысында,ірі державалар арасында бәсекеге төтеп 

бере  отырып,  өзіндік  қорғасын  саясатын  ұстану  деп  түсінуге  болады.

Қазақтың 

Мәңгілік  Ғұмыры  ұрпақтың  Мәңгілік  Болашағын  баянды  етуге  арналады. 

Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы  – 

Мәңгілік 

Ел! 


Бір кездерде дүркіретіп билік құрған Көктүріктер империясы ту еткен, Тоныкөк негізін 

қалаған, ұлы Шыңғыс хан империясының атына айналған Мәңгі ел құндылығы бүгін, 



177 

 

міне,  осылайша  Қазақстан  мемлекетінің  түп  қазығы  –  ұлттық  идеясына 



айналды.

  Елбасының  «Мәңгілік  Ел»  идеясы  тағы  бір  данамыз  Асан  қайғының  осы 

тектес идеясымен де астасып жатыр. Бұл – «Жерұйық» идеясы. Бұл да- өте терең,ғажап 

идея.Халқының  болашағын  ойлап,ел  аласы,ру  таласы  болмайтын  жер  іздеуі 

баяндалады.Елбасы  Жолдауында  ұсынған  «Мәңгілік  Ел»  идеясын  Асан  қайғы 

армандаған  «Жерұйық»  идеясының  жалғасы  деп  қарастыруымызға  болады. 

Сөйтіп,Қазақстан  халқының,  дәлірек  айтқанда,  қазақ  халқының  ұлттық  идеясы 

анықталды.Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Алтын Күн шуағын шашқан Көк байрағымыздың 

астында қазақ қана емес, 130 ұлттың өкілдері береке-бірлікпен тату-тәтті өмір сүруде. 

Елбасы:«Қазақ  тарихында  біз  ұялатын  ештеңе  жоқ.  Бізге  бабалар  тұлпарларының 

тұяғымен  жазылған  ата  тарихының  әр  парағы  ерекше  қымбат.  Қазақтардың  бүгінгі 

және  болашақ  буыны  оны  әрдайым  орынды  мақтан  ететін  болады»,  деді.  Сонымен 

бірге  Қазақстанды  Мәңгілік  елге  айналдырудың  жолдары,түрлі  иірімдері  мен 

тетіктері,кезеңдері  нақтыланып  көрсетілді.  «Мәңгілік  ел  –  ата-бабаларымыздың  сан 

мың жылдан бергі асыл арманы», - деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы.Ол арман – әлем 

елдерімен  терезесі  тең  қатынас  құрып,әлем  картасынан  ойып  тұрып,орын  алатын 

тәуелсіз мемлекет құру еді.Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтүні түзу ұшқан,ұрпағы 

ертеңіне  сеніммен  қарайтын  бақытты  ел  болуы  еді.Осы  армандар  ақиқатқа  айнала 

бастады.Мәңгілік  елдің  іргетасы  қаланды.Ендігі  жердегі  Қазақстан  дамуының 

мақсатының бастысы – ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу.Бұл – аса биік,астамшыл 

мақсат.Бірақ оны ендігі жерде ешкім қиял деп айта алмас,себебі біз аз  уақыт ішінде 

талай  жоспарларды  шындыққа  айналдырдық.Күні  кеше,  бұдан  24  жыл  бұрын  бізде 

ұлттың  экономикасы  да,қазіргідей  қалыпты  мемлекет  те,заңдастырылған  шекара  да 

болмаған  еді.Қазір  бұлардың  бәрі  бар.Қазақстанда  қазір  көшбасшы  ұлттармен  тең 

дәрежеде  өмір  сүріп  отыр.Біз  өзімізді  оларға  мойындаттық.Ендігі  олар  бізбен 

санасатын  болды.Дана  халқымыз:  «Қиындыққа  мойыма,ұмтыл-дағы  іспен 

жең.Мақсатсыз  жан  өмірде  қанаты  жоқ  құспен  тең»деген.Тілекжан  Хасенұлының 

айтуынша,дамыған елдерге тән ерекшелік – халқының, азаматтарының рухы ояу,асқақ 

болады.Олар  өздерін  ешкімнен кем санамайды.Олар басқаны сыйлайды,басқалармен 

санасады,басқалардан  үйренеді,сонымен  бірге  өзіне  де  сенеді,өзін  де  мақтан 

тұтады.Дамыған  елдің  адамы  –  нағыз  патриот:  өз  елін,өз  жерін,Отанын  сүйеді,өз 

тілін,дәстүрін,әдебиетін,тарихын  біледі,қадір  тұтады.Елбасымыз  қазақстандық 

патриотизм  туралы,әрбір  азаматтың  патриоттық  сезімін  ояту,қалыптастыру  туралы 

тектен-тек  айтып  жүрген  жоқ.Патриотизм  біздер  үшін  –  қуатты  күш,қосымша 

инвентиция.Оның негізінде рух,намыс жатыр.Қазіргі ел аузындағы Мәңгілік ел, Нұрлы 

жол  деген  тіркестер  бейнелі  түрде  кездейсоқ  айтылған  емес.Бұл-қазақтардың  ғана 

емес,бүкіл  қазақстандықтардың  таяу  жылдардағы  бетке  ұстар  идеясы,өмірлік 

нысанасы.Мәңгілік  ел  –  мыңжылдық  мәні  бар  жалпыұлттық  идея.Мәңгілік  ел  – 

Тәуелсіздік тұсында қалыптасқан философиялық идея.Көреген хандарымыз бен дана 

билеріміз,кешегі 

өткен 

Алаш 


арыстары 

қазақ 


елін 

қайырымды 

қоғамға,Жерұйыққа,Мәңгілік  елге  айналдыруды  арман  еткен,сол  үшін  күрескен,қан 

төккен,еңбек  еткен.Ежелгі  түркілердің  «Мәңгілік  Ел»  идеясы  үш  тұғырдан,яғни  үш 

негізден  тұрады:  біріншісі  –  көне  түркі  жазба  ескерткіштеріндегі  «Мәңгілік  Ел» 

манифесі,екіншісі  –  әл  –  Фарабидің  философиялық  шығармаларында,әсіресе, 

«Қайырымды қалада», үшіншісі – Жүсіп Баласағұнның осы идеяны негіздеген «Құтты 

Білік»  дастаны.Бұлардың  бәрі  бір-  бірімен  тығыз  байланысты,бір  заманнның  жемісі 

және өзіне дейінгі бабалар мұратымен жалғаса отырып,кейінгі ұрпақтарының құрған 

мемлекетшілдік,яғни «Мәңгілік Ел» идеясымен сабақтасады. 



178 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет