25 жылда жүріп өткен ауыр да абыройлы жолымыздың мәні тұтас ғасырмен тең



жүктеу 1.03 Mb.

бет1/11
Дата03.03.2017
өлшемі1.03 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

 №51 (1339) 21 желтоқсан

 

2016 жыл, сәрсенбі



www.z-taraz.kz

25 жылда жүріп өткен ауыр да абыройлы жолымыздың мәні тұтас ғасырмен тең.

 

„



Тәуелсіздік үшін жұдырықтай жүрегін азаттыққа аманаттап, ұрпаққа ұлағаттап, әр сөзі атылған 

оқтай, күн сөнгенше сөнбеуге серт еткен қаһарманның бірегейі – киелі Жамбыл өңірінің тумасы 

Қайрат Рысқұлбеков. Бүгінгі өскелең ұрпақтың жаңа тарихы тәуелсіздік пен сол жолда жанын пида 

еткен Қайраттай баһадүр перзенттердің ерлігіне тағзым етуден басталады. 

 

2-бет.

 

3-бет.

 

5-бет.

Жөндеу жұмысы 

аяқталды

Арайлы Астанам – 

бас қалам!

 

„



Бір жылдың ішінде 

қаламызда 19 білім мекемесі 

ағымдағы, 8 білім ошағы күрделі 

жөндеуден өтті.

 

„

Қала жастары ҚР 



Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 

орай елордамыз Астана қаласына 

ізгі тілектерін жеткізді. 

  

Нұрсұлтан Назарбаев, 



ҚР Президенті

Қайсар рухты ҚазаҚ

 

6-бет.

Толайым жылдар 

табысы


 

„

Ел Тәуелсіздігінің 



ширек ғасырында шаһарда 

экономикалық тұрақтылық 

орнығып, өрлеу-даму 

тенденциялары айқын 

байқалуда.


Елбасымен жарқын болашаққа!   суретті түсірген Н.тұрғынбек.

ҚАлА-ҚАРБАлАс

2

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №51 (1339), 21 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //



«Баласағұн»  концерт  залына  жиналған 

көпшілік қауым Мемлекет басшысы Нұрсұлтан 

Әбішұлының  Қазақстан  халқын  Қазақстан 

Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен 

құттықтауын үлкен ықыласпен тыңдады.  

–  Қымбатты  отандастар!  Баршаңызды  ең 

ұлы  мерекеміз  әрі  елдігіміздің  асқар  асуы  – 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен шын жүректен 

құттықтаймын! Біз 1991 жылы 16 желтоқсанда 

тәуелсіздігімізді жер жүзіне жариялап, күллі 

әлемге  паш  еттік.  Алдымен  көне  түріктің 

бөрілі  байрағының  мұрагері  –    Туымызды 

Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде желбіреттік. 

Әнұранымызды  әлем  көгінде  әуелеттік, 

Елтаңбамызды мәңгілік мөрге айналдырдық. Төл 

теңгемізді енгізіп, Ата Заңымызды қабылдадық. 

Қарулы  Күштерімізді  құрып,  шекарамызды 

шегендедік. Мемлекеттік тілімізді әлемнің ең 

биік мінберінен сөйлеттік, – деді Президент. 

Ұлт көшбасшысы  ел дамуына үлес қосқан 

әрбір  отандасымызға  айрықша  ықыласын 

білдіріп, тарихты шола отырып, әлемдік беделді 

сарапшылар бағалаған Қазақстан тәуелсіздігінің 

7 жаһандық триумф-салтанатын атап көрсетті. 

Бірінші.  Біздің  басты  жетістігіміз  –  әлем 

картасында  болмаған  мемлекетті,  Тәуелсіз 

Қазақстанды құрғанымыз. Оның шекаралары 

халықаралық деңгейде бекемделді. 

Екінші. Біздің еліміз, жетекші халықаралық 

сарапшылардың  зерттеуінше,  «қазақстандық 

экономикалық  ғажайыптың»  жарқын  үлгісін 

әлемге паш етті. Осы орайда Мемлекет басшы-

сы еліміздің басты экономикалық асуларына 

тоқталып,  сарапшылар болжамдарына сілтеме 

жасай отырып, алдағы 10-20 жылда Қазақстан 

экономикалық өсім бойынша көшбасшы елдер 

қатарына кіретінін мәлімдеді.  

Үшінші. Біз бейбітшілік пен келісімнің бірегей 

моделін  түздік.  Президенттің  айтуынша,  ең 

бастысы, әрбір адам «Мен қазақстандықпын, 

бұл  менің  елім,  мен  осында  өз  бақытымды 

тұрғызудамын!» деп айта алатын әділетті қоғам 

құрудамыз. 

Осы орайда Н.Назарбаев тарих қойнауына кете 

жаздап барып, тәуелсіздікпен бірге түлеген ана 

тіліміздің жағдайына жеке тоқталды. 

Төртінші.  Біз  болашақ  ұрпақтарға  қалар 

ұлы  мұрамыздың  ішіндегі  інжу-маржаны  – 

жаңа  Астананы  салдық.  Мемлекет  басшысы 

Астананың ХХІ ғасырда планетамызда пайда 

болған бірінші елордалық шаһар екеніне назар 

аудартты. 

Бесінші. Нұрсұлтан Назарбаев «экономикалық 

ғажайыптың» арқасында қазақстандықтардың 

әл-ауқаты шынайы артқанын жеткізді. 

Осы жылдар бойы әлемдегі экономикалық 

дағдарыстарға қарамастан, мемлекет әлеуметтік 

салаға айрықша маңыз беріп келді. Әлеуметтік 

шығыстар 25 жыл ішінде 26 миллион теңгеден 

қазіргі 4,8 триллион теңгеге дейін өскен. Бүгінде 

ел бюджетінің 46 пайызы осы салаға жұмсалады. 

Әрі Қазақстан мұнымен шектелмейді.

– Үкіметке келесі жылы зейнетақы көлемін 

2016  жылғы  деңгеймен  салыстырғанда,  20 

пайызға өсіруді тапсырамын. Бұл 2 миллион 

100 мың қазақстандықты қамтиды. Бұған қоса, 

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап, бала тууына 

байланысты бір реттік берілетін мемлекеттік 

жәрдемақыны  да  20  пайызға  ұлғайтуды 

жүктеймін!– деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан 

шетелдегі  қандастарын  қайтарған  әлемдегі 

үш мемлекеттің біріне айналды. Елбасы осы 

жылдарда халықты тұрғын үймен қамтамасыз 

ету  жөніндегі  дәйекті  саясаттың  арқасында                                      

1 миллионнан астам отбасының баспана жағдайы 

жақсарғанын атап өтті.

Еліміз бойынша, 2700-ден астам балабақша 

және  жеке  меншік  шағын  орталық  ашылды. 

Еліміздің түкпір-түкпірінде 1350 мектеп жаңадан 

бой  көтерді.  Әлемдік  деңгейдегі  Назарбаев 

университеті жоғары деңгейдегі алғашқы мың 

маманды дайындап шығарды. Барлық өңірлерде 

20  зияткерлік  мектеп  ашылды.  «Болашақ» 

бағдарламасы  аясында  12  мың  жас  өренге 

әлемнің ең белді оқу орындарында білім алуға 

стипендия берілді. 

Біз осы уақытта 1300-ден астам денсаулық 

сақтау  нысанын  салып,  оларды  ең  заманауи 

құралдармен жабдықтадық. 

Алтыншы.  Қазақстан  жаңа  үлгідегі 

интеграцияның  бастамашысына  айналды. 

Елбасы  20  жыл  бойы  табанды  жұмыс  жасау 

арқасында еуразиялық ықпалдастық идеясының 

жүзеге  асуына  қол  жеткізгенін  атап  өтті. 

Қазақстан  бастамасымен  басқа  да  ұйымдар 

дүниеге келіп, жұмыс жасауда. 

Жетінші. Бүгінде жетекші әлемдік саясаткер-

лер мен халықаралық сарапшылар Қазақстанды 

жаһандық  антиядролық  қозғалыстың  лидері 

және бірізді бітімгер деп таниды. 

Тәуелсіздіктің  25  жылдық  мерейтойына 

арналған  салтанатты  жиында  Н.Назарбаев 

Қазақстанның болашағын суреттеп, 2050 жылғы 

бейнесін айқындап берді.

– Енді 34 жылдан кейін ғана келетін 2050 

перспективасы дәл қазір алыс сияқты көрінеді. 

Дегенмен бұл – тариxтың қысқа бір үзігі ғана. 

Біздің бағдарымыз айқын. Нақты іс-қимылдар 

бағдарламасы бар. 2050 жылға дейін біз дамыған 

30 елдің қатарына кіреміз. Қазақстан орта та-

бысы басым ел болады. Сол кезде шағын және 

орта бизнес жалпы ішкі өнімнің 50 пайызын өзі 

өндіреді. Осы мақсатта қазірден Ұлт жоспары ая-

сында бизнес жүргізуге қолайлы жағдайлар жа-

салып, инфрақұрылым жаңғыртылып, адами ка-

питал дамытылып жатыр. Ұлттық экономиканың 

өсімін еңбек өнімділігінің өсуі қамтамасыз етеді. 

Оның көрсеткіші 5 есеге артып, бір жұмысшыға 

шаққанда 120 мың долларға дейін жетеді. Біз 

инновациялық даму моделіне көшеміз, – деп 

болжады Нұрсұлтан Назарбаев. 

Салтанатты жиынды қорытындылаған  Елбасы 

әлем халықтарының тарихына жүгіне отырып, 

жаңа мемлекет құру мәртебесі ұрпақтың ең ұлы 

буынына бұйыратынын алға тартты.

–  Осы  бақытты  буын  –  бүгінгі  заманауи 

қазақстандықтар, ұлы буын ол – сіздер. 25 жылда 

жүріп өткен ауыр да абыройлы жолымыздың 

мәні тұтас ғасырлармен тең. Қазақстан Респу-

бликасы Тәуелсіздігінің ширек ғасыры – Еу-

разия жүрегіндегі Ұлы далада жазылған мың 

жылдық  тарихтың  жаңа  дәуірі.  Біздің  Ұлы 

даламыз  –  қазіргі  түркі  тілдес  халықтардың 

бәрі өрбіген алып бесік іспетті! – деді Қазақстан 

Көшбасшысы.

Салтанатты  жиында    рухтанып  шыққан 

халық тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті 

Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге  мың жылдық 

тарихтың жаңа дәуіріне сеніммен қадам басты.

Дайындаған Индира БАЙҚОНЫС.

 

„

Небәрі 25 жылдың  жүзінде дамудың даңғыл жолына түскен Қазақ елінің бағындырған 



белесі көп. Әлбетте, бұл - Ұлы дала төсінде салтанат құрған тәуелсіздіктің арқасы. астана 

төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен ел егемендігінің ширек ғасырлық 

тойына арналған жиынды үлкен экран арқылы жамбылдықтар да тамашалады. 

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Шаһарда Тәуелсіздік мерекесі Қайрат 

Рысқұлбековтің ескерткішіне гүл қою 

рәсімінен  басталды.Алматыдағы 

1986  жылғы  Желтоқсан  оқиғасының 

қаһарманы,  Мойынқұм  ауданының 

тумасы  Қайрат  Рысқұлбековті  еске 

алуға облыс әкімінің бірінші  орынба-

сары Бекболат Орынбеков, қала әкімі 

Нұржан Календеров пен орынбасарла-

ры, Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, 

ардагерлер, жастар мен қоғам өкілдері 

келді.Олар батыр рухына тәу етіп, еске 

алды. Сондай-ақ жиынға қатысушылар 

Халық қаһарманының ескерткішіне гүл 

шоқтарын қойды.

Жалпы есімі Желтоқсан оқиғасымен 

қатар  аталатын  Қайрат  Рысқұлбеков 

1984-1986 жылдары Амур өлкесі, Бело-

гор қаласында әскери міндетін абырой-

мен өтеп келген соң, әскери бөлімшенің 

жолдамасымен  Алматыдағы  сәулет-

құрылыс  институтына  оқуға  түседі. 

Осы жылы 16-18 желтоқсанда болған 

қазақ жастарының отаршылдық және 

әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне 

белсене қатысады. Дегенмен көтеріліс 

жаншылғаннан  кейін  1987  жылдың 

қаңтарында  ішкі  істер  органының 

қызметкерлері «Алматыда бір төбелеске 

қатысты»  деген  желеумен  Қайратты 

қамауға  алады.  Кейіннен  көпшілікке 

мәлім  болғандай,  тергеушілер  неше 

түрлі  айла-шарғылар  қолдана  оты-

рып,  оны  С.Савицкийдің  өліміне 

кінәлі  етеді.  Қазақ  КСР  Жоғарғы 

Сотының қылмыстық істер жөніндегі 

коллегиясының төрағасы Е.Грабарниктің 

1987  жылы  16  маусымдағы  үкімімен 

Рысқұлбеков ең жоғары жаза (өлім) - ату 

жазасына кесіледі. Зиялы қауым өкілдері 

КОКП Бас хатшысы Горбачев пен КСРО 

Жоғары Кеңесі Төралқасының төрағасы 

Громыконың  атына  Рысқұлбековтің 

жазасын  жеңілдету  туралы  өтініш 

жолдайды. Кейіннен ату жазасы амал-

сыздан 20 жылға бас бостандығынан 

айыру жазасымен ауыстырылған. Бірақ 

Шу-Қарағанды  темір  жол  бекеттері 

арқылы Рысқұлбеков Семей түрмесіне 

жеткізіліп, құпия жағдайда оның өміріне 

қастандық жасалған.

Желтоқсан  көтерілісінің  құрбаны 

болған  Қайрат  Рысқұлбеков  еліміз 

егемендік  алғаннан  кейін  Қазақстан 

Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылғы 

21 ақпандағы шешімімен ақталды. Оған 

«Халық қаһарманы» атағы берілді. 

Қазақ жастарының рухын асқақтатып, 

халқымыздың  намысының  үлгісін 

көрсетіп  кеткен  Қайрат  Рысқұлбеков 

биыл  50  жасқа  толар  еді.  Бүгінде 

батырдың атына өшпейтіндей еліміздің 

барлық өңірінде мектеп, саябақ, көшелер 

мен ескерткіштер бой көтерген. Ал оның 

ерлігі мен сойылдай сойып түсер сөздері 

ұрпақ  тәрбиесінде  зор  рөл  атқаруда. 

Халқымыздың намысын мойындатып 

кеткен оғлан ұл туралы осыған дейін 

талай рет айтылған, айтыла да бермек. 

-  Биыл  Желтоқсан  оқиғасына  30 

жыл толып отыр. Осы оқиғаны ауызға 

алғанда, әуелі қайсар қазақ жастары-

мен бірге Қайрат ойымызға оралады. 

Қазақтың өжет ұлы биыл 50 жасқа то-

лар еді. Жастығына қарамастан, қайсар 

мінез танытқан ол бүгінгі ұрпаққа үлгі. 

Оның атын мәңгі есте сақтап, ерлігі мен 

өр мінезін ұлықтауымыз керек,-дейді 

қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі 

Лина Абдурахимова. 

 

„

халық қаһарманы 



Қайрат рысқұлбеков ел 

есінен шықпайды.

Қайсар рухты 

қазақ

Ұлы далаНың жаңа дӘуірі

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №51 (1339), 21 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //

ҚАлА-ҚАРБАлАс

3

жөНдЕу жҰмысы 

аяҚталды

 

„

тәуелсіздіктің 25 жылдығында әр сала 



бойынша атқарылған ауқымды жұмыстар аз емес. 

Оның бірегейі білім саласына тиесілі. Ширек ғасырда 

қаламызда 19 білім мекемесі ағымдағы, ал 8 білім ошағы күрделі 

жөндеуден өтті. Нақты уақытта өскелең ұрпақ үшін іске асқан игі істің 

барлығы толығымен сәтті де сапалы аяқталып отыр. 

Нұржан ҚАДІРӘЛІ

«Қазақстан  Республикасындағы  жергілікті 

мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару ту-

ралы» Заңының 17-бабына сәйкес, «Ішкі істер 

органдарының  жергілікті  полиция  қызметі 

басшысының  есебін  қарау  және  қызметін 

бағалау» мәселесін Тараз қалалық мәслихатының                                  

сессиясында қарауға әзірлік мақсатында құрылған 

арнайы комиссия қаладағы жергілікті полиция 

қызметкерлерінің күнделікті жұмысын бақылап, 

нәтижелер мен мәселелерді саралады.

- Елбасы Жарлығымен былтыр жергілікті по-

лиция  қызметі  құрылды.  Осыған  сәйкес  Тараз 

қалалық жергілікті полиция қызметінің басшы-

сы мәслихатқа есеп  береді. Қандай межелерді 

бағындырды,  қандай  жетістікке  жетті  немесе 

қандай мәселелерге тап болды, осыны зерделедік. 

Қызметкерлерді жұмыс барысында бақыладық. 

Алдағы уақытта бұл мәселе сессияда қаралып, 

қызметкерлердің жұмысына баға береміз, - дейді 

қалалық  мәслихаттың  заңдылық,  азаматтар 

құқығын  қорғау,  құқық  тәртібі  және  гендерлік 

саясат жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы, 

қалалық мәслихат депутаты Марат Мырзахметов.

Қаладағы қылмыстың қаншалықты азайғанын 

және  қылмыстың  қай  түрі  сейілмей  тұрғанын 

анықтау мақсатында арнайы комиссия мүшелері 

жергілікті полиция қызметі жеке құрамының жиы-

нына қатысып, қызметкерлердің тапсырма берілген 

сәттен бастап қалай жұмыс жасайтынын бақылады.  

Жиын барысында қызметкерлерге бірер күн бұрын 

шаһарда банкомат тонап, 600 мың теңгені қолды 

қылғандардың автокөлігі, олардың қарақшылық 

әрекеттері баяндалып, жедел іздестіруге бұйрық 

берілді. 

-  Біздің  басты  мақсатымыз  -  қала  ішінде 

қылмысқа жол бермеу, алдын алу және мүлтіксіз 

күресу.  Нақты  уақытта  қала  ішінде  қылмыс 

айтарлықтай азайып келеді. Дегенмен  бүгінгі таңда 

пәтер ұрлығы мен қалта ұрлығы, яғни бөтеннің 

мүлкін ұрлау дерегі жиі кездесуде. Сондықтан қала 

тұрғындарына мұқият, сақ болуға кеңес беремін. 

Бізде көршілік бақылау бойынша 99-65-09 сенім 

телефоны жұмыс жасайды.  Яғни сенім телефоны 

арқылы кез келген тұрғын анонимді түрде аулада 

күдікті адамдарды немесе көлікті, ұйымдасқан 

күдікті топты көріп, байқап қалса хабарласуына 

болады. Біз сол арқылы қылмыстың алдын алуға 

шұғыл әрекет жасаймыз. Сондықтан барлық қала 

 

„

Құрылғанына небәрі жыл өтсе де, жергілікті полиция қызметі қылмыспен 



күресуде қырағылық танытып, заң бұзушылықтың алдын алып, қоғамдық 

тәртіпті сақтауда нақты нәтижелермен қуантып отыр. Бұған іс барысында көз 

жеткіздік.

Белсенді болсақ, ұрлық азаяды

Мереке қарсаңындағы мерейлі іс.    суретті түсірген Н.тұрғынбек.

Қоғамдық тәртіп басты назарда.    суретті түсірген Н.тұрғынбек.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Білім мекемелерінің материалдық-

техникалық  жағдайын  жақсарту 

мақсатында    ағымдағы  жылы 

республикалық,  облыстық  және 

жергілікті бюджет есебінен бөлінген 

қаражатқа 8 білім мекемесінде күрделі, 

19 білім мекемесінде ағымды жөндеу 

жұмыстары  атқарылды.  Ағымдағы 

жөндеу  жұмыстары  жаз  айларын-

да  аяқталған  болатын.  Ал  күрделі 

жөндеуге «Жұмыспен қамту-2020» 

жол картасы аясында қалаларды және 

ауылдық  елді  мекендерді  дамыту 

шеңберінде  объектілерді  жөндеу» 

бағдарламасы  бойынша,  Ұлттық 

қордан және облыс қазынасынан жал-

пы көлемі 1 млрд. 180 млн. 487 мың 

теңге қаражат қарастырылған екен. 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары                                                                          

Бекболат Орынбеков пен қала әкімі 

Нұржан Календеров, қалалық білім 

бөлімінің басшысы Гүлзия Заурбекова 

күрделі жөндеу жұмыстары күні кеше 

ғана аяқталған №7 мектеп-гимнази-

ясына ат басын бұрып, толығымен 

аяқталған  істің  сапасын  саралап 

қайтты.  Ондағы  бастауыш  және 

негізгі корпустарын сейсмокүшейту 

арқылы  жалпы  күрделі  жөндеу 

жұмыстарына  облыс  қазынасынан 

298 449,0 мың теңге қарастырылған 

болатын. 

-  Сәрсенбі  күні  мектептің 

ж и һ а зд а р ы н   о р н а л а с т ы р ы п , 

бейсенбіде  оқушыларымыз  өз 

мектептеріне оралады. Мектебіміздің 

бұрынғы күйі мен қазіргі жағдайын 

салыстырып айтсақ, айырмашылығы 

ж е р   м е н   к ө к т е й .   Ж ө н д е у 

жұмыстары  басталмай  тұрғанда, 

оқушыларымыз  мектепті  «Брест 

қамалы»    деп  әзілдейтін.  Өйткені 

расымен де бірінші қабаттан-ақ аспан 

көрінетін. Ғимараттың шатыры да, 

қабырғалары да жау шапқандай әсер 

қалдыратын.  Аз  уақыттың  ішінде 

«ҚазАльфаСтрой»  серіктестігінің 

құрылысшылары  мектебімізді 

түбегейлі өзгертіп, адам танымастай 

қалыпқа енгізді. Осы нәтиже үшін 

еңбектенген азаматтардың барлығына 

алғысымыз шексіз. Жұмыс өте сапалы 

жасалған. Жалпы мектебімізде 103 

ұстаз, 1279 оқушы бар. Бес ай бойы 

оқушылар  төрт  мектепте  қатынап 

оқыды.  Атап  айтқанда,  №36  мек-

тепке, кейін оларды №32 мектепке 

ауыстырдық.    №42,53,38    мектеп-

терде  оқуларын  жалғастырды.  22 

желтоқсан - біздің оқушыларымыз 

бен  ата-аналар,  ұстаздарымыз 

үшін  көптен  күткен  қуаныш. 

Тәуелсіздігіміздің  25  жылдығына 

біз  үшін  бұл  үлкен  сый  болды.  

Жалпы биыл әлемдік дағдарыстың 

алаңдатуына қарамастан, Елбасының 

салиқалы  саясатының  арқасында 

және  жергілікті  басшылықтың 

көмегімен қалада 5 мектеп жөндеуден 

өтті. 60 жылдық тарихы бар біздің 

мектебімізге  облыстық  бюд-

жеттен  күрделі  жөндеу,  ал  қала 

басшылығымен  ағымдағы  жөндеу 

жұмыстары  жүргізілді.  Осындай 

барлық мүмкіндікті қарастырып, қара 

шаңырағымыздың  еңсесін  көтеріп 

берген облыс пен қала басшылығына 

алғыстан басқа айтарымыз жоқ, - деді 

№7 мектеп-гимназияның директоры 

Наталья Исеева.

Расында, мектептің қазіргі жағдайы 

қуанарлықтай нәтижеге ие. Бекболат 

Серікбекұлы мен Нұржан Сәбитұлы 

тұрғындарын бізбен бірге белсенді байланыста болуын сұранамын, - деді қалалық 

жергілікті полиция қызметінің басшысы Талғат Сәулебаев. 

Бұдан әрі комиссия жергілікті полиция қызметінің машина батальонына ілесіп, 

бір күн бойы атқарылатын тіршілікпен танысты. Мәселен, №8 мөлтек ауданы, 17 

тұрғын үйде велосипед ұрлығы бойынша пәтер иесінен қоңырау шалынып, по-

лиция қызметкерлері ұрланған мүлік бойынша жедел әрекетке көшіп, іздестіру 

жұмыстарын бастап кетті. Арнайы комиссия бұдан бөлек қала көшелеріндегі 

жол жүру ережелерін бұзғандарға қолданылатын шаралармен де таныс болды.                               

Б. Момышұлы көшесінің бойында көліктерін бейберекет қойған азаматтарға нақты 

шаралар қолданылды. Мамандардың айтуынша, көлігін кез келген жерге  қойып 

кеткен жүргізушілерге 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады екен.  Алдағы уақытта 

мұндай екіжақты бақылау жұмыстары жалғасын табатын болады.

бастаған  топ  білім  нысанындағы 

барлық  сынып  бөлмелерін,  спорт 

залы  мен  асхананы  аралап,  жұмыс 

сапасын  жіті  бақылап  шықты.  Игі 

іске ұстаздар ұжымы да, ата-аналар 

да дән риза.  Күні бүгінге дейін бала-

лары үшін алаңдап келген ата-аналар 

Аида Өтеулина мен Валерия Батуева 

жергілікті  басшыларға,  жұмысты 

уәделі  уақытында  аяқтап  отырған 

мердігерлерге  ағынан  жарылып, 

алғыстарын айтты.  

-  Негізінде,    біздің  компа-

ния  бұған  дейін  өңірде  бірқатар 

нысандардың құрылысын жүргізген 

болатын. Былтырғы жылы Қаратау 

қаласындағы  мәдениет  үйінің 

жөндеу жұмыстарын сәтті аяқтадық. 

Ал  биыл  тамыз  айында  біз  осы 

мектептің жөндеу жұмыстарын бас-

тап кеттік. Желтоқсанның 12-сінде 

біз  мектепті  толығымен  аяқтадық. 

Компанияның  қосымша  қаражаты 

есебінен  мектептің шатырын, сыртқы 

есіктерін, санитарлық тораптарын (са-

нузел) жасадық. Ал жалпы жұмыстың 

жобалық құны 300 миллион теңгеге 

жуық. Құрылыс жұмыстарына жалпы 

алты ай уақыт берілген еді. Біз төрт-

бес айдың ішінде толығымен аяқтап 

отырмыз. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы 

мен  алдағы  Жаңа  жыл  мерекесі  

қарсаңында  оқушылар  мен  ата-

аналарға түбегейлі түрленген жаңа 

мектепті тарту еткіміз келді. Мектептің 

жұмысына жалпы саны 125 адам ат-

салысты. Және жұмысты жеделдету 

мақсатында қосымша тағы 40 азамат 

еңбектенді.  Қолданылған  құрылыс 

материалдарының  басым  бөлігі  - 

отандық  өнімдер.  Атап  айтқанда, 

пластик өнімдері Талдықорғаннан, 

керама, гранит Шымкенттен алынды. 

Ал есіктер мен кафельдер Ресейдікі. 

Тек сапалы тауарлар пайдаланылды. 

Аулаға  стандарт  бойынша  асфальт 

төселді. Ауладағы бетондар - өзіміздің 

тараздық  өнімдер,-деді  мердігер 

«ҚазАльфаСтрой» ЖШС директоры 

Ермек Алатаев.

Мектеп  оқушылары  ертеңгі 

күнді  асыға  күтіп  отыр.  Көптен 

күткен  қуаныштарын  да  жасыр-

майды. «Біздің сапалы білім алып, 

оқуымызды  жетілдіруге  жан-

жақты мүмкіндіктер жасап отырған 

Елбасыға  алғыс  айтамыз.  Бес  ай 

бойы жоғары сыныптардың барлығы 

№32,36 мектептерге барып оқыдық. 

Өз мектебіміздегі қоңыраудың үнін 

де  сағындық»  -  дейді  болашақта 

дәрігер  болуды  өзіне  мақсат  еткен  

№10  «Б»  сынып  оқушысы  Дәурен 

Тұрсынбеков.



МЕРЕкЕ

4

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №51 (1339), 21 ЖелТоқсан  2016 Жыл  //




  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал