«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар
мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.
Астана.11-12 қараша, 2011 жыл
ҚАЙЫМНЫҢ МҰРАСЫ ҚАЛАЙ ЖИНАҚТАЛДЫ?
ІРГЕБАЙ Ербол,
Қазақстан Республикасы
Білім беру ісінің құрметті қызметкері.
Қазақтың көрнекті ғалымы, абайтанушы, әдебиет зерттеушісі, текстолг,
аудармашы, жазушы-драматург Қайым Мұхамедхановтың көп томдық
шығармалар жинағының 10 томдық басылымының аяқталуына және осы
конференцияның тақырыбына байланысты құрастырушы оның қалай жүзеге
асырылғаны туралы айта кетуді жөн санадым.
Бұл іс былай басталды. Өмірде кезігетін кездейсоқ құбылыстар мен іс-
әрекеттер адамның өміріне ерекше бетбұрыс жасап, мүлде басқа арнаға
салып жіберетіні болады. Бұл не? Заңдылық па? Мүмкін солай да болар...
Әйтеуір, 2004 жылдың жайма-шуақ күнінде тағдыр мені жазушы-ғалым
Тұрсын Жұртбаймен жолықтырды. Жаз уақытында «Жадыра» моншасында
адамдар аз болады, парға кірсем моншаның ыстық буы денесін балбыратып
Тұрсын аға рахаттанып отыр екен. Жазғандары жаныңа жақын, есімі жақсы
таныс болғанымен, ғалым ағамен бұрын бетпе-бет кездесіп, әңгімелесіп
көрген емеспін.
–
Құнанбай қажының тойына бардыңыз ба? – деп сөзге тарттым.
–
Барған жоқпын, шақырмады,
–
деп жауабын келте қайырды.
–
Құнанбайды зерттеген Сізді шақырмағанда кімді шақырады?
–
деп
сұрауымды жалғастырдым.
–
Шақыратындарының болған ғой,
–
деді.
Сөзінің ар жағында өкпенің жатқаны білінді. Бұл әңгіме осымен
аяқталды.
Моншаның дем алатын бөлмесіне шықсам, Тұрсын аға терлеп-тепшіп
көк шай ішіп отыр екен. Бағана сөйлескенім бар, батылданып қасына
бардым. Әңгімеміз жарасып әдебиет жайында болып, ақындар айтысы
тақырыбына қарай ойыстық. Бүгінгі айтыс ақындары туралы айтып, сөзіміз
«Біржан-Сараға» қарай ойысты. Мен Қайым Мұхамедхановтың: «Біржан
–
Сара» айтысы тарихта болмаған, айтысты жазған Әріп ақын»
–
деген пікірін
айттым. Мені сынағысы келді ме: «Е, Қайым не депті?», – деді. Ғалымның
Біржан мен Сараның туған жылдары туралы, айтыстың текстологиясы
жөніндегі дәлелді ойларын көлденең тартып айтып жатырмын. Бір кезде:
«Сен кімсің?», – деп төте сұрақ қойды. «Мен Астананадағы орта мектепте
мұғаліммін»,
–
дедім. Жауабыма көңілі толмады білемін «Е, е ...»,
–
деп
ойланып қалды. Содан соң: «Қайымды қайдан білесің?»,
–
деді. Мен: Семей
педагогикалық институын бітіргенімді, Қайым Мұхамедханов ұстазым
болғанын айттым. Терең ойға түсіп кеткен Тұрсын аға: «Сенің ұстазыңның
бүкіл ғылыми мұрасы «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығында тұр.
«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар
мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.
Астана.11-12 қараша, 2011 жыл
Келіп көр, шамаң жетсе жұмыс жаса»,
–
деп маған сынай қарады. Мұндай
ұсынысты күтпеген мен қуанып, бірден келісім бердім.
Дүйсенбі күні уәделескен мезгілде «Отырар кітапханасының»
директоры Тұрсын Жұртбайдың қабылдауында болдым. Аға мені жылы
қабылдап, екінші қабаттағы Әлкей Марғұлан кабинетіне алып барды.
Кабинеттегі шкафтың төменгі бөлігінде Қайым Мұхамедхановтың
қолжазбалары мен папкаларда материалдары сақтаулы екен:»Ал, бала
қолжазбалар міне, мыналарды талдап, сараптап, библиографиялық
көрсеткіштерін жаса»,
–
дап тапсырма берді. Сөйтіп, Тұрсын Жұртбайдың
жетекшілігімен Қайым Мұхамедхановтың ғылыми мұраларын жинақтап,
баспаға шығару жұмысына тосыннан кірісіп кеттім.
Профессор
Тұрсын
Жұртбайдың
«Бесігіңді
аяла!..»
атты
монографиялық-эссесінде: «Дүние мәдениетінің тарихына туған халқының
ой-сана, рухани қабілет, парасатын бар болмысымен танытқан даналардың
танымы мен тағдыры – өзі тіршілік кешкен заманның топырағынан тамыр
тартады»,
–
деген пікірі бар. Сол сияқты, Қайым Мұхамедхановтың да көрген
тәрбиесі мен алған өнегесінің тамыры тереңде әрі Абаймен сабақтасып
жатыр. Балалық шағынан Абайдың өлеңдерін жаттап өскен, ес білген кезінде
алаш арыстарының тізесінде отырып сөзін естіген, ат жалын тартып азамат
болғанда ғұлама Мұхтардың басшылығымен ғылым жолына түскен
Қайымның танымы мен ой-санасы, зейін-зердесі мен түсінік-түйсігі
балталаса бұзылмастай берік болып қалыптасты. Адалдық пен әділеттілікті
ту етіп ұстаған ғалым өзі өмір сүрген заманның «тар жол, тайғақ кешуін»
басынан өткерсе де арын сатпады, адамдық атын ешқашан жоғалтқан жоқ.
Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен ғылымдағы жолы – қажыр мен
қайраттың, еңбекқорлықтың, ар мен адамгершіліктің, әділдік пен кіршіксіз
тазалықтың эталоны.
Қайым Мұхамедханов
–
елі мен жерін сүйген, ұлты үшін басын бәйгеге
тіккен, кеңестік қызыл жазлау машинасының қысымына шыдаған, оның адам
айтқысыз ауыр азабына төзе білген, «қабырғасын сөксе де қабағын
шытпаған», сағы сынбаған алмас қылыш. Сондықтан да ұлты үшін аянбай
еңбек еткен ғалымның соңында қалған мол мұрасын жинақтап, бір ізге түсіру
үлкен ізденісті, еңбекті қажет етті. 2004 жылы жазушы-ғалым Тұрсын
Жұртбайдың басшылығымен алғашқы томы жарық көрді. «Ең жылдам да, ең
шабан да уақыт» дегендей, әрі ұзаққа созылғандай, әрі қас-қағымдай көрінген
мерзімнің ішінде ғалымның өмір бойы жазған ғылыми еңбектері мемлекеттің
қолдауымен «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша сегіз жылдың көлемінде
10 том болып жарыққа шықты.
Іздестіру, жинақтау, жүйелеу, мәтіндік салыстырулар жүргізу, баспаға
дайындау жұмыстары жоба жетекшісі Тұрсын Құдагелдіұлы Жұртбайдың
жетекшілігімен жүзеге асты. Ол жұмыстар мынадай бағытта жүргізілді.
«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар
мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.
Астана.11-12 қараша, 2011 жыл
Бірінші, Қайым Мұхамедханұлының бар ғұмырын сарп етіп өмір бойы
зерттеген Абай және оның ақын шәкірттері мен М. Әуезов туралы еңбектері;
Екінші, ғалымның қазақ әдебиетінің тарихына және мәтінтануға
байланысты жазылған сын-зерттеу мақалалары;
Үшінші, ғалымның әдебиет, өнер, мәдениет қайраткерлері және шетел
ақын-жазушылары жөнінде жазылған мақалалары;
Төртінші, ғалымның орыс тілінде баспасөз бетінде жарияланған
мақалары;
Бесінші, драмалық шығармалары, шағын әңгімелері мен өлеңдері және
аудармалары тақырыптық және жылнамалық жүйеге түсірілді.
Басылымның қорытынды томына ғалымның ғана емес, бүкіл қазақ
мәдениетінің тағдырына үлкен зауал әкелген 1951 жылғы 7 сәуірде қорғалған
«Абайдың әдеби мектебі» тақырыбындағы кандидаттық диссертациясының
стенограмасы берілді.
Көзі тірісінде біреудің «бағы мен тағына таласпаған», «алтын көріп
адал жолдан таймаған» ғалымның еңбектері бұрын-соңды мұндай көлемде
және ғылыми негізде жарық көрген жоқ. Қ.Мұхамедхановтың Он томдық
шығармалар жинағына осындай іздестіру жұмыстарының нәтижесінде
жинақталған ғалымның әр жылдарда жарық көрген 170-тен астам зерттеу
мақалалары, «Абайдың әдеби мектебі» және «Абай өлеңдерінің
текстологиясы» (1951, 1957) атты еңбектерімен қатар драмалық
шығармалары, аудармалары мен өлеңдері қамтылды.
Соның ішінде: ғалымның көп томдық шығармалар жинағының бірінші
томына «Абайдың төңірегіндегі ақындар» («Абайдың әдеби мектебі»), «Абай
шығармаларының текстологиясы жайында» атты зерттеу еңбектері енгізілді.
Жинақтың екінші томына 1945-1997 жылдар арасындағы әдебиет
тарихы мен текстология мәселесіне арналған көлемді зерттеулері және
М.Х.Дулатидің, Қ. Жалайыридың, Бұқар жыраудың, Жанақ ақынның,
Махамбеттің, Дулаттың, Шөженің, Мәшhүр-Жүсіптің шығармашылық өмірі
жөніндегі ғылыми очерктері хронологиялық тәртіппен берілді. Соның ішінде
монографиялық сипатта жазылған «Келелі іске кемелдік жарасады»,
«Түсініктемелер жайында біраз сөз», «Қаракерей Қабанбай батыр» жыры
атты еңбектері ғалымның пайымды парасатын танытатын ғылыми маңызы
терең, білікті де бірегей зерттеулер болып табылады. Екінші бөліміне
Абайдың өмірі мен шығармаларының жазылу тарихы, сонымен қатар ұлы
ақын поэзиясының текстологиясы жайында жарты ғасыр бойы қалам тартқан
бес мақаласы мақсатты түрде топтастырылып берілді.
Жинақтың үшінші томына оның Құнанбай немерелері: Ақылбай,
Мағауия, Тұрағұл Абайұлдары, Кәкітай Ысқақұлы, Әрхам Кәкітайұлы және
Әубәкір Ақылбайұлы туралы жазылған зерттеу мақалалары және осы аталған
ақындардың архивтерден ғалымның өзі тапқан төл шығармалары
топтастырылды.
«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар
мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.
Астана.11-12 қараша, 2011 жыл
Ал Шығармалар жинағының төртінші томына Көкбай, Әріп, Мұқа,
Баймағамбет сияқты Абайдың ақын шәкірттері және Әлихан Бөкейханов,
Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов, Жүсіпбек
Аймауытов, Ыдырыс Мұстамбаев сынды алаш арыстары туралы зерттеу
еңбектері, сондай-ақ ғұлама ғалым Қайымның өзі жөніндегі көрнекті
ғалымдардың пікірі мен естеліктері орын алды.
Жинақтың бесінші томына Махамбет, Шоқан, Жаяу Мұса, Орынбай,
Шашубай, Майра, Естай, І. Жансүгіров, С. Ғаббасов, Ж. Шанин, А.
Ярмұхамедов, Ә. Марғұлан, Е. Ысмайылов, С. Әлімбетов, Т. Әміренов сынды
тұлғалар жайлы жазылған зертеу мақалалары және М.Әуезовтің
шығармашылық өмірі жөніндегі ғылыми мақалалары хронологиялық
тәртіппен енгізілді.
Алтыншы томға ғалымның әр жылдарда жазған мақалалары мен қазақ
әдебиетінің тарихына қатысты зерттеулері, пікір-хаттары енді. Ал екінші
бөлімге шетел ақын-жазушыларының шығармашылық өмірбаянын қамтитын
мақалалары топтасырылды.
Көптомдық шығармалар жинағының жетінші томына драматург Қайым
Мұхамедхановтың драмалық шығармалары енгізілген. Жинақта «Майданнан
–
майданға», «Комиссар Ғаббасов», «Ер Білісай», «Перне» пьесалары және әр
жылдарда жазған өлеңдері мен Карамзиннен өлеңмен аударған «Сормаңдай
Лиза» поэмасы берілген. Ғалымның жинаққа енгізлген драмаллық
туындылары мен өлеңдері, аудармалары бұрын соңды жеке жинақ болып
баспа бетінде жарық көрген емес. М.Әуезов, Ғ. Мүсірепов сынды әдебиет
алыптары өз заманында бұл пьесаларға жақсы пікір білдірген болатын.
Драматург, аудармашы Қайым Мұхамедхановтың көп томдық
шығармалар жинағының сегізінші томына оның шетел драматургтерінен
аударған драмалық шығармалары топтастырылды. Жинақта татар драматургі
Шариф Камалдың «Қажы әфенді үйленеді», Узеир Гаджибековтың «Аршын
мал алан», поляк драматургі Ежи Юрандоттың «Уақыт сондай», француз
драматургі Карон де Бомаршенің «Фигароның үйленуі», Александар
Фадеевтің «Жас гвардия» пьесалары мен А. Пушкиннің «Русалка»
дастанының үзіндісі тәржімасы берілді.
Қайым Мұхамедханов орыс тілін өте жетік меңгерген. Тек қана
аудармамен шұғылданып қана қоймай, орыс тілінде көптеген ғылыми
мақалалар да жазған. Томның екінші бөліміне орыс тілінде жазған үлкенді-
кішілі еңбектері жинақталып берілді.
Әдебиет тарихы, өнер, театр жайлы жазған зерттеулері мен
мақалалары және Абай өлеңдеріне берілген ғылыми түсініктемелер
жинақтың тоғызыншы томына енгізілді. Бұл еңбектерде көптеген тарихи тың
деректер қамтылады. Қайым Мұхамедханов жаңа құрылып, қалыптасып келе
жатқан театр тарихының қалыптасуы туралы, сахналық қойылымдар туралы
зерттеу мен сыни мақалалар жариялап отырған. Мысалы, нақты тарихи
«Кітап тағдыры – қоғам тағдыры: сирек басылымдар
мен қолжазбаларды жинақтау, сақтау және зерттеу»
атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары.
Астана.11-12 қараша, 2011 жыл
деректерді келтіре отырып ғалым: «1915 жылы 13 февраль күні, Семейдегі
приказчиктер клубында қазақша үлкен ойын-сауық кеші болып, ол кеште
Біржан
–
Сара айтысы театр сахнасына бейімделіп, музыкалық пьеса –
иницировка қойылады. Қазақша тұңғыш ойынды ұйымдастырып, оны
сақнаға қоюшылар
–
сол кездегі алдыңғы қатарлы қазақ интелегент жастары
еді. Олардың ішінде: Нұрғали Құлжанов, оның зайыбы, жоғарыда аталған
Назипа Құлжанова, оқытушы – әдебиетші, жазушы әрі ақын Тахир
Жомартбаев, мұғалімдік семинария оқушылары Жүсіпбек Аймауытов,
Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев тағы басқа талантты жастар бар еді»,
–
деп
Қазақстандағы алғашқы театр тарихының бастау көзінен деректер келтіреді.
Екінші бөлімге «Абай шығармаларына ғылыми түсініктемелер» зерттеу
еңбегі берілді. Ғалым Абайдың 169 өлеңі мен үш дастанына мәтіндік талдау
жасайды. Абайдың өлеңдері мен поэмаларының мәтіндеріне ғылыми
түсініктемелер жазу
–
ғалымның ұзақ жылғы табанды еңбегінің жемісі.
Ғалым терең энциклопедиялық біліммен және текстология ғылымының
канондық негіздерін басшылыққа ала отырып, Абай шығармаларының мәнін
толыққанды зерттеп, бір ізге түсірген.
Абайтану ғылымы
–
әдебиеттану ғылымының бір саласы екенін
ескерсек, абайтану төңірегінде ізденіс жасаған ғалымдар Қайым
Мұхамедханов еңбектеріне бір соқпай өтпейтіні белгілі. Ендеше, осы он
томдықтың ұзына құрылымына арқау болған ғалымның Абай туралы
зерттеулері – абайтану ғалымының темірқазығы болары қақ.
Бір үлкен істің басы осылай қайырылды. Кеткен кемістік пен
олқылықтар жоқ демейміз. Қолдан келген мүмкіндікті пайдалануға
тырыстық. Жинақталған мұраны бағалап, пікір білдіруді оқырман қауымның
еншісіне қалдырамыз. Өйткені, «Ер қазақ ежелден еркіндік аңсаған»,
–
деп
жырлаған, алаш рухында тәрбиеленген қайраткер ғалымның кейінгі ұрпаққа
қалдырып кеткен мол мұрасын зерделеп, ел кәдесіне жарату
–
бүгінгі ұрпақ
парызы.
Достарыңызбен бөлісу: |