– Кітапқа кірген белгілі адамдар
жайлы қысқаша тоқтала кетсеңіз...
– Қандастарымыз Отанына оралған
бетте қол қусырып қарап отырмай, қай-
наған өмірге белсене араласып, Қазақ-
станның ауыл шаруашылығы мен өнер-
кәсібіне, экономикасы мен әлеуметтік са-
ласына, ғылымы мен біліміне, мәде ниеті
мен өнеріне, медицинасы мен әдебиетіне
т.б. өз үлестерін қосуға кірісті. Бұл қандас-
тарымыздың қатарында жо ғары білімді
мамандар, білікті ғалымдар, іскер кәсіп-
керлер, өрнекті шеберлер, қарымды қа-
лам герлер, қайраткер азаматтар аз емес.
Мәселен, ғылым саласында — дінта-
нушы ғалым Халифа Алтай (Түркиядан),
тарих ғылымының докторы, қоғам қайрат-
кері Зардыхан Қинаятұлы (Моңғолиядан),
ҚР Профилактикалық медицина академия-
сы ның академигі, Қырғыз КСР ҒА коррес-
пон дент-мүшесі, медицина ғылымының
док торы Сейітхан Жошыбаев (Қырғыз -
станнан), тарих ғылымының докторы,
про
фессор Нәбижан Мұқамет
ханұлы,
(Қы тай дан), тарих ғылымының докторы
ІЗ.ДЕН.ІС
Жуырда елімізде жүргізіліп отырған көші-қон саясатын қолдау
мақсатында соңғы жылдары атамекенге оралып, қазақ еліне еңбегі
сіңген танымал азаматтарымызды көпке таныстырып, үлгі етерлік
«Тәуелсіздік жемісі» атты үлкен жинақ жарық көрді.
Тәуелсіздіктің айтулы жемістерінің бірі – алыс-жақын шетелден
кел ген 1 мил лионға жуық қандастарымыз. Кітапта со лардың ішіндегі
өнер адамдарының, ға лымдар мен мамандардың және кәсіп керлікпен
айна лысатын азаматтардың қысқаша өмірбаяндары мен елге қосып
отырған үлестерінің нақтылы нәтижелері көрсетілген. Көркем безен-
дірілген энцик лопедиялық жинақтың басқа басылымдардан өзгеше
бір ерекшелігі – кітапқа енген адамдардың өмірбаяндарымен қо са,
үміт-тілегі, ой-пікірлері, алған алғыс тары мен марапаттарының көшір-
мелері, құжаттық маңызы бар суреттері қамтылған. Біз осы кітаптың
құрастырушысы, белгілі ақын, «Әдебиет және ізгілік» клубының
жетекшісі Мұратхан ШОҚАНДЫ аз-кем әңгімеге тартқан едік:
– «Тәуелсіздік жемісі» кітабын шы-
ғаруды қалай қолға алдыңыз? Онда
неше адам қамтылған?
– Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін
Елбасының қазақ тұтастығын ойлаудан
туған көші-қон саясаты өз жемісін беріп
үлгерді. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық ме-
рейтойы қарсаңында еліміздің әр салада
жеткен жетістіктері таразыланып, респуб-
лика көлемінде тойлануда. Мен өткен
жылдың шілде айынан бастап 20 жылдық
тойымызға шетелден келген қандас тары-
мыздың тартуы ретінде, «осы кітапты шы-
ғаруды қолға алып, ақылдастар ал қасын
құрып, жұмысқа кірістім. Бір жыл ең-
бектенудің нәтижесінде он шақты мемле-
кеттен келген 118 адамды қамтыған «Тә-
уелсіздік жемісі» кітабы жарық көрді.
– Сіз бұл кітапты еліміздің 20 жыл-
дық мерейтойына тарту ретінде шы-
ғардым дейсіз, шетелден келген қан-
дастарымыз жайлы соңғы кезде «ор-
ал мандар не берді» деген сұрақтар
ан да-санда бой көр сетеді. Сіз осы ең-
бегіңіз арқылы соған жауап беруді
көз деген жоқсыз ба?
– Иә, ондай пікірлердің бары рас. «Сөз
бұйдаланған түйе секілді, қалай жетек-
тесең, солай жүреді» дейді хал қы мыз. Біз
кейде бірер адамның айт қан сөзінен бір
ұлттың, бір ұлыстың, бір мемлекеттің көз-
қарасын іздеуге құ ма рмыз. Соны дабы-
райтып көрсету ар қылы қарапайым ха-
лықтың ақ пен қараны ажыратуына қиын-
Бақыт Еженхан (Қытайдан), шығыстанушы
ға лым, филология ғылы мының докторы
Ислам Жеменей, (Ираннан) т.б., жазушы-
лардан – Жақсылық Сә мит ұлы, Оразанбай
Егеу бай сияқтылар, әнші Майра Мұха мед-
қызы, таэквондодан V дан иегері Мұстафа
Өз түрік, олимпиада чемпионы Бақыт Сәр-
сек баев, Бейжің Олимпиадасының қо ла
жүлдегері Қанат Ислам деп тізе берсек,
бар лық саланың саңлақтары санап тауыс-
қысыз. Кәсіпкерлік салада Сабыржан Мұ-
қа метханұлы, Төлеу бай Нығарбай, Ша-
ғанбек Қан жарбайұлы, Қуанышбек Өнер-
ханұлы, Қамбар Әжі қадырұлы, Баһаргүл
Төлегенқызы, Фарида Мерхамит
қызы
сияқ ты жүздеген адамға жұмыс беріп, өн-
ім өндіріп отырған азаматтар жетерлік.
– Сіз кітапты шығару барысында бір
жыл еңбектендім дейсіз. Сонда кім
қаржыландырды және кітапты шыға-
руға кімдер демеушілік жасады? Бұл
жинаққа лайықты қандастары мызды
толық қамти алдым деп ойлайсыз ба?
Кітапқа енбей қалғандардың өкпесі
болмай ма?
– Мен бір жыл жарғақ құлағым жас-
тыққа тимей жүгірдім. Маған Ақсүйрік
Ізмұқанова, Гүлнар Беган, дизайнер Бер-
лібай Мәмбети деген қыз-жігіттер кө-
мектесті, оларға келісімді жалақы бердім.
Өзім еңбекақысыз жұмыс істедім. Кітап
шы ғатын кезде кәсіпкерлерден көмек сұ-
радым, олар лайықты қол ұшын созды.
Соңында жетпеген ақшаға кітапқа кірген
азаматтар – Сабыржан Мұқаметханұлы,
Азат Кәрімұлы, Ержан Шәріпханұлы демеу-
шілік жасады. Маған кейбір ағаларым
қанша қаламақы алдың, саған түсер пайда
не дейді. Мен пайда жайлы ойламадым.
Осы кітаптағы жетістіктер Тәуелсіз елімізге
оралған және Тәуелсіз елімізді дұғасына
қосатын сырттағы 5 миллионға жуық қан-
дасымыздың арманына – арман, дәр ме-
ніне дәрмен қосар, осы кітап Қазақ стан
қоғамында оралмандар жайлы оң пікір
қалыптастыруға септігін тигізер деген
үміттемін. Осы кітап ұлт тағдырын ойлаған
кешегі Алаш зиялыларының аманатын
арқау етіп тұрғандай... Десек те, ескерте
кетер бір жайт, бұл кітапта кітапқа кіруге
ықпал етер еді. Осы орайда, мемлекет
тиісті бизнес-жоспары жоқ, кітап тара-
ту нүктелерімен келісім орнатпаған бас-
паларға тапсырыс беруді шектеуі қажет.
Мұндай әдістер кейбір дамыған елдерде
де қолданылады. Себебі кез келген жұм-
салған қаржы ол табыс әкелуі қажет. Ал
біздегі жағдайда мемлекет баспаларға
тендер арқылы берген қаржысының
қайтарымын көре алмай отыр.
Кітапқа қатысты тағы бір айта кететін
мәселе, ол – бүгінгі оқулықтардың са-
пасы мен көркем әдебиеттің деңгейі.
Оқулықтардан жиі қате кететіндігі, көркем
кітаптардың орнына ортанқол дүниелердің
алға шығып кетуі – сараптамалық шаралар
мен бақылаудың жоқтығынан. Ғылыми
басылымдарды Ғылым академиясының,
көркем әдебиетті Жазушылар одағының
талғам елегінен өткізу қажет. Ол үшін бұл
мекемелердің белгілі бір құзыреттіліктерін
арттыру керек. Қазір баспалар бұл екі ме-
кемемен санаса қоймайды. Кітап – үлкен
идеологиялық құрал болғандықтан, бұл
мәселеге бейжай қарауға болмайды.
лайық қандастарымыз толық қамтылды
деп айта алмаймын. Уақыттың шектеу-
лілігіне байланысты кітапқа енбей қалған
азаматтардан кешірім сұраймын! Бұл қазақ
үшін жасалған еңбек болған дықтан, хал-
қын сүйетін, елдік мүддені жеке мүд деден
жоғары қоятын азаматтар маған ренжі-
мейді деп ойлаймын. Алда «бұл кітаптың
жалғасын құрастырсаң» деген ұсыныстар
айтылуда. Бұл жоба осымен тоқтамайды.
Қалып қалған азаматтар келесі кітаптарға
кіре жатар.
– «Жақсыны көрмекке» демекші,
кітаптың тұсаукесерін қайда және қа-
шан өткізесіз?
– Кітаптың таныстырылымына байла-
нысты тұсаукесер рәсімі үстіміздегі жыл-
дың 5 қазанында сағат 17.00-де Астана
қаласындағы Президенттік мәдениет
орталығында осы орталықтың директоры,
қазақтың үлкен зиялысы Мырзатай Жол-
дасбековтің қолдауымен өтеді. Бұған қо-
са, өзімнің жетекшілігімдегі «Әдебиет жә-
не ізгілік» клубының ұйымдастыруымен
«Тәуелсіздік жемісі» атты мәдени шара
өтпекші. Шараның аясында шетелден кел-
ген қандастарымыздың, ғалымдар мен
ақын-жазушылардың кітап көрмесі, кә-
сіпкерлік өнімдерінің көрмесі, спорт-
шылардың халықпен кездесуі болып, соңы
өнер жұлдыздарының қатысуымен өтетін
салтанатты кешке ұласады. Кешті қазақтың
көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың
иегері Ұлықбек Есдәулет жүргізеді. Сіз-
дерді де осы шараның қонағы болуға
шақырамын. Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық
мерейтойы құтты, ел іргесі тыныш, көшіміз
байсалды болғай!
Сұхбаттасқан
Алмат МҰРАТҰЛЫ
Мұратхан ШОҚАН, ақын, «Әдебиет және ізгілік» клубының жетекшісі:
болатынын айтып, тиісті бас паға жолдап
отырамыз. Бірақ бұл да тоқ таусыз жүріп
жатқан әдеби процесті сон шалықты оң-
тайландыра қоймас. Өйт кені әдебиет –
жоспарға бағынбайтын құбылыс.
Қалай десек те мемлекет тарапынан
қа
растырылған біртұтас жүйе бол
ма-
ғандықтан кітапқа қатысты проблемалар-
ды реттеу мүмкін емес. Бірақ менің біле ті-
нім, жақсы кітап ешқандай тапсырмасыз,
күштеусіз-ақ оқырманын өзі табады. Сон-
дықтан да нарық заңына сүйенсек, әрі
пайда әкелетін, әрі оқырман талғамын
өсіретін жақсы кітап шығару – баспагердің
талғамындағы дүние болуға тиіс.
МЕРЕЙ
Астана – білім әлеуеті
шоғырланған орталық
Сонымен, осы жолғы байқаудың қо-
рытындысы бойынша Астана қаласы
әкімінің 5 мың доллар көлеміндегі арнайы
гранты мен кубогын №54 мектеп-лицей
жеңіп алды. Осы мектептің он мұғалімі
қызметтік еңбекақыға қосымша 50 па-
йыздық үстеме алды. Астананың № 27
«Ба лауса» балабақшасы «Үздік ба ла-
бақш а» атанса, №6 кәсіптік лицей — «Үз дік
кәсіптік мекеме», «Шығыс» балалар мен
жас өспірімдер орталығы — «Үздік кәсіптік
білім беру мекемесі», ал №1 оңалту ор-
талығы «Үздік мамандандырылған меке-
ме» деп танылды.
№ 38 мектеп-лицейінің информатика
пәнінің оқытушысы Қадырғазы Мұқанов
«Жылдың үздік мұғалімі» атанып, жаңа
пәтерге ие болды. Ал оның әріптесі Ләззат
Есенова «ҚР Білім беру ісінің құрметті
қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Бұдан басқа, бұл дәрежеге Басқару кол-
лед жінің арнайы пәндер оқытушысы Қар-
лығаш Шаханова, Райымбек батыр атын-
дағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-ли цейінің
орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұ ғалімі
Алма Иманбаева ие болды. Сон дай-ақ
Ы.Алтынсарин атындағы құрмет бел-
гісімен Астана қаласы Білім беру бас-
қармасының бастығы Әсима Бимендина,
№ 2 мектеп-гимназиясының ағылшын
тілі пәнінің ұстазы Нина Кудренок, «Аста-
на дарыны» өңірлік ғылыми-тәжірибелік
ор талығының директоры Майра Құрман-
баева мен Көлік және коммуникациялар
колледжі дирек торының оқу ісі жөніндегі
орынбасары Жанна Райымбекова мара-
патталды.
Жалпы, бүгінгі таңда елорданың орта
және кәсіптік білім беру ошақтарында 10
мыңға жуық ұстаз еңбек етуде. Олардың
85,5 пайызы жоғары білімді болса, 50
пайызға жуығы — жоғары және бірінші
санаттағы педагогтер. Республика бойын-
ша елорданың білім беру жұмысы үздік
бағаға ие. Әсіресе Астанадағы мектеп-
тердің мемлекеттік тілге көшу тәжірибесін
ерекше атап өткен жөн. Енді осы бастама
барлық Қазақстанға тараса, нұр үстіне нұр
болар еді.
Мұрат ОРЫНХАНОВ,
ҚР білім және ғылым министрінің
орынбасары:
— Бұл, шын мәнінде, барша халыққа
ортақ мереке. Мектеп қабырғасынан
әлдеқашан алыстап кетсек те, білім
теңізіне жетелеген ұстаздарымызды
әрдайым үлкен сағынышпен, құр-
метпен еске алып отырамыз. Отанға
деген сүйіспеншілік сияқты жақсы
қасиеттерді жас ұрпақтың бойына
сіңіріп, өмірдің қыр-сырын да таныт-
қан – ұстаздар. Ол ардың ұлағат ты
сөз дері ешқашан да ұмытылмайды.
Ар дақты ұстаздар, ұр пақ тәрбиесі жо-
лындағы қиын да жауапты әрі орасан
ең бектеріңіз үшін алғыс айтамын. Енді
сіздердің алдарыңызда тағы бір үл кен
әрі маңызды міндет тұр. Ол – Қа-
зақстанды әлемдік деңгейдегі білім
орталығына айналдыру. Осы тұрғыда
педагог мамандардың еңбегі зор.
Бүгінгі ұстаз отандық білім саяса тының
басты тұлғасына айналып отыр. Мен
білемін, Астананың педагогика лық
корпусы Қазақстанның жарқын бо-
лашағы жолындағы негізгі қозғаушы
ұжымға айналады.
Басы 1-бетте
НАЗАР
«Ел арна» жаңа
маусымын
бастады
Қазіргі уақытта еліміздегі
телеарналардың барлығында
дерлік жаңа телевизиялық
маусым басталды. Осы орайда
кеше «Ел арна» арнасы да өзінің
кезекті жаңа маусымының
басталғанына орай арнайы
баспасөз мәслихатын өткізіп, тың
жобаларымен таныстырды.
Жаңа маусымға байланысты басқосуға
«Ел арна» телеарнасының директоры
Айгүл Мүкей мен продюсер Баян Есен-
тае
ва қатысып, журналистердің сұрақ-
тарына жауап берді. Арнаның басты
жаңа лығы отандық телевизияда алғашқы
рет шыққалы отырған, 2011 жылдың 16
қа занында басталатын «Саз әлемі» ұлт тық
музыкалық жүлдесі болмақ. Бай қау дың
мақсаты – жыл қорытындысы бо йынша
үз дік ән, үздік орындаушы мен топ, үздік
ақын мен композиторды анықтау. «Саз
әлемі» бағдарламасы қазақ эстра да сын-
дағы жыл әнін белгілей тін тұңғыш әрі бі-
регей жоба болатыны сөзсіз. Ең бастысы,
барлық ән жанды дауыспен орындалатын
болады. Ал ең үздіктерін байқау бойы
білікті мамандардан құралған қазылар
алқасы мен көрермендер таңдамақ. Жаңа
жобаның жүргізушілері – белгілі про-
дюсер Баян Есентаева мен «Базар жоқ»
теат
рының басында тұрған, сықақшы
Тұрсынбек Қабатов.
Ал «Шіркін, life!» — Бурабайда!» жоба-
сы ның үшінші маусымы «Ел арнадағы» ең
танымал әрі атышулы оқиғалардың бірі
екендігі анық. 14 өнер мен спорт жұл ды-
зы, 14 күрделі сынақ, қуаныш пен өкі ніш,
өз-өзін қамшылау мен жеңіске деген ұм-
тылыс Сарыарқаның жүрегі – Бурабай да
бақ сынасты. Бұл маусым да шиеленіскен
тосын оқиғаларға толы болмақ.
2011 жылдың телевизиялық маусы-
мы ның тағы бір ерекшелігі – сериалдар
көр сетілімінің өсуі. «Өмір бағасы» атты
шы тырман оқиғалы түрік сериалы, жас кө-
рермендер сүйіп көретін корей сериалда-
ры («Ты прекрасен!», «Озорной поцелуй»,
«Мечтатели», «Мэри, где же ты была всю
ночь?» және т.б.), «Тусовщики» атты жаңа
ла
тынамерикалық сериалы, «Вперед!»
көп сериялы анимациялық фильмі бәрі –
«Ел арна» маусымының бастамасы ғана!
Маусым бойы жаңа жобалардың тұсау-
кесер лері өткізілмек. Оларды көрермен өз
кезегінде көре жатар.
Бек МЕРГЕН
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ
№173 (625) 1.10.2011 жыл, сенбі
www.alashainasy.kz
4
e-mail: info@alashainasy.kz
ТҰЛҒА
?
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ
Мұхамед-Салық
Шоқанмен түйдей құрдас
Салықтың жылқы жануарына
құрметі ерекше болған
ТАРИХ
Шоқанның құрдасы Мұхамед-Cалық Бабажанов туралы не білеміз?
Тарихшы-журналист Т.Боранғалиұлы
«Егемен Қазақстан» газетіндегі «Мұха-
мед-Ханафия мен Мұхамед-Салық»
атты мақаласында былай жазады:
«Шоқан мен Салықтың жас шамаларын
айқындайық. Шоқан жөнінде талас жоқ,
ол 1835 жылы дүниеге келген. Салықтың
туған жылын әркім әртүрлі жазып жүр.
Оны көбірек зерттеген М.Ысмағұлов
нақты дәлел айтпаса да, туған жылын
1831 жыл дейді. Ол туралы очерк жазған
Н.Ивлев, мұрасын жинақтаушы Х.Ма-
данов 1830 жылды атайды, Т.Сенигова
энциклопедияға 1832 жылды енгізіпті.
Бірақ туған жылын адамның өзі жақсырақ
білуі заңдылық қой. Салықтың өзі: «Бұл
1845 жылдың басындағы қыс еді. Кейін
біраздан соң бізді жазғы шілде айында
Орынборға жібереді деп естідік. Келісім
бойынша, 1 шілдеде Тарғын өзенінің бо-
Мұхамед-Салық Шоқан дәуірінде өмір сүріп, сол секілді көп өмір
сүрмегені белгілі. Екеуінің жас ерекшелігі қандай еді?
Нәзира, Қызылорда
йын дағы ханның жазғы жайлауына
жиналдық. Ол кезде менің жасым 11-де
болса да, бізді Орынборға шығарып
салғандары әлі есімде», – деп, Жәңгір
ханның балаларды оқуға аттандыруды
елдің тойы ретінде өткізгенін тәптіштеп
жазады.
Жасым 11-де десе, не 1834 жылы,
не 1835 жылдың басында туған болады.
Салықтың бұл жазбалары «Северная
пчела» газетінің 1861 жылғы 5 қаңтарын-
дағы нөмірінде «Қазақтың қазақ туралы
жазбалары» деген атпен жарияланғанын
айтсақ, бұл құжатқа жарарлық нәрсе
емес пе?! Ендігі күдік 1834, әлде 1835
жылдың қайсысында туған дегеннің
төңірегінде болмақ. (Сауалға тарихшы
Тілеу Көлбаев жауап берді).
1864 жылы С.Бабажановта
140 жылқысы болғаны, ал
арада жеті жыл өткен соң оның
дәулеті арта түскені жөнінде мұ-
ра ғатта құжаттар сақталған.
«Қы мыз туралы тың деректер»
мақала сын да: «... қымыз – бұл
ұлттық тағам, ем ретінде де
қол данылады. Ме дициналық
зерттеудің дәлелдеуін ше, ден-
саулыққа пайдалы, қажет бол-
са, қалпына келтіреді», – деп
жазады ол. Осыған орай, Еділ
бо йына қымызханалар салып,
Ре сей дің ішкі жақтарындағы
алыс жерлерге де теміржолмен,
сумен тасымалдауды, таратуды
ұсынған. 1871 жылы «Жылқы-
Салық Бабажановтың жылқы жануарына деген
құмарлығы ерекше болғаны айтылады, бұл жөнінде
қандай деректер бар?
Сәбетхан, Алматы
лар және оларды ішкі Қазақ
даласында сы нау» атты мақа-
ласы «Коневодство» журналы-
ның үш нөмірінде жария ла-
нып, оның жылқы малы тура-
лы, бабы жайлы білгір маман
екені танылады. Өз шаруашы-
лығында желмен жарысқан
бұл түлікті асылдан дыруға көп
күш жұмса ған. Мәселен, 1870
жылы бәй ге кезін де жақсы
жүрісті байтал ды 200 сомға
сатып алған. Сол сияқты 1868
жылы 22 мамырда бәйгеге
қосуға екі бірдей жүй рік алып
келіпті.
(Сауалға тарихшы Тілеу
Көл баев жауап берді).
Салық Бабажанов 1832 жылы Бөкей
ордасында туған. Әкесі Қарауылқожа – ХХІ
ғасырда Бөкей ордасында өмір сүрген
старшын. Каспий теңізі жағалауындағы
қазақ ауылдарын басқарды. Оралдықтар
арасынан істің тауар алмасу, сауда, кәсіп-
керлік, өсімқорлық көзін алғаш ұғынып,
князь Юсуповтың, граф Безбородконың іс
басқарушыларымен келісімшарт жасасты.
Мұндай әрекетінен көрші қоныстанған
қазақтар қысым көріп, аяғы Қарауылқожа
мен Исатай Тайманұлы арасындағы қақ-
тығысқа ұласты. Жәңгір ханмен пікірлес,
сыйлас болды. 1826 жылы хан І Николай-
дың таққа отыру салтанатына Мәскеуге
барғанда қасына Қарауылқожаны ерткен.
Патшадан Анна ленталы алтын медаль
алды. Жәңгір кейіннен оның қызы Салихаға
үйленді. Қарауылқожа мұсылмандық
жолын берік ұстанды, 1847 жылы Орал
қаласында мешіт салдырды. Оған келісім
алу үшін Орынбор шекара комиссиясына
Жәңгір арқылы арнайы хат жазып, рұқсат
сұрады. Бірақ еуропалық білімнің бола-
шағын жақсы түсінген ол өз балаларын дін
оқуына емес, кадет корпусына берді. Бала-
ларынан Көпбосын Ордада хан кеңсесін
басқарса, Салық этнограф-ғалым атанды,
Орданы басқару жөніндегі Уақытша кеңес-
тің кеңесшісі болды. Бабажановқа арнап
Дәулеткерей күйші «Қарауылқожа» күйін
шығарған.
(Батыс Қазақстан облысы. Энциклопе дия.
– Алматы: «Арыс» баспасы, 2002, 168-бет)
КАДЕТ КОРПУСЫНДА
Кішкентайынан өте зерек Салық Орда-
дағы Жәңгір хан негізін қалаған тұңғыш
қазақ мектебінде оқып, 1844 жылы бітіріп
шығады. Салық, бір жағынан, патша әкім-
шілігінің, екінші жағынан, жергілікті би-
болыс, байлардың екіжақты езгісінен зар
илеп, жоқшылық тауқыметін тартқан қара
халықтың қайғы-қасіреті мен ауыр
тұрмысынан хабардар болып өсті. Ол жаңа
ес біліп, еңсесін көтере бастаған кезде
Исатай, Махамбет басқарған көтеріліс
Орда өңірін дүр сілкіндіріп өтті.
Салық 1845 жылы Орынбордағы Неп-
люев атындағы кадет корпусына, әскери
училищеге оқуға түседі. Мұнда орыстың
әкімшілік орындары мен әскери мекеме-
лерде жұмыс істейтін тілмаштар дайын-
далушы еді. Білім құмар бала өзді гінен көп
оқып, көп ізденеді. Орынбор қа ла сындағы
кітапханалардан сирек кезде сетін кітаптар-
ды алып оқиды. Ол тек кадет корпусының
оқу бағдарламасымен ғана шектелмей,
оған қоса тарих, археология, этнография
және көркем әдебиет кітапта рын да көптеп
оқиды. Оны әсіресе өз өлкесі – Еділ, Жайық
өзендерінің бойлары мен Орал таулары
баурайларын мекендеген елдердің тарихы
мен тағдыры қызықтырды. Ол осы өлкеде
сонау көне дәуірлерде пайда болып, өмір
сүрген Еділ (Аттила), Хазар, Бұлғар (Қазан)
хандықтарынан бас тап, өз тұсындағы Бөкей
хандығы, Орынбор өлкесі, Астрахань
губерниясына дейінгі ұзақ тарихты оқып,
зерттейді. Орыс тарих шы лары Карамзин,
Голиков, Щербаков, Миллердің шығарма-
ларымен де таныс болады. Сонымен бірге
А.С.Пушкиннің «Капитан қызы» мен
«Пугачев бүлігінің» тарихын да оқиды.
С.Бабажанов сонымен бірге сол кездегі
Орыстың географиялық және археоло гия-
лық жазбаларын, Петербург пен Орынбор-
да шығып тұрған мерзімді баспасөздерді,
газет-журналдарды құр жібермей оқып
отырады. Әсіресе Орынбор шекара комис-
сиясының төрағасы, кадет корпусының
оқытушысы В.В.Григорьевтің еңбектерімен
жақсы таныс болды. Салық белгілі шығыс-
танушы ғалым, кейіннен Ы.Алтынсаринге
де ұстаздық еткен В.В.Григорьевтің үйінде
болып, ғалымның бай кітапханасындағы
дүниежүзілік әдебиеттің мол қорынан
сусындайды.
Кадет корпусында Салық жалғыз емес,
қасында Бөкей ордасынан Шалабаев Сұл-
тан, Бекмұхамедов Мұқамеджан, Саңғы-
рықов Мырзағали, Ниязов Жүсіп, Жантөрин
Сұлтанмахмұт, Бөкейханов Арыстангерей,
Нұралыханов Зұлқарнай сынды ұлдар
болатын.
Салық Бабажанов 1860 жылы Петер-
борда болғанда Т.Небольсинмен танысады.
Білімпаз қазақтан алған әсерін жасыра
алмай, орыс ғалымы оған: «Жасы 25-те,
келбетті, атжақты, бірақ тотыққан қара
торы өңді, әдемі арайлы көзді, қалың қара
шашты Бабажанов орыс тілінде өте мәнерлі
сөйлейді. Әсіресе әңгіме өзін толғандыратын
мәселеге ауысқанда өткір де шешен», –
деп мінездеме береді. Небольсин бұл
сөздерін «Руский вестник» журналының
1860 жылғы 29-нөмірінде жариялап отыр-
са, мұны да құжатқа санайық. Санасақ, Са-
лық Шоқанмен құрдас, 1835 жылы туған
болады екен.
2002 жылы «Арыс» баспасынан «Батыс
Қазақстан облысы. Энциклопедия» жарық
көрді. Кітаптың 168-бетінде «Бабажанов
Мұхамед-Салық (1832, Бөкей ордасы –
1871, сонда)» деп жазылған. Т.Боранға-
лиұ лы осы энциклопедияның шығарма-
шы лық тобының мүшесі екен. Сондықтан
біз де 1832 жылға тоқтадық.
Достарыңызбен бөлісу: |